Среда , 2 июля 2025

МЕНДЕ АРМАН БАР

  • Мем­ле­кет билі­гінің басын­да оты­рған­дар қаза­қтың жерін, суын, көлін келім­сек­тер­дің жеке мен­ші­гіне сат­па­са екен;
  • Мем­ле­кет­ті, елді тек ұлт­тық мүд­дені ғана ойлай­тын, қазақ тілін­де дұрыс сөй­леп, ойлай ала­тын бас­шы­лар ғана басқа­рып, қазақ халқы­ның рухын көтер­се екен;
  • Қос пала­та­лық пар­ла­мент жой­ы­лып, мәжіліс­ке қазақ халқы­ның қамын ойлай­тын жастар мен орта жастағы білім­ді аза­мат­тар кел­се екен;
  • Пре­зи­дент­тік, пар­ла­мент­тік сай­лау әділ түр­де өткізіліп, халы­қтың ойы­мен, намысы­мен сана­спай­тын мәң­гүрт­тер кел­мес­ке кет­се екен;
  • Қазақ халқы пар­тия, оппо­зи­ция болып жік-жік­ке бөлін­бей, бүкіл қазақ бостан­ды­ғы иде­я­сы туы­ның астын­да бірік­се екен;
  • Шетел­дік капи­та­ли­стер­дің (ТНК-лар­дың) жеке мен­ші­гіне саты­лып кет­кен мем­ле­кет­тің (халы­қтың) пай­да­сы жоға­ры ірі өнер­кәсіп­тері, завод-фаб­ри­ка­ла­ры, мұнай, газ, уран, хром, алю­ми­ний, алтын, мыс, мырыш, қола – қаз­ба бай­лық көз­дері халы­қтың (мем­ле­кет­тің) мен­ші­гіне қай­та­ры­лып, олар­дың бар­лы­ғы­ның игілі­гін (пай­да­сын) қазақ халқы көр­се екен;
  • Бола­шақта мем­ле­кеті­міздің (халқы­мы­здың) мате­ри­ал­дық бай­лы­ғы – қаз­ба бай­лы­қтар, ірі кәсі­по­рын­дар мен фаб­ри­ка­лар, аэро­порт пен вок­зал­дар шетел­дің келім­сек­терінің жеке мен­ші­гіне сатыл­ма­са екен;
  • 2,7 мил­ли­он шар­шы кило­метр ұлан бай­тақ жері­міз төрт түлік малға толып, мал­дың басы 140 мил­ли­он­нан асса екен;
  • Қазақ халқы бас­па­на арен­да­сы мен кре­ди­тіне тел­мір­мей, түгел­дей үйлі-пәтер­лі бол­са екен;
  • Сов­хоз, кол­хоз­дар совет үкі­меті кезін­де­гі­дей шека­ра меже­сін­де қай­та құры­лып, ауыл­дағы жұмыс­сыздық түп-тамы­ры­мен жой­ыл­са екен;
  • 160,5 мил­ли­ард дол­лар сыр­тқы қары­зы­мыз жой­ы­лып, қаз­ба бай­лы­қтан түс­кен пай­да­мыз тек халық игілі­гіне жара­тыл­са екен;
  • Уни­вер­си­тет­тер­дің бәрі мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне өтіп, қазақ жаста­ры тек қана тегін, әрі сапа­лы жоға­ры білім ала­тын бол­са екен;
  • Жеке­ге саты­лып кет­кен бар­лық мем­ле­кет­тік меди­ци­на­лық ауру­ха­на­лар, гос­пи­таль­дар, емха­на­лар мем­ле­кет­тің (халы­қтың) мен­ші­гіне қай­та­ры­лып, олар­дың қыз­меті халы­ққа тегін бол­са екен;
  • Қазақ халқы­ның саны 50 мил­ли­онға жетіп, біздің ұлан бай­тақ жері­міз­ге көз алар­ту­шы­лар­дың көмей­іне құм құй­ыл­са екен;
  • Қытай­дың эко­но­ми­ка­лық қай­ыс құр­са­уы­нан ары­лып, олар­дан алған қары­зы­мыз түгел қай­та­ры­лып, арам ойлы қара қытай қазақ жерін тап­та­ма­са екен;
  • Жүре­гі қазақ деп соққан шетел­де­гі (Қытай, Моңғо­лия, Өзбек­стан, Түр­кі­мен­стан, Ресей­де­гі) қан­даста­ры­мыз түгел ата жұр­ты­на ора­лып, қазақ эко­но­ми­ка­сын, демо­гра­фи­я­сын көте­ру­ге атса­лыс­са екен;
  • Қазақ халқы діни сек­та­ларға бөлін­бей (қазір 3500 діни сек­та бар), Шоқан Уәли­ха­нов айтқан­дай, қаза­қи мұсыл­ман­ды­қтың, ару­ақтар­дың туы­ның астын­да бірік­се екен!

P.S. Адам­да арман тау­сы­лған ба!..

«Ешкім өзінің арма­нын оны талқан­дап, жоқ қыла­тын адам­дар­дың қолы­на сеніп тап­сыр­май­ды». Пау­ло Коэ­льо, бра­зи­ли­я­лық ақын.

«Әрбір арман саған оны жүзе­ге асы­ру үшін қажет­ті күш-жігер­мен бір­ге беріледі. Алай­да ол үшін жұмыс істеу керек болуы мүм­кін». Ричард Бах, аме­ри­ка­лық жазушы.

«Арман­да­у­шы негізі­нен бола­шақты дұрыс аны­қтай­ды, бірақ ол оны күт­кісі кел­мей­ді. Ол өзінің күш-жігері­мен оны жақын­датқы­сы келеді. Арман­ның орын­да­луын табиғи түр­де күту­ге мың­даған жыл қажет бол­са, ол оның орын­да­луын өз өмірін­де көр­гісі келеді». Гот­хольд Лес­синг, неміс драматургі.

«Мен­де де бар бір арман,

Маз­дап жанып, қол бұлғай­тын шынардан.

Ұлы баба, бірақ менің арманым

Парыз бенен махаб­бат­тан құралған.

Шамын жақ­сам ғылым менен өнердің,

Елім­ді зор мере­ке­ге бөлермін.

Бұл сапа­рым азапты да шығар-ау,

Не де бол­са пеше­не­мнен көрермін»…

Мұх­тар Шаха­нов, қаза­қтың ұлы ақыны

Сіз­дер­ге деген құр­мет­пен, ф.ғ.к. Нұр­та­за Қадырниязов

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн