Пятница , 4 июля 2025

КСРО-ның күйреуі және Желтоқсан көтерілісі

Бақдәу­лет БЕРЛІБАЕВ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор

4. Қона­ев­тың беделі және жастар

Жел­тоқ­сан көтерілісі жай­лы кітап­тар мен естелік­тер­де және тари­хи-таным­дық тұрғы­дағы мақа­ла­лар­да Д.А.Қонаев пен Н.Ә.Назарбаев тура­лы басы ашыл­маған екі ұшты мәсе­ле­лер де жоқ емес. Жастар көтеріліс кезін­де­гі әйгілі ұран­да­рын­да Қона­ев­тың қыз­метіне қай­та келуін талап еткен жоқ. Демек, олар «аты­шу­лы» пле­нум­да тіл­ге тиек етіл­ген оның жасы­ның ұлғай­ға­ны­мен сана­сып отыр. Бірақ бәрібір олар­ды алаңға алып шыққан негіз­гі мәсе­ленің бірі – тағы да сол алып та күр­делі тұлға­ның үлкен беделі екен­ді­гін ұмыт­па­сақ, тари­хи оқиға­ны жүй­е­ле­ген­де, Қона­ев­ты айна­лып өте алмай­мыз. Себебі сол бір дүбір­лі оқиға­ның тіке­лей куә­гер­лерінің естелік­терін оқы­ған­да, мәсе­ленің төр­кіні Қона­евқа келіп тіре­летінін бай­қау қиын емес. Мыса­лы, 2014 жылы Д.А. Қона­ев атын­дағы мек­теп­тің дирек­то­ры болып қыз­мет істе­ген Шара Нәлі­ба­е­ва «Оңтүстік Қаза­қстан» газетіне сол жылғы 16 жел­тоқ­сан күні бер­ген мақа­ла­сын­да ағы­нан жары­лып, былай дейді:

«Сол күні сабақтың аяқталға­нын тағат­сызда­на күт­тік. Топ­тағы сту­дент­тер­дің көкей­ін­де «нелік­тен елді жар­ты ғасыр басқарған Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев қыз­мет­тен кет­ті?» деген сұрақ тұр­ды. Жастар осы сау­ал­дың жау­а­бын біл­гісі кел­ді. Сабақтан шыға сала алаңға қарай бет алдық… Бибі­гүл Төле­ге­но­ва, Әми­на Өмір­за­қо­ва секіл­ді өнер қай­рат­кер­лері мін­бе­ге бір­не­ше рет көтеріліп, жастарға басу айт­ты. Алаң­да жастар «Қона­ев шық­сын!» деген сөз­дері­нен танбады».

Қазір­гі қол­да бар деректер­дің көбін­де Қона­ев­ты алаңға шақы­рған­да, оның жастар алдын­да сөй­ле­уден бас тарт­паға­ны айты­ла­ды. Шын­ды­ғын­да, алаңға шақыр­ты­лған оны Москва­дан хабар­ла­сып оты­рған М.С.Горбачев сөй­лет­пе­ді. Өйт­кені Қона­ев өте бедел­ді адам еді. Сон­ды­қтан да ол сөй­ле­ген­де, жастар­ды илан­ды­рып, пәту­аға кел­тіруі мүм­кін еді. Алай­да орта­лы­қтың ішкі қызға­ны­шы, бірін­ші­ден, Д.А.Қонаевтың беделінің бола­шақта тағы да өсіп кетуіне жол бер­мей, әдейі оның сағын сын­ды­рып, келіп тұрған жері­нен қай­та­дан кері қай­та­рып жібер­ді. Екін­ші жағы­нан, бұл – үш мәр­те Соци­а­ли­стік Еңбек Ері ата­нып, 8 рет Ленин орденін алған тұлғаға көр­сетіл­ген қол­дан жасалған қия­нат еді. Соған қара­ма­стан ғажай­ып сабыр­лы­лық көр­сет­кен Д.А.Қонаев елді енді басқа­ра бастаған Г.Я.Колбиннің айтқа­ны­на көніп, кел­ген жағы­на тып-тыныш кете бар­ды. Ел аузын­да «Д.А.Қонаевтың ұлты татар екен» деген сөз­дер тағы бар. Мей­лі, татар бол­сын делік, бірақ одан не өзге­реді? Кім бол­са да, оның кезін­де Қаза­қстан­ды 15 одақ­тас рес­пуб­ли­ка ішін­де бар­лық даму көр­сет­кі­ш­тері жағы­нан КСРО-да 3‑орынға шығарған қабілеті­мен неге сана­суға бол­май­ды? Ол билік­ке кел­ген­ге дей­ін­гі бас­шы­лар­дың қай­сысы осын­дай көр­сет­кіш­ке жетіп еді? Ол қыз­меті­нен кет­кен­де, орта­лы­қтан келіп тек­сер­ген­дер оның жеке басы­ның адал­ды­ғы­на таң қал­са, онда Д.А.Қонаев өмір бойы өз еліне қыз­мет етудің тама­ша үлгісін көр­сет­кен ерекше тұлға болып шық­пай ма? Ал осы тұлға өз еңбе­гі­мен тапқан ақша­сы­ның бір бөлі­гін жыл­дар бойы Алма­ты­дағы №3 бала­лар үйіне жіберіп тұр­са, бұл ара­да мұсыл­ман­ды­қтың қай­ы­рым­ды­лық бел­гісі­нен басқа ештеңе көрініп тұрған жоқ қой!

Д.А.Қонаевты жер­шіл­дік­те айып­тай­тын­дар да бар. Шын­ту­ай­тын­да, бұл про­тек­ци­о­на­лиз­мнің көрінісіне жата­ды. XX ғасыр­дың 50-жыл­да­ры­ның басын­да заңғар ғалым Қ.И.Сәтбаев та тура осы іспен қуда­ланған. Басқа­сын былай қой­ған­да, Сәт­ба­ев­тың кезін­де өзі дүни­е­ге кел­ген бір ғана Бая­на­уыл өлкесі­нен 25 ака­де­ми­к­тің болуы нағыз жер­шіл­дік бола­тын. Қазір де бұны, қай­сы­біре­улер айтып жүр­ген­дей, сол өңір­дің адам­да­ры­ның «ерекше қабілеті мен дана­лы­ғы­на» жатқы­зу­дың ешбір қисы­ны жоқ. Шын­ды­ғы, «25 ака­де­ми­к­тің ғұла­ма­лы­ғы» олар­дың орыс тілін ерте­рек білу құмар­лы­ғы­нан барып туын­даған бола­тын. Тіп­ті Қаза­қстан­да Ж.Шаяхметов билік еткен тұста, қаза­қтан басқа орыс­ша білетін ұлт­тың өкіл­дерін итпен іздеп таба алмай­тын Алма­ты облы­сы­ның Нары­нқол, Кеген және бірқа­тар аудан­ның бірін­ші бас­шы­лы­ғы­нан басқа тұтқа­лы меке­ме бас­шы­ла­ры­ның бәрі дер­лік Қаза­қстан­ның сол­түстік және орта­лық өңірі­нен арнайы жіберіл­ген, орыс тілін жетік білетін қазақ маман­да­ры еді. Ал Д.А.Қонаевтың кезін­де бұл мәсе­ленің тек тең­гер­мелік қана сипа­ты бол­ды. Яғни, Қаза­қстан­дағы сол­түстік және орта­лық өңір қаза­қта­ры пат­ша дәуірі­нен бастап Ресей­ге ерте қосы­луы­на бай­ла­ны­сты Шоқан Уәли­ха­но­втан Кеңес өкі­метіне дей­ін­гі ара­лы­қта орыс тіліне әжептәуір жетік болға­ны рас. Ал кеңе­стік билік орнаған жыл­дар­дан Н.С.Хрущевке дей­ін де ол өлке­де қазақ тілі­мен бір­ге орыс тілінің басым­ды­ғы жой­ы­ла қой­ма­ды. Тек 1932–33 жылғы ашар­шы­лық жыл­да­ры ғана Пет­ро­павл мен Қоста­най облы­сын­дағы қаза­қтар­дың 25 %-ы оры­стар көп тұра­тын қала­ларға барып жан сақ­та­са, бұл көрініс сол өлке қаза­қта­ры­ның жап­пай оры­ста­нуын күшейт­кен құбы­лыс бола­тын. Сол сияқты, Н.С. Хру­щев­тің «Бос жатқан жер­ді иге­ру» иде­я­сы­на орай, бұл өлке­де орыс тілі әдейі ойла­сты­ры­лған түр­де күш алып, Сол­түстік пен Орта­лық Қаза­қстан­да оқы­ған-тоқы­ған­дар­дың негіз­гі дені Қаза­қстан­ның түк­пір-түк­пірін­де құй­қа­лы орын­дар­дың бәріне дер­лік қол жет­кізді. Осы уақыт­тар­да қыз­метін­де мығым оты­рған Қ.Сәтбаев өзінің бұры­нғы дағдыс­ын жалға­сты­ра бер­ді. Ал осы­ны бай­қаған Д.А.Қонаев бол­са, елдің бірін­ші бас­шы­сы ретін­де орыс­ша біле бастаған оңтүстік өлке қаза­қта­ры­ның білім мен ғылы­мға ден бере баста­уы­мен сана­сып, олар­ды да кадр мәсе­лесін­де­гі мәр­те­белі орын­дарға тар­тып, кадр ірік­те­уде тең­гер­ме­шілік­ке барға­ны тарих­тан бел­гілі бол­са да, қазір­гі жазғы­штар­дың көбі қалай да шын­ды­қтың өңін айнал­ды­руға құмар…

Оның тағы бір көрінісі – Жел­тоқ­сан тура­лы жазған автор­лар­дың қазақ халқы­ның тілінің жоға­ла баста­уы, олар­дың сан жағы­нан өзбек­тер­ден қалып қоюы, қазақ тілін­де­гі мек­теп­тер­дің жап­пай жабы­луы және олар­дың жал­пы рухы­ның жұтаң­ды­ғы тура­лы Д.Қонаевтың аты­на айты­ла­тын алып-қашпа сөз­дер­ге әуес болуы. «Мен қаза­қтар­ды оры­стан­ды­ру жағы­нан пат­ша­дан да, Ста­лин­нен де асып кет­тім және мен оны қысқа мерзім­де жүзе­ге асыр­дым», –деген Н.С.Хрущевтің масай­ра­уын­да шын­дық бар бола­тын. Қараңыз: Н.С. Хру­щев, XX ғасыр­дың орта­сын­да орыс тілін­де сөй­лей­тін сла­вян тек­те­стер­ді Қаза­қстан­дағы «тың иге­ру» дақ­пыр­ты­на желік­тір­ген­де, жаңа салы­нған орыс мек­тебінің қасын­да тозы­ғы шыққан шағын қыстақтар­дағы бұрын­нан бар, бірақ оқу­шы­лар жағы­нан саны аз ескі қазақ мек­теп­тері мүл­де қара­у­сыз қалған еді. Бұл өзі әдейі ойла­сты­ры­лған жымысқы сая­сат­тың кесірі бола­тын. Осы­ған орай қыста қақаған Сібір аязы­ның қыспағы басталған­да, орыс мек­теп­тері қазақ бала­ла­ры­на қарап, мен мұн­да­лап тұра­тын. Қазақ бол­са, ежел­ден бала­жан әрі намыс­шыл халық емес-пе?! Ол жаңа да жай­лы, жылы да зама­на­уи орыс мек­тебінің жанын­да тұрып, өз басы­нан ешкім­ді жоға­ры асы­рғы­сы кел­мей­ді. Енде­ше тура сол кез­де қазақ бала­ла­ры­ның орыс мек­теп­теріне жап­пай баруын Д.А. Қона­ев емес, идео­ло­ги­я­ның қыспағы­нан болған өмір логи­ка­сы­ның өзі талап еткен бола­тын. Ал Алма­ты­дағы қазақ саны­ның азды­ғы тура­лы (8 %) орта­лы­қтан Жел­тоқ­сан көтерілісіне нүк­те қою үшін кел­ген М.С.Соломенцев деген «пері­ш­те»: «…Алма­ты қала­сын­дағы қаза­қтар мен осы ара­дан кет­келі тағы да 8 %-ға өсіп кетіп­ті», – деп бай­ба­лам салған жоқ па еді? Демек, бұл жер­де де кезін­де Қаза­қстан аста­на­сы­на сла­вян тек­те­стер мен басқа ұлт өкіл­дерін тол­ты­рған Д.А.Қонаев емес!

Ол кез­де­гі қаза­қтың басым бөлі­гі ауыл­да тұр­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты кеңес бас­шы­лы­ғы ауыл­дық жер­де­гі қазақ мек­теп­терінің жабы­луы­на тым мүд­делі болған жоқ. Себебі мек­теп­ті бітір­ген қазақ бала­ла­ры одан кей­ін­гі оқу­ла­рын орыс­ша оқи­ты­ны­на қара­ма­стан, бәрібір сол ауыл төңіре­гі­нен асып кет­пей­тін еді. Өйкені олар­дың бірен-сара­ны бол­ма­са, негіз­гі бөлі­гі ауы­лға керекті маман­ды­қтар бой­ын­ша оқып келетін. Олай бол­са, айна­лып кел­ген­де, саны бады­рай­ған, үйрен­шік­ті «700 қазақ мек­теп­терінің» сла­вян­дар көп орна­ласқан жер­де жабы­луы­на кінәліні Қона­ев­тан жоға­ры тұрған­дар­дан іздеу керек. Нақты­рақ айтқан­да, оны ізде­уді Хру­щев­тің жымысқы сая­са­ты­нан, әрі-бері­ден соң, XVI ғасыр­дан бері қай­мағын бұз­баған күйі келе жатқан ұлы оры­стық шови­ни­стік пиғыл­дың ішкі мүд­десіне үңілу­ден бастаған дұрыс болар…

Д.А.Қонаев «тек қана орта­лы­қтың айтқа­нын істей­тін» деп тағы көпіре­міз. Олай бол­са, осы жер­де­гі ариф­ме­ти­ка­ны елдің есіне салуға тура келеді: Қан­ша мықты бол­са да, Қона­ев­тың өз билі­гі өзін­де болған жоқ. Біз кеңес кезін­де де Ресей­дің ота­ры болға­ны­мы­зды қазір ғана ашық айта баста­дық қой. Сон­ды­қтан Қона­ев­тың орта­лы­қтың айтқа­нын екі етпе­гені рас. Өйт­кені ол – біре­у­ге тәу­ел­ді, енді біре­у­ге бағы­ны­шты болға­нын былай қой­ған­да, тағы біре­умен дос болға­ны­на қара­ма­стан, қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша, бәрібір орта­лы­қтың айтқа­нын орын­да­у­шы ғана болды.

«Ойбай, қаза­қтар сан жағы­нан өзбек­тер­ден қалып қой­ды» деген­ге кел­сек, өзбек жерін­де аштық та, нәу­бет те, бопса­лау да, бәлен­дей ала­пат та, тың иге­ру де болған жоқ. Ал Қона­ев кезін­де­гі қазақ халқы­ның жал­пы рухы­ның жұтаң­ды­ғы тура­лы айт­сақ, еркін­дік­ке тый­ым салы­нған, құқық бұр­ма­ланған, шын мәнін­де Кон­сти­ту­ци­я­сы бол­маған, ате­изм мен шови­низм жай­лаған, тәу­ел­сізді­гі жоқ елде ол мәсе­ле мүл­де мүм­кін бол­ма­ды. Олай бол­са, бұл жер­де де Қона­ев­ты жазғы­ру­дың ешбір реті жоқ.

Сон­да Д.А.Қонаевтың билік­те­гі қыз­метіне қысқа­ша сипатта­ма бер­ген­де айта­тын нәр­се, ол елді басқа­ру­ды соғы­стан кей­ін­гі қиын кезең­де қолға алды. Оған құл­ды­раған халық шару­а­шы­лы­ғын рет­ке кел­ті­ру мен тың және тыңай­ған жер­ді иге­рудің бары­сын­дағы қара­ма-қар­сы­лы­қтарға төтеп беру­ге, Өзбек­стан­мен екі ара­дағы орта­лық ұйым­да­сты­рған жер­ді меже­ле­у­ге, Батыс Қаза­қстан­да мұнай мен газ өндіру­ге, Орта­лық Қаза­қстан­да отын-энер­ге­ти­ка ресур­ста­рын иге­ру мен елдің шығы­сын­да метал­лур­гия, әсіре­се түсті металл өңде­уді жолға қоюға тура кел­ді. Ол басқарған 1955–1986 жыл­дар ара­лы­ғын­да елде мың­даған жаңа қоны­стар бой көтер­ді: 68 жұмыс­шы посел­ке­лері, 43 қала пай­да бол­ды. Басқа­сын былай қой­ған­да, Руд­ный, Екі­ба­стұз, Шев­чен­ко (Ақтау), Николь­ский, Арқа­лық, Степ­но­горск, Кен­тау, Жаңа­тас, Қап­шағай сияқты өндірістік қала­лар – дәл сол кезеңнің жемісі бола­тын. Елі­міз­де­гі ірі мәде­ни ошақтар мен бел­гілі спорт кешен­дері осы кез­де салын­ды. Қап­шағай су қой­ма­сы, ҮАК сияқты ірі құры­лы­стар да Қона­ев кезін­де бой көтер­се, ол – ерік­кен­нің ерме­гі емес еді. Бұл – ең алды­мен судан тап­шы­лық көріп оты­рған елді мекен­дер­ге су жет­кі­зу әре­кеті бол­са, екін­ші жағы­нан – шалғай ауыл­дағы қаза­қтар­ды қалаға жақын­да­тып, жай­лы мекен­дер мен сая­жай­лар салып беру бола­тын. Тек үшін­ші кезек­те ғана дема­лу­дың қолай­лы жақта­ры ойла­сты­ры­лған еді. Бұл күн­де «ҮАК – сапа­сыз «арық» бол­ды» деген­ге кел­сек, оның салы­нға­ны­на жар­ты ғасы­рға жуық уақыт бол­ды. «Жаңыл­май­тын жақ, сүрін­бей­тін тұяқ бол­май­ды» деген­дей, тозбай­тын нәр­се де бол­май­ды. Адам да қар­тай­ып, өмір­ден өте­ді емес пе?! Сол сияқты ҮАК-тың тозған жері бол­са, оған дер кезін­де­гі күтім­ді қол­дан жіберіп алған жер­гілік­ті әкім­шілік кінәлі. Тіп­ті қазір жаңа пай­да­ла­нуға беріл­ген тұрғын үйлер­дің өзі бір жыл өтпей қиса­я­ты­ны­на қара­саң, оның жанын­да ҮАК өз мін­детін әлдеқа­шан атқарған болып шығады.

Д.А.Қонаев кезін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы қарқын­ды дамып, Қаза­қстан жыл сай­ын Одаққа мил­ли­ард пұт астық беретін өлке­ге айналға­нын ешкім де жоққа шыға­ра алмай­ды. Дәстүр­лі мал шару­а­шы­лы­ғы­на кел­сек, 1955 жылы Қаза­қстан­да 16 мил­ли­он қой, 4 мил­ли­онға жуық ірі қара бол­са, 1983 жылы қой – 36 мил­ли­онға жетіп, ірі қара – 9 мил­ли­он­нан асып кет­ті. Ал қазір мал мүл­де азай­ып, мал­шы­лар қалаға көшіп келді.

Әле­умет­тік мәсе­ле­ге кел­сек, Д.А.Қонаев кезін­де жыл сай­ын 5–6 мил­ли­он шар­шы метр тұрғын үй пай­да­ла­нуға беріл­се, тәу­ел­сіздік алған­ша қала­ны былай қой­ған­да, бар­лық ауыл­дық жер­де­гі мәде­ни меке­ме­лер жұмыс істеп, олар елдің көңіл көтеріп, дем ала­тын негіз­гі орта­лы­ққа айналға­нын қалай ұмы­туға бола­ды? Сол меке­ме­лер­де рес­пуб­ли­ка­ның талай дарын­ды саңлақта­ры өз өнер­лерін көр­сетіп, халы­қтың құр­метіне бөлен­се, мұн­да да олар­дың Д.А. Қона­евқа деген ықы­ла­сы мен алғы­сы шексіз емес пе?!

«Жел­тоқ­сан­дағы» Д.А. Қона­евқа тіке­лей кел­ген­де айта­тын негіз­гі мәсе­ле, жеке­ле­ген автор­лар­дың көбінің тіл­ге тиек ететіні сол, ол – көтеріліс сим­во­лы­на айналған Қай­рат­тың жазған күмән­ді бір хатын­дағы Д.А.Қонаев тура­лы пікірі. Онда ол «Мен алаңға Қона­ев­тың күй­ін күйт­теп барған жоқ­пын…» деген­ді жазып­ты мыс. Бірақ сол хат – 25 жылға сот­та­лып, жүні жығы­лып, үміті әбден үзіл­ген, осы жасы­на дей­ін қамау деген­нің не екенін біл­мей­тін, түр­ме­де­гі өрім­дей жас Қай­рат­тың өзінің жазға­ны ма, қамаудағы біре­удің ақыл айтқан боп, алдап жаз­ды­рға­ны ма? Әлде біре­улер­дің Д.А. Қона­ев­ты қара­лау үшін ұрып-соғып, қинап жаз­ды­рға­ны ма, мүм­кін, біре­удің жеке басы­ның мүд­десі үшін әдейі ойлап тауып, Қай­рат­тың қол­таң­ба­сы­мен жазға­ны ма, нақты куә бол­маған соң, мұн­дай басы ашыл­маған екіұ­шты нәр­сені кесіп айтуға әлі ерте. Себебі Қай­рат осы сөзін тағ­ды­ры шешіл­гелі тұрған сот үрдісін­де айт­пай, қай­дағы бір ама­лы мен шыр­мауы бастан аса­тын түр­менің шыңы­рау түбі­нен хат арқы­лы жет­кіз­гені – намысты ұл Қай­рат­тың аты­на мүл­де лай­ық емес. Түсін­ген ада­мға «Жел­тоқ­сан теті­гінің» бір ұшы­ның дәл осы сөз­де жатқа­ны беп-бел­гілі. Егер осы сөз шын­ды­ққа айнал­са, онда Қай­рат­тан батыр атағын алды­рып таста­уы­мы­зға тура келеді. Өйт­кені біз сол хат­тан һас батыр емес, сая­сат­тан мүл­де бей­ха­бар, халы­қтың ойын дәл жет­кі­зу­ден қорқа­тын, бүкіл бұқа­раға қадір­лі болған Д.А.Қонаев сияқты алып тұлға­ны мой­ын­да­май­тын топас адам­ның бей­несін көре­міз. Ал Қай­рат­тың сол хатын оқы­ған жау­лар жағы бол­са, басқан ізіңді әлі аңдып оты­рған олар сон­дағы біздің жаста­ры­мы­здың сая­си сана­лы­ғы­на күмән кел­тіріп, әлгі «бұза­қы, мас­кү­нем­дер», «қаза­қтың ұлт­шыл­ды­ғы» деген­дер­дің «шын­ды­ғы­на» қарай қай­та жүгіретін болады.

Қол­да бар деректер­ге қараған­да, алаң­да болған жастар Д.А.Қонаев тура­лы «Три­бу­наға Қона­ев шық­сын!» деген­нен басқа бір­де-бір лозунг көтер­ген жоқ. Егер олар «Қона­ев жаса­сын!» деген­дей ұран көтер­се, онда сол жастар демо­кра­ти­я­ны қол­да­май­тын, Ленин­нің ұлт сая­са­тын түсін­бей­тін нағыз ұлт­шыл­дар болып шыққан болар еді. Ал егер мәсе­ле­ге тари­хи шын­дық тұрғы­сы­нан кел­сек, жастар­дың бір­ден алаңға барған­дағы негіз­гі тала­бы – сол бір «қара­лы Пле­нум­ның» Д.А. Қона­ев­ты оның өз халқы­мен сана­спас­тан орны­нан алу тура­лы шеші­мін қай­та қарау бола­тын. Өйт­кені Д.А. Қона­ев кеңе­стік идео­ло­ги­я­мен тәр­би­е­лен­ген сол кез­де­гі жастар үшін нағыз иде­ал еді. Сол кез­де­гі жастарға ол – өздерінің өмір­лерін­де үне­мі «сүй­ік­ті қамқор­шы­ла­ры» болған Маркс пен Ленин­нің және Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның «сара жолын» жалға­сты­ру­шы болып көрінетін.

Ал Д.А.Қонаевқа беріл­ген атақ-лау­а­зым­дар мен мара­пат­тар сол кез­де­гі жастар үшін, тіп­ті бар­лық Қаза­қстан халқы үшін де оның бәрі­міз жүгіріп жүріп орнат­пақ болған соци­а­лизм мен ком­му­низм жолын­дағы адал­ды­ғы үшін беріл­гені тағы рас. Сол кез­де­гі одақ­тас рес­пуб­ли­ка бас­шы­ла­ры­ның ішін­де­гі ең бедел­дісі Д.А.Қонаев болған­ды­қтан, қазақ жаста­ры да оны өз жүре­гін­де тура сон­дай биік дәре­же­де қабыл­даған бола­тын. Қаза­қта «Ұяда не көр­сең, ұшқан­да соны ілер­сің» деген сөз бар. Енде­ше халық та, Д.А.Қонаев та, көтеріліс­ке шыққан жастар да – ком­му­низмді бағы­тқа алған КСРО импе­ри­я­сы­ның мәпе­леп-бап­та­уы­мен өсіп жетіл­ген­дер еді. Бір сөз­бен айтқан­да, олар­дың сана­сы жалған идео­ло­ги­я­мен сан жыл­дар бойы тұн­шы­қты­ры­лған бола­тын. Олай бол­са, алаңға сол уланған сана жете­гін­де­гі жастар­ды Д.А.Қонаевтың беделі алып шыққа­нын мой­ын­дау керек.

Соны­мен, сон­дағы қан­ды көтеріліс­ке түрт­кі болған жағ­дай­дың (ситу­а­ция) да дәл осы Д.А.Қонаевтың беделі­мен бай­ла­ны­сты болға­нын түсі­нетін уақыт жет­ті. Бұны­мен сана­спа­сақ, сол кез­гі біздің жаста­ры­мыз про­гресс жолын­да емес, керісінше,кері кету­ші регресс жолын­дағы қара тобыр ғана болып шыға­ды. Қай­рат алаңға барған­да: «…нәзік жан­дарға қия­нат жасап жатқан­ды естіп барып едім», – десе, бұл оның жігіт­тік намысы­ның ғана көрінісі бола­тын. Ал оның сол қыздар­ды қорға­уы – елін де қорға­уы болып сана­ла­ды. Енде­ше алаңға барған­нан кей­ін мәсе­ле­ге әбден көзі жет­кен Қай­рат­тың ел алдын­дағы аза­мат­тық намысы оянып, жал­пы ұлт­тық сана­ны азат ету жолы­на көш­кенін өзі де бай­қа­май қал­ды. «Батыр аңқау, ер көдек» деме­уші ме еді атам қазақ? Олай бол­са, Қай­рат дәл осы жер­ден бастап алаң­нан кет­пей, көп­пен бір­ге Д.А.Қонаевтың беделіне ілти­пат біл­ді­ре жүріп, баты­рға тән қылық жасай бастаға­нын да бай­қа­май қал­ды. Жоға­ры­да «кеңес тәр­би­есі» деген айты­лып қал­ды. Осы тура­лы «Бұл мем­ле­кет­те әділ­дік жоқ екеніне көзім жет­ті» деп, алаң­да басы­нан алған ауыр соққы­дан кей­ін қай­тыс болған Ербол Спа­та­ев­тың тағ­ды­рын мысалға алуға болады.

Республиканский еженедельник онлайн