Вторник , 22 апреля 2025

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ қарсы шабуылды ТОҚТАТУ КЕРЕК!

ҚР Пре­мьер-мини­стрі

Олжас Бек­те­нов­ке!

ҚР Бас прокуроры

Берік Асы­ло­вқа!

  • Интер­нет ресур­стар­дан және қоғам орта­сы­нан жиі бай­қа­лып жүр­ген­дей, ұлты­мы­здың қастер­лі мұра­ла­ры­на, мың­даған жыл­дық салт-дәстүр­лері­міз­ге шабуыл тола­ста­май тұр. Өткен жылы жат діни ағым­ның жете­гін­де кет­кен біре­улер «Дом­бы­ра – харам» деп, қаза­қтың ең құн­ды музы­ка­лық аспа­бын іске алғы­сыз еткісі кел­се, тағы бір елір­ген тобыр басы­на сәу­ке­ле киіп, көшпен­ді халы­қтың ғасыр­лар бой­ғы бас­па­на­сы – киіз үй ішін­де жар­ты­лай жалаңа­шта­нып, жыной­нақ бимен ұлт­тық қоғам­ның ашуын туғы­зған болатын. 

Енді, міне, ең сорақы­сы, мем­ле­кеті­міздің басты рәміз­дерінің бірі – Көк туы­мы­зды қор­ла­у­шы­лар бой көр­сет­ті. Жуыр­да ғана Аты­ра­уда болған оғаш оқиға қоғам­да үлкен резо­нанс туғы­зып, аза­мат­тар­дың ашу-ыза­сын туды­рып отыр.

​ Бет-аузын тұм­ша­лап, қара жамы­лған төрт әйел мұз айды­нын­да өткен спорт­тық жарыс кезін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік туын ұстап түс­кен сурет әле­умет­тік желілер­ге кеңі­нен тарап кет­ті. Олар­дың қолын­дағы мем­ле­кет­тік тудың бетіне араб жазуы мен ара­би қылы­штың сұл­ба-суреті салынған. 

​ Мұн­да біздің наза­ры­мы­зды аударған – көк тудағы араб қар­пін­де­гі жазу­дың өте сапа­лы түр­де, арнайы бас­па құра­лы­мен таң­ба­ла­нуы. Демек, бұл – жай ғана тұр­мыстық бұза­қы­лық, әдеп­сіз шек­тен шығу­шы­лық қана емес. Бұл – біздің қоға­мы­м­ы­зға, мем­ле­кет­ті­гі­міз­ге, ұлт­тық дәстүрі­міз бен біре­гей­лі­гі­міз­ге жасалған ашық және нақақ қарсылық.

Ту – әрбір қаза­қстан­дық үшін қаси­ет­ті құн­ды­лық. Бұл мем­ле­кет­тің тәу­ел­сізді­гі мен тұта­сты­ғы­ның қастер­лі сим­вол бел­гісі. Оны бөтен бел­гілер­мен, әлдебір жат маз­мұн­дағы жазу­лар­мен бүл­ді­ру – заңға өрес­кел қай­шы және қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­ды талап ететін әрекет.

Мемле­кет­тік туды қор­лау – бүкіл халы­қты, тұтас мем­ле­кет­ті қор­лау! Сон­ды­қтан мұн­дай заң бұзу­шы­лық қатаң әрі мүл­тіксіз жаза­ла­нуы тиіс. Бірақ еске­ре кететін бір жәйт – елдің туын бүл­ді­ру арқы­лы жат пиғыл­ды дәріп­те­мек болған бұл төрт қыз әлдебір аран­да­ту­шы топ­тың құр­ба­ны болуы мүм­кін. Олар жастық алаңға­сыр­лы­қ­пен, әлде мате­ри­ал­дық қызы­ғу­шы­лы­қ­пен неме­се діни сау­ат­сызды­қ­пен жасаған бұл өрес­кел заң бұзу­шы­лы­қтың таса­сын­да тұрған әлдебір кереғар күш­тер бар сияқты.

 Міне, әкім­шілік тұрғы­дағы жаза­сын алған төрт қыздан бұрын, осы қыл­мысты әре­кет­ті ұйым­да­сты­ру­шы­лар жаза­ға тар­ты­луы тиіс. Қаза­қстан Қылмыстық кодексінің 372-бабын­да: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік рәміз­дерін қор­лау – үш мың айлық есеп­тiк көр­сет­кiш­ке дей­ін­гі мөл­шер­де айып­пұл салуға, не сол мөл­шер­де түзеу жұмыста­ры­на, не тоғыз жүз сағатқа дей­ін­гі мерзім­ге қоғам­дық жұмыстарға тар­туға, не екі жылға дей­iн­гi мерзiм­ге бас бостан­ды­ғын шек­те­у­ге, не сол мерзiм­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға жаза­ла­на­ты­ны» көзделген.

Тағы бір алаң­да­у­шы­лық туды­ра­тын жағ­дай – осын­дай түр-түсі бұр­ма­ланған Қаза­қстан туы Wildberries Russ мар­кет­плей­сін­де 5000 мың тең­ге­ден еркін және ашық сауда­да саты­лып жүр. Бұл не сұм­дық?! Бұған кім жол беріп отыр?

Сөз жоқ, ел Кон­сти­ту­ци­я­сы бой­ын­ша, біз зай­ыр­лы мем­ле­кет­піз, онда дін мем­ле­кет­тік сая­сат­тан тыс деп жазы­лған. Қаза­қстан – әрбір аза­мат­тың діни сенім бостан­ды­ғы сақталған ел. Бірақ біздің ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мыз, халық бір­лі­гі мен мәде­ни мұра­мыз заң­мен қорғалады.

Деген­мен әлдебір теріс ағым­дық іс-әре­кет­тер біздің ұйы­сқан бір­лі­гі­міз­ге қол сұға­тын бол­са, біз мұн­дай мәсе­лені мем­ле­кет­тік сая­сат­тан ажы­ра­тып қарай алмай­мыз! Сон­ды­қтан қоғам­да заң­ды түр­де алаң­да­у­шы­лық туды­рған бұл бас­сызды­ққа тиісті баға берілуі керек. Бұл – жеке біре­улер­дің діни көзқа­ра­сын біл­діруі емес, қоғам тұрақты­лы­ғын, мем­ле­кет­тік тұта­сты­қты бұзуға бағыт­талған нақақтан-нақақ жасалған аран­да­ту. Бұны ежел­ден қалып­тасқан діни бір­лік пен қоға­мға жары­қ­шақ салу­дың қас­көй әре­кеті деп баға­лау керек!

Соны­мен қатар бұл оқиға­ның аран­да­ту­шы­лық маз­мұ­ны мен мем­ле­кет­тік тудың бетін­де қол­да­ны­лған сим­во­ли­ка­ның сипа­ты – оның алдын ала жос­пар­ланға­нын, әлдебір топ­тың нақақ ұйым­да­сты­рға­нын көрсетеді. 

Бұған кім тап­сы­рыс бер­ді? Ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың мақ­са­ты қан­дай? Бұл сұрақтарға құқық қорғау орган­да­ры нақты жау­ап беруі тиіс! Мұн­дай аран­да­ту­шы­лы­қтың қай­та­ла­нуы­на жол бер­меу үшін, тер­геу-тек­се­ру шара­сы жан-жақты жүр­гізілуі қажет.

Жуыр­да өткен Ұлт­тық құры­л­тай­да мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев ұлт­тық дәстүр­лері­мізді дәріп­те­у­ге шақы­рып, қаза­қы киім біздің ұлт­тық бол­мысы­мы­зды айқын­дап, халқы­мы­здың қай­та­лан­бас кел­бетін көр­се­тетінін ерекше атап өтті.

Ал біз не көріп отыр­мыз? Осы ұлт­тық біре­гей­лік­ті дәріп­те­у­ге қар­сы­лық біл­ді­ру бел­гісін ғана емес, қоға­мға қар­сы бағыт­талған ашық аран­да­ту­шы­лы­қты көріп отырмыз. 

Бұл – халқы­мы­зға жат нор­ма­лар­ды күш­теп таңу, тарихы­мы­зды, мәде­ни­еті­мізді, ұлт­тық мақта­ны­шы­мы­зды жоққа шыға­ру әре­кеті. Бұл әре­кет­тің адам құқы­қта­рын қорғау прин­циптеріне еш қаты­сы жоқ. Біздің ұлт­тық салт-дәстүрі­міз бен мың­жыл­дық мұра-мұра­ты­мы­зға, халы­қтық қадір-қаси­еті­міз­ге қай­шы келетін мұн­дай аза­мат­тық құқық біз­ге қажет емес! Бұл – қоғам­ды екі­ге жарып, әле­умет­тік жік туды­руға, дін­ді – мем­ле­кет­ке, жасан­ды ради­кал­ды нор­ма­лар­ды ұлт­тық дәстүр­ге қар­сы қоюға бағыт­талған нақақ және қас­көй әре­кет. Сон­ды­қтан біз мұн­дай қауіп­тер­ге көз жұмып қарай алмаймыз!

Осыны еске­ре оты­рып, жау­ап­ты меке­ме­лер­ге келесі шара­лар­ды шұғыл қолға алу­ды ұсынамыз:

1. Қол­да­ны­стағы заң­на­маға сәй­кес, құқық қорғау орган­да­ры орын алған жағ­дай­ды жіті тек­серіп, аран­да­ту­шы­лы­ққа алданған төрт әйел­дің артын­да тұрған күш­тер­ді, жалған туды дай­ын­да­у­шы­лар­ды, оны тара­ту­шы­лар­ды аны­қтап, мұн­дай қастан­ды­қтың жолын кесу үшін, ұйым­да­сты­ру­шы­ларға қатаң жаза қол­да­нуы тиіс!

2. Бекітіл­ген стан­дар­тқа сәй­кес кел­мей­тін, ресми сипа­ты бұр­ма­ланған мем­ле­кет­тік рәмізді сатуға шығарған сауда орын­да­ры­ның бас­шы­лы­ғын жау­а­пқа тар­ту керек. Саты­лып кет­кен тулар­ды жинап алып, жою қажет!

Сон­дай-ақ тиісті заң­на­маға мем­ле­кет­тілі­гі­мізді ман­сұқтай­тын, қоғам­ды жік­ке бөлуді көз­дей­тін тау­ар­лар сатқан жеке­ле­ген мар­кет­плей­стер­ге қар­сы санк­ция салу­ды көз­дей­тін түзе­ту­лер әзір­леп, оны заң нор­ма­сы­на енгі­зу керек. 

3. Мем­ле­кет ради­кал­ды ағым­дар­дың өрес­кел әре­кет­теріне бақы­ла­уды күшей­тіп, діни құн­ды­лы­қтар­ды бұр­ма­ла­у­ға қар­сы шара­лар­ды қатаң­да­туы қажет. Ұлт­тық біре­гей­лік­ті қорға­удың жүй­елі және жал­пы­ға ортақ сая­са­тын қалып­та­сты­ра­тын уақыт жетті!

4. Зай­ыр­лы білім беру жүй­есін нығай­тып, орта мек­теп­тер­де­гі дін­та­ну сабақта­рын ұлт­тық мұра­лар негізін­де жүр­гі­зу бағ­дар­ла­ма­сы дай­ын­да­луы керек! 

Соны­мен қатар тиісті уәкілет­ті мем­ле­кет­тік орган­дар ұлт­тық мәде­ни­ет­ті дамы­ту, дәстүр­лі киім кию баста­ма­ла­рын қол­дау және жастар ара­сын­да кең көлем­де түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гі­зуі қажет.

Ермұрат БАПИ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты

Республиканский еженедельник онлайн