Четверг , 3 июля 2025

Демпартияның ТАЛАПТАРЫ

1. Жеке тұлға­лар­ды банк­рот деп жари­я­лау тура­лы заң қабылдансын! 

2. Кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­ларға өтіп кет­кен неси­е­лер кешірілсін! 

3. Біз тап­сы­рған 100 мың ары­здың әрқай­сысы жеке-жеке қарас­ты­ры­лып, оңтай­лы шешім қабылдансын! 

3. Шағын неси­елік ком­па­ни­я­лар­дың кре­дит­тік өсім пай­ыз сана­уы, өсім­пұл қосуы мем­ле­кет тара­пы­нан рет­теліп, қадағалансын! 

4. Кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­лар мен жеке сот орын­да­у­шы­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­тын, яғни кол­лек­тор­лық ком­па­ния қыз­мет­кер­лері неме­се сот орын­да­у­шы­лар қыз­мет­терін асы­ра пай­да­ланға­ны үшін қатаң жаза­ға тар­ты­ла­тын заң қабылдансын!

5. Шағын неси­елік ұйым­дарға видео­тек­се­русіз онлайн-несие беру­ге тый­ым салынсын!

Айгерім Тіле­ужан:

ТОҚАЕВ НАҒЫЗ назар­ба­ев­шыл адам

  • Елге енді­гі бел­гілі болған­дай, тір­ке­уден өтпе­ген Демо­кра­ти­я­лық пар­тия өкіл­дері ел аста­на­сын­да орна­ласқан ҚР Ұлт­тық бан­кі алдын­да бірқа­тар талап­тар­мен нара­зы­лық шара­ла­рын өткі­зу­де. Әле­умет­тік желілер мен жеке­ле­ген интер­нет-ресур­стар­дан басқа БАҚ дем­пар­ти­я­лық бел­сен­ді аза­мат­тар­дың бұл акци­я­сы жөнін­де жақ ашпа­ды. Сол себеп­ті біз пар­тия құру­шы топ­тың бел­сен­ді өкілі, жас сая­си қай­рат­кер Айгерім Тіле­ужан­ның газет тіл­шісіне бер­ген сұх­ба­тын жари­я­лап отырмыз.

– Айгерім бике, аста­на­дағы Ұлт­тық банк алдын­да Дем­пар­тия ұйым­да­сты­рған шара қан­дай нақты мақ­сат­ты көздеді?

– Ең алды­мен айта кетей­ін, бұл пар­ти­я­лық мүд­денің акци­я­сы емес. Халы­қтың ел ішін­де қалып­тасқан ауыр әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы күрт өзгерісті талап ете­ді. Сон­ды­қтан біз бірін­ші кезек­те жеке тұлға­лар­ды банк­рот деп жари­я­лау тура­лы заң­ның қабыл­да­нуын талап ету­де­міз. Бұл өте маңы­зды заң. Несие алып, оны өтеу қабілеті­нен айы­ры­лған халы­қты бан­кілер қылқын­ды­рған тұза­қтан құтқа­ру­дың басқа ама­лы жоқ.

Одан бөлек, кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­ларға өтіп кет­кен қай­та­рыл­маған неси­е­лер­дің кешірілуін біз бұған дей­ін де талап етіп кел­ген едік. Енді бұл талап­ты табан­ды­лы­қ­пен жалға­сты­ру керек және бұған қиын­дық шыр­мауы­на қамалған қоғам­ның өзі ара­ла­суы қажет.

Сол сиқты шағын неси­елік ком­па­ни­я­лар­дың үсте­ме пай­ы­зды сана­уы мен өсім­пұл қосуы мем­ле­кет тара­пы­нан рет­теліп, қадаға­ла­нуы және кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­лар мен жеке сот орын­да­у­шы­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­тын заң­ның қабыл­да­нуын қажет деп санай­мыз. Соны­мен қатар шағын неси­елік ұйым­дарға видео­тек­се­русіз онлайн-несие беру­ге тый­ым салы­нуы керек.

– Ал бұл акци­я­ның соңы аштық жари­я­ла­у­ға ұласқа­ны мәлім бол­ды. Мұн­дай үзіл­ді-кесіл­ді әре­кет қан­дай қажет­тілік­тен туды?

– Иә, біз Ұлт­тық банк ғима­ра­ты алдын­да аштық жари­я­лаған едік. Бірақ бірін­ші күні поли­ция бірер ада­мы­м­ы­зды Аста­на қала­сы­ның Есіл аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы­на алып кет­ті. Сол күні сот төрт ада­мға айып­пұл сал­ды. Ал шара­мы­здың екін­ші күні әкім­шілік жаза ретін­де Ару­жан Дүй­се­ба­е­ва 5 тәулік­ке, ал мен 2 тәулік­ке қамал­дым. Сон­ды­қтан аштық жари­я­лау акци­я­сын соңы­на дей­ін жалға­сты­ра алма­дық. Бірақ біздің нара­зы­лық тала­бы­мыз мұны­мен тоқтамайды.

– Ал халық мүд­десіне сай келетін осын­дай акци­яға басқа сая­си ұйым­дар­дың салғырт қара­уын қалай түсін­дірер едіңіз?

– Бірін­ші­ден, өзіңіз де бай­қап жүр­ген болар­сыз, елде біздің пар­тия мен «ДВК»-дан басқа іс-әре­кеті­мен таны­лып жүр­ген сая­си ұйым жоқтың қасы. Екін­ші­ден, біз басқа­лар­дың қол­да­уы­на зар емес­піз, біздің пар­тия бүгін­де үлкен сая­си күш­ке айна­лып келеді. Әрине, жал­пы қоғам тара­пы­нан қол­да­удың болға­ны біздің тала­бы­мы­зға билік­тің мой­ын­сұ­нуы­на ықпал етер еді. Біз өзі­міздің осы акци­я­мыз арқы­лы банк­тен тұты­ну­шы­лық несие алуға қаты­сты заң­ның жоқ екенін және несие алған аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры­ның қорғал­май жатқа­нын көр­сет­кі­міз кел­ді. Билік халық өкіл­дерінің нара­зы үнін естіп, халы­қтың мой­нын­дағы несие қамы­ты­на бір рет­тік амни­стия жари­я­лап, елде­гі қозып тұрған әле­умет­тік жағ­дай­ды жақ­сар­туға сеп­ті­гін тигі­зуі тиіс деп ойлаймыз.

Айт­пақ­шы, осы­дан бір жарым жыл бұрын неси­елік амни­стия жари­я­лау тура­лы біз­ге келіп түс­кен жүз мыңға жуық ары­зды ҚР пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гіне тап­сы­рған едік. Сол кез­де билік тара­пы­нан өтіні­ш­теріңіз қарас­ты­рыл­ды, неси­е­лер қай­та құры­лым­да­ла­ды және екін­ші дең­гей­лік банк­тер мен кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­ларға тиісті нұсқа­у­лар беріледі деген сыңай таны­ты­лған бола­тын. Алай­да сол уақыт­тан бері пре­зи­дент әкім­шілі­гіне өткізіл­ген ары­здар­дың біре­уі де қарас­ты­ры­лған жоқ. Мәсе­ле сол күйі шеші­мін тап­па­ды. Сол себеп­ті халы­қтың ама­на­тын арқа­лап, Алма­ты­дан аста­наға келдік.

– Соны­мен, Дем­пар­тия ұйым­да­сты­рған осы нара­зы­лық акци­я­сы­ның бары­сы қалай өтуде?

– 12 қазан күні бел­гі­лен­ген уақыт­та Ұлт­тық банк ғима­ра­ты­ның алды­на келіп, банк бас­шы­сы Ербо­лат Доса­ев пен Қар­жы­лық нары­қты рет­теу және дамы­ту агент­ті­гінің төраға­сы Мади­на Абы­лқа­сы­мо­ва кеш­кі 6‑ға дей­ін біз­бен кез­де­су­ге кел­ме­се, аштық жари­я­лай­ты­ны­мы­зды жет­кіздік. Біз­ге тек қатар­дағы маман­дар шығып, Алма­ты­дағы агент­тік­ке бару­ды өтін­ді. Біз бол­сақ, аста­наға шығар­дан бір апта бұрын Алма­ты­дағы Қар­жы­лық нары­қты рет­теу және дамы­ту агент­ті­гінің өкіл­дері­мен кез­десіп, Ұлт­тық банк­ке өз талап­та­ры­мы­зды қоюға аста­наға бара жатқа­ны­мы­зды айтып, ескерт­кен едік. Олар біздің мақ­сат­та­ры­мы­зды, аста­наға жол тар­тқа­ны­мы­зды біле тұра, арыз-тала­бы­мы­зды тың­да­уға, бізді тоқта­туға тал­пы­нған жоқ.

Ал аста­наға кел­ген соң, қай­та­дан Алма­ты­ға бары­ң­дар дей­ді. Кеш­кі 18:00 сағат шама­сын­да ғима­рат­тан шығуы­мы­зды біз­ден талап етті. Жар­ты сағат­тан соң Есіл аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Марат Дуба­ев бастаған поли­ция арнайы жасағы жина­лып тұрған Дем­пар­тия бел­сен­ділерін күш­теп авто­за­кқа қамап, аудан­дық бөлім­ше­ге жет­кізді. Сол жер­де Май­ра Губай­дул­ли­на, Ләй­лә Маме­то­ва, Мари­ям Тай­ғұ­ло­ва, Гүл­зи­ра Төле­е­ва және Гауһар Ибра­ше­ваға айып­пұл сал­ды. Ару­жан Дүй­се­ба­е­ва еке­умізді алып қалып, таң атқанға дей­ін ұста­ды. Себебі аста­на­да Алма­ты­дағы­дай түн ішін­де сот оты­ры­ста­ры бол­май­ды екен. Ертесіне, кеш­кі сағат 18:00-де сот оты­ры­сы өтіп, жоға­ры­да айтқа­ным­дай, маған 2 тәулік, ал Ару­жан Дүй­се­ба­е­ваға 5 тәулік­ке әкім­шілік қамау жаза­сын берді.

– Деген­мен, Айгерім бике, неси­елік амни­стия мәсе­лесін Ұлт­тық банк емес, мем­ле­кет­тік билік пен үкі­мет қана шеше ала­тын қазір­гі жағ­дай­да бас банк­ке талап қою­дың қисы­ны қандай?

– Өздеріңіз білетін­дей, Ұлт­тық банк­тен бұрын, Қар­жы­лық нары­қты рет­теу және дамы­ту агент­ті­гіне жүгін­ген едік. Ал Ұлт­тық банк екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің жұмысын қадаға­лай­ды. Ұлт­тық банк­ке барған себебі­міз де осы. Ұлт­тық банк­тің өзі мем­ле­кет­тік меке­ме. Екін­ші­ден, айтып өткенім­дей, осы­дан бір жарым жыл бұрын ҚР пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гіне барған едік. Бірақ одан да мар­дым­ды жау­ап алмадық.

Ұлт­тық банк өкіл­дері алды­мы­здан шығып, қажет­ті маман­дар­ды шақы­рып, сол жер­де кез­де­су жасап, мәсе­лені талқы­лаған­да, кон­струк­тив­ті диа­лог бол­ды деп айтуға болар еді. Өкініш­ке орай, бәрі керісін­ше бол­ды. Мәсе­ле біздің қай меке­ме­ге барға­ны­мы­зда емес. Мәсе­ле – жоға­ры­дан рұқ­сат бере ме, бер­мей ме, соған бай­ла­ны­сты. Ұлт­тық бан­кее бар­дың не, пре­зи­дент әкім­шілі­гіне бар­дың не – еш айыр­ма­шы­лық жоқ.

Екі тәулік қамаудан шыққан соң, жұма күні таңер­тең Ұлт­тық банк­ке келіп, ғима­рат­тың ішіне кіре алма­дық. Есік­терін тарс жауып алған­ды­қтан, кеш­ке дей­ін дала­да жат­тық. Кеш­кі 18:00-де сол баяғы поли­ция жасағы тағы да алып кетіп, Есіл аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Марат Дуба­ев пре­зи­дент әкім­шілі­гінің өкіл­дері­мен кез­де­су ұйым­да­сты­рай­ық деп ұсын­ды. Пре­зи­дент әкім­шілі­гі деп айтқа­ны алдарқа­ту екен, өйт­кені біз барған жер Мини­стр­лер үйін­де­гі пре­зи­дент­ке кіріс хат­тар­ды қабыл­дау бөлі­мі болды.

Бұл жер­де біз бұрын болған­быз. Бөлім басты­ғы Дани­яр Қады­р­жа­нов – шешім қабыл­да­у­шы адам емес, құзы­ры жоқ қатар­дағы чинов­ник. Біз барға­ны­мы­зда, ол біздің талап-ары­зда­ры­мыз тура­лы біл­мей­тінін айт­ты. Тіп­ті осы­дан бір жарым жыл бұрын біз­бен кез­кені де есі­нен шығып кет­кен. Әйт­пе­се ары­здар­ды сол жер­де бір­ге санап, табыст­аған едік. Соған қара­ма­стан, ол чинов­ник біз­ден ары­зды қай­та жазуы­мы­зды сұра­ды және оны Алма­ты­дағы агент­тік­ке жол­дай­ты­нын айтты.

– Деген­мен, елде­гі қазір­гі қоға­дық-сая­си жағ­дай­ға ден қой­сақ, Дем­пар­тия өзінің сая­си пары­зын өтеу үшін, елде­гі режим­ді өзгер­ту тала­бын күн тәр­тібіне қой­ға­ны ұтым­ды болар еді ғой?..

– Бұл жөнін­де біз өзі­міз өткіз­ген әрбір митин­гі­де айтып жүр­міз. Әрине, біз үшін алды­мен пар­ти­я­ны құрып, оны тір­ке­уден өткі­зу – басты мақ­сат. Ол ойы­мы­здан қай­тқа­ны­мыз жоқ. Пар­тия құру­мен қатар халы­қтың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ді де көте­ру­ге тиіс­піз. Өйт­кені сая­сат тек қана бір­лі-жарым адам­ның айна­лы­са­тын ерме­гі емес. Біздің өмірі­міздің өзі, халы­қтың бүгін­гі аяны­шты жағ­дайы – бәрі сая­сат. Аста­наға келуі­міздің себебі де осы. Не десек те, біздің осы жолғы акци­я­мы­здан хабар­сыз қалған адам кемде-кем.

– Митинг демек­ші, оған шыға­тын адам­дар­дың қата­рын көбей­ту үшін не істеліп жатыр?

– Митин­гі­ге шыға­тын адам­дар санын өсіре­міз десек, бірін­ші кезек­те ағар­ту­шы­лық жұмыс атқа­ру керек. Оны шама-шарқы­мы­зға сай жасап та жатыр­мыз. Өздеріңіз білетін­дей, «Ютуб» арна­сын­да Дем­пар­ти­я­ның кана­лы бар. Сол арна­да Жан­бо­лат Мамай, Абзал Дости­я­ров, Ыры­с­бек Тоқ­та­сын, Ару­жан Дүй­се­ба­е­ва, Дәу­рен Дости­я­ров және өзге де бел­сен­ділері­міздің виде­о­ла­ры үздіксіз шығып жатыр. Халы­қты барын­ша ақпа­рат­тан­ды­рып, елде­гі про­це­стер жай­лы ойы­мы­з­бен бөлісіп оты­ра­мыз. Одан бөлек, билік басын­дағы жемқор­лар­ды әшке­ре­ле­уді қолға алдық. Жан­бо­лат Мамай зерт­теу фильм­дерін түсіру­мен тіке­лей айна­лы­са­ды. Халы­қты ақпа­рат­тан­ды­ру жұмысын дұрыс жүр­гі­зу­де­міз деген ойдамыз.

– Ал енді пар­ти­я­ны мем­ле­кет­тік тір­ке­ту мәсе­лесін­де не жаңа­лық бар?

– Мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өту үшін құжат­тар­ды мін­дет­ті түр­де тап­сы­ра­мыз. Бірақ дәл қазір асы­ғы­стық жоқ. Бірін­ші кезек­те пар­ти­я­ны іші­нен нығай­ту маңы­зды­рақ болып тұр.

– Аста­на поли­ци­я­сы­ның Дем­пар­ти­яға қаты­сты асы­ра сіл­теу әре­кет­тері бой­ын­ша сіз­дер жақтан әлдебір әре­кет бола ма?

– Біз кеше пре­зи­дент әкім­шілі­гіне барған­нан кей­ін, ешқан­дай шешім шық­пай­ты­нын түсін­ген соң, Ұлт­тық банк алдын­да қонып шығу­ды жөн көр­дік. Түні бойы көз ілмедік. Өздеріңіз білесіз­дер, аста­на­ның ызға­ры қан­дай екені айт­па­са да түсінік­ті. Соған қара­ма­стан көз ілмей, таң аттырдық.

Билік тара­пы­нан аран­да­ту бол­ды, өйт­кені Ару­жан Дүй­се­ба­е­ва­ны бей­та­ныс бір адам бас сал­ды. Поли­ция ол адам­ды ұста­ды. Біз де арыз жаза­тын бол­дық. Поли­ци­яға кере­гі де сол бол­ды. Өйт­кені біз­ге арыз жаз­ды­рып, куә­гер бола­сы­ң­дар деп уақыт­ты созды.

Ару­жан­нан түсінік­те­ме ала­мыз деп үш сағат­тан астам кідірт­ті. Бір­ге барған куә­гер Ләй­лә Маме­то­ва­ны да сон­ша уақыт ұстап отыр­ды. Түсінік­те­ме алу кезін­де Ару­жан­ның жазға­нын қате деп, бір­не­ше рет қай­та жаз­ды­рған. Ал Ару­жан поли­ция бөлім­ше­сі­нен шық­пақ­шы болған кез­де оны бір­не­ше поли­ция жасағы­ның қыз­мет­кер­лері қор­ша­уға алып, сыр­тқа жібер­мей қойған.

Мені де куә­гер ретін­де алдап шақырт­ты. Сөйт­сем, жәбір­ле­ну­ші Ару­жан­нан әлі түсінік­те­ме алмаған­да­рын көр­ген соң, өзім­нің ол жер­де қал­май­ты­ным­ды айтып, кері кет­пек­ші бол­дым. Куә­гер – айып­та­лушы емес қой. Соған қара­ма­стан поли­ция қыз­мет­кер­лері маған қар­сы күш қол­да­нып, қай­та­дан поли­ция бөлім­ше­сіне кір­гізіп, ұстап отыр­ды. Тек мен шу шығарған соң ғана босат­ты. Бұл – поли­ци­я­ның барып тұрған озбыр­лы­ғы, өз өкілет­ті­гін асы­ра пай­да­ла­ну деп білемін.

Жал­пы, бастан өткен осы жағ­дай: Ұлт­тық банк­тің жау­ап бер­ме­уі, қақаған суы­қта біз оты­рған бас­пал­даққа су шашу, есік­терін тарс жауып, бізді кір­гіз­бе­улері – осы­ның бәрі бүгін­гі Қаза­қстан­ның шынайы кел­беті. Билік­тің көзі соқыр, құлағы керең. Назар­ба­ев кет­ті деген­мен, елде ешқан­дай өзгеріс болған жоқ. Тоқа­ев нағыз назар­ба­ев­шыл адам. Ол айтқан­дай, шыны­мен де «ести­тін үкі­мет» болға­ны­мы­зда, Ұлт­тық банк бізді бірін­ші күні қабыл­дар еді.

Билік өзгер­мей, жүйе өзгер­мей, халы­қ­пен сана­са­ды, халық жағ­дайы түзе­леді деп үміт­те­нудің қажеті жоқ. Деген­мен, бола­шақ өз қолы­мы­зда. Бар­лық отан­даста­рым­ды немқұрай­лы бол­мауға және тын­бай күре­су­ге шақырамын.

– Сіз­дер­дің халық мүд­десі үшін жасап жатқан іс-әре­кет­теріңізді Құдай қол­да­сын! Сұх­ба­ты­ңыз үшін көп рахмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн