Четверг , 3 июля 2025

ҚАЙТІП ХАЛЫҚ БОЛАМЫЗ?

Мұх­тар Әуе­зов «Қараш-Қараш оқиға­сын­да» жерін сатқан, елін сатқан арсыздар­дың бей­несін осы­дан 100 жыл бұрын көр­кем шығар­ма тілін­де жазып көр­сет­се де, әлі күн­ге ештеңе өзгер­ме­ген сияқты.

Талғар­дағы тра­ге­ди­я­ның резо­нан­сы АЭС-тен кем бол­май тұр. Себебі бозба­ла қатыг­ез қаны­шер­лер­дің қолы­нан қаза тап­ты. Он екі­де бір гүлі ашыл­маған жас жер жастан­ды. Арман­да кет­ті. Лео­нар­до да Вин­чидің «Тай­ная вече­ря» деген туындысы бар. Осы­дан 5 ғасыр бұрын салған шедевр. Хри­сто­сты сатқан Иуда жай­лы. Онда да он үш адам дастарқан басын­да. Әлгі он үштің біре­уі Хри­сто­сты сат­са, біз­де 13 сұмы­рай жабы­лып бір бала­ны өлтір­ді. Жауы­зды­қтың эволюциясы.

Ерте заман­да біздің он үш сар­ба­зы­мыз қалың дұшпан­ның қолы­на қар­сы тұр­са, бүгін­гінің ездері бір балаға әлім­жет­тік жасаған кер заман туып­ты. Бала­ны өлтір­ген соң жауы­здар әулет­тің үрей­ін ұшы­рып, қорқы­та түсу үшін, қорған­сыз жан­дар­дың үйін өрте­ген. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста фаши­стер тура солай істе­ген екен.

Миха­ил Ромм­ның «Обык­но­вен­ный фашизм» деген кино­сы бар. Көр­сеңіз­дер, Талғар оқиға­сы­нан сол фашиз­мнің жалға­сын көр­ген­дей бола­сыз. Ал осы заң­ды­лы­ққа жау­ап беретін ішкі істер мини­стрі, про­ку­рор, сот, поли­ция, тағы басқа­лар жабу­лы қазан жабу­лы күй­ін­де қал­са деп күшен­гені­мен, тыры­сқа­ны­мен, қаса­ры­сқа­ны­мен, Пре­зи­дент олар­дың ойын тас-талқан етті. Яғни, шен­ділер­дің ант­та­ры жалған болып шықты. Бұл енді өзге­лер­ге де қатаң сабақ бола­ды деп үміт­те­не­міз. Әттең Пре­зи­дент жалғыз. Бол­ма­са, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы ара­ла­са­тын сала бар­лық жер­де жетіліп арты­ла­ды. Ескі арба­ның қиқы-жиқы жолын­да осын­дай озбыр­лы­қтар аз бол­май тұр.

Бір бала – Шер­заттың өлі­мі қан­ша­ма шен­ділер­дің тамағы­на қылқан сияқты қадал­ды. Әділ­дік үшін, ақтық үшін ол өз өмірін құр­бан қыл­ды. Осы­ған куә болған қоғам қат­ты шамы­рқан­ды. Сана­мы­зда «апы­рай, сон­да ірі­ген, шірі­ген қоғам­ды таза­лау үшін бір-бір жастан құр­бан­ды­ққа шала бер­сек, онда біз қалай ел бола­мыз? Қай­тіп халық бола­мыз? Қалай демо­кра­ти­я­сы дамы­ған, өрке­ни­еті өскен, тәр­тібі күшті мем­ле­кет құра­мыз?» деген ой кез кел­ген қазақ аза­ма­тын толған­дыр­ды. Бір­де-бір про­ку­ро­ры жоқ, поли­ци­я­сы бол­маған, түр­мені біл­ме­ген ата-баба­мыз қалай­ша ел болған деп таң­дан­басқа, там­сан­басқа шара жоқ енді…

Менің­ше, мұның кіл­ті ұлт­тық тәр­бие мен «ұят» деген үлкен сөз­ден бе дей­мін. Қаза­қта «ұят бола­ды», «обал бола­ды», «жаман бола­ды» деген адам­гер­шілік­ті бәрі­нен биік қой­ған үштаған ұғым болған. Үлкен де, кіші де осы қағи­да­мен өмір сүр­ген. «Малым – жаным­ның садаға­сы, жаным – арым­ның садаға­сы» деген ұлы сөз содан қалып­тасқан. «Табал­ды­ры­қтан биік тау жоқ, ұят­тан үлкен ұлы­лық жоқ».

Бүгін­де арсыздар көбей­ген заман бол­ды. Ұят сөзі ар-ождан­ның алтын көпірі емес, маза­ққа айналған ұғым сияқты. Қоғам пофи­ги­стер­дің орда­сы болып кет­ті. Біздің жастар асы­ра дін­шіл һәм теле­фонға тел­мір­ген робо­тқа айна­лып бара ма деп қорқам… Әйт­пе­се нағыз қамқор, жана­шыр халық қазақ емес пе еді?.. Астын­дағы атын қонағы­на сой­ып бер­ген ата-баба­мы­зды біз қалай ұмыт­тық? Өз бала­мы­зды ғана емес, өзгенің бала­сын бағып, қан­ша­ма ұлт пен ұлы­сқа пана болға­ны­мыз қай­да? Мұның ар жағын­да мей­ірім, жана­шыр­лық, қай­ы­рым­ды­лық, қамқор­лық жатқан дар­хан қазақ елі қайда?!

Ескі көштің керу­енін­де кетіп бара жатып, «алды­мен эко­но­ми­ка, содан кей­ін идео­ло­гия» деп сан­ды­рақтаған­дар­дың дегені бол­ды. Мәде­ни­ет­тен, білім­нен, ғылым­нан, өнер­ден, кісілік­тен, кішілік­тен жұр­дай ұрпақ осы­лай пай­да бол­ды. Адам­ды сүю, сый­лау, құр­мет­теу, қастер­леу біз­ге жат мінез­ге айнал­ды. Оның орнын қалай­да баю, ұрлау, рэкет, тар­тып алу, күш көр­се­ту, жеу, алдау-арбау фило­со­фи­я­сы басты. Осы фило­со­фия қазір­гі қоғам­ның маз­мұ­ны бол­ды. Талғар тра­ге­ди­я­сы – соның «жемісі». Не істеу керек? «Ел бола­мын десең, бесі­гіңді түзе» деп Мұх­тар Әуе­зов нені мең­зе­ген? Кім­ге арналған сөз еді ол? Тәр­бие тал бесік­тен басталған­да, Талғар тра­ге­ди­я­сы бол­мас еді.

Бірақ бұған әлі нүк­те қою ерте. Біз бүгін осы мәсе­ленің тек сал­да­ры­на үңіліп отыр­мыз. Ал оның себебі­мен кім айна­лы­су керек? Міне, гәп қай­да? Менің­ше, зия­лы қауым: ғалым­дар, тарих­шы­лар, ақын-жазу­шы­лар, жур­на­ли­стер, қоғам бел­сен­ділері аз ғана аял­дап ойла­на­тын, толға­на­тын кез туды. «Келісіп піш­кен тон кел­те бол­май­ды» деген­дей, қоға­мға, руха­ни­ятқа қаты­сы бар адам­дар­дың үлкен бір жиын өткі­зетін шағы бол­ды. Пре­зи­дент қаты­са­тын әділ де шынайы шара керек. Бұл тек мем­ле­кет­тік шене­унік­тер ғана емес, қоғам­ның да есеп беретін кезі.

Шұғыл түр­де біз жаста­ры­мыз нені көріп, нені үлгі тұта­ты­нын, қан­дай музы­ка тың­дап, нен­дей фильм­дер­ге қызы­ға­ты­нын сара­ла­у­ы­мыз қажет. Күл­тө­бенің басын­да күн­де жиын жасап, кеңес құрған дана баба­ла­ры­мыз сияқты біз­ге қазір күн­де жиын керек боп тұр. Өкіні­штісі – «біз­ге бұл заман­да «Сло­во паца­на» емес, «Сло­ва Абая» – «Абай­дың нази­да­ни­я­сы» қажет» дей­тін тұлға­лар­дың табыл­май тұрға­ны жүрек­ті қынжылтады.

Идео­ло­гия қажет. Басқа жол жоқ. «Бір жол бар алыс – алыс та бол­са жақын. Бір жол бар жақын – жақын да бол­са алыс» болып тұр. Қысқа­сы, ұлт­тық дәстүр мен ұят­ты, обал мен адам­ды сый­ла­удан басқа ешқан­дай өрке­ни­ет біз­ге өне­ге бол­май­ды. Бұл – менің ойым.

Кезін­де «Октябрь рево­лю­ци­я­сы» деген ұғым болған. Оның не екенін ешкім түсін­бе­се де, той­лай беретін. Ал енді Шер­зат әр ада­мға, әр ұяға, әр шаңы­рақ, әр санаға от таста­ды. Октябрь оты емес, жүре­гін жалын қылып жол көр­сет­кен М.Горькийдің Дан­ко­сы сияқты ізгілік жолын нұсқа­ды. Біздің мақ­сат – сол әділ­дік пен ақтық отын сөн­діріп алма­сақ бол­ды. Соңғы үміт те, соңғы парыз да осы.

Талғат ТЕМЕНОВ, ҚР Халық артисі, режиссер

Республиканский еженедельник онлайн