Суббота , 5 июля 2025

Сот, тергеуші және прокурор КҮМӘН ДЕГЕНДІ БІЛЕ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Редак­ци­яға хат

Жау­а­бы қайсы?

Сот, тер­ге­уші және прокурор
КҮМӘН ДЕГЕНДІ БІЛЕ МЕ?

Менің қорға­уым­дағы Тел­жа­нов Абай Сейт­жа­п­барұ­лы Қызы­лор­да облы­сы­ның кәме­лет­ке тол­маған­дар­дың істері жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты­ның 2015 жыл­дың 10 қыр­күй­е­гін­де­гі үкі­мі­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық кодесінің 124-бабы­ның 1‑бөлігімен кінәлі (көрі­неу жас балаға қаты­сты күш қол­дан­бай, азғын­дық әре­кет жаса­ды) деп таны­лып, 6 (алты) жылға бас бостан­ды­ғы­нан айырылды.

Әдет­те­гі­дей, осы үкім­ді Қызы­лор­да облы­стық соты­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі апел­ля­ци­я­лық және кас­са­ци­я­лық саты­ла­ры біра­уы­здан дұрыс деп тауып, өзгеріс­сіз қал­дыр­ды. Қазір­гі уақыт­та сот­талған А.Телжанов қыл­мыс жаса­ма­са да, түзеу коло­ни­я­сын­да жаза­сын өтеп жатыр.
Мен осы іске апел­ля­ци­я­лық саты­сы­нан бастап қатыс­сам да, оның осы қыл­мысты жаса­маға­ны­на еш күмәнім жоқ. А. Тел­жа­нов қыл­мыс болған уақыт­та, яғни 2015 жыл­дың 22 мау­сы­мы 15 сағат 30 минут мезетін­де (жәбір­ле­ну­шінің айтуы бой­ын­ша) ауыл­да болған емес. Ол ауыл­дан 45 шақы­рым қашы­қты­қта, басқа ауыл­да 19 мау­сым­нан 22 мау­сы­мға дей­ін болып, үй жөн­деу жұмысын жасаған (жанын­да тағы да жігіт бар, басты сот талқы­ла­уы жабық түр­де өткен соң, ешкім­нің атын да, оқиға болған жер­ді де ата­май отырмын).
Құры­лыс жұмыста­рын жүр­гіз­ген үйдің иелері еңбе­кақы­ла­ры­на бер­ген 20 мың тең­ге­ге Тел­жа­нов сол үйдің бала­ла­ры­на дүкен­нен бал­мұз­дақ әпе­реді. Сол 22 мау­сым күні кеш­кі сағат алты­лар шама­сын­да жанын­да бір­ге жұмыс істеп жүр­ген жігіт­пен авто­бу­сқа оты­рып, ауыл­да­ры­на қайтқан.
Тер­геп-тек­се­ру бары­сын­да А.С.Телжанов қыл­мысты мой­ны­на алмай, осы жәйт­тер­ді тер­ге­ушілер­ге айтқан, ал куә­гер­лер, яғни жанын­да болған жігіт, құры­лыс жасаған үйдің иесі, олар­ды мото­цик­л­мен авто­бу­стан қар­сы алған жігіт оның жау­а­бын рас­тай­ды. Бірақ тер­ге­ушілер (бұл істі екі тер­ге­уші кезек­тесіп жүр­гіз­ген) әрі қарай тек­се­ру жұмыста­рын жүр­гіз­бе­ген, А.Телжанов құры­лыс жасаған ауыл­дағы адам­дар­дан, дүкен­ші­ден, оларға ақша бер­ген адам­дар­дан, авто­бус жүр­гі­зу­шісі­нен жау­ап алмаған. Іс бой­ын­ша Тел­жа­но­втың қолын­дағы жарақа­тын аны­қтау үшін, тер­ге­ушілер сарап­та­ма тағай­ын­даған, өйт­кені жәбір­ле­ну­ші оның біле­гі­нен тістеп алған делін­ген. Бірақ сарап­та­ма қоры­тындысы бой­ын­ша Тел­жа­но­втың біле­гін­де еш таң­ба аны­қтал­маған. Іс бой­ын­ша Тел­жа­но­втың қыл­мысын дәлел­дей­тін, қыл­мысты өз көз­дері­мен көр­ген куә­гер­лер жоқ. Жана­ма куә­гер ретін­де кәме­лет­ке тол­маған екі қыз бала­дан жау­ап алы­нған. Олар­ды жәбір­ле­ну­шінің шеше­сі қызы­на зор­лық жасай­мын деген адам­ды көріп келің­дер деп жібер­ген­де, ауыл­дың сыр­тын­да бір үйдің қабы­рға­сы­на сүй­еніп оты­рған мас адам­ды көреді. Оның түрін олар көре алмай­ды, тек қана біре­уі оның сұр фут­бол­ка мен қара-көк түсті шал­бар­да болға­нын, ал екін­шісі сұр фут­бол­ка, сұр шал­бар­да болға­нын айта­ды, басқа куә­гер­лер жоқ.
Ең қызы­ғы – А.Телжанов қамауға алы­нған күн­нен үш-төрт күн өткен­де, тер­ге­ушілер қай­дан кел­гені бел­гісіз бір қоңыр фут­бол­ка және бір сұр шал­бар­ды Тел­жа­но­втан алдық деп хат­та­ма тол­ты­ра­ды да, Тел­жа­нов қыл­мыс болған күні сол киім­де бол­ды деп шешіп, заттай дәлел­де­ме деп іске тір­кей­ді. Шал­бар­ды сұр түсті деп айтқа­нын рас­та­ту үшін, жана­ма куә­гер мен жәбір­ле­ну­ші­ге тануға ұсы­на­ды. Ал екін­ші жана­ма куә­гер­ге ұсын­бай­ды, өйт­кені ол сұр шал­бар­да бол­ды деп айтқан жоқ. Қыл­мыстық іс жүр­гі­зу заңы бой­ын­ша кім­нен алы­нға­ны бел­гісіз зат дәлел­де­ме болып табыл­май­ды. Басты сот талқы­ла­у­ын­да төраға­лық ету­ші судья А.Әбу сотқа қаты­су­шы­ларға заттай дәлел­де­ме­лер­ді көр­сет­кен жоқ, тек осы заттай дәлел­де­ме­лер жой­ыл­сын деген шешім шығар­ды. Сотқа қаты­сқан адво­кат­тың авто­бус жүр­гі­зу­шісі және учас­келік инспек­тор тура­лы айтқан сөзіне құлақ аспады.
Бүкіл айып тек қана жәбір­ле­ну­ші, кәме­лет­ке жасы тол­маған он жастағы қыз бала­ның сөзі­мен құры­лған. Оның айтуы бой­ын­ша, сол оқиға болған күні кеш­кі сағат онның кезін­де дүкен­ге барған­да, бал­мұз­дақ алып тұрған екі кісінің біре­уі оған бір­түр­лі қараған соң, қорқып кетіп, оған зор­лық жасай­мын деген кісі осы екен деп топ­шы­лаған. Ол кісілер кетіп қалған соң дүкен­ге қай­тып келіп, әлгі кісілер кім­дер деп дүкен­ші­ден сұраған­да, ол Абай – Сейт­жа­п­бар­дың бала­сы деп, өзінің шеше­сіне айтқан. Шеше­сі үшін­ші күні, яғни 26 мау­сым күні пси­хо­лог­тар­ды шақы­рып, 27 мау­сым күні поли­ци­яға арыз жазған.
Оқиға болған жер сол күні жәбір­ле­ну­шінің айтуы­мен қара­ла­ды. Оқиға болған жер­де қыл­мыс бел­гілері табыл­май­ды. Басқа іс бой­ын­ша ешқан­дай тіке­лей дәлел­де­ме жоқ. Басқа­ла­ры тек қана жана­ма дәлелдеме.
Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы соты­ның қыл­мыстық істер бой­ын­ша дәлел­де­ме­лер­ді баға­ла­удың кей­бір мәсе­ле­лері тура­лы 2006 жылғы 20 сәуір­де­гі №4 Нор­ма­тив­тік қаулы­сы­ның 12-пунк­тін­де істі Қыл­мыстық істер жүр­гі­зу кодексінің 363-бабын­да көз­дел­ген қысқар­ты­лған тәр­тіп­те қарау жағ­дай­ла­рын қос­паған­да, егер сот­тың үкі­мі сот­та­лушы мен жәбір­ле­ну­шінің тал­дан­баған, ақиқа­ты салы­сты­рыл­маған, өзге де құжат­тар­мен рас­тал­маған айғақтар­дың негізін­де ғана шыға­рыл­са, оны заң­ды деп тануға бол­май­ды делін­ген. Тер­геп-тек­се­ру бары­сын­да басқа ешкім­нен жау­ап алын­баған, егер, А.Телжановтың айтуы бой­ын­ша, куә­гер­лер­ден жау­ап алын­са, онда қыл­мыс ашыл­мау­шы еді. Сон­ды­қтан тер­ге­ушілер де істі сотқа жібе­рер алдын­да тек­сер­ген, про­ку­рор да осы еш дәлел­сіз істі сотқа жібе­ре салған, сөй­тіп қыл­мыс ашы­лған болып сана­лып, қой аузы­нан шөп алмай­тын жуас жігіт ұсталған.
Тел­жа­но­втың басқа ауыл­да болға­нын дәлел­дей­тін айғақтар­дың бәрі ол қамалған күн­нің ертеңін­де бел­гілі болып, оның аға­сы жаз­ба­ша түсінік­тер­ді А.Телжановтың адво­ка­ты, менің әріп­тесім С.Шабаевқа тап­сы­рға­ны­мен, одан еш нәти­же шықпаған.
Апел­ля­ци­я­лық саты­ның соты­на адво­кат­тық құқы­ғым­ды қол­да­нып, куә­гер­лер­ден түсінік алып, шағым­мен қоса ұсы­нған­мын және сот оты­ры­сы­на куә­гер­лер­дің бәрі келіп, сот хат­шы­сы олар­ды тір­ке­гені­мен, Қызы­лор­да облы­стық соты­ның төраға­лық ету­ші судья­сы А.Қожаниязов ешкім­нен де жау­ап алма­ды. Менің ойым­ша, ол кісі басты сот талқы­ла­у­ы­ның әділ екенін алдын ала біл­ген­ге ұқсай­ды. Менің апел­ля­ци­я­лық шағы­мым­ды оқы­ма­ды ма деп қал­дым. Өйт­кені сот оты­ры­сы басталған­да, мені «ордерің жоқ» деп іске қаты­стыр­май­мын деді. Ол ордерім­ді мем­ле­кет­тік айып­та­у­шы іс қағаз­да­ры ара­сы­нан тауып бер­ді. «Сот­та­лушы іске қатыс­сын» деген менің өтіні­шім­ді де көр­ме­ген, сон­ды­қтан істі қарау түстен кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды. Сон­да апел­ля­ци­я­лық саты­ның ролі қан­дай бол­ды? Сце­на­рий бой­ын­ша адво­кат­тың апел­ля­ци­я­лық шағы­мы қанағат­тан­ды­ры­лу­сыз, үкім өз күшін­де қал­ды, сот­тың А.Телжановтың кінәлі екеніне еш күмәні болған жоқ. Құра­мын­да үш судья­сы бар кас­са­ци­я­лық саты да төраға­ның басқа­руы­мен үкім­ді әділ деп шешті. Сон­да судья­да күмән деген бол­май ма?
Менің енді­гі сенерім – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы соты­ның кас­са­ци­я­лық алқа­сы, тек сол кісілер­де күмән болуы мүм­кін деп ойлаймын.
Еле­усіз ТҰРСЫНОВ,
Аста­на қала­сы адво­кат­тар алқа­сы­ның адвокаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн