Четверг , 3 июля 2025

«САЙЛАУДА ТАЛАЙ ДАУЫС ҰРЛАУДЫ КӨРІП ЕДІМ,ӘДЕБИЕТТЕ ДЕ СОЛАЙ ЕКЕН…»

Екі Еңбек Ері Мұқтар Шаха­нов пен Дулат Иса­бе­ков бастап, екі ҚР Халық жазу­шы­сы Смағұл Елу­бай мен ҚР Халық әртісі Талғат Теме­но­втер қостап, шетел­дің бел­гілі бес қалам­гері қол­дап, жал­пы қыры­ққа жуық қалам­гер­лер қол­даған ақын Қазы­бек Иса­ны Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың комис­си­я­сы ақтық сын­нан өткіз­бей таста­ды… Ала­ман­да ай маң­дайы жарқы­рап келе жатқан дарын­ды ақын­ды аяқтан шалып құлат­ты! Баты­ра­штар бар­лық уақыт­та да бар…

Иә, биы­лғы Мем­ле­кет­тік сый­лық иегер­лері де аны­қта­лып қалған сияқты. Ақтық сын­нан өткен екі аға­мыз да бұл сый­лы­ққа сөз­сіз лай­ы­қты. Алай­да дарын­ды ақын, Халы­қа­ра­лық С.Есенин атын­дағы сый­лық – «Алтын Күз» орденінің Қаза­қстан­дағы тұңғыш иегері, Халы­қа­ра­лық Алаш сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, өлең­дері 2017 жылы Әлем­дік поэ­зия фести­ва­лын­да жоға­ры баға­ла­нып, ағы­л­шын тілін­де­гі «Әлем поэ­зи­я­сы – 2017» (WORLD POETRY 2017 An Anthology) анто­ло­ги­я­сын­да ағы­л­шын тілін­де өлеңі мен өмір­ба­я­ны жари­я­ланған, Қаза­қстан­ның Еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Қазы­бек Иса аға­мы­здың Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа ілін­бей қалға­ны өкіні­шті болды…

Дара­боз дарын ретін­де баға­ла­нып жүр­ген аймаң­дай ақын­ның ала­ман­да аты озба­уы­ның сыры неде екен? Дауы­сқа салу деген қай жер­де де құпи­я­сы ашыл­май­тын бір әдіс болды.

Осы хабар­ды естіп, көңілін аулай­ын деп, көке­ме хабар­ла­сып едім: «САЙЛАУДА ТАЛАЙ ДАУЫС ҰРЛАУДЫ КӨРІП ЕДІМ, ӘДЕБИЕТТЕ ДЕ СОЛАЙ ЕКЕН…» – деді бірден.

– Мен алға­шқы ірік­те­уде ең жоға­ры дауы­стар­дың бірі – 18 дауыс алған­мын. Екін­ші ірік­те­уде соның жар­ты­сы ұрла­нып кетіп­ті… Сон­да бірін­ші ірік­те­уде жаз­да дауыс бер­ген 18 комис­сия мүше­сінің, Ала­шқа атта­ры бел­гілі қалам­гер-ғалым­дар­дың жар­ты­сы­на жуы­ғы аяқ асты­нан күз келіп, құс қай­тқан­да есі ауы­сып қал­ды деп ешкім айта алмас. Мен комис­сия мүше­лерінің 85 пай­ы­зы­на хабар­ла­сып, сөй­лесіп шықтым, бәрі дауыс бер­дік деп, аң-таң болып отыр… Мей­лі, ары кет­се, 3–4‑уі айнып қал­ды деген­нің өзін­де кемін­де 15 дауыс беріл­гені анық. Бұл жер­де дауыс ұрланға­ны айқын. Сай­ла­уда талай дауыс ұрланға­нын көріп едім, әде­би­ет­те де солай екен, өкініш­ке орай. Сай­лау – сая­сат қой, ал «Әде­би­ет – ардың ісі» ата­лып, қаси­ет­ті сана­ла­тын қазақ әде­би­етін­де бұн­дай бұр­ма­лау орын алуы өте өкіні­шті. Бұған Мем­ле­кет­тік сый­лық комис­си­я­сы тарихы­нан талай мысал­дар жет­кілік­ті. Кезін­де осын­дай әділет­сіздік­ке шыда­май комис­сия мүшелі­гі­нен шығып кет­кен бел­гілі ақын­дар­ды да жақ­сы білеміз.

Көр­нек­ті ақын­дар Темір­хан Медет­бек пен Ғалым Жай­лы­бай еке­уі бұн­дай әділет­сіздік­ке шыда­май, «Қазы­бек Иса қай­да, өткен­де жоға­ры дауыс алып еді ғой», – деп нара­зы­лық таны­тып­ты. Рах­мет әділет­сіздік­ке төз­бе­ген ағаларыма!

Санақ комис­си­я­сы­ның өзгер­мей­тін мәң­гілік төраға­сы – әйгілі Әлі­бек Асқар екен. «Әлі­бек санақ комис­си­я­сын басқарған­нан қорық» деген әйгілі сөздің рас­ты­ғы­на көзі­міз анық жетті…

Аста­на­дағы санақ комис­си­я­сы­ның төраға­сы Ерлан Сыды­қов болып­ты. Өткен­де алға­шқы ірік­те­уде­гі санақтың бұр­ма­ланға­нын әшке­ре­ле­ген комис­сия мүше­сі, қалам­гер депу­тат Жанар­бек Әшім­жан­ды бұл жолы санақ комис­си­я­сы­на кір­гіз­бей қой­ып­ты Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі… Соның өзі-ақ көп нәр­сені аңғарт­са керек.

Мей­лі, нұсқа­у­мен жұмыс істей­тін комис­си­я­ның көзі тура бол­ма­са да, Алла­ның көзі тура бол­сын! Бір Алла жар бол­сын!» – дей­ді ақын.

Сая­сат­та ғана емес, әде­би­ет­те де солай болған соң, не қай­ыр енді?!.

Қазы­бек Иса­ны қол­даған тар­лан­дар­дың өзі атақта­рын атан тар­та алмай­тын әйгілі тұлға­лар бол­ды. Атта­ры әлем­ге әйгілі екі бір­дей қалам­гер­лер – Қаза­қстан­ның Еңбек Ерлері Мұқтар Шаха­нов пен Дулат Иса­бе­ков, көр­нек­ті қалам­гер, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы Смағұл Елу­бай, кино және театр тар­ла­ны, Қаза­қстан­ның халық әртісі Талғат Теме­но­втер­дің қол­да­уы­ның өзі көп нәр­сені айқын аңғартады.

Рес­пуб­ли­ка­лық, өңір­лік басы­лым­дар, бел­гілі сайт­тар, әле­умет­тік желілер­ге дей­ін Мем­сый­лы­ққа кім лай­ы­қты екен­ді­гі жөнін­де жап­пай талқы­лау жүріп жатқан­да, Мұз­ба­лақ Мұқтар Шаха­нов: «Қазы­бек – нағыз шын ақын­дар­дың біре­гейі» деп биік­ке көтер­се, клас­сик жазу­шы Дулат Иса­бе­ков: «Дала­ның дара­боз ақы­ны» деп баға­ла­ды. Көр­нек­ті қалам­гер Смағұл Елу­бай «Сыр­толғау» жыр жинағы – «Қазы­бек Иса­ның ала­манға қосқан жел­та­бан жүй­рі­гінің» шабысы бөлек­ті­гін жазған еді.

Тар­лан кино­ре­жис­сер Талғат Теменов:

«Қазы­бек­тің «Жер бетін­де пері­ш­те­ге жоқ орын» толға­уы өлең емес, рек­ви­ем… Қазы­бек бес пері­ш­те­ге өлең­мен ескерт­кіш қой­ды. Күн­дер­дің күнін­де Аста­наға сол ескерт­кіш қой­ы­лып жат­са, Қазы­бек­тің өлеңі онда ойы­лып жазы­ла­ты­ны­на күмән жоқ. Қазы­бек Иса батыл айта­ды, баты­рып айта­ды. Сезім­ге де солай, ғашы­қты­ғын жасыр­май­ды. Шын ақын солай болған-дүр. Қазір­гі­дей заман­да осын­дай шынайы да, мөл­дір поэ­зия керек», – деп, терең­нен тар­тып талдады.

Түр­ки­я­ның бел­гілі жазу­шы-аудар­ма­шы­сы, Мұх­тар Әуе­зо­втің «Абай жолын» түрік тіліне ауда­рып, Қаза­қстан­ның «Достық» орденіне ие болған Ашур Өзде­мир: «Қазы­бек Иса – өз дaуы­сын, өз реңiн, өз мәнерiн, өз жолын тaуып, өзiн­дiк жыр әле­мiн қaлып­тa­сты­рғaн бaқыт­ты aқын. Сол себеп­тен ол – aқын деген киелi aтaуғa әбден лaй­ық тұлғa. Жaһaн­дық дең­гей­де жaза­тын қaзaқтың көр­нек­ті aқы­ны Қaзы­бек Исa aлды­мен түр­кi әле­мiнiң, онaн кей­iн күл­лi әлем­нiң aқы­ны­нa aйнaлуғa тиiс» деп жоға­ры бағалады.

Ал Қырғыз­стан­ның Халық ақы­ны Марқа­бай Аама­тов қаза­қтың дарын­ды ақы­ны Қазы­бек Иса­ның Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа ұсы­ны­лған «Сыр­толғау» кіта­бы жай­лы «КАЗАКТЫН БИР ЗАЛКАР УУЛУ КЕЛАТАТ!» – атты мақа­ла жаз­ды. «Қаза­қтың ұшқыр қанат ақы­ны Қазы­бек Иса поэ­зи­я­сы­на әділет­ті баға берілеріне сене­мін», – деп, аға­лық ақ тіле­уін арна­ды. Атал­мыш мақа­ла Қырғыз­стан­ның “Эркин-Тоо” мем­ле­кет­тік газетін­де жарияланды.

Өзбек­стан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі, ақын Тур­сы­на­ли Ахме­дов Өзбек­стан­ның тәу­ел­сіз «Хур­ри­ят» («Азаттық») газетін­де қазақ ақы­ны Қазы­бек Иса­ның поэ­зи­я­сы тура­лы «ҚАЗИБЕК ИСАХАҚИҚИ ШОЙР» – деп мақа­ла жариялады.

Басқа­сы басқа, осы жолғы ала­ман­нан Қазы­бек Иса аға­мыз оза шаба­ты­ны­на кәміл сеніп едік. Жал­пы, мұн­дай кон­кур­стар­дың лау­ре­ат­та­рын атаған соң, дауыс беру про­то­ко­лын елге жария етуді тәжіри­бе­ге енгі­зу керек. Осын­дай күдік-күмән көбей­ген кез­де, қай­та дауыс беру өткі­зу керек.

Амал не, өлең­де де, өмір­де де қазақ халқы­ның алдын­дағы қаси­ет­ті пары­зын абы­рой­мен өтеп жүр­ген ақын аға­мы­зды ала­ман­да алда келе жатқан­да жасы­рын дауыс берудің қитұрқы бұр­ма­ла­у­ы­мен құлатты…

Әде­би­ет адал бол­ма­са, қай­да барып оңамыз?!

Аза­мат ТАСҚАРАҰЛЫ,

Ақын, ҚР Жазу­шы­лар одағы­ның мүшесі,

 ҚР «Дарын» мем­ле­кет­тік жастар сый­лы­ғы­ның лауреаты,

«Ерен еңбе­гі үшін» мем­ле­кет­тік медалінің иегері,

ҚР Ақпа­рат сала­сы­ның үздігі

Республиканский еженедельник онлайн