Пятница , 4 июля 2025

Өзгерістер үшін, ӘРКІМНІҢ дауысы маңызды!

20 ақпан күні Алма­ты­да сай­ла­у­ға өзін-өзі ұсы­нған бір топ кан­ди­дат бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, халы­ққа арнап мани­фест жари­я­ла­ды. Елде­гі өзгеріс­ке тән­ті тәу­ел­сіз үміт­кер­лер бұл сай­ла­у­ға қаты­су – Жаңа Қаза­қстан құруға құштар халы­ққа жау­ап­ты науқан екенін ескерт­ті және жур­на­ли­стер­дің көп­те­ген сұрақта­ры­на жау­ап бер­ді. Төмен­де сол мани­фе­стің мәтіні толық жари­я­ла­нып отыр.

Біз – сай­ла­у­ға өзін-өзі ұсы­ну­шы тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тар, елі­міз­де нақты өзгерістер жасау үшін, білі­мі­міз бен тәжіри­бе­мізді біріктірдік.

Бүгін­гі жағ­дай тәу­ел­сізді­гі­мізді алған алға­шқы жыл­дарға қараған­да әлдеқай­да қиын. Қаз­ба бай­лы­қта­ры­мыз тонал­ды, жері­міз улан­ды, қазы­на­мыз ысы­рап бол­ды, ал келе­шек ұрпақтың бола­шағы бұлы­ңғыр­ла­на түсті. Елі­міздің елді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы­на қауіп төніп тұр. 

Жері бай елдің халқын кедей­лік­ке душар еткен ашкөз­дер Жаңа Қаза­қстан құруға қауқар­лы ма? Жоқ. Себебі – билік тіз­гінін ұстаған­дар­ды халық таң­даған жоқ. 

Біз әрбір қаза­қстан­ды­қтың мұң-мұқта­жын түсі­не­міз, ести­міз және сезе­міз – біз сіз­дер­мен бір­ге­міз! Біз мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есінің неге ақсап жатқа­нын және оны аза­мат­тар­дың игілі­гі үшін қалай жаңар­ту керек екенін біле­міз. Мұн­дай мін­дет­ті тек ортақ мақ­са­ты берік, қай­рат­ты, еркін жігер­лі, өз сала­сы­ның мықты маман­да­ры ғана орын­дай ала­ды. Демо­кра­ти­я­ның жалғыз кепілі – әділ сай­лау арқы­лы тіке­лей халы­қтың бер­ген ман­да­ты болған­ды­қтан, әрбірі­міздің өзгеріс­ке жол ашуға мүм­кін­ді­гіз бар. 

Біздің мақ­са­ты­мыз – жаңа қоғам­дық шарт қалып­та­сты­ру, яғни Пар­ла­мент­тік Рес­пуб­ли­ка­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын жаңарту. 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­тат­та­ры ретін­де бірін­ші кезек­те мәжіліс­ке оның заң­на­ма­лық және бюд­жет­тік рөлін, ал мәс­ли­хат­тарға  жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру құзіретін қай­та­ра­мыз. Заң үстем­ді­гі, мықты Пар­ла­мент және есеп беретін үкі­мет орна­ту арқы­лы билік­тің үш тар­мағы­ның теже­мелі тепе-теңді­гін қам­та­сыз етіп қана қой­май, соны­мен бір­ге төр­тін­ші билік сана­ла­тын бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның да тәу­ел­сіздік мәр­те­бесін көтереміз. 

Елі­міздің басты бай­лы­ғы сана­ла­тын жері­міз, қаз­ба бай­лы­ғы­мыз, табиғи ресур­ста­ры­мыз, мем­ле­кет­тің басқа­ру­шы үстем­ді­гіне қара­ма­стан, тіке­лей халы­қтың игілі­гіне ғана жара­ты­луы тиіс. Себебі әр отба­сы­ның әл-ауқа­ты – ел бай­лы­ғы­ның негізі. 

Ресур­стар­ды бөлу тетік­тері (салық, бюд­жет және ақша­ны басқа­ру) Пар­ла­мент арқы­лы халы­қтың бақы­ла­у­ын­да болуы тиіс. Бүгін­гі таң­да ол тетік­тер тек клеп­то­крат­тар­дың қал­та­сын қам­пай­ту үшін мил­ли­он­даған халы­қты қана­уға ғана бағытталған. 

  • Біз аталған өзгерістер­ді жасау үшін, 5 өзек­ті қағи­даға сүйенеміз:

1) Адам өмірін ең жоға­ры құн­ды­лық ретін­де тану арқы­лы адам капи­та­лын ұлты­мы­зды бірік­тіретін әле­умет­тік бағы­тқа жинақтау;

2) Өмір сапа­сын арт­ты­ру, тір­шілік ету орта­сын жақ­сар­ту және әрбір аза­мат үшін тең мүм­кін­дік­тер қалыптастыру;

3) Заң үстем­ді­гін орна­ту, аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қам­та­ма­сыз ету;

4) Ресур­стар­ды әділ бөлі­су, мем­ле­кет үлесін мей­лін­ше азай­та оты­рып, ашық және шынайы бәсе­ке­ге қабілет­ті эко­но­ми­ка құру;

5) Әділ сай­лау про­цесі негізін­де тиім­ді мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін қалыптастыру. 

Біздің әрқай­сы­мы­здың өз сала­мыз бой­ын­ша айта­ры­мыз бар, бірақ елі­мізді жаңар­ту үшін бүгін бірі­гіп, бір жаға­дан – бас, бір жең­нен қол шыға­ра­тын кез туға­нын түсініп, плат­фор­ма­ла­ры­мы­зды бірік­тіріп жатырмыз. 

Өзгерістер үшін әркім­нің дауы­сы маңызды!.

Аят­жан Ахметжанұлы

Батыр Адай­ба­ев

Ермұрат Бапи

Сан­жар Боқаев

Ерлан Қали­ев

Думан Мұхам­мед­кәрім

Арай­лым Назарова

Мұх­тар Тайжан

Айман Тұр­сы­нқан

Сұл­тан­хан Жүсіп

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн