Воскресенье , 13 апреля 2025

ҒАЛАМДЫҚ ҚАҚТЫҒЫС ҚАУПІ

немесе ӘЛЕМ ЕЛДЕРІН СОҒЫСҚА ТАРТУДЫҢ ЫҚТИМАЛ ОШАҚТАРЫ

Ресей Орталық Азия елдеріндегі әскери ықпалынан айырылғысы жоқ. Бүгiнгi таңда ол бұл аймақтағы өзiн қорғауға дәрменсiз елдерді ақпараттық нөпiрдiң күшiмен өз дегеніне көндіретін стратегиялық алаңға айналдыру iсiн қарқынды жүргізіп отыр. Қазіргі күні Қазақстанда Ресейдің 7 полигоны бар, ең ірісі – Сары-Шаған полигон кешені. Оның басқару орталығы Приозерск қаласында орналасқан, аумағы Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстарын алып жатыр. Батыс Қазақстан облысы, Атырау және Ақтөбе облыстарында «Азғыр», «929-шы ГЛИЦ», «Капустин Яр», «Ашулук», «Жем» полигондары, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағы бар.

ОРТА АЗИЯ

Ашығын айту керек, біздегі орыс полигондары – қазiргi таңда ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн, Қазақстанды, Орта Азия мемлекеттерін бұғаттап ұстап отырудың құралы. Бұл факторлардың өзi орыстың геостратегиялық мүддесінен туындайтын тактикалық қадамдар екенi айқын көрiнiп тұр. Қазақстандағы орыс полигондары шын мәнiнде аймақтағы әскери күш-қуаты тым басым – асимметриялық соғыстың (әлеуметтік, экономикалық теңсіздік жағдайындағы) басты құралына айналып отыр.

Сондай-ақ Ресей полигондары Путин үшін борышқа белшеден батқан Қазақстанды ұлттық дербестiктен айырудың алғы шарты. Орысқа тәуелділік, барлық өндірісін орысқа өткізу қазірдің өзінде қарқынды жүріп жатыр. Полигондар – өздерiне қолайлы жағдайды қалыптастыру үшiн іштен сан қилы «саяси-экономикалық ахуалды жасауға», «қысым көрсетуге», қажет болса аймақта «билік төңкерістерін» жасауға арналған қарулы күштер болып саналады. Осы күштер Ресей инвесторларының Орта Азия мемлекеттерінің стратегиялық нысандарына ие болуына да жағдай тудырады.

Ең қауіптісі – бұл полигондар Қазақстанды соғысқа тартудың бірден-бір ықтимал ошақтары. Соңғы кезде Ресейдің біраз мұнай өңдеу зауыттарын (НПЗ) Украин дрондары жойып жібергені белгілі. Ресей оның орнын Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын өз меншігіне алумен алмастыруда. Егер Ресейдің әскери техникаларын қамтамасыз етіп отырған біздегі мұнай өңдеу зауыттары Украина дрондарының шабуылына ұшырар болса (ондай жауап әрекет әбден болуы мүмкін), «қорғану мақсатында» деген желеумен Путин Қазақстан полигондарындағы зымырандарды іске қосары, сарбаздарын сапқа тұрғызары анық. ОДКБ жарғысына сәйкес, одаққа мүше елдер үшін бұл «сыртқы агрессиядан қорғану» болып қабылданады. Путинге керегі де осы – жауап ретінде қазақ жеріндегі барлық оқтұмсықтарын бірден соғысқа қосады. Бұл өз кезегінде ОДКБ-ға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанды, бүкіл Орта Азия елдерін соғысқа арандатады. Бұған Еуропа елдері мен АҚШ, біздегі өз меншігін қорғау үшін Қытай да тартылуы әбден мүмкін.

РФ мен АҚШ арасындағы келіссөздер ауыр жүріп жатыр. Трамп Зеленскийден Путин сұраған шекаралық облыстарды Ресейге беру талабымен келісуді сұрайды. Бұған Зеленский ешқашан бармайтынын біле тұра, Трамп орыстың сөзін сөйлейді. Трамптың мұнысы бітімге келтіру емес, керісінше, жағдайды ушықтыру. Reuters «Переговоры РФ и США зашли в тупик: Россия отказалась принять предложения США по прекращению войны в Украине «в нынешнем виде», чего и следовало ожидать. По данным всех разведок Россия не собирается останавливаться!» – деген хабар таратты. Путиннің райынан қайтар түрі көрінбейді.

ТАЛИБАН ФАКТОРЫ

Осы орайда Ауғанстандағы біз үшін ланкестік ұйым саналатын Талибан факторын да назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. 2024 жылы желтоқсанда Дума заң қабылдап, соның негізінде бас прокурор талап арыз түсіріп, РФ Жоғарғы соты Талибан қозғалысын ланкестік ұйым тізімінен шығарып тастағаны белгілі. Көп ұзамай заңға Путин қол қойып, Талибан үкіметімен саяси-экономикалық одақ құруға ниеті барын білдірді. Мұнысын: «Біз үшін Ауғанстанмен сауда-экономикалық байланысты дамыту маңызды және режим ұзақ мерзімді фактор», – деп түсіндірді. Оған қоса Ауған талибтерінің құбылмалы, түсініп болмайтын өз саясаты тағы бар. Бейресми деректерден байқағанымыз, Талибан қарулы күштері Тәжікстан территориясынан әлі де болса үмітті. Талибанның Амануддин Мансури есімді әскер басшысының: «Басшымыз бұйырса, Тәжікстанға жорыққа аттануға біз дайынбыз», – деген бейнеролигі әлемжеліде жүр.

ТАЯУ ШЫҒЫС ФАКТОРЫ

Әлемді шарпуы мүмкін тағы бір ықтимал соғыс ошағын Германияда тұратын сарапшы Алфред Кох көрсетті. Ол украин-орыс соғысының аясында Израильдің «агрессорларға қарсы» деген желеумен ұлтарақтай Газа секторының бір бөлігін өздерінің әскери бақылауына алып, территориясын кеңейткісі келетінін және бұл соғыста да Ресей мен Израильдің біріккен мүдделестігі бұрыннан барын, бәрінің бастауында айтақтап тұрған үлкен күш – АҚШ деген болжам айтады. Қазақ саясаткері Замир Каражанов: «У израильского руководства была идея, видимо, создать какую-то автономию в секторе Газа, которая будет, скажем, демилитаризована… Вполне возможно, что Израиль тоже был готов туда вкладывать деньги… Чтобы вот такой сценарий реализовался, но, насколько видим, этого достичь не удалось, ХАМАС до сих пор пока там остается. И вопрос этот решить очень сложно», – деп, ол да Израиль украин-орыс соғысын пайдаланып, АҚШ-тың қолдауына сүйеніп, өз шекарасын кеңейткісі келетінін меңзейді (Tengrinews.kz 31.03.2025). Газа соғысында да Трамп Нетаньяхуды үнемі қолдап, ХАМАС-қа қарсы соғыста қосымша әскери көмекті тоқтатқан емес. Жуырда мәлім болғандай, Израиль ұшақтарынан қорғанатын, оларға қарсы Сирияның Хомса елді мекеніне таяу әскери базаға T-4 Hisar зымырандарымен қаруланған түріктің әуе қорғанысы күштері шоғырланып жатыр (Yenisafak.com/ru, 03.02.2025). Бұл да аймақтағы ахуалдың қазіргі кезде ушығып тұрғанын көрсетеді.

МАСОНДАР

Сарапшы Алфред Кохтың бәрінің артында АҚШ тұр деген ойын өрбітер болсақ, масондық философия бойынша әлемді бір орталықтың билігіне көшірер алдында жер бетін түрлі жанжал, жойқын соғыспен тазартып алу керек. Бұл үшін масондар қай елде болсын уақиғалардың қайнаған қалың ортасынан табылып, оларды масондық мақсатына бағыттап, қалайда елде тұрақсыздық ахуалын қалыптастырып отыруы тиіс. Сонда аздың көпті басқаруы жеңілдейді. Трамптың өзі кешегі бір сөзінде: «Таяу Шығыс деген алып құрлықтағы қаламның (ручканың) сабындай ғана кішкентай Израильге қысымшылық жасай алмаймын», – деді (Tengrinews.kz 31.03.2025). Азшылықты көпке қарсы қою деген осы болар. Осы міндетке орай масондар үшін дүние жүзіндегі реформалар мен революцияларға, соғыстарға араласу, дем беріп отыру – мұрат. Бүгінде масондықтың ордасы – АҚШ, орындаушысы – Трамп десек болады. Украин-орыс соғысының шиеленісуі, ұзаққа созылуы да осының салдары.

Белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы А.Қадырбаева бүгінгі ғаламдық соғыс ошақтарының артында үлкен масондық жүйе тұрғанын айта келіп: «Біз бір нәрсені түсінгеніміз жөн, Американың қай заманнан бермен қарай сыртқы саясат үшін басшылыққа алып отырғаны – сионист «ғұламалардың» мәжіліснамасы, яғни «Протоколы сионских мудрецов». Ал мемлекеттік Конституция – ішкі саясат үшін ғана. Сол үшін де, мейлі, тұрақсыздық қай елде болмасын, оны өздері қоздырып, өздері бақылауда ұстап отырулары керек. Бұл ашық мәселе. Міне, масондық система», – дейді. Айсұлудың келтіргені бұлтартпас айғақ, қойғаны нақты диагноз. Бұған ешкім дау айта алмас! Мойындауымыз керек, масондар – қазіргі кезде әлемдік даму барысына үлкен ықпал жасап отырған әлеуметтік тап.

ТОҚСАН СӨЗДІҢ ТҮЙІНІ

Қысқасы, әлемде қалыптасқан қазіргі геосаяси қақтығыстардың осы бір ықтимал ошақтарына ерекше мән берген жөн. Олар – «Ресей-Украин соғысы», «Қазақстандағы полигондардың соғысты өршіту ықтималдығы», «Ұстанымы өзгермелі Талибан факторы», «Израиль-Палестина соғысы», екі ірі альянс – «АҚШ пен Еуропа арасындағы өзара жанжалдасу», «Масондар». Олардың арасындағы кез келген жанжал ушыға келе, ғаламдық қақтығысқа ұласып кете ме деген қауіп те жоқ емес.

Сондықтан біздің билік бұл мәселелерде мейлінше бейтарап болып, «Құдай да сақтанғанды сақтайды» дегендей, елімізді соғыс өрті шарпымайтындай өте сақ, әрі байыпты әрекет еткені дұрыс!

Нұрлыбай ҚОШАМАНҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн