Наурыздың ТАБИҒИ нышандары

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №10-11 (375) от 16 марта 2017 г.

Апта аптығы


Халқымызда о бастан наурыз айының келгендігін білдіретін жанды-жансыз нышандар бар. «Наурыздың келгенін жандыда балық сезеді» деген тәмсіл жайында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай жазады: «Наурыздама той қылатұғын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алқасына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп, қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жағынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» – деп. Бұдан басқа «Самарқанның көк тасы ериді» деген де аңызға бергісіз тәмсіл тағы бар…

Жанды нышанның бірі – Жыл құсы, оның аты Наурызек/Наурызкөк торғайы. Бұл наурыз келісімен ерекше сайрайтын торғайдың бір түрі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, –

дегенде Абай көктем шыға, жылдың келгенін хабарлайтын наурызек құсты айтқаны деп ұғамыз.

Жансыз нышанның бірі – Наурызгүл, оны халық Бәйшешек атайды. «Бай» сөзі ежелгі түркілік ұғымда киелі, қасиетті ұғымын беретінін ескерсек, далалықтар бұл гүлді көктем белгісіндей ерекше бағалаған секілді. Бәйшешектің құдіреті сонда – ол қардың еруін күтпей, қарды тесіп, көктей бастайды. Бұл гүлді жапондардың сакурасындай әспеттеп, дәріптеуге лайық!

Жуырда белгілі фольклортанушы Берік Жүсіп «Фейсбуктегі» өз блогында «Бәріңізге белгілі, жыл басы – Тышқан. Ежелден халық арасында: «Тышқан қалай жыл басы болды?» дейтін ертегілер тараған… Алдымен еркегі, сосын ұрғашысы, соңынан барып балпанақтары тұрады. Сөйтіп, інінің іші мен аузын бір тазалап қояды. Содан соң бір-бірімен кісі сияқты кәдімгідей көріседі (Бұған таң қалмаңыз. Суыр деген аңның түрі бар. Олардың «Суырдың қыз ұзатуы» деген рәсімі болатынын аңшылар жақсы біледі). Мұнысы жыл басында айналасын тазартып, кір-қоңын жуып, киімін жаңалап киетін далалықтардың тіршілігіне қатты ұқсайды. Осы мақұлықтың жылдағы әдетінен бір танбайтынын білетін және үнемі бақылап жүретін біздің жақтың әулие шалдары осы күнді «Жыл басы» дейтін.

Серік Ерғалидың

ФБ-парақшасынан


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн