fbpx

ӨЗІҢ МЕН ӨЗГЕ немесе Қарағанды трагедиясының табиғаты

Ашуы апты­ққан біраз қаза­қтың шамы­на тисек те, бір шын­ды­қты мой­ын­дай­ық: «Қараған­ды оқиға­сы» әу баста «тұр­мыстық төбе­лес» деген ата­уы бар кәдім­гі кикіл­жің­нен басталған. Мұн­дай әле­умет­тік-тұр­мыстық кри­ми­нал күн­делік­ті бол­ма­са да, қыл­мыс қозған Қаза­қстан­да ауық-ауық боп тұрған. Қапы­да қаза тапқан Рахым­жан бауы­ры­мыз да, оған пышақ ала жүгір­ген армян жігіт­тері де дәл сол жер­де «ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­ды­рып жібе­рей­ік» деген ойда бол­маға­ны анық.

Бірақ адам өлі­мі­мен аяқталған сол «тұр­мыстық төбе­ле­стің» бер­тің­гі бей­несі «ұлта­ра­лық араз­ды­ққа» айна­лып шыға кел­ді. Неге?
Бұл ара­да Ақор­да­ның ашуы­на тисек те айтай­ық: бұған билік кінәлі! Ақы­ры ұлт араз­ды­ққа ұласқан бұл оқиғаға баста­пқы бей­несі – «тұр­мыстық төбе­ле­сті» тық­па­лап, әлек болып жатқан қаза­қстан­дық билік бар кінәрат өзі­нен екенін сезбей­ді. Сезген­ді қой­ып, редак­ци­яға Ақор­да жақтан жет­кен ақпа­ратқа қараған­да, «Кәрім­нің кон­то­ры» әле­умет­тік желілер­ді итше иіс­ке­леп, араз­ды­қты қоз­ды­ру­шы­лар тізі­мін жасап жатқан сыңай­лы. Қараған­ды мен қаза­қтың алға­шқы апты­ғы басы­лған­да, «қоз­ды­ру­шы­ларға» қаты­сты қыл­мыс қозға­луы да, ақы­рын­да тағы да сол қазақ «таз кепе­ші­мен» ағаш атқа теріс мініп қалуы да ғажап емес.

«Ақор­да­дан айда­ла­дағы қыл­мысқа неге билік кінәлі?» деген­де, «таз кепеш» киген қазақ еріксіз еске түседі. Бұл қаза­қтың билік­ке деген ашуы асқы­нып, бүгін­де қаны басы­на теуіп отыр. «Кувейт­ті қуып жете­міз» деген дақ­пыр­тқа алданған қазақ бәрі­нен айы­рыл­ды: ақыр соңы табан тіре­ген жалғыз жері де саудаға түсті. Сон­ды­қтан оның бүгін­гі ашуы армян ағай­ын­дарға емес, билік­ке «арналған». Олар бауы­рын өлтір­ген армян­дар­дан емес, өлтіру­ге «өкілет­тік» жасап бер­ген билік­тен өш алу­дың өріне шықты.

Ол «өкілет­тік» қай­дан пай­да бол­ды?

Енді қараңыз: жал­пақ жұрт­ты жары­лқай­ды деген жеке­ше­лен­дірудің жиыр­ма бес жыл­дан кей­ін­гі нәти­же­сі елді жап­пай жұмыс­сызды­ққа алып кел­ді. «Жұмыс­сыздық 4,5 пай­ы­здан аспай­ды» деген билік­тің ресми ста­ти­сти­ка­сы сан­ды­рақ болып шықты. Оны жұмыс­сыздарға арналған «жиын­тық төлем» деген салы­қтың жаңа түрін ойлап тапқан билік­тің өзі мой­ын­дап отыр. Бей­ре­сми деректер бой­ын­ша, «өз күнін өзі көр­ген» халы­қтың саны 3 мил­ли­он­ның маңын­да екен: ал сол 3 мил­ли­он­ның кемін­де 80 пай­ы­зы қазақ екені тағы да дау­сыз дәй­ек.

Екі қолға бір күрек табу үшін, ауыл­дан қалаға ағы­лып, «вре­мян­ка» салуға жер ізде­ген халы­қтың ара­сын­да армян бар ма? Қала­дағы құры­лы­сқа жал­да­нып, тиын-тебен тапқан жігіт­тер­дің ара­сын­да орыс бар ма? Базар мен вок­зал­да арба сүй­реп, бала-шаға асы­раған бей­бақтар­дың ара­сын­да шешен бар ма? Бұрыш-бұры­шта бәліш пен шеміш­ке сатқан әйел­дер­дің ара­сын­да ингуш бар ма?
Осы­дан кей­ін бұл қаза­қтың қаны қалай басы­на теп­пей­ді? Өндіріс өліп біт­ті. Қым­бат­шы­лы­қтың қамы­ты қысып бара­ды. Бан­кілік неси­енің ара­ны аңы­рай­ып тұр…

Жер­дің асты-үсті бай­лы­ғы келім­сек кәсіп­кер­лер­дің қолын­да. Мұнай мен метал­лға мұр­тын май­лаған бір қазақ бар ма? (Әрине, Тимур мен оның коман­да­сын айт­паған­да). Қаза­ққа қарай­лас бола­ды деген ұлт­тық биз­нес бат­паққа батып жатыр. Сонау 90-жыл­да­ры жарқы­рап шыққан «Акцепт», «Әлем­си­стем», «Бутя», «Смат», «Бауыр», «Аста­на-хол­динг», «Рай­ым­бек», т.б. ұлт­тық биз­нес қай­да бүгін? Айдау мен бай­ла­удан аман қалып, ілде­бай­лап күн көр­ген­дері бүгін­дері сок сатып, дүкен сауда­сы­мен күн көріп жүр.

Ал пара бер­ме­се, парық тап­пай­тын, жемқор­дың жем­са­уын май­ла­ма­са, жұмысы жүр­мей­тін қара­пай­ым қалың қаза­қтың күні қан­дай? Оны Дима­шқа арнап жазған әні әлем­ге әйгілі болған ком­по­зи­тор Айгүл Бажа­но­ва­ның «Фейс­бук­те­гі» жаз­ба­сы­нан оқып алуға бола­ды (қаз-қал­пын­да).

«Шыдам әбден ширы­ққан, – деп­ті Айгүл өз жаз­ба­сын­да. – Халық қазір қина­лып жүр. Шынын айтқан­да, жер­ге наны жоқ. «Жұмыс істеп жүр» дегенінің өзінің ала­ты­ны 60–70 мың­нан аспай­ды. Ең көп ала­ты­ны 100–120 мың шығар. Олар­дың өзі жұмысы­на таң атқан­нан кетіп, түн­де үйіне бір-ақ келіп, төсе­гіне құлай­ды. Дүкен­ге бір кіріп шыққан­да, сол айлы­ғы­ның жар­ты­сын тастап кете­ді. Ал азық-түлік күн сай­ын қым­бат­тап жатыр.

Бүкіл қаза­қта несие бар. Алма­са, аштан өледі. Әйте­уір Алла бөл­ген ризы­қ­пен титы­қтап, өлме­стің күнін көру­де. 200–300 квад­рат­тық үйі бар­лар­ды «ақша­сы бар шығар» деп ойлай­сың, бірақ ол үйі залог­та тұра­ды. Жақ­сы көлік мініп жүр­ген­дер­ді ойлай­сың, «е‑е, мынау жақ­сы тұра­тын шығар» деп, ол оны­сын да кре­дит­ке алған боп шыға­ды. Биз­несі бар­лар­дың өзі несие алып, сол биз­несін неси­енің ақша­сы­мен ашқан: оны­сын ақтай ма, ақта­май ма – бұлы­ңғыр.

Ашын­баған­да қайт­сін жұрт? Сағы сын­баған­да қайт­сін? Кім­ге, қалай сенеді сосын? «Жалқау қазақ» дей­ді, істей­тін жұмысы бол­ма­са, ұйы­қта­маған­да қайт­сін енді?

Ішіп-жемі бар­ла­ры қара­пай­ым xалы­ққа қара­са ма? Қарас­пай­ды. Одан сай­ын құны­ғып, былы­ққа батып жатыр.

Жастар­ды «үйлен­бей­ді» дей­ді. Қалай үйле­неді – ертеңіне сен­бе­се?! Өз баста­рын асы­рай алмай жүр­ген соң, жау­ап­кер­шілік­тен қорқа­ды. «Жоқ» деген­ді есті­ме­уі тиіс кіш­кен­тай бала­лар­дың өзі үнем­шіл болып алды. Ерте есей­ген. Қам­сыз бала­лық жоқ олар­да.

Кеше­гі жағ­дай /Қарағанды/ жығы­лған үстіне жұды­рық бол­ды. «Халы­қтың сөзін сөй­ле­меді» деп жатыр біре­улер­ді, сөй­ле­се – қолын­дағы бары­нан айы­ры­ла­ды. Сосын қалай сөй­лесін? «Аш бала тоқ бала­мен ойна­май­ды, тоқ бала аш болам деп ойла­май­ды». Сөй­ле­ген­дер­дің дау­сы жет­пей­ді. Не сау­а­ты жет­пей­ді.
Жау­а­бын да, сау­а­бын да сұрай­тын ешкім жоқ.
Сон­да да шүкірі аузын­да. Сон­да да мей­ірім­ді. Сон­да да ақкөңіл. Сон­да да арам ойла­май­ды. Бөрі мінез қазақ сон­да да ары­ғын біл­дір­мей­ді-ау, біл­дір­мей­ді. Айна­лай­ын-ай!..».

Міне, елді жай­лаған осын­дай сұры­қ­сыз сурет­тер­ден кей­ін, «тұр­мыстық төбе­ле­стің» соңы «ұлта­ра­лық араз­ды­ққа» қалай ұлас­пай­ды? Ол араз­ды­қты қоз­ды­рған армян ба, Ақор­да ма? Тақта тап­жыл­май оты­ру­дың тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету үшін, өзгені өзіне тар­тып, өз қаза­ғын өңмені­нен итер­ген бұл билік­ке қаның қай­най ма, жоқ па?

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн