Пятница , 6 июня 2025

АТАУДЫ БІРІЗДЕНДІРУ ҚАЖЕТ

Қолы­на билік тисе, өзге тір­лік­тің бәрін атқа­рып түгес­кен­дей, ана тілін өзін­ше бұр­ма­лап, билеп-төсте­гісі келетін­дер болған. Аңда­сақ, ондай­лар қазір де жоқ емес сияқты. Алай­да жеке­ле­ген шене­унік­тер­дің, тіл­шілер мен жур­нал­шы­лар­дың пұшай­ман әре­кеті келе­ке­ге ұшы­рап, ел есін­де қалға­ны құпия емес.

Айта­лық, қай­бір жылы бір біл­гіш­ке, маңын­дағы ат төбелін­дей топқа «бастық» сөзі ұна­май қалып, ата­лым­ды ман­сұқтап, аулақта­туға тыры­сты. Оны­сы­нан ештеңе шық­па­ды. Өйт­кені жыл­дар бойы қалып­тасқан ұғым­да тұрған дәнеңе жоқ-тын. Мәсе­ле өктем­шіл маман­дар­дың сапа­сын­да, яғни тәр­би­есін­де, білік­тілі­гін­де, жау­ап­кер­шілі­гін­де болатын.

Ал шын­ды­ғы­на кел­сек, Бауы­р­жан Момы­шұ­лы айтқан­дай, «Жақ­сы бастық – жар­ты бақыт. Ойлы бастық ұқып­ты қыз­мет­кер­ді адам ете­ді, ал ойсыз бастық оқып кел­ген маман­ды надан ете­ді». Осы көкей­кесті мәсе­ле­ге көбірек көңіл бөлін­се, оңтай­лы шеші­мін тезірек табуға қоғам болып атса­лыс­са, құба-құп. Өйт­кені түр­лі сала­да, қилы дең­гей­де бас­шы­лық қыз­мет­ті басқа­ша түсініп жүр­ген­дер баршылық.

Жал­пы, уақыт сыны­нан өткен салт-дәстүр­ге, әдеп­ке абай болған жөн. Әсі­ре жаңа­шыл­ды­ққа әуе­стік, халық сөзін «бос сөз» деу­ге құмар­лық жер-жер­де ара-тұра әлі де бой көр­сетіп қалады.

Естеріңіз­де шығар, кей­ін­гінің бір төресі өзге ұлт­та кез­дес­пей­тін «Бәке, Сәке» сияқты этно­стық сый­ла­стық сипа­тын­дағы сөз­ге тый­ым салуға тыра­шта­нып-ақ бақты. Бүгін­де оның өзі жоқ, ал сыпайы халық сөзі орнын­да тұр.

Бас­шы лау­а­зы­мын­дағы сон­дай адам­дар әде­мі әдеп­ті түсін­бе­уі, жеке өзіне ұна­маған­ды билік күші­мен шек­те­уі алда қай­та жалға­суы мүм­кін бе? Әрине, мүм­кін. Әр шене­унік­ке жеке этно­гра­фия репе­ти­то­рын жал­дай алмай­мыз ғой! Сон­ды­қтан бұл мәсе­ле­де де ортақ ұлт құн­ды­лы­қта­рын құр­мет­теу эти­ка­сы қажет.

Бір кез­де қазақ фольк­ло­рын­да мәң­гілік­ке орны­ққан бейне – Алдар Көсе­ге қар­сы шығып, оны «оқулы­қтан алып тастау керек» деп ұсы­ныс жасаған Мәжіліс депу­та­ты да жадымызда.

Қайт­кен­де де мұн­дай «баста­ма­лар» ел дәстүрін, орны­ққан ұлт таны­мын өзгер­те алмады.

Соңғы кез­де білім беру меке­ме­лерін­де ұстаз ата­уы­на қаты­сты айты­лып жүр­ген пікір де осы­ған ұқсай­ды. Көзі қарақты қауым­ды алаң­да­та­тын түйт­кіл ешкім­ді бей­жай қал­дыр­ма­са керек. Мыса­лы, қан­ша­ма жыл қол­да­ны­лып, көр­кем әде­би­ет­ке де еніп кет­кен «ағай, апай» деген ата­у­лар­дан жері­нетін­дей не көрінді?

Елі­міздің әрбір қала­сы мен ауы­лын­да ардақты ұста­зда­рын әлі күн­ге дей­ін ұмыт­пай, ұлы­қтап жүр­ген аза­мат­тар­дың өне­гесі бар емес пе? Ешкім­ді ада­стыр­май­тын жап-жақ­сы сөз­ден ат тонын ала қашып, мөңкіп үркетін­дей не күн туды? Себебін кім түсін­діріп берер екен?

Дерек үшін айтай­ық, Қаз­МУ-да про­фес­сор, әде­би­ет клас­си­гі Мұх­тар Әуе­зо­вті сту­дент­тері «Мұх­тар ағай» деп атаған­да, дана кісі еш қар­сы­лық айт­паған, «мұның қате» деме­ген. Дәл сон­дай жағ­дай­ды клас­сик Сәбит Мұқа­но­вқа жазған оқыр­ман хат­та­ры­нан да көре­міз. Көбін­де заман­даста­ры «Сәбе» десе, жас буын «Сәбит ағай» деп жазыпты.

Қазір ұста­зды бір өңір­де – «мұғалім», енді бір жер­де – тым ресми­лен­діріп, шұбыр­тып, «атын, әкесінің есі­мін» (әдет­те орыс­ша ‑овна, ‑евна) айтуға мін­дет­тей­ді. Бұл мек­те­пал­ды меке­ме­лер­де­гі, баста­уыш сынып­тағы бала­пан­дарға әжептәуір қиын­дық туғы­зы­ты­ны жасы­рын емес. Әрине, мұны оқу­шы­ның қала­у­ы­на, еркіне салуға әсте болмайды.

Тарихы­мы­зға үңіл­сек, кезін­де ұлт ұста­зда­ры­на ешкім «Ыбы­рай Алтын­са­ры­ұ­лы!», «Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы!» деп жүгін­бе­гені анық. Қысқа­сы, мұғалім­ге ұна­сым­ды, оқу­шы қауы­мға түсінік­ті, ортақ бір атау ұсы­ну білім жүй­есіне де, жай­лы мек­теп (қазір «келе­шек мек­теп­тері») тұжы­рым­да­ма­сы­на қай­шы келе қой­мас деп ойлаймыз.

Біздің­ше, бұған ұсақ-түй­ек деп қара­уға бол­май­ды. Өйт­кені ұста­зды сый­ла­удың ғана емес, ана тілін­де сау­ат­ты сөй­леп-жазу­дың озық үлгісі де мек­теп­те қалып­та­са­ды. Ал санаға сіңіріл­ген баста­пқы тәр­бие, дәстүр­лі әдеп әліп­пе­сі, үлкен­ді сый­лау мәде­ни­еті шәкірт бой­ын­да ұзақ сақта­лып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн