Пятница , 4 июля 2025

 «ЕҢБЕК ЕРІ» атағы БЕРІЛСІН!

Осыдан біраз күн бұрын бір жаңа­лық оқы­дым: Нұр-Сұл­тан қала­сын­дағы көпқа­бат­ты тұрғын үйдің қабы­рға­сы­на QazVac вак­ци­на­сын ойлап тапқан қазақ ғалы­мы­ның «құр­метіне» бан­нер ілін­ген екен (фото). 

Билік­тің рұқ­са­тын­сыз ештеңе ілін­бей­тіні баяғы­дан бел­гілі ғой. Бірақ осы жолы әлем­де мил­ли­он­дар­ды сорға­латқан COVID-19 дер­тіне қар­сы екпе ойлап тапқан отан­дық ғалым­да­ры­мы­зға арнап, бір жапы­рақ бан­нер­мен құты­лғы­сы кел­ген билік­тің бұл әре­кеті ұят екен. «Айдаға­ны бес ешкі, ысқы­ры­ғы жер жарып» тұр.

Әлем­дік дода­да біре­удің тұм­сы­ғын бұзу­дан айла­сын асы­рған спорт­шы­лар­ды баға­лы сый­лы­қтар мен мара­пат­пен қар­сы ала­мыз. Біз сөзі мен ісі ұштас­пай­тын қоға­мға айнал­дық. Қазақ «білек­ті – бір­ді, білім­ді – мың­ды жыға­ды» дей­ді, бірақ білім­нің күші­мен елі­мізді әлем­ге таны­тқан ғалым­да­ры­мы­зға мың есе тұр­мақ, бір жарым есе артық құр­мет те көрсетпейміз.

Мен бас редак­то­ры болып оты­рған Forbes Kazakhstan жур­на­лы­ның қазақ нұсқа­сы­ның биы­лғы мамыр айын­да жарық көр­ген санын­да қызық мақа­ла жари­я­лан­ды. «Күніне бір мил­ли­ар­дер» деген мате­ри­ал­да коро­на­ви­рус инфек­ци­я­сы­на қар­сы күре­сте вак­ци­на ойлап табу неме­се нары­ққа жеке қорға­ныс құрал­да­рын шыға­ру нәти­же­сін­де әлем­де бір жыл ішін­де жаңа 40 мил­ли­ар­дер пай­да болға­ны айты­ла­ды. Шетел­дік ғалым­дар екпе ойлап тапқа­ны­ның арқа­сын­да мил­ли­ар­дер бол­ма­са да мил­ли­о­нер ата­нып жатыр. Өйт­кені бұл қоғам­дар­да олар­дың еңбе­гі жоға­ры бағаланады.

Вак­ци­на ұсы­нған ком­па­ни­я­лар­дың акци­я­ла­ры ағым­дағы жылы күрт өсіп, мәсе­лен, 170 жылға жуық тарихы бар Pfizer ком­па­ни­я­сы дәл осы пан­де­ми­яда өз капи­та­ли­за­ци­я­сы бой­ын­ша рекорд­тық көр­сет­кіш­ке жетіп отыр. Бұл ком­па­ни­я­лар­дың тарихы ерте­ден бастау ала­ды, бюд­жет­тері қомақты, тех­но­ло­ги­я­ла­ры озық. Ал дәл осы алып­тар­дың тіз­бе­гіне қай­мы­қ­пай еріп, бір мезет­те, біздің ғалым­дар шетел­дік басы­лым­дар жары­са жаза­тын дең­гей­де QazVac вак­ци­на­сын ойлап тап­ты. Қазір отан­дық өнім­ді халы­ққа егіп жатыр (неше адам­ның өмірін сақтап қал­ды). Ғалы­мы­ның қал­та­сы­на «әйте­уір өліп қал­ма­сын» деген көлем­де ғана қар­жы сала­тын мем­ле­кет­те, ішкі-сыр­тқы қол­да­у­сыз, біздің ғалым­дар шетел­дік вак­ци­на­мен тере­зесі тең дең­гей­де екпе ойлап тапқа­ны – нағыз ерлік!

Ғалы­мын төбесіне шыға­ра алмай, алақа­нын­да ұстай алмай жүр­ген үкі­мет – сор­лы үкі­мет. Бұл жер­де «бан­нер тар­тып, құты­лам» деу – бей­ша­ра­ның тір­лі­гі. Дай­ын нәр­сені Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның тір­ке­уі­нен өткізіп, елге қомақты кіріс кір­гізу­ге бола­тын сәт­те сау­сақ сорып оты­рған үкі­мет­ке не дейсің?

Бұл ғалым­дар АҚШ-та не Гер­ма­ни­яда өмір сүріп, қыз­мет еткен­де, қазір ашқан жаңа­лы­ғы­ның жемісін жеп, кемін­де мил­ли­он дол­лар табыс табу­шы еді.

Ғалым­да­ры­мы­зға менің жаным аши­ды. Мем­ле­кет бас­шы­лы­ғы­на ана­ли­ти­ка дай­ын­дап, ғылы­ми орта­да бір­не­ше жыл қата­ры­нан еңбек еткен адам ретін­де айтай­ын: ел ғылы­мы аса ауыр жағ­дай­да. Жас ғалым болған­да, күн­діз – ғылым­мен, кеш­те «так­сов­ка­мен» айна­лы­стық. Кей­бір ғылы­ми инсти­тут­тар­да биыл­дың басы­нан бері айлық алмай оты­рған­дар да барын білемін.

Енді мен жаз­бам­ды (дұры­сы­рағы – жанай­қай­ым­ды) Үкі­мет­ке ұсы­ны­спен аяқтағым келіп отыр. Ғалым­дар­ды қар­жы­лай қол­дай алма­саң­дар да, оларға ештеңе­ге алаң­да­у­сыз қыз­мет етуді қам­та­ма­сыз ететін жағ­дай жасай біл­ме­сең­дер де, мораль­дық тұрғы­дан қол­дау көр­се­те ала­тын шығар­сыздар? Биыл да әдет­те­гі­дей «Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге 30 жыл тол­ды» деп, көп жағ­дай­да бітір­гені шама­лы, бірақ жүй­е­ге адал болға­ны үшін мың­даған шене­унік­тің кеудесіне төс­бел­гі мен орден тағы­ла­ды. Солар­ды қоя тұрып (бір жыл медаль алма­са, өліп қал­мас), наза­рды екпе ойлап тапқан ғалым­да­ры­мы­зға бұрай­ық. Соңғы отыз жыл­дың ең маңы­зды ғылы­ми жаңа­лы­ғын тап­шы­лық пен қол­да­удың жоқты­ғы жағ­дай­ын­да жасаған ғалым­дар – міне, зама­ны­мы­здың нағыз батыр­ла­ры осы кісілер.

Биыл Күн­сұ­лу Зака­рья ханым­ды (таны­сым да, туы­сым да емес) және екпе­ні ойлап табуға ара­ласқан басқа да ғалым­дар­ды елі­міздің ең жоғарғы мара­па­ты – «Еңбек Ері» ордені­мен наград­та­уды ұсынамын! 

Бақыт­жан БҰҚАРБАЙ

Қаза­ғым деген ада­мға ӨМІР СҮРУАЗАП

«Қар­тай­дық, қай­ғы ойладық…».

Қай­ран Абай­дың сол күні басы­мы­зға кел­ді. Ұйқы қашты. Түн­нің орта­сы ауған кез­де ояна­мын. Қан­ша кеш жат­сам да, солай. Содан соң көзім бақы­рай­ып, кір­пі­гім­ді ілін­ді­ре алмай мазам қаша­ды. Амал жоқ қолға теле­фон­ды аламын. 

Міне, бүгін­гі түн­де де дәл солай болды.

Әдет­те­гі­дей әле­умет­тік желі­ге үңіл­дім. Құр­мет Тала­пқа­зы бала­мыз күңіреніп сөй­леп жатыр екен. Семей­ге келіп­ті. Жанын­да ілес­кен көп жігіт­тері бар.

«Әй, әкім­дер, оян­саң­дар­шы. Уақыт­та­рың бол­ды ғой…» – дейді.

«Қай­ран Құр­мет! – дей­мін, – Сенің шыр-шыр еткеніңе үш айдың жүзі ауды. «Ести­тін үкі­мет» есті­мей­ді. Кіта­п­ха­наға тығы­лып, көрін­бей, дегенін жасап оты­рған­дар тағы естімейді».

Біз­де қос өкі­мет. «Екі кеменің құй­ры­ғын ұстаған суға кете­ді» деп айтып кет­кен ата­ла­ры­мыз. Біздің билі­гі­міздің сиқы осын­дай, ол – құр­ды­мға жібе­ретін билік.

Маңғы­ста­уда мал қыры­лға­лы екі-үш ай бол­ды. Қызы­лор­да­да қылаң бер­ген. Құр­мет билік­ті осы қасірет­тің бетін алуға жұмыл­ды­рғы­сы келіп еді, маң­дайы тасқа тиді…

Айна Бәке­е­ва қарын­да­сы­мыз тәжта­жал­дан халқым­ды қайт­сем құтқа­ра­мын деп, ұйқы, күл­кі­ден қалға­лы жыл жарым уақыт өтті. Билік енді оның өзі­мен күресуде…

Біздің елде халқым деген, қаза­ғым деген кім-кім­ге де өмір сүру – азап.

Ей, қаза­қтар, біз осы­ны күтіп пе едік?

Өткен ғасыр­дың басын­да халқы­мыз қына­дай қыры­лған­да зия­лы­лар қай­тіп еді? Әрине, бәрі емес. Бүгін­гі күні солар­дың бірі де бой көр­сет­пей тұр-ау…

Біздің зия­лы­лар­дың қолы­нан келетіні – бір-бірін күн­деу, күста­на­лау, қала бер­ді өткен ғасыр­да билік­те болған, ашты­қтың бетін қай­та­ру үшін күрес­кен әру­ақтар­мен алысу…

Қазір ел үшін де, жер үшін де, қазақ үшін де жеке­ле­ген адам­дар ғана көше­ге шыға­тын бол­ды. Қалған­да­ры «диван батыр­лар». Сөз­дерін тың­да­саң, бәрі керемет…

Әй, кере­мет­тер, халқы­мы­зды өстіп қырғы­зып қоя­мыз ба? Баты­ста өліп жатқан мал­дар біз­ге ескер­ту емес пе? «Келесі кезек – адам­дар­да» дей­ді. Қым­бат­шы­лық, жоқ­шы­лық пен тап­шы­лық, жұмыс­сыздық қазір­дің өзін­де қай жер­де бол­ма­сын, біз бол­ма­сақ, басқа­лар­ды алқым­нан алып жатыр. Ол қысқа қара­та күшей­еді, келер көк­тем­де тәжта­жал­дан топа­лаң асқа­ны­мыз сияқты күй кешпейік…

Құр­мет тау­сы­лып сөй­леді. Ара­сын­да шыдай алмай көз жасы­на ерік бер­ді. Бес-алты облы­сты басып өтіп, басқа­рып оты­рған әкім­дер­ге қара­тып сөз сөй­леді. Тіп­ті пәлен вагон­нан шөп дай­ын­дап жіберің­дер деп мін­дет­те­ді. Поез­бен кетіп бара жатып, жүріп өткен жол­да­рын­дағы жай­қалған шөп­ті көр­ді. Соны да айт­ты-ау аза­мат… Енді қайтсін-ай!..

Кеше­гі Диме­кеңнің зама­ны бол­са, пар­ти­я­ны да, үкі­мет­ті де шөп дай­ын­да­уға, құрғақ­шы­лық қысып тұрған аймақтар­дағы мал­дың қыстық азы­ғын молай­туға жұмыл­ды­рар еді. Оны кезін­де көр­ген­біз. Мен өзім 1976 жылы мек­теп­те мұғалім болып жүріп, қолы­ма шалғы алып, таудың шөбін орып едім.

Бүгін­де ол кез­де­гі­дей мал жоқ. Енді аз ғана мал­дың өзіне жем-шөп дай­ын­дай алмай, ит болып отырмыз…

Бұл қос өкі­мет тұр­са, көресі­міз көп сияқты. Бірі халы­ққа деп әде­мі сөз сөй­леп, әре­кет бастағы­сы кел­се, екін­шісі соның баста­ма­сын тұн­шы­қты­рып, аяғы­нан шалуда. 

Ей, қаза­қта­рым менің, қара баста­рын күйт­те­ген «диван батыр­ла­рым», халы­қтың ада­мы дей­тін ақын-жазу­шы­лар, не істейміз?

«Газет – өмір айна­сы» деуші едік. «Еге­мен­нен» бастап, аудан­дық газет­тер­ге дей­ін өмір айна­сы болу­дан қал­ды. Халы­қтың қасіретін жаз­бай­ды, қалың елдің сөзін айт­пай­ды. Газет­тер әкім­дер­ді ғана мақта­уды мұрат тұтқан…

Кеуде­міз­де жаны­мыз бол­са, бүгін­гі халы­ққа қыз­мет етпей­тін, мұңын мұң­да­май­тын, билік­ті бас пай­да­сы­на айнал­ды­рған жоға­ры­дағы­лар­ды алқы­мға алып, талап етей­ік. Онсыз бат­паққа бата бере­міз. Құр­мет пен оның айна­ла­сын­дағы аза­мат­тар­ды қол­да­ма­сақ, күні ертең жылап-еңірей­тін кез­ге тап боламыз.

Шын­дық – осы!

Талғат АЙТБАЙ

«DAT». 26.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн