Пятница , 4 июля 2025

Хайролла Ғабжәлелов: ЕГЕР МЕН президент БОЛҒАНДА

  • Қара­ша­да өтетін пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға өз кан­ди­да­ту­ра­сын билік­тің ықпа­лы­нан тыс ұсы­нған нағыз тәу­ел­сіз үміт­кер – «Алаш» тари­хи зерт­теу инсти­ту­ты­ның пре­зи­ден­ті, тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Хай­рол­ла Ғаб­жәле­лов еді. Бірақ қол­да­ны­стағы сай­лау тура­лы заң­на­ма­ның қитұрқы тала­бы бой­ын­ша, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы (ОСК) «Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сын­да тумаған» деген желе­умен таны­мал ұлт­шыл қай­рат­кер, бел­гілі биз­нес­мен-меце­нат­ты сай­лау дода­сы­нан қағып тастады.

Осы қиям­пұрыс жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты Хай­рол­ла мыр­за­ға жолы­ғып, газет оқыр­ман­да­ры­на мән-жай­ды айтып беруді сұраған едік. «Алға­шын­да ОСК бес күн­нің ішін­де ресми жау­ап бере­міз деген еді. Енді ол жау­ап­ты қара­ша­ның 11-інде беретін болып­ты» деп, билік­тің әпер­бақан әре­кетіне нара­зы­лық біл­дір­ген «ала­ш­шыл» аза­мат төмен­де­гі түсінік-пай­ы­мын газет бетін­де жари­я­ла­уды ұсынды.

Ескер­те кетей­ік, заң бой­ын­ша үміт­кер­лер­ді түбе­гей­лі тір­кеу 20 қаза­нға дей­ін аяқта­ла­ды. Ал сая­си науқан түгесілер тұста – 11 қара­ша­да ОСК қан­дай жау­ап бер­мек­ші? Бұл – ешбір заң­ның шең­берін­де көр­сетіл­ме­ген өрес­кел жағ­дай бол­мақ. Қысқа­сы, Хай­рол­ла Маға­у­и­яұлы­ның нара­зы пікір-пай­ы­мы төмен­де­гі­дей болды.

Алдағы асы­ғыс-үсі­гіс сай­ла­уды билік жым-жылас өтке­ре ала ма, жоқ әлде жасан­ды науқан бары­сы­нан ши шыға ма – бұл қоғам­ның қабыл­да­уы­на қаты­сты жағ­дай бол­мақ. Егер қаза­қстан­дық қоғам билік­тің кезек­ті қой­ы­лы­мы­на қар­сы­лық таныт­са – сай­ла­уды қоғам­дық тала­пқа сәй­кес өтке­ре алмай­тын сияқты.

«Ұшай­ын деген бүр­кіт­ті арты­нан түр­тіп үркіт­ті» деген­дей, қар­сы­лы­ғы түтеп тұрған халы­қтың нара­зы­лы­ғы үстіне ОСК өз қолы­мен май құй­ған­дай бол­ды. 30 жыл бойы қитұрқы сай­ла­удың нешетүрін өткеріп кел­ген ОСК бұл жолы да солай ылдым-жыл­дым өтке­ре­міз деген сенім­де бол­са керек.

Бірақ 46 жыл­дан бері Қаза­қстан­да – Алма­ты қала­сын­да тұра­тын, мем­ле­кет­ке, оның тәу­ел­сізді­гіне біраз еңбе­гім сің­ген мен елге кел­ген қалың орал­ман­дар­дың, қара­пай­ым халы­қтың аты­нан сай­ла­у­ға шығып отыр­сам да, «Қаза­қстан­ның аза­ма­ты емес­сің, Қаза­қстан­да 24 жыл тұр­маған­сың» деп өтірік айтуы – ешқан­дай ақиқатқа сый­май­тын жағ­дай бол­ды. Бұл – өз Ота­ны­на оралған қан­даста­ры­мы­зға «сіз­дер­дің сай­ла­у­ға түсу­ге ешқан­дай құқы­қта­рың жоқ» деп кем­сітуді білдіреді.

Біз­дер алдын ала Кон­сти­ту­ци­я­мен және Сай­лау тура­лы заң­мен әбден таны­сып, мүм­кін­дік­тің бәрін тал­даған­быз. «Жаңа Қаза­қстан» құра­мыз деп жатыр екен, кәне, көрей­ік не істер екен деп, сай­ла­у­ға құжат­та­ры­мы­зды әдейі тап­сы­рған едік. Пре­зи­дент Тоқа­ев дипло­мат ретін­де қан­ша­ма шетел­дер­де жүр­ді, Евро­па­да жұмыс істе­ді, ең бол­ма­са, эле­мен­тар­лық демо­кра­ти­я­ны білетін шығар деген үміт бол­ды. Өкініш­ке қарай, олай болмады.

Егер орал­ман қан­даста­ры­мы­здың сай­ла­у­ға түсетін құқы­ғы бол­ма­са, онда сай­ла­у­ға бару­дың не қажеті бар? Енде­ше елде ештеңе өзгер­ме­генін, бәрі өтірік, бәрі көз­бо­я­у­шы­лық, жалған екенін, отыз жыл­дан бері халы­қты алдап келе жатқан билік­тің әлі де алдам­паз­ды­қ­пен сай­лау өткіз­бек пиғы­лы­на тағы да көз жете­ді. Қазір билік үлкен қателік жаса­уда. Қаңтар­дан кей­ін қоғам­ның өзгер­гені­мен, халы­қтың ояна бастаға­ны­мен жұмысы жоқ. Халы­қтың сая­си бел­сен­ділі­гінің артқа­нын есеп­ке алмай, нара­зы қоғам­мен сана­сқы­сы кел­мей отыр. Өткен рефе­рен­дум­да Алма­ты­да билік­тің ойы іске аспаға­нын, енді сай­ла­уды бақы­ла­у­шы­лар көп­те­ген ірі қала­лар­ды қол­да­ры­на алып жатқа­ны­мен жұмыста­ры жоқ секілді.

Қазір ОСК-нің маған қай­та­ра­тын арнайы жау­а­бын күтіп отыр­мыз. Сай­ла­уды бақы­ла­у­шы евро­па­лық ұйым­дар да қалып­тасқан мән-жай­ды сұрап жатыр.

Қазір мем­ле­кеті­міз өте қиын жағ­дай­да тұр. 30 жыл бойы елде ауыз толы­ты­рып айтар­лық бір өндіріс орнын ашпай, тек ел эко­но­ми­ка­сын талан-тара­жға түсіріп кел­ген, ал келесі кел­ген бас­шы­ла­ры­мы­здың ел басқа­руға мүл­дем қабілеті кем­шін екені бел­гілі бол­ды. Барған сай­ын жағ­дайы төмен­деп бара жатқан дағ­да­ры­стағы мем­ле­кет­ті дереу қолға алып, жағ­дай­ды тез түзет­пе­се, ертең бәрі­нен айы­ры­лып қала­мыз ба деген қауіп бар.

Егер бүгін­гі билік мынан­дай жалған сай­лау арқы­лы тағы да жеті жылға сай­ла­на­тын бол­са, жеті жыл­дың ішін­де Қаза­қстан­нан түк қал­май­ты­ны бел­гілі. Бүгін­гі кан­ди­дат­тар­дың да іші­нен іскер, терең ойлы біре­уді көріп тұрған жоқ­пын. Себебі бұлар – депу­тат болған­дар, әртүр­лі пар­ти­я­лар­дың мүше­лері және осы жүй­е­де әр жер­де қыз­мет істе­ген адам­дар. Ал бұл жүй­енің жағ­дай­ын білесіз­дер, сон­ды­қтан бұдан сай­ла­у­ға шыққан адам­дар бір үлкен өзгеріс жасай­ды деу қиын. Әртүр­лі жер­де еле­усіз жүр­ген, бірақ ауыз тол­ты­рып, «мен мына­ны істе­дім» деген бір іліп алар істері жоқ.

Осы­лар­дың бәрін жан­жақты салы­сты­ра келіп, көп ойла­нып, жағ­дай­ды сарап­тап, талай-талай жос­пар­лар жасап, артық айт­сам кешірерсіз­дер, мем­ле­кет­ті қиын­ды­қтан алып шыға­ты­ны­ма көзім жетіп, нар­тәу­е­кел деп, жеке­ле­ген аза­мат­тар­дың сай­ла­у­ға түс деген ұсы­ны­ста­рын қабыл­да­дым. Түсін­ген адам­дар – түсі­нер, өресі жет­пе­ген­дер күл­кі етер, мен бәріне дайынмын.

Ел басқа­ра­мын деген адам­да идея, іскер­лік болуы керек. Мінезді болуы қажет. Бірақ бір мінез­бен де ештеңе істей алмай­сың. Ақыл­сыз, қайт­пай­тын тік мінез­бен де мем­ле­кет­ті құла­тып алуы мүм­кін, мінез деген икем­ді болуы керек. Сыр­тқы сая­са­ты­мы­зды еппен, өте нәзік жүр­гі­зе оты­рып, ішкі сая­са­ты­мы­зды қатаң жүр­гі­зуі­міз керек. Себебі біздің ең қатер­лі қауіп­ті жауы­мыз іші­міз­де отыр. Солар­мен күресіп, жеңіп алсақ, сырт­тан жау ала алмай­ты­ны белгілі.

Шынды­қты айту керек, мен мына жүй­е­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­ген жоқ­пын, істе­гім кел­меді де. Себебі мен біре­удің айда­уы­на көн­бей­тін, өз ойым бар, әділ­дік­ті талап ететін еркін адам­мын. Қара­пай­ым халы­қтың ара­сын­да жүр­мін, бар­лық про­бле­ма­лар­ды, оны қалай шешуді біле­мін. Қан­ша­ма мол табыс тап­сам да, дүни­е­ге қызы­ққан адам емеспін.

Менің үлкен мас­шта­б­та, әлем­дік дең­гей­де ойлай­тын қабілетім бар. 1992 жыл­дың басын­да жұрт биз­не­спен айна­лы­сып жатқан­да, өз баста­мам­мен барып, тәу­ел­сіз тең­гені жаса­уды ұйым­да­сты­рып, оны тез ара­да шыға­рып, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіз қар­жы-валю­та сала­сын қалып­та­сты­руға атсалыстым.

Ұлт­тық пат­ри­о­тизмді қалай көте­ру керек деп, алды­мен Ислам­та­ну инсти­ту­тын ашып, өз қара­жа­ты­ма екі мешіт салып, құран­ды соңғы түсінік­те­ме­лер­мен ауда­рып, кітап етіп шығарт­тым. Кей­ін­нен бір ғана дін пат­ри­о­тизмді көте­ре алмай­ты­нын түсін­дім. Пат­ри­о­тизмді тек тарих қана көте­ретінін біліп, өз қара­жа­ты­ма «Алаш тари­хи зерт­теу орта­лы­ғын» аштым. 40 том ғылы­ми кітап шығар­дым, тағы да қат­талған 45 кітап, «КНБ»-нің архиві­нен алы­нған 25 кітап бүкіл Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­на тара­ты­луға дай­ын тұр. Одан басқа «Алаш» тари­хи ғылы­ми-этни­ка­лық жур­на­лы­ны­ның бас редакторымын.

 2014 жылы Путин Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік бол­ма­ды деген кез­де мені Нью-Йорк­те Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның штаб-пәтерін­де өткен Қаза­қстан­ның 23 жыл­ды­ғы сал­та­на­ты­на шақы­рған. Сон­да мем­ле­кеті­міздің даму саты­сын сонау Алтын адам­нан бастап, Сақ, Ғұн дәуір­лері, Түрік қаға­на­ты, Алтын Орда, кей­ін Қазақ ханды­ғы­нан бүгін­гі тәу­ел­сіз Қаза­қстанға дей­ін­гі кезең­дер­ді кар­та­ла­ры­мен және көр­ме жасап, баян­да­ма жаса­дым. Пари­жде ЮНЕ­СКО-ның штаб-пәтерін­де «Қазақ ханды­ғы­на 550 жыл» тақы­ры­бын­да кон­фе­рен­ция ұйым­да­стыр­дым. Тізе бер­сек, бұн­дай істел­ген шара­лар көп. Басқа жұрт билік­пен келісіп, тен­дер­лер алып, қарын­ның құлы болып жатқан кез­де біз­дер өз қара­жа­ты­мы­з­бен ұлт­тық пат­ри­о­тизмді көте­ре­міз деп, далаң­дап шауып жүрдік.

Қаза­қстан­да соңғы санақ бой­ын­ша 19 млн адам бар дей­ді. Менің оған күмәнім бар. Себебі жастар­дың бәрі шетел­дер­ге тарап кету­де. Менің бір таны­сым 2005 жылы айтқан: бір Ван­кувер­де 2 мың­дай қаза­қстан­дық бар деп. Қазір білім­ді, білік­ті жастар Батыс мем­ле­кет­теріне тарап кет­ті. Егер елде қалған халық шама­мен 14–15 млн айна­ла­сын­да десек, бұл бір үлкен қала­ның тұрғы­нан әлдеқай­да аз. Мыса­лы, бір Токи­о­да 37 млн халық тұр­са, басқа Мум­бай, Дели мен Стам­бул­дың өзін­де 15–20 мил­ли­он­ның маңын­да халық тұра­ды екен.

Ал Қаза­қстан халқы осы ұлан-бай­тақ жер­ге жай­ы­лып орна­ласқан­ды­қтан, тек екі үлкен қала­сы бол­ма­са, қалған­да­ры ауыл­дар­да өз шару­а­шы­лы­қта­ры­мен өз күн­дерін өздері көріп жатыр. Осын­ша бай­лы­қ­пен аз ғана халы­қты асы­рай алмай, тен­тіретіп жібер­ген бас­шы­мы­зды қалай ұлт көсе­мі, «лидер» деп, оның аты­на көше­лер беріп, аэро­порт­тың, бас қала­мы­здың атын беріп жалпақтадық?!

Мен өткен тарихы­мы­зға қарап оты­рып, таң қала­мын, Құдай­ға шүкір, ала­шор­да­шы­лар­дың арқа­сын­да осын­ша жер­ге ие болып, мем­ле­кет болып қал­дық. Ал Кеңес өкі­меті құлаған­да, мем­ле­кет­ті дамы­ту­дың орны­на жер­лері­мізді саудаға салып, оңды-сол­ды тара­тып, өндірісі­мізді, ауыл шару­а­шы­лы­ғын құрттық.

Сол кез­дері ел басқа­руға қабілеті бар қан­ша адам­дар бол­ды, солар қай­да? Қазір ешкім қал­ма­ды. Егер мен осы сай­ла­у­ға түсіп, пре­зи­дент­тік­ке жет­сем, Қаза­қстан­ды қалай көте­ру­ге арналған өзім­нің жос­пар­ла­рым бар еді. Ең алды­мен шетел­дер­де қуғын­да жүр­ген оппо­зи­ция өкіл­дерінің бәрін елге қай­та­рып, түр­ме­де­гі сая­си тұтқын­дар­ды боса­тып, іске жұмыл­ды­ру керек.

Егер бүгін­гі сай­ла­уда билік­тің өкілі пре­зи­дент­тік­ке өтетін бол­са, тек кері кет­кен­нен басқа не болуы мүмкін?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн