Суббота , 5 июля 2025

«КӨГІЛДІР КӨЗІЛДІРІК» немесе Оқырманмен сырттай сұхбат

Бұл менің өз оқыр­ман­да­рым­мен ой бөлі­сей­ін деп, сай­лау науқа­ны басталға­лы бері қапер­де жүр­ген жоралғым еді. Соның сәті бүгін түс­кен сияқты. Бірақ өзі­ме «пиар» жасау, жалаң жар­на­ма­ны жал­бағай жамы­лу – оң жам­басқа салған ойым емес. «Оқыр­ман­мен сырт­тай сұх­бат» деп, өзім­ше жанр жаса­мақ болған себебім – кез­де­се кет­кен жер­де оқыр­ман ағай­ын жол-жөне­кей сұрай­тын, атүсті айты­ла­тын анау-мынау мәсе­лені жиып-теріп, осы­лай жау­ап берудің жолын ізде­ген түрім. Қала­саңыз – оқып шығар­сыз, «қой­шы осы­ны» десеңіз, газет­тің басқа бетіне ойы­сып жүре берерсіз: қалау еркіңіз біл­сін – тық­па­лай­тын түгім жоқ.

Соны­мен, «осы не дер екен» деп, етене таныс ағай­ын­дар менен оқта-тек­те ненің жәй­ін сұрай­ды? Мәсе­лен, соңғы кез­дері «осы сай­ла­удан не опа табай­ын деп депу­тат­ты­ққа түсіп жүр­сің» дейді.
Ең алды­мен айтай­ын – бұл сай­ла­уда маған, менің шаш­ба­уым­ды көтер­ген ЖСДП-ға дауыс беріңіз деп, ной­ыс наси­хат­тың нұсқа­сы­мен ешкім­ге еме­урін таныт­пай­мын. «Біз­ге өзің де дауыс бер, өзгені де ерте бар» деп, Зай­сан­дағы жалғыз әпкем тая­у­да туған күнім­мен құт­ты­қтап, теле­фон шалған­да да, ләм-мим деме­гем. Тіп­ті о жақтағы­лар менің депу­тат­ты­ққа түсіп жатқа­ным­нан да бей­ха­бар бол­са керек. Алыс түк­пір­де­гі Зай­сан түгілі, Алма­ты­ның көше­сін­де кезі­ге кет­кен тамыр-таны­сым да менің бұл науқанға ноқта­ланға­ным­ды біл­мей­тінін көріп жүр­мін. Себебі – үйіп-төгіп үгіт жаса­уға ЖСДП-ның жағ­дайы жоқ. Бүкіл биз­не­сті бүк­тір­ген билік пар­ти­я­сы­мен, оның «жол­би­ке жол­даста­ры­мен» жары­су – естінің қылы­ғы болмайды.
«Дауыс бер!» деп айт­пай­тын тағы бір себебім – «газет­ті пай­да­ла­нып, үгіт жүр­гізді» деген жазғы­руға тап болуым мүм­кін. Менің жарам жеңіл ғой: пар­ти­я­ны «под­ста­вить» етуім мүм­кін. Сон­ды­қтан дауыс беру-бер­меу – жағ­дай­ға жіті жұрт­тың өз қала­у­ын­дағы қақы бол­мақ. Оның үстіне мен және біздің пар­тия «Нұр Отан» сияқты жара­па­зан жыр­лап, «жарқын бола­шақты» үйіп-төгіп тастай алмай­ды. Халы­қты «хала­у­ләй­мен» қарық қылуға қақы­мыз жоқ.
Айт­пақ­шы, менің өз басым қарай­ған халық түгілі, 18 жыл­дан бері «ДАТ»-ты шыға­рып, жаным­да жүр­ген Кен­же­тай­дың салы­нар-салын­бас жалғыз «вре­мян­ка­сы­на» кір­піш әпе­рем деп айта алмай­мын. Сол 18 жыл­да мені­мен бір­ге жүр­ген Бақыт­гүл­ді қыңқыл-сыңқыл сырқат­тан түзеу үшін сана­то­рий­ге жібе­рудің мүм­кін­ді­гін тап­па­дым. Сөй­те тұра, болар-бол­ма­сы бей­мағлұм депу­тат­тық үшін халы­қты жары­лқай­мын деп, өтірік айта алмай­мын. Бақыт­гүл мен Кен­же­ден халық құра­ла­ды, ал олар­ды қинаған про­бле­ма – жал­пақ елдің басын­да бар.
Ал депу­тат­ты­ққа түсу мәсе­лесіне келер бол­сақ, «опа табу» мен үшін мән­ді емес. Табы­лар-табыл­мас – ол да сон­ша­лы­қты қызғы­лы­қты құштар­лық дей алмай­мын. Елдің бүгін­гі сая­си жағ­дай­ын­да пар­ла­мент­те­гі оншақты оппо­зи­ци­я­лық депу­тат (егер өте алса) дүниені төң­керіп таста­уы мүм­кін емес. Бел­гілі бір фильм­де айты­ла­тын­дай: «Тут надо всю систе­му менять»! Ал тұтасқан тұр­пайы жүй­ені ат төбелін­дей депу­тат­тар емес, бүкіл халық болып өзгер­ту қажет. Бірақ солай бола тұр­са да, «сай­ла­у­ға түсу­ге» не түрт­кі бол­ды дерсіз.
Ал «түс­пей­ік» – кім­ге қиын қыла­мыз?! Оған билік­тің қыл­шы­ғы қисая қой­мас. Сірес­кен жүй­енің сіресін сын­ды­ру үшін, дің­ге­гін дің­ке­летіп, тіре­гін ырғау үшін әркім әр жер­ден әре­кет етуі керек шығар. «Жатқан тастың асты­мен су ақпай­ды» десек, жұлы­мыр­лар жұл­ма­лап тастаған жұрт­тың жата бер­гені бұдан былай бол­мас. Қоғам­да қозғау бол­сын десек, үміт-қай­ы­ры бел­гісіз бол­са да, қимыл жасау қажет. Халы­қты жете­ле­сең, жоғын жоқтап алаңға шық­па­са, басқа қылар қан­дай қай­ран бар?

«Жеке­ле­ген тәу­ел­сіз тұлға­лар­дың, оппо­зи­ци­я­ның қаты­суы бұл сай­ла­уды заң­да­сты­руға лиги­тим­дік береді: сөй­тіп, билік­тің диір­меніне су құй­ып жүр­сің­дер» деп жазып­ты жуы­қта бір «Фейс­бук-досым». Осы­ған не дейін?
Оқыр­ман ойы­ның оға­шты­ғы жоқ – мүд­делі уай­ым­ның сөзі. Расын­да, ертең­гі күні билік бар дауы­сты үйіп-төгіп «Нұр Отанға» жазып бер­ген соң, «бұл пар­тия оппо­зи­ци­я­мен тай­та­ла­ста жеңіп шықты» деуі – әдет­те­гі әгу­гәй. Бірақ «Шегірт­ке­ден қоры­ққан егін екпес» деген­дей, билік солай дей­ді екен деп, дәр­мен­сіз оты­руға тағы да болмас.
Екін­ші­ден, бұл билік лиги­тим­дік­ті «ұрып қой­ға­ны» бар екен. Сай­ла­уды заң­да­сты­ра­тын қар­сы­лас-мыс пар­тия-сымақтар­ды бала­ла­тып таста­ды: басқа­лар бұл сай­ла­у­ға қаты­са ма, жоқ па – оған «до лам­поч­ки»! Мәсе­лен, әлем­дік өрке­ни­ет­тің басын­дағы демо­кра­ти­я­лық елдер үшін ком­му­ни­стік идея – нағыз қызыл­көз бәле­кет. Мар­ха­бат, біз­де­гі ондай жасан­ды қызыл­көз – Коса­рев­тің «халы­қ­шыл» ком­пар­ти­я­сы. Сол Коса­рев­ті «біздің дауы­сы­мы­зды ұрла­ды» деп, сай­ла­удан кей­ін «Хабар­дан» бір-екі рет қақ­сат­са бол­ды – Батыс елдері бұл бай­ба­лам­ды жоққа шыға­ра алмай­ды. Осы­лай­ша оппо­зи­ци­я­лық «ой» ойнақ­шып шыға келеді.
Жал­пы, билік­тің солақай сая­сат тех­но­ло­ги­я­сын игеріп алға­ны сон­ша­лық, ертең­гі күні қой­нын­дағы қаты­нын «мынау –оппо­зи­ция» дей салуы – мұрын шұқу­дан оңай шаруа. Әлбет­те, ел-жұрт ол қулы­қтың қитұрқы­лы­ғын біледі. Бірақ билік­ке бәрібір: жоқты – бар­дай ету, бар­ды – құдай ұрған­дай ету арқы­лы Ақор­да абы­рой­ын жауып жүр. Басқа және адал қаре­кет қол­да­ры­нан келмейді.

«Енді екі-үш күн ішін­де түгесілетін науқан бары­сын­да билік ЖСДП-ға жетім бала­ның күй­ін кештір­ді, теле­эфир­ден орын бер­меді, қала­лы жер­де­гі бил­борд­тар­ды өз кан­ди­дат­та­ры­ның сурет­тері­мен тол­ты­рып таста­ды, т.т. Мұн­дай қыса­стық жағ­дай­ын­да билік­тің «артын ашу» үшін, сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лау – қия­натқа қар­сы жау­ап болар еді. Бұл қол­да­ры­ңы­здан келе ме?» – деген талап-тілек­ке не жау­ап беру­ге болады?
Әрине, бой­кот жари­я­лау – билік дай­ын­дап қой­ған «жеңілі­стен» құты­лу­дың ең оңай жолы. Билік­ке бар бәлені жауып, жан­тай­ып жата беру­ге бола­ды. Бірақ, сай­ла­у­шы­лар, халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тен қалай құты­ла­сың? Қалай болған­да да, про­те­сті элек­то­рат­тың құры­ған­да тең жар­ты­сы ЖСДП-ға дауыс беру­ге бел буып отыр. Олар ЖСДП-ның өлер­мен жақ­та­сы бол­мауы да мүм­кін. Бірақ басқа таң­дау бол­маған соң, оппо­зи­ци­яға дауыс беру­ге үміт арту­да. Оның ЖСДП-ға бер­ген дауы­сы есеп­ке алы­на ма, жоқ па – про­те­сті элек­то­ратқа бәрібір. Басты мақ­са­ты – қыты­мыр­дан осы­лай өш алу. Тым құры­ған­да, өз-өзін осын­дай бір бол­ма­шы рахатқа бөлеу.
Енде­ше билік­ке қар­сы қауым­ды мұн­дай «рахат­тан» құр қал­ды­руға бола ма? Егер сай­ла­у­ға үш-төрт күн қалған­да бой­кот жари­я­лай­тын бол­сақ, сол қар­сы қауым ЖСДП-дан мүл­де үміт үзбей ме?
Менің ойым­ша, бой­кот – болым­сыз шаруа. Бұл бой­кот бүгін­гі оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­сқа деген сенім­нің соңғы там­шы­сын сарқу­мен бір­дей бола­ды. Сон­ды­қтан көңіл­ге медеу болар-бол­мас сол сенім алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті жер­мен жек­сен ету­ге мен түбе­гей­лі қар­сы­мын. Біз депу­тат­ты­ққа өте­міз бе, жоқ па – ол маған аса маңы­зды емес. Маңы­здысы – елде­гі көз­ге көрі­нер-көрін­бес қар­сы­лық қозға­лы­стың меселін қай­тар­мау. Елдің ерік-жігерін, тәу­мен­делік­тен ада тір­лік­ке деген үміт­тің шоғын үрлей білуі­міз керек. Түп­теп кел­ген­де, бұл рухқа қаты­сты мәсе­ле. Яғни, халы­қтың еркін­дік­ке деген ынта­зар рухын ұрлат­па­уы­мыз керек.
Әрине, қала­да жүр­ген, «Фейс­бук­те» «оты­рған», кух­ня­сын­да кіжін­ген қазақ мынау не оттап отыр деуі мүм­кін. Митин­гі­ге шақыр­саң, кеже­гесі кері тар­та­тын, алаңға шығуға аттап бас­пай­тын сол қазақ: «Біздің рухы­мы­зды ешкім тонай алмай­ды!» деп, кеуде қағып, менің осы ойым­ның ойран-топы­рын шыға­руы мүм­кін. Бірақ қаза­қтың жар­ты­сы ауыл­да тен­тіреп жүр­генін ұмыт­пау керек. Оларға не бірен-саран тәу­ел­сіз газет те, не үздік-создық интер­нет те, не басқа­дай бала­ма ақпа­рат та жет­пей­ді. «Хабар» мен «Қаза­қстан­ның» даңға­за даб­ы­рас­ын көре-көре жалы­ққан ауыл жұр­ты бүгін­де ұзақ-сонар сери­ал­ды рух тұтып жүр­гені – мен ғана білетін жаңа­лық емес.
Сон­ды­қтан қаза­қтың жар­ты­сы «қама­лып қалған» ауыл­дың рухы ұрлан­са, қаза­қтың қай­нар көзі суал­ды дей беріңіз. Ауыл­дағы ағай­ын­ның аза­мат­тық рухы қала­да жұмыс іздеп жүр­ген бала­сы­на ілініп қана тұр десек, жылы пәтер­де жатып алып, жал­пақ жұрт­тың үсті­нен сөй­ле­уді қадет қылмайық.

Ал бұл сай­ла­удан кей­ін елде қан­дай да бір өзгеріс болуы мүм­кін бе? Билік­тің иіні жібіп, қоғам­ның бой­ы­на жылы­мық тарай ма? – Біздің газет осын­дай сұрақтар­ды жиі көтеріп жүр­генін оқыр­ман қауым жақ­сы біледі.
Енді осы сұрақтарға мен де жау­ап беріп көрей­ін. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың батыс облы­старға жасаған соңғы сапа­ры­ның сық­пы­ты­на қараған­да, бірер апта­дан соң өзгеріс баста­ла қояр­лы­қтай нышан сезіл­мей­ді. Ол өзінің осы тоқ­пей­іл жүрісі арқы­лы елдің бәрі тоқ деп ойлай­тын болуы керек. Зауыт­тар мен меке­ме­лер­де судай жаңа жұмыс­шы киі­мін киіп алып, өзіне қол бұлғап тұрған, еріксіз жай­да­ры болуға тыры­сқан қар­сы алушы­ларға қарап, Қаза­қстан­ның бәрі біры­ңғай мамы­ра­жай күй кешіп жатыр деп ойлай­тын шығар. Өзін «қарық боп» қар­сы алушы­лар­дың кемін­де 60 пай­ы­зы ертең­гі күні төле­нуі тиіс неси­енің пай­ы­зын ойлап тұрға­нын қай­дан білсін?!
Айт­пақ­шы, пре­зи­дент­тің осы сапа­рын­да жастарға айтқан «алды­мен үй ал, сонан соң ғана үйлен» деген сөзі көп­тің күл­кісіне айналға­нын да біл­мей­ді-ау, сірә! Бұл рет­те бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Айдос Сарым пре­зи­дент­тің бұрын­да­ры айтқа­нын парал­лель кел­тіріп, жақ­сы пікір жазға­нын оқы­дым: «Пре­зи­дент­тің мұны­сы «алды­мен – эко­но­ми­ка, сонан соң ғана – сая­сат» деген­ге сая­ды екен» деп­ті ол. Оны­сы­ның да жөні бел­гілі бол­ды: эко­но­ми­ка­мыз мынау – мықы­рай­ып қалған, ал сая­са­ты­мыз – сол баяғы сазға батқан сыңа­ре­зу қалпы.
Осы орай­да әле­умет­тік желілер­ге шыққан пікір­лер­ді жиып-терер бол­саң, тұп-тура бір кітап анек­дот бола­ры хақ. Бәрін айтып тауы­спас­пын, тек қараған­ды­лық Айтқо­жа аға Фазы­ло­втың жазға­нын кел­тірей­ін: 25 жастағы жігіт­тің 150 мың тең­гелік жалақы­сы бол­са және ол сол табысы­ның 60 мыңын ай сай­ын үй алуға жина­са, оның 20 жыл өмірі кете­ді екен. Сон­да 45 жасқа кел­ген­де үй алып, кәрі қызға үйлен­се, бала­сыз қала­ды, жас қыз оған тимей­ді. Өмір­дің қор боп өткені осы-да.
Айт-ағам желі­ге жазған пікір­дің нобайы осын­дай. Бұры­нғы қазақ алды­мен бала­сын үйлен­діріп, содан соң ғана оған отау тігіп беретін салт-дәстүр болға­нын жасы жет­пістің жуан орта­сы­нан асқан Нұре­кең біл­меп­ті деген­ге кім сенеді? Неме­се бұл, ауы­зға кел­ген­ді ақта­ра салу – халы­қты не айт­са, соған бас шұлғи­тын қара­бай­ыр тобы­рға бала­удың бала­ма­сы ма?
Соны­мен, қалай болған­да да, Нұре­кең сай­ла­удан кей­ін көзіне киген «көгіл­дір көзіл­дірі­гін» тастай ма? Егер сөздің өзіне тиер тоқе­терін айтар бол­сақ, «төрі­нен – көрі жақын» деген қаза­қи қалып­тың кебін кел­тір­сек: «көзіл­дірі­гін» таста­уы керек, өзгерісті баста­уы керек. Бұл бірін­ші кезек­те өзге­ге емес, өзіне керек қадам болуы тиіс. Себебі соңғы 25 жыл­дық (арғы – кеңе­стік кез­де­гі 3–4 жыл­дық билі­гін айт­паған­да) езгісіне ерген, бай­ла­у­ы­на бағы­нған қазақ тағы да 5–6 жылға көнеді. Ресей­лік импе­ри­я­ның пат­ша­лық сая­са­ты­на 300 жыл көн­дік­кен халы­ққа бұл бес-алты жыл бұй­ым емес: билі­гіне бағы­на, өлмес күнін көре тұрады.
Бірақ осы жуы­қтағы жыл­дар ол үшін «халы­қ­пен бақұл­да­су» жыл­да­ры бол­мақ. Егер осы уақыт ара­лы­ғын­да өзгеріс жасап кет­пе­се, оның тарих­тағы тұлға­сы «ағаш атқа теріс мініп» қала­ды. Оның тәу­ел­сіздік­ті «алып бер­ген», елдің шека­ра­сын «сызып бер­ген», әлем таны­ған мем­ле­кет «жасап бер­ген», ең-ең 50 елдің қата­ры­на «кір­гізіп кет­кен»… тағы­сын тағы еңбек­тері еш кете­ді. Оның бәрі – мұзға жазы­лған жары­лқа­у­лар: күн шық­са, еріп кете береді. Себебі «Қасым­хан­ның қасқа жолын», «Есім­хан­ның ескі жолын» көр­ген мың жыл­дық қаза­қтың соңғы тұта­мы «Нұр­сұл­тан­ның нұр­лы жолы­нан» қай­ыр көр­ме­генін бүгін-ақ біліп отыр. Ал ертең, ол кет­кен соң, «нұр­лы жол­дан» нұсқа қал­дыр­май, тас-талқан етеді.
Бұл ессіз ере­ге­стің сөзі емес, дүние жаралған­нан бер­гі тарих­тан туған тәжіри­бенің талқы­сы осы­лай дей­ді. Тірісін­де маң­дай­ын­да – күн, арқа­сын­да – ай жарқы­раған биле­уші ұлты ұлағат қылар, артын­да қалған ұрпағы ұлы тұтар қыз­мет қыл­ма­са, оның құрғақ сөз­бен «жасап кет­кені» ұмыт қала­ды. Себебі «нұр­лы жол­дың» несі­бесі қалың қаза­ққа бұй­ыр­май, ат төбелін­дей бай­лар мен сарай төңіре­гін­де­гі уәзір­лер­дің уысын­да кет­ті. Бәрін тіз­бе­леп қай­тей­ін: бұл қара қазақ мал жая­тын өрі­стен, егін егетін егі­стен айы­ры­лған соң, бар­шаға бел­гілі басқа жоқты жария ету – қу сөзді сапы­рған­мен бір­дей мыл­жың бола­ды. Басты­сы – Мұх­тар аға Маға­у­ин айтқан­дай, «нұр­лы жол­дың» соңын­да «қаза­қ­сыз Қаза­қстан» қалып барады.
Осы­ны Нұре­кеңнің өзі біл­мей отыр дей­сіз бе? Менің ішкі түй­сі­гім алда­ма­са, жылан­ның артқы аяғын көр­ген биле­уші бәрін біліп жүр: ол өзінің соңын­да орны тол­мас ойық қала­рын, ойық емес-ау, аңы­раған апан қала­рын сезі­нуі тиіс. Сон­ды­қтан бұған дей­ін «жасап бер­генін» қаза­қтың рухын көте­ретін, ерік-жігерін оята­тын, еңсесін тік­тей­тін мұра­мен тол­ты­рып кетуі керек.
Ол мұра қасаң қоғам­ды жаңа­ла­удан, өңмең­де­ген өкі­мет­тің өңін өзгер­ту­ден, қаңғып қалған қаза­қты билік­ке жақын­да­ту­дан, «Ұлы Дала» бала­сы өз еліне өзі ие болуы тиіс жау­ап­кер­шілік­ті жүре­гіне жүк­теп жүру­ден, ақыл-сана­сын сіл­ку­ден, миы­на жаңа­ша файл жазу­дан баста­ла­ды. Оны өрке­ни­ет­те «рефор­ма» деп атай­ды. Тағы да тула­тып алмай­ын деген болуы керек, оны жуы­қта Әке­жан Қажы­гел­дин «модер­ни­за­ция» деп атап­ты. Біз­де­гі сая­сат­кер­лер сөз­ге қал­маудың сыңай­ы­мен мәй­мөң­ке­леп, оны «транс­па­ра­ция» деп жүр.
Ата­уын қалай десек те, елге бір өзгеріс жаса­лу керек кезең туды. Әрине, ол кезеңнің астын­да да өмір бар, қаза­қтың мимырт тір­лі­гі жалға­са береді. Бірақ Назар­ба­ев­тың өмірі қан­ша­лы­қты ұзақ бол­са да, оның пре­зи­дент­тік дәуірі сон­ша­лы­қты мәң­гілік емес – биле­ушілік мұр­са­ты біте­ді. Тіп­ті ол «хаме­ле­он көзіл­дірік» киіп алса да, осы­ны түй­сі­нуі тиіс.
Бірақ ол өзгеріс қала көше­лерін­де ілініп тұрған жар­на­ма қалқан­ша­сын­дағы «100 қадам» сияқты шексіздік бел­гісі­нен ада болуы керек. Шұғыл және енді­гі қалған 5–6 жыл­да жаса­лып бітуі тиіс. Бұл ел-жұрт­тың ғана емес, Нұре­кеңнің жеке мүд­десін­де­гі мін­дет деп білем.
«Жеке мүд­десі» деген­де, Әке­жан Қажы­гел­дин ұсы­нған модер­ни­за­ци­я­лау жоба­сы пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың соңғы мұр­са­ты­на сай келе ме деп ойлай­мын. Әке­жан айта­ды (сөзінің нобайы): «Қоғам­ды модер­ни­за­ци­я­ла­уды бар құзыр­ды қолы­на жинап алған пре­зи­дент өз пәр­мені­мен баста­уы тиіс. Ал егер өзгеріс­ке өзі мұрын­дық бол­ма­са, оны бәрібір одан кей­ін кел­ген ел бас­шы­ла­ры жасай­ды, бірақ оның нәти­же­сі Назар­ба­ев­тың тари­хи мүд­десіне нұқ­сан келтіреді».
Экс-пре­мьер­дің сөз аста­ры осын­дай. Ал ол астар­ды Нұре­кең түсін­ді ме, жоқ әлде өзіне жау санаған адам­ның сөзі деді ме – ол жағы түй­сік­ке тіре­летін шешім. Тіп­ті «жауым» айт­ты демей-ақ, өзгерістің осы­ған ұқсас нұсқа­сын өзім баста­дым десе де, оған Қажы­гел­дин де, халық та көнеді. Өйт­кені ел алдын­да өзге таң­дау жоқ.

«Сіз неге Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты сынай бересіз, ол – ел пре­зи­ден­ті ғой, басқа тақы­рып тап­па­ды­ңыз ба?» – Тая­у­да елге таны­мал «Жұл­ды­здар отба­сы» жур­на­лы­ның «Тіке­лей бай­ла­ныс» айда­ры аясын­да бір оқыр­ман­ның теле­фон арқы­лы жол­даған сауалы.
Мәсе­ленің мәні де сол – ол ел пер­зи­ден­ті. Оған пре­зи­дент­тік құзыр­ды Құдай емес, халық бер­ген. Қалай болған­да да, халы­қтың еркі­мен сай­ла­нып қой­ы­лған ел бас­шы­сы. Басқа­ша айтқан­да, халық пре­зи­дент­ті біздің елі­мізді, эко­но­ми­ка­мы­зды, сая­са­ты­мы­зды жүр­гіз деп, уақыт­ша (?) жал­дап алған сая­си мене­джер. Ол өзін осын­дай ашық сая­сатқа арнаған және сол сая­сат­тың ыстық-суы­ғы­на көнем деп ант бер­ген сая­си тұлға.
Ал халы­қтың қала­у­ы­мен жал­данған лау­а­зым­гер, тіп­ті ол пре­зи­дент бол­са да, сол халы­қтың мүд­десіне сай қыз­мет қыла алмаған неме­се ел басқа­ру сая­са­тын­да мүлт кет­кен, бұра тар­тқан, қате­ле­с­кен сәт­тері бол­са, жал­да­у­шы (халық) оған неге сын айт­пасқа? Оның үстіне халық дауыс беру арқы­лы жал­дап алған тағы бір тұлға­лар тобы – депу­тат­тар (сенат пен мәжіліс) пре­зи­дент­тің қыз­метіне балан­стық, тепе-теңдік, бақы­ла­у­шы­лық, сын­шыл­дық құқы­қтан жұр­дай бол­са, еке­уін бір­дей жал­да­у­шы не істе­уі керек?
Ол аз десеңіз, елде­гі бірін­ші, ең басты билік халық екені, оған бас­пасөз және ерік-жігер еркін­ді­гі беріл­гені Кон­сти­ту­ци­яда бады­рай­тып тұрып жазы­лған. Егер пре­зи­дент­тің қыз­метін сына­мау, оның жеке­ле­ген мәсе­ле­лер­ге қаты­сты сая­са­ты­на қар­сы сөз айт­пау қажет бол­са, ол жағ­дай сол Ата заң­да ата­луы керек. Ондай­да заңға құл­дық ұру­шы халық та, Серік­бол­сын Әбділ­дин мен Әмір­жан Қоса­нов та, мен де аузы­мы­зды буып, құқы­қтық қағи­даға қар­сы кел­мей жүрер едік.
Ал Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жеке басы­на менің тағар ешқан­дай кінәм жоқ. Керісін­ше, Нұре­кең ағам­ның ақсақал­дық, аза­мат­тық тұлға­сы­на, өзі сен­ген жол­да­сы­на (Нұр­тай Әбіқа­ев, Сер­гей Тере­щен­ко, Иманға­ли Тасмағам­бе­тов, Мах­мұт Қасым­бе­ков, Сер­гей Кула­гин.., кезін­де­гі Вла­ди­мир Ни мен Қара­тай Тұры­сов…) деген берік­тік­ті­гіне тән­ті­мін. Оның «бір атар» әншілі­гі мен дом­бы­ра­шыл­ды­ғы, сөздің түбін түсірер шешен­ді­гі, спор­тқа әуе­сті­гі, серілі­гі, тіп­ті қыз-қырқы­нға жақын жігіт­ті­гіне дей­ін бір аза­мат­тың басы­нан табы­ла бер­мей­тін қасиеттер.
Ал халы­қтың бүгіні мен ертеңіне бай­ла­ны­сты ел пре­зи­ден­ті жүр­гізіп оты­рған қыз­метінің дұрыс-бұры­сты­ғын айту, осы­ған орай ой айту – бұл сая­сат­тың әңгі­месі. Оны Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та, оның төңіре­гін­де топыр­лаған басқа­лар да білуі керек.
Айт­пақ­шы, осы сая­сат­тың бары­сын­да бұра­лаңы мен бұл­та­ры­сы көп жағ­дай­лар бола­ды. Әрбір билік өзін сақтап қалу үшін жан­та­ла­сып баға­ды. Бұл рет­те сұңғы­ла­лық пен сұм­дық та, пара­сат­ты­лық пен қулық та, ина­бат пен интри­га да ара­лас-құра­лас жүреді. Бұлар­ды ел басқа­ру өнерін өз түй­сі­гі­мен мең­гер­ген жал­да­ма­лы лау­а­зым­гер парық-пай­ы­мы­на қарай қол­да­на­ды. Сон­ды­қтан жеке-дара билік­тің берік­ті­гін бекем ету жолын­да жан­дәр­мен жан­та­ласпен «құр­банға шалу» (Заман­бек Нұрқа­ді­лов, Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев, бір деректер бой­ын­ша – Марат Оспа­нов…) – биле­ушілер өмірін­де «қалып­ты құбы­лыс» сана­ла береді («С кем не быва­ет…» деген сияқты). Оның бер жағын­да сол билік­ті сақтау қамы­м­ен сот­тау, айдау, қуда­лау (Әке­жан Қажы­гел­дин, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Әбі­ля­зов, Серік Ахме­тов, Арон Ата­бек, Вла­ди­мир Коз­лов, Мұх­тар Жәкі­шев…) «әдет­те­гі әре­кет» сана­ла береді.
Нұре­кеңе туған іні­дей болуға дай­ын тұрар­лық менің бір түй­сі­гім бар: ол – қазақ мүд­десіне қыз­мет қылу. Қаза­қтың егініне бір құлақ су басқа­лар­дан артық бұрыл­сын, қаза­ғым өз жерін­де қаға­жу көр­месін, көп бала­лы қазақ әйеліне өзге­лер­ден артық ақы төлен­сін, қаза­қтар бастаған ұлт­тық биз­нес тепе­ріш көр­месін деген ой-ниетін айт­тыр­май сезер бол­сам, мен баяғы­да-ақ оппо­зи­ци­я­лық ойдан ойы­сып, Нұре­кең ағам жаққа шығып кетер едім. Өкіні­штісі сол – мен Нұр­сұл­тан ағам­ның ондай ойы­нан бей­ха­бар­мын. Себебі – оспа­дыр­лы­ғы оңбай тұрған ресей­шіл оры­сқа елең­дей ме, жоқ әлде әдет­те­гі­дей өзім білем деген басқа ойы бар ма – қаза­ққа деген қабағы­ның ашы­лған күнін көрмедім.

«ДАТ» газеті Ресей­ді іреп алам дей ме, неге Путин­ге қаты­сты жиі жаза­ды, бұл жари­я­ла­ным­дар қазақ оқыр­ман­да­ры­на қажет емес» – деп, редак­ци­яға арнайы ама­нат айта кел­ген ағай­ын­ның реніш таны­тқа­ны бар. Расын­да, газет Ресей тақы­ры­бы­на неге құштар?
Иә, Қаза­қстан­ның шең­бері­нен шық­пай­тын шек­те­улі ғана тира­жы бар газет пут­ин­дік Ресей­дің импе­ри­я­лық әрі агрес­си­я­лық сая­са­тын жиі жаза­ды. Шын­ту­ай­тын айтқан­да, бұл – менің жеке өзім «тық­па­лай­тын» тақы­рып. Оны да «бас оқыр­ман­дық» құқым­ды пай­да­ла­нып, ерік­кен­нен ермек етіп жүр­ген жоқпын.
Бұл – қаза­қтың басы­на төніп тұрған қатер­дің тақы­ры­бы. Гру­зия, Укра­и­на, Мол­до­ва елдерін­де­гі ресей­лік агрес­си­я­ның есер эста­фе­та­сы қаза­ққа да бұй­ы­руы мүм­кін қауіп. Ең басты­сы – біздің көп­шілік қазақ осы қатер­ді қапер қыл­май­ды. Тіп­ті Путин пат­ша­ны пір тұта­тын, оны АҚШ-пен арпа­лы­ста «кру­той» санай­тын ақы­мақ ойлы ағай­ын­дар бар. Сол қаза­қтар біздің шек­те­улі тара­лым арқы­лы мүм­кін болар осы қатер­ге дай­ын бол­сын деймін.
Путин – ол монстр! Әлем­дік өрке­ни­ет көшін өз ырқы­на, өзге елдер­ді Ресей­мен күш­теп сана­суға көн­дір­мек болған есер­дің ере­гесі­мен жүр­ген «қоян­шық». Ол беті бері бұрыл­май­тын керу­ен­ге үрген кән­ден сияқты. Бірақ ол кән­ден­нің ядро­лық азуы бар, қырып-жояр қаруы бар. Сол қару-жарағын сал­дыр­ла­тып, әлем­ді өз дегеніне көн­дір­мек пиғы­лын ашақ жария етіп жүр­ген пары­қ­сыз пат­ша­ның қиям­пұрыс қылы­ғын әшке­ре етіп оты­ру – есті елдің мін­деті бол­са керек.
Аме­ри­ка­ны аждаһа санап, ислам­дық-лаң­кест­ік идео­ло­ги­я­ның иірі­міне батқан халы­ққа да бұл түй­сік­тің теріс екенін құлаққағыс еткім келеді. Сая­сат – жау ізде­удің емес, дос табу­дың құра­лы. Ал АҚШ қан­ша­ма алып ел бол­са да, жер-жаһан­нан жау ізде­ген ел емес. Ол әлем­дік ортақ көзқа­рас­тар тәр­тібін бұра тар­тқан елдер­ді өзін және өзгені сый­ла­у­ға шақы­ра­тын, осы рет­те әлем­дік-поли­цей­лік рөл­ді атқа­руға мәж­бүр болып оты­рған мемлекет.
P.S. Міне, газет­тің екі бетіне сый­ды­руға тыры­сқан айт­пағым осы еді. Егер қоғам­дағы басқа да мәсе­ле­лер­ге қаты­сты ой бөлі­сем деген ағай­ын­дар бол­са, [email protected] элек­трон­ды пошта­сы арқы­лы хат-хабар күтем. Жақ­сы күн­дер­де жай­ма-шуақ көше­лер­де жай­раң­дап жүрей­ік, ағайын!
Ерму­рат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн