Вторник , 22 апреля 2025

Өнер мен мәдениеттің асыл мекені

Аста­на­ның мәде­ни жүре­гін­де ғасыр­лар бойы өнер­дің нәзік үндесуі жалға­сып келеді. Қала­мы­здың музы­ка­лық өмірін қалып­та­сты­рған, халы­қтың руха­ни қазы­на­сы сана­ла­тын Еркеға­ли Рах­ма­ди­ев атын­дағы Мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық филар­мо­ния – өнер­дің, мәде­ни­ет­тің асыл мекені. 1998 жылы Аста­на қала­сы­ның Мем­ле­кет­тік филар­мо­ни­я­сы ретін­де құры­лып, кей­ін­гі жыл­да­ры елор­да мәде­ни­етінің жарқын сәу­летіне айналған бұл меке­ме – өткен мен бүгін­ді, дәстүр мен жаңа­лы­қты бір арна­да тоғы­сты­рып, тың­дар­ман жүре­гіне жол тауып жүр­ген өнер орда­сы. 2014 жылы Мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық филар­мо­ния мәр­те­бесіне ие болып, 2021 жылы көр­нек­ті қазақ ком­по­зи­то­ры Еркеға­ли Рах­ма­ди­ев­тің есі­мі беріл­ген бұл меке­ме­де бүгін­гі таң­да 13 шығар­ма­шы­лық ұжым қыз­мет ету­де. Сол ұжым­дар­дың бірі де біре­гейі – қазақ оркест­рі ұжымы.

Оркестр тарихы сонау  1997 жыл­дан бастау ала­ды. Оркестр­дің алға­шқы көр­кем­дік жетек­шісі әрі бас дири­жері- талант­ты музы­кант әрі өңде­уші, педа­гог  Мұха­метқа­ли Тна­лин бол­ды. Кей­ін, 1998 жылы оркестр­дің көр­кем­дік жетек­шісі қыз­метіне кере­мет музы­кант, педа­гог, ұйым­да­сты­ру­шы, дири­жер Мыр­за­ға­ли Айдаб­о­лов тағай­ын­дал­ды. Ең алға­шқы кон­церт те сол жылы 7 сәуір­де “Кон­гресс хол” сахна­сын­да өткен бола­тын. Әр жыл­да­ры дири­жер­лік қыз­мет­те  Дәу­рен Ғылы­мов, Ерлан Бақтыг­е­рей, Нұр­лан Беке­нов секіл­ді талант­ты музы­кант­тар, кәсі­би дири­жер­лар  қыз­мет етіп, оркестр шебер­лі­гін жоға­ры дең­гей­ге көте­ре біл­ді. 2008 жыл­дан бас­тап оркестр­дің көр­кем­дік же­тек­шісі әрі бас дири­жері болып   Қазақ­станның еңбек сіңір­ген қай­раткері, «Пара­сат» орденінің иегері Айтқа­ли Жай­ы­мов қыз­мет­ке кіріс­кен еді. Ол кісінің ұлт­тық өнер үшін сіңір­ген еңбе­гі орас­ан зор десек артық айтқа­ны­мыз емес. Қазақ музы­ка­сы­ның шынайы сазы мен ұлт­тық дәстүрінің мәнін тың­дар­манға жет­кі­зу­де айтар­лы­қтай үлес қосып жүр­ген тау тұлға, аңыз адам. Оның бас­шы­лы­ғын­дағы қазақ оркест­рі бүгін­гі таң­да шетел­дік сахна­лар­да өнер көр­сетіп,  елі­міздің алды­ңғы қатар­лы ұжым­да­ры­ның көшін бастап тұр.

Қазақ оркест­рі ұжы­мы ұлт­тық өнер­ді дәріп­теп, ұлт­тық үннің халық жүре­гіне орна­уы үшін еңбек­теніп келеді. Ай сай­ы­нғы түр­лі тақы­рып­тағы  кон­церт­тер, іс- шара­лар соның дәлелі бол­са керек. Осы наурыз айы­ның өзін­де бір­не­ше маңы­зды кеш­тер, кон­церт­тер өткен бола­тын. Соның бірі- көк­тем­нің алға­шқы күн­дерінің бірін­де өткен “Асыл қазы­на” атты Бота­гөз Таши­мо­ва­ның жеке концерті.

Таши­мо­ва Бота­гөз Мах­сұт­ханқы­зы 1983 жылы 17 мау­сым­да Алма­ты қала­сын­да дүни­е­ге кел­ген. 1989–2000 жыл­да­ры А.Жұбанов атын­дағы Рес­пуб­ли­ка­лық музы­ка­лық мек­теп­те кобыз-при­ма­да Шуже­но­ва Ләз­зат ұста­здан білім алған. Кей­ін жоғарғы білі­мін бел­гілі қобыз­шы Рау­шан Мұса­ход­жа­е­ва сыны­бын­да жалға­стыр­ды. Фуат Ман­сұров, Шамғон Қажы­ға­ли­ев, Айтқа­ли Жай­ы­мов, Дүй­сен Үкі­бай секіл­ді бел­гілі дири­жер­лар­мен үлкен сахна­лар­да өнер көр­сет­кен. 2002 жыл­дан Қазақ оркест­рінің әртісі әрі сымқо­быз тобы­ның кон­церт­мей­стері,  “Мәде­ни­ет сала­сы­ның үзді­гі”, қобыз өнерін елі­міз­де және шетел­дер­де таны­тып, дәріп­теп жүр­ген алды­ңғы қатар­лы қобыз­шы­лар­дың бірі. Жеке кешін­де ол қобыз сазы­ның терең мәнін, оның жан тер­бей­тін әуенін және фило­со­фи­я­лық тереңді­гін көр­се­те біл­ді. Шығар­ма­лар әрбір орын­да­уын­да тың­дар­ман­ды қобы­здың сыр­лы әле­міне елітіп, ұлт­тық мұра­ның сырын ашты. Кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма қазақ музы­ка­сы­ның клас­си­гі Ахмет Жұба­но­втың «Валь­сі­мен» баста­лып, Йоган­нес Брамс, Сер­гей Рах­ма­ни­нов секіл­ді ком­по­зи­тор­лар­дың шоқты­ғы биік туын­ды­ла­ры орын­дал­ды. Қобы­зға арналған зама­на­уи шығар­ма­лар да наза­рдан тыс қал­ма­ды. Арман Жай­ым­ның «Күй дастан» фан­та­зи­я­сы қобы­здың жаңа тыны­сын таныт­са, Еділ Құсай­ы­но­втың “Тер­ме” шығар­ма­сы ұлт­тық боя­уы қанық ком­по­зи­ция ретін­де кеш­ке ерекше әр бер­ді. Қобыз­шы­лар ансам­блінің орын­да­уын­да Астор Пья­цол­ла­ның “Аку­ла­сы” тың­дар­ман­ның ерекше қоше­метіне бөлен­ді. Кон­церт­тің көр­кем­дік құры­лы­мы, орын­да­у­шы­лар­дың кәсі­би­лі­гі мен дұрыс таң­далған репер­ту­ар – бәрі де кешті ерекше дең­гей­ге көтер­ді. Анар Меж­ке­но­ва, Арай­лым Тұр­маған­бе­то­ва, Али­на Әуе­с­хан, Толқы­н­хан Самғар сын­ды өнер иелерінің қаты­суы кештің көр­кем­дік сапа­сын айшы­қтай түсті. Ұлт­тық мұра­мы­здың, әсіре­се қобыз сазы­ның асыл қазы­на­сы дәріп­тел­ген сыр­лы кеш болды.

Елі­міз­де Наурыз тойы осы жылы ерекше той­лан­ды десек артық айтқа­ны­мыз емес. Табиғат­тың жаңғы­руы мен жаңа өмір­дің қуа­ны­шы,  ұлт­тық дәстүр­лер мен қазір­гі заман­ның үйлесі­мі – бәрі бір арна­да тоғы­сып, наурыз думанға ұла­сты. Осы ерекше мере­ке аясын­да Қазақ оркест­рі түр­лі бағыт­тағы кон­церт­тік кеш­тер ұйым­да­сты­рған болатын.

Соның бірі 21 науры­зда — EXPO көр­ме кешенін­де өткен «Наурыз-думан» мере­кесі. Бұл шараға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың өзі қаты­сып, ұлт­тық мере­кенің мәнін арт­тыр­ды. Наурыз жар­шы­сы «Жара­па­за­н­мен» басталған кон­церт халық əндері­нен құры­лған попур­ри­мен жалға­сын тап­ты. “Сара­ның əні”, “Жел­кіл­дек”, “Тəлім”, “Мар­жан қыз” əндері наурыз ‑думан көр­кін қызды­ра түсті. Соны­мен қатар, оркестр сүй­е­мел­де­уі­мен Айгүл Үлкен­ба­е­ва, Абы­лай Тіле­п­бер­ген, Нұр­жан Тəжі­ке­нов “Шалқы­ма” күй­ін шалқы­та орын­да­ды. Елі­міз­ге таны­мал бірқа­тар таны­мал әншілер де әннен шашу шашып, мере­ке көр­кін қызды­ра түсті.

Және сол күні Ұлы­стың ұлы мере­кесі аясын­да бір­лік­ті, ынты­мақ­та­сты­қты дәріп­тей­тін «Достық сазы» атты кон­церт кеші де өткен бола­тын.  Халы­қтар ара­сын­дағы достық пен мәде­ни­ет­тер үндесті­гінің нағыз көрінісі болған бұл кеш­те қаза­қтың ұлы күй­шілері – Құр­манға­зы, Тәт­тім­бет, Нұрғи­са Тілен­ди­ев, Мұха­метқа­ли Тна­лин күй­лері­мен қатар өзбек, әзер­бай­жан, қырғыз, түрік, мол­да­ван, румын, гру­зин және башқұрт елдерінің музы­ка­лық туын­ды­ла­ры тың­дар­манға ұсы­ныл­ды. Арам Хача­ту­рян­ның əлем­ге əйгілі «Қылы­шпен билеу» шығар­ма­сы оркестр­дің шебер­лі­гі мен кəсі­би­лі­гін көр­сет­ті. Нұр­лан Беке­но­втың “ Тұғыр­лы хан” шығар­ма­сы сахна­да алғаш орын­да­лып, тың­дар­ман­ның ыстық ықы­ла­сы­на, зор қоше­мет­ке бөлен­ді. “Достық сазы”- халы­қтар үнін бірік­тір­ген кеш болды.

 28 науры­зда Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің ұйым­да­сты­руы­мен «Nauryz ball» атты сал­та­нат­ты- дипло­ма­ти­я­лық мере­келік балл өткен бола­тын. Бұл шара­да Қазақ оркест­рінің қобыз­шы­лар ансам­блі бел­гілі ком­по­зи­тор Сат­жан Шаме­нов­пен бір­лесіп, халық әні “Әгу­гай­ды”  жаңа музы­ка­лық өңде­уде тың­дар­манға ұсын­ды. Дəстүр­лі саз­дың зама­на­уи интер­пре­та­ци­я­сы тың­дар­ман­ды ұлт­тық əуен­нің жаңа боя­у­ла­ры­мен таны­сты­рып, ерекше əсер сыйлады.

Әр кон­церт­те қазақ оркест­рінің кәсі­би шебер­лі­гі, шығар­ма­шы­лық жаңа­шыл­ды­ғы тың­дар­манға ерекше әсер етті. Еркеға­ли Рах­ма­ди­ев атын­дағы Мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық филар­мо­ни­я­сы­рың қазақ оркест­рі – өткен мен бүгін­ді жалғап, бола­шаққа сенім мен үміт сый­лай­тын руха­ни көпір салу­да. Ұлт­тық мұра­мы­зды жаңғыр­тып, асыл құн­ды­лы­ғы­мыз ұлт­тық музы­ка­ны бола­шақ ұрпаққа жет­кі­зу­де оркестр­дің ұжы­мы­ның еңбе­гі ұшан-теңіз. Оркестр ұжы­мы­на шығар­ма­шы­лық шабыт пен мол табыс тілейміз!

Кен­же­кей Әбілсейт

Республиканский еженедельник онлайн