Суббота , 5 июля 2025

Әбиірбек ТІНӘЛІ:Қазақтың байлығын жасаған ХАЛЫҚ ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Мерей­той мезетін­де­гі мұң

 


 

Бүгін­де халық екі­ге бөлін­ді: бай­лар және кедей­лер болып. Бұл «бөлініс» өнер адам­да­ры­на да қаты­сты. Билік­тің дәріп­те­ушісі болып жүр­ген­дер­дің өмірі нұр­лы. Ал халы­қтың жай­ын ойлап, жыр жаза­тын­дар, ән шыға­ра­тын­дар – еске­русіз, елеусіз…

Сон­дай билік­ке «еле­усіз», бірақ «халық жағын­дағы­лар­дың» бірі және біре­гейі – саз­гер, әнші Әбиір­бек Тінәлі 60-қа толды.

 

– Әбе­ке, не істей­тін ойың бар? – дедім.

– Не істей­мін? Мұң­ды әндерім­ді айтып, ауы­лым­ды еске алып, үйде оты­ра­мын… – деді.

 

– Бұл ескі жара­ның аузын тыр­наған­дай, ауыл деген өте ауыр тақы­рып қой, Әбеке.

– Сөз бар ма, ауыл асы­ра­у­шы­мыз еді. Халы­қтың пана­сы болған ауыл­дың күйі кет­келі қашан!.. Малы­нан айрыл­ды. Ондаған жыл­дар бой­ғы әлде­не­ше ұрпақтың жиған дәу­леті ұстаған­ның қолын­да кет­ті. Бәрі күй­реді. Күй­зеліс­ке ұшы­раған ауыл­дар­дың қай-қай­сысы­ның да негіз­гі халқы қаза­қтар еді. Нарық тауқы­мет­тен бір арыл­май келе жатқан ұлты­мы­зға тағы да таяқ болып тиді. Елдің көз жасы маған «Ауыл көшіп бара­ды» деген ән жаз­дыр­ды. Менің жаз­ба­уға әддім қалмады…

Сол кез­де­гі ауыл­дың алаң­сыз кей­пін есіңіз­ге түсіріңіз­ші. Кім бере­кесін кетір­ді? Жай­қалған егіні, қора-қора малы бар емес пе еді, қай­да кет­ті? Кім соған жеткізген?

Менің бір қай­ран қала­ты­ным – әлі күн­ге дей­ін «Ауыл кеші көңіл­ді» деп ән кіта­бын шыға­ра­тын­ды­ғы­мыз, ән сала­тын­ды­ғы­мыз. Расы­мен-ақ, ауыл кеші көңіл­ді ме, көкем-ау? Өз басым әр басы­лы­мын қолы­ма алған сай­ын қынжыламын.

Газет-жур­нал­дар да, радио, теле­ди­дар да ауыл­дың бүгін­гі мінезіне, құл­ды­раған күй­іне кереғар мате­ри­ал­дар жари­я­ла­у­мен, хабар­лар беру­мен әлек. Баяғы­да «бас­пасөз – өмір айна­сы» деп қой­мау­шы едік. Сол кез­де­гі үкі­мет пен пар­ти­я­ны халы­ққа «жау» дедік. Енді елдің жай­ын ойлай­тын билік бар емес пе? Менің­ше, қазір­гі бей-бере­кет тір­лік пен бере­кесіздік­ке шынайы өмір­ді ашып көр­се­те алмай оты­рған, жаза алмай оты­рған идео­ло­гия құрал­да­ры­ның да қаты­сы бар.

 

– Кеше­гі ком­му­ни­стік идео­ло­гия шыр­мауын­да құры­сқан күн­дер­де өзі­міз тура­лы ақиқат ақпар алғы­сы кел­ген­дер Баты­стың басы­лым­да­ры­на, радио, теле­ха­бар­ла­ры­на сүй­ен­ді. Ақиқат­ты «Азатты­қтан» тың­да­дық. Біздің елі­міздің басы­нан өткен неше түр­лі қуғын-сүр­гін мен азапты өмір­ді, ашар­шы­лық әңгі­ме­лерін батып айта алма­дық. Енді ше? Жаз­дыр­май жатқан кісі бар ма? Аузы­мы­зға кім қақ­пақ болып отыр? Ел басқарған аға­лар халқы­ның қабағын­дағы кір­бін­ді неге көр­мей­ді? Неге көрсетпейміз?

– Сенесіз бе, Тәке, мен өзім өз болып, осы­ған дей­ін Қазақ теле­ди­да­ры­ның ауыл­дың бүгін­гі ащы тір­лі­гіне бай­ла­ны­сты бер­ген бір-ақ хаба­рын тұщы­нып көр­дім. Ол – Ұлдай Иба­дул­лақы­зы­ның Семей облы­сы­нан түсір­ген хаба­ры. Отба­сы­мы­з­бен жылап оты­рып қара­дық. Экран­дағы құла­зы­ған көріністер мен айты­лып жатқан әңгі­ме­ге жүре­гі жоқтар ғана жібі­мей­тін шығар-ау!..

Жур­на­ли­стің айтуын­ша, шеше­сі осы­дан бірер ай бұрын көше кезіп, нан сұрап кете­ді. Содан бар­маған босаға­сы қал­май, ештеңе таба алмай қай­тып келеді де, жүре­гін ұстай береді. Бұрын­нан жүре­гі ауы­ра­тын бол­са керек, кеудесін қолы­мен қар­маған күйі жүріп кетіпті…

«Әкең қай­да?» деген жур­на­ли­стің сау­а­лы­на: «Әкем бар. Жұмыс істе­мей­ді», – деп жау­ап береді.

Осы­дан кей­ін жур­на­лист қыздың әкесі­мен сөйлеседі.

– Енді қай­тей­ін, шырағым-ау? Жұмыс жоқ. Шиет­тей бала-шаға­ның алдын­да отыр­мын. Басқа жаққа барай­ын, жұмыс істей­ін дегім-ақ келеді. Бірақ, қай­да барам? – дей­ді жағы суалған, киі­мінің сық­пы­ты кет­кен отаға­сы. Көзін­де от жоқ.

«Құдай-ау, не күй­ге түсір­ген­сің!» – деген дау­сым шығып кетіп­ті. Жаным­да оты­рған жұбай­ым­ның көзі­нен ебіл-дебіл жас ақты. Бұл елдің бас­шы­сы қай­да қарап отыр? Аудан­ның әкі­мі қай­да? Облы­стың әкі­мі не бітіріп отыр? Билік­ке кел­ген­де елі­ме қамқор бола­мын, жері­ме жақ­сы­лық жасай­мын, ізгілік­ті істер тын­ды­ра­мын демеп пе еді? Халқын қан жыла­тып не бол­ды? Әке деген, аза­мат деген ғана аты бар, қай­ран­сыз жан­ның күйі анау. Аузын ашқан шиет­тей бала­ның келе­ше­гі не бола­ды? Қар­ны тоқ мыр­за­лар­дың қамқор­лы­ғы қай­да? Жыл­дық табысы пәлен­бай мил­ли­он екен деп ести­тін де бай­лар шықты? Олар­да жүрек жоқ па?..

 

– Сау­ап пенен обал­ды ұмы­тқан­дар Аста­на­да да, бас қала­да да «тұқы­мын жай­ып», бала­лап кет­ті ме деймін…

– Солай бол­са, солай шығар, Тәке. Әйт­пе­се әлгі хабар­дың авто­ры – Ұлдай Иба­дул­лақы­зы Семей­ден 70 сағат­тық хабар түсіріп кел­дім деп еді. Жет­піс сағат­тық дүниенің бір сағатқа жетер-жет­пес басқы бөлі­гі беріл­ді де, қалға­ны «құр­дым» бол­ды. Жоға­ры­дағы­ларға да, сол жоға­ры­дағы­лар­дың шотын тауып, жөнін жөн­деп жүр­ген өзге­лер­де де ауыл­дың ауыр халін айтып, көз­ге шұқи бер­ген жақ­сы дей­місіз? Сонау, кол­хоз­да­сты­ру науқа­нын­дағы үлкен аштық кезін­де үкі­мет пен пар­ти­я­ны басқарған­дар­дан жұққан «ауру» ғой, бұл… «Қаза­қстан таң қал­ды­рып жатыр!». «Қаза­қстан нары­ққа батыл қадам жаса­ды. Өзбек­стан­мен салы­сты­рған­да, он-он бес жыл алға озып кеттік!».»Тәуелсіз Қаза­қстан­ды әлем таныды!..».

Айты­ңыз­шы, мақта­нып, ісіп-кебетін қан­дай сөз­деріңіз қал­ды тағы да?.. Қай­сы қалды?

Менін­ше, осы­ның бәрі өзі­мізді-өзі­міз алдау, тек қана көл­гір­су! Біздің жаны­мыз да, тәні­міз де өтірік мақта­нуға, көл­гір сөз­ге әбден үйреніп кет­кен. Бол­ма­са ішім жылап жат­са, сыр­тым жыл­ты­рап сырт көз­ге «мықтым­сы­ға­ным­нан» не пай­да? Немене, сон­да ірге­міз­де­гі елдер, мұхит­тың арғы жағын­дағы мем­ле­кет­тер Қаза­қстан­ның қан­дай ел екенін көр­мей, біл­мей отыр ма? Олар таны­са, біздің жер асты, жер үсті бай­лы­ғы­мы­зды, құдай­дың өзі жомарт­тық жасап бере салған қисап­сыз бай­лы­ғы­мы­зды баяғы­да-ақ зерт­теп-біл­ген­нен кей­ін «танып» отыр. Мұны қазақ «күл­шелі бала сүй­мен­ді» дей­ді. Олар­дың бар діт­ті­гені – біздің арзан шикі­за­ты­мыз. Шашы­лар ақша соның есебі­нен. Әйт­пе­се олар көшіп жатқан Кен­та­уды көр­ген. Жаңа­та­стық Жұмаға­ли­дай жам­поз жігіт­тің аштан өлгенін есті­ген. Жалақы­ла­рын ала алмаған жұмыс­шы­лар­дың Жам­был облы­сы әкім­шілі­гінің міз бақ­пас босаға­сы алдын­да әлде­не­ше күн тұрға­нын… Одан ештеңе шыға­ра алмай, темір жолға барған­да суық сумен атқы­лап, мили­ци­я­сы ма, поли­ци­я­сы ма, әлде «омо­ны» ма – резің­ке сой­ыл­да­ры­мен саба­лап, бастап шыққан сер­ке­лерін түр­ме­ге сүй­ре­ле­генін бүкіл әлем естіді. Өзі­міз ком­мер­ци­я­лық теле­ар­на­лар­дан көр­дік қой.

Кей­ін­гі жыл­да­ры біздің сөздік қоры­мыз «көзқа­ман», «мәң­гүрт» деген сөз­дер­мен бай­ы­ды. Менің­ше, бұлар жылағаң­ды көр­мей­тін, зар­лаған­ның ащы дау­сын есті­мей­тін мыр­за­ларға арналған. Міне, сол мыр­за­ла­ры­ңыз бен ханым­да­ры­ңыз Ата заңы­мы­здағы «Мем­ле­кет­тің тұтқа­сы, елдің іргесі – халық» деген сөздің парқын ұғар ма екен? Басқа­рып оты­рған халқы табан ақы, ман­дай тер­лерінің тиесілі ақы­сын ала алмай зар илеп жат­са, алды ашты­ққа ұшы­рап қиян­дағы ауыл­да аласұр­са, халқы­ның келе­ше­гі дей­тін ұрпағы өксу­мен жүр­се, соның бәрін жүре­гі­мен қабыл­дай­тын мен сияқты пақыр­ла­ры­ңыз калай «жыр­ла­уы» керек? Елі­міз азып, жұр­ты­мыз тозып, ақ шаңқан ауыл­да­ры­нан без­генін көр­сем, мен қалай­ша «Ауыл көшіп бара­ды» деп ән жаз­бай­ын? Ол сыр­тқа шыққан шемен-шер емес пе? Бұл – менің киелі өнер­ге деген адал­ды­ғым. Мен заман­ның зарын жет­кіздім. Қорған­сыз халы­қтың үнін естірт­тім. Егер жазар сөзім­ді жаз­бай кет­сем, айтар әнім­ді айт­пай өтсем, онда қаза­қтың аза­ма­ты ретін­де, қаси­ет­ті өнер­дің өкілі ретін­де қара­бет бол­май­мын ба, Тәке? Кей­ін­гі ұрпақ не дей­ді біз тура­лы? Елі ашы­ғып жатқан­да, қия­натқа ұшы­раған ауыр кезен­де үн шыға­руға жара­маған не деген бей­бақ еді демей ме? Кеше­гі Мөң­ке­лер, біздің Мөң­ке баба­мыз оқпа­нын кезеп орыс кел­ген­де де айта­рын айтып өткен ғой. «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ!» деген ата­лы сөзді ұран қылған, сол үшін өмірі қиы­лған аға­ла­ры­мыз аз ба? Әрі-бері­ден соң мен де оты­зын­шы жыл­дар­дың ойра­нын­да азап шек­кен көп аға­ла­ры­мы­здың кебін киер­мін деп көмей­і­ме кел­ген сөз­дер­ді теже­мей, айтқан ойым ғой!

«Көр­ме­ген көл­де – есті­ме­ген құстың үні бар» демесін, көз алды­мы­здағы Өзбек­стан­ның жай­ы­нан қозғай­ын. Әрине, өз еліңді дат­тап, өзге елді мақтап ұшпаққа шыға алмай­сың. Деген­мен, ақиқат үшін айтай­ын: Таш­кент – біздің Алма­ты­мы­здай аста­на, елінің бас қала­сы. База­ры­ның бәрі қала­ның асты­на түсіріл­ген, көл­де­нең кісі­ге зия­ны жоқ. Көше­лері ашық. Біз­де­гі сияқты жауып тастаған бір бұры­шын таба алмай­сыз. Шара­бы сам­саған, темекінің түр-түріне толған дүң­гір­ше­гін ұшы­рат­пай­сыз. Тәр­тіп, таза­лық, көше көріністері: «сіз басқа елде, өзбек елің­де жүр­сіз» деп тұрғаң­дай болады…

 

– Әбе­ке, осы жер­де әдей­ілеп бол­са да «біз­де ше?» дегелі отырмын…

– Біз­де ме?.. Біз… қала­да оты­рып «үш жүз­ге бөлініп жатыр­мыз» деп қамы­ға­мыз. Біз – бір қазақ емес пе едік дей­міз. Сіз ауыл­дағы бөлін­ген­ді көр­сеңіз! Көше-көше, ағай­ын-ағай­ын, әулет-әулет… Құдай-ау, бес-алты үй бір бөлек, екі-үш үй екін­ші бөлек… Келесі көше­ден бір нәр­се сұрай­тын бол­саңыз, ала алмай­сыз. Бір-біріне жауы­ққан жұрт. Пыш-пыш әңгі­ме. Міне, бұл біз­ге ауыл­дағы жеке­ше­лен­дірудің бер­ген «жемісі». Жұр­ты көшіп кетіп, қаңы­рап қалған ауыл­дың орнын­дағы қаза­қтар­ды қай­дам, іргесі сөгіл­мей, бүтін отыр деген ауыл­дағы көрініс – осы. Одан қала бер­ді, ести­тінің үрей­лі әңгі­ме. «Ойбай, тонап кетіп­ті!» – дей­ді. «Ойбай, үй иесінің аяқ-қолын бай­лап, малын айдап кетіп­ті» – дей­ді. Тіп­ті, өлтіріп кетіп жатқан оқиға­ла­ры да ұшы­рас­а­ды. Бас ие бола­тын атқа­мі­нер­лер­дің әре­кеті ала­көздік­ке әкел­се, бере­кесіздік жай­ла­май кай­те­ді? Тонау, зор­лау, ату-шабу… Біре­улер үшін бұл – өмір сүрудің тәсілі, амал-айла­сы. Қорас­ын­дағы қой­ын тауы­сқан, аула­сын­дағы барын бітір­ген бей­бақтар аш оты­ра ма? Содан өз жан­да­рын өздері бағып, шаруа жасап жатқан елді аңдиды…

Шыны­на келер бол­сақ, мына нарық билік­тілер­ге бетін бер­ді. Ауыл-ауыл­да бай­ы­ған­дар, негізі­нен, бөлісті жүр­гіз­ген­дер. Мыңғы­рған мал­дың да пай­да­сын көр­ген – солар. Ал қаза­қтың бай­лы­ғын жасаған қара­пай­ым халық құр алақан қал­ды. Оларға тех­ни­ка­дан да тамық тимеді. Бұл не тір­лік сон­да? Осы­ны сұрай­тын, жау­ап беретін кісі бар ма өзі? Жасан­ды сөз. Өтірік уәде. Жалған ақпар…

Жаны­ңы­зға бата­ды-ақ. Күй­зе­лесіз, күңіре­несіз. Қол­дан келер шара жоқ. Бар қаруы­мыз – әні­міз. Сіз бен біз­де жүгі­нетін жалғыз күш – шығар­ма­шы­лық жұмысымыз.

Ел басқа­рып оты­рған мыр­за­ла­ры­ңыз біл­ме­се – біл­мес, өйт­кені ауыл ара­ла­у­ға «уақы­ты жоқ», ал біз қара­пай­ым халы­қтың күй­ін көріп жүр­міз: ауыл көшіп жатыр, есік-тере­зесіне айқы­штап тақтай қағып, кетіп жатыр.

Біз тәу­ел­сізді­гі­мізді алдық деп бөр­кі­мізді аспанға атып, алақай­лап жүр­ген­де, жоға­ры­дағы­лар­мен ауыз жаласқан кәсіп­кер­лері­міз ел бай­лы­ғы – метал­да­ры­мы­зды керу­ен-керу­ен етіп шека­ра асы­ру­мен бол­ды. Күніне Қытай­ға өту үшін бес жүз­ге дей­ін КамАЗ маши­на­ла­ры кезек­ке тұра­ты­нын көр­дік. Үстін­де не жоқ дей­сіз! Аллю­ми­ний, мыс, мырыш… темір-тер­сек, әйте­уір өзім атын атап бере алмай­тын неше алу­ан қым­бат шикізаттар…

Міне, қазір сол метал­дар мен тыңай­тқы­штарға өзі­міз діл­гір болып қал­дық. Завод­та­ры­мыз тоқтап тұр. Әлдебір ала­яқтың, қара басы­ның бай­лы­ғы­нан басқа­ны ойла­май­тын сұма­яқтың «іскер­лі­гі» арқа­сын­да олжа­лаған аздаған ақша­сы үшін жіберіл­ді бәрі. «Заң­сыз елден зар кет­пес» деген моңғол халқы­ның мақа­лы еріксіз есіңе түседі…

Соны­мен, ауыл, ел жай­ын­дағы әнгі­ме­міз­ге нақты­лай кел­сек: біздің жоға­ры­дағы бас­шы­ла­ры­мыз әлі бай­ы­бы­на барар­лық қадам жасай алмай отыр. Мәсе­лен, «Жаңа­тас пен Кен­та­удың жағ­дайы қиын­дап кет­кен сияқты, ауы­лға мән бер­мей бол­май­тын сияқты» деп, әйте­уір, «сияқты­лар­дың» айна­ла­сы­нан ұзай алмай жүр. Осы «сияқты» деген сөзді лақты­рып: «Жаңа­та­сты жөн­деу керек!», «Кен­тау қал­пы­на кел­тіріл­сін!», «Ауыл­дың жағ­дайы жақ­сар­тыл­сын!» деген нақты әре­кет пен шешім­ді іске көшетін уақыт жылы­стап өтіп бара жатыр. Айты­ла­тын сөз осы болу қажет. Бітті!

Менің «Ауыл көшіп бара­ды» деген әнім бас­шы­ларға да, басқа­ларға да бағы­шта­лып беріл­ген қоңы­рау. Қоңы­рау қаққан үнім­ді құлақта­ры шалып, кеш те бол­са қимыл­дар ма екен, ыстық ұя – ауы­лға жаны ашыр ма екен деген оймен жылап жазған әнім еді. Өзі ұлт­тық рух­та кел­ді. Дом­бы­ра­ның шерт­пе­сі­нен баста­ла­ды. Әуен­де сағы­ныш бар, мұң бар, ауыр мұң… Сол мұң­ды әуен­нің аста­рын­да, Айтақын аға­ның өз өтіні­шім бой­ын­ша толы­қты­рған, бат­пан­дай-бат­пан­дай ауыр ойды арқа­лаған өлең жол­да­ры айтылады.

Күн­көрістің қамымен,

Қай­да кетіп барасың?

Тастай ма ел әні мен

Әлди­ле­ген даласын?

Тыр­нап кет­ті-ау бұл тірлік,

Жүре­гім­нің жарасын.

Шәкірәм­бал, Шалкөде,

Өр Текес пен Байынқол

Енді кім­ге қаласың?

Осы­дан кей­ін әуел­гі шумақтағы да қайталанады:

Көшіп жатыр Қарасаз,

Бәрі қай­да барады?

Мұқаға­ли ақынның,

Әні қай­да қалады?..

Иә, момын ауыл­дың момақан жұр­ты неге көшті? Сон­ша­ма үде­ре көшетін­дей не бол­ды? Қаси­ет­ті Қара­саз­ды кім­ге қал­ды­рып бара­ды олар?

Қара­саз­дың қаңы­рап қалға­ны қазақ халқы­ның басы­на төн­ген ауырт­па­лы­қтың қан­дай­лық екенін аңғарт­са керек…

 

– Сөзі де, өзі де ауыр ән екен, Әбе­ке. Бүгін­гінің «Елім-айы» ғой мынау…

– «Елім-ай» бол­май-ақ қой­са екен, Тәке. Бірақ, оңай еме­сті­гі рас. Әйт­пе­се оқсыз, шоқ­сыз, соғыс­сыз, сой­қан­сыз ауыл­дың көшуі деген сөз… біл­мей­мін, біл­мей­мін… Бір ала­пат күш тық­сы­рып келе жатыр. Ол қан­дай күш екені бел­гісіз. Соның бәріне кінәлі біре­улер бар ғой, бар. Ол кім? Ада­стық па, не бол­ды? Бағыт, бағ­да­ры­мы­здан жаңы­лған жоқ­пыз ба осы? Ірге­міз­де­гі өзбек елінің қыш­лақта­ры қыш­лақ күй­ін­де тұр емес пе? Елі баяғы­сын­ша ерте­летіп жұмысы­на бара­ды. Кешін­де шар­шап-шал­ды­ғып үйіне ора­ла­ды. Жұр­ты мәз. Инже­нері – инже­нер, мұғалі­мі – мұғалім. Мақта­лы­ғы жай­қа­лып тұр. Бір­ден «секіріп дамып» қай­да бара­мыз? Әуелі бола­шақты бар­лап алай­ық деп, аяң­мен ілгерілеп келеді.

 

– Мына өтке­лек­тен аман өтей­ік­ші деген елдің тір­лі­гі ғой ол.

– Демек, басалқа­лы сая­са­ты бар деген сөз. Сырт­тан қан­ша әкел­сең де әке­ле бер­гін дей­ді, алай­да сыр­тқа тасу­шы бол­ма дей­ді. Бай­лы­ғы бүтін. Шека­ра­сы да, кедені де елдің ертеңі үшін кыз­мет етеді.

Егер сыр­тқа маши­на­сын сата­тын бол­са, үстіне есе­леп кеден салы­ғын қоса­ды. Әйте­уір есесін жібер­мей­ді. Таза­лық, адам­гер­шілік, сый­лау, тіл таза­лы­ғы, еркін­дік, тәр­тіп сал­та­нат құрған ел екенін­де күмән жоқ. Шека­ра­сы­нан ассаңыз, алды­ңы­здан шамы сама­ла­дай жарқы­раған елді мекен­дер шыға­ды. Мамы­ра­жай өмір­ге қызығасыз.

Мен Таш­кент­ке барған бір сапа­рым­да так­сиіне оты­рып қал­дым. Сон­да руль­де оты­рған өзбек қари­я­сын сөз­ге тарттым.

– О, әкә, елдеріңіз­де неше өзбек бар?

– Отыз мил­ли­он­дай, – деді ол кісі.

– Соның неше­уі өзбек? – дедім әдейі.

– Жиыр­ма бес мил­ли­он­нан аса­ды, балам.

– Қалған бес мил­ли­о­ны ше? Олар кімдер?

– Қалған бес мил­ли­о­ны орыс, қазақ, тәжік. Бірақ олар да өзбек­піз дейді.

– Әкә, Өзбек­стан­да екі мил­ли­он­дай қазақ тұра­ды. Бола­шақта олар­дың жағ­дайы қалай бола­ды? – деп сұрадым.

– Қалған ағай­ын­дар­дың қалай бола­ты­нын біл­мей­мін, өзбек­тер­дің тұр­мысы жақ­са­ра­ды. Таяу жыл­дар­да Өзбек­стан­да елу мил­ли­он өзбек болуы керек, балам. Ислам әкә солай деген…

Там­ды, Кени­мех, Үшқұ­дық – баяғы біздің аудаң­да­ры­мыз. Сол аудан­дар­да осы­дан үш-төрт жыл бұрын апта­ның бей­сен­бісі ме, әлде жұма күні ме, әйте­уір бір күнін­де сабақ тұта­сы­мен өзбек тілін­де өтетін. Қазақ мек­теп­теріне де, орыс мек­теп­теріне де енгізіл­ген тәр­тіп солай еді. Егер оқы­ғың кел­ме­се, кла­стан шыға­рып жібе­реді. Одан бері­де қан­ша­ма су ақты, жапы­рақ сарғай­ды. Өзбек тілін­де өткізілетін сабақтар­ды тіп­ті көбейт­кен шығар. Себебі, жоғарғы оқу орын­да­рын­да емти­хан тек қана өзбек тілін­де қабыл­да­на­ды. Пре­зи­дент жар­лы­ғы солай.

Ал біз тіл жөнін­де­гі біт­пес дауды әлі күн­ге қоз­да­ту­мен жүр­міз. Үйі­міз­де, төрі­міз­де оты­рып, табал­ды­ры­ғы­мы­здан аттаған әлдекім рен­жіп қал­мас па екен деп, жал­тақта­у­мен келеміз.

 

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ, жазушы-журналист

 

АВТОРДАН: 1998 жылы Әбиір­бек еке­уміздің «Ауыл көшіп бара­ды» әніне бай­ла­ны­сты сұх­ба­ты­мыз осы­лай аяқталған. Артын­ша дик­то­фон­дағы жаз­ба­ны қағазға түсір­дім. Ойы­ма Тұңғыш­бай Жаманқұ­лов айта­тын ән кел­ді. «Барып қайт, балам, барып қайт» дей­тін сөз­дері болу­шы еді. Сөзін сәл өзгер­тіп: «Барып қайт, аға, барып қайт, ауыл­дың жай­ын көріп қайт» десе, өзі де солай айтуға сұра­нып тұр екен-ау дедім ішімнен.

Кей­інірек осы сөзім­ді есті­ген Әбиір­бек: «Ауыл көшіп бара­ды» әнім бір сәт­тік өткін­ші ойдың әсері емес. Бұл тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі қаза­қтың үсті-үстіне қосы­лып жатқан қай­ғы-мұңы, момын елдің зар-үні. Сол халы­қтық қасірет­тен мен де алшақ кете алмай­ты­ным­ды әнім арқы­лы жет­кіздім. Мен халқым­мен бір­ге­мін!» – деді.

Ал, елді осын­дай жағ­дай­ға жет­кіз­ген мыр­за­лар ше? Олар кім­мен бір­ге екен? Бәл­кім, тоз-тозы шыққан ауы­лға, көз жасы көл болған ауы­лға барып қайт­са, бас-аяғы бес-алты жыл­дың әлетін­де соғыс кезін­дей кері кетіп, құла­зы­ған кей­пін көріп қайт­са, қай жақта екенін бір­ден айтар.

– Ол үшін де адам­ның ұяты болу керек, – дей­ді Әбиір­бек­тің досы, алма­ты­лық Марат Ешмұ­хан­бе­тов. – Аза­мат­ты­ғы одан да басым түсуі керек. Әбиір­бек сон­дай саз­гер. Жүр­ген жерін­де ағай­ын іздеп, бауыр іздеп жүреді. «Марат­тың 70-ке кел­ген әкесі Топан­тай – менің де әкем!» деп оты­ра­ды. Біздің ауыл­да талай рет болған. Мен де оның туып-өскен ауы­лын­да болып едім. Толға­най қызын көріп едім. Өмір­зақ аға­мыз хал-қадерін­ше сый­лап, шыға­рып салып еді.

«Марат­тың тура Толға­най­мен тағ­дыр­лас жиені бар. Есі­мі – Қуат. Күлім­хан деген қарын­да­сы да бала­дан кет­кен екен, – деді Әбиір­бек досы­ның әзі тура­лы ойын есті­ген­нен кей­ін. – Марат­тың біздің ауы­лға барға­ны да есім­де. Енді сол ауыл­дан, сағы­нған­да аңсап бара­тын ауы­лым­нан менің Өмір­зақ ағам да көшіп кетіп­ті. Ел көш­кен соң, құла­зы­ған ауыл­дан, жары­қ­сыз, сусыз ауыл­дан ол да көшіп­ті. Енді кім­ге бара­мын мен?.. Әкем мен ағай­ын-туы­стар­дың, баба­ла­ры­мы­здың басы­на барып, құран оқу үшін ғана бара­мын ба? Ауыл ше, ауыл, менің туып-өскен, бала­лық бал дәу­рен күн­дерім­нің куәсі болған ауыл?.. Менің, сіздің, оның, бәрі-бәрі­міздің ауы­лы­мыз, аяу­лы мекені­міз… көшіп жатыр, көшіп жатыр…»

Ауыл көшіп бара­ды. Қай­да барады?..

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн