Пятница , 4 июля 2025

Арайлым Назар: ПРЕЗИДЕНТКЕ наразылығымды КІМ ЖЕТКІЗЕДІ?

  • 25 қазан – Рес­пуб­ли­ка күні қар­саңын­да Алма­ты мен Аста­на­да нара­зы­лық митин­глерін ұйым­да­сты­руы мүм­кін деген желе­умен бірқа­тар қоғам бел­сен­ділерін поли­ция қамауға алып, кей­ін­нен қоғам­дық қысым­ның нәти­же­сін­де боса­туға мәж­бүр бол­ды. Поли­ция күш­теп ұстаған­дар­дың бірі – Алма­ты қала­сы бой­ын­ша Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар ұйы­мы­ның төрай­ы­мы Арай­лым Наза­ро­ва бір күн бұрын өзінің «Фейс­бук» желісін­де төмен­де­гі пікірін жазған еді (қаз-қал­пын­да).

Сай­лау тура­лы заңға пре­зи­дент қол қой­мас үшін, не істе­у­ге бола­ды? Хат жаз­саң оқы­май­ды! Әле­умет­тік желілер­де­гі жаз­ба­лар­ды пысқыр­май­ды! Мың­дап адам жинал­ма­са, шағын митинг­ті де қыстырмайды! 

Не істе­у­ге бола­ды? Сай­лау тура­лы заң әділет­ті қоғам­ның баста­уы емес пе?

Тоқа­ев: «Біре­улер Қаңтар оқиға­сы­ның қай­та­ланға­нын қалап жүр», – дей­ді. Іс-әре­кет­теріне қара­саң, Қаңтар­дың қай­та­ла­нуын сол кісінің өзі қалап жүр­ген сияқты. 

Егер біз­де әділ сай­ла­у­ға негіз бола ала­тын заң бол­ма­са, қай­дағы «Жаңа Қаза­қстан» тура­лы айтуға болады? 

Karin Erlan (мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Карин – Ред.), басты­ғы­ңы­зға жет­кізіңіз­ші, бақы­ла­у­шы­лар­дан қоры­қ­па­сын! Осы сай­ла­удан кей­ін енді пре­зи­дент­тік­ке түс­пей­ді. Өзі үшін емес, халық үшін, бола­шақ үшін қазір сенат­та жатқан Сай­лау тура­лы заңға қол қой­ма­сын­шы! Мына заңға енгізіл­ген өзгерістер: «Мен таза сай­ла­у­ға ешқан­дай мүм­кін­дік бер­мей­мін» деп айқай­лап тұр ғой! 

Мүм­кін, сіз­дер әділ сай­лау талап етіп, әр фаль­си­фи­ка­ци­я­ны жари­я­лап жүр­ген бізді мар­ги­нал­ды топ­тар деп ойлай­тын шығар­сыздар… Бірақ халы­қтың ашуы­на тиіп, заң­ды бел­ше­сі­нен басып, шімірік­пе­стен фаль­си­фи­ка­ция жасап, сай­ла­уды у‑шуға дей­ін жет­кі­зетін бақы­ла­у­шы­лар емес, сіз­дер­дің комис­сия мүше­леріңіз екенін ұмыт­паңыз? Әділет­сіздік­пен бет­пе-бет кел­ген­де, сіз не істей­сіз? Көніп, қарап тұра бересіз бе?..

Дәл солай, біз де әділет­сіздік­пен бет­пе-бет кел­ген­де, қарап тұра алмай­мыз. Қолы­мы­зда бар жалғыз қару – каме­ра­ны алып шыға­мыз! Соның дәй­е­гі­мен сотқа бара­мыз. Ал енді /суретке/ түсіру­ге рұқ­сат етпе­се, дәлел­мен жазы­лған ары­зы­мы­зға көз жұма қарап оты­рған сот­тар ертең мүл­дем істі қара­май­ды. Егер мына заң қабыл­дан­са, халық бір күні сай­ла­удан кей­ін каме­ра­ны емес, қолы­на түс­кен қару­ды алып, сотқа емес, алаңға бара­ды… Мына заң жоба­сы соған алып келеді. 

Қасым-Жомарт Тоқа­ев мыр­за «таза сай­лау өткі­зе­міз» деді ғой. Кәне, соның бір дәлелі ретін­де мына заңға қол қою­дан бас тартсыншы! 

Ермұрат аға («ДАТ» газетінің бас редак­то­ры Ермұрат Бапи – Ред.), менің бұл жаз­бам пре­зи­дент­ке де, Ерлан Карин­ге де жет­пей­тінін біле­мін. Бірақ сіз­ге жете­ді… Қарын­да­сы­ңыз ретін­де, рух­та­сы­ңыз ретін­де сөзім­ді жет­кізіңіз­ші, қол қой­ма­сын­шы! Тағы бір талқы­лай­ық! Сай­ла­у­ға қия­нат жаса­ма­сын­шы! Онсыз да сай­ла­у­ға халы­қта жоқ сенім­ді одан сай­ын өшір­месін­ші! Халық сай­ла­удың алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті таза сай­лау өткі­зетін плат­фор­ма болған­да ғана сезі­неді. Егер таза сай­лау плат­фор­ма­сы бол­ма­са, бәрі алаң арқы­лы ғана шешіледі…

Күй­ініп бара­мын… Осы­ның бәрін біл­мей­тін, қызы­қ­пай­тын жан­дар бақыт­ты шығар… 

Бар­лы­ғы­мы­здың көз алды­мы­зда сай­ла­уды одан сай­ын жабық қылай­ын деп жатыр. Қазір қабыл­дап тас­та­са бол­ды. Келесі пре­зи­дент есті бол­са неме­се төң­кері­стен кей­ін бір-ақ ауы­са­ды. Дина­ра Цишев­ска­я­ның («Фейс­бук» қол­да­ну­шы – Ред.) болжа­мы дәл келуі мүмкін…

  •  

Ауыт Мұқибек:

«QAZAQ ARMANY» партияға айналады

Ардақты Алаш жұрты!

Құр­мет­ті Ұлы көш­ке мүд­делі қауым!

Сіз­дер­ді қай­та жаңғыр­ты­лған Рес­пуб­ли­ка күні мере­кесі­мен шын жүрек­тен құттықтаймын!

Бүгін – менің тари­хи Ота­ным Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на оралға­ны­ма 24 жыл! 1998 жылы 24 қазан­да жез­дем Деме­ухан Бақыт­нұр мен Ораз­хан Гүл­ба­дан­ның шақы­руы­мен қаси­ет­ті Қаза­қстан топы­рағы­на тұңғыш рет таба­ным тиген болатын.

Сол 24 жыл­дың алға­шқы он екі жылы Алма­ты­да, қаза­қтың аса көр­нек­ті ақы­ны Тұман­бай Мол­даға­ли­ев­тың жанын­да өтті.

Ал соңғы он екі жыл­да Аста­на­да, Ақор­да­ның түбін­де Көші-қон сая­са­ты­мен тын­бай айна­лы­сып, аталған салаға қаты­сты заң­дар мен нор­ма­тив­тік құжат­тар­ды уақыт тала­бы­на сай жетіл­ді­ре түсу­ге барым­ды салып келемін.

Көші-қон – Ұлы сая­сат! Ұлы көштің арқа­сын­да 1 мил­ли­он 101,2 мың этни­ка­лық қазақ Ота­ны­мы­зға орал­ды. Әлі алты мил­ли­он қазақ шека­ра сыр­тын­да қалып отыр.

Соңғы он бес жыл­дың көле­мін­де Ұлы көш ішкі және сыр­тқы күш­тер­дің сан мәр­те алу­ан түр­лі кедер­гісіне тап болып, бұрын-соң­ды бол­маған зор тоқы­ра­уға ұшырады. 

Ол аз болған­дай, пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Көші-қон сая­са­ты жөнін­де­гі бер­ген нұсқа­у­ла­ры мен тап­сы­ма­ла­ры Үкі­мет тара­пы­нан мүл­де орын­да­лып жатқан жоқ. 

Оның дәлелі – 2022 жылы 5 қыр­күй­ек­те Үкі­мет жари­я­лаған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжырымдамасы».

Қысқа­сы, Ұлы көш тоқтап қалу­дың аз-ақ алдын­да тұр!

Ардақты Алаш жұрты!

Құр­мет­ті Ұлы көш­ке мүд­делі қауым!

Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев Ел тіз­гінін қолға ала сала бер­ген сұх­ба­тын­да: «Шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зды елге қай­та­ру ісі ешқа­шан наза­рдан тыс қалған емес, қал­май­ды да. Дүние жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз», – деген болатын.

Енде­ше Ұлы көштің бола­шақ тағ­ды­рын еске­ре оты­рып, қаза­қтың Ұлы мұра­тын өз дең­гей­ін­де жүзе­ге асы­руын қол­дау мақ­са­тын­да «QAZAQ ARMANY» (Қазақ Арма­ны) деген жаңа сая­си пар­тия құру тура­лы шешім қабылдадым!

Алты құр­лы­қта жүр­ген Алты Ала­штың бала­сы, «Шет жұрт­та қазақ қал­ма­сын!» ұра­ны астын­да бір пар­тия болып бірігейік!

  •  

Қазақстанда тумағандар «ТОҚАЛДАН ТУДЫ» МА?

Қазан айының 20‑ы күні шыққан «ДАТ» газетіне бер­ген сұх­ба­тым­да тіл­ші қате­лесіп, менің «іріп-шіріп жатқан жүй­е­де мем­ле­кет­тің қар­жы­сын талан-тара­жға түсіру­ге қаты­спа­дым» деген ойым­ды «мен мем­ле­кет­те қыз­мет істе­медім» деп жазып жіберіпті.

Әрине, мем­ле­кет­те қыз­мет істе­дік. Кеңес өкі­меті кезін­де де, кей­ін­гі кез­де де. Ол кез­де бәрі мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар бола­тын. Кей­ін жоға­ры оқу орнын бітір­ген соң, 1976 жылы жол­да­ма­мен Алма­ты­ға «Союзги­про­сов­хоз­строй» деген инсти­тутқа келіп, кей­ін­нен «Каз­гор­строй­про­ект» деген инсти­тутқа ауы­сып, жоба­ның бас сәу­лет­шісі дәре­же­сіне көтеріліп, қыз­мет істеп, мем­ле­кеті­міздің дамып, көр­ке­юіне үлкен үлесім­ді қостым.

Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін алған кез­де мен 41 жаста едім. 1992 жылы алды­мен еңбек шар­ты­мен, кей­ін Ұлт­тық банк құры­л­тай­шы­сы болып ашы­лған қаза­қтың ұлт­тық валю­та­сы – тең­ге жаса­у­мен айна­лы­са­тын меке­мені басқар­дым. Сол кез­де құпия түр­де басталған «Мем­ле­кет­тік эко­но­ми­ка­лық қар­жы жоба­сы­на» қаты­сып, жау­ап­кер­шілі­гі үлкен істі абы­рой­мен атқа­рып, тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міздің ірге­та­сын қала­у­ға қатыстым.

Мен де, Назар­ба­ев та, Тоқа­ев та Кеңес өкі­метінің аза­мат­та­ры бол­дық, сол кезең­де өмір сүріп, білім алып, қыз­мет істеп, бәрі­міз бір­дей Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін бір­ге қар­сы алған болатынбыз.

1993 жылы елі­міздің алға­шқы Кон­сти­ту­ци­я­сы қабыл­да­нып, кей­ін ол әртүр­лі опа­сыздар­дың қолы­мен өзгер­тіліп, тек бір ада­мға ғана қыз­мет ететін құжатқа айнал­ды. Сол Ата заң бой­ын­ша, ел пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер ретін­де сай­ла­у­ға түсетін адам Қаза­қстан­ның тер­ри­то­ри­я­сын­да туған болуы керек деген талап бар. Олай бол­са, бүгін­гі Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша, Қаза­қстан­да туған адам­ның жасы 32-де ғана бола­ды, ал талап бой­ын­ша сай­ла­у­ға түсетін адам­ның жасы 40 жастан кем бол­мауы керек.

Кеше «Халық қаһар­ма­ны» атағын алған экс-министр Қай­ыр­бек Сүлей­ме­нов, әділет мини­стрі болған марқұм Наға­шы­бай Шәй­ке­нов, бір­не­ше рет министр және әкім болған Мұх­тар Құл­мұ­хам­бет, депу­тат болған Айта­лы Аман­гел­ді, «КНБ»-ні басқарған Вла­ди­мир Жұма­ха­нов, мем­ле­кет­тік қай­рат­кер­лер – Ғазиз Алдам­жа­ров, Ғаділ­бек Шала­х­ме­тов, Бал­таш Тұр­сым­ба­ев (марқұм), тағы басқа­лар­дың құқы­қта­ры шек­теліп, сай­ла­у­ға түсе алмай­ды екен!

Не деген масқа­ра?! Сай­ла­нуға құқы­ғың жоқ, бірақ сай­ла­у­ға баруға мін­дет­тісің? Қалай түсі­ну­ге бола­ды? Сон­ды­қтан мынау талап – егер сай­ла­уды әділ өтке­ре­мін десең­дер, біз­дер­ге қаты­сы бол­мауы керек!

Хай­рол­ла ҒАБЖӘЛЕЛОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн