fbpx

ҚЫТАЙДАН ҚАШҚАН ҚАЗАҚТАР Қазақстанды емес, Түркияны паналауға мәжбүр

Қытай­да туып-өскен бір­не­ше этни­ка­лық қазақ сту­ден­ті екі жыл­дан бері Түр­ки­яда бас сауға­лап жүр. Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі оларға виза беру­ден бас тар­тқан.

Еги­пет­те­гі Әл-Азхар уни­вер­си­тетін­де оқып жүр­ген Ерлан Қызыр, Қуан­дық Асқар­бек, Айшол­пан Сәр­сен­бай, Яхия Рах­мет­хан мен Нұр­са­ра Әкім 2017 жылы Түр­ки­яға бас сауға­лап кет­кен. Олар­дың айтуын­ша, сол жылы Әл-Азхар­да Қытай­дан келіп, білім алып жүр­ген мұсыл­ман сту­дент­тер­ді жап­пай ұстап, елдеріне қай­та­ру басталған. Этни­ка­лық қазақ сту­дент­тері пана іздеп, Каир­де­гі Қаза­қстан елшілі­гіне барған­да­рын, бірақ олар­ды дипло­ма­ти­я­лық өкіл­дік қабыл­да­удан бас тар­тқа­нын айта­ды.

«Еги­пет­те оқып жүр­гені­ме екі жылға таяп қалған бола­тын. Мау­сым айы­ның аяғы­на таман сон­да (Әл-Азхар уни­вер­си­теті – Ред.) Қытай­дан келіп оқып жүр­ген мұсыл­ман сту­дент­тер­ді Қытай­дан кел­ген сақ­шы­лар (қауіп­сіздік қыз­мет­кер­лері – Ред.) мен [жер­гілік­ті] поли­ция өкіл­дері бірі­гіп, жап­пай ұстай баста­ды. Біз көмек сұрап, сол жер­де­гі Қаза­қстан елшілі­гіне бар­дық. Бірақ олар қабыл­да­май қой­ды, – дей­ді Ерлан Қызыр «Азатты­ққа».

Сту­дент­тер­дің бар­лы­ғы – Шың­жаң өңірін­де­гі Іле Қазақ авто­но­ми­я­лық облы­сы­ның тума­ла­ры. Ерлан Қызыр­дың айтуын­ша, Әл-Азхар уни­вер­си­тетін­де­гі Қытай­дан келіп оқып жүр­ген 15-ке жуық этни­ка­лық қазақ сту­дент­терінің тек бесе­уі ғана Түр­ки­яға өтіп, Шың­жаң­дағы жап­пай қамау науқа­ны­нан құты­лған…

Еги­пет­тен басқа елге қашуға мәж­бүр болған қытай­лық қазақ сту­дент­терінің Түр­ки­яға өтуіне жер­гілік­ті түрік қаза­қта­ры көмек­тес­кенін, оларға заң­ды түр­де виза алып бер­ген­дерін айта­ды. Қуан­дық пен Айшол­пан Түр­ки­яға кел­ген­де кіш­кен­тай қызды болған. Қазір бүл­дір­шін­нің жеке басын куәлан­ды­ра­тын ешқан­дай құжа­ты жоқ. Ал үлкен екі бала­сы­ның Қытай аза­ма­ты екен­ді­гін рас­тай­тын пас­порт­та­ры­ның мерзі­мі біту­ге жақын.

«Екі жыл бол­ды Қытай­дағы туы­ста­ры­мы­здан ешқан­дай хабар жоқ. Осы­дан екі жыл бұрын бал­ды­зым Бағ­дат­ты Әл-Азхар­да оқып жүр­ген жері­нен шақыр­тып алды. Оның да отба­сы болған. Әйелі­мен бір­ге ұшақтан түс­кен жер­де ұстап, сот­тап жібер­ген. Кіш­кен­тай­ла­ры­ның қай­да екенін біл­мей­міз. Егер Қытай­ға бар­сақ, біз де бір­ден сот­та­лып кете­міз», – дей­ді Қуан­дық.

Қытай­лық қазақ сту­дент­тері өздері жай­лы ақпа­рат­ты толық ашып айту­дан қорқа­ды. Анка­ра­дағы Қаза­қстан елшілі­гіне бір­не­ше мәр­те барып, көмек те сұраған. Олар­дың айтуын­ша, әуелі анке­та тол­тыр­тып, өздері жай­лы ақпа­рат­тың бәрін ағы­л­шын тіліне аудар­тқан. Бір апта­ның ішін­де Қаза­қстанға шығу виза­сын беру­ге уәде еткен. Бірақ елшілік кей­ін: «Сен­дер­ге қаты­сты Қытай­да сая­си мәсе­ле бар екен. Қаза­қстанға ешқа­шан өте алмай­сы­ң­дар», – деген. Бірақ нақты қан­дай сая­си мәсе­ле екенін ашып айт­паған.

Әл-Азхар уни­вер­си­теті мұсыл­ман әле­мін­де­гі ең көне әрі таны­мал тео­ло­ги­я­лық оқу орны болып сана­ла­ды. Бес сту­дент Түр­ки­яға өткен соң, жер­гілік­ті жоға­ры оқу орын­дар­дың біріне түсіп, оқып жатыр. Уни­вер­си­тет­ке уақыт­ша тір­кел­ген. «Азаттық» қытай­лық қазақ сту­дент­тер­дің қазір­гі ресми мәр­те­бесі мен бола­шақ жағ­дайы тура­лы Түр­кия Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне сұрау салып, ақпан айы­ның 25-інде ресми хат жібер­ген. Мини­стр­лік­тің бас­пасөз қыз­меті «хат­ты алған­да­рын, кей­інірек жау­ап жібе­ретін­дерін» айтқан. Бірақ әлі ешқан­дай жау­ап бол­ма­ды.

Биыл ақпан­ның 9‑ында Түр­кия Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі Қытай­дың Шың­жаң­дағы аз сан­ды мұсыл­ман этнос өкіл­дерін жап­пай қамауын қат­ты сынап, арнайы мәлім­де­ме таратқан. Анка­ра Қытай­дан Шың­жаң­дағы «сая­си тәр­би­е­леу орта­лы­қта­рын» жабу­ды талап еткен. Түр­кия Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің өкілі Хами Аксой: «Мил­ли­он­нан астам ұйғыр­дың азаптау орта­лы­қта­ры­на қамалға­ны қазір құпия емес. Қамауға алын­баған­дар қысы­мға ұшы­рап жатыр. Қытай билі­гінің 21 ғасыр­да лагерь ашуы және ұйғыр­лар­ды қуда­ла­уы – адам­за­тқа жасалған қар­сы әре­кет», – деген. Пекин Анка­ра­ның бұл мәлім­де­месін «жалған айып­тау» деп теріс­ке шығарған.

Қытай билі­гі­нен қашып, Қаза­қстан­нан көмек сұраған Түр­ки­ядағы қазақ сту­дент­теріне не себеп­ті виза беріл­ме­гені тура­лы Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стрілі­гіне де арнайы сау­ал жол­да­дық. Мини­стр­лік­тің бас­пасөз қыз­меті жаз­ба­ша жау­а­бын­да: «Бес қытай­лық қазақ 2017 жылы Түр­ки­ядағы Қаза­қстан елшілі­гіне виза алу үшін хабар­ласқан. Бірақ олар­дың құжат­та­ры Қаза­қстан­ның ұлт­тық заң­на­ма­ла­ры­на сәй­кес бол­маған­ды­қтан, виза беріл­ме­ген­ді­гін мәлім­дей­міз» деп қысқа қай­ыр­ды.

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн