Пятница , 20 июня 2025

ҮШ «АЛА ҚОЙ»… Президенттік стипендия кімдерге берілді?

Өткен апта­ның соңын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев әде­би­ет пен өнер сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­лар тағай­ын­дау тура­лы өкім­ге қол қой­ды. «2018 жылы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы­ның мәде­ни­ет сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­сы» деп ата­ла­тын бұл шүлен тара­туға елдің біраз бет­ке­басар тұлға­ла­ры енген екен.

Атақ-даңқы жер жарған КСРО Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­сов, Қаза­қстан­ның «Еңбек Ерлері» Олжас Сүлей­ме­нов, Асанәлі Әші­мов пен Юрий Поме­ран­цев, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегер­лері – Қаб­деш Жұма­ді­лов, Шот-Аман Уәли­хан, Ескен­дір Хасанға­ли­ев, Мар­фуға Айтқо­жа, Күләш Ахме­то­ва, Әкім Тара­зи, Төлен Әбдік, Сәбит Доса­нов, Сәбит Ораз­ба­ев, Иран-Ғай­ып (Ораз­ба­ев), Шери­яз­дан Еле­уке­нов… – бәрі бар. Тіп­ті «мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері» деген атақ­пен Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, «түр­кіта­ну­шы ғалым, қоғам қай­рат­кері» деген желе­умен Алек­сандр Гар­ка­вец те еніпті.

Бірақ бір элек­трон­ды басы­лым жазған­дай, «пре­зи­дент­тік посо­би­яға» айналған сти­пен­ди­я­ны алған Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегер­лерінің қата­рын­да үш бір­дей лау­ре­ат, әде­би­ет­тің үш бір­дей әйдік өкілі жоқ: олар – Мұх­тар Шаха­нов, Дулат Иса­бе­ков және Бексұл­тан Нұр­же­кеұ­лы. Бұлар­дың әрқай­сысын түстеп-түр­лен­дірудің қажеті бол­ма­са керек: әрқай­сысы­ның қазақ әде­би­етіне салған айны­мас күре жолы бар.

«Бұл қалай, бұлар сти­пен­ди­яға неге ілік­пе­ді? Бұл ала­ла­удың аста­рын­да не жатыр?» деген сау­ал­дар­мен арһар-аға­ларға хабар­ла­стық. Мұх­тар аға­ның жігіт­тері біз жол­даған сау­алға жау­ап бер­меді, Бекең теле­фо­нын көтер­меді, ал Дулат аға­мен болған қысқа теле­фон шалы­стың нұсқа­сы мынау:

«Дулат аға, пре­зи­дент­тік сти­пен­дия алған­дар­дың қата­рын­да аты­ңыз атал­мап­ты, не боп қалды?».

«Біл­медім. Жал­пы бұл пре­зи­дент­тік сти­пен­дия қан­дай тәр­тіп­пен, недей прин­циппен берілетіні­нен хаба­рым жоқ».

«Мем­сый­лы­қтың көзі тірі лау­ре­ат­та­ры түгел ілін­ген­де, Шаха­нов пен Бексұл­тан досы­ңыз бар, сіз­дер­дің сырт қалған­да­ры­ңыз қалай бола­ды, бұған ел не дейді?».

«Елдің не дей­тінін тағы біл­медім. Жал­пы, үнде­мей­тін халы­қ­пыз ғой… Мен де үндей қояй­ын деп оты­рған жоқ­пын… Өздері біл­сін… Сол сти­пен­ди­яға қарап қалған күнім жоқ…».

«Қарап қалған» демек­ші, жал­пы бұл сти­пен­дия кім­дер­ге беріл­гені жөн деп ойлай­сыз, аға?».

«Кім біл­сін… Асанәлі Әші­мов алған екен… Менің­ше, бірін­ші кезек­те жарым-жар­ты пен­си­яға қарап қалған­дарға, баға­тын бала-шаға­сы жоқ, отба­сын асы­ра­уы ауыр әде­би­ет пен өнер иелеріне беріл­гені дұрыс шығар… Аймақтар­дағы таны­мал әде­би­ет­шілер­дің алға­ны дұрыс сияқты… Біз­дер Алма­ты мен Аста­на­да күні­мізді көреміз-ау…».

«Жөн, аға, аман болыңыз!».

Міне – осы. «Ала қой­ды бөле қыры­ққан» жағ­дай­дың кебі.
Аман болы­ң­дар, ағалар!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн