Вторник , 13 мая 2025

КСРО-ның күйреуі және Желтоқсан көтерілісі

Бақдәу­лет БЕРЛІБАЕВ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Қазақ спорт және туризм ака­де­ми­я­сы­ның «Әле­умет­тік пән­дер» кафед­рас­ы­ның профессоры

1. Сая­си бопса­лау құрбандары

Қазақ халқы тарих­тың талай ауыр кезең­дерін бастан өткі­зе жүріп, өзінің қай­сар да қайт­пас халық екенін әлем жұрт­шы­лы­ғы­на үне­мі дәлел­деп келеді. Әсіре­се тарих қой­на­уы­нан кеше ғана кет­кен ХХ ғасыр­дың 30-жыл­да­ры қазақ халқы үшін ұлы дүр­бе­лең­ге айналға­нын ешкім ұмы­та алмай­ды. Өйт­кені оның соңы ұлт үшін үлкен зұл­матқа айнал­ды. Мұны Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның алға­шқы құры­л­тай­ын­да айты­лған «Қазақ дала­сын жай­пап өткен 1932–1933 жыл­дар­дағы апат­ты ашар­шы­лық алты мил­ли­он қаза­қтың 2,2 мил­ли­о­ны­ның өмірін жал­мап кет­ті. Осы бір қай­ғы­лы дерек – халы­қтың ғасыр­лар бойы ұмы­та алмас қасіреті» деген тұжы­рым анық дәлел­деп тұр.

Қазақ жерін­де­гі осы­нау зардап­тар­дың бір ұшы сол тұста елді басқа­руға жіберіл­ген Ф.И. Голо­ще­кин­нің есі­мі­мен бай­ла­ны­сты. Ол 1927 жылы Ста­лин­ге хат жазып, Қаза­қстанға Қазан рево­лю­ци­я­сы­ның лебі жет­пе­генін, қаза­қтар­дың әлі күн­ге дей­ін топыр­лаған малын бағып, кеңе­стік билік­ті еле­ме­стен, өз бет­тері­мен көшіп-қонып жүр­генін мәлім­дей­ді де, қазақ дала­сын­да «Кіші Қазан» рево­лю­ци­я­сын жаса­уға рұқ­сат сұрай­ды. Ста­лин оған келісі­мін береді. Шын мәнін­де ол келісім қазақ үшін ғасыр­лар бойы күн­көрістің көзіне айна­лып кел­ген малын тар­тып алуға беріл­ген нұсқау еді.

Міне, «жары­лқай­ды» деген боль­ше­вик­тер билік­ке кел­ген­нен кей­ін­гі Қаза­қстан­дағы бүлін­шілік пен қасірет­тің бәрі осы­дан бастал­ды. Әуелі малы көп адам­дар қуғы­нға ұшы­ра­ды. Білетіні­міз­дей, ел басқа­ру ісі бір­тін­деп бай­лар­дың мал­шы­ла­ры­на, күнін көре алмай жүр­ген жар­лы-жақы­бай­лар­дың қолы­на тап­сы­рыл­ды. Жүре келе, қазақ елін­де­гі мал бағып, оны тір­лік­ке жара­ту­дың жөнін білетін асыл туған мыр­за­ла­ры мен айту­лы кәсіп­кер­лері аты­лып неме­се айда­лып кет­ті. Көп қаза­қтар босқын­шы­лы­ққа ұшы­рап, шетел асып, жан сақтаға­ны да шын­дық. Иман­ды­лық пен рақым­ды­лы­қтың, қай­ы­рым­ды­лық пен мей­ірім­ділік­тің ұйы­тқы­сы болған ишан-мол­да­лар да алды­ңғы­лар­дың кебін киді.

Сол дәуір­де­гі бар­лық бәле­кет­ті көзі­мен көріп, қапа­ланған зия­лы қауым КОКП қай­рат­кер­лерінің қателі­гі мен асы­ра сіл­те­уін барын­ша сынға алды. Алай­да кеңес билі­гі ұлт тәу­ел­сізді­гіне бел­сене қаты­сқан «Алаш Орда­ның» көр­нек­ті қай­рат­кер­лерін қара тізім­ге алып отыр­ды. Нәти­же­сін­де 1928 жылы Ахмет Бай­тұр­сы­нов, Мір­жақып Дула­тов, Мағ­жан Жұма­ба­ев, Жүсі­п­бек Аймауы­тов, Халел Ғаб­ба­сов сын­ды 44 зия­лы қауым «бур­жу­а­зи­я­шыл-ұлт­шыл» ретін­де қамауға алын­ды. 1930 жылы Мұха­меджан Тыныш­ба­ев, Халел Досмұ­ха­ме­дов, Жақып Ақба­ев сын­ды бірқа­тар қаза­қтың таң­да­у­лы адам­да­ры (бар­лы­ғы 40 адам) тағы қамауға алын­ды. Ақы­ры 1937–38 жыл­да­ры Әли­хан Бөкей­ха­нов бастаған қаза­қтың енді­гі қалған көр­нек­ті қай­рат­кер­лерінің бар­лы­ғы дер­лік жазы­қ­сыз жаза­лан­ды. Сон­дай-ақ кеңес өкі­метін орна­туға қаты­сқан бел­гілі қоғам қай­рат­кер­лері – Тұрар Рысқұ­лов, Нығ­мет Нұр­мақов, Сұл­тан­бек Қожа­нов, Ұза­қ­бай Құлым­бе­тов, Ораз Жан­до­сов, Әбіл­хай­ыр Досов, Смағұл Сәду­ақа­сов, Темір­бек Жүр­ге­нов, Сәкен Сей­фул­лин, Іли­яс Жан­сү­гіров, Бей­ім­бет Май­лин, Құдай­бер­ген Жұба­нов, Сан­жар Асфен­ди­я­ров, т.б. да бопса­лау құр­бан­да­ры­на айнал­ды. Тарих­шы­лар­дың мәлі­меті бой­ын­ша, сол жыл­да­ры кеңе­стік Қаза­қстан­да 118 мың адам сот­талған. Олар­дың 25 мыңы­на ату жаза­сы кесілген.

Осы жыл­дар­дың өзін­де кеңес өкі­метінің көп­те­ген басқа ұлт өкіл­дерін Қаза­қстанға жап­пай қоныс ауда­ру­ды бірін­ші болып бастаған ресей­лік пат­ша сая­са­тын жалға­сты­ру мәсе­лесі тый­ыл­ма­ды. Аза­мат­тық соғы­стан кей­ін соци­а­лизм орна­ту желе­уі­мен 559 мың адам қоныс ауда­ры­лып, оның ішін­де «Өндірісті жұмыс­шы кадр­лар­мен қам­ту» деген­ді сыл­та­у­ра­тып, «25 мың­шыл­дар­ды» елі­міздің ірі өнер­кәсіп­ті өңір­леріне жай­ып орна­ла­стыр­ды. Елі­міз­ге көп­те­ген басқа ұлт өкіл­дері күш­теп көшіріліп әкелін­ді. Олар­дың жал­пы саны 1 мил­ли­он 200 мың­ды құра­ды. Ал 1954 жылы КСРО билі­гіне кел­ген Н.С. Хру­щев­тың «Қаза­қстан­дағы бос жатқан жер­ді иге­ру» дақ­пыр­ты бой­ын­ша 1964 жылға дей­ін сол­түстік және орта­лық Қаза­қстанға бөтен ұлт­тар­дың келуін жеңіл­де­ту үшін, тың иге­ру науқа­ны­нан басқа аймақтар­дағы қаза­қтар­ды ынта­лан­ды­ру­дан алдын ала шет­тет­ті. Сөй­тіп сан түр­лі жеңіл­дік­тер беру­ге уәде беру­мен үгіт­теп әкелін­ген, көбі оғаш мінезді еуро­па­лық ұлт өкіл­дерінің үлес сал­мағы сол өлке­де тұра­тын жер­гілік­ті халы­қтан 3 есе, тіп­ті кей­бір облы­стар­да 4–5 есе­ге өсіп кет­се, бұл – кеңе­стік оры­стан­ды­ру­дың «интер­на­ци­о­нал­дық» сая­са­ты­ның неғұр­лым оңай­ла­ты­лған өте тиім­ді және барын­ша тез­детіл­ген үлгісі еді.

Бұл науқан ең алды­мен қаза­қтың руха­ни жағы­нан жұтаң­да­нуы­на алып кел­ді. Әсіре­се қазақ тіліне нұқ­са­ны тиіп, «мәң­гүр­тиз­мнің» негізі қалан­са, бұл кесел­ден күні бүгін­ге дей­ін ары­лар емес­піз… Қазір қаза­қтар­дың негіз­гі дені қалаға жина­лып жатқан­да, күбірт­кі сияқты мәң­гүрт­тер мен басқа да орыс тіл­ділер қазақ тіл­ді қан­даста­рын дің­ке­летіп, қазақ тілінің мысын басып кел­се, осы жаңа үрдістің кесірі­нен бола­шақта қазақ тілінің жой­ы­лып кету қау­пінің басталға­ны­на ешкім көп алаң­да­у­шы­лық біл­дір­мей отыр. Осы күн­гі қазақ тілінің қол­да­ныс аясы хандық дәуір­де­гі өзінің ықпа­лын жоғал­тып, тек көбін­де тұр­мыстық қол­да­ны­стан аса алмай тұр­са, бұған кінәліні айту­дың өзі кеудеңді оққа тосу­мен бір­дей. Міне, мұн­дай жағ­дай­да да бүгін­де­гі қазақ тілінің аясын тіке­лей өзі­міз тары­л­тып отырмыз.

Жоға­ры­да жыл­дар бойы қалып­тасқан рет­тілік­пен 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­су­шы­лар да кеңес жыл­да­рын­дағы сая­си бопса­лау құр­бан­да­ры қата­ры­на жатқы­зы­ла­ды. Өйт­кені бұл көтерілістің өрбуіне тек қана кеңес жыл­да­рын­да қор­да­ланған сая­си-эка­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік келеңсіздік­тер әсер етіп, Қаза­қстан КП ОК бірін­ші хат­шы­сы Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев­тың орны­нан алы­нуы және оның орны­на сырт­тан әкелін­ген Ген­на­дий Кол­бин­нің тағай­ын­да­луы түрт­кі болды.

Жел­тоқ­сан­дағы қозға­у­шы күш негізі­нен ауыл­дан шыққан қазақ жаста­ры бол­ды. Жап­пай нара­зы­лық шеруі көтеріліс­ке ұла­сып, тез ара­да аяу­сыз басып-жан­шыл­ды: 8,5 мың­нан астам адам қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ды. Жастар оқу­дан, жұмыста­ры­нан шыға­рыл­ды, көп­ші­гі­гі дене жарақат­та­рын алып, мүге­дек болып қал­ды. 101 адам түр­ме­ге қамал­ды. Алға­шқы деректер бой­ын­ша – 5, кей­ін­гі деректер бой­ын­ша – шама­мен 54 адам шей­іт болған; 12 рек­тор және көп­те­ген оқы­ту­шы­лар қыз­мет­тері­нен кету­ге мәж­бүр бол­ды. Қалай болған­да да, бұл оқиға мем­ле­кет­тің сая­си өмірін­де демо­кра­ти­я­ның баста­у­лы болып сана­ла­ды. Өйт­кені одан кей­ін бес жыл­дан соң Қаза­қстан мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гін жари­я­ла­ды. Міне, сон­ды­қтан да тарих­тағы «Жел­тоқ­сан көтерілісін» жан-жақты білу үшін және оны тарих­та еле­усіз қал­дыр­мау үшін, оны оқып-үйре­нудің маңы­зды­лы­ғы өте зор.

2024 жыл­дың аяғын­да әйгілі «Жел­тоқ­сан көтерілісіне» 38 жыл тола­ды. Ол қалың бұқа­ра­ны мем­ле­кет­ті басқа­ру­дан ала­статқан сая­си жүйе – кеңе­стік соци­а­лиз­мнің ең соңғы демі біту­ге айналған­да басталған бола­тын. Соци­а­ли­стік қоғам­да «Қай­та құру» деп аталған кезек­ті түр өзгер­туінің екін­ші жылы бұрқ ете түс­кен мұн­дай халы­қтық қозға­лыс КСРО-ның түр­лі аймақта­рын­да өткен ұлта­ра­лық шие­леністер тіз­бе­гінің баста­ма­сы еді. Ол ста­ли­низм әдісі­нен дәм татып, «гено­цид­пен» ауы­зданған, «этно­цид­пен» той­ы­нып, КСРО-ны мекен­де­ген халы­қтар­дың бәрін ұлт­тық бел­гілері­нен айы­руға жақын­датқан кемел­ден­ген соци­а­лиз­мнің ізба­сар­ла­ры ойла­сты­рған кадр сая­са­ты­ның өктем­ді­гі­нен тұта­нып, тарихқа әуелі «Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан оқиға­сы», «Алма­ты­дағы сту­дент жастар­дың қозға­лы­сы» неме­се «Алма­ты дүр­бе­леңі» деген атпен кір­ді. Бірақ мұн­дай баға кеңе­стік кезең­де беріл­ген еді. Бүгін­гі тарих­шы­лар­дың жаңа­шыл бөлі­гі «Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан оқиға­сы» деген тұжы­рым­мен келіс­пей­ді. Өйт­кені айту­лы оқиға Алма­ты­да ғана емес, Қаза­қстан­ның көп­те­ген облыс орта­лы­қта­ры мен бір­не­ше қала­ла­рын­да және Шамалған, Сары­ө­зек сияқты онға жуық стан­ци­я­лар мен елді мекен­дер­де де болған еді.

1825 жылы орыс тарихын­дағы Санкт-Петер­бург­тың Сенат алаңын­да болған Жел­тоқ­сан көтерілісі сияқты Алма­ты қала­сы сол кез­де Қаза­қстан­ның аста­на­сы болған­ды­қтан, көтерілістің биік шыңы да Алма­ты­да болуы – заң­ды құбы­лыс. Сон­ды­қтан бүгін­гі тарих­шы­лар­дың көп­шілі­гі «Қаза­қстан­дағы Жел­тоқ­сан көтерілісі» деген ата­уды жақтап отыр. Соны­мен бір­ге Жел­тоқ­сан көтерілісінің осы­лай ата­луы­ның себебі – мұн­да қыр­шын да бей­күнә жастар­дың қаны төгіліп, көбінің бола­шақта­ры­на бал­та шабыл­ды. Олар­дың бір бөлі­гі итке тала­нып, қыстың ызғар­лы күні сумен атқы­лан­ды, енді біра­зы дой­ыр рәзің­ке таяқ­пен неме­се сапер күрек­тер­мен ұрған соққы­ға жығы­лып, алаң­да қан­сы­рап жатқан жері­нен теріп алын­ды да, сый­ға­ны қала түр­ме­леріне, сый­маға­ны кір­піш таси­тын маши­на­лар­мен қала сыр­тын­дағы карьер шұңқыр­ла­ры­на апа­ры­лып, қоқыс сияқты төгіп тастал­ды. Ондағы тірі қалған­дарға да айу­ан­ды­қтың нешетүрі көр­сетіліп, қор­лан­ды. (Қазір­де «Жел­тоқ­сан­ның құпи­я­сы ашыл­май жатыр» десе, шын­ды­қты осын­дай сұм­ды­қтар­дың ара­сы­нан ізде­ген дұрыс).

«Жел­тоқ­сан оқиға­сы­ның» көтеріліс бола­тын тағы бір себебі – оны КСРО-ның түк­пір-түк­пірі­нен көмек­ке кел­ген арнайы әске­ри бөлім­дер­дің күші­мен әрең басты. Оның көтеріліс­ке лай­ық келесі себебі – оны дүние жүзінің халқы қадаға­лап отыр­ды. Бұл көтеріліс бол­ма­са, КСРО-ның ыды­ра­уы тағы біраз жылға кеше­уіл­де­ген болар еді.

Енде­ше 1917 жылғы Ресей­де болған Қазан төң­керісінің нәти­же­сін­де Кеңес үкі­меті деген атпен дүни­е­ге келіп, 1922 жыл­дан КСРО атанған импе­ри­я­ның 1990 жыл­дар­дың басын­да ыды­ра­уы­на дәл осы Жел­тоқ­сан көтерілісі әсер етсе, онда оны оқып-үйре­ну – тари­хи білім берудің ажы­ра­мас бөлі­гінің бірі болуы шарт.

Бүгін­гі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы демо­кра­ти­я­лық қоғам құруға бет алған уақыт­та дүни­е­жүзілік тәжіри­бе негізін­де жал­пы білім негіз­дері бой­ын­ша әлем халы­қта­ры­ның ара­сын­да жақын­ды­қтың бар екенін түсіне баста­дық. Бұның өзі осы сала бой­ын­ша үкі­мет­ке, қоғам­дық ұйым­дар мен қозға­лы­старға да мүл­дем басқа көзқа­рас, өзге­ше бағыт, соны талап­тар қояды. Әсіре­се кез кел­ген оқиға бой­ын­ша аза­мат­тық көзқа­рас­ты қалып­та­сты­ру қоғам­дық құры­лы­сын жаңа арнаға түсір­ген елге барын­ша сүбелі мін­дет­тер жүк­тей­ді. Халы­қтар­дың жақын­да­сты­ғы­нан туын­дай­тын ондай мін­дет­тер ең әуелі демо­кра­ти­ядан өрбиді. Ал демо­кра­ти­я­ның халық билі­гі екенін мой­ын­да­сақ, халы­қтың аза­мат­тар­дан тұра­ты­нын да мой­ын­дай­мыз. Ал аза­мат – елдің алдын­дағы киелі боры­шын халы­қтың жан дүни­есін түсі­ну арқы­лы ғана орын­дай алады.

1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі – сол халы­қтың сезі­мін түсі­ну­ден туын­даған қозға­лыс. Бүгін бұған шүбә жоқ. Соны­мен бір­ге ол демо­кра­ти­я­лық бағыт­тағы қозға­лыс еді. Бірақ КСРО-ның сол кез­де­гі әмір­шісі М.С. Гор­ба­чев­тің «жари­я­лы­лы­ғын» шын мәнің­де­гі демо­кра­тия деп қабыл­даған Қаза­қстан жаста­ры өздерінің алданға­нын көтеріліс бары­сын­да ғана түсін­ді. Олар тек қана әділет­тілік­ке негіз­дел­ген заң негізін­де қимыл жасау – аза­мат­тың асыл мұрат­та­рын қам­та­ма­сыз ете ала­ды деп біл­ді. Сон­ды­қтан да заңға сәй­кес әре­кет жаса­маған жоға­ры бас­шы­лық пен заң­ды толық біл­мей­тін аза­мат­тар­дың тағ­ды­ры жақ­сы­лы­ққа апар­май­ты­нын да Жел­тоқ­сан көтерілісі дәлелдеді.

Демо­кра­ти­я­ны түсін­ген халық заңға мән беруі керек, ал мем­ле­кет заң­ның бұр­ма­лан­ба­уы­на кепіл­дік беру­мен бір­ге, адам құқы­ғы­ның бұзыл­мауын қадаға­ла­уды өзінің негіз­гі мін­детіне жатқы­за­ты­нын халы­қтың жады­на құй­ып оты­руы керек. Себебі адам құқы­ғы табиғи құқық болған­ды­қтан, оны шек­теу неме­се мой­ын­да­мау мүм­кін емес. Жара­ты­лы­стың бер­ген құқы­ғын­да мем­ле­кет­тің де, бас­шы­ның да, заң­дар мен ере­же­лер­дің де шаруа­сы жоқ. Бірақ Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша, адам құқы­ғы­ның сақта­луы – мем­ле­кет­тің бірін­ші кезек­те­гі боры­шы. Соны­мен бір­ге бүкіл қоғам­дағы заң­дар­дың адам құқы­ғы­на қай­шы кел­меу мәсе­лесі мем­ле­кет­пен қоса, қоғам­дық ұйым­дар­дың да бақы­ла­у­ын­да екенін халы­қтың білуі шарт.

 (Жалға­сы бар)

Республиканский еженедельник онлайн