Вторник , 1 июля 2025

ҰЛТШЫЛДЫҚ ПЕН ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ

Есенға­зы ҚУАНДЫҚ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор

  • Ксе­но­фо­бия, үрге­дек­тік үрей туғы­зу – (грек. xenos «жат»+phobos «қорқы­ныш»). Этноәле­умет­та­ну ғылы­мын­да «ксе­но­фо­бия – діні, салт-дәстүрі, ұлты бөлек жан­дар­дан қорқу, олар­ды жек көру» деп түсін­діріледі (мыса­лы, русо­фо­бия оры­стар­мен жау­ла­су, анти­се­ми­тизм – еврей­лер­ге өште­су және т.б.).

Ғалым­дар­дың зерт­те­уін­ше, ксе­но­фо­би­я­ны ауы­зды­қтап, тоқтат­па­са, бұл жол­да жұрт немқұрай­лы­лық таныт­са, онда ол одан сай­ын күшей­іп, мем­ле­кет­тің қауіп­сіздік тая­ны­шы­на қатер төн­діретін бола­ды. Бірақ Ресей мини­стрі Лав­ров мыр­за­ның мақа­ла­сын­да осы аталған «ксе­но­фо­бия» тер­мині орын­сыз, ондай фобия жоқ жер­ге, қол­да­нуға бол­май­тын жағ­дай­да айты­лған. Бұл оның қазақ ұлты­на деген арам, шови­ни­стік пиғы­лын айғақтап тұр. Бұлай басы­ну – «Жаман үйдің қонағы билей­ді» деген ежел­ден қалған көре­ген­дік сөздің дәл өзі.

Оның қаза­қтар­ды «жер­гілік­ті ұлт­шыл­ды­қты» дәріп­теу Ресей мен Қаза­қстан­ның ара­сын­дағы досты­ққа қар­сы бағыт­талған деп негіз­сіз айып­тап, еге­мен елдің ішкі сая­са­ты­на ара­ла­суы, ҚР Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гінің бірін­ші орын­ба­са­ры Дәу­рен Аба­ев­тың «үңгір­де­гі ұлт­шыл­дық» деп, ұлт­тық сана­ны кем­сіт­кен сепа­ра­ти­стік ойы­ның жалға­сы деп баға­лай­мын. Шови­низм бол­ма­са, ұлт­шыл­дық та бол­май­ды. Ал ұлт­шыл­ды­қты туғы­за­тын – Лав­ро­втың мақа­ла­сын­дағы өктем­шіл, импе­ри­я­лық әдетін аңсаған шови­ни­стік көзқарастар.

Ұлт­шыл­дық – о баста ұлт­пен бір­ге жара­ты­лған ұғым. Ол ұлт­тың бой­ын­дағы сана-сезім­нің жиын­ты­ғы. Ал ұлт­жан­ды­лық –ұлт­шыл­ды­қтың бой­ы­нан жырып алы­нып, қол­дан жасалған жасан­ды ұғым. Ал Лав­ров мыр­за­ның «Қаза­қстан­дағы ксе­но­фо­бия мәсе­лесін тиісті мини­стр­лік­тер­мен рет­тей­міз» деуі – Қаза­қстан билі­гінің өз ұлты­на жаны ашы­май­ты­нын, өздеріне қар­сы тұруға қауқа­ры жоқты­ғын пай­да­ла­нып, күш қол­да­на­мыз дегені.

«Үңгір ұлт­шыл­ды­ғы», одан кей­ін­гі «жер­гілік­ті ұлт­шыл­дық» деп тағы­лған айдар­лар­дың тууы­на тіке­лей кінәлі – қазақ билі­гі. Бұл әре­кет ұлтқа опа­сыздық жасау, сатқын­дық болып табы­ла­ды. Бұл жер­де Махат­ма Ган­дидің бер­ген баға­сы дәл келіп тұр: «Отар­шыл­дар тәр­би­е­леп өсір­ген эли­та – өз халқы­ның ең басты жауы!» – деген еді ол.

Ал біздің баба­ла­ры­мы­зда ұлт­шыл­дық тура­лы: «Ұлт­шыл – елін қорғай­ды, ұлт­сыз – елін қор­лай­ды», «Ұлт­шыл – ұлт­тық мем­ле­кет құра­ды, ұлт­сыз – жауға қыз­мет ете­ді» деп, көре­ген­дік­пен сақтан­ды­рып кетіп еді.

Бүгін­гі ұлтық-пат­ри­от­тық сезім­дер көбі­не­се жасан­ды болып келеді. Міне, осы жасан­ды­лы­қты шебер мең­гер­ген­дер лау­а­зым­ды билік­терін арқа­ла­нып, ел мен ұлт қамын шынайы ойла­у­шы­лар­ды тұқыр­тып келеді.

Қаза­қи құн­ды­лы­қтар жой­ы­лып, оның рухы күйреді!

Қаза­қстан билі­гі елде­гі ұлт­шыл­ды­қтың табиға­тын дұрыс түсіне алмай (неме­се түсін­гісі кел­мей), оған реак­ци­я­лық, теріс құбы­лыс ретін­де сыңаржақ аны­қта­ма беріп, оны жасан­ды тап­тық мүд­де­лер­ге айтақтап салып, қара­ма-қар­сы қой­ып отыр­ды. Ұлт­жан­ды­лы­қты ұлы­дер­жа­ва­лық тұрғы­дан тал­дай келіп, шови­ни­стік пиғыл­дағы оры­стар осы­нау тари­хи кезең­де­гі қазақ этно­сы­на әле­умет­тік, пси­хо­ло­ги­я­лық қасірет әкел­ген­дік­терін, олар­дың аяу­сыз қырғы­нға ұшы­раған­ды­ғы­на, өздері жүр­гіз­ген сая­сат­тың себеп болған­ды­қта­рын бір сәт мой­ын­да­ры­на алу­дың орны­на, оны одан ары­ға жалға­сты­руға әре­кет­те­ну­де.
 Кеңе­стік жүйе жүр­гіз­ген сая­сат қазақ халқы­ның бола­шағы­на зия­нын тигізіп, ұрпақтар­дың руха­ни сабақ­та­сты­ғы­на нұқ­сан кел­тір­ді. Халы­қтың бой­ын жап­пай үрей биледі, ұлт өкіл­дері өз пікір­лерін ашық біл­діру­ге баты­лы жет­пей­тін­дей күй­ге түсті. Ұлт бір­лі­гі бұзы­лып, ғасыр­лар бойы қалып­тасқан, өзге халы­қтар­да кез­де­се бер­мей­тін тәр­би­енің ұлт­тық үлгілері, әділ шешім­ге бой ұсы­ну, жар­лы-жақы­бай, жесір­лер­ге қамқор­лық жасау, үлкен­ді сый­лау, құр­мет тұту, кол­лек­тив­шіл­дік, отан­сүй­гі­штік, намысқой­лық, қонақ­жай­лы­лық, шешен­дік, т.б. қаси­ет­тер сорақы бұр­ма­ла­нып, ұрпақ үшін қажет­сіз болып, жоға­лу­дың аз-ақ алдын­да қал­ды. Сол кез­де­гі қате сая­сат­тың кесірі­нен тамы­ры үзіл­ген осы қаси­ет­тер тура­лы айтқан­да, бүгін­гі ұрпақ оған мысқыл­мен қарай­тын жағ­дай­ға жет­ті. Сон­ды­қтан да бүгін­де ұлт­жан­ды­лық сияқты құн­ды­лы­қтар­ды өрке­ни­ет­тілік тұрғы­сы­нан қай­та зер­де­леу қажет­ті­гі туын­дап отыр.

Ксено­фо­бия қау­пін қол­дан жасаған­дарға қар­сы күрес төмен­де­гі­дей бағыт­та жүруі тиіс.

Бүгін­де титуль­ды толы­ққан­ды ұлт болып қалу үшін, табиғи дамуы үшін, оның ұлт­тық сана­сы, ұлт­тық құн­ды­лы­ғы және ұлт­тық мүд­десі болуы керек. Олай бол­са, бүгін­гі күні қаза­қтар өздерінің сая­си тәу­ел­сізді­гін алып, еге­мен­ді ел болған­нан бері өткен отыз жыл­дың ішін­де ұлт­тық сана­сын қалып­та­сты­рып, ұлт­тық құн­ды­лы­қта­рын қадір­леп, ұлт­тық мүд­десін қорға­уда қабілет­ті ел бола алмадық.

Ұлт­тың – ұлт болып қалып­та­сып, дамуы үшін, ұлт­тық сана­дан кей­ін­гі маңы­зды орын ала­тын мәсе­ле – ұлт­тық құн­ды­лық. Ұлт­тық құн­ды­лы­ққа ұлты­мы­здың мәде­ни­етін, әде­би­етін, өнерін, музы­ка­сын, спор­тын жатқы­за­мыз. Бүгін­гі күні осы құн­ды­лы­қтар­ды қорғаған аза­мат­тар – Марғұлан Боран­бай, Мей­рам Қана­пи­я­нов, Данат Намаз­ба­ев, Қуат Ахме­тов, Руза Бей­сен­бай­те­гі және Жұл­ды­зай Фор­тқа қар­сы қуда­ла­у­лар жасалуда.

Ал ұлт­тық мүд­де дегені­міз – сол ұлт­тың руха­ни, әле­умет­тік, қоғам­дық дамуын­да шешу­ші роль атқа­ра­тын оның басты бел­гілері. Ғылым негіз­деріне сүй­ен­сек, бүгін­гі күні қазақ халқы­ның мем­ле­кет құру­шы ұлт ретін­де оның басты мүд­де­лері – тәу­ел­сізді­гі­міздің ныға­юы, жері­міздің тұта­сты­ғы, тілі­міздің дамуы, діні­міздің сақта­луы, салт-дәстүрі­міздің өркендеуі.

Ұлт­тық мүд­дені қорғау – сая­си билік­тің тіке­лей мін­деті болуға тиіс, бірақ та қазір­гі билік­тің жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты біздің ұлт­тық мүд­де­міз­ге қар­сы бағыт­талған деу­ге бола­ды. Мыса­лы, Қаза­қстан­ды көп ұлт­ты мем­ле­кет деп атау, жер­ді жеке мен­шік­ке сату, Еура­зия одағын құру иде­я­сы, «Үш тұғыр­лы тіл» тура­лы, «Қаза­қстан­дық ұлт» жасау мәсе­лесі, Ресей­ге цифр­лық билік­ті беру – осы­ның бәрі қаза­қтың ұлт­тық мүд­десіне зиян­ды, стра­те­ги­я­лық қате сая­сат болып табылады.

Руха­ни сала­да халқы­мыз мораль­дық азғын­ды­ққа түсіп, ұлт­тық қаси­еті­нен айы­ры­лып, асси­ми­ля­ци­я­ла­нып бара­ды. Бұл мәсе­ле­ге дұрыс жау­ап табу үшін, біз әуелі мем­ле­кет құру­шы ұлт дегені­міз не, оның ұлт­тық мүд­десі қалай қорға­луы керек және ол мем­ле­кет құру­шы ұлт ретін­де толы­ққан­ды дамуы үшін, оның қан­дай бел­гілері болуы шарт деген сұрақтар қой­ып, оның тео­ри­я­лық негізін аны­қтап, қазір­гі кез­де ол елі­міздің өмірін­де қалай іске асып жатқа­нын біл­сек, сон­да шын­ды­қтың кім­нің жағын­да екенін нақты білу­ге болады.

Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тің халқы бір ортақ тіл­де, яғни мем­ле­кет құру­шы ұлт­тың тілін­де сөй­леп, алда­ры­на бір ортақ мақ­сат қой­ып, сол үшін күре­суі тиіс. Мем­ле­кет құру­шы ұлт сол мем­ле­кет­тің тер­ри­то­ри­я­сын­да тари­хи қалып­тасқан және ұлт­тық құра­мы басқа ұлт­тарға қараған­да сан жағы­нан анағұр­лым басым болуға тиіс.

Тәу­ел­сіздік – сая­си, эко­но­ми­ка­лық, руха­ни болып үш салаға бөлі­неді. Қазір­гі кез­де халы­қа­ра­лық қауым­да­стық мой­ын­даған сая­си тәу­ел­сізді­гі­міздің бар екені рас. Бірақ та ол – эко­но­ми­ка­лық және руха­ни тәу­ел­сіздік­пен бекі­ме­се, уақыт өте келе, ол тәу­ел­сіздік құр декла­ра­ци­яға айна­лып, өзінің маз­мұ­ны­нан айы­ры­луы мүм­кін. Бүгін­гі күні біздің тәу­ел­сізді­гі­міз­ге осын­дай қауіп төніп тұр.

Елі­міз сая­си тәу­ел­сізді­гін алға­ны­мен, асси­ми­ля­ци­я­ла­ну про­цесі әлі де жалға­сын табу­да. Себебі үкі­мет басы­на билік­ке кел­ген шене­унік­тер сол бұры­нғы ком­му­ни­стік идео­ло­ги­яда тәр­би­е­леніп, орыс­ша оқы­ған адам­дар бола­тын және іс қағаз­да­рын жүр­гі­зу – елі­міз тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін де сол бұры­нғы орыс тілін­де қалып қойды.

Оның үстіне билік Қаза­қстан көп ұлт­ты мем­ле­кет, сон­ды­қтан интер­на­ци­о­нал­дық идео­ло­ги­я­ны ұста­нуы­мыз керек деп, мем­ле­кет құру­шы қазақ ұлты­ның құқы­ғын көп диас­по­ра­лар­дың қата­ры­на қосып, солар­мен теңе­стіріп қой­ды. Кім­де-кім қазақ ұлты­ның ұлт­тық мүд­десі тура­лы сөз қозға­са, оған «ұлт­шыл» деген кінә тағып, ондай адам­дарға қар­сы қоғам­дық пікір туды­руға тырысады.

Мем­ле­кет­тік тіл дегені­міз – бұл елі­міздің тәу­ел­сізді­гінің туы, гер­бі, ән ұра­ны, аста­на­сы сияқты ұлт­тық сим­вол­да­ры­ның бірі. Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда «Қазақ тілі – мем­ле­кет­тік тіл» деп жазы­лған. Соған қара­ма­стан, бүгін­гі күн­ге дей­ін тіл про­бле­ма­сы шеші­мін табу­дың орны­на, уақыт өткен сай­ын күр­де­леніп барады.

  •  

ҚОРЫҚҚАНҒА ҚОС КӨРІНЕДІ

Соңғы жыл­да­ры Ресей тара­пы­нан Қаза­қстанға қар­сы айты­лған мәлім­де­ме­лер көбей­ді. РФ сыр­тқы істер мини­стрі Сер­гей Лав­ро­втың «Рос­сий­ская газе­та» басы­лы­мын­да жари­я­лаған мақа­ла­сын­да «Қаза­қстан­да орыс тілін­де сөй­лей­тін­дер­ге ксе­но­фо­би­я­лық көзқа­рас бар» деп айтып­ты. Егер де Ресей билі­гінің түп­кі сана­сын­да шынайы «достық» деген ұғым жат­са, досы­на мен­мен­дік көр­сетіп, басқын­шы­лық көзқа­ра­сын айтар ма еді? Жоқ. Демек, бұны Кремль өз сая­сат­кер­лері арқы­лы Қаза­қстанға қара­та айтқан үнде­уі деп қабылдадым.

Алай­да «Бұн­дай сөз­дер­ді неге айта­ды? Не үшін айтқы­за­ды?» деген сұрақ туын­дай­ды. Қын­жы­лы­стан туын­даған сөз­дері арқы­лы Қаза­қстан­да шови­ни­стік пиғыл­ды көр­сетіп, қан­дай да бір тұрақ­сыздық туды­рғы­сы келеді деп түсінемін.

Екін­ші жағы­нан, бүгін­гі қоғам – бұры­нғы қоғам емес, сана өсіп, жаңа буын кел­ді. Ресей­дің қан­дай да бір мәлім­де­месін боль­ше­вик­тік заман­да қалып қой­ған көзқа­рас деп қарай­ды. Енді Ресей­дің иық тіресіп тұрар «досы» қал­ма­ды, жалғыз қал­ды. Қалған елдер есік­терін тарс жауып алған­ды­қтан, екі жағын­да «ескі шал­дар» басқа­ра­тын тек Бело­рус­сия мен Қаза­қстан ғана қал­ды. Қазір­гі қорқы­ны­шта­ры­ның басты себебі де осында.

Күн­дер­дің күнін­де осы шал­дар қыз­меті­нен кететін кез­де екі елді уысы­нан шыға­рып алмауы үшін, Ресей­дің алдын ала жасап жатқан сая­си ама­лы шығар. Оның үстіне қоры­ққанға қос көрі­неді деген­дей, Түр­кі елдерінің сам­ми­ті баста­ла­ды деген хабар да бар. Мүм­кін, сол жиын­ның алдын­да қорқы­ны­шпен және қызға­ны­шпен айтқа­ны деп қабылдадым.

Ринат РАФХАТ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн