Суббота , 5 июля 2025

АҚЫН САРА АТАУСЫЗ ҚАЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Әтте­ген-ай!

 


 

Тағ­ды­ры ауыр, ғұмы­ры қысқа, мына жалған дүни­е­ден аққан жұл­ды­здай жарқ етіп өте шығып, өмір жолы тұм­ша­ла­нып қала беретін ғажай­ып тұлға­лар бола­ды. Қуа­ны­шты­сы – олар­дың артын­да өлмес мұра, таң­дай­ын қағып, қадір тұтар халқы қала­ды. Рені­штісі – қай­сы­бір іштар қия­пас­тар олар­дың өз қол­да­ры­мен жазып кет­кен дүни­е­леріне, заман­даста­ры­ның куәлік­теріне сен­бей, сан-саққа жүгір­тіп, күң­гірт сөй­леп, күлім­сі талас тудырады.

Қазақ дала­сын­дағы осын­дай тұлға­ның бірі және біре­гейі – Сара Тастан­бекқы­зы. Өлең сөз­ден тор­та айы­рған ақын­ның соңын­да да таны­мал тұлға­ларға таңы­ла­тын орын­сыз дау қал­ды. Сара­ның аты­на қосақта­лып, өз атын бір көр­сетіп қалу үшін жан­та­ласқан сан «жүй­рік» құй­ы­сқан көтер­ді. «Сара мен Бір­жан­ның айты­сы бол­маған» деп тыр­баң­даған­дар бұрын да бол­ды, қазір де бар, бола­тын да шығар. Солар Шай­хы­сы­лам­ның Жеті­суға сапа­ры тура­лы сапар­шы­ның ұлы Төре­бай Шай­хы­сы­ла­мұлы­ның Сараға қара­та айтқан мына сөз­дерін бір оқы­са тілін тең­ге қотыр басар еді:

Шай­хы­сы­лам Жеті­су­ды аралады,

Бай­лар мен би, болы­сты жағалады.

Қал­ды­рған саған Бір­жан қолтаңбаны,

Өзің­нен қалап алып, кете барды.

Тай­ға таң­ба басқан­дай анық. Сара­ны көзі көр­ген, сол кездің куә­герінің сөзі. Бір­жан мен Сара­ның кез­дескені таза шын­дық. Ал екі ақын кез­дес­се, сөз қағы­спай кете­ді деген­ге кім сенеді?

1993 жылы Сара ақын­ның 115 жыл­дық тойы өткен­де, қалап қосы­лған күй­е­уі Бек­бай­дың кей­ін­гі келін­ше­гі­нен туған неме­ресі Бәти­ма апай Қара­бұлақтан табы­лып, аса көп, өте құн­ды мағлұ­мат­тар беріп еді. Салы­нып жатқан молаға еңіреп келіп, егіліп оты­рып айтқан әңгі­ме­леріне көп­шілік куә. Есті­ме­ген, кеңе­стік идео­ло­ги­я­ның сал­да­ры­нан тоны айнал­ды­ры­лған жайт­тарға қаны­қтық. Жиенқұл­дың орыс, фран­цуз тіл­дерін­де шешен сөй­ле­генін, Петер­бор, Мәс­ке­у­ге дей­ін сауда жүр­гіз­ген аса епті маман екенін кім біл­ген? Олар өз алды­на бір әңгі­менің өзегі.

Ал бүгін­гі айт­пағым – Алма­ты облы­сы­ның әкім-қара­ла­ры­ның Жеті­су тарихы­нан сау­ат­сызды­ғы, өздері бас болып оты­рған өңір­дің тари­хи тұлға­ла­ры­ның ғұмы­ры­нан ныспы хабар­сызды­ғы. Күн­делік­ті күй­бің­нен аса алмай­ты­ны, тұм­сы­ғы­ның астын­дағы­ны көре алмай­ты­ны, ел ісіне қыр­сызды­ғы. Жыл басы­нан бері Тал­ды­қорған жақтан Сара ақы­нға қара­ты­ла не шара өте­ді екен деп елең­де­умен келе­міз. Себебі биыл қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен бір тума қызы Ақын Сара­ның дүни­е­ден өткеніне тұп-тура 100 жыл.

Жуыр­да жолым түсіп, басы­на соғып, бет сипа­дым. Тозып кетіп­ті. Облыс әкі­мінің, оның ала­ша­пқын орын­ба­сар­ла­ры­ның, мәде­ни­ет, тіл басқар­ма­ла­ры, теле­ра­дио, газет бас­шы­ла­ры­ның, жор­нал­шы­лар­дың қара жер­ге шық­са қақы­рап қала­тын таба­ны тиме­гені анық. Әйт­пе­се біреу-міре­уі Сара­ның дүни­е­ден өткен жылы­на көз салар еді ғой. Түй­сі­гі барын­да «Ару­ақтан ұят болып­ты-ау!» деген ой тұта­нып, қалам алар еді.

Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғын той­лаған ұлы дүбір­де Тал­ды­қорған қала­сы­нан Керей мен Жәні­бек хандар­дың аты­на бір көше бере алмаған, Заман­бек марқұм айта­тын «чинуч­тар­дан» не үміт, не қай­ыр? Алма­ты облы­сы­ның бас­шы­ла­ры­на елба­сы­мы­здың өне­гесін ежік­теп жазып, «абай.кз» арқы­лы оқы­сын деп жібер­ген­мін. Пре­зи­дент 2002 жыл­дың көк­те­мін­де Әз Жәні­бек пен Әз Тәу­ке хандарға Аста­на­да ескерт­кіш қою­ды ұсы­нған. Жұрт­шы­лық түзе­ту енгізіп, Керей мен Жәні­бек­ке бөл­мей-жар­май ескерт­кіш қою қажет деген ұсы­ныс айт­ты. Келісіл­ді. Ескерт­кіш қой­ыл­ды. Мұнан соң Қазақ мем­ле­кетінің баста­уын­да тұрған қос Тұлғаға көше атал­ды. Міне, осы өне­ге­ден үйреніп, Тал­ды­қорған қала­сы­на кіре берісте­гі, әзір­ше ата­у­сыз даңғыл­ды Керей мен Жәні­бек­тің аты­на беруді ұсы­нған­мын. Тал­ды­қорғанға кіріп келе жатқан жола­у­шы қазақ тарихы­на еніп келе жатқан­дай әсер алар еді. Естуім­ше, Тал­ды­қорған облы­сы­ның көзі тірі шежіресі, Ана­сы іспет­тес Бәти­ма Сақа­у­ова бастаған бір топ аза­мат­тар да дәл осын­дай ұсы­ны­спен облыс әкі­мі А. Бат­та­ло­вқа шыққан екен. Бірақ әншей­ін­де ауыз жап­пас орын­ба­са­ры, бас­пасөз қыз­меті мел­шиіп жатыр. «Жоқ» жеу­ге шама жоқ, «иә» деу­ге басе­ке­лері­нен ым жоқ бол­са керек. Біре­удің аузы­на қараған күн құрысын!

Анау кез­де Қытай­ға жер беру­ге келісіп­ті деген кеса­у­ат шыққан соң, анық-қаны­ғын айт деп Алма­ты облы­сы­ның әкі­міне Ашық хат жол­даған­мын. Дема­лыс күні түн­де салған­мын ғалам­торға. Ойпы­рым-ай, сон­дағы жыл­дам­ды­қта­рын айта­мын да! Әп сәт­те «Бата­лов өйт­кен жоқ, Өнер­ба­ев дүй­ім елді жиып, бұл жөнін­де жари­я­лаған. Дақ­пырт қой, дақ­пырт!» деген азар да безер жау­ап қол­ма-қол сарт еткен. Әкі­мін қорға­са, құр­дай жорға бұларға қазір қай қыр­сық ілік­ті екен? Әлде дай-дүй қырқы­сып, бір пәту­аға тоқтай алмай жатыр ма?

Міне, осын­дай нем­кет­тілік пен кере­на­улық көз алды­мы­зда тұрған соң Ақын Сара ата­у­сыз қала ма деп шоши­мын. Жеті­су уни­вер­си­тетін­де ғалым­дар, жұрт жай­ын ойлай­тын ақын­дар мен жазу­шы­лар Тал­ды­қорған­да қашан да мол болу­шы еді. Бұл ағай­ын­дар неғып үнсіз жатыр? Шене­уік­тер жүн­деп тастай­ды деп сес­кене ме екен? Бірақ өз елін­де, өз жерін­де кім­нен қорқа­ды? Ақын Сара­ның шығар­ма­шы­лы­ғы мен ғұмы­ры­на арнап кең көлем­ді ғылы­ми-таным­ды­лық мәс­ли­хат ұйым­да­сты­рып, ондағы баян­да­ма­лар­ды жеке кітап етіп шығар­са, облы­стың бюд­жеті опы­ры­лып қала ма? Ақын Сара­ның ару­ағы­на арнап облыс орта­лы­ғын­да Ас бер­се, облыс банк­ро­тқа түсе ме?

 

Кел­ген­дер – кетер. Бірақ Жеті­суға кін­ді­гі бай­ланған інілерім бар еді. Олар­дікі ома­лып, қай оты­рыс? Мыса­лы, облы­стық Тіл басқар­ма­сы­ның ата қаз­дай басты­ғы, ақын Ахмет Кен­дір­бе­ков, Шыңғыс­хан­ның жоқта­у­шы­сы, «Жеті­су» газетінің бас­шы­сы, жиенім, дәу­пе­рім – Әмі­ре Әрін, теле­ра­ди­о­ның құлағын ұстаған, сүй­рік батыр – Бей­сен Құран­бек, мәде­ни­ет­тің сүй­е­гін мүжі­ген телқоңыр Ахан Әбдуә­ли­ев­тер. Бұларға айтар қосым­ша ұсы­ны­сым және бар. Жабы­лып жүріп, шын мәнін­де келісті «Жастар» пар­кін ашқан екен­сің­дер. Шүкір!

Ахмет, Әмі­ре, сен­дер білесің­дер, Тәу­ел­сіздік алған алға­шқы жыл­да­ры қида­ла­сып, қырқы­сып, Тал­ды­қорған­ның қақ орта­сын­дағы төң­керіс көсем­дері­нен екі көшені тар­тып алып, бірін Бір­жанға, бірін Сараға арна­дық. Ақын Сараға мей­рам­ха­на­ның арты­на ескерт­кіш қой­дық. Сол кез­де ет қызу­мен асы­ғыс шешім қабыл­дап, қате жасаға­ны­мы­зды қазір түсініп жүр­мін. Таса­да тұр. Кере­мет әде­мі, сүп-сүй­кім­ді дүние көз­ге түсе бер­мей­ді. Осы ескерт­кі­шті «Жастар» пар­кінің орта­сы­на, жастар сей­іл құрар жер­ге орнат­са, қан­дай жара­сым­ды болар еді. Інілерім-ау, төр­те­улеп, ең бол­ма­са осы шару­а­ны қолға алуға шама­ла­рың жете ме? Қар­жы қажет бол­са, жұрт жинап береді. Ал енді осы мәсе­ле­ге ақыл қосар аза­мат керек бол­са, облы­стық мәс­ли­хат­тың бас­шы­сы Серік Мұқа­нов­пен кеңесің­дер. Сен­дер­ге де, Жеті­суға да, тіп­ті маған да бөтен емес. Талай тығы­ры­қтан шыққан, небір шәкім­нен жол тапқан, тәжіри­белі аға­ла­рың ғой. Сөз жоқ, бір ама­лын нұсқайды.

Жыл соңы­на дей­ін бір ай уақыт бар. Ынта­сы бар ұланға ұлан-асыр той жаса­уға жете­ді. Біз Ақын Сараға арнап екі-ақ шара өткі­зуді ұсы­нып отыр­мыз. Ғылы­ми-таным­ды­лық кон­фе­рен­ция арнау, ескерт­кі­шін ел көзіне шыға­ру. Өтініп отыр екен демеңіз­дер. Сара­ны ардақтау – парыз.

Облы­стың қауқа­ры жоқ бол­са – айты­ң­дар. Ұял­маң­дар. Өзі­міз де қалың жұрт­пыз. Анау жыл­да­ры Тал­ды­қорған­ды облыс орта­лы­ғы жасай­мыз деп жүз­ге жуық жігіт-қыздар «Тал­ды­қорған-тағ­ды­рым» атты ынта­лы топ құрып, мені дәәкөөй бас­шы сай­лап, бүкіл облы­стың аудан­да­ры­нан мың­даған адам­ның қолын жинаған тәжіри­бе­міз бар. Ол хат­тың алды жана­шы­лар­дың қол­да­уы­мен пре­зи­дент­ке жет­кен. Нәти­же­сін­де Қасым­жо­март Тоқа­ев басқарған үлкен комис­сия келіп, хат­та жазы­лған­дар­дың шын­дық екеніне көз жет­кіз­ген, біз­бен емін-жарқын әңгі­ме­ле­с­кен. Осы­ны ести сала, сол тұстағы Алма­ты облы­сы­ның бас­шы­лы­ғы мені «кілем­ге» шақы­рып, үш сағат тәжі­ке­лесіп, қызыл иек кет­кен­ше тістесіп едік. Онда облыс қысқа­рып, қай­ран облы­сым­мен бір­ге мен де қысқа­рып, қала­лық Мәде­ни­ет және тіл басқар­ма­сы­ның шына­шақтай ғана бас­шы­сы едім. Мені қыз­мет­тен алмақ болған. Қала бас­шы­сы С. Жылқай­да­ров пен орын­ба­са­ры К. Шәм­ши­ди­но­ваға осын­дай тап­сыр­ма беріп, ықты­рып таста­мақ-ты. Ықпақ түгілі, «қыңқ» еткен жоқ­пын. Қай­та таны­мал жур­на­лист, жұрт­ты түгел бай-қуат­ты етпек Нұр­тілеу Иманға­ли­ев еке­уі­міз бір амал жасап, өздерінің тақи­я­сын айнал­ды­рып кеткенбіз.

Ақы­ры дегені­міз­ге жет­тік. Тал­ды­қорған қала­сы облыс орта­лы­ғы атан­ды. Кеше­лер сол топ­тың біра­зы­на теле­фон соқ­сам, бір-жары шау тар­тқа­ны бол­ма­са, дені сау-сала­мат екен. Жаны­ғып отыр. Ұсы­ны­сқа – айқай, жылуға –қар­жы қосуға бек дай­ын. Бір бас қос­сақ бол­ды, шаруа жәй­лап жыл­жып кетей­ін деп тұр. Облы­стың әкі­мі­нен бат­сап, Өнер­ба­ев­ты қосып, інілерім­ді шақы­рып, тұп-тура Тәу­ел­сіздік күні қар­саңын­да қос жылқы сой­ып, қазы айлан­ды­рып, Ас беру­ге шама­мыз жете­ді. Асқа жиналған Қаза­қстан­ның әр түп­кірі­нен шақы­ры­ла­тын мей­ман­дар­дың, Жеті­су жұр­ты­ның аты­нан мем­ле­кет, үкі­мет бас­шы­ла­рын Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 25 жыл­ды­ғы­мен құт­ты­қтап, теле­грам­ма жол­да­сақ дей­ді. Біл­сін өздері тағай­ын­даған төмен­де­гілерінің «күй­кі тір­лі­гін». Аста­на­дан арнайы кел­ген­дері­міз құт­ты­қта­уды ала кетіп, Ақор­да­ның жәші­гіне сала­тын сияқты­мыз. Ере­гес­кен­де тура осы­лай істейміз.

Ақын Сара – қаза­ғы, елі тұрған­да, ата­у­сыз қал­май­ды. Бас­шы­лар бұқ­пан­тай­лаған­да, жұрт бас қосып, өз біл­ген шара­сын істей­тіні әлім­сақтан бел­гілі. «Өлі разы бол­май, тірі бай­ы­май­ды» дей­тін қаза­қтың бала­сы­мыз. Тек облыс бас­шы­ла­ры, інілері­міз бен олар­дың ақы­л­шы­ла­ры жұр­ты қозға­лып жатқан­да, мешел бала­дай мой­ын­да­ры қыл­тиып қарап оты­рар ма екен?

Әлде қазақ қадір тұтқан Сара ақын­ды еске түсірер шара өткі­зе ме? Сәл ғана сабыр сақтап, тосай­ық. Мүм­кін, жыбыр­лап қалар. Бол­ма­са Жеті­су жұр­ты­на сауын айта­мыз. Шен-шек­пен­сіз­дер де таңы­мыз атып, кеші­міз батқан халы­қ­пыз. Ақын Сара­ның бір ісін өзі­міз көтеріп кетеміз.

 

Камал ӘБДІРАХМАН,

Жеті­су­дың қарт

жор­нал­шы­сы

 

 

АҚЫННЫҢ МОЛАСЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛЫПТЫ

 

Камал Әбдірах­ман­ның «Ақын Сара ата­у­сыз қала ма?» деген мақа­ла­сы Abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лын­да жари­я­ланға­нын өткен сен­бі күні той­дағы жұрт­тың әңгі­месі­нен естідім. Қызу талқы­лап тұр екен. Әркім өзін­ше ой түй­еді ғой. Бірақ бар­лы­ғы Сараға арнап ғылы­ми-таным­дық кон­фе­рен­ция өткі­зуді қол­дап сөй­леп жатты.

 

Қызы­ғу­шы­лы­ғым оянып, Abai.kz пор­та­лы­нан әлгі мақа­ла­ны тауып алып оқы­дым. Несін жасы­рай­ын, осы ойлар­дың өзі­ме кел­ме­геніне кәдім­гі­дей кей­ідім. Бәрі дұрыс. Бірақ Камал аға­ны өткен ғасыр­дың тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры­нан біле­мін. Аға­мы­здың эмо­ци­я­сы арна­сы­нан асып жата­ты­ны бар. Сол жыл­да­ры Сары­ө­зек поли­го­нын жабуға мұрын­дық болға­нын, Сарқант­тың, Тал­ды­қорған­ның бас көтер­ген каз­ак­та­рын кеуде­ден соғып тоқтатқан­дар­ды бастаға­нын, облы­стың сол кез­де­гі әкі­мі­мен алы­сып жүріп, Тал­ды­қорған­дағы алға­шқы қазақ орта мек­тебін ашқы­зға­нын жақ­сы біле­міз. Алған беті­нен қайт­пай­тын «нефор­мал­дар­дың» жетек­шісі еді, қасын­да жүр­дік, бар­лық шару­аға атсалыстық.

Сон­да Камал аға­ны тежеп отыр­ма­сақ, сірің­ке шақ­пай-ақ даудың оты тұта­нып кететін. Осын­дай мінезі есі­ме түсіп, артық-ауыс сөй­леп қой­ма­ды ма екен деген ой маза­ла­ды. Елге күн­де келіп жатқан жоқ­пыз. Соны ойлап, жек­сен­бі күні Сара­ның мола­сы­на арнайы бардым.

Жоқ! Камал аға жасы ұлғай­ып, апты­ғы басыл­са керек, керісін­ше, жеңіл­де­те жазған екен. Күре жол­дан кесе­не­ге апа­ра­тын жол шұрқ тесік, екі жиегін белу­ар­дан шөп басып, мола­ның иесіз екенін әп деген­нен көр­сет­ті. Жете берісте­гі көпір­ден көк­тем­де су асып кет­се керек, көпір бүлініп қалған. Келер жылғы көк­тем­де түгі қал­май­ты­ны анық. Кесене қор­ша­уы­нан сәл ары әлдекім шлаг­баум қой­ып­ты. Оны­сы бір жағы­на қисай­ып, осы маң­ның сиқын алып тұр. Қор­шау ішін­де­гі жағ­дай да тұп-тура жол үстін­де­гі­дей. Сонау жыл­да­ры мола алды­на гүл оты­рғы­за­тын аста­у­лар қой­ы­лға­нын білетін­біз. Олар­дың да сынға­ны сынып, сын­баға­ны­ның боя­уы оңып, сұры­қ­сызда­нып­ты. Мұн­да да шөп белу­ар­дан. Неше жыл шалғы тиме­гені анық. Облыс бас­шы­ла­ры ат басын бұр­маға­ны осы­дан-ақ көрінді.

Мола ішіне су өтіп­ті. Тас пен бетон­нан салы­нған кесе­ненің еш жері­нен тесік көрін­бей­ді. Су үш ашық тере­зе­ден кір­ген­дей. Келе­шек­те шыны салған оңды сияқты. Топы­рағы­на біре­улер ақ мата жапқан екен, оны­сы­на су тиіп, сарғай­ып, иістене бастап­ты. Үйін­ді топы­рақтың өзін де әлдекім тасып кет­кен секіл­ді, жақта­уы­нан төмен түсіп кетіп­ті. Көңілі­міз түсіп, Сара апа­мы­здың әру­ағы­на арнап Құран оқы­дық. Біздің қол­дан келер осы ғана ғой.

Сара ақын­ның ауыр тағ­ды­ры тура­лы көп жазыл­ды. Тіп­ті айтыс бол­ма­ды деушілер де оқтын-оқтын шығып қала­ды. Бұл да ақын апа­мы­здың ғұмы­ры бүгін­ге дей­ін орын­сыз тала­стың тақы­ры­бы болып келе жатқа­ны­ның дәлелі. Сара ақын­ның қалқа­сын­да өздерін көр­сетіп қалғы­сы келетін­дер бары рас. Солар­дың «шын­дық» іздеп жүр­ген­деріне үлкен күмәнім бар. Нақ осы себеп­тен де Сара ақын тура­лы Камал аға айтып оты­рған ғылы­ми-таным­дық кон­фе­рен­ция өте қажет. Жастар ұмыт­пас үшін, өткені­мізді еске алып оты­рған­ның несі артық?

Екін­ші мәсе­ле, Төле­ген Досмаған­бе­тов қаза­қтың бір­ту­ар мүсін­шісі еді. Сара апа­мы­здың ескерт­кі­шін жасаған сол кісі. Қай­та­лан­бас ғажап туын­ды! Расын­да да, осын­дай тама­ша дүние көп­шілік мол жүретін жер­де тұруы керек-ақ! Бұған той­шыл­дар­дың бір-жары қар­сы бол­ды. Себебі Мұқаға­ли­дың ескерт­кі­ші тұр дей­ді. Менің­ше, бұл сыл­тау емес. Керісін­ше, екі ақын бір-біріне сән берер еді.

Алма­ты­ға оралған соң, заман­даста­рым­мен ақыл­да­сып едім, көр­ген­дерім­ді жазуға кеңес етті. Олар да, облыс бас­шы­лы­ғы қолға алма­са, өздері­міз-ақ қар­жы жинап, ең бол­ма­са ас берей­ік деген пікір айт­ты. Несі бар, билік­те­гілер­ге қарай­лай­тын дәнеңе жоқ. Сара ақын­ды қадір­леу пары­зы­мыз ғой.

 

Қадір­жан МҰСАҒҰЛОВ,

Алма­ты,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн