Воскресенье , 11 мая 2025

 «МӘҢГҮРТТІҢ» АВТОРЫ

Айнаш тағы да кітап шығарды

  • Бұдан үш жыл бұрын жары­ққа шығып, оқыр­ман­ның асқан қызы­ғу­шы­лы­ғын туғы­зған «Мәң­гүрт» (орыс тілін­де­гі нұсқа­сы – «Ман­гурт» кіта­бы­ның авто­ры, ғылым кан­ди­да­ты Айнаш Кер­ней (Мұсто­я­по­ва) тағы бір кітап (сурет­те) шығарды.

Бұл кітап­та ел тарихын­дағы отар­шыл­дық пен тота­ли­тар­лық билік кезін­де халы­қтың тағ­ды­ры­на бей-жай қара­май, мой­ны­на зор жау­ап­кер­шілік ала біл­ген тұлға­лар­дың өмір­ба­я­ны беріл­ді. Отар­шыл­дық, төң­керістер, соғыс, зор­лық-зомбы­лық, басып-жан­шу, сая­си қуғын-сүр­гін сияқты тари­хи жағ­дай­ларға қара­ма­стан, олар елді дұрыс жолға бастау, қазақ елінің аумақтық тұта­сты­ғын сақтау, халы­қтың көзін ашу, асси­ми­ля­ци­яға қар­сы тұру, ұлт­тық бет-бей­не­мізді сақтау, тарихы­мыз бен мәде­ни­еті­мізді дамы­ту, сон­дай қиын шақтың өзін­де де әде­би­ет пен ғылым­ды өркен­де­ту жолын­да қолы­нан кел­ген­нің бәрін істеді.

Аса күр­делі тари­хи кезең­де өмір сүріп жатқан буын­ның жау­ап­кер­шілі­гіне, дәлірек айтқан­да, сон­дай қиын шақта ел мен халық тағ­ды­ры жолын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на ала білуіне неме­се қара басын ойлап, бұғып қалуы­на көп нәр­се бай­ла­ны­сты. Тари­хи қауіп-қатер­ді дәл бағам­дап, халы­ққа ескі сүр­ле­уден шығып, дұрыс әрі жаңа жол­ды көр­сетіп, өзі жол бастай білетін көр­нек­ті тұлға­лар­дың болуы өте маңы­зды. Отар­лық билік­ке тәу­ел­ді елде бұға­удан шығу­дың жолын білетін, руха­ни күш-жігері мықты, халы­қтың тағ­ды­рын тәл­кек­тен құтқа­руға қабілет­ті аза­мат­тар­дың болуы айры­қ­ша маңы­зды. Олар­дың қыз­меті қан­ша­лы­қты зор болға­нын түсі­ну үшін, тари­хи жағ­дай­ды терең бағам­дай білу керек. Өздері өмір сүр­ген дәуір мен жағ­дай­ға қара­май, күр­делі таң­дау жаса­уы олар­дың тағ­ды­ры­на қалай әсер еткенін сезі­ну қажет.

«Дәуір бей­несі» атты кіріс­пе тара­уда Қаза­қстан­дағы тари­хи оқиға­ларға қаты­сты қысқа­ша шолу беріл­ді. Бұл тара­уда кітап кей­іп­кер­лерінің тағ­ды­ры тура­лы біліп, олар­дың елге қыз­мет ете жүріп, қан­дай құр­бан­ды­ққа барға­ны, сол жол­дағы сая­си, эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік кон­текст тура­лы сөз болады.

Адам тағ­ды­ры, арман-мұра­ты, ел тарихын­дағы тұғыр­лы тұлға­лар­дың күресі тұрғы­сы­нан қара­сақ, құрғақ деректер мен сан­дар сөй­лей жөнел­ген­дей әсер қал­ды­ра­ды. Кіта­пқа енген отыз өмір­ба­ян­ды оқи оты­рып, сол дәуір­ге сапар шегіп, отыз тұлға­ның таң­да­уы мен тағ­ды­ры­на әсер еткен оқиға­лар ауқы­мын сезі­ну­ге болады.

  • Кітап құны – 6500 тең­ге. Бірін­ші басы­лым шек­те­улі. Кітап дүкен­дерін­де кітап әлі саты­лым­да жоқ. Сон­ды­қтан кітап­ты келесі мекен­жай бой­ын­ша сатып алуға бола­ды: Алма­ты қала­сы, Гага­рин көше­сі, 311/А, Әл-Фара­би даңғы­лы­нан төмен, House & Home дүкені.

Неме­се +7701 111 71 71 теле­фо­ны­на Уат­сап­пен хабар­ла­ма жіберіп, Kaspi Pay арқы­лы төлем рек­ви­зит­терін алу арқы­лы да кітап­ты сатып алуға болады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн