Четверг , 3 июля 2025

2022 жылы Қазақстанда қаңтарда наразылық пен тәртіпсіздік қалай болды? Қаңтар оқиғасының хронологиясы.

2 ҚАҢТАР 2022

Жаңаө­зен­де жүз­де­ген адам сұй­ы­ты­лған газ баға­сы­ның 60 тең­ге­ден 120 тең­ге­ге қым­бат­та­уы­на қар­сы нара­зы­лы­ққа шықты. Олар әкім­дік маңын­дағы жол­ды жап­ты. Кей­ін нара­зы­лық Маңғы­стау облы­сы­ның өзге өңір­лерін­де де жалға­сып, Қарақия ауда­нын­дағы Жеті­бай кен­ті мен Құрық ауы­лын­да, Түпқа­раған ауда­ны Ақшұқыр ауы­лын­да тұрғын­дар жинал­ды. Олар билік­тен газ баға­сын 50 тең­ге­ге түсіруді талап етті.

3 ҚАҢТАР 2022

Жаңаө­зен­де­гі нара­зы жұр­тқа Маңғы­стау облы­сы әкі­мі Нұр­лан Ноға­ев кел­ген, бірақ нара­зы­лар оны қуып жібер­ді. Қала­да нара­зы­лар саны үш мың­нан асты. Ақтө­бе, Шым­кент, Алма­ты, аста­на­да жұрт Жаңаө­зен­де­гі нара­зы­лы­қты қол­дап жинал­ды. Поли­ция нара­зы­лар­ды ұстай бастады.

4 ҚАҢТАР 2022

Жаңаө­зен­де­гі нара­зы­лы­ққа қол­да­уға елдің көп аймағы қосы­ла баста­ды. Поли­ция алаң­дар­ды қор­шап, бел­сен­ділер­ді ұста­уды күшейт­ті. Билік Маңғы­стау облы­сын­да сұй­ы­ты­лған газ баға­сы 50 тең­ге бола­ды деген, бірақ нара­зы­лық шара­ла­рын­да елде­гі қым­бат­шы­лық мәсе­лесі айты­лып, жұрт билік­тің остав­ка­сын талап етті. Алма­ты, Ақтө­бе, Шым­кент­те де нара­зы­лық күшейе бастады.

5 ҚАҢТАР 2022

4 қаңтар­да кеш бата Алма­ты­ның “Ала­тау” теат­ры маңы­на жұрт жина­ла баста­ды. Аты­рау, Жаңаө­зен және басқа қала­лар­да да нара­зы­лар тара­май тұр­ды. 5 қаңтарға қараған түні Алма­ты­да жиналған­дар Рес­пуб­ли­ка алаңы­на кел­ген­де поли­ция көз­ден жас ағы­за­тын газ, шулы гра­на­та, резең­ке оқ атты. Алаң маңын­да поли­ция көлік­тері өртен­ді. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев 5 қаңтарға қараған түні Маңғы­стау облы­сы мен Алма­ты қала­сын­да төтен­ше жағ­дай жариялады.

5 ҚАҢТАР 2022

5 қаңтар таңер­тең пре­зи­дент Тоқа­ев үкі­мет­тің отстав­ка­сын қабыл­да­ды. Түс ауа Алма­ты­да атыс баста­лып, бел­гісіз адам­дар тобы қала әкім­ді­гі ғима­ра­ты­на басып кіріп, өрте­ді. Про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­ты да бүлін­ді. Ақтө­бе­де де жұрт әкім­дік­ке басып кір­мек бол­ды. Бүкіл елде төтен­ше жағ­дай жарияланды.

Бел­гісіз адам­дар Рес­пуб­ли­ка маңын­дағы теле­ар­на­лар орна­ласқан ғима­ратқа да басып кіріп, тех­ни­ка­лар­ды бүлдірді.

5 ҚАҢТАР 2022

Тал­ды­қорған­да жиналған­дар елдің экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­шін құлат­ты. Тоқа­ев елден кет­пей­тінін, “аста­на­да бола­ты­нын” мәлім­деді. Ол Назар­ба­ев басқа­рып кел­ген Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­лы­ғын өз қолы­на ала­ты­нын жари­я­ла­ды. Билік елде­гі оқиға­дан күштік құры­лым өкіл­дері қаза болға­нын айт­ты. 5 қаңтар кеш­ке бел­гісіз адам­дар тобы Алма­ты әуе­жай­ы­на басып кіріп, бүлдірді.

6 ҚАҢТАР 2022

Тоқа­ев елге “тер­ро­ри­стік бан­да­лар” шабуыл жаса­ды деп, Ресей­дің ықпа­лы мол ҰҚШҰ ұйы­мы­нан әске­ри көмек сұра­ды. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті “тер­ро­ри­стік бан­да­лар­ды” нақты ата­ма­ды. ІІМ “18 поли­цей мен ұлт­тық гвар­дия сар­ба­зы қаза бол­ды” деді. Алма­ты поли­ци­я­сы депар­та­мент ғима­ра­ты­на шабуыл­даған ондаған адам­ның өлтіріл­генін хабарлады.

6 ҚАҢТАР 2022

Алма­ты­да сауда орын­да­рын, банк­тер­ді тонау бастал­ды, қала­да атыс дауы­ста­ры естіл­ді. Азатты­қтың дереккөз­дері Алма­ты көше­сін­де мәй­іт­тер жатқа­нын айт­ты. Тал­ды­қорған­да әлдекім­дер әкім­дік­ті өрте­ді. Қызы­лор­да­да, Шым­кент­те де адам шығы­ны бары бел­гілі болды.

Елде толы­ғы­мен интер­нет өшіріл­ді. Тәр­тіп­сіздік кезін­де мың­даған адам зардап шек­кені айтыл­ды. ҰҚШҰ әскер­лері Қаза­қстанға кел­ді. Қоғам­да Тоқа­ев­тың елге шетел­дік әскер­лер­ді кір­гі­зуіне қар­сы­лық күшейді.

7 ҚАҢТАР 2022

Қаза­қстан билі­гі елде кон­сти­ту­ци­я­лық тәр­тіп орнаға­нын, күштік құры­лым­дар мем­ле­кет­тік ғима­рат­тар мен әкім­дік­тер­ге бақы­лау орнатқа­нын хабар­ла­ды. Тоқа­ев елге “20 мың содыр шабуыл­даға­нын” айтып, күштік құры­лым­дарға ескер­тус­із оқ атуға бұй­рық бер­ді. Билік “кон­тр­тер­ро­ри­стік опе­ра­ция” жалға­са­ты­нын жари­я­ла­ды. Елде бұл күні де интер­нет өшті.

Ақор­да елге шабуыл­даған “20 мың содыр­дың” кім екенін айт­па­ды. Ақпа­рат көз­дерін­де бей­біт тұрғын­дар ара­сын­да да қаза тапқан­дар көп екені айты­ла бастады.

8 ҚАҢТАР 2022

ҰҚК экс-бас­шы­сы Кәрім Мәсі­мов “мем­ле­кет­ке опа­сыздық жаса­ды” деген айып­пен тер­геу изо­ля­то­ры­на қамалды.

Жаңаө­зен және Ақтау қала­сын­да нара­зы­лар тарай баста­ды. Бұл екі қала­да әкім­дік я қан­дай да бір ғима­рат қираған жоқ.

Тоқа­ев “елде­гі жағ­дай тұрақта­лып келе жатқа­нын”, бірақ “тер­ро­ризм­ге қар­сы күрес жалға­са­ты­нын” мәлімдеді.

Алма­ты­да 4 жасар және 11 жасар екі бала оққа ұшып қаза тапқа­ны бел­гілі болды.

ІІМ елде ұсталған­дар саны 4404 ада­мға жет­кенін, “арнайы опе­ра­ция” кезін­де 26 адам өлтіріл­генін, 26 адам жара­ланға­ны хабарлады.

Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев елден кетіп қал­ды деген сөз көбей­ген тұста оның бас­пасөз хат­шы­сы Айдос Үкі­бай твит­тер­де “Назар­ба­ев­тың Нұр-Сұл­тан­да” екенін жазды.

9 ҚАҢТАР 2022

ІІМ елде ұсталған­дан саны 5969 адам болға­нын хабар­ла­ды. Оның ішін­де 133 адам “аса ауыр қыл­мыс жаса­ды” деген күдік­пен изо­ля­торға қамалға­ны, 516 адам әкім­шілік қамауға алы­нға­ны айтылды.

Елдің экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бас­пасөз хат­шы­сы Айдос Үкі­бай “Назар­ба­ев Қауіп­сіздік кеңесі төраға­лы­ғын Тоқа­евқа беру тура­лы шешім­ді өзі қабыл­да­ды” деген мәлім­де­ме таратты.

Тоқа­ев жедел әре­кет ету шта­бы­ның жиы­нын­да “елдің бар­лық өңірін­де аху­ал тұрақтанға­нын, жағ­дай­дың бақы­ла­у­ға алы­нға­нын, орган­дар­дың әкім­шілік ғима­рат­та­рын лаң­кестер­ден тазар­тқа­нын” айт­ты. Ақор­да күштік құры­лым­дар “лаң­кестер­дің” орна­ласқан жерін аны­қтап, олар­ды “ұстап” жатқа­нын мәлім­деді. Билік “лаң­кестер­дің” нақты кім екенін айтпады.

Қаза­қстан ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі елде­гі тәр­тіп­сіздік­тен 164 адам қаза тап­ты деген ақпа­рат жоққа шығар­ды. Бұл ақпа­рат­ты Қаза­қстан ақпа­рат және қоғам­дық даму мини­стр­лі­гіне тиесілі теле­грам кана­лы таратқан еді. Кей­ін ақпа­рат мини­стр­лі­гі мұны “тех­ни­ка­лық қате” деді.

Қаза­қстан­дық теле­ар­на­лар 9 қаңтар­да елде­гі митин­гі­ге қаты­сқа­ны үшін ақша алды деп қырғыз­стан­ды­қты көр­сет­кен еді. Ал Қырғыз­стан тұрғын­да­ры Қаза­қстан арна­ла­ры көр­сет­кен адам бел­гілі джаз музы­кан­ты әрі пиа­нист Викрам Руза­ху­нов екенін айт­ты. Видео­дағы адам жұмыс­сыз екенін, 1 қаңтар­да бел­гісіз адам­дар митин­гі­ге қаты­су үшін 90 мың тең­ге ұсы­нға­нын, билет әпер­генін, пәтер­ге орна­ла­сты­рға­нын айта­ды. Сөй­леп тұрған адам­ның бетін­де соққы іздері бар, бір көзі ісіп кет­кен. Артын­ша қырғыз­стан­ды­қтар бұл адам­ның бел­гілі музы­кант Викрам Руза­ху­нов екенін айтып, кей­бірі оған бұл сөз­дер­ді азаптап айт­тыр­ды деді. Қырғыз­стан Қаза­қстанға қар­сы­лық нота­сын жолдады.

10 ҚАҢТАР 2022

Елде жал­пы­ұлт­тық аза тұту күні бол­ды. Азаттық тіл­шілері Алма­ты­дағы мәй­іт­ха­на алдын­да ондаған адам жиналға­нын көрді.

Тоқа­ев ҰҚШҰ жиы­нын­да 5 қаңтар­дан басталған тәр­тіп­сіздік­тің мақ­са­ты “билік­ті басып алу, басқа­ру инсти­тут­та­рын мен кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лым­ды бұзу” және “мем­ле­кет­тік төң­керіс­ке тал­пы­ныс” деп ата­ды. Ол “дін­шіл ради­кал­дар, қыл­мыстық эле­мент­тер, бан­дит­тер, тона­у­шы­лар мен бұза­қы­лар” “нара­зы­лы­қты тірі қалқан ретін­де пай­да­лан­ды”, “әске­ри­лер мен құқық қорғау орган­да­ры­ның киі­мін киіп алды” деді.

Тоқа­ев Еуро­па­лық кеңе­стің пре­зи­ден­ті Шарль Мишель­мен сөй­лес­кен­де “Қаза­қстанға қар­сы шабуыл жасаған­дар­дың көбі Орта­лық Азия елдері­нен, соның ішін­де Ауған­стан­нан және Таяу Шығы­стан кел­ген” деп мәлімдеді.

Қаза­қстан ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің пол­ков­ни­гі Аза­мат Ибра­ев пен Жам­был облы­сы поли­ци­я­сы­ның басты­ғы гене­рал Жанат Сүлей­ме­но­втің қай­тыс бол­ды. Еке­уі де өзіне қол салға­ны айтылды.

ІІМ елде ұсталған­дар саны 8 мыңға жуы­қтаға­нын айт­ты. Ал Қаза­қстан­да ұсталған қырғыз­стан­дық музы­кант Викрам Руза­ху­нов 10 қаңтар­да боса­ты­лып, Біш­кек­ке келді.

Елде интер­нет жұмысы әлі нашар болды.

11 ҚАҢТАР 2022

Әли­хан Смай­ы­лов пре­мьер-министр болып бекітіл­ді. Тоқа­ев үкі­мет­тің жаңа құра­мын жари­я­ла­ды. Тағай­ын­далған мини­стр­лер­дің көбі қыз­метін­де қал­ды. Қаза­қстан пре­зи­дент­ті мәжіліс оты­ры­сын­да “Қаза­қстан халқы­на” әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­сын жариялады.

Тоқа­ев мәжілі­сте елдің экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жай­лы бір ауыз сөз ғана айтып, бұл сөзінің өзін­де Назар­ба­ев­ты сөз­бен түй­реп өтті. “Бірін­ші пре­зи­дент — “елба­сы” тұсын­да өте табысты ком­па­ни­я­лар мен халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі бай адам­дар­дың тобы пай­да бол­ды. Халы­ққа тиесілі халы­ққа беретін, жүй­елі түр­де көмек­те­сетін уақыт кел­ді. Үкі­мет ком­па­ни­я­лар­ды аны­қтап, олар­мен “Қаза­қстан халқы­на” қоры­на ауда­ра­тын салым­да­рын аны­қта­уы тиіс” деді ол.

Бас про­ку­ра­ту­ра елде 9900 адам ұсталға­нын, 412 іс бой­ын­ша тер­геу басталға­нын мәлім­деді. Билік елде жағ­дай тұрақталға­нын хабарлады.

Алма­ты­да тір­кел­ме­ген “Демо­кра­ти­я­лық пар­тия” жетек­шісі, бел­сен­ді Жан­бо­лат Мамай­ды бел­гісіз біре­улер ұрып кет­кені бел­гілі болды.

12 ҚАҢТАР 2022

Алма­ты­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың төраға­лы­ғы­мен жедел штаб оты­ры­сы өтіп, жиын­да Алма­ты “тер­ро­ри­стер­ден толық тазар­ты­лға­ны” айтыл­ды. Қаза­қстан бас­шы­сы 13 қаңтар­да елден ҰҚШҰ әскері шыға­ры­ла бастай­ты­нын мәлімдеді.

Билік елде­гі дүр­бе­лең­де нақты қан­ша адам қаза болға­нын әлі жари­я­ла­ма­ды. Алма­ты­дағы мәй­іт­ха­на алдын­да жұрт көбей­ді, әле­умет­тік желі­де “жоғалған адам­дар­ды” ізде­ген хабар­ла­ма­лар шыға баста­ды. Интер­нет­те елде­гі оқиға­да қаза болған адам­дар­дың жер­леу рәсі­мі­нен көп видео тарай бастады.

13 ҚАҢТАР 2022

13 қаңтар­дан бастап БҚО, СҚО және Пав­ло­дар облы­сын­да төтен­ше жағ­дай алынды.

ҰҚК сай­тын­да осы коми­тет­тің бұры­нғы төраға­сы Кәрім Мәсі­мо­втің үсті­нен “Билік­ті басып алу” бабы бой­ын­ша да қыл­мыстық іс қозғалға­нын хабарлады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн