Пятница , 4 июля 2025

Саясатты биліктің қолына БАСЫБАЙЛЫ беріп қоюға болмайды!

«Ерсін Еркін бауы­ры­мы­зға көмек көр­сетіп, бар күшін, білі­мін салған тір­кел­ме­ген “Atajurt guman right” жетек­шісі Серік­жан Білә­шқа, қара­жат­тық қол­дау көр­сет­кен аза­мат­тар – Серік­жан Есенғосұ­лы мен Марғұлан Сей­сен­бай­ға алғыс айтамыз!

  • «Дөң­ге­лек үстел» Аза­мат­тық қоғам коа­ли­ци­я­сы­ның үйле­стіру­шісі Бота­гөз ИСА қазақ жігітіне қаты­сты Укра­и­на­дағы сот, қазақ ұлт­шыл­ды­ғы, Ақор­да билі­гінің дәр­мен­сізді­гі және Ресей­дің әпер­бақан әре­кет­тері туралы.

Былтыр “Шека­ра­ны заң­сыз кесіп өткені үшін” деген айып­пен Укра­и­на­да ұста­лып, кей­ін уақыт­ша боса­ты­лған Шың­жан (Қытай) қаза­ғы Ерсін Еркінұлы­на қаты­сты сот өтті. Еске сал­сақ, Киев­тен сая­си бас­па­на сұраған Ерсін бауы­ры­мыз өзін Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­уы мүм­кін екенін айтып, ақпа­рат құрал­да­ры­нан көмек сұраған бола­тын. “Қытай­ға қайт­сам, мені түр­ме мен азап, қор­лық, өлім күтіп тұр. Сон­ды­қтан мені Қаза­қстанға алып кетіңіз­дер­ші” деген еді сол кез­де Еркінұ­лы. «ДАТ» газеті Қытай­дан қашқан аза­мат­тың тағ­ды­ры­на Қаза­қстан билі­гінің ара­ша түсуін сұрап, бір­не­ше мақа­ла жари­я­лаған болатын.

Өткен апта­ның соңын­да Укра­и­на­да Ерсін Еркін­ге қаты­сты сот шеші­мі шықты. «Бауы­ры­мы­зды Қытай­ға қай­тар­май­тын болды!

Dongelek Ystel Аза­мат­тық қоғам коа­ли­ци­я­сы­ның (АҚК) аты­нан Ерсін Еркін бауы­ры­мы­зға көмек көр­сетіп, бар күшін, білі­мін салған тір­кел­ме­ген “Atajurt guman right ” жетек­шісі Серік­жан Білә­шқа, қара­жат­тық қол­дау көр­сет­кен аза­мат­тар Серік­жан Есенғосұлы­на (Мәм­бе­та­лин) мен Марғұлан Сей­сен­бай­ға, тегін аудар­ма­шы болып, жеке уақы­тын бөліп, шет қалаға сотқа кел­ген Укра­и­на елінің аза­ма­ты, бір жыл бойы әкелік қамқор біл­діріп жүр­ген Дәу­лет Бей­сем­ба­евқа шын жүрек­тен алғыс айта­мыз!» – деп жаз­ды осы орай­да коа­ли­ция үйле­стіру­шісі Бота­гөз ИСАЕВА.

Укра­и­на­да өткен сот­тың мән-жайы және АҚК қыз­метіне бай­ла­ны­сты басқа да сұрақтар төңіре­гін­де Бөта­гөз ханым­ды бүгін­гі сұх­бат­та­суға шақырдық.

– Бота ханым, ең алды­мен Ерсін бауы­ры­мыз Киев­ке қалай тап болға­нын газет оқыр­ман­да­ры­ның қапе­ріне сала кетей­ік: өзінің қазақ елі тұрған­да, алыс Укра­и­наға неге бар­ды екен, себебін біле алды­ңыз ба?

– Әлбет­те! Аза­мат­тық қоғам коа­ли­ци­я­сы­ның үйле­стіру­шісі ретін­де, әсіре­се шет елдер­ге кету­ге мәж­бүр болған қазақ аза­ма­та­ры­ның өміріне қауіп төніп тұр­са, мен олар тура­сын­дағы ақпа­рат­ты жина­сты­рып, қолым­нан кел­ген­ше көмек­те­се­мін. Осы рет­те ең алды­мен Серік­жан Білә­штің кәсі­би құқы­ққорға­у­шы­лық дең­гей­іне және қаза­ққа адал­ды­ғы­на сене­мін, сол аза­мат арқы­лы осы күн­ге дей­ін Ерсін Еркін­мен бай­ла­ны­ста­мын.
Иә, еске салай­ын, Ерсін бауы­ры­мыз басын­да Қытай­дан Қаза­қстанға кел­ді, бірақ ол ата­жұр­тын­да жеке басын қорғау мен аза­мат­тық алу мүм­кін еме­сті­гін әбден түсін­ді. Содан Қаза­қстанға бір­ша­ма жақын ел Укра­и­наға кету­ге мәж­бүр болған. Әрине, ол елі­нен қорған тап­паған Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың оқиға­сын біледі…

– Соны­мен қатар Қытай­дан қашқан Қастер Мұса­ханұ­лы, Мұра­гер Әлі­мұ­лы және Қай­ша Ақанға қаты­сты қазақ билі­гі оларға босқын мәр­те­бесінің мерзі­мі аяқталған­нан кей­ін, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын беру­ден бас тар­тқа­ны да оған мәлім шығар?

– Әрине, Ерсін өз елінің билі­гі­нен опа тап­пай­ты­нын біл­ді. Ол Укра­и­наға 2020 жыл­дың 16 қаза­нын­да кіріп, бес күн­нен кей­ін Қытай төлқұ­жа­тын жоғал­тып алған соң, 3‑қарашада Львов қала­сы­на келеді. Сол жер­ден Поль­шаға өтіп кету­ге тыры­са­ды. Одан кей­ін сая­си бас­па­на алу үшін Гер­ма­ни­яға жетуді жос­пар­ла­ды. Бірақ оны укра­и­на­лық шека­ра­шы­лар ұстап, сот арқы­лы «дереу депор­та­ци­я­ла­у­ға» үкім шығар­ды. Үш күн­нен кей­ін, сот шеші­мі бой­ын­ша оны босқын­дар орта­лы­ғы­на жібер­ді.
Теле­фон шалуға мүм­кін­дік беріл­ген сәт­те, Ерсін бір­ден тір­кел­ме­ген ATAJURT HUMAN RIGHTS құқық қорғау ұйы­мы­ның жетек­шісі Серік­жан Білә­шқа бай­ла­ны­сқа шыққан.

– Айт­пақ­шы, дәл сол кез­де Ерсін біздің редак­ци­яға да хабар­ла­сты. «ДАТ» жас жігіт тап болған жағ­дай­ға қаты­сты ақпа­рат жари­я­лап, Қаза­қстан билі­гі­нен оған көмек көр­се­туді сұраған еді…

– Хабар­дар­мын. Деген­мен өзінің көлең­кесі­нен қоры­ққан қазақ билі­гіне қараған­да, Ерсін­ге жедел жәр­дем бер­ген Серік­жан Біләш бол­ды.
Ерсін Серік­жанға тер­геу изо­ля­то­ры­ның қыз­мет­кер­лері оны кері қай­та­ру үшін билет сатып алға­нын айта­ды. Сол кез­де Серік­жан шұғыл түр­де укра­ин шене­унік­тері­мен бай­ла­ны­сқа шығып, егер Ерсін­ді Қытай­ға қай­та­рып жібер­сең­дер, Укра­и­на халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың айып­та­уы­на ұшы­рай­ты­нын, соны­мен қатар жас жігіт­тің өміріне қауіп төнетінін түсін­дір­ді. Серік­жан­ның беделінің, білі­мі мен таны­ста­ры­ның арқа­сын­да АҚШ пен Еуро­па­лық Одақ елдері бұл іске шұғыл ара­ла­сып, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның Босқын­дар Ісі жөнін­де­гі жоға­ры комис­са­ры­ның (БҰҰ БІЖК) офи­цер­лерін бір­ден Укра­и­наға, Ерсін­ге ара­ша түсу­ге жібереді.

– Құдай қол­дағыр Серік­жан Білә­штің бұл көме­гі мен шұғыл әре­кеті­нен қазақ елі хабар­сыз бол­са керек: оны қара­ла­у­шы­лар легі әлі де басыл­май тұр ғой…

– Сіз айтқан­дай, Серік­жан­ды қара­ла­у­шы­лар – Қытай­ға қыз­мет қыла­тын «жұм­сақ күштің» астыр­тын өкіл­дері ғой. Қаза­қ­ша­лап айтқан­да, Серік­жан олар­ды ұрмай­ды! (Күл­ді). Осы оқиға бағы­тын­да Серік­жан әлем­ге әйгілі және Укра­и­на­дағы көп­те­ген таны­мал БАҚ-пен бай­ла­ны­ста бол­ды. Соның арқа­сын­да халы­қа­ра­лық меди­а­лар үлкен қоғам­дық және халы­қа­ра­лық резо­нанс тудыр­ды. Соны­мен бір­ге Серік­жан Укра­и­на­дағы ең қуат­ты көші-қон сала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған адво­ка­ты мен тәу­ел­сіз аудар­ма­шы­ны көмек­ке шақы­рып, олар­дың қыз­мет ақы­сын төлей ала­тын қал­та­лы аза­мат іздеді.

Айт­пақ­шы, алға­шқы сотқа Укра­и­на­дағы ҚХР елшілі­гі­нен қытай­лық аудар­ма­шы тар­ты­лған екен, ол Ерсін­нің сөзін Қытай­ға қай­та­ру үшін бұр­ма­лап жет­кіз­ген… Қуа­ны­шы­мы­зға орай, Қаза­қстанға бел­гілі кәсіп­кер Марғұлан Сей­сем­бай адво­кат пен аудар­ма­шы­ның атқарған қыз­метін, бір­не­ше күн бой­ғы пәте­рақы­сы мен тамақта­нуы­на ақы төле­уді өз мой­ны­на алды. Сот болған күн­дері мен адво­кат­пен бай­ла­ны­ста бол­дым және бар­лық ақпа­рат­ты Серік­жанға жет­кізіп отыр­дым. Ол қытай тілін­де сөй­ле­ген аудар­ма­шы­мен бай­ла­ны­сып отыр­ды.
Әлбет­те, құқы­ққорға­у­шы Серік­жан Білә­штің сау­ат­ты әре­кет­тері арқа­сын­да, аппе­ля­ци­я­лық сот депор­та­ци­ядан бас тар­ту тура­лы шешім қабыл­да­ды. Ерсін боса­тыл­ды! Укра­и­на­ның Көші-қон қыз­метіне және ең басты­сы БҰҰ БІЖК оны босқын ретін­де тір­ке­у­ге алды. Соны­мен Ерсін­нің үшін­ші қауіп­сіз елге кету үшін шешім күту­ге жол ашылды.

– Бұған дей­ін болған сот­та Ерсін халы­қар­лық дең­гей­де қабыл­данған Кон­вен­ция талап­та­рын бұзған жоқ деп, оны жау­ап­кер­шілік­тен босатқан еді қой. Енді босқын жігіт­тің ісін қай­та­дан сотқа тар­туға не себеп болды?

– Осы жылы шіл­де айын­да бел­гісіз себеп­тер­мен Ерсін­мен ара­дағы бай­ла­ны­сы­мыз үзіл­ді. Соны­мен қатар Facebook желісін­де Ерсін Еркін­ді ұрлап, Қытай­ға күшпен алып кет­ті деген ақпа­рат пай­да бол­ды. Бұл тура­лы маған Серік­жан Біләш хабар­ла­ды. Киев­те­гі қазақ таны­ста­ры­мыз арқы­лы біз оны тап­тық. Жігіт қат­ты күй­зеліс­ке түсіп, үрей­де жүр­генін біл­дік. Өйт­кені оған бір­не­ше күн бұрын ази­ат кел­бет­ті бел­гісіз адам­дар келіп, қытай тілін­де «егер Қытай­ға өз еркің­мен орал­ма­саң, аман қал­май­сың» деп ескерт­кен екен. Сол себеп­тен ол теле­фо­нын өшіріп, әле­умет­тік желілер­де­гі акка­унт­та­рын жауып тастапты.

Айта кету керек, әле­умет­тік желілер­де үне­мі Ерсін Қытай­дағы фаши­стік конц­ла­герь­лер­де­гі репрес­сия тура­лы ашық айтып жүр­ді. Соны­мен қатар ҚХР-нан тари­хи ота­ны­на қорған іздеп кел­ген қан­дастарға қысым жасаған, аза­мат­тық бер­ме­ген үшін Қаза­қстан билі­гін сынға алды. Қытай үшін мұсыл­ман­дарға жаса­лып жатқан гено­цид­тің куә­гер­лері Батыс елдеріне жет­пе­уі өте маңы­зды. Өйт­кені олар көп кұн­ды ақпа­рат бере ала­ды. Әсіре­се, соңғы кез­де Қытай­дың ірі шене­унік­тері мен ком­па­ни­я­ла­ры санк­ци­яға ұшы­рап, олар­дың «Бір жол, бір бел­деу» жаһан­дық жоба­сы АҚШ Кон­гресінің санк­ци­я­лық резо­лю­ци­я­сы­на тап болған кез­де, Ерсін­ді Батыс елдеріне өткіз­беу – Қытай үшін маңы­зды еді.

Ерсін үрей үстін­де жүріп, тағы да осы 8 тамы­зда Гер­ма­ни­яға жету үшін, қай­та­дан Укра­и­на мен Сло­ва­кия шека­ра­сы­нан өту­ге әре­кет жасай­ды. Сло­вак шека­ра­шы­ла­ры оны ұстап, Укра­и­на­ның шека­ра қыз­метіне тап­сы­ра­ды. Содан ол теле­фон оның қолы­на түсе салы­сы­мен Серік­жан Білә­шпен маған Ужго­род қала­сы­ның маңын­дағы түр­ме­де екенін хабар­ла­ды. Мен Укра­и­на шека­ра­шы­лар кең­се­де­гі офи­цер­лер­мен, түр­ме басты­ғы­мен сөй­ле­стім және Ерсін ісінің ықти­мал нәти­же­сі тура­лы жағ­дай­ды сұрап алып, бұл қаза­қтың бала­сы – жай бала емес, халы­қа­ра­лық құқы­ққорға­у­шы­лар­дың және де БҰҰ БІЖК наза­рын­дағы аза­мат деп жеткіздім.

– Тәңір жары­лқа­сын! Өте бір сау­ап­ты іс істе­ген екен­сіз, Бота ханым!

– Рақ­мет, ел мен қоға­мға ортақ іс қой… Содан Укра­и­на шека­ра­шы­ла­ры маған Қытай елшілі­гі дереу хабар­ласқа­нын және олар жігіт­ті Қытай­ға депор­та­ци­я­лау шығын­да­рын төле­у­ге дай­ын екен­ді­гін айт­ты. Ресми түр­де сот бола­ды және мұн­дай істер тек депор­та­ци­я­мен аяқта­ла­ты­нын айт­ты, себебі шетел­дік­тің шека­ра­ны заң­сыз кесуі Укра­и­на­да ауыр қыл­мыс болып табы­ла­ды деді.

Серік­жан тағы да бар­лық халы­қа­ра­лық БАҚ-тарға, құқы­ққорғау ұйым­да­ры­на, АҚШ Мем­ле­кет­тік депар­та­мен­тіне, ЕО елшілік­теріне, Жене­ва­дағы БҰҰ БІЖК пен олар­дың Қытай­дағы фили­а­лы­на хабар­ла­са­ды да, даб­ыл қағады.

Бұл оқиғаға бір апта қалған­да, Қытай­дың Шың­жаң аймағын­дағы адам құқы­қта­ры­ның аху­а­лын бақы­лау жөнін­де­гі БҰҰ құжа­ты­на енген 40 мем­ле­кет­тің ара­сын­да Укра­и­на да болған. Ол Шың­жаңға тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­ды тез ара­да кір­гізу­ге Қытай­дың рұқ­сат беруі тура­лы құжат болып табы­ла­ды. Алай­да коро­на­ви­русқа қар­сы вак­ци­на бер­мей­міз деп, Укра­и­на билі­гіне құжатқа қой­ған қол­дан бас тар­туға мәж­бүр­леді, оған Укра­и­на билі­гі көн­ді де, қой­ған қолы­нан бас тарт­ты. Бұл тура­лы Associated Press Баты­стың екі дипло­ма­ты­на сіл­те­ме жасап хабар­лаған. Агент­тік­тің мәлі­метін­ше, Укра­и­на Жене­ва­дағы БҰҰ Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі кеңесін­де Кана­да ұсы­нған 40-тан астам елдің мәлім­де­месіне Укра­и­на қосылған.

– Ойбу‑у! Қазақ елі хабар­сыз осын­дай да жағ­дай бар екен-ау?!

– Иә, осы жағ­дай мәсе­лені одан әрі қиын­дат­ты. Яғни, Укра­и­на біздің жігіт­ті Қытай­ға экс­тра­ди­ци­я­ла­уы мүм­кін деген үлкен қауіп бар еді.
Серік­жан Біләш кәсі­би көші-қон ісі­мен ара­ла­са­тын адво­кат және оның еңбек ақы­сы мен іс-сапар шығын­да­ры­на қара­жат тап­ты. Қазақ бала­сы­на соңғы алты жыл­да әкелік қамқо­рын көр­сетіп жүр­ген Киев­те тұра­тын жер­лесі­міз Дәу­лет Бей­сем­ба­ев шека­ра­дағы алыс қалаға келіп, сот про­цесін­де аудар­ма­шы қыз­метін абы­рой­мен атқар­ды. Ал Қазақ елін­де­гі таны­мал қоғам қай­рат­кері, нағыз ұлт­шыл аза­мат Серік­жан Мәм­бе­та­лин Дәу­лет мыр­за­ның жол қара­жа­тын сөз­сіз көтерді.

Соны­мен, сот шеше­мі тағы да оң бол­ды. Жігіт­ті депор­та­ция рәсі­мі­нен құтқар­дық, тек Укра­и­на елін­де қауіп болған­нан кей­ін, қан­да­сы­мыз алты ай қамақта болуы керек деген шешім шықты. Келесі айда аппе­ля­ци­я­лық сот бола­ды. Алай­да, Ерсін­ге әлі қауіп бар және осы қамақта жатқан алты ай ішін­де БҰҰ БІЖК аты­нан үшін­ші бір Батыс елге жол­да­ма беріл­ме­се, оның Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­нуы әбден мүмкін.

16 тамыз күні Ерсін Еркін маған бай­ла­ны­сқа шығып, аштық жари­я­лаға­нын айт­ты. Оның тала­бы БҰҰ БІЖК-ке арналған. Яғни, Ерсін атал­мыш халы­қа­ра­лық ұйым­нан үшін­ші бір елге өту­ге жол­да­ма беруін талап етуде.

– Сот­тан кей­ін укра­и­на­лық көші-қон орга­ны­ның қыз­мет­кер­лері Ерсін­ге қаты­сты өткен сот шеші­міне жер­гілік­ті және халы­қа­ра­лық қоғам үлкен қызы­ғу­шы­лық таны­тқа­ны­на таң қалып­ты деген сөз бар…

– Иә, көп­те­ген халы­қа­ра­лық меди­а­ның жур­на­ли­стері, БҰҰ БІЖК-нің ресми өкілі, ЕО елдерінің елшілері, құқық қорға­у­шы­лар өздерінің шағын қала­шы­ғы­на топыр­лап кел­геніне шека­ра қыз­меті мен көші-қон соты қат­ты таң қал­ды. Олар жас қазақ жігітінің тағ­ды­ры­на көп­те­ген лау­а­зым­ды аза­мат­тар­дың мұн­дай назар ауда­руы­на қызы­қты, өйт­кені бұған дей­ін мем­ле­кет­тік шека­ра­ны бұзған шетел­дік­тер­ді ота­ны­на депор­та­ци­я­лау олар үшін дау­сыз шешім болып табы­ла­тын. Мен оларға Укра­и­на елі демо­кра­ти­я­ла­ну, ЕО ‑ға кіру жолы­на түс­кенін және де қазақ бел­сен­ділері мен құқы­ққорға­у­шы­ла­ры қан­даста­рын ешқа­шан қиын жағ­дай­да қал­дыр­май­ты­нын жеткіздім.

– Құқы­ққорға­у­шы демек­ші, Қаза­қстан­да үш бір­дей ұлт­шыл пат­ри­о­тқа қаты­сты сот жүріп жатыр (Марғұлан, Данат, Мей­рам). Ресей­мен ара­дағы ұлт­шыл­дық мәсе­лесінің өршіп кет­кенін болжай­тын бол­сақ, Қаза­қстан­дағы ұлт­шыл­дар­ды қуда­лау жағ­дайы қан­ша­лы­қты қауіп­ті деп ойлайсыз?

– Бұл ойдан шыға­ры­лған қыл­мыстық істер, Қаза­қстан билі­гі үшін масқа­ра жәйт! Кез кел­ген демо­кра­ти­я­лық елде мем­ле­кет­тің ұлт­тық мүд­десі бірін­ші орын­да шеге­дей қағы­ла­ды. Біз­де Қытай­дың эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы­на және Ресей­дің ақпа­рат­тық окку­па­ци­я­сы­на жол бер­ген – Қаза­қстан билі­гін­де оты­рған ұлт мүд­десінің сатқын­да­ры. Аза­мат­тық бел­сен­ділер ұлт­тық мүд­дені өздері қолға алса, олар­ды мем­ле­кет қуда­лай­ды. Мұн­дай қыл­мыстық істер мен қол­дан жасалған жала маған – Ресей­дің тап­сыр­ма­сы­мен, Серік­жан Білә­шқа – Қытай­дың тап­сыр­ма­сы­мен жабы­лған. Нәти­же­сін­де, еке­уі­міз де тұған елі­міз­ге сый­май кет­тік.
Әрине, ұлт­шыл аза­мат­тар­ды жаза­лай­тын судья­лар адам құқы­қта­рын бұзға­ны үшін санк­ци­я­лар, біздің коа­ли­ция жасап жатқан «Қара­бет­тер тізі­міне» енгізіледі.

Соңғы күн­дері Ресей­дің бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры орыс тілін және Қаза­қстан­дағы этни­ка­лық оры­стар­дың құқы­қта­рын қорғау атын жамы­лып, «Тіл Май­да­ны» аза­мат­тар­дың істерін бел­сен­ді және агрес­сив­ті түр­де айып­та­уда. Оры­стар­дың өздері Ресей­де заң­сыз репрес­си­яға жап­пай ұшы­рап жат­са да, олар­дың өмір сүру дең­гейі күрт төмен­десе де, халы­қтың нара­зы­лы­ғы арт­са да, Крем­ль­ге Қаза­қстан­да тура­тын орыс диас­по­ра өкіл­дерінің құқы­ла­ры аяқ асты­нан маңы­зды бол­ды. Бұл 19 қыр­күй­ек­те РФ Мем­ле­кет­тік Дума­сы­на сай­лау алдын­дағы арзан және таза попу­ли­стік риторика.

– Сіз айтқан­дай, бұл «попу­ли­стік рито­ри­ка­ны» әлдебіреу емес, ҚР пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры қол­дап отыр ғой…

– Масқа­ра! Тіп­ті бұл аз бол­са, мұн­дай рито­ри­ка Сол­түстік Қаза­қстан­ды Ресей­ге қосуға алғы­сөз болуы да әбден мүм­кін. Бұл болжам­ның шынай­ы­лы­ғы­на сенудің бір себебі – мыса­лы, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың аппа­ра­тын­да тағы бір сатқын чинов­ник бар екені бел­гілі бол­ды. Өкініш­ке орай, мен оның атын біл­мей­мін, тек Омбы­ның қазақ қызы екенін естідім. Ол арнайы коман­да­сы­мен бір­ге әле­умет­тік желінің қаза­қстан­дық сег­мен­тін сарап­тай­ды да, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның Ресей, Путин, Кремль неме­се орыс тілі тура­лы жазы­лған пікір­лерін орыс­шаға ауда­рып, тіке­лей Путин­нің әкім­шілік бас­шы­сы Эду­ард Вай­но­ға жет­кі­зетіні маған мәлім. Бұл өте қорқы­ны­шты жағдай!

– Иә, бұл жөнін­де интер­нет пен әле­умет­тік желі­де мәлі­мет тараға­ны­нан хабар­дар­мыз…
– Осы рет­те Укра­и­на­лық сце­на­рий­ді еске түсірей­ік. Сол кез­де­гі Укра­и­на билі­гі Қырым­ды Ресей­ге соғыс­сыз тап­сыр­ды және Укра­и­на­ның шығы­сы­на ресей­лік жал­да­ма­лы әскер қар­сы­лық көр­мей-ақ шека­раға кір­ді. Ал ресми себеп – орыс тілі мен этни­ка­лық оры­стар­дың құқы­қта­рын қорғау бол­ды. Қаза­қтар ешқа­шан өздерін басқа халы­қтар­дан жоға­ры қой­ған емес, өздерін басқа­лар­дан кем деп те сана­май­ды.
Біз Укра­и­на тәжіри­бесіне сүй­е­нуі­міз керек, елдің қорға­ныс қабілетін нығай­ту, ұлт­тық сана­ның өсуіне жағ­дай жаса­уға мін­дет­ті­міз. Себебі оның негізін­де аза­мат­тық сана пай­да бола­ды. Ол дамы­ған демо­кра­ти­я­лық қоғам құру­дың негіз­гі шар­ты.

– Деген­мен елде­гі ұлт­шыл аза­мат­тар­дың елдік мүд­дені қорғау жолын­дағы бел­сен­ділі­гі билік­ті мой­ын­сұн­ды­руы мүм­кін ғой?

– Сөз жоқ, елде­гі ұлт­тық сана артып келе жатыр. Пост­ко­ло­ни­ал­ды мем­ле­кет үшін бұл қалып­ты жағ­дай. Бірақ ол баяу жүріп жатыр, себебі мем­ле­кет­тік дең­гей­де қол­дау жоқ. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­да­ма­са, бұл – парадокс!

Тағы бір себеп – Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның сыр­тқы сая­са­ты Қаза­қстан­да бел­сен­ді болуы. Кеңес Одағы ыды­раған­нан кей­ін, Ресей­де сәл уақыт пост­им­пе­ри­я­лық син­дром бол­ды. Ал Вла­ди­мир Путин Крем­ль­ге кел­ген­нен кей­ін, Ресей нео­им­пе­ри­а­лиз­мнің тай­ға­нақ және қай­ғы­лы жолы­на түсті. Қаза­қстан олар­мен эко­но­ми­ка­лық одаққа, әске­ри одаққа кір­ді, ол ақы­ры іс жүзін­де сая­си одаққа айнал­ды. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­дағы дик­та­ту­ра­ның аяқта­луы Ресей ыды­раған­да ғана мүм­кін бола­ды деген болжам­ның жөні бар.

Осы орай­да мен швед жазу­шы Аст­рид Лин­грен­нің сөзін айтқым келеді: «Сая­сат­тың құны сон­ша­ма қым­бат болған­нан, оны сая­сат­кер­лер­дің қолы­на беріп қоюға бол­май­ды» деген еді ол. Ал біздің Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да сая­сат­ты билік­тің қолы­на басы­бай­лы беріп қоюға тіп­ті де бол­май­ды! Жоға­ры­да айты­лған қазақ бала­сы Ерсін Еркін, Серік­жан Біләш, Арон Ата­бек, Марғұлан Боран­бай, Мей­рам Қана­пия, Данат Намаз­бай, тағы басқа ұлт­шыл­дар­дың тағ­ды­ры соған нақты дәлел. Тек аза­мат­тық бел­сен­ділер мен құқы­ққорға­у­шы­лар билік­те оты­рған­дар­ды түзетіп, олар­ды қатаң бақы­ла­са ғана билік халы­қ­пен сана­са­ды. Дамы­ған демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер­де билік тек солай қыз­мет атқа­ра­ды. Ал дик­та­тор­лық елдер­де аза­мат­тық қоғам әлсіз бол­са, құқы­ққорға­у­шы­лар тек көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен айна­лыс­са, ешқан­дай даму болмайды.

– Маз­мұн­ды сұх­ба­ты­ңыз үшін сіз­ге көп рақ­мет, Бота­гөз бике! Ел мүд­десі жолын­дағы ісіңіз­ге табыс тілейміз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн