Среда , 2 июля 2025

«ҰЛЫОРЫСТЫҚ ШОВИНИЗМ» қатер екенін өз болмысымен көрсетті

  • «…Шови­низ­мнің бүгін­гі көсе­мі Путин деген узур­па­тор пат­ша «орыс әле­мі» деген­ді ойлап тауып алды да, сол әлем­ді «қалған ұлт­тар­дың қысым­шы­лы­ғы­нан қорғау яки боса­тып алу» деген маз­мұн­дағы сасық иде­я­сы аясын­да қару-жарағын сай­лап, жан-жағы­на жалаң­дап отыр…

Нәсі­пқа­ли СЕЙІТОВ, профессор

  • Қазақ жерін­де соңғы 300 жыл­дан астам уақыт ішін­де­гі зоба­лаң­ның дені сыр­тқы күш­тер тара­пы­нан болған. Ал қазақ халқын қуғын-сүр­гін­ге түсі­ру қасіреті тек қана орыс пат­ша­лы­ғы мен кей­ін­гі кеңе­стік Ресей тара­пы­нан бол­ды деп топ­шы­ла­сақ, қат­ты қате кет­пе­сі­міз анық.

Ал осы зоба­лаң­ның қан­ды табиға­тын сара­лай кел­сек, оның аста­ры­нан қаза­ққа қырғи­дай тиген «Ұлы­о­ры­стық шови­низ­мнің» зұл­ма­тын айқын аңға­руға бола­ды. Про­фес­сор Нәсі­пқа­ли Сей­іто­втың төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­сы дәл осы тақы­рып­ты терең сөз етеді.

Қазақ қоға­мын­да дәй­ім болып жата­тын алу­ан түр­лі үдерістер­ге уақты­лы үн қосып, өз пікірін үне­мі ақпа­рат көз­дері арқы­лы біл­діріп оты­ра­тын бел­гілі пуби­цист-жазу­шы Марат Тоқаш­ба­ев­тың «ДАТ» газетін­де (№18, 06.05.2021 ж.) жари­я­ланған «Қаза­қтың қас жауы – Гит­лер ме, әлде Ста­лин бе?» деген тосын сұрақты төтесі­нен қой­ған мақа­ла­сы бір­ден селт еткізіп, көп­тен бері көңіл­де жүр­ген кей­бір ойы­мы­зды ортаға салуға түрт­кі бол­ды. Автор есі­мін атаған қос «тұлға­ның» қай­сысы­ның қаза­ққа жасаған жауы­зды­ғы басы­мы­рақ бол­ды деген нақты­лы сұрақ қаза­қстан­дық қоғам­да әлі де бол­са салы­стыр­ма­лы түр­де терең зер­де­лене қой­маған сыңайлы.

Біз­дер үшін, яғни қазақ елі үшін екі жауы­здың қай­сысы­ның айу­ан­ды­ғы басым бол­ды деген сұрақтың қой­ы­луы, осы мәсе­ле­ге үлкен мән берілуі өте орын­ды деп есеп­тей­мін. Өйт­кені мұн­дай тал­пы­ныс көзі­міз шор­ланған, көкіре­гі­міз тор­ланған, сана­мы­зды сарғай­тқан кеше­гі қатаң жүйе ықпа­лы­нан тезірек құты­луға (бұл үдеріс кей­ін­гі кез­де «деком­му­ни­за­ция» ата­у­лы нақты­лы тер­мині­мен бел­гі­леніп жүр­гені бел­гілі), ділі­мізді нықтап алуға, сөй­тіп елі­міздің ертең­ге деген сапа­ры­ның сәт­ті болуы­на өз сеп­ті­гін тигі­зетін бір­ден-бір маңы­зды алғы­шарт рөлін атқа­ра­тын­ды­ғы даусыз.

Бұл мәсе­лені тиім­ді шешу бары­сын­да соңғы жыл­да­ры бел­гілі болып оты­рған талай-талай тың мәлі­мет­тер­ді сана сарап­та­ма­сы тұрғы­сы­нан сал­мақтар бол­сақ, өткен ғасыр­да орыс шови­низ­мінің бұй­да­сын ұстаған қанқұй­лы Ста­лин­нің біздің халқы­мы­зды құр­туға әдейі бағыт­талған қызыл қырғы­ны неміс фашиз­мі тара­пы­нан жүр­гізіл­ген қанқұй­лы соғыс шығы­ны­нан әлдеқай­да басым екен­ді­гін көре­міз. Осы мәсе­ле хақын­да жоға­ры­да аталған мақа­ла авто­ры, пуб­ли­цист М.Тоқашбаев былай дей­ді: «…1941–1945 жыл­дар­дағы совет-гер­ман соғы­сын­да 47 млн. адам қаза тапқан. …1918–53 жыл­дар ара­сын­дағы өз ажа­лы­нан емес, ату, аштық пен қуғын-сүр­гін, соғыс сал­да­ры­нан КСРО-да кемі 87 млн. адам қаза тапқан. Сон­да қарап отыр­саңыз, ста­лин­дік режим жыл­да­рын­да 8,5–10 млн. қазақ өлтірілген».

Ең қиы­ны – қазақ ұлты­на қас­та­стық жасау бағы­тын­дағы орыс шови­низ­мінің арам ниеті Ста­лин өлген­нен кей­ін де «сәт­ті жалға­сын» тап­ты, КСРО тарағанға дей­ін бізді ұлт­сыздан­ды­ру сая­са­ты пәр­мен­ді түр­де жүр­гізіліп тұрға­ны бар­ша­мы­зға бел­гілі жайт. Одан да қиы­ны – аталған арам ниет­тің шар­пуы күні бүгін­ге дей­ін жалға­су­да. Шови­низ­мнің бүгін­гі көсе­мі Путин деген узур­па­тор пат­ша «орыс әле­мі» деген­ді ойлап тауып алды да, сол әлем­ді «қалған ұлт­тар­дың қысым­шы­лы­ғы­нан қорғау яки боса­тып алу» деген маз­мұн­дағы сасық иде­я­сы аясын­да қару-жарағын сай­лап, жан-жағы­на жалаң­дап отыр. Құр әншей­ін жалаң­дап қана қой­май, осы иде­я­сын жүзе­ге асы­ру жолын­да тіке­лей агрес­си­яға бара бастаға­ны, мұн­дай агрес­си­ядан кеше­гі Кеңес құра­мын­да болған, бүгін озбыр оры­стан іргесін аулақ салып, баты­стық демо­кра­тия елдері­мен қоң­сы қонуға тал­пы­нған Гру­зия, Укра­и­на сияқты елдер үлкен жапа шегіп оты­рға­ны айдай әлем­ге бел­гілі жайт.

«Орыс әле­мінің» бүгін­гі «кемең­гері» В.Путиннің гео­са­я­си амби­ци­я­сы әсіре­се туы­сқан укра­ин халқын қан қақ­са­ту­да. ХХІ ғасыр­да, ай мен күн­нің ама­нын­да Ресей тара­пы­нан Укра­и­на елінің құрам­дас бөлі­гі болып табы­ла­тын Қырым түбе­гінің аннек­си­яға ұшы­ра­уы, Дон­басс өңірін­де Ресей ұйым­да­сты­рған соғыс өртінің жеті жыл бойы бір тола­ста­мауы, сөй­тіп ондаған мың адам­ның қаза­ға ұшы­ра­уы – осы айтқа­ны­мы­здың ақиқатқа сәй­кест­і­гінің бір­ден-бір дәлелі.

Укра­и­на мен Ресей текетіресін­де біз­дер – қазақ елі – укра­ин­дық туы­стар­ды қос қол­дап қол­да­уға тиісті­міз, себебі бұл текетірес нәти­же­сін­де Путин бастаған орыс шови­ни­стерінің дегенінің болуы біз­ге де «тықыр тая­на­тын­ды­ғын», яғни олар­дың келесі шабуыл ныса­на­сы нақ біздің ел болып қалуы әбден ықти­мал екен­ді­гін көр­се­те­ді. Жири­нов­ский деген кең­ке­ле­стің отта­уы­на мән бер­ме­ген­нің өзін­де Нико­нов, Федо­ров сияқты бір­ша­ма жоға­ры дәре­желі орыс сая­сат­кер­лерінің (Ресей дума­сы­ның мүше­лері, біре­уі тіп­ті коми­тет төраға­сы) бәрі­міз­ге бел­гілі «мәлім­де­ме­лері» мұн­дай қауіп­тің тіп­ті де негіз­сіз емес екен­ді­гін айғақтайды.

Бұл айтқан­дар­дан шыға­тын қоры­тын­ды – саны жағы­нан әлдеқай­да басым, мұз­дай қару­ланған, сана­сын­да шови­низм иде­я­ла­ры әбден тұрақта­нып қалған осы бір содыр көр­ші­міз­ге деген күдік­ті енді­гі жер­де ешбір босаң­сыт­пау қажет­тілі­гін мой­ын­дау, яғни оның «құры­ғы­на түсіп қал­мау бағы­тын­дағы» бүкіл қам-қаре­кет­тер кешенін аны­қтап, олар­дың әрбіре­уіне үлкен ыждағат­ты­лы­қ­пен мән беру.

Дұшпан­нан сақта­ну тиім­ділі­гін арт­ты­ру жол­да­ры­ның бірі және біре­гейі – нақты дұшпан­ды аны­қтап алу және оның бүкіл бол­мыс-біті­мін жан-жақты түй­сі­ну екен­ді­гі бел­гілі. Олай бол­са, осы бағыт­тағы бір топ мәсе­ленің әуел бастан-ақ басын ашып алға­ны­мыз абзал. Менің түсіні­гім­де бұл топ­тағы басты мәсе­ле екеу, олар: 1) Бүгін­гі Ресей­ді расы­мен де біздің елі­міздің потен­ци­ал­дық дұшпа­ны деп қара­уға бола ма? 2) Бүгін­гі Ресей­ді Қаза­қстан­ның (тек Қаза­қстан­ның ғана емес) потен­ци­ал­дық дұшпа­ны деп қара­уға түрт­кі болып оты­рған сол Ресей бас­шы­лы­ғы­ның сая­са­ты қан­дай, ол сая­сат­тың түп-төр­кінін­де нен­дей прин­циптер жатыр?

Бірін­ші сұрақ бір қараған­да тосын­дау естілетін­ді­гі дау­сыз. «Сол­түстік­те­гі алып көр­ші­міз біздің ең басты досы­мыз және сері­гі­міз (парт­нері­міз)» деген түсінік біздің қоғам мүше­лері сана­сын­да тұрақта­нып қалған­ды­ғы сон­ша­лық, орыс елі­мен досты­ғы­мыз ешбір күмән­да­нуға кел­мей­тін ұғым сияқты болып көрі­неді. Жал­пы­ла­ма алып қараған­да, солай екені рас та: біз күні кеше жалғыз ғана қоғам­ның «шек­пе­ні­нен шықтық», КСРО деп ата­ла­тын сол алып­тың жоғын жоқта­дық, эко­но­ми­ка­сы­ның дамуы­на айтар­лы­қтай үлес қостық, оның тәу­ел­сізді­гі мен бостан­ды­ғы үшін талай-талай қан­даста­ры­мыз қырғын соғы­ста жан­да­рын қиды.

КСРО ыды­рап, жеке-дара ел болған­нан кей­ін де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы серік­те­стік, көр­шілік пей­ілін сақтап, Ресей халқы­мен бей­біт қарым-қаты­на­ста болуға, екі ел ара­сын­да сауда-сат­ты­қты дамы­тып, екі елдің де әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық даму үдерісіне жағым­ды жағ­дай­лар туғы­зуға мүд­делі екен­ді­гін көр­сетіп-ақ бағу­да. Бірақ та Ресей­дің бүгін­гі билі­гі доста­стық прин­циптерін сақтау мәсе­лесі бой­ын­ша ресми тұрғы­дан өз келісі­мін бере тұр­са да, жеме-жем­ге кел­ген­де, мұн­дай уәде­ден тай­қып кету­ге қашан да бей­ім сияқты екен­ді­гі жоға­ры­да айтыл­ды. Ресей билі­гінің осын­дай қара ниет­ке бей­ім­ділі­гінің, яғни өзге елдер­ге «көз алар­туын» күні бүгін­ге дей­ін қой­мау сая­са­ты­ның түп-төр­кінін зер­де­леу қажет­тілі­гі жоға­ры­да аталған екін­ші мәсе­лені тарқа­туға, яғни аталған сая­сат­тың себеп-сал­да­рын аны­қтай­тын прин­циптер табиға­тын аны­қта­уға жетелейді.

«Айна­лам­ның бәрін тек өзі­ме бағы­ны­шты қыл­сам» деп өңмен­дей­тін өпірем­ділік­тің арғы төр­кінін­де «Ұлы­ре­сей­лік шови­низм» деген арам­за прин­цип жатқан­ды­ғы бүгін­гі таң­да бүкіл алты әлем­ге бел­гілі болып отыр. Оры­стың ауы­з­ба-ауыз сөз төр­кінін ашып берудің шебері, бүкіл қол­да­ны­стағы «Ұлы­о­рыс тілінің түсін­дір­ме сөзді­гін» құра­с­ты­ру­шы, аты әлем­ге әйгілі Вла­ди­мир Даль «шови­низм» сөзінің мағы­на­сын былай­ша түсіндіреді:

«Шови­низм – қом­пи­ма, ұрын­шақ, жауыз отан­шыл­дық; өз ота­ны деген­де ақыл-естен айы­ры­лып қалу, өзінікін ғана ұна­тып, өзгенің бәрін жексұрын санау» («шови­низм – квас­ный, насту­па­тель­ный и хищ­ни­че­ский пат­ри­о­тизм; пат­ри­о­ти­че­ское ослеп­ле­ние, сле­пая при­вя­зан­ность ко все­му сво­е­му и отвра­ще­ние к чужо­му» [В.Даль. Тол­ко­вый сло­варь живо­го вели­ко­рус­ско­го язы­ка. Москва. ОЛМА-ПРЕСС ОАО ПФ «Крас­ный про­ле­та­рий». 2005. С. 677.]).

Вла­ди­мир Даль «ұлт­шыл­дық» («наци­о­на­лизм») тер­миніне түсінік­те­ме беру бары­сын­да «шови­низм» сөзіне тағы бір рет оралады:

«Шови­низм – өз халқы­ның бүкіл өзге халы­қтарға талас­сыз үстем­дік жүр­гі­зуін көк­сей­тін, сол өзге­лер­ді кем­сіту­ге, тіп­ті құры­тып жібе­ру­ге тал­пы­на­тын тар шең­бер­лі (қысаң) ұлт­шыл­дық» («шови­низм – узкий наци­о­на­лизм, осно­ван­ный на стрем­ле­нии к исклю­чи­тель­но­му гос­под­ству соб­ствен­но­го наро­да с уни­же­ни­ем и даже истреб­ле­ни­ем всех осталь­ных», [Там же. С. 351]).

Жал­пы­ла­ма ұлтқа неме­се тұтас халы­ққа нақ осын­ша­лық зіл­бат­пан сипатта­ма беру, мүм­кін, дұрыс та бол­мас. Кез кел­ген ұлт құра­мын­да даны­шпан­дар да, көк­бет­тер де ұшы­рас­а­ты­ны бел­гілі. Ал тұтас ұлт­тың, жоға­ры­да кел­тір­ген­дей, әсі­ре астам­шы­лы­қтар­мен сипатта­луы – бір қараған­да күмән­ді көрі­нуі де заң­ды. Алай­да «Ұлы­ре­сей­лік шови­низ­мнен» бастау ала­тын мұн­дай астам­шы­лық орыс ұлты өкіл­дерін­де бұрын да (кеше­гі Кеңес кезін­де де) болған, әлі де жалға­су­да деп мәлім­де­у­ге негіз болар­лық жайт­тар жыр­ты­лып айырылады.

Кеңес кезеңін­де­гі орыс ұлты өкіл­дерінің өзге­лер­ге (біз­дер­ге) көр­сет­кен құқайы сал­да­ры­нан ұлт­тық ділі­міздің әбден тұра­лап қалуға жақын қалған­ды­ғын бүгін ғана сал­мақтап жатыр­мыз, әйт­пе­се ол кез­де бағ­дар­лы да пәр­мен­ді жүр­гізіл­ген шови­ни­стік сая­сат пен идео­ло­гия сал­да­ры­нан біздің ұлт өкіл­дерінің басым көп­шілі­гі өзі­міздің кім екені­мізді, ертеңі­міз не бола­тын­ды­ғы жай­лы тіп­ті ойла­нып та жарыт­пап­сыз ғой.

Ол кез­де­гі біздің түсіні­гі­міз­ге сәй­кес, «оры­стың тілі, білі­мі мен ғылы­мы, әде­би­еті мен мәде­ни­еті бәрі­нен мешел қалған қазақ ұлтын қатарға қосып, өрке­ни­ет өріне қарай жетек­теп апа­ра­ды» деген­ге сая­тын-ды. Жоға­ры оқу орны­на түсер­де­гі орыс­ша­мыз «нан сұрар­лық» бол­са да, инсти­тут­та амал­сыздан орыс­ша оқы­дық, оқы­ға­ны­мы­зды көңіл­ге тоқуға тыры­стық. Осы­ның нәти­же­сін­де алды­мыз ғылым док­то­ры, про­фес­сор, ака­де­мия мүше­сі деген сияқты атақ-дәре­же­лер­ді иеленіп, бөрік­ті аспанға аттық. Қорғалған дис­сер­та­ци­я­лар­дың, жазы­лған ғылы­ми мақа­ла­лар мен моно­гра­фи­я­лар­дың басым көп­шілі­гі орыс тілін­де болған­ды­ғы өзі­нен-өзі түсінік­ті. Енде­ше олар, сай­ып кел­ген­де, қазақ ғылы­мы­ның емес, орыс ғылы­мы­ның көсе­гесін көгер­ту­ге үлес қоса­тын­ды­ғы­на тіп­ті де мән бер­ген емеспіз.

Ұлт­тық намысы­мы­здың тап­та­лып қалған­ды­ғы сон­ша­лық, орыс ұлты өкіл­дері тара­пы­нан жәй ғана тұр­мыстық қарым-қаты­нас бары­сын­да да жиі-жиі ұшы­рас­а­тын көзөт­тілік­тер­ге де мән бер­ме­у­ге тыры­стық. Біз­дер қоғам­дық көлік­те бір-бірі­міз­бен өз тілі­міз­де сөй­ле­су­ге жүрексін­ген, себебі салон­да оты­рған оры­стың мыжы­рай­ған кәрі кем­пірінің «ай, доро­гой, гово­ри по-чело­ве­че­ски» деген ескерт­пе­сін естіп өскен ұрпақ­пыз. Осы шағын мысал­дың өзі-ақ шови­ни­стік көзқа­рас орыс ұлты өкіл­дерінің бәріне де тән деп мәлім­де­у­ге толы­қтай негіз болуы тиіс. Әйт­пе­се жаңағы­дай қитұрқы ескерт­пе­нің сая­сат­тан хаба­ры жоқ мыжы­рай­ған кем­пір­дің аузы­нан шығуын өзге­ше түсін­ді­ру мүм­кін емес сияқты. Ал біз бол­сақ бұл сұм­дық ескерт­пе­ге «біз не сон­да, «чело­век» емес­піз бе?» деген маз­мұн­дағы жау­ап қатуға жара­маға­ны­мыз өз алды­на, мұн­дай кем­сітудің «түп-төр­кіні мен бола­шақта қай­да апа­ра­ры» жай­лы тіп­ті ойлан­ба­дық та!

Қара­пай­ым көп­шілік­тің бұл мәсе­ле­лер бой­ын­ша басын ауырт­па­уы орыс шови­низ­мі жүр­гіз­ген қанқұй­лы сая­са­ты мен пәр­мен­ді идео­ло­ги­я­сы­ның жемісі екен­ді­гін енді-енді ғана түсініп жатыр­мыз. Ұлт зия­лы­ла­ры­ның ара­сын­да сол ұлт бола­шағы үшін шырыл­даған­дар­ды (Алаш ары­ста­ры мен олар­дың жақ­та­ста­ры) жап­пай құр­тып жібе­ру­ге бағыт­талған қанқұй­лы сая­сат пен КСРО ауқы­мын­да «аға халық» ретін­де бей­ре­сми түр­де мой­ын­далған орыс ұлты­ның жол­бас­шы­лы­ғы ғана «ком­му­низм» ата­ла­тын ұшпаққа жет­кі­зетін­ді­гіне деген талас­сыз сенім­ге құры­лған идео­ло­гия өз жемісін бер­ген­ді­гі анық.

Мұн­дай қаны­пе­зер сая­сат пен жымысқы идео­ло­гия одан әрі де өз жалға­сын тапқан жағ­дай­да біздің ұлты­мыз өзінің «тып-тыныш қал­пын сақтай оты­рып» бола­шақта (ерте ме, әлде кеш пе) Орал тауы­ның шығыс жап­са­ры мен Саха­лин ара­лы­ғын қам­ти­тын алып аймақтың бай­ы­рғы тұрғын­да­ры сияқты қоңыр кел­бет­ті орыс аза­мат­та­ры болып шыға келетін­ді­гі кәміл еді. Құдай сақта­ды – тари­хи үдерістер тоғы­сы­нан туын­даған заң­ды­лы­қтар елі­міздің Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер сапы­нан көрі­нуіне мүм­кін­дік берді.

Кеңес Одағы ыды­рап, оның құра­мы­на кір­ген рес­пуб­ли­ка­лар жеке-дара ел болға­ны­на талай жыл­дар өтсе де, енді ТМД елдері деп ата­ла­тын одаққа бірік­кен сол рес­пуб­ли­ка­лар, солар­дың ішін­де біздің Қаза­қстан да Ресей ықпа­лы­нан әлі де бол­са шыға алмай отыр. Өкініш­ке орай, қазір­гі қазақ қоға­мы кезін­де пәр­мен­ді түр­де жүр­гізіл­ген ұлт­сызда­ну қасіретінің сарқын­шақта­ры­нан әлі де бол­са ары­ла алмауда. Елі­міздің тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі отыз жыл бой­ы­на руха­ни тұрғы­дан ілгер­леп кете алмауы­мы­ның, үне­мі кібір­тік­тей беруі­міздің арғы төр­кінін­де осы сана­дағы сыл­быр­лық жатқан­ды­ғы анық.

Жеке-дара еге­мен­ді ел бол­дық, енді ете­гі­мізді жиып, тарихы­мы­зды түген­дей­тін, сол тарих қой­на­уын­да қабы­рға­лы ел болға­ны­мы­зды ұғы­на­тын, өз ұлты­мы­зға тән аса биік тек­тілі­гі­міз­ге, тілі­міз бен ділі­міз­ге қай­тып ора­ла­тын, сөй­тіп жан-жағы­мы­зға жал­тақта­май күн кешетін уақыт жет­ті. Алай­да осы­лай­ша ұғы­нып, осы бағыт­та жол тар­туы­мы­здың сәт­ті болу мүм­кін­ді­гіне орыс елін­де қай­та­дан бас көтер­ген баяғы «Ұлы­ре­сей­лік шови­низм» прин­циптерінің мем­ле­кет­тік сая­сат дәре­же­сін­де дәріп­те­луі айтар­лы­қтай қауіп төн­діріп отыр.

«Тең халы­қтар ара­сын­да «аға халық» болу» мәр­те­бесі­нен айы­ры­лып, «тізер­леп қалған орыс ұлты­ның қай­та­дан тік тұрып кетуі» Путин­нің есі­мі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты екені бел­гілі. Орыс елінің билік басы­на келе сала, ол орыс халқы­на тән шови­низм ұры­ғы­ның қай­та­дан бүр­шік­те­нуіне, осы­лай­ша олар­дың «жаңа­ша рух­та­нуы­на» жағ­дай жаса­ды. Билік­ке келе салып, бостан­дық сүй­гіш шешен ұлты өкіл­дерін «дәрет­ха­на­да дің­ке­ле­ту­ден» бастаған бұл қані­шер­лік сая­сат келе-келе өзге мем­ле­кет­тер­ге көз алар­туын баста­ды. Сөй­тіп, ХХІ ғасыр­да, айдың-күн­нің ама­нын­да Гру­зия жеріне басып кіріп, осы ел құра­мын­дағы Абха­зия мен Сол­түстік Осе­ти­я­ны Ресей­ге бағын­дыр­ды, Укра­и­наға қарас­ты Қырым түбе­гін Ресей­ге қосты, Дон­бас­сты қан қақ­сат­ты. Қырым­ды «өз еркі­мен Ресей­ге қосқан» кез­де­гі сол Ресей елін­де «Крым­наш!» деген ұран­ның жап­пай сипат алуы, нақ сол кез­де Путин­нің рей­тин­гі 85 пай­ы­зға шей­ін көтерілуі – өкініш­ке орай, орыс ұлты өкіл­дерінің кеудесін­де бұрын­нан бар шови­низм ұры­ғы бүгін де қаз-қал­пын­да сақта­лып қалған­ды­ғы­ның тағы бір бұл­жыт­пас дәлелі (орыс кем­пірінің «гово­ри по-чело­ве­че­скиі» сияқты). Бұл жайт біздің елі­міз­ге түстік­те­гі көр­ші­міз­бен әлі де абай болу қажет­тілі­гін көрсетеді.

Бір кере­меті – Ресей елінің шови­низм иде­я­ла­ры жете­гін­де кет­кен мем­ле­кет­тік сая­са­ты өзінің қанқұй­лы­лы­ғы­мен ғана емес, орас­ан аяр­лы­ғы­мен де ерекше­ле­неді. Сая­сат жүр­ген жер­де аз-мұз жалған­дық, алдау-арбау да жүруі заң­ды­лық сияқты. Халық «сая­сат – лас нәр­се» деген­де, осы жайт­ты мең­зе­се керек.

Алай­да Ресей­дің шови­низ­мнен бастау ала­тын мем­ле­кет­тік сая­са­ты ешбір қисы­нға кел­мей­тін арсызды­ққа негіз­дел­ген. Есті­ген-көр­гені­нен қоры­тын­ды шыға­руға қабілеті бар кез кел­ген адам сену­ге бол­май­тын өтірік – бүгін­гі Ресей сая­са­ты­ның темірқа­зы­ғы. Ресей мем­ле­кеті жасап оты­рған алу­ан түр­лі маз­мұн­дағы қыл­мыстар­дың мән-жайы дүние жүзі елдеріне толы­қтай бел­гілі болып, жүз пай­ыз дәлел­деніп отыр­са да, бүгін­гі Ресей сая­сат­кер­лері мен наси­хат­шы­ла­ры «жоқ та жоқ» деп бедірей­ген­де, бет­тері шімірікпейді.

Осы­лай­ша «Ұлы­ре­сей­лік шови­низм» бүгін­гі таң­да өзінің бүкіл бол­мысын – жары­лға­лы тұрған ішкі ірің­дерін – айдай әлем­ге жай­ып салып отыр. Нәти­же­сін­де бүгін­гі таң­да «оры­стікі дұрыс» деп мәлім­дей­тін жөні түзу ел қал­маған сыңай­лы. Яғни, бүгін­гі таң­да Ресей мем­ле­кеті әлем­нің дамы­ған елдері тара­пы­нан жап­пай санк­ци­яға ұшы­раған, Халы­қа­ра­лық ере­же­лер шең­бері­нен бола­шақта бір­жо­ла­та ала­ста­луы тиіс елге (изгой­ға) айналуда.

Мен кей­де шови­низ­мнің ірің­деп кет­кен ішкі иірім­дерінің толы­қтай ашы­лып қалуы­на «өз сеп­ті­гін тигіз­гені» үшін «Путин-аза­матқа» үлкен рах­мет те айтқым келеді, себебі досты­ғын дұшпан­ды­ққа айыр­ба­стай салуға мей­ілін­ше икем көр­ші­міздің сол ішкі иірім­дерін жаз­бай тану дегені­міз мүм­кін деген қауіп­тер­ден сақта­ну сая­са­тын нықтай түсу­де өзінің жағым­ды рөлін атқа­руы тиіс. Әрине, ондай заман­ның бетін әрмен қыл­сын, десек те, Құдай да «сақтан­саң – сақтар­мын» деп­ті ғой…

  • Аты­рау қаласы

Пре­зи­дент­ке Ашық хат

Масқа­ра сот­ты ТОҚТАТЫҢЫЗ!

Құрмет­ті Қасым-Жомарт Тоқаев!

Сіз­ге Қаза­қстан қоға­мы өкіл­дері, зия­лы қауы­мы, пат­ри­от­та­ры және жана­шыр аза­мат­та­ры өтініш жазып отыр. Біз соңғы күн­дері Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры­ның қол­дан жасалған айып­та­у­лар негізін­де өтіп жатқан сот ісіне наразымыз.

Шови­низм­ге, сепа­ра­тизм­ге, сыбай­лас жемқор­лы­ққа және таныс арқы­лы ісін шешетін­дер­ге қар­сы ойын ашық біл­діретін аза­мат­та­ры­мы­зға ары­зда­ну­шы­лар мен біліксіз сарап­шы­лар ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­дыр­ды және экс­тре­мизм­ге жол бер­ді деген желе­умен айып тағып отыр. Тер­геу өкіл­дері тек әле­умет­тік желі­де­гі лүпіл­дер мен пікір­лер­ге ғана сүй­ене оты­рып, ұйым­дасқан топ­тың құра­мын­дағы экс­тре­мизм деген нәти­же шығар­ды. Тоқа­ев мыр­за, сіз мем­ле­кет­тік басы­лым­дарға бер­ген сұх­ба­ты­ңы­зда және халы­ққа жол­даған үнде­уіңіз­де Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін сақтау және қауіп төн­ген жағ­дай­да оны қорға­уға тиіс екен­ді­гі­мізді сан рет айттыңыз. 

Дәл қазір қия­нат­шыл жалақор­лар­дың шағы­мы бой­ын­ша сот­та­лып жатқан бел­сен­ді аза­мат­тар да Сіздің айтқан сөз­деріңізді қай­та­лаған және жазған бола­тын! (Сурет­те: сотқа тар­ты­лған аза­мат­тар – Асхат Жек­се­ба­ев пен Марғұлан Боран­бай). Бірақ про­ку­ра­ту­ра бұл істі қабыл­дап қана қой­май, оны сотқа дей­ін жеткізді.

Негізі бұл шағым­ның кім­нен түс­кенін білесіз бе? Мұста­фа Шоқай­ды ашық түр­де – фашист, Жел­тоқ­сан батыр­ла­рын – фашист, біз­ге достас әрі бауыр­лас Түр­кия елі мен оның Пре­зи­ден­ті Таип Ердоған­ды – ДАИШ (ИГИЛ) қол­да­у­шы­сы деп атаған Әлжан Исмағұ­лов пен бір топ тұлға­лар­дан түскен.

Егер біздің құқық қорғау орган­да­ры­мыз Исмағұ­лов пен Ко сияқты­лар­дың ары­зы­на сүй­еніп, пат­ри­от­тар­ды сот­тай­тын бол­са, онда неге біз Жел­тоқ­сан батыр­ла­ры­на ескерт­кіш қоя­мыз, Мұста­фа Шоқай­дың құр­метіне көше атын беріп, неге ескерт­кіш қоя­мыз, неге Түр­кістан­ды Түр­кі әле­мінің аста­на­сы деп жари­я­лай­мыз? Қаза­қстан пат­ри­от­та­рын сот­тай оты­рып, біздің орган­дар, біз мақтан тұтып құр­мет­тей­тін тұлға­лар­ды қор­лап, олар­дың рухын аяққа тап­та­уда және Түр­кі елдері ара­сын­да араз­дық туғызуда. 

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев! Біз елде тұрақ­сыз жағ­дай­дың орын алуы­на қар­сы­мыз, Сіз­ден Қаза­қстан­ның және бүкіл қаза­қстан­дық қоғам­ның пат­ри­от­та­ры­на қар­сы аран­да­ту­шы­лы­қты және масқа­ра сот­ты тоқта­ту­ды сұраймыз!

  • Айтқо­жа Фазыл, Юлия Завад­ская, Ермұрат Бапи, Серік­жан Есенғосұ­лы, Тоғ­жан Қожа­лы, Меру­ерт Мах­мұто­ва, Мұх­тар Тай­жан, Жан­бо­лат Мамай, Айнаш Мусто­я­по­ва, Әлнұр Іли­я­шев, Бақыт­гүл Мәкім­бай, Қанат Тұр­да­ли­ев (Түр­кия), Аман­дық Дәу­лет­бекұ­лы, Мирас Нұр­мұ­хан­бе­тов, Қанат Ибра­ги­мов (АҚШ), Нұрұл Рахым­бек (Укра­и­на), Серік Медет­бе­ков (Гер­ма­ния), Талғат Мар­да­нов, Әлия Ерға­ли­е­ва, Марат Тұрым­бе­тов, Герой­хан Қыстау­ба­ев, Камал Абд­рах­ман, Сәбит Сүлей­ме­нов, Бақыт­жан Тоба­яқ, Болат Жүгініс, Аян Шәрі­п­ба­ев. Бар­лы­ғы 980 адам.

Қол жинау жалғасуда.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн