fbpx

40 үйден тыйым… «ШАЛДАРҒА» АРНАЛАДЫ

Қарап отыр­сам, Теңіз­де­гі жағ­дай­дан кей­ін бәрі әйел тәр­би­есі­мен, қыз тәр­би­есі­мен айна­лы­сып кетіп­ті. Ақыл айтқыш еркек, диван батыр­ла­ры көп-ақ.

Біз негізі өте екі­жүзді қоғам­да өмір сүре­міз. «Қыздар­ды сөй­ту керек, келін­дер­ді бүй­ту керек» деп, шұбар-шұбар мақа­ла, пост жазып жүр­ген ағаш­ка­лар­дың біраз бөлі­гі шын өмір­де сол жастарға теріс үлгі боп жүр­ген­дер. Үйлерін­де қыз тәр­би­е­леп оты­ра­ды, ал ұжым­да жап-жас қыздар­ды белі­нен, қолы­нан ұстап, анайы әзіл­дері­мен бәрін қарқ қыл­дым деп ойлай­ды.

Хар­расмент елі­міз үшін өте өзек­ті мәсе­ле! Бұл жабық тақы­рып. Оны қозғау қоға­мға қар­сы қыл­мыс. Біз пат­ри­ар­хал­ды қоғам­да өмір сүре­міз. Қан­дай сала­да бол­ма­сын, бастық болған әйел­дер­ге қара­саңыз, не біре­удің әйелі болға­ны үшін, не тоқа­лы (көңіл­десі) болға­ны үшін неме­се еркек­пен тең­дей дәре­же­де сөй­лей ала­тын, жеке өмірін ұмы­тқан, ана болу бақы­ты­нан қол үзген жан­ке­шті «юбка­дағы Швар­це­неггер­ге» айналға­ны үшін үлкен қыз­мет­ке жет­кенін бай­қай­сыз. Қоғам сон­дай. 

Кей­бір шал­дар ФБ-да қыл­жақтап оты­ра­ды… Жас жігіт­тер де, орта жастағы­лар да үйде келін­ше­гі толға­тып оты­рға­ны­на қара­ма­стан, көзін сүзіп қояды ақ неке­ден үміт­ті бой­жет­кен­дер­ге. Қызды, әйел­ді жөн­ге салып, тәр­бие көр­сет­кілерің келеді-ақ, ал өз нәп­сілерің тәр­би­е­лен­ген бе? Өз құмар­лы­қта­рың тіз­гін­дел­ген бе? «Шешеңнің» деп боқта­на­сы­ң­дар, бірақ өз ана­ла­ры­ңа тіл тигізіп оты­рған­да­ры­ң­ды біл­мей­сің­дер. Бәрің ақыл айтқыш­сы­ң­дар. Тіп­ті теріс ағым­дар бүкіл қазақ қызда­рын алып, қара ниһа­бқа орап тастағы­сы келеді. Сосын «4 әйел алу лими­ті­нен» де асып, 16 рет үйлен­гісі келеді… (көз алды­мы­зда БАҚ-тан талай сорақы­лы­қты көр­дік қой). Ешбір ағы­мға жат­пай­тын­дар­дың әйел­ге деген құр­меті пафос сөз­дер­мен шек­те­леді. Бол­ды! 

Сон­ды­қтан, айна­лай­ын әпке-сіңлілерім, хар­расмент­ке жол бер­мең­дер! Ешкім­нің сіз­ге зат ретін­де қара­уға қақы­сы жоқ! Сіз Тұлға­сыз! Ешкім­нің де сіздің қолы­ңы­зды ұста­уға, құшақта­уға, басқа да теріс әре­кет­тер жаса­уға қақы­сы жоқ. Сотқа берің­дер. Пре­це­дент жасаң­дар. Қоғам сон­дай деп, өз арман­да­ры­ң­нан бас тарт­паң­дар дегім келеді. 

Жезөк­ше­лер ара­б­та, шешен­де жоқтай, басқа ұлт­тар­ды үлгі еткен пост­тар­ды көр­сем, бәрін банға тығам. Ата-баба жолы­мен, өне­ге-өси­еті­мен жүр­сек, қаза­қтан таза халық жоқ. Абай ата­мыз айтқан­дай, күніне, апта­сы­на, айы­на, тым құры­ған­да жылы­на бір рет есеп алы­ңы­здар өздеріңіз­ден. Еске түсіріңіз­дер, қан­ша қызға құрғақ уәде беріп, көз жасы­на қалға­ны­ңы­зды… 

Содан кей­ін ғана қазақ қызы­ның намысы тура­лы сөз ете ала­сыз ба, жоқ па – бел­гілі бола­ды…

Кәм­шат ТАСБОЛАТ

Республиканский еженедельник онлайн