Пятница , 4 июля 2025

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ШЫРМАЛҒАН ЕЛДЕ ешқандай толыққанды саяси реформа жасалмайды

 «Біз­де­гі билік әлі де сын­дар­лы сын­ды көте­ре алмай­тын, халқы нара­зы­лық біл­дір­се, өкпе­сі қара қаза­нға айна­ла­тын ерке бала тәрізді. Сол үшін бесік­тен белі енді шығып келе жатқан демо­кра­ти­я­лық қозға­лы­стар­ды басып-жан­шу­мен айналысуда.

Біздің аны­қта­ма.

Хане­то­ва Аякөз Бекза­тқы­зы – Түр­кістан облы­сы, Кен­тау қала­сы­ның тума­сы. Білі­мі жоға­ры. Халы­қа­ра­лық қаты­на­стар мама­ны. Жеке биз­нес және теле­ви­зия сала­сын­да жұмыс істе­ген. Алма­ты қала­сын­да «Мак­ро­эко­но­ми­ка және болжам­дау» маман­ды­ғы бой­ын­ша маги­стра­ту­ра­да білім алу­да. 2019 жыл­дың жазын­да құры­лған «Халы­ққа Адал Қыз­мет (ХАҚ)» қозға­лы­сы­ның баста­ма­шыл тобы­ның өкілі. Демо­кра­ти­я­лық және либе­рал­дық көзқа­рас ұста­ны­мы­ның жақтасы.

Аягөз Хане­то­ва:

  • Соны­мен, қаза­қстан­дық билік аттың жалын­да, түй­енің қомын­да едел-жедел ұйым­да­сты­рған ауыл­дық округ­тер әкім­дерінің сай­ла­уы өтті. Сарап­шы­лар «сырт көз» үшін өткізіл­ген фик­ци­я­лық сай­лау деп атаған, қай­наған жаз­дың орта­сын­да асы­ғыс өткізіл­ген бұл науқан­ның нәти­же­сі не бол­ды? Қаза­қстан билі­гі­нен демо­кра­ти­я­лық даму про­цес­стерін талап еткен шетел­дік әріп­те­стерін алдам­сы­ра­ту­дың ама­лы болған бұл сай­лау Қаза­қстан халқы­на не берді?

Осы және басқа да сұрақтар­дың мән-жай­ын білу үшін біз «ХАҚ» аза­мат­тық бір­ле­сті­гінің бел­сен­ді мүше­сі Аягөз Хане­то­ва­мен сұх­бат­тасқан едік.

– Аягөз бике, ауыл әкім­дерінің ылдым-жыл­дым өткен сай­ла­у­ы­на «ХАҚ» қоғам­дық бір­ле­сті­гі бақы­ла­у­шы ретін­де қаты­сты. Әсіре­се ауыл­ды жер­лер­де тұра­тын халық қоры­тын­ды нәти­же­сіне тіке­лей мүд­делі болуы тиіс сай­ла­удың бел­сен­ділі­гі қалай болды?

– Иә, жаз орта­сы­на тағай­ын­далған, Қаза­қстан­ның 14 өңірін­де өткен, «Ауыл әкім­дерін тіке­лей сай­лау» деген аты бар асы­ғыс-үсі­гіс науқанға «ХАҚ» қоғам­дық қоры­ның бір топ бел­сен­дісі бақы­ла­у­шы ретін­де қаты­сқа­ны рас. Бұл орай­да біздің жинақтаған біраз тәжіри­бе­міз бар еді: бұған дей­ін де 2021 жыл­дың 10 қаңта­рын­да өткен Пар­ла­мент Мәжілісі депу­тат­та­ры­ның сай­ла­у­ы­на да бақы­ла­у­шы болып қатысқанбыз.

– Енде­ше, көз­бен көріп, қол­мен ұстаған қан­дай жағ­да­ят­тар­ды бөле-жара айтар едіңіз? 

– Тура­сын айт­сам, бұл сай­лау әдет­те­гі бол­быр және жасан­ды науқан­ның бірі бол­ды. Жеке өзім­нің тәжіри­бем­ді айтар бол­сам, биы­лғы 25 шіл­де­де өткен сай­ла­уда Алма­ты облы­сы­ның Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын­дағы Таш­кен­саз ауыл­дық окру­гінің №208 сай­лау учас­кесін­де өткен сай­ла­удың тіке­лей куәсі бол­дым. Бұл – тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар кеңі­нен қам­ти алған елде­гі жалғыз өңір. Яғни, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың қаты­су фак­то­ры сай­ла­удың нәти­же­сіне қат­ты әсер етті деп топ­шы­ла­у­ға болады.

Мұн­дағы сай­ла­удың бел­сен­ділі­гі жоға­ры деп айту қиын, алай­да бұрын­да­ры болған сай­ла­у­лар­мен салы­сты­рған­да бірқа­тар ерекшелік­тері бол­ды. Соны­мен бір­ге тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар болған учас­ке­лер­де бел­сен­ділік­ті арт­ты­ру үшін «арнайы» шара­лар жасалға­ны анық. Солай бола тұр­са да, рес­пуб­ли­ка­ның 14 өңірінің ара­сын­да сай­ла­у­ға қаты­су көр­сет­кі­ші бой­ын­ша Алма­ты облы­сы ең төмен­гі нәти­же көрсетті.

– Жер­гілік­ті халы­ққа тіке­лей қаты­сы бар бұл сай­лау қан­ша­лы­қты әділ өтті деп ойлай­сыз? Мәсе­лен, ауыл тұрғын­да­ры тара­пы­нан бұл сай­ла­удың таза және ашық өтуіне бақы­ла­у­шы­лық жасал­ды ма?

– Несін айта­сыз, біздің елі­міз­де сай­лау қағаз жүзін­де әрдай­ым әділ өте­ді. Әрине шын­ды­ғын­да олай емес. Көз­бен көріп, қол­мен ұстап тұрған әділет­сіздік­ті, фаль­си­фи­ка­ци­я­ны жоқ деп айту – қыл­мыс жасаған­мен тең. Ауыл тұрғын­да­ры­ның сай­ла­у­ға аса қызы­ғу­шы­лы­ғы жоқ екені де бай­қал­ды. Көп­шілі­гі амал­сыздан «теле­фон­мен шақыр­ты­лған соң» кел­ген­дерін жасыр­ма­ды. Сай­лау учас­кесіне кіре сала «келуі­міз мін­дет­ті ме еді, бұры­ңғы­дай істе­у­ге бол­мас па еді?» және «кім­ге дауыс беру керек?» деген сөз­дер­ді жиі естідім. Жал­пы, дауыс беру­шілер­дің сай­ла­у­ға құлы­қ­сыз екені көрініп тұр­ды. Ауыл тұрғын­да­ры­нан ешкім бақы­ла­удың таза өтуіне атса­лы­сқы­сы кел­гені бай­қал­ма­ды. Тіп­ті, менің аңға­руым бой­ын­ша, жер­гілік­ті халық округ әкі­мінің сай­ла­уы өтіп жатқа­ны­нан хабар­сыз болған сияқты. Яғни, халы­қты ақпа­рат­тан­ды­ру ісі мар­дым­сыз болған.

– Бұның себебін қалай түсін­діру­ге болады?

– Түсін­діретін түгі жоқ! Билік бұл сай­ла­уды, орыс­ша­лап айтқан­да, «галоч­ка» үшін өткізді. Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық про­цес­стер жүріп жатыр деудің ора­шо­лақ ама­лы жасалды.

– Ал шын­ту­ай­тын айтқан­да, ауыл әкім­дерінің бұл сай­ла­уы елде­гі сая­си модер­ни­за­ция мен сая­си рефор­ма­ның бір маңы­зды сала­сы бол­ды деп тұжы­рым жасай ала­сыз ба?

– Сая­си модер­ни­за­ция және сая­си рефор­ма іске қосы­луы үшін, ең алды­мен бұл баста­ма­ның әділ өтуі шарт еді. Әділ сай­ла­удан жеңіп шыққан әкім жер­гілік­ті басқа­ру­ды тиім­ді түр­де жүр­гіз­се, міне осы жағ­дай мем­ле­кет­тің тұрақты дамуы­ның негізі болар еді. Себебі тағай­ын­далған әкім­ге қараған­да, сай­ланған әкім өз халқы­ның қажет­тілік­тері мен талап­та­ры­на жедел кері реак­ция беру арқы­лы сол өңір­де оңды өзгерістер­ге қол жет­кізу­ге мүм­кін­дік жасап, дамуға жол ашар еді. Алай­да өткен сай­ла­уды рефор­ма­ның маңы­зды сала­сы ретін­де қарас­ты­руға ешқан­дай негіз бол­ма­ды деп санаймын. 

– Расын­да «сай­ланған» ауыл әкі­мі тағай­ын­далған аудан әкі­міне бағы­ны­шты бол­са, бұл сая­си спек­такль­дің қан­дай маңы­зы болуы мүмкін?

– Әкім­ді халық сай­ла­ды, енді ауыл­дың про­бле­ма­сы түбе­гей­лі шешіледі деп ойлау – менің­ше қате түсінік. Біз биыл билік ұсы­нған «2030 жылға дей­ін­гі жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­ды дамы­ту» тұжы­рым­да­ма­сы өзін-өзі басқа­ру­дың дұрыс ұйым­да­сты­ры­луын қарас­тыр­маға­нын атап көр­сет­тік және осы тура­лы ел пре­зи­ден­тіне, әкім болуға үміт­кер аза­мат­тарға, халы­ққа өз үнде­уі­мізді жолдадық.

Сіз айтқан­дай, сай­ланған әкім­нің үсті­нен тағай­ын­далған аудан әкі­мі бақы­лап оты­рған мұн­дай бел­гісіздік жағ­дай­ын­да сай­ланған әкім­дер­дің өкілет­ті­гі мен қар­жы­лық ресур­ста­ры шек­те­улі бола­ды, ал үкі­мет пен мем­ле­кет­тің іс-әре­кеті үшін жау­ап­кер­шілік толы­ғы­мен олар­дың мой­нын­да бола­ды. Демек, бұл жер­де жау­ап­кер­шілік­ті біре­удің мой­ны­на арту ғана орын ала­ды. Ертең­гі күні жоғарғы жақтағы билік: «Ауыл әкі­мін өздерің сай­лап алды­ң­дар, біз­ге не қыл дей­сің­дер?!» деп, жер­гілік­ті жер­де­гі бар­лық кіна­рат­ты ауыл­дың «бай­ғұс әкі­мінің» жау­ап­кер­шілі­гіне арта сал­мақ. Мұн­дай алдам­сы­ра­ту­мен сая­си модер­ни­за­ция жасалмайды! 

– Деген­мен, осы сай­ла­удан кей­ін жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есі қалып­та­суы мүм­кін бе?

– Сіздің бұл сұрағы­ңы­зға жау­ап беру үшін мына­дай деректер­ге жүгі­ней­ік: Аймақтық сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның ақпа­ра­ты бой­ын­ша, сай­ла­у­ға 2 297 үміт­кер қаты­сты. Оның 1 419‑ы неме­се 61,8 пай­ы­зы өз-өзін ұсы­нған аза­мат­тар бол­ды. Ал сай­ланған 730 әкім­нің 624‑і «Нұр отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі екен. Жур­на­лист С.Мәулетбайдың сай­лау қорыр­тындысы бой­ын­ша жасаған зерт­те­уіне сүй­ен­сек, «Adal», «Ақ жол», «Ауыл» және КХП пар­ти­я­ла­ры­ның мүше­сі жең­ген ауыл­дар­да «Нұр отан» пар­ти­я­сы­нан үміт­кер­лер сай­ла­у­ға қаты­спаған да екен. Осы орай­да бұл сай­лау тек билік пар­ти­я­сы­ның ықпа­лын кеңей­ту үшін жасалған шара болып көрі­неді және жаңа бір жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есін қалып­та­сты­руға «ірге­тас» бола алмай­ды деп ойлай­мын. Бұның бар­лы­ғы – баяғы көзбояушылық.

– Ал осы ауыл әкім­дерінің сай­ла­у­ы­на аза­мат­тық қоғам мен тәу­ел­сіз ұйым­дар неге селқос қара­ды деп ойлайсыз?

– Сон­ша­лы­қты «селқос қара­ды» деп айта алмай­мын. Аза­мат­тық қоғам­ның бір бөл­ше­гі ретін­де бірқа­тар сарап­шы­лар және «ХАҚ» қоғам­дық қоры­ның өкіл­дері осы әкім сай­ла­у­ы­на қаты­сты және Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да 2030 жылға дей­ін­гі жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­ды дамы­ту тұжы­рым­да­ма­сы­на бай­ла­ны­сты өзі­міздің сыни ой-пікір­лері­мізді біл­дір­дік, Ақор­да билі­гіне үндеу жол­да­дық. «ХАҚ» және «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» қауым­да­сты­ғы, Қаза­қстан жаста­ры­ның ақпа­рат­тық қыз­меті және тағы бір­не­ше ұйым, оларға қоса әле­умет­тік желі­де­гі бірқа­тар бел­сен­ді аза­мат­тар жеке-жеке қолы­нан кел­ген­ше науқанға ара­ла­суға, сай­ла­уды бақы­ла­у­ға, сол жер­лер­ден тіке­лей ақпа­рат тара­туға атса­лы­сты. Бірақ бұл науқан, өкініш­ке қарай, бүкіл Қаза­қстан­ды қам­ти алған жоқ. 

Жал­пы, біздің қоғам­да әділ сай­ла­у­ға деген сенім­сіздік­тен туған қам­сыздық бар. Бірақ аза­мат­тық қоғам «ұлу­дың қада­мы­м­ен» бол­са да алға жыл­жып, дамып келеді. Ең басты­сы, бел­сен­ді аза­мат­тар мен ұйым­дар­дың қата­рын көбей­ту үшін, халқы­мы­здың кеудесін­де­гі демо­кра­ти­яға деген үміт отын сөн­діріп алмауы­мыз керек.

– Ал біздің елде толық мән­ді модер­ни­за­ция жаса­лып, сая­си рефор­ма өзінің тиісті маз­мұ­нын­да өтуі үшін, бірін­ші кезек­те қан­дай шара­лар жүзе­ге асуы тиіс еді?

– Ең алды­мен сая­си жігер­дің болуы шарт. Тек сыр­тын ғана әрлеп қоя­тын деко­ра­ци­я­лық «бірін­ші, екін­ші, үшін­ші пакет» сая­си рефор­ма­лар­дан ешқан­дай ауыз тол­ты­рып айтар нәти­же шық­паға­нын мой­ын­дау керек. Келесі қадам – елде тәу­ел­сіз және мықты сая­си инсти­тут­тар­ды дамы­ту. Демо­кра­ти­я­лық қоғам­ды мақ­сат етсек, онда билік пен халы­қтың ара­сын­дағы көпір­ді нығай­ту, яғни аза­мат­тық қоғам­ның дамуы­на атса­лы­са алма­са да, ең бол­ма­са, кедер­гі кел­тір­меу. Бұларға қоса кез-кел­ген рефор­ма­ның қас жауы сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен жүй­елі және тиім­ді түр­де күрес жүр­гізі­лу керек. Себебі – рефор­ма қан­ша­лы­қты иде­ал бол­са да, түбін­де жемқор­лы­қ­пен шыр­мал­са, онда одан ешқан­дай оң нәти­же шықпайды. 

– Бүгін­гі елде қалып­тасқан сая­си жағ­дай­ға қан­дай баға бере аласыз?

– Елде­гі сая­си аху­ал­ды үкі­мет­тің бір жыл­дан аса уақыт­тан бері халы­қты вак­ци­на алуға үгіт­тей алмаған­ды­ғы­нан бай­қа­уға бола­ды. «DM Technology» ком­па­ни­я­сы­ның сарап­шы­ла­ры жасаған тал­дау бой­ын­ша, желі­де­гі вак­ци­наға қаты­сты нега­тив ақпа­рат және басы­лым бірін­ші кезек­те вак­ци­наға қар­сы болған­ды­қтан емес, халы­қтың үкі­мет­ке, Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гіне және аймақтық шене­унік­тер­ге деген сыны мен сенім­сізді­гі­нен туын­дап отыр екен. Елде билік­ке жап­пай сенім­сіздік фак­то­ры орын алған.

Біз­де­гі билік әлі де сын­дар­лы сын­ды көте­ре алмай­тын, халқы нара­зы­лық біл­дір­се, өкпе­сі қара қаза­нға айна­ла­тын ерке бала тәрізді. Сол үшін бесік­тен белі енді шығып келе жатқан демо­кра­ти­я­лық қозға­лы­стар­ды басып-жан­шу­мен айна­лы­су­да. Демо­кра­ти­я­лық тал­пы­ныс жер­гө­гін­де тұн­шы­қты­ры­лу­да. Бұн­дай жағ­дай­да елде­гі сая­си аху­ал жақ­са­ра­ды деп айту қиын. 

– Ал бір отба­сы­ның ас-суын дай­ын­дап оты­рған әйел адам ретін­де қым­бат­шы­лық қысып бара жатқан жағ­дай­дағы ел эко­но­ми­ка­сы тура­лы не айтар едіңіз?

– Қым­бат­шы­лық, өкініш­ке қарай, бүкіл әлем­де белең алып оты­рған құбы­лыс. Әрине оның елі­міз­ге беретін кері әсері тереңірек және зардабы да ауыр­лау. Себебі эко­но­ми­ка­сы шикі­зат экс­порт­та­уға ғана тәу­ел­ді ел ретін­де, біз­де мұнай­дың орнын баса ала­тын басқа кіріс көзі бол­маған­ды­қтан, біз әлем­дік шикі­зат нары­ғы­на қат­ты бай­ланған­быз. Эко­но­ми­ка­мы­здағы толқу­лар­дың бәсең­деп, бір қалы­пқа келуі үшін, үкі­мет іскер­лік бел­сен­ділік­ті арт­ты­руы керек. Ал елі­міз­де­гі іскер­лік бел­сен­ділік­тің қал­пы­на келуіне әлем­де­гі және Қаза­қстан­дағы эпи­де­мио­ло­ги­я­лық аху­ал­дың тұрақ­сызды­ғы жол бер­мей отыр. Коро­на­ви­рус өзі­мен қоса «кедей­лік виру­сын» да алып кел­ді. Сон­ды­қтан қым­бат­шы­лық ең алды­мен қара­пай­ым халы­қтың өмір сүру дең­гей­ін төмендетуде. 

Таны­мал әле­умет­та­ну­шы Ковя­зи­на­ның зерт­те­уіне қараған­да, «әрбір онын­шы қаза­қстан­дық пан­де­ми­яға дей­ін-ақ кедей­лік шегін­де өмір сүріп жатқан, олар­дың саны 1,8 млн ада­мға жуық» болған екен. Бұл өте нашар көр­сет­кіш. Біз небәрі 19 мил­ли­он халы­қ­пыз және елі­міз­де адам­дар­дың өмір сүру сапа­сын жақ­сар­туға арналған бірқа­тар мүм­кін­дік­тер бар, тек олар­ды дер кезін­де және дұрыс қол­да­нуы­мыз керек. Бұл үкі­меті­міздің басты мис­си­я­сы болуы тиіс. 

– Айт­пақ­шы, «Ковид кри­зисі» демек­ші, сіз коро­на­ви­русқа қар­сы вак­ци­на алды­ңыз ба? 

– Иә, мен екпе алдым және осы вак­ци­на алу-алмаудың мәсе­лесі тура­лы айтқым келіп отыр. Тара­ты­лған ресми ақпа­ратқа қараған­да, елі­міз­де­гі эпи­де­мио­ло­ги­я­лық жағ­дай күн санап нашар­лап бара­ды, күн­де әле­умет­тік желі арқы­лы, таны­ста­ры­мыз арқы­лы қан­ша­ма отан­да­сты­ры­мы­здың көз жұмып жатқа­нын естіп отыр­мыз. Жоға­ры­да айтып кет­кенім­дей, халы­қтың басым бөлі­гі вак­ци­наға емес, билік­ке қар­сы және оған сен­бе­ген­дік­тен екпе алу­дан бас тар­тып отыр неме­се жалған құжат жаса­ту­да. Бұл өте өкіні­шті жағ­дай. Менің де наға­шы әжем был­тыр осы науқастан көз жұм­ды. Отба­сы­мы­з­бен қат­ты қай­ғыр­дық. Қазір­гі уақыт­та бұл кесел­ден бізді ары­л­та ала­тын тек бір ғана құрал бар. Ол – вак­ци­на. «ДАТ»-тың оқыр­ман­да­ры­на айта­рым: дұрыс және дәлел­ден­ген, ғалым­дар тара­пы­нан ұсы­ны­лған ақпа­рат­тарға ғана сеніңіз­дер! Біре­удің Уат­саб желісі арқы­лы тара­та салған видео­ро­ли­гіне сеніп, өзіңіз бен жақын­да­ры­ңы­здың басын қауіп­ке тік­пе­ңіз­дер. Өзіңіздің және еліңіздің аман­ды­ғы үшін екпе алыңыздар.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақ­мет, Аягөз бике! Аман болай­ық! Ел аман болсын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн