Воскресенье , 11 мая 2025

«Халық парламенті»

ӨМІРШЕҢ БОЛА МА?

  • Соңғы өткен Пар­ла­мент мәжілісі мен жер­гілік­ті мәс­ли­хат сай­ла­уы – Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­дағы ең лас сай­ла­удың бірі бол­ды деген пікір­лер көп айты­лу­да. Иә, бұл жолы да сай­лау учас­ке­лерін­де­гі заң бұзу­шы­лы­қтарға қаты­сты виде­о­лар әле­умет­тік желілер­де аз болған жоқ. Халы­қтың әділ сай­ла­у­ға деген үміті ақталмады.

Десек те, осы сай­лау аза­мат­тық қоғам үшін тап­тыр­мас тәжіри­бе бол­ды. Олар өздерінің сая­си күре­стерін жалға­сты­ру мақ­са­тын­да «Халық пар­ла­мен­тін» құру жөнін­де­гі баста­ма көтеріп, 1 сәуір күні бірін­ші оты­ры­сын өткізді. Осы жиын­да сөз болған мәсе­ле­лер­ді ықшам­дап, оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

Мұх­тар Тай­жан:

– Құр­мет­ті ағай­ын! Бүгін­гі оты­ры­сы­мы­зды «Халы­қтық пар­ла­мент­тің» алға­шқы оты­ры­сы деп ата­дық. Бұл пар­тия, қозға­лыс емес. Жиналған­дар­дың пікір­лері әртүр­лі болуы мүм­кін. Пар­ла­мент – ол тек қана сая­си сахна, ашық пікір­та­лас болуы мүм­кін. Біз үлгі көр­се­туі­міз керек, сая­си мәде­ни­еті­міздің дең­гей­ін көр­се­туі­міз керек.

Әрқай­сы­мыз өткен сай­ла­удың нәти­же­лері­мен келіс­пей­міз. Бәрі­міздің ұста­ны­мы­м­ыз – мына сай­лау өтірік өтті. Біз­ге бер­ген дауы­сты санау про­цесін­де біздің бақы­ла­у­шы­лар­ды жолатқан жоқ. Ол заңға қай­шы бол­ды. Сон­ды­қтан сай­ла­уды мой­ын­да­май­мыз. Ақор­да, Тоқа­ев, Карин, Нұр­тіле­уов, Қоша­нов, Әшім­ба­ев, Бала­е­ва және осы жер­де «КНБ»-нің сая­си өкіл­дері болуы мүм­кін, бар­шаңы­зға біздің айта­ры­мыз: бұл сай­лау өтірік өтті, біз үзіл­ді-кесіл­ді мой­ын­да­май­мыз. Біз өзі­міздің қоғам­дық-сая­си жұмыста­ры­мы­зды әрі қарай жалға­сты­ра бере­міз. Өйт­кені халық біз­ге сеніп, дауы­ста­рын бер­ді. Біз сол сенім­ді жер­ге таста­май­мыз, жұмысы­мы­зды жалғастырамыз.

Регла­мент бой­ын­ша бірін­ші сөз Лұқ­пан Ахме­ди­я­ро­вқа беріледі.

Лұқ­пан Ахмедияров:

– Осы сай­ла­у­ға ешкім­нің көңілі толған жоқ, күмән туды­ра­тын көп жағ­дай бол­ды. Дауыс санаған­нан бастап, үгіт-наси­хат жүр­гіз­ген­де де көп заң бұзу­шы­лық болды.

Менің айта кетерім: Батыс Қаза­қстан облы­сын­да 11 үміт­кер бол­ды, оның еке­уін сай­ла­удың алдын­да алып таста­ды. Тоғыз адам қал­дық, сон­да үгіт-наси­хат жүр­гіз­ген­де, біздің бай­қаға­ны­мыз: Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бүкіл аймақтарға өздерін­ше бел­сен­ді-сымақ кан­ди­дат­та­рын алып кел­ген. Біздің облы­стан адво­кат Абзал Құс­пан бол­ды, сол кісі­ге бүкіл әкім­шілік­ті, мұғалім­дер­ді пайдаланды.

Бола­шақта бұл адми­ни­стра­ци­я­лық ресур­сты қалай тоқта­туға бола­ды? Менің ойым­ша, мәжіліс­ке сай­ла­у­ға түс­кен бүкіл кан­ди­дат­тар­дың мақ­са­ты – заң­ды өзгер­ту ғой. Өйт­кені қазір заң­дар­дың біре­уі де демо­кра­ти­я­лық прин­цип­ке сай кел­мей­ді, ол заң­дар­ды өзгер­ту керек. Соны­мен қатар «Сай­лау тура­лы» заң­ды алсақ, мін­дет­ті түр­де мұғалім­дер бол­сын, мем­ле­кет­тік меке­ме­лер ұйым­да­ры, жер­гілік­ті әкім­шілік­тер бол­сын, солар­ды сай­ла­удан қалай алып таста­уға бола­ды? Менің­ше, соны заңға енгі­зу керек.

Өйт­кені біздің Батыс Қаза­қстан облы­сын­да жер­гілік­ті әкім­шілік өкіл­дері осын­дай жұмыс атқа­рып, бар­лық жар­на­ма, үгіт-наси­хат орын­да­рын бір ай бұрын иеленіп алған. Біз барған­да, бар­лық жар­на­ма орын­да­ры бос емес екенін айтып, бізді қай­та­рып жібер­ді. Осы менің ұсынысым.

Мұх­тар Тай­жан:

– Рах­мет! Жас бол­са да,15 жыл сая­си сахна­да жол­да­сы­мен бір­ге күресіп келе жатқан Инга Иман­бай­ға сөз бере­мін. Жан­бо­лат әріп­тесі­міз қазір – қамауда. Ермек Нарым­бай, Марғұлан Боран­бай, Данат Намаз­бай, тағы басқа­ла­ры да қазір қамауда. Осы сая­си тұтқын­дарға бостан­дық талап етеміз.

Инга Иман­бай:

– Бүгін біз халы­қтың қол­да­уы­на ие болған, өткен Пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да шынайы жеңіс­ке жет­кен тәу­ел­сіз үміт­кер­лер бас қосып отыр­мыз. Егер елде әділет­ті, әрі ашық дода болған­да, біз бүгін Алма­ты­да қонақ үйде емес, Аста­на­да мәжілістің төрін­де қор­да­ланған көп­те­ген мәсе­лені көте­ру­ге мүм­кін­ді­гі­міз болар еді.

Бірақ біздің дауы­сы­мыз ұрлан­ды, сай­лау нәти­же­сі бұр­ма­лан­ды, халы­қтың үміті мен сені­мін билік аяқа­сты етіп, Ақор­да таң­даған қуыр­шақтар Пар­ла­мент­ке өтті.

Енді біз әрі қарай не істей­міз деген сұрақ туын­дай­ды? Бүгін «Халық пар­ла­мен­ті» деп осын­да жина­лып отыр­мыз. Иә, біздің қолы­мы­зда ешқан­дай билік жоқ, құзіреті­міз бен әкім­шілік ресур­сы­мыз да жоқ. Бірақ біз­де халы­қтың сені­мі мен қол­да­уы бар. Әрқай­сы­мы­здың арты­мы­зда біз­ге дауыс бер­ген мың­даған сай­ла­у­шы бар. Олар­дың сені­міне біз сатқын­дық жасай алмай­мыз. Сол себеп­ті біз әділ­дік пен теңдік үшін күресі­мізді жалғастырамыз.

Қазір­гі сәт­тен бастап біз нақты қадам­дар жаса­уы­мыз керек. Бірін­ші­ден, дәл қазір­гі таң­да ақиқат пен әділ­дік үшін күрес­кен бір­не­ше аза­мат­тың соты жүріп жатыр. Олар­ды халы­қа­ра­лық және қаза­қстан­дық құқық қорғау ұйым­да­ры сая­си тұтқын ретін­де таны­ды. Өздеріңіз білесіз, жақын­да демо­кра­ти­я­лық пар­тия жетек­шісі Жан­бо­лат Мамай­дың соты аяқта­ла­ды. Ол сая­си себеп­пен қуда­ла­нып, түр­ме­ге қамалған. Қазір үйқа­мақта оты­рға­ны бар­шаңы­зға белгілі.

Қаңтар кезін­де әуе­жай­ды басып алды деген күдік­пен аса ауыр айып тағы­лып, түр­ме­де оты­рған Қалас Нұр­пей­і­сов деген аза­мат бар, қара­пай­ым тарих пәнінің мұғалі­мі. Қаңтар­да азап көр­ген, қазір соты болып жатқан Қосай Махам­бе­то­втың ісін ұмыт­пай­ық. Сонау Укра­и­на­дан Қаза­қстанға ора­лып, бір­ден қамауға алы­нған Ермек Нарым­бай әлі абақты­да отыр. Ұлт­тық мүд­дені қорғап, бір­не­ше пост жазға­ны үшін сот­талған Данат Намаз­ба­ев пен Марғұлан Боран­бай­дың мәсе­лесін көте­ру керек. Қаңтар кезін­де заң­сыз қуда­ла­нып, ұзақ жыл­дарға сот­талған, аты көп­шілік­ке бей­мәлім бір­ша­ма аза­мат­тар темір тор­дың арғы жағын­да отыр. Міне, осы аза­мат­тарға қорған болуы­мыз керек.

Осын­дай жиналған аза­мат­тар­дың адал­ды­ғы­ның, шын­шыл­ды­ғы­ның негіз­гі баро­мет­рі, көр­сет­кі­ші – дәл осы сая­си тұтқын­дарға ара­ша бола ала­мыз ба, міне, осы­мен өлше­неді. Егер Жан­бо­лат­ты түр­ме­ге қай­та қама­са, Қалас Нұр­пей­і­сов пен басқа­ла­рын сот­та­са, жоға­ры­да аталған аза­мат­тар­ды түр­ме­ден босат­па­сақ, біз тап-таза, тыныш зал­да отыр­май, алаңға шығып, олар­дың бостан­ды­ғын талап ету­ге дай­ын болуы­мыз керек.

Өз басым Жан­бо­лат­тың жары ретін­де ғана емес, осы елдің жана­шыр аза­ма­ты ретін­де де оның бостан­ды­ғы үшін күре­сетін бола­мын. Сіз­дер­ді де соған шақы­ра­мын. Егер жазы­қ­сыз аза­мат­тарға қорған бола алма­сақ, қуғы­нға ұшы­раған аза­мат­тар­ды қорғай алма­сақ, онда біз халы­қтың аты­нан сөй­ле­у­ге ешқан­дай да құқы­мыз бол­май­ды. Осы­ған келі­сесіз­дер деп ойлаймын.

Екін­ші­ден, осы жер­ге түр­лі тір­кел­ме­ген пар­ти­я­лар мен қоғам­дық ұйым­дар­дың өкіл­дері кел­ді. Әрине, біздің бар­лы­ғы­мыз бір ұйым­да болуы­мыз мүм­кін емес, ол шарт емес. Бірақ біздің иле­гені­міз – бір терінің пұшпағы. Қаза­қстан­да әділет­ті әрі ашық қоғам болуы тиіс деп жүр­міз. Сая­си бәсе­ке бол­сын деп тілей­міз. Ал ол үшін не керек?

Біз билік­тің алды­на бар­лық сая­си пар­ти­я­лар тір­ке­луі тиіс деген талап қоюы­мыз қажет. Қазір­гі «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заң Ақор­да­ның ыңғай­ы­на қарай жазы­лған. Сол себеп­ті сая­си пар­ти­я­лар тура­лы жаңа заң қабыл­да­нып, пар­ти­я­лар­ды тір­кеу меже­сі төмен­де­уі тиіс. Біздің ұсы­ны­сы­мыз – пар­ти­я­ны тір­кеу меже­сі 500 ада­мға түсуі керек. Міне, осы мәсе­лені бар­лы­ғы­мыз көтерейік.

Үшін­ші­ден, бұдан бөлек, мен мына мәсе­ле­лер­ді қозғау қажет деп санай­мын. Пре­зи­дент­тік билік­ті шек­теп, Пар­ла­мент­тің құзіретін арт­ты­ра­тын, адам құқы­ғы қорға­ла­тын жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын дай­ын­да­уы­мыз тиіс. Кон­сти­ту­ци­яға рефор­ма жүр­гіз­ген­де, сенат­ты тарқатқан және мәжіліс депу­тат­та­ры­ның санын көбейт­кен жөн. Заң­на­ма­ны қай­та қарас­ты­рып, ойын ашық біл­ді­ру және бей­біт жиын жасау секіл­ді ең негізі адам бостан­ды­қта­ры­ның қам­та­ма­сыз етілуіне кепіл­дік берілуі керек.

Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы құра­мын тәу­ел­сіз әрі пар­ти­я­сыз заң­гер­лер тарқа­та­ды. Аза­мат­тар, заң­гер­лік кеңес­шілер, құқық қорға­у­шы­лар мен уни­вер­си­тет оқы­ту­шы­ла­рын тағай­ын­дай­тын про­це­ду­ра енгі­зу. Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сын пре­зи­дент қыз­метіне оты­рғы­з­бау керек. Ол бел­гілі бір мерзім­ге сай­ла­на­тын лау­а­зым болуы тиіс.

Қаза­қстан халық ассам­бле­я­сы сияқты түк­ке қажет­сіз ұйым­ды тара­ту керек. Соны­мен бір­ге кеше­гі Қызы­л­жар­да болып жатқан әре­кет­тер­дің қауіп­тілі­гін ескеріп, сепа­ра­тизм мен сепа­ра­тизм­ге үндеу үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ті күшей­туі­міз керек. Қаңтар қасіретін объ­ек­тив­ті және жан-жақты тек­се­руді талап етуі­міз тиіс. Бұл – қоғам­да бұрын­нан айты­лып, көтеріліп жатқан мәсе­ленің бір­сы­пы­расы екені бар­ша­мы­зға аян.

Бірақ соны айтып қана қой­май, ол рефор­ма­ларға қол жет­кі­зу үшін, бар күші­мізді аямауы­мыз керек, әйт­пе­се бұл дауға біз не үшін жинал­дық? Енді бұған қалай қол жет­кі­зе­міз? Не істей­міз деген заң­ды сау­ал туады.

Иә, әрқай­сы­мы­здың түр­лі жағ­дай­ларға көзқа­ра­сы­мыз бір­дей бол­мауы мүм­кін. Бірақ осы тұста бірі­гіп, тізе қосып, әре­кет ететін кез кел­ді деп ойлай­мын. Ол үшін бөлін­бей, әрқай­сы­мыз әр жаққа тарт­пай, бірі­гуі­міз керек. Егер осы зал­да оты­рған аза­мат­тар шын­дық жолы­нан тай­ма­са, жоға­ры­да атаған сая­си тұтқын­дарға ара­ша болуға атса­лыс­са, мен өз басым олар­ды сына­мауға сөз бере­мін, ал ондай жағ­дай бол­ма­са, онда ешқан­дай «Халық пар­ла­мен­тінің» қажеті бол­май шығады.

Менің­ше, «Халық пар­ла­мен­тінің» нақты ата­уы болуы тиіс. Себебі заң бой­ын­ша өзі­мізді Пар­ла­мент мүше­лері дей алмай­мыз. Енді осы үшін билік сыны­қтан сыл­тау іздеп, қуда­лау ұйым­да­сты­руы да мүм­кін. Сон­ды­қтан оны ұлт­тық емес, «Халық кеңесі» деп ата­уға шақырамын.

Соны­мен бір­ге бұл істің басы бар, аяғы жоқ болып қал­мауы керек. Осы себеп­ті оның тұрақты қыз­мет ететін ұйы­мын жаса­уы­мыз керек. Ол үшін кемін­де айы­на бір рет, ал шұғыл жағ­дай­лар болған­да, одан да жиірек бас қосуы­мыз керек. Дәл осы­ған ұқсас ұйым 2019 жылы Жар­ма­хан Тұяқ­бай­дың баста­ма­сы­мен құры­лған бола­тын. Бірақ оның еш нәти­же­сі де, аяғы да болған жоқ. Біз тарих­тан сабақ алу үшін, ол жәй­дің бәрін еске­руі­міз тиіс. Жай адам­дар­дың жина­ла­тын орны­на айнал­мауы­мыз керек.

Осы себеп­ті нақты жұмысқа кірі­су керек. Ол, жоға­ры­да айтқа­ным­дай, сая­си тұтқын­дар­дың бостан­ды­ғын талап ету­ден бастал­сын. Егер елі­міз­де аза­мат­тар сая­си көзқа­ра­сы үшін қуда­ла­нып, түр­ме­ге қамал­са, біздің әде­мі зал­да жина­лып сөз сөй­ле­гені­міз­ден не пай­да? Сон­ды­қтан бүгін­гі жиын­да бір­не­ше үндеу айты­луы тиіс деп санай­мын. Соның негіз­гісінің бірі – бар­лық сая­си тұтқын­дар­дың атын атап, түсін түстеп, оларға бостан­дық талап етуі­міз керек. Егер ол талап орын­дал­ма­са, бар­лы­ғы­мыз митин­гі­ге шыға­ты­ны­мы­зды ашық жария етуі­міз керек. Міне, нақты нәти­же, жұмыс осы­дан баста­ла­ды. Адал аза­мат­тар жиналған пар­ла­мент адал аза­мат­тарға қорған бола біл­се деймін.

Рыс­бек Сәр­сен­бай:

– Ғалым­дар қашан да бір қадам ілгері жүреді ғой. Көтеріп оты­рған мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты ұсы­ны­сты айта­мын, осы жоба дұрыс десеңіз­дер, қабыл­дай­мыз, толы­қты­ра­мыз. Қабыл­дан­ба­са, ол тағы да еріктеріңізде.

«Халық пар­ла­мен­ті» деп ата­дық. Қазір билік­тің Пар­ла­мен­ті бар, бұл халы­қтың іші­нен шыққан Халық пар­ла­мен­ті, яғни халық іші­нен шыққан аза­мат­тар­дан құралған жұмыс істеу тобы. Билік­тің Пар­ла­мен­ті қан­дай мәсе­ле көте­реді, біз де соны қара­уы­мыз керек, айыр­ма­мыз – біз­де адал, таза және ықпал­ды жұмыс істеу.

«Халық пар­ла­мен­тін» құру және жұмысын үйле­сті­ру тура­лы топ­тар құру керек деп отыр­сыздар. Қазір мен сол тура­лы дай­ын­далған тап­сыр­ма бой­ын­ша маз­мұн­дап айта­мын, қоғам бел­сен­ділері­мен бір рет талқы­дан өткізіп алған­быз, негізі­нен толық қол­данған. Кей­бір ұсы­ны­стар­ды осы жер­де қостық.

2022 жылы 9 мау­сым­да және 2023 жылғы 19 науры­здағы сай­ла­у­лар авто­ри­тар­лық, тота­ли­тар­лық жүй­ені сақтап қалу­дың, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды қажет­сін­бе­удің нақ өзі болып шықты. Кезек­тен тыс өткен бұл сай­ла­уда Тоқа­ев 7 жыл пре­зи­дент­тік билік­ке ием­ден­ді. «Ама­нат» және сол сияқты қоғам­да қадірі жоқ пар­ти­я­лар мен халы­қтан қол­дау тап­паған­дар Пар­ла­мент мәжілісіне өтті. Назар­ба­ев­тың клан­дық, отба­сы­лық, оли­гарх­тың жүй­есінің сая­си тіре­гі болған, атын ауы­сты­рған­мен, заты, адам­да­ры өзгер­ме­ген пар­тия халы­ққа ешқа­шан да қыз­мет етпей­ді. Бұл пар­тия Пар­ла­мент­те­гі басым­ды­ғын пай­да­ла­нып, қазір­гі пре­зи­дент­тің сой­ы­лын соғып отыр. Тоқа­ев төңіре­гін­де­гілер бұл сай­ла­у­лар­да ескі тәсіл­дер­ді еш шімірік­пей, іске қол­дан­ды. Заң ата­улы­ны белі­нен басты. Әр жер­де­гі комис­си­я­лар және оның төраға­ла­ры ар-ұят­ты ұмыт­ты. Мил­ли­он­даған сай­ла­у­шы­ның үмітін үзді, алдап соқты. Қоғам­да сая­си-мораль­дық құл­ды­рау, кері кету­шілік асқынды.

Мем­ле­кет­ке сенім­сіздік­тің соңы билік­ке ашық қар­сы­лы­ққа алып келері сөз­сіз. Қаза­қстан­ның бар­лық аймақта­рын­да жап­пай күрес, заң бұзу­шы­лы­қтар және соңғы сай­лау нәти­же­сін халық қол­дап оты­рған жоқ. Нара­зы­лы­қтар, қай­та­дан сай­лау өткі­зу талап­та­ры күн сай­ын көбей­іп бара­ды. Дауыс ұрлау мен заң­сыз әре­кет­тер, билік­ке кел­ген­дер­ден адал­ды­қты, әділет­тілік­ті, заң­ды құр­мет­те­ушілік­ті күту­ге бол­май­ды. Елде сая­си өзгеріс жаса­уға қабілет­ті және оған ынта­лы жүз­де­ген бел­сен­ді аза­мат­тар­дың, қоғам­да орны бар таны­ма­лы­ның бір­де-біре­уін сай­лау ұйым­да­сты­ру­шы­лар өткіз­бей тастады.

Авто­ри­тар­лық, тота­ли­тар­лық билік­ке әуе­стік­тің ақы­ры оның құла­у­ы­мен аяқта­ла­ты­ны айқын. Бірақ оған дей­ін мем­ле­кет­тілік­тен, тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­лып қала­тын­дай жағ­дай­ға жақын­да­дық. Біз­дер, осын­да оты­рған отан­шыл аза­мат­тар дәл қазір­гі сәт­те қоғам, мем­ле­кет үшін өзі­міздің жау­ап­ты екені­мізді сезініп, топ­та­суға тиіс­піз. Халық ішін­де жүріп, оның мұң-мұқта­жын айтып, мүд­десін қорғап, көп­шілік сені­міне кір­ген, қол­дау тапқан қоғам қай­рат­кер­лері мен бел­сен­ділері, депу­тат­ты­ққа кан­ди­дат­тар, бақы­ла­у­шы болып сай­ла­у­ға қаты­сқан аза­мат­тар «Халық пар­ла­мен­тін» құрға­ны­мыз жөн деп есеп­тей­міз. Біз Қаза­қстан­ды сая­си құқық, кедей­шілік­тен, жемқор­лы­қтан, әре­кет­сіз­ден құтқа­руға тиіспіз.

«Халық пар­ла­мен­тінің» мақ­сат­та­ры мен міндеттері:

– 19 науры­здағы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті мәжілісінің және мәс­ли­хат­тың депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат­тар­ды сай­ла­удағы заң бұзу­шы­лы­қтар­ды тал­дау, Кон­сти­ту­ци­я­лық, Жоғарғы сотқа және Бас про­ку­ра­ту­раға жасалған шағым­дар­дың нәти­же­леріне сарап­та­ма жасау;

– Сай­ла­уда заң бұзу­шы­лы­қтарға қаты­сы бар сай­лау комис­си­я­ла­рын, төраға­ла­рын жұрт­шы­лық талқы­сы­на салу, қыл­мыстық әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тартқызу;

– Пре­зи­дент және Пар­ла­мент сай­ла­у­ла­ры­на жұм­салған мил­ли­ард­таған қар­жы­ның есебін талап ету, зерт­теу жүр­гі­зу. «Сай­лау тура­лы», «Сая­си пар­ти­я­лар мен бір­ле­стік­тер тура­лы», «Митинг бостан­ды­ғы тура­лы» заң­дарға өзгер­ту­лер мен түзе­ту­лер енгізу­ге ұсы­ныс жасау; қоғам­дық талқы­ла­у­лар жүр­гі­зу. Дау туғы­зған Пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткі­зудің дұры­сты­ғы тура­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­та қара­уға ұсы­ныс жаса­уға пре­зи­дент­ті мәжбүрлеу;

– Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын дай­ын­дау және халы­ққа таны­сты­ру. Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны рефе­рен­дум арқы­лы қабыл­да­туға халы­қты жұмыл­ды­ру, ықпал ету. Мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың пре­зи­дент­тік жүй­есін пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есіне көші­ру жөнін­де ұсы­ны­стар­ды іске асы­руға атса­лы­су. Сай­лау комис­си­я­сы күн тәр­тібін өзгер­ту арқы­лы мек­теп мұғалім­дерін ондай қосалқы мін­дет­тер­ден босатқы­зу, сай­ла­у­лар­ды мек­теп­тер­ден тыс жер­лер­де өткіздірту;

– Билік Пар­ла­мен­тінің күн­делік­ті жұмысын қадаға­лау, кез кел­ген келеңсіздік­ті ашық сынға алу. Үкі­мет жасақта­рын Дала ұлан­да­ры­нан ұсы­ну, мини­стр­лер мен пре­мьер-мини­стр­лер­ді бекіту­ге қар­сы­лық келтіру;

– Пре­зи­дент­тің үкі­мет бас­шы­сы­ның эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, сая­си мәсе­ле­лер жөнін­де­гі жар­лы­қта­рын, қаулы­ла­рын, мәлім­де­ме­лерін, тап­сыр­ма­ла­рын, мін­дет­терін қадаға­лап оты­ру. Сөз бен істе­гі алшақты­қты, бос мәмі­ле, халы­қты алда­уды әшке­ре ету;

– Назар­ба­ев­тың, оның әулетінің, ала­яқтар­дың мем­ле­кет­те жымқы­рған қар­жы­ла­рын, кәсі­по­рын­дар мен ғима­рат­та­рын, кен орын­да­рын қай­та­ру, қыл­мыстық жау­а­пқа тар­тқы­зу ісіне қаты­су. Қай­та­ры­лған қазы­на­ны халық игілі­гіне пай­да­ла­ну­ды қадағалау;

– 2022 жылғы Қаңтар қасіретіне бай­ла­ны­сты құры­лған бар­лық қоғам­дық, тәу­ел­сіздік комис­си­я­лар­дың жұмысы­на қол­дау жасау. Халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры арқы­лы Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы, басқа да сая­си құқы­қтық мін­бер­лер­ден Қаңтар қасіреті тура­лы мәсе­ле көте­ру. Митин­гі­ге қаты­су­шы­ларға қар­сы оқ атуға тый­ым салғы­зу. Бей­біт ұйым­да қаза тапқан­дар­дың, азапта­нып, дәлел­сіз, заң­сыз сот­талған­дар­дың істерін қай­та қарату;

– Қаңтар қаһар­ман­да­ры­ның мәр­те­бесін бел­гілеу. Олар­дың авто­ри­тар­лық, дик­та­тор­лық жүй­е­ге қар­сы тұрған демо­кра­ти­я­лық өзгерістер жолын­дағы күре­стерін баға­ла­ту. Жемқор­лық, сатқын­дық сал­да­ры­нан шетел­дік ком­па­ни­я­ларға беріл­ген стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар нысан­дар­ды қай­та­рып алу. Келісім­шар­ттар­ды тек­се­ру­ден өткі­зу. Елі­міздің эко­но­ми­ка­лық, сая­си тәу­ел­сізді­гіне нұқ­сан кел­тір­ген Еура­зи­я­лық одақтан шығу мәсе­лесін көте­ру. Қаңтар оқиға­сы кезін­де алаң­дар­да бей­біт тұрғын­дар­ды көше­лер­де атуға қаты­сы бар деп күдік­ке ілін­ген­дер­ді жаза­лап, ОДКБ-дан шығар­ту. Ресей­дің Укра­и­наға басқын­шы­лық соғы­сын айып­тау, ол соғы­сты тоқта­ту үшін, Қаза­қстан, Орта Азия елдері халы­қта­ры­ның бей­біт­шілік жөнін­де­гі бір­лі­гін ұйым­да­сты­ру. Сая­си тұтқын­дар­ды бостан­ды­ққа шығар­ту, сая­си көзқа­рас­та­ры, нара­зы­лы­қта­ры үшін аза­мат­тар­ды қуғын­да­уға қаты­сты­ру. Демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­дың қалып­та­суы­на ықпал ету.

«Халы­қтық пар­ла­мент­тің» атқа­ра­тын жұмыста­ры­ның негіз­гілері осылар.

Енді «Халық пар­ла­мен­тінің» жұмысын үйле­сті­ру тура­лы мына­дай топ­тар құрылады:

  1. Заң­дық мәсе­ле­лер тобы;
  2. Билік­тің жұмысын қадаға­лау тобы;
  3. Ұрланған қара­жат­тар­ды қай­та­ру тобы;
  4. «Қаңтар-2022» тобы;
  5. Эко­но­ми­ка және әле­умет тобы;
  6. Тіл және жер мәсе­лесі тобы;
  7. Жұмыл­ды­ру­шы топ.

Осы 7 топ мүше­леріне шек қой­ыл­май­ды. Топ жетек­шісін сол топқа кір­ген­дер сай­лап ала­ды. Топ жетек­шілері үйле­сті­ру кеңесінің құра­мы­на кіреді.

Ора­за­лы Ержанов:

– Менің айта­тын нақты ұсы­ны­сым бар: кеше­гі тағай­ын­далған Әли­хан Смай­ы­лов – пре­мьер-министр, ресми Пар­ла­мент­тің шеші­мі қате деп сана­уы­мыз керек. Екін­ші ұсы­ны­сым: біз Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум өткі­зуі­міз керек.

Екі сұрақ: Кон­сти­ту­ция қалай қабыл­да­на­ды? Оны қабыл­дау үшін мәжілістің санын өзгер­туі­міз керек. Мәжілістің санын 250–300 депу­татқа жет­кі­зу керек.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­кас­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сын қабыл­да­уды қол­дай­сыз ба? Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша Пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есіне ауы­суы­мыз керек.

Осын­дай сұрақтар­мен рефе­рен­дум өткі­зетін нақты бір күн­ді бел­гіле­сек, Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум жай­ын­да заң бар, алды­мен жина­лыс өткі­зуі­міз керек, оған облы­стың өкіл­дері­нен кем деген­де 30 адам қаты­суы керек. 29 сәуір неме­се 7 мамыр – осы екі күн­нің біре­уін бел­гілеп, жұмысқа кірі­сей­ік дегім келеді.

Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва:

– Баян­да­ма­ның тақы­ры­бы – Заң бұзу­шы­лық жоға­ры­дан баста­ла­ды. Қаза­қтың бір әні бар еді: «Айта-айта Алтай­ды, Жамал апай қар­тай­ды» деген. Осы жол­да жүр­гені­міз­ге біраз жыл бол­ды. «Халық пар­ла­мен­тінің» жұмыс жоба­сын қол­дай­мын. Рефе­рен­дум тура­лы ойды қолдаймын.

Қазір­гі сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­ке­мей жатқан­да, сая­си қамауда, қуда­ла­у­мен оты­рған аза­мат­тар­дың жағ­дайы қиын болып тұрған­да, біз­ге көп­шілік­ті бірік­тіретін ортақ идея, ортақ қадам керек. Оған осы рефе­рен­дум өте дұрыс шешім бола­ды деп ойлай­мын. Менің айтар тақы­ры­бым кере­мет, бірақ оның бәрін өздеріңіз де білесіз­дер, уақыт тапшы.

Осы жиы­нға келер­де Қона­ев қала­сы­нан бір аза­мат­ша хабар­ла­сты. Қан­дай қысым болға­ны тура­лы, сіз­дер бәрібір өтпей­сіз­дер деп, оларға қыз­мет, ақша, басқа да жағ­дай­лар айтқан. Шынайы ман­дат үшін тіп­ті мәжіліс­ке ғана емес, облы­стық мәс­ли­хатқа түсем деген аза­мат­тарға да сон­дай жағ­дай жасал­ды. Ал одан кей­ін тіке­лей әкім­шілік аппа­ра­ты­ның жетек­шілері соны­мен айна­лы­сты. Оның нақты дәлел­дері бар.

Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­нан бастап, бар­лық комис­си­я­лар толы­ғы­мен отстав­каға кетуі керек. Қыл­мыстық кодек­с­ке өзгерістер енгі­зуді талап етуі­міз керек. «Сай­лау тура­лы» заң бой­ын­ша сай­лау кезін­де­гі қыл­мыста­ры үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лып, біздің кодек­с­те­гі ұсақ-түй­ек айып­пен құтыл­май, кәдім­гі қыл­мыстық іс қозғалған­нан кей­ін түр­ме­ге қама­луы керек. Заң бой­ын­ша әр пар­тия өзінің өкіл­дерін кез кел­ген комис­си­яға ұсы­нуға құқы­лы. Яғни, бұл пар­ти­я­лар­дың да құқы­ғы сақтал­ма­ды. Әрине, Пар­ла­мент­ке өткен пар­ти­я­лар бұл мәсе­лені көтер­мей­ді. Осы­ның өзі осы сай­ла­уды теңдік, заң талап­та­ры сақтал­маған­ды­қтан, заң­сыз деп жария ету­ге толық негіз бола алады.

Бір ман­дат­тық округ­тан түсіп жатқан депу­тат­тар­дың мүм­кін­дік­тері шек­тел­ді. Осын­дай Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы, Кон­сти­ту­ци­я­ны бұза оты­рып өткіз­ген пар­ла­мент леги­тим­ді пар­ла­мент емес. Кон­сти­ту­ци­я­ның 18-бабын­да көр­сетіл­ген «кез кел­ген аза­мат өзіне қаты­сты мәлі­мет­ті кез кел­ген мем­ле­кет­тік орган­нан алуға, талап ету­ге құқы­лы» деп.

Осын­да оты­рған елдің бет­ке ұстар аза­мат­та­ры­ның бір­де-біре­уіне комис­си­я­ның толық хат­та­ма­ла­ры беріл­ген жоқ. Қала, округ бой­ын­ша қоры­тын­ды жиын­тық хат­та­ма беріл­ген жоқ. Нелік­тен? Қыл­мыс жасаған­дар қорқады.

Тағы ұсы­ны­сым: құр­мет­ті заң­гер­лер, құр­мет­ті адво­кат­тар, ком­па­ни­яда қыз­мет­те­гі құр­мет­ті мыр­за­лар, сіз­дер осы мем­ле­кет­те өмір сүріп жатыр­сыздар, біз бәрі­міз бірі­гіп, мына билік­ті өзгер­туі­міз керек. Тоқа­ев­тан үміт етіп жүр­ген адам­дарға мен көңіл айта­мын. Істеріңіз­ге сәт­тілік тілеймін!

Арай­лым НАЗАРОВА:

– Бүгін­гі баста­ма­мыз өте қажет және маңы­зды. Сон­ды­қтан бастаған ісі­міз осы­мен тоқтап қал­май, алдағы уақыт­та үлкен халы­қтық қозға­лы­сқа айна­ла­ды деген үміт­те­мін. Елде­гі, мем­ле­кеті­міз­де­гі әділет­сіздік, эко­но­ми­ка­дағы аху­ал, әле­умет­тік жағ­дай­дың төмен­де­уі – осы­ның бар­лы­ғы сай­лау учас­ке­лері­нен баста­ла­ды. Сон­ды­қтан халық болып, сай­ла­у­ға бел­сене ара­ла­суы­мыз керек еді.

Бұл сай­ла­уда ғана емес, осы­ған дей­ін­гі сай­ла­у­лар­да да бақы­ла­у­шы­лар мен сенім­ді өкіл­дер­дің құқы­қта­ры тап­та­лып кел­ді. «Сай­лау тура­лы» заң­да бақы­ла­у­шы­лар­дың құқы­қта­ры нақты көр­сетіл­се де, сай­лау учас­ке­лерін­де тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар мен кан­ди­дат­тар­дың сенім­ді өкіл­дерінің құқы­қта­ры бұзыл­ды. Нақты айтар бол­сақ, заңға сәй­кес, дауыс беру про­цесі бақы­ла­у­шы­ларға анық көрі­нуі керек бола­тын. Ал іс жүзін­де олай болмады.

«Сай­лау тура­лы» заң­ның 43-бабын­да көр­сетіл­ген ең өзек­ті мәсе­ле – дауыс санау про­цесі. Заң­да дауыс санау 20:00 сағат­та баста­луы тиіс деп нақты жазы­лға­ны­мен де, бұл жұмысты түн­гі 12-ге дей­ін баста­май оты­рып алған учас­ке­лер көп бол­ды. Ондай іс-әре­кет­тің бір ғана мақ­са­ты бар. Ол – фаль­си­фи­ка­ция жасау. Екін­ші­ден, дауыс санау про­цесі сол учас­ке­де оты­рған бар­лық бақы­ла­у­шы­лар мен сенім­ді өкіл­дер­ге анық, айқын көрі­нуі керек. Бірақ комис­сия мүше­лері бұл заң тала­бын осы уақы­тқа дей­ін орын­да­май келді.

Өкініш­ке орай, осын­дай қыл­мыс жасаған комис­сия мүше­лері ешқан­дай жаза мен жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған емес. Осын­дай фак­тілер бой­ын­ша 35 рет сотқа жүгін­дік, бірақ бір­де-біре­уі біздің тала­бы­мы­зды қанағат­тан­дыр­ма­ды. Бақы­ла­у­шы­лар­дың құқы­қта­рын бұза­тын тағы бір жағ­дай – сай­лау комис­си­я­сы­ның мүше­лері өздеріне кедер­гі кел­тір­ді деп есеп­те­се, бақы­ла­у­шы­лар­ды учас­ке­ден шыға­рып жібе­ре ала­тын­ды­ғы. Көп­те­ген комис­сия мүше­лері осы бап­ты пай­да­ла­нып, кез кел­ген себеп­пен бақы­ла­у­шы­ла­ры­мы­зды учас­ке­ден шыға­рып таста­уға тыры­са­тын бол­ды. Мыса­лы, өткен сай­ла­уда кофе ішкені үшін, бақы­ла­у­шы­мы­зды учас­ке­ден шыға­рып жібер­ген жағ­дай орын алған. Бұл ақы­лға сый­май­тын нәрсе.

Әділ сай­лау өткі­зе­міз десек, «Сай­лау тура­лы» заңға көп­те­ген өзгерістер енгі­зу керек. Бақы­ла­у­шы­лар құқы­қта­рын кеңей­ту, дауыс санау про­цесінің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету секіл­ді дүни­е­лер­ге баса назар ауда­ру қажет. Бақы­ла­у­шы­лар­ды учас­ке­ден шыға­рып тастау – комис­сия мүше­лерінің қала­уы бол­мауы тиіс. Заң­да сай­лау учас­кесі­нен кім­ді, қан­дай кедер­гі кел­тір­ген жағ­дай­да шыға­ра­ты­ны тура­лы нақты жазы­луы тиіс. Ал қазір­гі жағ­дай­да комис­сия мүше­лері сай­лау учс­кесінің қожай­ы­ны болып отыр. Не істе­се де – өз қалаулары.

Одан бөлек, Қыл­мыстық кодек­с­те­гі заң­дар­ды күшей­ту керек. Әрбір заңбұ­зу­шы­лық жасаған комис­сия мүше­сі қатаң түр­де жаза­ға тар­ты­луы керек. Сай­ла­уды ұйым­да­сты­рып оты­рған Орта­лық комис­сия бақы­ла­у­шы­ның да, кан­ди­дат­тың да құқы­ғын жер­ге тап­та­май, бар­лы­ғы­на тең мүм­кін­дік жаса­уға мін­дет­ті. Өкініш­ке орай, осы күні заң бұзуға барған бір­де-бір комис­сия мүше­сі тіп­ті әкім­шілік жаза­ға да тар­ты­лған жоқ.

Өткен сай­ла­уда «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы екін­ші орын­да тұр. Оған бүл­діріл­ген бюл­ле­тень санын қоса­тын бол­сақ, бұл көр­сет­кіш бірін­ші оры­нға шығып кете­ді. Яғни, «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа­ны заңға енгіз­сек, оған заң­ды күш бере­міз. Егер бұл гра­фа 50%-дан аса­тын бол­са, сай­лау нәти­же­сі жоққа шыға­ры­луы тиіс. «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын тек сән­дік үшін неме­се халы­қтың көңіл-күй­ін аны­қтау үшін ғана қоя­тын бол­сақ, ондай гра­фа­ның қажеті қан­ша? Халы­қтың сай­ла­у­ға қар­сы екенін адам­дар­дың сай­ла­у­ға қаты­суы­нан-ақ бай­қа­уға болады.

Мем­ле­кеті­мізді өзгер­тудің екі жолы ғана бар. Біре­уі – таза сай­лау, екін­шісі – алаң. Егер билік мем­ле­кет пен халы­ққа жаны шынайы аши­тын бол­са, таза сай­ла­у­ға мүм­кін­дік беруі керек. Олай бол­маған жағ­дай­да халық бұл талап­ты күшпен алуға мәж­бүр болады.

Ерлан ҚАЛИЕВ:

– Мен Пар­ла­мент депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер ретін­де өткен сай­ла­уды неге мой­ын­да­май­ты­ным­ды айтып өтей­ін. Бірін­ші­ден, сай­лау науқа­ны басталған кез­де өзім­ді үміт­кер ретін­де тір­ке­у­ге арыз жаз­дым. Бір жұма­дан кей­ін жер­гілік­ті сай­лау комис­си­я­сы менің үміт­кер­лік­ке сәй­кес еме­сті­гім тура­лы қоры­тын­ды шығар­ды. Мен сотқа жүгін­ген соң ғана «жоқ, біз қате­лесіп­піз» деп, мені тір­ке­у­ге мәж­бүр бол­ды. Соның сал­да­ры­нан үгіт-наси­хат жүр­гі­зудің орны­на екі апта уақы­тым­ды жоғалттым.

Одан кей­ін аги­та­ци­яға бөлін­ген қара­жат­ты да уақы­ты­лы ала алмай, әлек бол­дық. Осы сай­лау – Қаза­қстан тарихын­дағы ең лас сай­лау бол­ды десем, өтірік бол­мас. Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы 20 науры­зда алдын ала жари­я­лаған қоры­тын­ды­ға сәй­кес, сай­ла­у­ға 230 мың адам қаты­сып­ты. Ең қызы­ғы, бір апта­дан кей­ін жари­я­ланған ресми қоры­тын­ды бой­ын­ша, сай­ла­у­ға 235,5 мың дауыс беру­ші қаты­сқан. Логи­каға сүй­ен­сек, жаңа­дан көр­сетіл­ген 5,5 мың дауыс үміт­кер­лер ара­сын­да үле­стірілуі тиіс еді. Бірақ осы 5,5 мың дауыс қай­дан кел­ді, кім­дер­ге үле­стіріл­ді деген сұраққа әлі жау­ап ала алмай отырмыз.

Пар­ла­мент сай­ла­у­ы­мен қатар жер­гілік­ті мәс­ли­хат сай­ла­уы да өтті. Халы­қтың сай­ла­у­ға қаты­суы­на қаты­сты мәлі­мет­тер­дің айыр­ма­шы­лы­ғы жер мен көк­тей. Фаль­ци­фи­ка­ци­я­ның көп болға­ны сон­ша, сай­лау комис­си­я­ла­ры өздері сан­нан шатасқан.

Енді не істей­міз? Сот­тасқан­нан еш нәти­же жоқ екенін тағы көріп отыр­мыз. Про­ку­ра­ту­ра дым бол­маған­дай, үн қат­пай­ды. «Сай­лау тура­лы» заңға сәй­кес, фаль­ци­фи­ка­ция үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік қарас­ты­ры­лған. Алай­да қан­ша заң бұзу­шы­лы­қтар орын алып жатқа­ны­мен, бір­де-бір комис­сия мүше­сі заң алдын­да жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған емес. Ең ұяты – біз тек өз құқы­ғы­мы­зды тап­та­тып қана қой­май, шетел алдын­да Қаза­қстан­ның абы­рой­ын төгіп отырмыз.

Бізді осы жағ­дай­ға кім әкел­ді? Кім­нің мүд­десі үшін жасал­ды? Осы­ның бәрі «Ама­нат» пар­ти­я­сы үшін жасал­ды. «Сая­си пар­ти­я­лар» тура­лы заң­ның 13-бабы­на сәй­кес, пар­тия мем­ле­кет Кон­сти­ту­ци­я­сы мен заң­да­рын бұзған жағ­дай­да адам­дар сол пар­ти­я­ның жұмысын тоқта­туға құқы­лы. «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның заң бұзуы тура­лы дәлел­дер баршылық.

Сон­ды­қтан менің ұсы­ны­сым – бүгін­нен бастап нақты дәлел­дері­мізді кел­тіріп, «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның жұмысын тоқта­ту­ды талап етіп, сот­тарға жүгі­ней­ік. Заң аясын­да аны­қталған заң бұзу­шы­лы­қтар­ды жою үшін, пар­ти­я­ның жұмысын 6 айға тоқта­туға бола­ды. Сол уақыт ішін­де пар­тия сай­лау учас­ке­лерін­де орын алған заң бұзу­шы­лы­қтар­дың сал­да­рын жой­ып, кінәлілер­ді жаза­ға тарт­сын. Олай жаса­ма­са, бұл барып тұрған қыл­мыстық пар­тия болады.

Батыр АДАЙБАЕВ:

– «Халық пар­ла­мен­ті» – өте кере­мет, әрі қажет­ті баста­ма. Осы істі тоқтат­пай, әрі қарай жұмыс тобын құрып, нақты нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зетіні­міз­ге сенімдімін.

Сая­си рефор­ма­ларға қаты­сты ұсы­ны­ста­рым­ды айтып өтей­ін. Бәрі­міз­ге бел­гілі, бұл сай­лау өтірік сай­лау бол­ды. Сай­лау науқа­ны әділ, таза өтті деп айта алмай­мыз. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­да таза сай­лау про­цесін қам­та­ма­сыз ететін жаңа пара­диг­ма­ны құруға бағыт­талған сай­лау тура­лы жаңа кон­сти­ту­ци­я­лық заң қабыл­да­уды ұсы­на­мын. Сай­ла­у­ға кел­ген сай­ла­у­шы­лар саны 30%-дан аспай­тын, халы­қтың қаты­суы төмен сай­лау – заң­ды деп есеп­тел­ме­уі керек.

Тәжіри­бе көр­сет­кен­дей, сай­ла­у­шы­лар­дың бер­ген дауы­ста­ры қалай сана­ла­ты­ны емес, ол дауы­сты кім санай­ты­ны маңы­зды болып тұр. Осы орай­да бар­лық дең­гей­де­гі сай­лау комис­си­я­ла­ры­на аза­мат­тық қоғам мүше­лері тепе-теңдік негіз­де 50/50 қаты­суы тиіс. Ол өте маңызды.

Соны­мен қатар Пар­ла­мент мәжілісіне сая­си пар­ти­я­лар­дың өту шек­те­уін 3%-ға дей­ін төмен­де­туді ұсы­на­мын. Қоғам­дағы сая­си модер­ни­за­ци­яға деген сұра­ныс өз шеші­мін талап ете­ді. Мем­ле­кет­тік басқа­ру сала­сын­дағы аза­мат­тық баста­ма­лар сая­си пар­ти­я­лар арқы­лы жүзе­ге асы­ры­луы тиіс. Қол­да­ны­стағы пар­ти­я­лар тура­лы заң­на­ма елі­міздің сая­си құқы­қтық ақиқа­ты­на сәй­кес келмейді.

Тәжіри­бе көр­сет­кен­дей, пар­тия мүше­лерінің талап етілетін саны мен құры­л­тай съезін өткі­зу­де­гі аза­мат­тар­дың қол жина­уын, өңір­де­гі пар­тия фили­ал­да­рын тір­ке­тудің күр­делі рәсім­дері­нен басқа да көп­те­ген мәсе­ле­лер бой­ын­ша аза­мат­тық сек­тор әділ әрі дұрыс сын айтып отыр. Қол­да­ны­стағы заң­на­ма пар­ти­я­лар­ды құруға және тір­ке­у­ге көп­те­ген жасан­ды кедер­гілер мен шек­те­улер тудырады.

Осы­ған бай­ла­ны­сты сая­си пар­ти­я­лар­ды құру мен тір­ке­уді жеңіл­де­тетін жаңа заң­ды қабыл­дау аса қажет. Шынайы сая­си бәсе­ке­ле­стік­тің дүни­е­ге келуі мен елі­міз­де көп пар­ти­я­лы жүй­енің пай­да болуы үшін жағ­дай жасау – мықты заң­на­ма­лық негіз болған кез­де ғана мүм­кін бола­ды. Бей­біт митин­гілер мен жина­лы­стар тура­лы заң да аза­мат­тық қоғам­ның талап­та­ры­на мүл­де сәй­кес кел­мей­ді. Қол­да­ны­стағы заң бой­ын­ша, митин­гілер мен жина­лы­стар­ды өткі­зудің хабар­ла­ма­лық сипа­ты іс жүзін­де жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­ның рұқ­са­тын алуға келіп тіре­леді. Митинг өткі­зу жер­гілік­ті әкім­дік­тің айы­ры­қ­ша құзы­ретіне жата­ты­нын білдіреді.

Осы­ған бай­ла­ны­сты жер­гілк­ті атқа­ру­шы орган тара­пы­нан келісім алмай, шартсыз митинг өткі­зу құқы­ғын заңға енгі­зуді ұсы­на­мын. Осы ұсы­ны­стар­ды қолға алсақ, нақты жетістік­тер­ге қол жет­кі­зе аламыз.

Айман ТҰРСЫНҚАН:

– Біз сай­лау нәти­же­сін мой­ын­да­май­ты­ны­мыз тура­лы көп айт­тық. Биыл жер­гілік­ті әкім­шілік сай­ла­уы өтетінін біле­міз. Ол сай­лау да өте маңы­зды. Қазір Пар­ла­мент­ке кір­ген үміт­кер­лер депу­тат болып алып, жур­на­ли­стер­дің сұрақта­ры­нан қашып жүр­генін көр­дік. Өйт­кені олар­дың еш мақ­са­ты жоқ. Халы­қтың өмірін жақ­сар­ту үшін ештеңе істей алмай­ды. Өйт­кені олар Пар­ла­мент­ке лоб­би арқы­лы өтті. Ондай депу­тат­тар тек қана биз­не­сте­гі ірі мәсе­ле­лер­ді шешу үшін кір­ген десем, өтірік емес.

Сон­ды­қтан менің «жер­гілік­ті мәсе­ле­лер­ді кім шешеді?» деген сұрағым бар. Біздің ара­мы­зда жастар аздау болып тұр. Ол өте қауіп­ті. Өйт­кені жаста­ры­мыз біз­ге де, билік­ке де сен­бей­ді. Ертең қауіп туса, алаңға кім шыға­ды?! Менің үш балам бар. Оның еке­уі ұл бала. Олар­ды алаңға жібер­меу үшін, не істеу керек?

Біз­де жағ­дай­ды өзгер­тудің заң­ды жол­да­ры қал­май бара­ды. Осы орай­да Евге­ний Жовти­стің «жер­гілік­ті жер­де бюд­жет пен құзыр пай­да бол­са, демо­кра­тия ешқан­дай алаң­сыз орнай­ды» деген сөзі еске түседі. Мен өз ұлда­рым­ның қаңтар­дағы­дай алаң­да өлгенін қала­май­мын. Мен бей­біт және заң­ды түр­де­гі өзгерістер­ді қалаймын.

Сон­ды­қтан алда бола­тын жер­гілік­ті әкім­дер­дің сай­ла­у­ы­на бел­сен­ді түр­де қаты­суы­мыз өте маңы­зды. Мен «Сай­лау тура­лы» заң­ды мұқи­ят оқып шықтым. Ол сай­лау про­цесін өз бақы­ла­у­ы­мы­зға алуға мүм­кін­дік береді. Біз өткен сай­ла­уда өзін-өзі ұсы­нған үміт­кер­лер­мен және Пар­ла­мент­ке өтпей қалған пар­ти­я­лар­мен тығыз жұмыс жаса­дық. Ауыл­дық жер­лер­де­гі халық жұмы­ла алға­ны­ның арқа­сын­да сай­ла­у­шы­лар өз үміт­кер­лерін жер­гілік­ті мәс­ли­хат­тарға өткі­зе алды. Нәти­же­сін­де әр мәс­ли­хатқа бір­не­ше шынайы тәу­ел­сіз үміт­кер өтті. Сон­ды­қтан алда бола­тын сай­ла­у­ға өздеріңізді ұсы­ны­ңы­здар дегім келеді. Ол – 2680 ауыл­дық округ пен 67 қала әкімшілігі.

Сон­ды­қтан тез ара­да тиісті дай­ын­ды­қтан өтіп, бақта­ры­ңы­зды сынаңы­здар. Ара­мы­зда әртүр­лі себеп­тер­мен депу­тат­ты­ққа өтпей қалған үміт­кер­лер бар. Олар­дың бәрі үлкен тәжіри­бе жинақта­ды. Сол тәжіри­бе­мен сіз­дер­мен бөлі­су­ге дайынбыз.

Қазір мені депу­тат­ты­қа өткіз­беді деп, уақы­ты­мы­зды жоғалт­пай­ық. Оянып, нақты істер­ге көшей­ік. Сая­си күрес тоқта­май­ды. Жаңа құры­лған мәжіліс қара­пай­ым халы­қтың өмірін жақ­сар­туға бағыт­талған нақты әре­кет­тер­ге бар­ма­са, ондай Пар­ла­мент­тің құны көк тиын. Осы күні көріп оты­рған сепа­ра­тизм бел­гілері – жер­гілік­ті жер­де­гі сая­си мәсе­ле­лер­дің бей­жай қалға­ны­ның дәлелі. Осы­ған үлкен мән беруі­міз керек.

Жари­я­ла­ным­ды дай­ын­даған – Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ, Алма ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ, «D»

ҮНДЕУ

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­евқа «Халы­қтық пар­ла­мент­тің» үндеуі

Прези­дент мыр­за! Сая­си рефор­ма жасау, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды қадір­леу, аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорғау сияқты сөз­деріңіз іспен дәлел­ден­беді. Бәрі керісін­ше болып жатыр.

Мажо­ри­тар­лық сай­лау жүй­есін іші­на­ра енгізу­ге бай­ла­ны­сты жұрт­шы­лы­қтың көңіліне аздаған сенім ұялаған еді, ол сенім мүл­де ақтал­ма­ды. Билік­те­гілер алдап соқты. Дауыс ұрлай­тын, сай­лау нәти­же­сін бұр­ма­лай­тын, көр­сет­кі­ш­тер­ді қол­дан жасай­тын мұн­дай сай­лау-сымақтан мил­ли­он­даған адам одан әрі түңіл­ді. Мем­ле­кет­ке және оның бас­шы­сы Сіз­ге сенім­сіздік үдей түсті. Халы­ққа бер­ген уәдесін орын­да­маған, ақы­рын­да қарғы­сқа ұшы­раған Назар­ба­ев­ты қай­та­ла­саңыз, сон­да сіздің кім болға­ны­ңыз? Алдарт­пас дик­та­тор болғаныңыз.

«Алдағы сай­ла­удың заңға сәй­кес өтуіне әділ және қатаң бақы­лау жаса­ла­ды. Бұған ОСК және Бас про­ку­ра­ту­ра жау­ап береді» дегеніңіз жай­ы­на қал­ды. Тап­сыр­маңы­зды керісін­ше орын­даған ОСК-ның төраға­сы Әбді­ков пен Бас про­ку­рор Асы­ло­вқа қатаң шара қол­да­ны­ңыз. Қаза­қстан халқы­ның сені­мін ұрлаған, ақы­мақ санап алдаған, қор­лаған, намысын, құқы­ғын аяққа тап­таған олар­ды қыз­мет­тен кетіріңіз. Заң­мен жау­а­пқа тар­ты­ңыз. Сай­ла­у­ға бөлін­ген 30 млрд тең­ге халық қазы­на­сын жел­ге ұшы­рған­мен бір­дей еткен, мем­ле­кет­тің, оның бас­шы­сы­ның абы­рой­ын айран­дай төк­кен, ондаған мил­ли­он адам­ның сай­ла­у­ға сен­бес­ті­гін туғы­зған серік­теріңіз­ге аяу­шы­лық жасамаңыз.

Өйт­кені олар Кон­сти­ту­ци­ядағы мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы – халық, халық билік­ті тіке­лей рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум және еркін сай­лау арқы­лы жүзе­ге асы­ра­ды деген қаси­ет­ті қағи­да­ны тәр­кек етті. Бұл сай­лау еркін сай­лау емес, ерік­кен­нің ерме­гіне айналған­дай әсер­де қалдырды.

Кезек­тен тыс сай­ла­у­ға бер­ген Сіздің және атқос­шы­ла­ры­ңы­здың жалған баға­ла­ры­мен келіс­пей­міз. Сая­си орта­да өте ұят­ты жағ­дай­да аяқталға­ны үшін, Сіз жау­ап­кер­шілік­ті өз мой­ны­ңы­зға алы­ңыз. Біз осы­ны талап ете­міз. Сіз­дер­дің өтірік­теріңіз өрге бас­пай­ды, бәрібір халық көріп отыр, ақиқат­ты мой­ын­дау – ардың ісі. Арлы болыңыз!

Қаза­қстан­ды­қтар­дың басым бөлі­гі сай­ла­удың жап­пай заң бұзу­шы­лы­қ­пен өткеніне нара­зы және оның бұр­ма­ланған нәти­же­сіне қар­сы. Сай­ла­удағы толып жатқан заң­сызды­қтарға жол ашқан Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы, бәріне көз жұмып қараған про­ку­ра­ту­ра мен сот орын­да­ры депу­тат­ты­ққа кан­ди­дат­тар­дың ары­зын аяқ­сыз қал­дыр­ды. Жасалған қыл­мыстар­ды бүр­ке­ме­леп отыр. Заң жолы­мен әділет­тік­ке жету мүм­кін бол­май тұр.

Мұн­дай жағ­дай­да көше­лер мен алаң­дарға шығып, талап ету­ден басқа жол қал­ма­ды. Біздің талаптарымыз:

Жаңа­дан сай­лау өткізіл­сін, әділет­сіз, лас сай­лау арқы­лы «Ама­нат­тан» және оның көшін бастаған пар­ти­я­лар­дан, жарам­сақтар­дан жасақталған Пар­ла­мент мәжілісі заң­сыз, леги­тим­ді емес деп танылсын.

Біз­ге өзгеріс керек. Өзгеріс жасай­тын адал, жігер­лі, жүрек­ті, білек­ті, нағыз халы­қ­шыл аза­мат­тар сай­ла­у­ға қаты­сты­рыл­сын. Таза сай­ла­уда жеңсін. Билік­ті қолға алсын. Оған ешқан­дай кедер­гі жасалмасын.

Кедер­гі жаса­саңыз, Назар­ба­ев­тың арты­нан кетіңіз! Басқа айта­ры­мыз жоқ.

ҚАРАР

«Халық пар­ла­мен­тінің» тала­бы: Сая­си тұтқын­дарға, Қаңтар күрес­кер­леріне бостан­дық беру, қуғын­ды тоқта­ту – бүгін­гі күн­нің басты талабы.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы үкі­метін басқа­руға Әли­хан Смай­ы­ло­втың тағай­ын­да­луы үлкен қателік. Ол басқарған үкі­мет өз жұмыста­рын дұрыс атқа­ра алма­ды. Соған қара­ма­стан, сенім біл­діріп, жау­ап­кер­шілік артқан жаңа Пар­ла­мент­тің, «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның кадр­лық сая­са­тын қол­да­уы – оның дәр­мен­сізді­гін көр­се­те­ді. Жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­дау тура­лы мәжіліс құра­мын­дағы депу­тат­тар санын 250–300-ге жет­кі­зу, оның 50%-ын можа­ри­тар­лық, 49%-ын пар­тия тізі­мі­мен сай­лау тура­лы сұрақтар­ды рефе­рен­ду­мға шақы­ру ісі қолға алы­на­ды. Бұл іске 21 сәуір­ден бастап кірі­су қажет.

Мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың пре­зи­дент­тік жүй­есін пар­ла­мент­тік жүй­е­ге ауы­сты­ра­тын уақыт жет­ті. Пре­зи­дент Тоқа­евқа қой­ы­лған осы жиын­дағы халық тала­бы қуат­тал­сын. Кезек­тен тыс заң бұзу­шы­лы­қ­пен өткізіл­ген Пар­ла­мент мәжілісі, мәс­ли­хат­тың сай­ла­уы заң­сыз, леги­тим­ді емес деп таныл­сын. Заң бұзу­шы­лы­қты ұйым­да­сты­рған­дар жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­сын. ОСК төраға­сы қыз­меті­нен алынсын.

Рефе­рен­ду­мға сай жаңа сай­лау өткізіл­сін. Сай­ла­уды өз бас пай­да­сы­на қарай өткі­зу мақ­са­тын­да әкім­шілік мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­нып, халы­қты алда­у­мен келе жатқан заң бұзу­шы­лы­қтар­дың дем беру­шісі «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның қыз­метін тоқтатқы­зу мәсе­лесі күн тәр­тібіне қойылсын.

Пет­ро­пав­л­дағы сепа­ра­ти­стік әре­кет­тер­дің елі­міздің тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гіне қатер төн­діретінін еске­ре оты­рып, оған жол бер­ген Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің жұмысы төмен­гі дең­гей­де деп баға­лан­сын. Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті депар­та­мен­тінің басты­ғы қыз­меті­нен алын­сын. Пат­ри­от­тар­ды, аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді қуда­лау мен сая­сат­кер­ге қастан­дық жаса­у­мен айна­лы­су­дан қол­да­ры боса­май­тын күштік құры­лым­дарға түбе­гей­лі рефор­ма жасау қажет.

Ресей­дің эко­но­ми­ка­лық, ақпа­рат­тық үстем­ді­гіне жол беру­ге бол­май­ды. Біз Укра­и­наға жасаған опа­сызды­қтың қай­та­ла­нуы­нан қауіп­те­не­міз және оны бол­дыр­мау үшін Қаза­қстан халқын отан­шыл болуға, бір­лік­ті сақта­уға шақы­ра­мыз. Ал Пар­ла­мент­тің мақ­сат­та­ры мен мін­дет­тері және «Халық пар­ла­мен­тінің» жұмысын үйле­сті­ру тәр­тібі негіз­гі құжат ретін­де қабылдансын.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн