Четверг , 3 июля 2025

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ӨМІРДІҢ ӨЗІ ҮЙРЕТІП ОТЫР

Бар­шаға бел­гілі, был­тыр елі­міз­де ала­пат су тасқы­ны бол­ды. Биы­лғы болжам­дар да мәз емес. Ресей­лік ақпа­рат құрал­да­ры Орын­бор облы­сын­дағы Ирек­ті қой­ма­сы­на екін­ші тоқ­санға қарай су нор­ма­дан 70 пай­ыз артық түсетіні болжа­ны­лып оты­рға­нын жазып жатыр. Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті Сена­ты­ның депу­тат­та­ры да біраз бұрын Ресей­дің Орын­бор, Омбы, Қорған облы­ста­рын­да биыл да мол су жина­лып жатқа­нын, ол көп ұза­май біз­ге жететінін айтып, даб­ыл қақты. Ал жуыр­да Батыс Қаза­қстан облы­сын­дағы тиісті меке­ме­лер су тасқы­ны­на дай­ын бол­маған­ды­ғы айты­лып, лау­а­зым­ды бас­шы­ларға сөгіс жарияланды.

Қалып­тасқан жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты «Аза­мат­тық қорғау сала­сын­дағы ғылы­ми зерт­те­улер, даяр­лау мен оқы­ту­дың ұлт­тық орта­лы­ғы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның вице-пре­зи­ден­ті, запас­тағы пол­ков­ник Бей­біт ЕҢСЕБАЕВ мыр­за­ға хабар­ла­сып, был­ты­рғы зардап, биы­лғы су тасқы­ны­на дай­ын­дық шара­ла­ры жай­ын­да сұхбаттастық.

Бей­біт Көбей­сінұ­лы, азамат­тық қорға­ныс – ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз етудің маңы­зды сала­сы екені сөз­сіз. Құдай бетін аулақ қыл­сын, жал­пы су тасқы­ны, жер сіл­кінісі, басқа да табиғи және тех­но­ген­дік апат­тар­дың алдын алу үшін, бұл сала­ның қыз­мет­кер­лері қан­дай жұмыстар атқа­ра­ды? Ал апат кезін­де қалай жұмыс істей­ді, олар­дың басқа меке­ме­лер­мен бір­лес­кен әре­кетін кім үйлестіреді?

«Аза­мат­тық қорғау сала­сын­дағы ғылы­ми зерт­те­улер, даяр­лау мен оқы­ту­дың ұлт­тық орта­лы­ғы» акци­о­нер­лік қоға­мы­на (бұдан әрі – Ұлт­тық орта­лық) екі мін­дет жүк­тел­ген. Бірін­шісі – өрт қауіп­сізді­гі мен аза­мат­тық қорға­ныс бой­ын­ша ғылы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зу. Бұл бағыт бой­ын­ша екі зерт­ха­на­мыз және сынақ поли­го­ны бар. Екін­шісі – бас­шы­лық құрам­ды, яғни орта­лық және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың лау­а­зым­ды тұлға­ла­рын төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу және жою бой­ын­ша даяр­лы­қтан өткі­зу. Бұл сала­да 10 арнайы оқу каби­нет­тері­нен тұра­тын оқу ғима­ра­ты бар. Ұлт­тық орта­лық Үкі­мет қаулы­сы­мен осы екі мін­дет­ті орын­дау үшін құрылған.

Ә деген­де айта кетей­ін, Ұлт­тық орта­лық төтен­ше жағ­дай­дың алдын алуға және оны жоюға ара­лас­пай­ды, ондай мін­дет­тер құзы­ры­на кір­мей­ді. Сон­дай-ақ Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лі­гінің аты­нан апат­тар мен зіл­за­ла­ларға баға бере алмай­тын­ды­ғы­мы­зды ескер­те кет­кенім де дұрыс болар. Деген­мен, осы сала­да 20 жыл­дан аса қыз­мет атқарған маман ретін­де өз пікірім­ді біл­ді­ре ала­мын. Сіздің сау­ал­да­ры­ңы­зға бер­ген жау­ап­та­рым­ды оқыр­ман менің жеке пікірім деп қабыл­даға­ны жөн.

– Был­ты­рғы су тасқы­ны кезін­де қан­ша­ма тұрғын үй, әле­умет­тік және кәсіп­кер­лік нысан­дар, өндіріс орын­да­ры, жол­дар, көпір­лер қира­ды. Жеке адам­дар, кәсіп­кер­лер, меке­ме­лер орас­ан мате­ри­ал­дық шығы­нға бат­ты, абы­рой болған­да адам шығы­ны жоқ. Апатқа не себеп бол­ды, залал­дың орнын тол­ты­ру үшін не істелді?

– Иә, шынын­да да, 2024 жыл­дың көк­те­мі төтен­шелік­тер үшін ғана емес, бар­ша қаза­қстан­ды­қтар үшін де үлкен сынақ бол­ды. 80 жыл­дан бері бол­маған су тасқы­ны елдің бір­ша­ма өңіріне қауіп төн­дір­ді, қан­ша­ма адам бас­па­на­сы­нан айы­ры­лып, едәуір шығын алып кел­гені бар­шаға аян. Сол табиғи апат­тан сабақ алған мем­ле­кет­тік орган­дар биы­лғы көк­тем­гі мау­сы­мға жан-жақты дай­ын­ды­қ­пен келіп отыр.

Бірер күн бұрын Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы төтен­ше жағ­дай­лар мини­стрі Шыңғыс Ары­нов Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның алдын­да есеп бере келе, был­ты­рғы су тасқы­ны­ның негіз­гі себебі қыс және көк­тем мез­гілін­де­гі гид­ро­ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­дың күрт өзге­руі екенін айтты.

Күн суы­та бастаған сәт­те топы­рақтың жоға­ры ылғал­ды­лы­ғы оның бет­кі қаба­тын­да ылғал­дың көп мөл­шер­де жина­лып, қатуы­на әкел­ді. Жер­дің тоңы да қалың бол­ды. Ал қыс мез­гілін­де­гі жылы­мық кез­дер топы­рақ пен қалың қар жамы­лғы­сы­ның бетін­де мұз қабы­қ­ша­сы­ның пай­да болуы­на әсер етті. Көк­тем­гі кезеңнің басын­да ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы жоға­ры­лап, қар тез еріп, жауын-шашын көп мөл­шер­де түсті. Қар­дың қарқын­ды еруі, топы­рақтың жоға­ры ылғал­ды­лы­ғы, қар жамы­лғы­сын­дағы судың едәуір мөл­шері ано­маль­ды су тасқы­ны­ның орын алуы­на ықпал етті. Бұған өңір­лер­дің мұн­дай ауқым­ды су тасқы­ны­на жет­кіліксіз дай­ын­ды­ғы және су тасқы­ны­на қар­сы іс-шара­лар­ды уақты­лы іске асыр­мауы да бел­гілі бір дей­гей­де әсер етті. Сон­ды­қтан да мем­ле­кет бас­шы­сы жеке­ле­ген лау­а­зым­ды тұлға­ларға қаты­сты тәр­тіп­тік шара­лар қабыл­даға­нын жақ­сы білеміз.

Тасқын кезін­де Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша пре­мьер-министр бастаған рес­пуб­ли­ка­лық штаб дереу құры­лып, аза­мат­тар­ды су тасқы­ны­нан қорғау бой­ын­ша бірқа­тар жедел шара­лар қабыл­дан­ды. Ауқым­ды су тасқы­нын жою үшін алға­шқы күн­дер­ден бастап аза­мат­тық қорға­удың мем­ле­кет­тік жүй­есінің бар­лық күш­тері мен құрал­да­ры жұмыл­ды­ры­лған Мини­стр­лік­тің жедел шта­бы жұмыс істеді.

Жал­пы 120 мың­нан астам адам құтқа­рыл­ды, олар уақыт­ша пункт­тер­ге орна­ла­сты­ры­лып, бар­лық қажет­ті меди­ци­на­лық және пси­хо­ло­ги­я­лық көмек көр­сетіл­ді. Соны­мен қатар осы Мини­стр­лік шта­б­тың үйле­стіруі­мен төтен­ше жағ­дай орын алған аймақтар­дағы елді мекен­дер­дің тір­шілі­гін қам­та­ма­сыз ету мәсе­ле­лері жедел шешіл­ді. Атап айтқан­да, азық-түлік, су жет­кі­зу, электр­мен жаб­ды­қтау және көлік қаты­на­сын қал­пы­на кел­тіру­ге баса мән беріл­ді. Ол үшін арнайы инже­нер­лік тех­ни­ка және тір­шілік­ті қам­та­ма­сыз ету эле­мент­тері бронь­нан шыға­рыл­ды. Қысқа мерзім­де мың шақы­ры­мға жуық уақыт­ша қорға­ныш бөгет­тері мен білік­тері тұрғы­зыл­ды, 7,5 мың шақы­ры­мға жуық ары­қтар мен канал­дар тазар­тыл­ды, 8 мил­ли­он­нан астам қап­тар төселді.

– Әрине, мұның бәрі үлкен жұмыс, бірақ оның бәрін тек қана төтен­шелік­тер­ге артып қою да дұрыс бол­мас еді. Басқа қан­дай күш­тер жұмыл­ды­рыл­ды, қан­дай әдістер қолданылды?

– Алғаш рет құтқа­ру және шұғыл жұмыстар кезін­де жаңа әдістер мен тәсіл­дер енгізіл­ді. Мыса­лы, пон­тон­дық көпір­лер­ді орна­ту Ақтө­бе, Ақмо­ла және Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­рын­да көлік қаты­на­сын рет­теу мен азық-түлік­ті жет­кізу­ге мүм­кін­дік бер­ді. Су басқан аймақтар­да құқы­қтық тәр­тіп пен сани­тар­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық шара­лар­ды қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша шара­лар қабылданды.

Жал­пы, апат­тық-құтқа­ру жұмыста­ры­на Төтен­ше жағ­дай­лар, Қорға­ныс, Ішкі істер мини­стр­лік­терінің, Ұлт­тық ұлан­ның, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің, Мем­ле­кет­тік күзет қыз­метінің, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың күш­тері мен құрал­да­ры, сон­дай-ақ ерік­тілер мен бел­сен­ді аза­мат­тар жұмыл­ды­рыл­ды. Осы күш­тер мен құрал­дар тобы 63 мың­нан астам адам­ды, шама­мен 7 мың бір­лік тех­ни­ка­ны, 1 мың­нан астам су айдау құры­лғы­сын, 418 жүзу құра­лын және 38 әуе кемесін құра­ды. Өткен жыл­дың соңы­на дей­ін зардап шек­кен өңір­лер­де 9 мыңға жуық үй жөн­дел­ді, 2 мың­нан астам жаңа үй салын­ды, қосым­ша 5 мың­нан астам тұрғын үй сатып алынды.

Зардап шек­кен бар­лық аза­мат­тар қазір­гі уақыт­та тұрғын үймен қам­та­ма­сыз етіл­ген. Заң­на­маға сәй­кес, оларға сон­дай-ақ залал­ды өтеу, бір­жолғы төлем­дер төлеу жүзе­ге асы­рыл­ды, оның ішін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы жану­ар­ла­рын жоғал­ту бой­ын­ша да өте­мақы төлен­ді. Бұл мәлі­мет­тер­дің бар­лы­ғын біздің министр Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның алдын­да сөй­ле­ген сөзін­де толық кел­тір­ген болатын.

– Жақ­сы. Қазақ «Өткен­ге – сала­у­ат, қалғанға – бере­кет» дей­ді. Өткен іс өтті, болар іс бол­ды. Елі­міз ауыр сын­нан сүрін­бей өтті. Ал биы­лғы су тасқы­ны­на дай­ын­дық шара­ла­ры жөнін­де не айтар едіңіз?

– Биы­лғы дай­ын­дық шара­ла­ры­на келер бол­сақ, ол 2024 жыл­дың жаз айла­ры­нан бастал­ды. Бұрын­да­ры көк­тем­гі су тасқы­ны­на ақпан­нан бастап дай­ын­да­лып кел­сек, енді мұн­дай апат­тың алдын алуға жыл бойы дай­ын­да­лу керек екен­ді­гін өмір­дің өзі үйретіп отыр. Су тасқы­ны­на қар­сы іс-шара­лар рес­пуб­ли­ка­лық және өңір­лік бағ­дар­ла­ма­лық құжат­тар бой­ын­ша іске асы­ры­ла­ды. Бұл іс-шара­лар су басу қау­пін барын­ша азай­туға және елді мекен­дер­ді су тасқы­ны қау­пі­нен қорға­уды қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

Был­ты­рғы су тасқы­ны аяқталған­нан кей­ін, өңір­лер қауіп­тің алдын алу шара­ла­ры мен инже­нер­лік жұмыстар­ды баста­ды. Олар­ды іске асы­ру бары­сын жер­гілік­ті жер­лер­де мини­стр­лік­тің бөлім­ше­лері жүзе­ге асы­ру­да. Сон­дай-ақ Үкі­мет аппа­ра­ты инспек­тор­ла­ры­ның қаты­суы­мен бір­не­ше рет тек­се­ру­лер жүргізілді.

Тағы да ресми мәлі­мет­тер­ге жүгі­нер бол­сақ, қазір­ге дей­ін бар­лық өңір­лер­де су тасқы­ны­на қар­сы 1 400 іс-шара іске асы­рыл­ды. Мыса­лы, елді мекен­дер­ді қорғау үшін 576 кило­метр қорға­ныш бөгет­тері мен білік­тері салын­ды. 164 кило­метр дре­наж жүй­есі жөн­дел­ді және салын­ды, 960 авто­көлік пен темір жол­дар­дың асты­на су өткі­зу құры­лы­ста­ры орна­тыл­ды және ауы­сты­рыл­ды, 658 кило­метр канал­дар мен ары­қтар құрыл­ды. 74 өзен­нің қауіп­ті учас­кесін­де 300 кило­метр­ден астам терең­де­ту мен жаға­ла­уды нығай­ту, 190 кило­метр тазар­ту жұмыста­ры жүр­гізіл­ді. Елді мекен­дер­дің ішін­де жаң­быр мен дре­наж жүй­е­лері жөн­деліп, салы­ну­да. Сон­дай-ақ елді мекен­дер­ден қар шыға­ру үшін қауіп­сіз поли­гон­дар алдын ала анықталған.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша мини­стр­лік қара­мағын­да Төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу коми­теті құрыл­ды. Бұл бөлім­ше табиғи және тех­но­ген­дік сипаттағы төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу жөнін­де­гі іс-шара­лар­дың орын­да­луын бақы­ла­уды жүзе­ге асы­ра­тын болады.

2025 жылғы көк­тем­гі су тасқы­ны кезеңіне жедел дай­ын­дық мақ­са­тын­да аза­мат­тық қорғау қыз­мет­тері­нен жеке құрам­ның жал­пы саны 37 мың­нан астам адам, 13 мың­нан астам тех­ни­ка, 4 096 су айдау және 640 жүзу құра­лы бар күш­тер топ­та­ма­сы құрыл­ды. Ақпан­ның 6–7 ара­лы­ғын­да «Көк­тем-2025» атты рес­пуб­ли­ка­лық коман­да­лық оқу-жат­ты­ғу өтті. Оның мақ­са­ты – аза­мат­тық қорға­удың мем­ле­кет­тік жүй­есінің басқа­ру орган­да­ры­ның, күш­тері мен құрал­да­ры­ның су тасқы­ны­на дай­ын­ды­ғын тек­се­ру, іс-қимыл жос­пар­ла­рын пысы­қтау болып анықталды.

– Жеке адам бол­сын, қоғам бол­сын, өткен кем­шілік­тен қоры­тын­ды шыға­рып, келе­шек­те оның қай­та­лан­ба­уы үшін шара­лар қабыл­дай­ды. Был­ты­рғы апат­тың себеп-сал­да­ры­нан қан­дай қоры­тын­ды шығар­дық, не істеу қажет еді, не істелді?

– Был­ты­рғы су тасқы­ны­нан алған тағы бір сабағы­мыз – табиғи апат­ты ғылы­ми негіз­де болжап, алдын ала зерт­теу керек екен­ді­гі. Осы орай­да Цифр­лық даму, инно­ва­ци­я­лар және аэроға­рыш өнер­кәсібі, Су ресур­ста­ры және ирри­га­ция, Эко­ло­гия және табиғи ресур­стар, Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лік­тері­мен бір­лесіп, су тасқы­нын болжа­уға және модель­де­у­ге мүм­кін­дік беретін «Tasqyn» ақпа­рат­тық жүй­есі тура­лы айта кет­кен жөн. Бұл жүйе төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алуға және стра­те­ги­я­лық шешім­дер қабыл­дау үшін тиісті болжам­дар жаса­уға мүм­кін­дік береді. 

Бүгін­гі таң­да су тасқы­нын болжау және модель­деу әдісте­месі әзір­лен­ді. Осы жүйе бой­ын­ша елі­міздің 3,5 мың км суа­ру желілерін цифр­лан­ды­ру жұмысы жүр­гізілу­де. Жүйе төрт саты­дан тұра­ды: деректер­ді жинау, тал­дау, болжау және модель­деу. Жал­пы, бұл жүйе су шығын­да­ры­ның және өзен­дер­дің дең­гейі жөнін­де ұзақ және қысқа мерзім­ді кезең­ге болжам бере алады.

Су тасқы­нын модель­деу нәти­же­лерінің дәл­ді­гі мен дұры­сты­ғы «Қаз­гид­ро­мет» болжа­мы­на және су қой­ма­ла­ры­нан суды ағы­зу бой­ын­ша «Қаз­су­шар» ұсы­нған деректер­ге, сон­дай-ақ жер­гілік­ті жер бедерінің цифр­лық моделінің өзек­ті деректері мен бати­мет­ри­яға бай­ла­ны­сты бола­ты­нын атап өткен жөн.

Апат айт­пай келеді. Деген­мен де алдын ала қам­дан­сақ, оның зардап­та­ры мен залал­да­рын мей­лін­ше азай­туға бола­ды. Аталған жүйе 247 режи­мін­де, яғни күн сай­ын қар дең­гейі, өзен­дер­дің жай-күйі және ауа райы жағ­дай­ла­ры тура­лы деректер­ді тал­дай­ды. Бұл ықти­мал қауіп­ті учас­ке­лер­ді ерте аны­қта­уға, өзгерістер­ге жедел ден қоюға және алдын алу шара­ла­рын қабыл­да­уға, сон­дай-ақ халы­қты уақты­лы хабар­дар ету­ге мүм­кін­дік береді. Қан­ша жер­ден авто­мат­тан­ды­ры­лған жүйе болған­мен, көп жылғы бақы­лау да естен шыға­рыл­май­ды, еке­уі қатар жүргізіледі.

– Жал­пы алған­да, апат айтып кел­мей­ді десек те, өз басым кей жағ­дай­да бұл пікір­мен келі­се бер­мей­мін. Мыса­лы, 2011 жылы наурыз айын­да Алма­ты облы­сын­дағы Қызы­лағаш ауы­лы түгел­дей дер­лік су тасқы­ны­нан қирап қал­ды. Мен ол кез­де рес­пуб­ли­ка­лық «Айқын» газетін­де істей­тін­мін. Осы апат­тан дәл бір апта бұрын газет­тің Алма­ты облы­сын­дағы мен­шік­ті тіл­шісі Болат Абаған «Жеті­су­да 135 тоспа-тоған бар, дер кезін­де назар ауда­рыл­ма­са, апат­ты жағ­дай орын алуы мүм­кін» деп жаз­ды. Оған құлақ асқан ешкім бол­ма­ды. Керісін­ше, судың біраз бөлі­гін ағы­зып жібе­рей­ік деген ұсы­ны­сты ауыл әкі­мі: су деген ақша ғой, ертең шару­а­ларға сатып, қарық бола­мыз деп қабыл­да­маған. Был­тыр да күз жауын-шашын­ды бол­ды, «Қаз­гид­ро­мет» көк­тем­де су тасқы­ны бола­ды деп жел­тоқ­сан айы­нан бастап, күн сай­ын қақ­са­ды. «Өзің біл­ме, біл­ген­нің тілін алма» деген­дей, оған да құлақ асқан ешкім бол­ма­ды. Оның үстіне су қой­ма­ла­рын жөн­деу, ары­қтар қазу мен таза­ла­у­ға, басқа да гид­ро­тех­ни­ка­лық нысан­дар салуға бағыт­талған қомақты қар­жы жемқор­лар­дың жем­са­уы­на түсті. Сөй­тіп елі­міз орас­ан шығы­нға ұшы­ра­ды. Сон­да бұл айтып-ақ кел­ген апат емес пе?!

– Әрине, әркім­нің өз пікірі бар. Егер тиісті меке­ме­лер бөлін­ген қар­жы­ны мақ­сатқа сай тиім­ді жұм­сап, алдын ала бел­гі­лен­ген жос­пар­лы жұмысты уақты­лы және толық атқарған­да, мүм­кін, су тасқы­ны бол­мас па еді. Бол­са да, зардабы мен зала­лы айтар­лы­қтай аз болар ма еді. Осы тұрғы­дан алған­да, сіздің ойы­ңы­здың да жөні бар. Бұл енді мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мен тиісті меке­ме­лер­дің жау­ап­кер­шілі­гі, білім-білі­гі мен тәжіри­бесі, кәсібіне деген адал­дық, заң­ды­лық мәсе­ле­лерін қозғай­тын өзек­ті сұрақ. Сон­ды­қтан да болар, мем­ле­кет бас­шы­сы әр сөзін­де дер­лік заң мен тәр­тіп мәсе­лесін айта­ды. Өйт­кені олар­ды сақтау қара­пай­ым аза­мат­тарға ғана қаты­сты емес, мей­лі бас­шы, мей­лі қос­шы, мей­лі жеке мен­шік, мей­лі мем­ле­кет­тік мен­шік иесі бол­сын – бар­лық қоғам мүше­лері үшін ортақ және мін­дет­ті талап! Қаза­қтың аты әлем­ге таны­лған әйгілі ұлы Бауы­р­жан Момы­шұ­лы ата­мы­здың: «Тәр­тіп­сіз ел бол­май­ды, тәр­тіп­ке бағы­нған құл бол­май­ды» дегенін­дей, заң талап­та­ры мен қоғам­дық тәр­тіп қағи­дат­та­ры сақталған жер­де апат та, қыл­мыс та, басқа да келеңсіз жағ­дай­лар мей­лін­ше аз бола­ты­ны анық.

– Мен соңғы 20 жыл бойы жур­на­лист ретін­де су шару­а­шы­лық нысан­да­ры мем­ле­кет­тің мен­ші­гін­де болуы керек деген мәсе­ле көтеріп жүр­мін. Осы­дан оншақты күн бұрын Алма­ты облы­сын­да 8 су қой­ма­сы мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ры­лға­ны жари­я­лан­ды. Соны есті­ген­де, ойла­рым жүзе­ге аса бастаған­дай сезініп, қат­ты қуан­дым. Бұл мәсе­ле­ге қалай қарайсыз?

Су – тір­шілік көзі, баға жет­пес бай­лық. Онсыз адам­заттың өмір сүруі, эко­но­ми­ка­ның дамуы мүм­кін емес. Ғалым­дар­дың зерт­те­уін­ше, соңғы жыл­да­ры су тап­шы­лы­ғы мәсе­лесі күшей­іп бара жатыр, келе­шек­те бұдан да қиын болуы мүм­кін. Ал ағын судың басым бөлі­гі өзге елдер­дің аумағы­нан келетін Қаза­қстан үшін бұл өте өзек­ті мәсе­ле. Сөз жоқ, халы­қты сапа­лы ауыз сумен, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы суар­ма­лы егістік­ті, өндірісті жет­кілік­ті және тұрақты түр­де сумен қам­ту үшін стра­те­ги­я­лық маңы­зға ие су қой­ма­ла­ры мен басқа да су шару­а­шы­лық нысан­да­ры мем­ле­кет мен­ші­гін­де бол­са, олар­дың күті­мі жақ­са­рып, тиім­ділі­гі де жоға­ры болар еді. Шынын айт­сақ, біз суды тым көп жұм­сап, шек­тен тыс ысы­рап болуы­на жол беріп отыр­мыз. Жоға­ры­да атап өткенім­дей, әрине, бұл – менің жеке пікірім.

Сөз соңын­да айта­рым, был­ты­рғы су апа­ты бар­ша­мы­зға үлкен сабақ бол­ды. Кем­шін тұста­ры­мы­зға терең тал­дау жасал­ды, қазір енді олар­ды қай­та­ла­мауға бағыт­талған ғылы­ми негіз­дел­ген, орны­қты ойла­сты­ры­лған жұмыстар жүр­гізіліп отыр. Одан тиісті қоры­тын­ды шығарған аза­мат­тық қорға­удың мем­ле­кет­тік жүй­есі жұмысты жүй­елі түр­де ұйым­да­сты­руға бағыт алды. Бұй­ырт­са, алдағы уақыт­та жақ­сы нәти­же­лер болуы тиіс!

– Дәлел­ді де дәй­ек­ті сұх­ба­ты­ңыз үшін рах­мет, қыз­метіңіз­де табыст­ар тілеймін!

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ «D»

Республиканский еженедельник онлайн