Воскресенье , 11 мая 2025

«НЕ ЕЛІМ, НЕ ӨЛІМ

дейтін әскерің болсын десең…

  • Кез кел­ген ұлт­тың ең биік жетісті­гі – оның тәу­ел­сіз мем­ле­кет құра алуы. Әрбір сана­лы аза­мат­тың ең ұлы бақы­ты – оның өзі және ұрпағы өсіп-өнетін, өмір сүретін Азат Ота­ны аяу­лы ертеңі болуы.

Мағы­на­лы өмір сүру – ҰЛТ БОЛЫП ӨМІР СҮРУ, ұлты­мен бір­ге жасау, ұлты­ның әр ада­мы­на жақын болу, ұлт­тық мем­ле­кетің­де өмір сүру.

Өмір сүрудің өзі – еңбек. Яғни, сен өз мем­ле­кетің­де өмір сүре оты­рып, оған еңбек етесің, тұқы­мы­ң­ды сіңіресің, тамыр тар­та­сың. Бұл ұғым­ды әрбір қазақ бала­сы­ның сана­сын­да тұра­тын мәй­е­гі дейік. 

Біз осы ұғым­ды қай­ма­на қаза­қтың түй­сі­гіне қалай жет­кі­зе­міз? Оны айт­паған­да, осы құн­ды­лы­қты темір­дей тәр­тіп­тің сапын­да тұрған әскер­дің сана­сы­на сіңі­ре ала­мыз ба?

Біз­де әскер жатқа айта­тын сөз, әскер оқи­тын кітап, әскер айта­тын әндер­дің мін­дет­тел­ген тізі­мі бар ма? Әйт­пе­се әскер­ге руха­ни сүй­еніш бола­тын не бар?

«Ауруы­ң­ды жасыр­саң – өлі­мің әшкерелейді».

Біздің әскері­міз жөнін­де бұл мақал­ды тура мағ­на­сын­да айтуға бола­ды. Әскер тәр­тібінің жағ­дай­ын ондағы өлім әшке­ре­леп жатыр. Жылы­на 20-ға жуық сар­ба­зы­мыз өзін-өзі өлтіреді екен. 

Біріне-бірі өште­су, бұрын кел­гені кей­ін кел­генін басы­ну, қор­лау, алды­ңғы­ға кет­кен есесін кей­ін­гі­ден алу – жауын­гер­лік емес, бұза­қы­лық әре­кет. Оның үстіне офи­цер­лер­дің де жағым­сыз қылы­қта­ры бары айты­ла­ды. Ондай әскер­мен Отан­ды қалай қорғаймыз? 

Біздің қару­лы күші­міздің жауын­гер­лік рухы немен баға­ла­на­ды? Ұлт­тық сүй­іспен­шілі­гі ше? Қару қол­да­ну қабілеті­мен бе? Жат­ты­ғу­мен бе?

Жат­ты­ғу­да бүкіл әлем­ге сес көр­се­тетін арми­я­ның соғы­ста қан­дай күй­ге түс­кенін көзі­міз көр­ді. Жат­ты­ғу – бір басқа, шынайы жауын­гер­лік сый­пат – бір басқа екен. 

Ал біз көр­ген бір елдің пре­зи­ден­ті иығы­на «Не елім, не өлім!» деп жазып, жап­сы­рып алған. Сол елдің әскері де «не елім, не өлім» деп, жалғыз Ота­нын жанын тігіп қорғай­ты­нын көр­дік. Таң қал­дық! Там­сан­дық! Жыр жаздық:

«Не елім, – деп, – не өлім!» аттанса,

Өрт­ке кіріп, өлім құшар шақ қанша?!

Сан мың боздақ қыр­шы­ны­нан қиылды,

Бодан­ды­қтың соңғы күні батқанша?!

Қан­ша ұрпақ толар­сақтан қан кештік,

Азатты­қтың алтын таңы атқанша?

Әске­ри тәр­би­енің өзе­гі – жүрек­тен-жүрек­ке жетер жан тебірен­тер СӨЗ және әскер­ді сол сөз­ге илан­ды­ра ала­тын ІС осы екі түй­ін­нен құрал­са керек. Іс шынайы болып, сөздің сенім­ділі­гін біл­ді­ре алса игі. Қатаң тәр­тіп пен ширақ жат­ты­ғу­ды жүр­гі­зу­мен қоса, «Әр сар­баз – менің жалғыз ұлым» дей­тін нұсқа­у­шы болуы керек. 

Осы түй­ін­ді тара­ты­ңқы­рап айтқан­да, мына­дай 6 тар­мақты ұсы­ныс жасар едік: 

1. Пат­ри­от­тық тәр­би­е­де шынайы қамқор­лық сезіліп тұра­тын іс-әре­кет түр­лері аны­қта­луы керек. Ол – әскер­де­гі әлім­жет­тік­тің орнын басып, жас сар­ба­з­дар­дың өза­ра құр­меті мен сені­мін туды­руы тиіс.

2. Әсері терең отан­сүй­гіш мәтін­дер тіз­бесін топ­таған оқу құра­лын дай­ын­дау қажет. Қазақ әде­би­еті мен бай фольк­ло­ры, ондағы батыр­лық жыр­ла­ры осын­дай кітап құра­с­ты­руға мүм­кін­дік береді. 

Ол оқу құра­лы әр сар­ба­з­ды отан­сүй­гіш рухқа кенел­тіп, өз іс-қимы­лы­на ұлт алдын­дағы жау­ап­кер­шілік биі­гі­нен мән беру­ге, мақ­са­ты­ның асыл­ды­ғы­на деген сенім­ге тәр­би­е­лей­ді. Соны­мен қатар әске­ри оқуға арналған кітап, әскер жат­тай­тын өлең, әскер айта­тын әндер тіз­бесі аны­қта­лып, мін­дет­те­луі керек.

3. Мәтін­дер қазақ тілін­де болуы, қысқа мәтін­дер үнді дыбыст­арға құры­луы маңызды.

4. Отан­сүй­гіш тақы­рып­та сабақ оқи­тын, еркін, әсер­лі сөй­лей­тін нұсқа­у­шы­лар ірік­те­луі, олар­дың ора­тор­лық машы­ғы болуы маңы­зды. Соны­мен бір­ге офи­цер­лер­ге отан­шыл­дық тәр­бие жүр­гі­зудің тәсіл­дерін өз беті­мен, ұтым­ды, алу­ан түр­лі етіп ұйым­да­сты­руға шабыт­тан­ды­ру қажет. 

5. Әске­ри бөлім­дер ара­сын­да пат­ри­о­тизмді наси­хат­тай­тын ІС пен СӨЗДІҢ шығар­ма­шы­лық жары­ста­рын жиі ұйым­да­сты­ру қажет. 

6. Отан­сүй­гіш тақы­рып­та тар­тым­ды жаза­тын және тебіреніп сөй­лей ала­тын тарих­шы­лар, ақын-жазу­шы­лар және машы­қты өнер адам­да­ры­мен жасам­паз фор­мат­та кез­де­су­лер­ді жиі ұйым­да­сты­ру қажет.

Мен «Көк тудың желбіре­гені» қатар­лы рух­ты өлең­дер жазып жүр­ген ақы­н­мын. Аталған өлең хит болға­ны­на да 20 жыл өтті. Терең тебіреніп сөй­лей ала­мын. Бірақ бір­де-бір әске­ри меке­ме пат­ри­от­тық тақы­рып­тағы кез­де­су­ге шақы­рған емес. Жазу­шы­лар одағы­на да ондай ұсы­ныс түс­пе­генін біле­мін. Әскер рухын көте­ретін шығар­ма­лар үшін кон­курс жари­я­ла­нып­ты деген­ді де естімедім. 

Бұл нені түсін­діреді? Әске­ри отан­сүй­гіш тақы­рып­тағы тәр­би­ені ұйы­да­сты­ру мен ұйым­да­сты­ру­шы жоқ деген сөз. 

Бұл дегеніңіз әскері­міздің сана­сы­на ОТАН ұғы­мын, ҰЛТ және ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ұғы­мын дұрыс жүк­те­удің жол­да­рын тап­паға­ны­мы­зды, ізден­бей­тіні­мізді біл­діреді. Отан қорға­удың қаси­еті қан­дай биік борыш екенін жас жауын­гер­дің қаны­на сіңі­ру әдістерін жан-жақты жетіл­ді­ре алмаға­ны­мы­зды көр­се­те­ді. Әске­ри меке­ме­лер­де туын­даған жағ­дай­лар­дың қоғам нара­зы­лы­ғын туды­рып оты­рға­ны да содан. 

Әскер­ба­сы – сар­дар­ла­ры­мыз біз айтқан 6 маз­мұнға жинақтаған өтіні­ші­міз­ге жіті назар ауда­рып, прак­ти­ка ретін­де оны жетіл­діріп, жүзе­ге асы­ру жол­да­рын қарас­ты­руын сұраймыз! 

ОТАНБІЗДІ ЖАРАТУШЫ, САҚТАУШЫ, бәрі­нен биік, бәрі­нен ұлы құбы­лыс! Ол – жан­нан да, қан­нан да қым­бат. Әскер – оның сенім артар қай­рат­ты қорға­у­шы­сы. Енде­ше әскері­міздің сағын сын­дыр­май, қажет кез­де тай­сал­май шаба­тын және қиып түсетін сер­гек, әбжіл әрі білім­ді қосын етіп құрайық!

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, ақын

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн