Пятница , 4 июля 2025

Декларация қалай ҚАБЫЛДАНЫП ЕДІ?

  • Сол 1990 жыл­дың күзін еске алам. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесін­де (ЖК) 360 депу­тат, оның 53 пай­ы­зы – орыс тіл­ді, 47 пай­ы­зы қазақ депу­тат­та­ры бола­тын. Жасы­рын дауы­спен заң өткі­зу өте қиын еді. 

Сол кез­де мен ЖК Пре­зи­ди­у­мы­ның мүше­сі, Коми­тет төраға­сы едім. Ака­де­мик-депу­тат Салық Зима­нов (сурет­те) біз­ге айт­ты: «Мен 7–8 орыс тіл­ді депу­тат­пен сөй­ле­сем. «Сіз­дер ұлты­ңыз басқа бол­са да, Қаза­қстан аза­ма­ты­сыздар, декла­ра­ци­яға дауыс беріңіз­дер!» – деп. Басқа депу­тат­тар да солай – /орыстарды/ бөліп алып сөй­ле­стік. Соның өзін­де де 18 депу­тат қар­сы бол­ды, еке­уі қалыс қалды.

Декла­ра­ция қабыл­данған­да, бір-бірі­міз­ге қара­сақ, көз­ге жас кел­ді. Ата-баба­ла­ры­мы­здың ғасыр­лар бойы аңсаған Тәу­ел­сізді­гін тұңғыш рет алу біздің зама­ны­мы­зға, оның ішін­де біз­ге бұй­ы­рға­ны­на қалай қуанбайсың?!

Еге­мен­дік Декла­ра­ци­я­сы 17 бап­тан тұр­ды, біз оны екі күн талқы­ла­дық. Мен сол кез­де­гі ака­де­мик-депут­тарға – Салық Зима­нов, Сұл­тан Сар­та­ев, Серік­бол­сын Әбділ­дін, Ғани Қали­ев, Сауық Таке­жа­нов, Шах­мар­дан Есе­нов, Өмір­бек Жол­да­с­бе­ков, Манаш Қозы­ба­ев, Марс Үркім­ба­ев, Марат Оспа­нов, Асқар Жұма­діл­да­ев, тағы басқа­ларға осы Тәу­ел­сіздік декла­ра­ци­я­сын қабыл­дау кезін­де­гі еңбек­тері үшін риза­шы­лы­ғым­ды біл­діре­мін, олар­дың отба­сы­на бақыт тілеймін!

Содан бері 30 өтті, жаман да, жақ­сы да кезең­нен өттік. Мен эко­но­мист ретін­де айтай­ын, 300 млрд дол­лар ақша жеке қал­таға кет­ті. Ол дегені­міз – егер жыл­дық бюд­жет орта есеп­пен 27 мил­ли­ард дол­лар бол­са, Қаза­қстан халқы­ның 11 жыл өмірі. Бай мен кедей­дің ара­сы 5–6 есенің орны­на шары­қтап, 30 есе­ден асып кет­ті. Мұн­дай жағ­дай­да тұрақты­лы­қты ұстап тұру өте қиын. 

Оған қоса, біздің руха­ни дүни­е­міз таяз­дал­ды, инже­нер, жұмыс­шы клас­стан айы­рыл­дық, елді дик­та­тор­лық режим, кор­руп­ция жай­ла­ды, т.б.

Қай елде бол­сын, көзі ашық, шын­шыл аза­мат­тар демо­кра­тия жаса­уға мұрын­дық бола­ды. Мүм­кін, бұл бұры­нғы билік­тің әдейі жасаған сая­са­ты шығар. Оған кей­ін­гі «Қан­тар оқиға­сы» баро­метр болды.

Деген­мен, мен қазақ халқын бір­лік­ке шақы­ра­мын, бар­лы­ғын ақыл­мен, бай­ып­пен жасай­ық. Білі­мің тасы­са, билік­ке нақты ұсы­ныс бер, газет­ке жаз, мін­бе­ден айт. Қоғам­дық ұйым­дар батыл болуы керек.

Мен өз басым осы­лай жасап келем: Еге­мен­дік декла­ра­ци­я­сы қабыл­данған­нан бер­гі 32 жыл­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа – 40, кей­ін Қасым-Жомарт Тоқа­евқа – алты ұсы­ныс хат, жоба­лар жіберіп­пін. Оның біра­зы іске аса бас­та­са (Түр­кістан­ды руха­ни жаңғыр­ту, жастар­ды шетел­ге оқы­ту, жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат, Абай ака­де­ми­я­сын, Облы­сын құру, Ұлт­тық құры­л­тай шақы­ру, тағы басқа­лар), ал көбісі өз кезе­гін күту­де. Себебі, жоға­ры­да айты­лған­дай, жүйе жібермейді. 

«Үміт­сіз – шай­тан», тағы бір үмітім – осы сай­ла­удан кей­ін түбе­гей­лі өзгерістер бастал­са, оның басы бір үлкен сыпы­рғыш алып, кадр таза­ла­удан баста­луы керек! 

Еге­мен­дік декла­ра­ци­я­сы­ның қабыл­данған күні құт­ты болсын!

Ора­за­лы СӘБДЕН, ака­де­мик

РЕСПУБЛИКА күнінің ҚҰПИЯЛАРЫ

  • «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мере­ке­лер тура­лы» заңға үсті­міз­де­гі жылы 29 қыр­күй­ек күні енгізіл­ген өзгерістер­ге бай­ла­ны­сты «Рес­пуб­ли­ка күні» Ұлт­тық мере­ке мәр­те­бесіне ие болды!

Осы заңға сәй­кес, жыл сай­ын 16 жел­тоқ­сан күні атап өтілетін бұры­нғы ұлт­тық мере­ке – «Тәу­ел­сіздік күні» қара­пай­ым мем­ле­кет­тік мере­ке­лер қата­ры­на ығы­сты­рыл­ды. Өзінің де мере­ке сый­қы қал­май, оған қаты­сты іс-шара­лар 15 жел­тоқ­санға дей­ін уқан-суқан өткізі­ле сала­тын. Жастар­дың ықти­мал толқуы­нан сес­кен­ген билік «Тәу­ел­сіздік күніне» бір апта қалған­да, сту­дент­тер­ді ешбір жос­пар­да қарас­ты­рыл­маған кезексіз дема­лы­сқа жібе­ретін. Әрі бұл дата­да ауа райы да көбіне түнеріп тұрып ала­тын. Көше­ге шық­саң, алаң­дарға бар­саң, жан адам жоқ, өлі қалаға тап болған­дай күй кешетінсің. 

Ұлт­тық мере­ке мен мем­ле­кет­тік мере­ке­лер­дің құқы­қтық айыр­ма­шы­лы­ғы бола­ды. Ұлт­тық мере­ке – мәр­те­бесі жағы­нан мем­ле­кет­тік мере­ке­лер­ден жоға­ры тұра­ды. Ұлт­тық мере­ке дегені­міз – Қазақ мем­ле­кет­тілі­гінің дамуы­на еле­улі ықпал еткен, тари­хи маңы­зы айры­қ­ша оқиға­ның құр­метіне тағай­ын­далған мей­рам. Ұлт­тық мере­ке кезін­де орта­лық және жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік орган­дар­да ресми іс-шара­лар өткі­зу мін­дет­ті. Қаза­қстан­да Ұлт­тық мере­ке біреу ғана – «Рес­пуб­ли­ка күні». Қалған 9 мере­ке мем­ле­кет­тік мере­ке болып табылады. 

Биыл ұлт­тық мәр­те­бе­ге ие болған «Рес­пуб­ли­ка күні» мере­кесі 13 жыл үзілі­стен кей­ін алғаш рет қай­та той­ланға­лы отыр. Бұл мере­ке­ге 1990 жылы 25 қазан­да Қазақ ССР‑і Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақы­ры­лған сес­си­я­сын­да қабыл­данған «Қазақ ССР-інің мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гі тура­лы декла­ра­ци­я­сы» негіз болға­ны анық. Ол кез­де Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің орга­ны – «Халық кеңесі» газетін­де қыз­мет ететін­біз. Редак­ция жур­на­ли­стеріне сес­сия мәжілістеріне депу­тат­тар­мен бір­ге қаты­сып оты­руға рұқ­сат етілетін. Сон­ды­қтан қол қалт еткен­де, ел үшін маңы­зды құжат­тар талқы­ла­нып жатқан мәжіліс залы­нан табы­луға тырысатынбыз.

25 қазан күні әйгілі заң­гер, ака­де­мик, депу­тат Салық Зима­нов мін­бер­де екі сағат­тай тұрып, Декла­ра­ция жоба­сын таны­стыр­ды. Жоба­ны талқы­лау кезін­де төрт сағат аяғы­нан тік тұрып, беріл­ген 50-ден астам сұрақтарға тағы да мүдір­мей жау­ап бер­ді. Сол кез­де жасы жет­піс­ке таяп қалған Салық аға біз­ге қолы­на най­за алып, май­дан­да шай­қасқан алып батыр­лар­дай еле­стей­тін. Маңы­зды құжат 25 қазан күні сағат 18:55-те қабыл­дан­ды. Жоғарғы Кеңе­сте 360 депу­тат бол­са, сол күн­гі сес­си­яға 281 депу­тат қаты­сты. 79 депу­тат түр­лі сыл­та­у­мен бұл жиы­нға қаты­спа­ды. Мәс­ке­уден сес­кен­ген болар. Қаты­сқан депу­тат­тар­дың 261‑і құжат­ты қол­да­ды, 18 депу­тат қар­сы бол­ды, 2 депу­тат қалыс қалды.

Декла­ра­ци­яда Қаза­қстан­да билік­тің пре­зи­дент­тік фор­ма­сы қарас­ты­ры­ла­ты­ны, Одаққа кіру мен шығу құқы­ғын өзін­де сақтай­ты­ны, халы­қа­ра­лық бай­ла­ны­стар­да дер­бес субъ­ект болып табы­ла­ты­ны, ішкі арми­я­сы бола­ты­ны, одақтық мен­шік­тен өз үлесін алуға құқы­лы екен­ді­гі үлкен табан­ды­лы­қ­пен көрсетілді. 

Құжат­та қазақ халқы­на қаты­сты маңы­зды төрт қағи­да жары­ққа шықты. Онда Қазақ ССР‑і қазақ ұлты­ның тағ­ды­ры үшiн жау­ап­ты­лы­ғы көр­сетіл­ді. Қазақ ССР‑і ұлт­тық мем­ле­кет­тiлі­гі­мізді сақтау, қорғау және нығай­туға қаты­сты шара­лар қол­да­на­тын­ды­ғы тай­ға таң­ба басқан­дай жазыл­ды. Қазақ халқы­ның, елде тұра­тын басқа да диас­по­ра­лар­дың тілін, мәде­ни­етін дамы­туға мін­дет­ті екен­ді­гі атап айтыл­ды. Рес­пуб­ли­ка­дан тыс жер­лер­де тұра­тын қаза­қтар­дың ұлт­тық-мәде­ни, руха­ни және тiл жөнiн­де­гi қажетiн қанағат­тан­ды­руға қамқор­лық жасай­ты­ны көзделді.

Ұлт­тық ерекшелік­теріне бай­ла­ны­сты бұл мере­кені өз басым Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы­ның күні ретін­де қабылдайтынмын. 

Осын­дай маңы­зды мере­ке 17 жыл бойы той­ла­нып кел­ді де, 2008 жылы Тәу­ел­сіздік мере­кесіне сіңірі­лу жолы­мен жой­ыл­ды. Одан кей­ін­гі жыл­дар­да «Рес­пуб­ли­ка күні» мере­кесін қай­та­ру тура­лы жиі қалам тер­беп келдік.

Бұл мере­кені атап өту нелік­тен тоқта­тыл­ды десек, оған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың антиқа­за­қтық ұста­ны­мы себеп бол­ды деп айтуға бола­ды. Өйт­кені Декла­ра­ци­яда Қаза­қстан­ды қазақ халқы­ның өзін-өзі билеу құқы­ғы­ның көрінісіне мең­зей­тін, Қаза­қстан қазақ халқы­ның дамуы­на жау­ап­ты екен­ді­гі, ұлт­тық мем­ле­кет­тілік­ті сақта­уға мін­дет­тілі­гі тура­лы қағи­да­лар елдің ұлт­тық мем­ле­кет бағы­тын­да дами­ты­нын қал­тқы­сыз көр­сет­ті. Баста­пқы ұста­ны­мы өзгеріп кет­кен Н.Назарбаев Қаза­қстан­ды ұлт­тық мем­ле­кет ретін­де дамы­туға мүд­делі болмады. 

Енді, міне, қазір­гі билік сол қателік­тер­ді түзетіп, 13 жыл ұмыт болған мере­кені Ұлт­тық мере­ке мәр­те­бесін­де елі­міз­ге қай­тар­ды. Бұл қазақ халқы­ның көңілі­нен шыққан қадам болды! 

Сол Ұлт­тық мере­ке­леріңіз құт­ты болсын!

Марат Бәй­діл­даұ­лы

(ТОҚАШБАЕВ),

жазу­шы-пуб­ли­цист

Зиманов КІМ ЕДІ?

  • Халқы­мы­здың пара­сат­ты ұлы Салық Зиманұ­лы Зима­нов ұлтын, халқын жанын­дай сүйе білудің ең жарқын сим­во­лы­на айна­ла біл­ген ғалым.

Ұлы Отан соғы­сы аяқталған­нан кей­ін гвар­дия май­о­ры болып оралған С.Зиманов 1946–47 жыл­да­ры Гурьев облы­стық про­ку­ра­ту­ра­сын­да әуел­де ста­жер, тер­ге­уші, кей­ін­нен 1947–48 жыл­да­ры Алма­ты­да ҚазКСР‑і Про­ку­ра­ту­ра­сы­ның ерекше маңы­зды істер бой­ын­ша тер­ге­ушісі болып жұмыс істе­ді. Жұмыспен қатар оқу­дан қол үзбей, Бүкі­ло­дақтық сырт­тай заң инсти­ту­ты­ның Қазан­дағы фили­а­лын­да білім алды.

1948 жыл­дан бастап, оның негіз­гі еңбек қыз­меті ҚР Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­мен бай­ла­ны­сты бол­ды. 1948–50 жыл­да­ры ҚазКСР Ғылым ака­де­ми­я­сы құқық бөлі­мінің аспи­ран­ты болған С.Зиманов КСРО Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның Мем­ле­кет және құқық инсти­ту­тын­да (Мәс­ке­уде) арнайы жол­да­ма­мен оқыды.

Мәс­ке­уде кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ци­я­сын қорғап оралған ол 1950–52 жыл­да­ры ҚазКСР ҒА-ның құқық сек­то­рын­да аға ғылы­ми қыз­мет­кер, кей­ін сек­тор мең­ге­ру­шісі болып істеді.

1952 жыл­дан бастап Алма­ты заң инсти­ту­ты­на дирек­тор ретін­де жетек­шілік жүр­гізді. Кей­ін­нен, 1955 жылы осы инсти­тут С.М. Киров атын­дағы Қаз­МУ-дың (қазір­гі Әл-Фара­би атын­дағы ҚазҰУ) заң факуль­теті болып қай­та құры­лған­да, С. Зима­нов оның бірін­ші дека­ны бола­ды. Ака­де­мик Салық Зима­но­втың жетек­шілі­гі­мен 13 ғылым док­то­ры, 24 ғылым кан­ди­да­ты дис­сер­та­ци­я­лық жұмыста­рын қорғады.

Салық Зима­нов Қазақ мем­ле­кетінің маңы­зды құжа­ты «ҚазКСР-нің еге­мен­ді­гі тура­лы Декла­ра­ци­я­сы­ның» редак­ци­я­лық жоба­сын дай­ын­дау комис­си­я­сын басқар­ды. Жоғарғы Кеңе­сте 1990 жылы 25 қазан­да сөз алған депу­тат С.Зиманов оның қажет­ті­гі тура­лы ғылы­ми негіз­дел­ген баян­да­ма жаса­ды. 1991 жылы 16 жел­тоқ­сан­да қабыл­данған тари­хи маңы­зы бар «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гі тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заң жоба­сын дай­ын­даған комис­си­я­ның мүше­сі болды.

Салық Зима­нов жал­пы саны 17 ғылы­ми еңбек­тің авто­ры және «Қаза­қтың ата заң­да­ры – Древ­ний мир пра­ва каза­хов» атты 10 том­дық жинақтың бас редак­то­ры. Елі үшін, ерен еңбе­гі үшін 1993 жылы ҚР Пре­зи­ден­тінің «Бей­біт­шілік және руха­ни келісім» сый­лы­ғы­ның иегері атанды.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн