Пятница , 9 мая 2025

ЕЛГЕ САЯСИ ЖЫЛУ

мезгілі келе ме?

  • Елі­міз­де аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді қуда­лау науқа­ны күшей­ген сай­ын, пре­зи­дент Қ.-Ж. Тоқа­ев жария еткен «Жаңа Қазақстан»-ға деген сенім сағым секіл­ді алы­стап бара­ды. Әрине, мем­ле­кет бірін­ші кезек­те күшті болу керек деген тұжы­рым­ды жоққа шығар­май­мыз. Бірақ мем­ле­кет өз күшін өз халқы­на емес, сол халы­қтың сыбаға­сын жыл­дар бойы жеп кел­ген «Назар­ба­ев дәуірінің» шен­ділеріне қар­сы көр­сет­се, құп болар еді. «Жаңа Қазақстан»-ның бола­шағын уақыт көр­се­тер десек те, осы күн­гі қуда­лау мен қысым сол бола­шақты бұлы­ңғыр ету­де. Осы мәсе­ле бой­ын­ша кезек­ті айып­пұлын арқа­лаған қоғам қай­рат­кері, жур­на­лист Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫН әңгі­ме­ге тар­тып, біраз сөз тарқаттық.

– Рыс­бек аға, сіз­ге «тір­кел­ме­ген қоғам­дық бір­ле­стік­ке бас­шы­лық жаса­ды» деген кінә артып, айып­пұл сал­ды. Сіз­дер қан­дай бір­ле­стік құрған едіңіз­дер? Оны неге тіркетпедіңіздер?

– Жалған айып тағып, қоғам­дағы бел­сен­ді аза­мат­тар­ды қуда­лау барған сай­ын үдеп бара­ды. Ол Қаза­қстан­дағы авто­ри­тар­лық-дик­та­тор­лық жүй­ені сақтап қалғы­сы келетін­дер­дің айы­қ­пас дер­тіне айнал­ды. Біз ешқан­дай да қоғам­дық бір­ле­стік құрған жоқ­пыз. Құрыл­май жатып, оны неге тір­кет­пе­дің деу, жоқ бір­ле­стік­ке бас­шы­лық жаса­дың деу – ащы­рақ айт­сақ, ақы­мақтық. Барып тұрған заң­сыздық! «Медеу ауда­ны­ның ЖПҚБ УПИ поли­ция май­о­ры Е.М.Абдрахманов» деген­нің қолы қой­ы­лған хат­та­ма­да: «Сәр­сен­бай Рыс­бек­тің іс-әре­кеті­нен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық кодексінің 489-бабы­ның 9‑бөлігінде көр­сетіл­ген­дей жасалған әкім­шілік құқық бұзу­шы­лы­қтың құра­мы қарас­ты­ры­ла­ды, яғни Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ме­ген, сол сияқты қыз­меті тоқта­ты­ла тұрған неме­се оған тый­ым салы­нған қоғам­дық, діни бір­ле­стік­тер­дің қыз­метіне бас­шы­лық жасаған­ды­ғы аны­қтал­ды» делін­ген екен. Ол май­ор­дың пай­ым­да­уын­ша, бір­ле­стік­ті «Халы­қтық пар­ла­мен­ті» деп атап­пыз. Алма­ты қала­сы­ның Әділет депар­та­мен­ті мұн­дай бір­ле­стік тір­ке­уде жоқ екен­ді­гін рас­тап­ты. Жоқ нәр­сенің тір­ке­уден өтпей­тіні бесе­не­ден белгілі.

– Ал сіз жоқ бір­ле­стік­ке қалай­ша бас­шы­лық жасап жүрсіз?

– Соны сот­та поли­ци­я­ның жаза­ла­у­шы­сы түсін­дір­се болар еді. Бірақ май­ор Абд­рах­ма­но­вты сотқа шақыр­ту жөнін­де­гі біздің өтіні­ші­мізді Алма­ты қала­сы­ның Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лы­қтар жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты­ның судья­сы Қожах­ме­то­ва қапер­ге алма­ды. Құрыл­маған бір­ле­стік­ке бас­шы­лық жаса­маға­ным­ды, оның мүм­кін еме­сті­гін әккі судья­ның құлағы­на жетер­лік­тей құй­дық, сана­сы­на сіңір­дік. «Халық пар­ла­мен­ті» (май­ор жазған­дай «Халы­қтық пар­ла­мен­ті» емес) – ол жина­лы­стың ата­уы. Кәдуіл­гі көп­шілік­тің басын қосып өткізіл­ген жиын. Ол қан­дай да бір сая­си ұйым­ның неме­се бір­ле­стік­тің ата­уы емес. Абд­рах­ма­нов жина­лыс пен бір­ле­стік­ті айы­ра алмай ма, әлде жоға­ры­дан тап­сыр­ма алған соң, жина­лы­стың ата­уын бір­ле­стік­тің аты деп бел­ден басты ма, әйте­уір жоқтан бар жасаған ғой. «Баға­на бол­са болға­ны, жаза­лай­тын заң бабы табы­ла­ды» деген­нің кері. Біз мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Бал­таш Тұр­сым­ба­ев­пен бір­ге «Халық құры­л­тайы» деген атпен үш рет жина­лыс өткіз­ген болатынбыз.

– Иә, 2019 жылы Аста­на­да, одан кей­ін­гі жыл­да­ры Алма­ты­да сіз­дер ұйым­да­сты­рған, әрқай­сысы­на 300–450 адам қаты­сқан, әле­умет­тік желі­де кеңі­нен таралған ол құры­л­тай­лар есі­міз­де. Алға­шқы­сын­да пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на бой­кот жари­я­ла­ды­ңы­здар, Тоқтар Әубәкіров пен Ринат Зай­ы­то­втың сай­ла­уды жақтаған сөз­деріне құры­л­тай­ға қаты­су­шы­лар қар­сы шықты. Ол жиын Қоса­но­вты қол­да­ма­ды. Сіз­дер­ден кей­ін басқа­лар құры­л­тай жиын­да­рын өткізді. Бірақ ол жина­лы­стар үшін дәл қазір­гі­дей ерекше қуда­лау бай­қал­ма­ды. Ал Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы­на нелік­тен шүй­лі­ге қалды?

– Оның бір­не­ше себеп­тері бар. Бірін­ші­ден, Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы­на қаты­су­шы­лар – негізі­нен көп­ке таны­мал адам­дар, елі­міздің сая­си-қоғам­дық өміріне бел­сене ара­ласқан, өздерінің атқарған жұмыста­ры арқы­лы көп­шілік­тің сені­мін иелен­ген, қол­да­у­шы­ла­ры бар қай­рат­кер­лер мен бел­сен­ділер. Олар өзін­дік көзқа­рас­та­ры мен ұста­ным­да­ры берік қалып­тасқан, мақ­сат­тас, мүд­де­лес адам­дар. Билік тара­пы­нан жасалған қуда­ла­у­лар­ды, қысым­шы­лы­қты бастан кеш­кен, бір­ша­ма шың­далған, сын­нан өткен тұлға­лар. Елде сая­си өзгеріс жаса­уды, демо­кра­ти­я­ны орны­қты­ру­ды көз­де­ген және оның бәрін іске асы­ру­ды өздеріне мін­дет санаған күрес­кер­лер. Ара­дағы кей­бір жасы­қтар жылы­стап, қатар­дан шыға баста­уы тәбиғи нәр­се. Ол жал­пы сапа­лық құра­мға әсер етпейді.

Екін­ші­ден, Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы ұрлы­қ­пен, заң бұзу­шы­лы­қ­пен жасақталған Пар­ла­мент мәжілісі, сенат, мәс­ли­хат­тар қолға алмай­тын, бірақ қоғам үшін аса маңы­зды мәсе­ле­лер­ді талқы­ла­у­ға кірі­се баста­ды. Билік­тің әре­кет­теріне нақты­лы баға­сын беріп, өткір сынға алды. Мәсе­лен, 2022 жылғы 9 мау­сым­дағы, 2023 жылғы 19 науры­здағы сай­ла­у­лар­ды авто­ри­тар­лық-тота­ли­тар­лық жүй­ені сақтап қалу­дың, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды қажет­сін­бе­удің нақ өзі деп баға­ла­ды, Пре­зи­дент те, Пар­ла­мент де леги­тим­ді емес деп сана­ды. Қай­та­дан сай­лау өткі­зуді талап етті. Сон­дай-ақ бұл сай­ла­у­лар­дағы заң бұзу­шы­лы­қтар­ды тал­дап, Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа, Жоғарғы сотқа, Бас про­ку­ра­ту­раға жасалған шағым­дар­дың нәти­же­сіне сарап­та­ма жасау көз­дел­ді. Сай­ла­удағы заң бұзу­шы­лы­қтарға қаты­сы бар сай­лау комис­си­я­ла­рын, төраға­ла­рын жұр­шы­лық талқы­сы­на салу, қыл­мыстық, әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­тқы­зу, рефе­рен­дум өткізу­ге, соңғы екі сай­ла­у­ға жұм­салған мил­ли­ард­таған қар­жы­ның есебін талап ету, зерт­теу жүр­гі­зу жос­пар­лан­ды. Мұның бәрі сай­ла­у­лар­дағы былы­қтар ашы­лған соң, қоғам­да үлкен сер­піліс туғы­зар еді.

Үшін­ші­ден, Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы­ның алдағы күн тәр­тібіне қой­ы­ла­тын тақы­рып­та­ры билік­ті сес­кен­дір­ді. Мәсе­лен, Сай­лау тура­лы, Сая­си пар­ти­я­лар мен бір­ле­стік­тер тура­лы, Жиын бостан­ды­ғы тура­лы заң­дарға өзгерістер мен түзе­ту­лер енгізу­ге ұсы­ныс жасау, қоғам­дық талқы­лау өткі­зу, Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын дай­ын­дау және оны рефе­рен­дум арқы­лы қабыл­да­туға халы­қты жұмыл­ды­рып, ықпал ету шара­ла­ры өте маңы­зды және мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың пре­зи­дент­тік жүй­есін пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есіне көшірудің алғы шар­тта­ры болып сана­лар еді. Мұн­дай ауқым­ды сая­си істер­ді халы­қтың өзінің қолға алып, жүзе­ге асы­руға қаре­кет жаса­уы назар­ба­ев­тық-тоқа­ев­тық жүй­енің жақ­та­ста­рын үрейлендірді.

Төр­тін­ші­ден, Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сын­да мем­ле­кет­тік дең­гей­де жасалған қыл­мыстар­ды әшке­ре­леу, талқы­ға салу мәсе­ле­лерін көте­ру қажет делін­ді. Бұл билік басын­дағы лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың және оларға ықпал ету­шілер­дің ұйқы­сын қашыр­ды. Назар­ба­ев­тың, оның әулетінің, ала­яқтар­дың мем­ле­кет­тен жымқы­рған қар­жы­ла­рын, кәсі­по­рын­дар мен ғима­рат­та­рын, кен орын­да­рын қай­тар­ту, қыл­мыстық жау­ап­кер­лік­ке тар­тқы­зу ісіне қаты­су, қай­та­ры­лған қазы­на­ны халық игілі­гіне пай­да­ла­ну­ды қадаға­лау тура­лы жина­лыс шешім қабыл­даған. Сон­дай-ақ Халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры арқы­лы Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мын­да, басқа да сая­си-құқы­қтық мін­бер­лер­де қаңтар қасы­реті тура­лы айту, қаза тапқан­дар­дың, азапталған­дар­дың, дәлел­сіз, заң­сыз сот­талған­дар­дың, қуда­ланған­дар­дың ісін қай­та қарау да жос­парға енгізіл­ген болатын.

Бесін­ші­ден, сыр­тқы сая­сатқа қаты­сты халы­қтың көзқа­ра­сы мен тала­бын еске­ре оты­рып, мем­ле­ке­та­ра­лық мәсе­ле­лер­ді шешудің өзге­ше жол­да­ры ұсы­ныл­ды. Нақты­лап айтқан­да, елі­міздің эко­но­ми­ка­лық, сая­си тәу­ел­сізді­гіне нұқ­сан кел­тір­ген Еура­зи­я­лық одақтан, ҰҚШҰ-дан шығу, Ресей­дің Укра­и­наға басқын­шы­лық соғы­сын айып­тау, ол соғы­сты тоқтатқы­зу үшін Қаза­қстан, Орта Азия елдері халы­қта­ры­ның бей­біт­шілік жөнін­де­гі бір­лі­гін ұйым­да­сты­ру, Қытай мем­ле­кеті­мен виза­сыз режим енгі­зуді бол­дыр­мау сияқты талап­тар қой­ы­ла бастады.

Міне, алды­на осын­дай мақ­сат­тар бел­гіле­ген, мін­дет­тер жүк­те­ген Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы жұрт­шы­лы­қтың наза­рын аудар­ды, өзгерістің бола­ры­нан үміт­тен­дір­ді, қысқа мерзім­де көп­те­ген қол­да­у­шы­ла­рын тап­ты. Сон­ды­қтан жаңа­дан пай­да болған сая­си оппо­зи­ци­я­лық, демо­кра­ти­я­лық күштің қарқын алуы­на жол бер­меу үшін билік ескі тәсіл­ді қол­дан­ды. Оны­сы – жина­лы­сқа қаты­су­шы­лар­ды Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодекстің бап­та­ры­мен айып­тау, қамау, айып­пұл төле­ту. Жаза­ға тар­ты­лған­дар­дың дені кеше­гі пар­ла­мент, мәс­ли­хат депут­тат­та­ры сай­ла­у­ы­на кан­ди­дат болған­дар, әділет­сіз, лас сай­ла­уда «жеңіл­ген­дер», қоғам қай­рат­кер­лері мен бел­сен­ділері, сай­ла­уды бақы­ла­у­шы­лар, ұлтқа, мем­ле­кет­ке, ел мен жер­ге жана­шыр аза­мат­тар. Бел­гілі жур­на­лист, Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы­на қаты­су­шы Думан Мұхам­мет­кәрім жиыр­ма бес күн­нен үш рет қамауға алын­ды. Бұл енді билік үшін масқа­ра жағ­дай! А.Қараев, Л.Ахмедьяров, М.Тайжан, Н.Әлтаев, т.б. да пар­ла­мент­шілер он бес тәулік­ке оты­рып шықты. М.Оспанов, И.Иманбай, Қ.Абдуллаев, Б.Адайбаев, А.Дүйсебаева, О.Ержанов, М.Ғалымжанов, А.Назарова, М.Әбдіманапов,Т.Жанысбай, Ы.Тоқтасын 50 есеп­тік көр­сет­кіш көле­мін­де айып төле­у­ге мін­дет­тел­ді. Маған алға­шқы­сын­да 120 мың, бұл жолы 345 мың тең­ге төлет­тір­мек. Не үшін? Халық пар­ла­мен­ті жина­лы­сы­на, митин­гі­ге қаты­сқа­ны­мыз, жоға­ры­дағы қадау-қадау мәсе­ле­лер­дің іске асы­ры­луы­на, сол арқы­лы қоғам­ның демо­кра­ти­я­ла­нуы­на, ұлт­тық, мем­ле­кет­тік мүд­дені қорға­уға, тәу­ел­сіздік­ті сақта­уға, жемқор­лы­қты кетіру­ге үлес қосқы­мыз кел­гені үшін!

– Пре­зи­дент Тоқа­ев­ты жақтай­тын­дар­дың қата­ры сирей бастаған секіл­ді. Керісін­ше, ашу­лы, нара­зы адам­дар­дың ащы айқайы жиі естіліп жүр. Осы­ны бай­қа­са, Пре­зи­дент сая­си қуғын-сүр­гін­нен аулақтап, демо­кра­ти­яға ден қоя­тын болар? Қалай ойлайсыз?

– Бел­сен­ділер­ді жап­пай қуғын­дау шегіне жет­ті. Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның, Ата-жұрт­тың, «Алға Қаза­қстан­ның» сая­си ұйым, пар­тия ретін­де тір­ке­луіне кедер­гі кел­тіріп, жол­да­рын кес­кені аздай, оларға қаты­сы бар бел­сен­ді ата­улы­ны қуда­лау тоқтар емес. Жан­бо­лат Мамай­ды алты жарым жылға сот­та­ды. Сая­сат­пен, жур­на­ли­сти­ка­мен шұғыл­да­нуға тый­ым сал­ды. Аста­на­дағы Гин­несс кіта­бы­на енген отан­да­сы­мыз, мара­фон­шы Марат Жылан­ба­ев­ты сот шеші­мі­мен екі айға жап­ты. Митин­гі­ге бара­мын дегені үшін Бекзат Мақсұт­ханұлын да он бес күн­ге қаматты.

Осы­ның бәрі 31 мамыр – сая­си қуғын-сүр­гін күні қар­саңын­да болып жатыр. Тоқа­ев­тың кәсі­би жолы Қытай мен Син­га­пур­да басталға­нын және аталған мем­ле­кет­тер­де авто­ри­тар­лы қатаң сая­сат ұста­на­ты­нын, дик­та­тор Назар­ба­ев­тың тақ мұра­гері, шәкір­ті, Путин­нің борыш­кері екенін ескер­сек, оның әкім­шілі­гі­нен сая­си жылулы­қты күту бекер шығар.

Көше­де­гі жабайы база­рда қыза­нақ, қияр, алма сата­тын апа­лар­мен алы­сып, солар­дың қал­та­сын қағып, қыды­ң­дай­тын поли­ция енді сая­сат­та жүр­ген­дер­ді жаза­лау құзы­ретіне жетіп, біл­ген­дерін істей баста­ды. Про­ку­рор­сыз, сот­сыз-ақ 50, 100 есеп­тік көр­сет­кіш көле­мін­де айып тар­тқы­зу­ды өздеріне мәр­те­бе санай­ды. Митин­гі­ге шақыр­саң да, бар­май, үйің­де жат десең де неме­се өзім алаңға шыққым келеді десең де – бәрібір кінәлісің. Жаза­дан құтыл­май­сың. Әлгі үштік жабы­ла кетіп, демо­кра­ти­я­ны тұн­шы­қты­руға, аза­мат­тық-кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы­ң­ды тап­та­уға құл­шы­на кірі­седі. Шір­кін­дер­дің беті бетонға айналған, ұят, ар әдірем қалған, өздерінің, қыз­мет бер­ген қожа­сы­ның, мем­ле­кет­тің абы­рой­ын ойла­май­ды. Кінәсіз, жазы­қ­сыз жаза­ла­уды, заң­ды бет­ке ұстап, заң­сызды­ққа бару­ды олар арам кәсіп­ке айнал­ды­рған. Елді көгерт­пе­ген көсем­дер мен оның көсе­улерін кетірудің қамын тұтас халық болып ойла­сты­ра­тын «Халық пар­ла­мен­ті» аталған жина­лыс еді. Оны қорғап қал­ма­саң, ара түс­пе­сең, нең қала­ды, ағай­ын?! Бұл Пре­зи­дент халы­ққа пана болмайды!

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

Аза­мат МОЛДАСАНОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн