Понедельник , 23 июня 2025

Қалада өскен шенеунік «ЖҰТ КЕЛЕ ЖАТЫР» дегенді қайдан білсін?!

  • Биы­лғы жазғы құрғақ­шы­лық елді қыс айла­рын­да жұтқа тап қылуы мүм­кін деген сөз туу­да. Бұл әдет­те­гі қаза­қи қау­е­сет­тің сөзі емес, келе­шек қатер­ден хаба­ры бар адам­ның сөзі.

Барлық пәле өткен 90-жыл­дар­дағы кол­хоз-сов­хоз­дар­ды жеке­ше­лен­діріп, жыл­дар бойы қалып­тасқан және де өзін­дік жем-шөп дай­ын­дау тәсілі бар мал шару­а­шы­лы­ғын ойран­да­удан бастал­ды (әрине, талан-тараж­дан да кен­де болған жоқ). Сол нақұрыс науқан мал ұстап, қоңыр күнін көріп оты­рған ауыл халқы­ның тұр­мыс-тір­шілі­гінің быт-шытын шығар­ды. Бір орта­лы­қтан ұйым­да­сты­ры­лған ауыл шару­а­шы­лық сая­са­ты быт-шыт болған соң, агро­са­ла­ның күйі кет­ті. Қалай болған­да да, сол өткен кезең­дер­де үкі­мет ауыл тұрғын­да­ры­ның, олар­дың шару­а­шы­лы­қта­ры­ның мәсе­лесіне ерекше мән беретін.

Жұт деген пәле айтып келетін, алдын ала болжап айта­тын­дай құбы­лыс емес. Биыл­дағы­дай қуаң­шы­лық жағ­дай Маңғы­ста­уда осы­дан 7–8 жыл бұрын да орын алған (әрине бүгін­гі­дей мас­шта­б­та емес). Жұрт мал­да­рын сатып, тіп­ті бір тай­дың баға­сы 20–25 мың тең­ге­ге дей­ін түсіп кет­кен кез бол­ды. Осын­дай арзан мал­ды басқа өңір­ден кел­ген­дер сатып алып, өз жерін­де­гі мол жем-шөп­тің арқа­сын­да семір­тіп, қай­та­дан Маңғы­ста­удың халқы­на сауда­лаған. Аймағы­мы­здың әкім-қара­ла­ры сол уақыт­тағы жағ­дай­дан сабақ алма­ды. Биы­лғы жаз­дағы құрға­шы­лы­қтың түрі жаман, алдағы қыста ауа-райы қан­дай бола­ды, жығы­лғанға жұды­рық деген­дей арты жұтқа айна­лып кет­пе­се болар еді.

Жал­пы, Маңғы­стау аймағы елі­міз­де­гі құрғақ­шы­лы­қтан жапа шегетін бір­ден-бір қуаң­шы­лық өлке. Кезін­де дұрыс үкі­мет­тің бар уақы­тын­да бұл өңір­ге ерекше мән беріліп, яғни аймақтық коэф­фи­ци­ент ерекшелі­кері болған. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да да 30 пай­ыз аудан­дық коэф­фи­ци­ент бол­са, өндірісте­гілер­де – 70, ал «Маңғы­ста­у­мұ­най­га­з­бар­лау» меке­месінің сала­сын­да 70+40 «поле­вой» 110 пай­ы­зға жетіп жат­ты. Бұн­дай жағ­дай­лар­ды ескер­ген одақтық үкі­мет тек­тен-тек бере салған жоқ шығар деп ойлай­мын. Маңғы­ста­удың бар бай­лы­ғы – мұнай­ын жыл­дар бойы сорып, жер қыр­ты­ста­рын бүл­діріп, жері­мізді тозды­рып, бүгін­гі­дей жағ­дай­ға соқты­рып отыр (елі­міз­де­гі тәу­ел­сізік жыл­да­ры өндіріл­ген 2,5 млрд тон­на­ның үстін­де­гі мұнай­дың 31 Маңғы­ста­удың еншісінде).

Маңғы­стау жерін­де «Үстірт» деген үлкен аумақ бар. Біз­дер­дің бала кезі­міз­де осы жер­лер­ді «ұлы қыр» деп айта­тын. Көк­тем шыға сов­хоз­да­ры­ның мал­да­ры қырға, жаз – жай­ла­у­ға шыға­тын еді. Бұл аумақтың бір шеті – Ақтө­бе облы­сы, бір жағы – Өзбек­стан, енді бір жағы Түрік­меністан­мен ұшта­сып жата­тын сай­ын дала. Осы үлкен аумақ көп жыл­дар бойы мал жай­ы­лы­мы ретін­де пай­да­ла­ны­лған жоқ. Жеке шару­а­шы­лы­қтар­дың бірең-сараңы бол­ма­са, қырға шыққан жоқ. Тек жағ­дай аздап түзел­ген соңғы жыл­да­ры ғана шыға бастады.

Осы ұлан-ғай­ыр аумақта жай­ы­ла­тын мал бол­маған соң, өңір­де­гі жай­қалған шөп жыл сай­ын қурап қала­тын. Міне, уақы­тын­да мал азы­ғы үшін тап­тыр­май­тын шөп­ті уақы­ты­лы шауып, темір­жол­дың тора­бы бой­ын­дағы Сай-өтес елді мекені маңын­да жинай бер­ген­де, сау­ап­ты іс болар еді. Сөй­тіп, малға шөп қорын жинай бер­ген­де, бүгін­гі­дей тар­шы­лы­ққа тап бол­май­тын едік.

Әрине, айтқы­штар табы­лар: тех­ни­ка жоқ, жанар-жағар­май қым­бат, оны шалғай­ға жет­кі­зу керек деп. Бұл елдік істі қол­да­уда үкі­мет­тен көмек сұрап , алдын ала қам­да­ну керек еді. Ал үкі­мет қар­жы көзін тауып, аймақ бас­шы­ла­ры­на тап­сыр­ма беріп, оның орын­да­луын қадаға­лаған­да, жағ­дай басқа­ша болар ма еді?

Ұлы қыр деп оты­рған үлкен аумақта қан­ша­ма шыңы­рау құды­қтар бол­ды, мыңғы­рған мал су ішсе де жетіп-арты­ла­тын еді. Бүгін­де бұл құды­қтар қара­у­сыз қал­ды, суы тар­ты­лып, жарам­сыз болып қал­ды. Осы құды­қтар­ды қай­та­дан жаңар­тып, терең­нен су көз­дерін тауып қал­пы­на кел­тіру­ге бол­мас па?

Жоға­ры сынып­та оқып жүр­гені­міз­де, Ақшұқыр шару­а­шы­лы­ғы­на жоңы­шқа оруға көмек­ке барған едік. Осы «жоңы­шқа» деген шөп­ті Маңғы­ста­уда өсіру­ге бол­май ма? Су шыға­ра­тын сква­жи­на­лар арқы­лы терең­нен су тар­туға болар еді. Мол су табы­лып жат­са, жоңы­шқа өсіретін алқап Маңғы­ста­уда мол.

Бүгін­де ауы­л­ша­ру­а­шы­лық мини­стр­лі­гін­де істей­тін кей­бір бөлім­дер мен депар­та­мент бас­шы­ла­ры, сон­дай-ақ басқа да жау­ап­ты қыз­мет­кер­лерінің ішін­де кеше ғана жоғарғы оқу орнын бітір­ген қыз-қырқын (кей жыл­да­ры мини­стр­дің орын­ба­сар­лық қыз­метін әйел­дер­дің атқарға­ны бар), олар ауыл­дың, мал­дың жағ­дай­ын қай­дан біледі? Көген, қи-тизек, шөп-шөң­ге деген­нің не екенін біл­мей­тін тәжіри­бесіз маман­дар бүгін­де агро­са­ла­ны басқа­рып отыр.

Тіп­ті ауыл шару­а­шы­лық мини­стр­лерінің кей­біре­улері қала­да туып, асфальт­та өскен, шару­а­шы­лы­қтан бей­ха­бар адам­дар. Заң­гер маман­ды­ғы­мен де ауы­л­ша­ру­а­шы­лық мини­стрі болған­дар бар көрі­неді. Бұл деген барып тұрған нағыз бас­сыздық қой! Содан барып ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы қай­дан көр­кей­еді? Бұдан кей­ін елге жұт кел­ме­ген­де – қайтсін?!

Қамыс­бай БЕРСІНБЕРГЕНҰЛЫ,

Ақтау қала­сы

Ақтө­бенің дала­сы ӨРТКЕ ОРАНДЫ

  • Ақтө­бе облы­сы Әйте­ке би ауда­нын­дағы төрт күн­ге созы­лған дала өрті­нен соң, шаруа қожа­лы­қта­ры жай­ы­лым мен шабын­ды­қ­сыз қал­ды. Ресми дерекке қараған­да, 15 000 гек­тар алқап жанып кет­кен. “Ақтө­бе фер­мер­лік орта­лы­ғы” қауым­да­сты­ғы өртен­ген аумақ ресми деректен анағұр­лым көп, 100 000 гек­тар­дан асып кет­ті деп санайды.

Әйте­ке би ауда­ны­ның Ақта­сты ауы­лын­дағы “Шыңғыс” шаруа қожа­лы­ғы­ның иесі Орын­бай Жол­мұрат ала жаз­дай Маңғы­ста­уға шөп жөнел­ту­ге ат салы­сқан. «Енді өзі­міз де Маңғы­ста­удың кебін киіп отыр­мыз. Ауыл маңын­дағы жай­ы­лым мен шабын­дық түгел өртеніп кет­ті. Өрт­тің қат­ты болға­ны сон­ша, ауыл тұрғын­да­ры­ның 90 пай­ы­зы төрт күн, төрт түн жабы­лып өрт сөн­дір­дік», – дей­ді Орын­бай Жолмұрат.

Ақтө­бе облы­стық төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­тінің мәлі­метін­ше, дала өрті­нен адам­дар зардап шек­пе­ген. Шару­а­лар жай­ы­лым мен шабын­ды­қтан айы­ры­лып, Әйте­ке би ауда­нын­дағы “Қоны­с­бай” қожа­лы­ғы­ның сегіз бас жылқы­сы күй­іп қалған.

Құтқа­ру­шы­лар жер релье­фінің ерекшелі­гіне қарай Қай­рақты ауы­лын­дағы дала өртін сөн­ді­ру қиы­нға соққа­нын айта­ды. Өрт Арал­тоғай, Әйке, Ақта­сты, Ақкөл және тағы басқа жал­пы саны алты округ­те шыққан.

«Бүгін (10 тамыз) таңғы үште Әйте­ке биде­гі дала өрті толық сөн­діріл­ді. Біздің есебі­міз­ше, 15 000 гек­тар алқап жанып кет­ті. Дала өртінің екі себебі болуы мүм­кін. Оның ең басты­сы – ада­ми фак­тор. Яғни, өрт темекі тұқы­лы­нан тұта­нуы ықти­мал. Тағы бір себебі, шөп­ке най­за­ғай түс­кен болуы мүм­кін», – дей­ді Ақтө­бе облы­стық төтен­ше жағ­дай депар­та­мен­тінің бас­шы­сы Марғұлан Аманбаев.

Ақтө­бе фер­мер­лік орта­лы­ғы” қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы Мар­лен Бай­мағам­бе­тов Әйте­ке би ауда­нын­дағы алты округ­те 100 000 гек­тар­дан астам алқап өртен­генін айтады.

Ресми дерек 15 000 гек­тар алқап өртен­ді деп отыр. Бұл шын­ды­ққа жана­спай­ды. Дала өрті­нен соң жүз­де­ген шару­а­шы­лық жай­ы­лым мен шабын­ды­қ­сыз қал­ды” дей­ді фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы­ның төрағасы.

Ақтө­бе облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Жақ­сы­ға­ли Иманқұ­лов дала өрті­нен зардап шек­кен фер­мер­лер­ге мем­ле­кет­тік резерв­те­гі жер­лер­ден жай­ы­лым мен шабын­дық берілетінін айта­ды. Иманқұ­ло­втың сөзін­ше, өртен­ген алқап пен шығын әлі де есеп­теліп жатыр.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн