Четверг , 24 апреля 2025

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – құқықтық мемлекеттің МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ

Бүгін­гі күні әлем­дік даму­дағы айқын бета­лы­стар­дың бірі – үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың сая­сат пен эко­но­ми­ка, әле­умет­тік және мәде­ни сала­дағы рөлінің артуы болып отыр. Тіп­ті үкі­мет­тік емес сек­тор­дың өсуін жаһан­дық құбы­лыс ретін­де сипатта­уға бола­ды. Өз кезе­гін­де бұл аза­мат­тық қоғам­ның дамуы­на үлкен ықпал етіп отыр. Оның дең­гейі кез кел­ген елде­гі үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың саны мен сапа­сы­на қарай айқындалады.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның баста­ма­сы­мен Қаза­қстан­да бірқа­тар ірі сая­си рефор­ма­лар жүр­гізіл­ді. Оның бәрі елі­міз­де аза­мат­тық қоғам­ды нығай­туға бағыт­талған. Бұл тұрғы­да қоғам­дық қаты­на­стар­ды рет­те­уде мем­ле­кет пен аза­мат­тар ара­сын­дағы тиім­ді дәне­кер рөлін атқа­ра­тын үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың дамуы үлкен маңы­зға ие болып отыр. Олар­дың саны, жағ­дайы мен қыз­метiнiң тиiм­дiлi­гi аза­мат­тық қоғам­ды дамы­туға да шешу­ші ықпал етеніні сөзсіз. 

Қазір­гі кез­де елі­міз­де 23 мың­нан астам үкі­мет­тік емес ұйым тір­кел­ген, оның 19 мыңға жуы­ғы бел­сен­ді әрі тұрақты түр­де жұмыс істей­ді. Соңғы 15 жыл­да ҮЕҰ саны 6,5 есе өскен. Бұл ұйым­дар­дың бар­лы­ғы әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу және қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру үдерісіне аза­мат­тар­дың барын­ша бел­сен­ді қаты­суы­на шешу­ші ықпал етіп, мем­ле­кет­тің сенім­ді серік­тесіне айнал­ды. Олар­ды қол­дау мақ­са­тын­да мем­ле­кет әле­умет­тік тап­сы­рыс, грант­тар, стра­те­ги­я­лық әріп­те­стік сын­ды қар­жы­лан­ды­ру тетік­терін жыл сай­ын арт­ты­рып келеді. Бұл сала­да қазір 100 мың­нан аса адам тұрақты негіз­де, сон­дай-ақ уақыт­ша кеңес­ші, сарап­шы және ерік­ті ретін­де жұмыс істейді.

Жал­пы, елі­міз аза­мат­тық қоғам­ның дамуы­на аса мүд­делі. Өйт­кені мықты аза­мат­тық қоғам қалып­тасқан елдер­де көп­те­ген мәсе­ле­лер мем­ле­кет­тің тіке­лей ара­ла­суын­сыз-ақ шешіледі. Бұл әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық даму тұрғы­сы­нан қай ел үшін де тиім­ді. Сон­ды­қтан билік үкі­мет­тік емес ұйым­дар­ды қол­дап, түр­лі бай­қа­у­лар өткі­зеді, грант­тар бөледі. Нәти­же­сін­де аза­мат­тық қоғам нығай­ып, елі­міз­де­гі ағар­ту­шы­лық сала да жыл өткен сай­ын дамып келеді.

Негізін­де, аза­мат­тық қоғам­ның дамуы – демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық және әле­умет­тік мем­ле­кет құру­дың маңы­зды шар­ты. Қоғам­ның алға жыл­жуы да, демо­кра­ти­я­лық бағыт­та дамуы да, эко­но­ми­ка­лық өрлеу де – аза­мат­тар­дың қоғам өмірінің бар­лық маңы­зды сала­ла­ры­на бел­сен­ді қаты­суы­ның арқа­сын­да жүзе­ге аса­тын құбы­лы­стар. Сон­ды­қтан аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ді болуы кез кел­ген мем­ле­кет­тің тұрақты дамуы­ның берік негізі болып сана­ла­ды. Себебі аза­мат­тық қоғам­да жеке тұлға­лар өзін-өзі таны­ту мүм­кін­ді­гіне ие болып, «адам – қоғам – мем­ле­кет» үшті­гінің бір­кел­кі даму үрдісін жыл­дам­да­та­ды. Бұл үрдіс елдің эко­но­ми­ка­лық-сая­си дамуы мен халы­қтың əл-ауқа­ты­ның, мəде­ни­еті мен сана-сезім дең­гей­інің артуы­мен бір­ге қалып­та­са оты­рып, аза­мат­тар­дың өз жүріс-тұры­сын жеке мүд­де­леріне негіз­деп, əрбір əре­кетіне жау­ап­кер­шілік алу­ды үйретеді.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев осы­ған бай­ла­ны­сты: «Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­дың мықты жүй­есі аза­мат­тар­дың өзі тұра­тын жер­де­гі тұр­мыс сапа­сын жақ­сар­туға тіке­лей қаты­суы­на негіз бола­ты­нын түсі­нуі­міз керек. Өз қала­сы, ауда­ны мен ауы­лы­на деген жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на алуға қаза­қстан­ды­қтар­дың қашан да дай­ын екені анық. Адам­дар­ды жете баға­ла­мауға бол­май­ды. Оларға қол­да­ры­нан келетін өкілет­тік­тер­ді беру­ден қоры­қ­паған жөн», – деген еді.

Алма ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн