Суббота , 5 июля 2025

Маңғыстау мұнайшылары АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Ере­уіл­де­ген ел бар

 

 


 

Жеке­ле­ген ақпа­рат агент­тік­тері хабар­лаған­дай, Маңғы­стау облы­сын­дағы Techno Trading ком­па­ни­я­сы­ның нара­зы жұмыс­шы­ла­ры 5 қаңтар­да ере­уіл­ге шығып, аштық жари­я­лаған еді.

 

Azattyq.org пор­та­лы­ның хабар­ла­у­ы­на қараған­да, Мұнай­лы ауда­ны­ның Қызы­л­тө­бе ауы­лын­да өтіп жатқан нара­зы­лық акци­я­сын­да 133 жұмыс­шы аштық ұстап отыр. Жұмыс­шы­лар ком­па­ния бас­шы­лы­ғы­нан жалақы­ны көбей­туді, тоқ­сан сай­ын берілетін сый­ақы­ны тұрақты төле­уді, бел­сен­ділік таны­тқан жұмыс­шы­лар­ды қуда­ла­уды тоқта­ту­ды талап ете­ді. Жұмыс­шы­лар соны­мен қатар жұмыстың эко­ло­ги­я­лық зия­ны, қосым­ша атқа­ра­тын жұмыста­ры үшін де ақы төле­уді талап етуде.

Жұмыс­шы­лар акци­яда Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан жұмыс­шы­лар құқы­ғы­ның тап­та­луы­на жол бер­ме­уді сұраған пла­кат ұстап шыққан.

Еске сала кетей­ік, Techno Trading ком­па­ни­я­сын­дағы жұмыс­шы­лар нара­зы­лы­ғы был­тыр­дан бері жалға­сып келеді. Олар бір­не­ше мәр­те митинг өткізіп, кей­де жұмысқа шығу­дан бас тар­тқан, жұмыс орын­да­рын қысқарт­па­уды, әле­умет­тік төлем­дер мен тоқ­сан­дық сый­ақы­ла­рын тұрақты төле­уді, жалақы­ны көбей­туді, нара­зы­лық шара­сы­нан кей­ін­гі қысым­ды тоқта­ту­ды талап еткен. Нара­зы­лық акци­я­сы­нан соң алты жұмыс­шы – Эрик Миф­та­хов, Марат Кем­ме­ки­ев, Ерсай­ын Түй­е­ши­ев, Айбо­лат Өтесі­нов, Жол­дас Көкім­бай мен Мыр­за­бек Изе­нов «себеп­сіз жұмыста бол­ма­ды» деген негіз­бен жұмыстан боса­ты­лған еді. Олар­дың жұмыс беру­шінің үсті­нен жазған шағы­мын қараған Мұнай­лы аудан­дық соты ком­па­ния бас­шы­лы­ғы­ның бұй­ры­ғын қуат­тап шешім шығарған.

2017 жыл­дың басын­да қай­та­дан жан­данған ере­уіл­дің бары­сын­да қаңтар­дың 6‑сы күні жеті бір­дей бел­сен­ді: Мария Жар­ко­ва, Жан­бо­лат Абдо­лов, Еркін­бек Сарин, Пара­хат Ход­жах­ме­дов, Жол­ды­бай Сүй­есі­нов, Нұр­жа­нат Асқа­ров, Асан Ход­жах­метұ­лы «жұмыстан шыға­ры­лға­ны тура­лы хабар­ла­ма алған­да­рын» хабарлады.

Аштық жари­я­лаған жұмыс­шы­лар «Азатты­ққа» нара­зы­лық акци­я­ла­рын Мұнай­лы ауда­нын­дағы ком­па­ния кең­сесі алдын­да өткізу­ге «поли­ция мүм­кін­дік бер­ме­ген соң», Жеті­бай ауы­лын­дағы жұмыс орын­да­ры­ның жанын­дағы «Бек­тұр әулие» зира­ты басын­дағы үйге барған­да­рын айт­ты. Опе­ра­тор Берік Ерген­ба­ев­тың мәлім­де­уін­ше, «қаңтар­дың 5‑іне ауған түні олар аштық акци­я­сын жалға­сты­рып жатқан «Бек­тұр әулие» зира­ты басын­дағы үйге кел­ген Маңғы­стау облы­стық ішкі істер депар­та­мен­тінің (ІІД) арнайы жасағы үйді боса­ту­ды талап еткен».

Жұмыс­сыз қалға­нын қаңтар­дың 6‑сы біл­ген 42 жастағы, кәме­лет­ке тол­маған екі бала­сы бар, жалғы­зілік­ті ана Мария Жар­ко­ва «жұмыстан шыға­ры­лған­дар был­тыр жаз­да болған ере­уіл­ден соң құры­лған келісім коми­яс­си­я­сы­ның мүше­лері екенін» айтып, нара­зы­лы­қтың бір себебі «осы комис­си­я­ның тара­ты­луы екенін» баян­да­ды. «Талап­тар­ды талқы­ла­уды қара­ша­ның 22-сі біте­міз деп келісіл­ген бола­тын. Алай­да ком­па­ния дирек­то­ры бір­жақты бұй­ры­ғы­мен жел­тоқ­сан­ның 7‑сі күні комис­сия жұмысын тоқтат­ты. Ал бізді жел­тоқ­сан­ның 28‑і жұмыстан шыға­рып жібер­ген. Оны енді естіп отыр­мыз. Комис­сия мүше­лерін кәсі­по­дақ келісі­мін­сіз, сот шеші­мін­сіз жұмыстан қуу заң­сыз», – дей­ді ол.

Мария Жар­ко­ва комис­сия жұмысы кезін­де ұжым­дық шар­тқа толы­қты­ру­ды Еңбек кодексіне сай, заң­гер­мен ақыл­да­са оты­рып ұсы­нған­да­рын айта­ды. «Ұжым­дық шар­тқа бір­не­ше толы­қты­ру енгіз­гі­міз кел­ген. Шар­тта ден­са­улы­ққа келетін зиянға жұмыс беру­ші екі-үш пай­ыз төле­гісі келеді, біз 14–20 пай­ыз талап етіп отыр­мыз. Басқа жұмысты қосып атқарға­ны­мыз үшін жұмыс беру­ші 5–25 пай­ыз төлем ұсы­на­ды. Ешқа­шан 25 пай­ыз төле­мей­тіні бел­гілі, сон­ды­қтан біз 20 пай­ыз деп ұсын­дық. Ұсы­ны­мы­здың тағы бірі – осын­дай ере­уіл бол­мау үшін жұмыс беру­ші жасай­тын актілер­дің кәсі­по­дақ­пен келісілуі», – дей­ді белсенді.

Жар­ко­ва қуғы­нға ұшы­рау себебін жуыр­да сот шеші­мі­мен жабы­лған «Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы» құра­мы­на кіру­лері­мен де бай­ла­ны­сты­ра­ды. «Кон­фе­де­ра­ци­яға кір­дік, ол да жұмыс беру­ші­ге ұна­ма­ды», – дей­ді ол.

Techno Trading LTD ком­па­ни­я­сын­дағы мұнай өндірісі жаб­ды­қта­рын жөн­деу цехы­ның дәне­кер­ле­ушісі Дара­жат Досмағам­бе­тов: «Мұн­да әркім өз еркі­мен, ден­са­улы­ғы мен бола­шағы үшін келіп отыр. Мәсе­лен, маған өндірісте­гі зиян үшін тек айран бер­ді. Оның өзін де үш жыл бойы талап етіп жүріп қол жет­кіздім. Ал кей жұмыс­шы­лар ден­са­улы­ғы­на зиян­ды жұмыста жүр­генін біле бер­мей­ді», – дей­ді ол.

Жеті­бай мұнай кені­шін­де­гі сорғы опе­ра­то­ры Еркін­бек Сарин де «эко­ло­ги­я­лық залал үшін ештеңе төлен­бей кел­генін» айт­ты. Дара­жат Досмағам­бе­тов «жұмыс беру­ші жасай­тын актілер­дің кәсі­по­дақ­пен келісілуі маңы­зды» деп санай­ды. «Жұмыс беру­ші акт жасаған­да, оны кәсі­по­дақ­пен келі­суі тиіс. Себебі ол акті­мен жұмыс­шы­ның тағ­ды­ры шешіледі. Бірақ бұл талап­ты жұмыс беру­ші қабыл­дағы­сы кел­мей­ді», – дей­ді ол.

Досмағам­бе­тов «был­тыр жос­пар орын­далға­ны­на қара­ма­стан тоқ­сан­дық сый­ақы беріл­ме­генін, ал ол жай­лы бұй­ры­қты бір жыл­дан соң көр­ген­дерін» айтты.

Ал опе­ра­тор Мұрат Көкім­ба­ев жұмыс жағ­дайы нашар екенін баян­да­ды: «Бізді 250 мың тең­ге айлық ала­ды деген ақпа­рат тарат­ты жұмыс беру­ші. Менің айлы­ғым – 180 мың тең­ге. Олай бол­са, қалған ақша қай­да? Жұмыстың бәрі қол­мен жаса­ла­ды. Жаб­ды­қтар өте ескі. Оны таси­тын арба да сынып, қазір жер­мен итеріп жүр­міз», – дей­ді жұмысшы.

 

Бұл екі ара­да Ақта­удағы Oil Construction Company кәсі­пор­ны мұнай­шы­ла­ры­ның Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын (ҚТКК) тір­ке­уді талап етіп жари­я­лаған аштық акци­я­сы бесін­ші күн­ге ұла­сты деп хабар­лай­ды «Азаттық» тіл­шісі. Мұнай­шы­лар­дың кей­бірі ден­са­улы­ғы­ның сыр бере бастаға­нын, бірақ талап­та­ры орын­дал­май­ын­ша, нәр тат­пай­тын­да­рын, дәрі­гер­лік көмек­ті де қабыл­да­май­тын­да­рын айтады.

– Жұмыс беру­ші мен жұмыс­шы­ның ара­сы алы­стап кет­ті. Біздің тәу­ел­сіз кәсі­по­дағы­мыз – сол жұмыс беру­шінің ара­сын­дағы алтын көпір. Сол арқы­лы жұмыс беру­ші­ге талап­та­ры­мы­зды айта­мыз. Ал Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сы – сол көпір­дің тіре­гі. Оны алып тас­та­са, біздің тала­бы­мыз жұмыс беру­ші­ге жет­пей­ді. Сон­ды­қтан біз оны тір­ке­уді, жұмыс істе­у­ге мүм­кін­дік беруді талап ете­міз, – дей­ді мон­таж­дау жұмыста­рын атқа­ра­тын Бей­біт Көшбаев.

Аштық жари­я­лаған жұмыс­шы­лар­дың бәрі біра­уы­здан талап­та­ры орын­дал­май­ын­ша, ашты­қтан бас тарт­пай­тын­да­рын айт­ты. 34 жастағы жұмыс­шы Рус­лан Әбу­овтың ден­са­улы­ғы күрт нашар­лап кетіп, мұнай­шы­лар жедел жәр­дем көлі­гін шақыр­ды. Жұмыс­шы­лар Олжас Бөле­уба­ев, Тыны­штық Сүте­нов, Нұр­пей­іс Ишма­нов, Ғабит Жұмағұ­лов та ден­са­улы­қта­ры­ның нашар­лай бастаға­нын айтты.

Кезек­ші дәрі­гер Сәу­ле Сәу­ме­но­ва ашы­ғу­дың сал­да­ры­нан жұмыс­шы­лар ағза­сын­да сусызда­ну про­цесі жүріп жатқа­нын айт­ты. Алай­да мұнай­шы­лар ауру­ха­наға бару­дан бас тар­тып отыр.

Оңтүстік Қаза­қстан облы­стық ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты қаңтар­дың 4‑і күні кең­сесі Шым­кент қала­сын­да орна­ласқан Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар кон­фе­де­ра­ци­я­сын жабу тура­лы шеші­мін жари­я­лаған. ҚТКК құра­мын­да болған Oil Construction Company жұмыс­шы­ла­ры ресми кәсі­по­даққа кір­гісі кел­мей­тін­дерін айтып, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақты жабуға қар­сы­лық біл­діріп отыр.

ҚТКК бас­шы­сы Лари­са Харь­ко­ва кәсі­по­дақ ұйы­мы билік бел­гіле­ген жар­ты жыл ішін­де қай­та тір­ке­уден өтіп үлгер­мей қалға­ны себеп­ті сот шеші­мі­мен жабы­лға­нын айта­ды. ҚТКК 2003 жылы «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­на қарас­ты үш кәсі­по­рын­ның негізін­де құры­лған. Кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның дере­гін­ше, оның құра­мын­да 2100 мүше­сі болған.

 

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн