Воскресенье , 6 июля 2025

Балалар неге мектептен ЗӘРЕЗАП БОЛАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Білім беру: стан­дарт қан­дай болуы керек?

 

  • Білім беруді ныса­на­лаған парадигма

 

Бұл бағыт­тың кең таралған ата­уы – «зна­ни­е­цен­тризм». Автор­лар­дың қала­у­ын­ша бұл ұғым «ака­де­мизм», «когни­тив­тік фило­со­фия», «лого­троп­тық маз­мұн», тағы басқа сино­ним­дер­мен берiлуi мүм­кiн. (Таза оры­стық құбы­лыс болған­ды­қтан, бұдан былай тер­мин­ді орыс тілін­де­гі нұсқа­сын­да қал­ды­рған дұрыс болар – Авт.).

Зна­ни­е­цен­тризм – мек­теп оқу­шы­ла­рын халық шару­а­шы­лы­ғы­ның кәсі­пқой мама­ны етіп шыға­ру мақ­са­тын тұта­тын, сон­ды­қтан ака­де­ми­я­лық білім негіз­дерін – жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­ліне енетін пән­дер­ді басым­ды­қ­пен оқы­та­тын білім беру пара­диг­ма­сы. Бұл пара­диг­ма­ның ада­мға ықпа­лын, қоғам­ның руха­ни қозға­у­шы күш ретін­де­гі рөлін терең тал­да­у­лар жүр­гі­зу арқы­лы ғана айқан­да­уға бола­ды. Ака­де­ми­я­лық білім­дер­ді баса оқы­ту әдет­те қоғам­дық гума­ни­тар­лық цикл пән­дері есебі­нен жүзе­ге асырылады.

Ака­де­ми­я­лық білім – ол, ең алды­мен кәсіп­тік білім. Кәсіп­тік білім – адам­ның өндіріс аясын­да атқа­ра­тын қыз­метіне қаты­сты мәсе­ле­лер­дi шешу­ге қажет бола­тын, маман мең­ге­ру­ге тиісті білім. Ол өндіріс үдерісін­де ұшы­рас­а­тын тех­ни­ка­лық неме­се тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды мең­ге­ру үшiн қажет. Оны бар­лық аза­мат­тар­дың мін­дет­ті мең­ге­руі мүм­кін де, қажет те емес.

Кәсіп­тік білім инди­вид­тің тұлға­сын қалып­та­стыр­май­ды, жеке өмірінің сапа­лы­ғы­на, әле­умет­тік, сая­си, құқы­қтық ком­пе­тент­ті­гіне сеп­ті­гін тигіз­бей­ді, осы аялар­да кез­де­сетін про­бле­ма­ла­рын шешу­ге көмек­тес­пей­ді. Адам­ның аза­мат, пат­ри­от, ашық қоғам­ның субъ­ек­тісі ретін­де қалып­та­суын қам­та­ма­сыз етпей­ді. Авто­ри­тар­лық режим ұста­на­тын елдер­де­гi аздаған инже­нер-тех­но­лог­тар – екі бел­гісізі бар екін­ші дәре­желі тең­де­улер жүй­есін шешуді біл­гені­мен, үй болып, бала­сын асы­ра­уды біл­мей­тін, қара­пай­ым сая­си-әле­умет­тік мәсе­ле­лер­дің мәнін түсін­бей­тiн инфан­тил­дi жан­дар. Олар билік­тің түр­лі бас­пал­дақта­рын­да жүр­ген­дер­дің қолын­дағы қаруға айна­ла салады.

Қаза­қстан­дық білім беру стан­дар­тын жаса­у­шы­лар үшін білім мазұ­ны­ның тәр­би­елік, жал­пы­мә­де­ни­ет­тік және кәсіп­тік ком­по­нент­терін ажы­ра­тып алу өзек­ті болып табы­ла­ды. Тәр­би­елік және жал­пы­мә­де­ни­ет­тік білім – ол бар­шаға арналған білім. Бұлар адам­ның мек­теп­тен кей­ін­гі өмір­лік прак­ти­ка­сын­да қол­да­нуы­на қажет. Бұлар­ды қыз­метінің түріне, әле­умет­тік тән­ділік­теріне қара­май, адам­дар­дың бәрі мең­ге­руі керек. Былай­ша айтқан­да – бұлар аза­мат­тың өзінің құқы­қта­рын білуін және олар­ды қорғай алуын, еркін­дік­тері мен мін­дет­терін, олар­ды қоғам­дық прак­ти­ка­да жүзе­ге асы­руын, қоғам­да қалып­тасқан сая­си аху­ал­дар­да дұрыс бағ­дар ұста­на алуын, жал­пы және ұлт­тық мәде­ни­ет­ті мең­ге­руін, мораль­дық сана­сы­ның жетілуін қамтиды.

Білім берудің зна­ни­е­цен­три­стік бағы­тын ұстанған елдер­де жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лі пән­дерінің мате­ри­ал­да­ры шама­дан тыс ауқым­ды және мей­ілін­ше қиын­да­ты­лған. Ресей­лiк ғалым А.Новиков атап өткен­дей, «автор­лар бағ­дар­ла­ма­лар мен оқулы­қтар­ды, мыса­лы, физи­ка­дан, бар­лық оқу­шы­дан кәсі­пқой физик дай­ын­дап шыға­ра­тын­дай етiп жаза­ды. Био­ло­ги­ядан да, хими­ядан да сон­дай» [А.Новиков. Содер­жа­ние обще­го обра­зо­ва­ния: от шко­лы зна­ний к шко­ле куль­ту­ры // Народ­ное обра­зо­ва­ние, 2005, № 1. 41‑б.].

Мек­теп – кәсі­пқой маман­дар даяр­лай­тын меке­ме емес. Оқу­шы­лар­дың аз ғана бөлi­гiне қажет­ті және солар ғана мең­ге­ре ала­тын білім­ді пар­та­да оты­рған­дар­дың бәрiне тық­па­лау – ақы­лға сый­ым­сыз. Тіп­ті жоғарғы буын­да оқу­шы­лар­дың бағ­дар таң­да­уы керекті­гін жамы­лып, ака­де­мизм­ге әуе­сте­ну­ге бол­май­ды. Ака­де­мизм өзін тек ЖОО-лар­да ғана ақтай­ды. Ресей ака­де­ми­гі атап өткен­дей, «Жал­пы білім жал­пы­ға арналған білім болуы керек. Мек­теп­ті маман­дан­ды­ру­дың, кәсі­пқой­лан­ды­ру­дың қай­сысы бол­са да, әсіре­се оны ерте жүр­гі­зу тұлға­ның мүм­кін­дік­терін тары­л­тып тастай­ды, кәсі­би алжа­су­шы­лы­ққа бастап апа­ра­ды» [сон­да. 43‑б.]. Тәр­би­елі және мәде­ни­ет­ті адам­ды, егер ол расын­да да сон­дай бол­са, ада­ми капи­тал іссіз қал­дыр­май­ды, ол әрқа­шан өз күшін жұм­сай­тын орын­ды таба­ды. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды: мек­теп жастар­ды жап­пай инже­нер-тех­но­лог қылып жібе­ру мақ­са­тын алды­на қой­мауы керек, мек­теп оны адам­заттың тәжіри­бесі жинақталған, мәде­ни­ет кеңісті­гіне шыға­руы керек. Сонан кей­ін ол өзінің потен­ци­ал мүм­кін­дік­терін дұрыс қол­да­на оты­рып, өз тағ­ды­рын өз қолы­на ала­тын бола­ды. Жал­пы мәде­ни­ет пен тәр­бие – алды­мен, кәсіп – артынан.

Қоғам­дағы тех­ни­ка­лық про­гре­стің аяқ алы­сын мек­теп­те­гі тех­ни­ка­лық цикл пән­дерін оқы­ту­дың күй­і­мен бай­ла­ны­сты­ру­шы­лар қате­ле­седі. Мате­ма­ти­ка­ның терең­детіл­ген нұсқа­сын оны тех­ни­ка­лық маман­ды­қтар­дың бірін бей­ім­ділі­гі­мен және қызы­ғу­шы­лы­ғы­мен қалап алған­дарға оқы­ту керек. Ал өзге­лер бұл пән­ді мате­ма­тик болу үшін емес, логи­ка­лық ойлау қабілетін шыны­қты­ру үшін оқуы керек. Оған қан­дай бөлім­дер­ді, қан­дай мөл­шер­де ірік­теп алу­ды мате­ма­тиктер­дің, педа­гог­тар­дың, пси­хо­лог­тар­дың, фило­соф­тар­дың қаты­суы­мен, эру­ди­ци­я­лы маман-сарап­шы­лар­дан құралған ком­пе­тент­ті комис­сия шешуі керек.

Мек­теп­те жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лі пән­дерін оқы­туға бөлін­ген уақыт­ты зер­де­лей қысқар­ту қоғам­ды инже­нер-тех­но­лог кадр­лар тап­шы­лы­ғы­на ұрын­дыр­май­ды. Өмір­де көбі­не­се керісін­ше болуы жиі ұшы­рас­а­ды. Мыса­лы, АҚШ және басқа Батыс елдері мек­теп­терін­де аза­мат­тық білім­ге басым­дық беріледі. Солай бол­са да, шынай­ы­лы­ғын­да сон­ды­қтан олар тех­ни­ка мен тех­но­ло­гия жағы­нан әрқа­шан алда келеді, қазір де солай. Өйт­кені  елдің дамуы алды­мен жал­пы мәде­ни­еті жоға­ры, сая­си-құқы­қтық сау­ат­ты, мораль­дық сана­лы халық бұқа­ра­сы­ның қол­да­уы­на ие болған, әділет­ті сая­си режим­нің орна­уы­на тәу­ел­ді. Сон­да қоғам­да бәрi өз орнын таба­ды, соның iшiн­де ғылым мен тех­ни­ка кадр­ла­ры да қажетiн­ше жет­кiлiк­тi дай­ын­да­ла­тын болады.

Адам­зат өрке­ни­етінің тари­хи тәжіри­бесі мына­ны көр­сет­ті: білім беру стра­те­ги­я­сы ныса­наға айналған­да – білім­де сапа бол­май­ды. Кел­тіріл­ген тези­сте еш кереғар­лық жоқ. Бәрін түсін­діру­ге бола­ды. Жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лi пән­дерi арнай­ы­лы­ғы­мен ерекше­ле­недi. Арнай­ы­лық ол пән­дер маз­мұ­нын­дағы кәсі­би және ғылы­ми ком­по­нент­тер­дің басым­ды­ғы­нан және олар­дың бола­шақ маманға ғана қажет­тілі­гі­нен көрiнiс бередi. Қиын­ды­қтың бәрі осы­дан туын­дай­ды. Оқу­шы­лар ара­сын­да ғылым мен тех­но­ло­ги­яға бой ұра­тын­дар көп бол­май­ды, олар­дың көбінің қызы­ғу­шы­лы­ғы басқа­да. Мек­теп пар­та­сын­да оты­рған­дар­дың басым көп­шілі­гі ғалым бол­май­ды, келе­шек­те «білі­ми» емес маман­ды­қтар­ды таңдайды.

Жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лі пән­дерін оқу­шы­лар­дың көп­шілі­гі мең­ге­ре алмай­ды. Осы құбы­лыс тура­лы РБА-ның ака­де­ми­гі Э.Днепров былай дей­ді: «РФ Білім беру мини­стр­лі­гінің ресми мой­ын­даға­ны бой­ын­ша, мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы талап ететін­нің бәрін мең­ге­ру үшін оқу­шы­ға апта­сы­на 167 сағат керек бола­ды, ал апта 168 сағат­тан тұра­ды; сол мини­стр­лік­тің өзі оқу­шы­лар­дың жары­мы­нан аста­мы мате­ма­ти­ка, физи­ка, химия, био­ло­гия пән­дері мате­ри­а­лы­ның 60 про­цент­тен аста­мын мең­ге­ре алмай­ты­нын әлде­не­ше қай­та­лаған еді. Мұның ар жағын­да бала­лар­дың, мұғалім­дер­дің, ата-ана­лар­дың қан­ша қасіреті, пси­хо­ло­ги­я­лық, педа­го­ги­ка­лық, әле­умет­тік және қар­жы­лық шығын шыға­ры­лып жатқа­нын кім есеп­тей ала­ды? Мек­теп­те­гі білім­нің өлі маз­мұ­ны мек­теп бюд­жетін аяу­сыз жұтып жатқа­ны­мен қой­май, соны­мен қоса, бала­лар­дың ден­са­улы­ғын, демек, ұлт­тың гено­фондыс­ы­ның негізін де құр­тып жатыр» [Э.Днепров. Обще­ство вне рефор­мы. Народ­ное обра­зо­ва­ние, 2005, № 7. 22‑б.]. Осы жағ­дай ака­де­мик Э.Днепровты мына­дай кате­го­ри­я­лық баға беру­ге мәж­бүр­ле­ген болар. Білім жүй­есін ол «бір ғана кілт­тік сөз­бен – эффек­тілі емес» деп баға­лаған бола­тын, ал жал­пы білім маз­мұ­ны­ның сипа­ты тура­лы былай деген еді: «өте ескір­ген, мең­ге­ру­ге ауыр, ғылым­тек­тес және бей­функ­ци­я­лы, өмір­дің шынайы талап­та­ры­нан тыс» [сон­да].

Зна­ни­е­цен­тризм – білім беру стра­те­ги­я­сы ретін­де қоғам­ның бола­шағы үшін өте қауіп­ті. Ол жөнін­де Ресей педа­гог­та­ры да аз жазған жоқ. Оның қауіп­тілі­гі мына­да: бір қараған­да ол өте дұрыс бағыт сияқты болып көрі­неді. Айта­лық, мек­теп оқу­шы­ға білім беруі керек, ғылым негіз­дерін, тех­ни­ка­ны, тех­но­ло­ги­я­ны мең­гер­туі керек. Бәрі мұның қан­дай кесірі бар деп ойлай­ды, білім­нің мол берілуіне тыры­су­ды теріс­ке шыға­руға бола ма? Пішін­де­луі жағы­нан бәрі қисын­ды (логи­каға сый­ым­ды) сияқты болып көрі­неді. Бұл бағыт­тың кей­де лого­троп­тық деп ата­луы содан. Осы алдам­шы логи­ка­лы­лы­қтың шең­бері­нен шыға алмаған адам осы бағыт­ты барын сала құп­та­уға шығады.

Алай­да ара­да недәуір уақыт өткен соң ғана қоғам мек­теп­тің фор­ма­лизм бат­пағы­на бел­ше­сі­нен батқа­нын аңға­ра­ды (аңға­ра ала­тын ада­мы бол­са). Оқу­шы оқы­ған бола­ды, оқы­ту­шы оқы­тқан­ның рөлін ойнай­ды. Бала пар­та­да қоңы­ра­уды күтіп, зері­гіп оты­ра­ды. Қой­ы­лып жатқан баға­ның бәрі жалған. Шынай­ы­лы­ғын­да, зна­ни­е­цен­тризм туы астын­да қоғам­да білім беру­де тұта­стай фор­ма­лы­лан­ды­ру және оқы­ту үдерісін­де толық про­фа­на­ция орны­ғып алады.

Бала­лар­дың мек­теп­тен зәре­зап болуы былай жүзе­ге асы­ры­ла­ды: мек­теп олар­дың сана­сын­да бәрі­нен бұрын мате­ма­ти­ка­ны, физи­ка­ны, хими­я­ны, био­ло­ги­я­ны оқы­та­тын меке­ме ретін­де ассо­ци­а­ци­я­ла­на­ды. Мұның бір­не­ше себебі бар: бірін­ші­ден, аталған пән­дер сабақ кестесін­де көп ұшы­рас­а­ды; екін­ші­ден, олар­ды мең­ге­ру қиын. Бар­лық қиын­ды­қтар (оқы­ту­шы­мен қақты­ғыс, нашар баға алып қалу) аталған пән­дер­ді оқу үдерісін­де туын­дай­ды. (Әрине, мек­теп­те қоғам­дық-гума­ни­тар­лық пән­дер де өтіледі. Баста­уыш сынып­тар­да бала­лар бұл пән­дер­ге табиғи қызы­ғу­шы­лық таны­та­ды. Ол пән­дер алға­шқы­да білім­дік пән­дер­ді оқы­ған­дағы­дай эмо­ци­я­лық-пси­хо­ло­ги­я­лық қиын­дық тудырмайды).

Кей­інірек оқу­шы­лар жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка цик­лі пән­дерін мең­ге­ре алмай­тын күй­ге түседі. Олар­ды бәрібір мең­ге­ре алмай­тын­ды­қтан, оқу­шы сабақта ештеңе істе­мей, бос оты­ру­ды әдет­ке айнал­ды­ра­ды. Бел­гілі бір уақыт өткен­де оның бұл әдеті қоғам­дық-гума­ни­тар­лық пән­дер сабақта­ры­на да тара­ла­ды. Бұл дерт бір­тін­деп бар­лық сабақ үстін­де ұдайы қай­та­ла­на­тын құбы­лы­сқа айна­ла­ды. Сөй­тіп, мең­ге­ру­ге қиын пән­дер­дің ықпа­лы­мен өзге пән­дер де мең­геріл­мей­тін пән­дер­ге айна­ла­ды. Оқу­шы үйрен­шік­ті машы­ғы­нан бас тар­та алмай­ды. Мате­ма­ти­ка­ны жек көру өзге пән­дер­ді жек көру­ге, оның арғы жағы, тиісін­ше, мек­теп­ті жек көру­ге ұласады.

Орта буын­да көбейе бастаған сабақты үлгер­ме­ушілер­дің үлесі сынып жоға­ры­лаған сай­ын үздіксіз артып оты­ра­ды. Ақы­ры сабақты үлгер­мей­тін көп­шілік үлге­ретін азшы­лы­қты толық жеңіп, соңы­нан ерте­ді. Мұғалім­дер­дің бар­лық пән­ді бар­лық оқу­шы­ларға ойдағы­дай мең­гер­ту­ге шама­ла­ры жетпейді.

Әле­умет­тік пси­хо­ло­ги­яда әре­кет­ке қосы­лу деген ұғым бар. Бұл тер­мин адам­ның өзінің негіз­гі қыз­метіне, бұл жер­де оқу­шы­ның – оқуға қаты­на­сын біл­діреді. Оқу­шы мек­теп­ке қаты­най­ды, сабақта оты­ра­ды. Алай­да оқу үдерісіне қосыл­май­ды, сабақ үстін­де бос оты­ра­ды неме­се көп­шілік жағ­дай­да басқа бір­деңе­мен айна­лы­сып, мыса­лы, смарт­фон­мен ойнап оты­ра­ды. Қазір­гі кезең­де оқу­шы­ның таным­дық қыз­мет үдерісі­нен тыс қалып оты­руы кең таралған құбы­лы­сқа айналған. Қазақ педа­гог­та­ры бұл кесір­лі құбы­лы­сты аңғар­май­ды, аңғар­маған­ды­қтан даб­ыл қақпайды.

Ал мұғалім­дер бол­са оқу­шы­ла­рын келесі сыны­пқа көшіруі керек. Олар­дың істеп жүр­ген лау­а­зы­мын­да қалуы соған тәу­ел­ді. Және оқу­шы бағ­дар­ла­ма­лық мате­ри­ал­ды мең­гер­ді ме неме­се жоқ па – оған қарап жатқан ешкім жоқ. Осы­лай мұғалім­дер арын саудаға сала­ды, ұста­здық пары­зын, мем­ле­кет алдын­дағы мін­детін кей­ін ысы­ра тұрып, үлгер­мей­тін оқу­шы­ны «үлгер­тіп», сынып­тан сыны­пқа көші­ре береді, орта білім­нің атте­ста­тын алғанға дей­ін жет­кізіп сала­ды. Оқу­шы үлгер­ме­се де, мек­теп­ке қаты­на­уын жалға­сты­ра береді. Қаза­қстан­ның заң­да­ры бой­ын­ша өзге­ше болуы мүм­кін емес. Ақы­ры сынып­та бақы­лау жұмысын орын­дай ала­тын бала шық­пай қала­тын жағ­дай қалып­та­са­ды. Білім беру сала­сы­ның жұмысы­ның тұта­стай фор­ма­лы­ла­нуы осы­лай көрініс беруде.

 

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

[email protected]

 

Редак­ци­ядан:

Атал­мыш тақы­рып­тың толық маз­мұ­нын автор­дың «Тіл фило­со­фи­я­сы» атты кіта­бы­нан оқуға болады.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн