Воскресенье , 11 мая 2025

Шалқар НҰРСЕЙІТОВ: САЯСАТТАҒЫ КӨЗ АЛДАУ

метрикаларынан қалай құтылуға болады?

  • Кей­ін­гі 4–5 жыл­да айна­лам­дағы адам­дар маған екі сұрақты жиі қояды. Бірін­шісі – қашан үйле­несің, екін­шісі – осы сені неге поли­ция қамап қой­май­ды? Кей­де әңгі­мені көп созбай, екі сұраққа да бұй­ыр­тқан күні деп жау­ап бер­гім келеді.

Бірін­ші сұрақты көбіне туы­ста­рым мен доста­рым қояды. Ал екін­ші сұрақты мені сая­сат­та­ну­шы ретін­де тани­тын, бостан­ды­қта жүр­генім­ді көре алмай­тын адам­дар қояды (әзіл).

Менің ойым­ша, осы екі сұраққа өлшем неме­се көр­сет­кіш ретін­де қара­уға бола­ды. Біздің қоғам­да адам­ның отба­сы­лы болуы­на не бол­мауы­на қарап, оны бақыт­ты не бақыт­сыз деп баға­лай­тын­дар бар. Ал Қаза­қстан секіл­ді авто­ри­та­ризм орнаған мем­ле­кет­те билік­ке қаты­сты ойын ашық айта­тын адам­ның бостан­ды­қта жүруі – кей­біре­улер үшін таңқа­ла­тын нәрсе.

Менің негіз­гі маман­ды­ғым сая­сат­та­ну­шы болға­ны­мен, табыс көзім – стра­те­ги­я­лық ком­му­ни­ка­ция бой­ын­ша кон­суль­та­ция беру. Мен ком­мер­ци­я­лық ком­па­ни­я­ларға және үкі­мет­тік емес ұйым­дарға қыз­мет көр­се­те­мін. Ол ұйым­дар­дың бар­лы­ғы дер­лік пиар­дағы жетістік­ті елге таны­мал, сай­тқа шыққан мақа­ла­лар саны­мен, әле­умет­тік желі­де жазы­лу­шы­лар саны­мен, мобиль­ді қосым­ша­ны жүк­теп алған адам­дар­дың саны­мен, одан қал­са, лайк пен сто­ри­стағы қара­лым саны­мен есептейді.

Шын мәнісін­де, олар­дың жұмысы­на бұл көр­сет­кі­ш­тер­дің маңы­зы шама­лы. Өйт­кені бұл көр­сет­кі­ш­тер – бар болға­ны көз­ге әде­мі көрі­нетін, құлаққа май­дай жаға­тын, бірақ биз­не­стің табысын арт­ты­руға, ұйым­ның мис­си­я­сын жүзе­ге асы­руға айтар­лы­қтай әсер етпей­тін ста­ти­сти­ка. Ком­му­ни­ка­ция мен мар­ке­тинг­те мұн­дай көр­сет­кі­ш­тер­ді ағы­л­шын­ша vanity metrics, қаза­қ­шаға аударған кез­де «көз алдау» неме­се өз-өзін алдау мет­ри­ка­ла­ры деп ата­уға бола­ды. Өз басым бұл тер­мин­мен 2015 жылы АҚШ-та маги­стра­ту­ра­да стра­те­ги­я­лық ком­му­ни­ка­ци­я­ны оқып жүр­ген кез­де таныс бол­дым. 2017 жыл­дан бері Қаза­қстан­да өз жұмыс бары­сым­да жиі кездесем.

Кей­де мен бұл көр­сет­кі­ш­тер­ді эго­ны қанағат­тан­ды­ру мет­ри­ка­ла­ры деп атай­мын. Был­тыр мен кон­суль­та­ция беретін ком­па­ни­я­ның бірінің бас дирек­то­ры Қаза­қстан­дағы ютуб-арнаға сұх­бат бер­гісі кел­ді. Сол интер­вью арқы­лы билік­ке биз­не­сте­гі про­бле­ма­ны жет­кіз­гім келеді деді.

Мен дереу ол арна­ның ста­ти­сти­ка­сын, кон­тен­тін, ауди­то­ри­я­сын қарап шықтым. Одан кей­ін ол кісі­ге барып, бұл арна­дан сіздің биз­несіңіз­ге келіп-кетер пай­да жоқ екенін айт­тым. Ол маған: бұл ютуб-канал­ды менің доста­рым көреді деп жау­ап бер­ді. Айтқа­ны рас екен. Интер­вью шыққан­нан кей­ін, оның ком­мен­та­рий бөлі­мін­де оншақты пікір бол­ды. Ол пікір­дің бар­лы­ғын сол кісінің доста­ры қал­ды­рған екен.

Ара­да бір­не­ше күн өтті, бас дирек­тор орын­ба­са­ры арқы­лы ком­па­ни­я­ның қыз­мет­кер­лері интер­вьюді қара­сын, төмен­де пози­тив ком­мен­та­рий қал­дыр­сын деп тап­сыр­ма беріп­ті. Ол кісі менің санам­дағы мем­ле­кет­тік орган­дар ғана адам­бот­тар­ды жал­дап, интер­нет­те өз-өзін мақтай­ды деген іс-әре­кет­ті бұз­ды. Осы­лай­ша мен оның vanity metrics эго­ны қанағат­тан­ды­ру қыз­метін атқа­ра­ты­ны­на көзім жетті.

Жалпы, қаза­қстан­дық қоғам үшін көз алдау мет­ри­ка­ла­ры салы­стыр­ма­лы түр­де – жаңа ұғым. Алай­да өмірі­міз­де бұрын­нан бар дүние. Бұл тер­мин шама­ман 2010 жыл­да­ры АҚШ-та IT-startup ком­па­ни­я­ла­ры көп­теп пай­да болған кез­де шыққан. Сол ком­па­ни­я­лар инве­сторға өзін тар­тым­ды етіп көр­се­ту үшін, ауыз тол­ты­рып айта­тын көр­сет­кі­ш­тер­ге жиі жүгін­ген. Оны бай­қаған аме­ри­кан­дық кәсіп­кер Lean startup – ұқып­ты стар­тап деген қозға­лы­стың негізін қала­у­шы Эрик Рис өзінің Lean startup деген кіта­бын­да «табыс теат­ры» деген тір­кесті қол­да­на­ды. Жал­пақ тіл­мен айтқан­да, бұл ком­па­ни­я­лар инве­стор­ларға өзін сату үшін ауыз тол­ты­рып айта­тын, көз алдай­тын көр­сет­кі­ш­тер­ге жиі жүгі­неді, яғни сол арқы­лы кли­ент­тер мен инве­стор­ларға табысты ком­па­ния қой­ы­лы­мын қояды. Түбін­де табысты қой­ы­лым­мен қат­ты әуе­стеніп кет­кен ком­па­ни­я­лар банк­ро­тқа ұшы­рай­ды, жүз­де­ген адам жұмыс­сыз қала­ды, инве­стор­лар шығы­нға батады.

Егер Қаза­қстан қазір­гі сая­си жол­мен жүре беретін бол­са, бір күні сол банк­рот болған ком­па­ни­я­лар­дың күй­ін кеше ме деп қорқа­мын. Қазір­гі сая­си режим ел басқарған кез­де көз алдай­тын мет­ри­ка­ларға арқа сүй­ей беретін бол­са, бей­у­ақыт­тағы Қаза­қстан өла­ра кезең­де тұза­ққа түсе ме деп ойлай­мын. Өйт­кені қазір Қаза­қстан­да 19 млн адам «табыс теат­рын­да» өмір сүріп жатыр. Билік­тің айтуын­ша, сая­си жүйе рефор­ма­ла­нып, Екін­ші Рес­пуб­ли­ка құры­лып жатыр, халы­қтың 70 пай­ы­зы Қаза­қстан дұрыс жол­да деген­ге сенеді.

  • «…Кезін­де көп адам­дар менен «Назар­ба­ев бол­ма­са, Қаза­қстан­да пре­зи­дент бола­тын кім бар?» деп жиі сұрай­тын. Кей­ін­гі жыл­да­ры «Тоқа­ев­тан басқа лай­ы­қты кім бар?» деп сұрай­тын­дар баршылық.

Билік­тің осын­дай көз алдау мет­ри­ка­ла­ры­нан – мани­пу­ля­ци­я­сы­нан өз басым екі қауіп­ті көре­мін. Бірін­шісі – көз алдау мет­ри­ка­ла­ры авто­ри­тар режим­ге билік­ті ұзар­туға көмек­тес­кені­мен, ел үшін қате әрі тиім­сіз шешім­дер қабыл­да­уға итер­ме­лей­ді. ХХІ ғасыр­да авто­крат­тар ХХ ғасыр­дағы дик­та­тор­лар секіл­ді күш­ке жиі сүй­ен­бей­ді, бірақ мани­пу­ля­ци­я­ны өте жиі қол­да­на­ды. Билік­те мей­лін­ше ұзақ қалғы­сы келетін авто­ри­тар­лық режим ел аза­мат­та­ры­на олар­дан басқа елді басқа­ра­тын лай­ық адам жоқ деп көр­сет­кісі келеді. Бұл ойға бел­гілі ғалым­дар Сер­гей Гуре­ев пен Май­кл Трей­сман «Spin Dictators» деген еңбе­гін­де көбірек тоқталады.

Кезін­де экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев ішкі жал­пы өнім­нің қазір­гі дең­гей­ін 90-жыл­дар­дағы дең­гей­мен салы­сты­рған­ды ұна­та­тын. Мәсе­лен, соңғы интер­вьюін­де Қаза­қстан­ның биы­лғы жал­пы ішкі өні­мін 1993 жылғы­мен салы­сты­рып, оның тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да 32 есе өскенін айта­ды. Бірақ әдет­те­гі­дей, осы ара­лы­қта мұнай мен газ­дың, метал­дың баға­сы тұрақты өскенін, халқы­мы­здың саны аз екенін ұмыт қалдырады.

Рас, жал­пы өнім саны жағы­нан өскені­мен, елі­міз­де әлі күн­ге дей­ін үш ауы­сым­да оқи­тын, апат­ты жағ­дай­дағы мек­теп­тер бар­шы­лық. Таза ауыз су жет­пе­ген елді мекен­дер қан­ша­ма?! Кей­бір эко­но­ми­стер­дің зерт­те­уі бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 19 млн халы­қтың 15 млн‑ы кедей­лер қатарында.Кейбір зерт­те­улер бой­ын­ша, халқы­мы­здың бай­лы­ғы­ның 55 пай­ы­зы бар болға­ны 162 адам­ның қолында.

Қаңтар қырғы­ны­нан кей­ін билік «жаңа Қаза­қстан» құра­мыз деп мәлім­деді. Алай­да ескі билік секіл­ді көз алдау мет­ри­ка­ла­ры­нан бас тар­тқан жоқ, қай­та, керісін­ше, олар­дың осы амал­да­ры попу­лизм­ге ұла­сып кет­ті. Мәсе­лен, 2019 жылы кре­дит-амни­стия жари­я­лай оты­рып, Тоқа­ев жар­ты мил­ли­он адам­ның про­бле­ма­сын шеше­міз деді. Осы жар­ты мил­ли­он адам­ның кре­ди­ті кешіріл­гені­мен, ол адам­дар авто­мат­ты түр­де кедей­лер қата­ры­нан шығып кет­кен жоқ. Яғни, бұл кезек­ті көз алдау метрикасы.

Сон­дай-ақ қары­зы кешіріл­ген адам­дар, кей­бір зерт­те­улер бой­ын­ша, банк­тен қай­та­дан кре­дит алуға бей­ім келеді. Одан қал­са, биы­лғы Жол­да­уын­да Пре­зи­дент алдағы уақыт­та Ұлт­тық қор­дың инве­сти­ци­я­лық табысы­ның 50 пай­ы­зы 18 жасқа дей­ін­гі бала­лар­дың есеп­шо­ты­на түсіп тұра­ды деді. Егер қазір­гі инфля­ци­я­ның дең­гей­ін ескер­сек, 18 жыл­дан кей­ін ол ақша сол 18 жасар бала­ның Ұлт­тық уни­вер­си­тет­те­гі оқуы­ның бір жыл­дық оқу ақша­сын төле­у­ге де жетпейді.

Оған қоса, билік биыл тағы да кре­дит­тік амни­стия жаса­уы мүм­кін екеніне ыңғай таныт­ты. Осы­дан не көре­міз? Осы­дан көретіні­міз – Пре­зи­дент­тің кедей­лік­пен күрес бой­ын­ша стра­те­ги­я­сы жоқ, есесіне жаңа көз алдай­тын мет­ри­ка­ла­ры бар.

Билік­тің осын­дай сая­са­ты­ның зардаб­ын ел эко­но­ми­ка­сы, қазір онсыз да бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамауға жұм­са­лып жатқан Ұлт­тық қор ұзақ жыл­дар тар­та­тын секіл­ді. Өкініш­ке қарай, билік­тің көз алдау мет­ри­ка­ла­ры Қаза­қстан­да әлі күн­ге дей­ін тиім­ді жұмыс істейді.

Сая­сат­та­ну­шы болған­нан кей­ін, кезін­де көп адам­дар «Назар­ба­ев бол­ма­са, Қаза­қстан­да пре­зи­дент бола­тын кім бар?» деп менен жиі сұрай­тын. Кей­ін­гі жыл­да­ры «Тоқа­ев­тан басқа лай­ы­қты кім бар?» деп сұрай­тын­дар баршылық.

Деген­мен, көз алдау мет­ри­ка­ла­ры қысқа уақыт­та билік­ті ұзар­туға мүм­кін­дік бер­гені­мен, ұзақ мерзім­ге билік­те қалуға кепіл бола алмай­ды. Мыса­лы, алы­сқа шап­пай-ақ қояй­ық, 2015 жылы пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да экс-пре­зи­дент, ресми мәлі­мет бой­ын­ша, 97,75 пай­ыз дауыс жинаған. Яғни, халы­қтың 100 пай­ы­зы­на жақын қол­да­уы болған. Ара­да бар болға­ны 7 жыл өтті, Қаңтар қырғы­ны кезін­де өзінің туған Алма­ты облы­сын­да оның ескерт­кі­шін бей­біт шеру­шілер құлат­ты. Артын­ша Кон­сти­ту­ци­ядан есі­мі алы­нып тастал­ды, аста­на­ның аты қай­та­дан «Аста­на» болып өзгерді.

Көз алдау мет­ри­ка­ла­ры­нан төнетін екін­ші қауіп бар. Көз алдау көр­сет­кі­ш­тері арқы­лы ел басқа­ру – аза­мат­тар­дың мем­ле­кет­тік инсти­тут­тарға деген сені­мін өлтіреді. Сая­сатқа деген қызы­ғу­шы­лы­ғын азай­та­ды. Осы­лай­ша Қаза­қстан өз аза­мат­та­ры­ның потен­ци­а­лын толық пай­да­ла­на алмайды.

Елі­міз­де бай мен кедей­дің ара­сы жер мен көк­тей болуы­ның нақты себебі бар, ол – сая­сатқа ара­ла­су­дағы теңсіздік. Қазір Пар­ла­мент­те оты­рған үш пар­ти­я­ның мүше­лерінің жал­пы саны шама­мен 1,2 млн. Елі­міз­де дауыс беру құқы­ғы бар элек­то­рат­тың саны 12 млн. Демек, Пар­ла­мент­те заң қабыл­даған кез­де элек­то­рат­тың 90 пай­ы­зы­ның мүд­десі ескеріл­мей­ді. Яғни, Кон­сти­ту­ци­я­ның 30-бабын­дағы мем­ле­кет­ті басқа­руға тіке­лей неме­се өкіл­дері арқы­лы жана­ма қаты­су құқы­ғын 11 млн адам пай­да­ла­на алмайды.

Еске сала кет­сем, Қаңтар қырғы­ны кезін­де бей­біт шеру­шілер «Шал, кет!» деп ұран­дат­ты. Осы ұран арқы­лы олар тек қана экс-пре­зи­дент­тің билік­тен кет­кенін қалаған жоқ, олар мына сая­си жүйе біздің де үні­мізді естісін деген жанай­қай­ды жет­кіз­гісі кел­ді. Ол жанай­қай­ды қазір­гі билік есті­ген­дей сыңай таныт­ты. Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің мәлі­метін­ше, 3 жыл­да 30 жыл­да бол­маған сая­си рефор­ма­лар­дың 4 пакеті, 13 заң қабыл­дан­ды. Кон­сти­ту­ци­я­ның 33 бабы неме­се 3/1‑і өзгерді.

Алай­да бұл көз алдау мет­ри­ка­ла­ры сая­си рефор­ма­ның ими­та­ци­я­сын жаса­уға тиім­ді болға­ны­мен, аза­мат­тарға сая­сатқа еркін ара­ла­суға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Себебі Кон­сти­ту­ция бір жыл­да екі рет өзгер­гені­мен, Пар­ла­мент бұры­нғы­ша және сот билі­гі бұры­нғы­ша Пре­зи­дент инсти­ту­ты­на тәу­ел­ді болып қала береді. Осы уақы­тқа дей­ін бір­де-бір тәу­ел­сіз медиа, бір­де-бір тәу­ел­сіз сая­си пар­тия Қаза­қстан­да тір­кел­ген жоқ. Аза­мат­тар бей­біт митин­гі­ге шығу үшін, әлі күн­ге дей­ін әкім­шілік­тен рұқ­сат алуы керек.

Осы орай­да көз алдай­тын мет­ри­ка­лар­дан құты­лу­дың жолы бар ма деген заң­ды сұрақ туа­ды. Ком­му­ни­ка­ция маман­да­ры ұтым­ды көр­сет­кі­ш­тер­ге жүгі­ну керек дей­ді. Яғни, ком­па­ни­я­ның табысын арт­ты­ра­тын, ұйы­мы­ңы­здың мис­си­я­сын жүзе­ге асы­руға көмек­те­сетін өлшем­дер­ді түр­лі экс­пе­ри­мент арқы­лы тауып, ірік­те­уі­міз керек, кей­ін оған арқа сүй­е­уі­міз қажет. Осы кеңе­сті Қаза­қстан­ның сая­си жағ­дай­ы­на қол­да­нуға болады.

Бағы­мы­зға қарай, біз­ге экс­пе­ри­мент жасап, уақыт жоғал­ту­дың қажеті жоқ. Біз­ге дей­ін қан­ша­ма мем­ле­кет авто­кра­ти­ядан демо­кра­ти­яға өтті, сәт­ті де сәт­сіз мысал­дар бар. Сәт­ті мысал­дар­ды сая­сат­та ұтым­ды мет­ри­ка­лар­ды қол­данған елдер­ден табуға бола­ды. Яғни, заң үстем­ді­гі орнаған, Кон­сти­ту­ци­я­сы билік­тің үш тар­мағы ара­сын­да баланс сақтай­тын аза­мат­тар ешқан­дай кедер­гісіз, сая­сатқа еркін ара­ла­са­тын, сөз және бас­пасөз бостан­ды­ғы іс жүзін­де сақталған мем­ле­кет­тер­ді де табуға бола­ды. Қаза­қстан осы елдер­дің қата­ры­на қалай кір­се бола­ды деген сұрақ туа­ды. Ол үшін қазір­гі сая­сат­та қоғам өмірін бақы­ла­у­шы болып оты­рған аза­мат­тар бел­сен­ді қаты­су­шы болуы керек.

Аза­мат­тық өмір­ге қаты­су­дың бір­не­ше офлайн жол­да­ры бар. Бірін­шісі – волон­тер болу, ерік­ті болу үшін, пре­зи­дент арнайы бір жыл­ды ерік­тілер жылы деп бекітудің қажеті жоқ. Ерік­ті болу арқы­лы сіз өзіңіздің, өзге­лер­дің күшіне сенесіз. Про­бле­ма­лар­ды шешу арқы­лы тәу­ел­сіз аза­мат­тық инсти­тут­тар­дың қалып­та­суы­на көмектесесіз.

Екін­ші – қызы­ғу­шы­лы­қтар бой­ын­ша клуб­тарға мүше болу. Сіз өзіңіздің сүй­ік­ті ісіңіз­бен айна­лы­сып қана қой­май­сыз, сол клубқа кіру арқы­лы қауым­да­сты­қтың мүше­сі бола­сыз. Яғни, сіз­ден басқа ортақ қызы­ғу­шы­лы­ғы бар аза­мат­тар­дың бар екенін көресіз. Және ол аза­мат­тар­ды сіз секіл­ді жеке бастан бөлек, қоғам­дағы кор­руп­ция, непо­тизм, эко­ло­гия, заң­сыздық секіл­ді мәсе­ле­лер алаң­да­та­ты­нын көресіз. Бір күні сол аза­мат­тар­мен бір­ге сол мәсе­ле­лер­ді шешу­ге кірісіп кету мүм­кін­ді­гі өте жоғары.

Үшін­ші – мек­теп­тер мен уни­вер­си­тет­тер­де аза­мат­тық білім пән ретін­де оқы­ты­лға­ны дұрыс болар еді. Біз­де бала­ларға бата бер­ген кез­де әулет­тің бала­сы бол­ма, халы­қтың бала­сы бол деп жиі айта­мыз. Бірақ бала­ларға халы­қтың бала­сы болу­ды, елдің аза­ма­ты болу­ды ешкім үйрет­пей­ді. Сон­ды­қтан мек­теп жасы­нан бастап, бала­ларға Кон­сти­ту­ци­ядағы өзінің құқы­қта­ры мен мін­дет­терін үйрет­сек, өскен кез­де ол аза­мат­тар сай­ла­у­шы болған­да, сая­сат­та көз алдау мет­ри­ка­ла­ры­на алдан­бай­тын болады.

Түйін­дей айтқан­да, аза­мат­тар қоғам өміріне бел­сен­ді ара­ласқан кез­де сая­сат­та көз алдау мет­ри­ка­ла­ры мани­пу­ля­ци­я­ның тиім­сіз құра­лы сана­лып, аза­мат­тық қоғам есей­іп, бой­дақтарға қашан үйле­несің, қашан тұр­мысқа шыға­сың деген сұрақ авто­мат­ты түр­де орын­сыз сұраққа айналады.

Ал сая­сат­тағы жетістік­ті ұтым­ды көр­сет­кі­ш­тер­мен өлшеу үшін, билік не істе­уі керек деген сұрақ туа­ды. Ол үшін қазір­гі сая­си режим өзінің эго­сын қанағат­тан­ды­ру, билі­гін ұзар­ту үшін пай­да­ла­нып оты­рған көз алдау мет­ри­ка­ла­ры­нан бас тар­ту керек. Және ең басты­сы – сая­си ими­та­ци­я­ны тоқта­та­тын­дай сая­си ерік-жігер керек.

…Өз басым сені қашан поли­ция қамай­ды деген сұрақ қой­ыл­маған кез­ден бастап, сол ерік-жігер қазір­гі сая­си режим­де пай­да бол­ды деп қабыл­дай­тын бола­мын. Сол сәт­тен бастап, қазақ сая­са­тын­да бей­у­ақыт­ты таңсәрі алма­сты­рған сәт туды деп қабыл­дай­тын боламын.

  • «TEDxAstana» ютуб-арна­сын­дағы видео­мо­но­лог­тың газет­тік нұсқа­сын дайындаған –

Алма ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ – «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн