Пятница , 4 июля 2025

Апорт – ұлттық мақтанышымыз

Қаза­қстан үшін аграр­лы ел ретін­де агроө­нер­кәсіп сала­сын дамы­ту аса маңы­зды. Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев осы орай­да Алма­ты­ның сим­во­лы сана­ла­тын апорт алма­сын жаңғыр­ту жөнін­де арнайы тап­сыр­ма беріп, қазір ауқым­ды жұмыс жүр­гізіліп жатыр. Ол қалай атқа­ры­лу­да, апорт бақта­ры­ның азай­ып кетуіне, сапа­сы­ның төмен­де­уіне қан­дай жағ­дай­лар әсер етті, алма­ның бұл түрін жаңғыр­ту үшін не істелініп жатқа­нын білу мақ­са­тын­да Қазақ жеміс-көкөніс шару­а­шы­лы­ғы ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты (ЖКШҒЗИ) Талғар аймақтық фили­а­лы­ның дирек­то­ры, Алма­ты апор­тын жаңғыр­ту бой­ын­ша ғылы­ми дис­сер­та­ция қорғаған PhD док­то­ры Сағи СОЛТАНБЕКОВ мыр­за­ға жолы­ғып, арнайы сұх­бат құрдық.

– Сағи Сай­ранұ­лы, бір кез­дері кез кел­ген отан­да­сы­мыз, тіп­ті шетел­дік­тер де апорт десе – Алма­ты­ны, Алма­ты десе – апорт­ты алды­мен естеріне алға­ны анық. Үлкен өкініш­ке қарай, қазір олай емес. Өйт­кені, бірін­ші­ден, бұры­нғы­дай апорт алма­сы жоқ, бар бол­са да, дәмі тіл үйір­мей­ді. Екін­ші­ден, тана­уы­ң­ды қыты­қтап, тыны­сы­ң­ды кеңей­тетін хош иісі де өзгер­ген. Сіз дәл осы Алма­ты апор­тын жаңғыр­ту бой­ын­ша док­тор­лық дис­сер­та­ция қорғап­сыз, оның үстіне ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты­ның аймақтық фили­а­лын басқа­рып отыр­сыз. Ғалым ретін­де бұған не айтар едіңіз?

– Ойы­ңыз өте орын­ды. Шынын­да да, әсем де алып Алма­ты­ның атын әлем­ге жай­ған мақта­ны­шта­ры­мы­здың бірі – апорт алма­сы екені дау­сыз. Алма­ты десе – алды­мен апорт есі­міз­ге түсіп, көз алды­мы­зға қанқы­зыл түсті, хош иісті дәу алма­лар келетіні рас. Тіп­ті Алма­ты­ны қыды­рып қай­тқан кез кел­ген жан­ның отба­сы­на, ағай­ын-туы­сы­на, дос-жаран­да­ры­на алып бара­тын басты базар­лы­ғы да осы апорт алма­сы бола­тын. Алай­да соңғы ширек ғасыр­да оның кезін­де жер жарған даңқы түсіп кет­кені көп­шілік­ті қын­жы­л­та­ды. Әдет­те үлкен­ді­гі балу­ан жігіт­тің жұды­ры­ғын­дай болып келетін, адам ағза­сы үшін аса пай­да­лы бұл жемістің көле­мі кішірей­іп, дәмі мен иіс сапа­сы да еде­уір төмен­деп кет­ті. Ал қуа­ны­шты­сы – мем­ле­кет бас­шы­сы бұған жіті назар ауда­рып, осы даңқы әлем­ге жай­ы­лған апорт алма­сын жаңғыр­ту жөнін­де арнайы тап­сыр­ма беріп, қазір ол жөнін­де үлкен жұмыс жүріп жатыр.

Әрине, бұл жұмыстар­ды алғаш бастаған ғалым – атақты ака­де­мик, ғылым док­то­ры, бүгін­де марқұм болып кет­кен Мағ­жан Малғаж­дарұ­лы Исин. Мен 2011 жылы сол кісінің қасы­на келіп, еңбек жолым­ды лабо­рант болып бастап, біраз жыл ғылы­ми жұмыстар­мен айна­лы­стым, док­тор­лық дис­сер­та­ция қорға­дым. Біздің меке­ме Қазақ ЖКШҒЗИ Талғар аймақтық фили­а­лы деп ата­ла­ды, қысқа­ша айт­сақ, Қаза­қстан­дағы жалғыз Помо­ло­ги­я­лық бақ. Қазір­гі кез­де 138,6 гек­тар көп­жыл­дық жеміс аға­шта­ры, 1666 сұрып үлгілері бар. Одан бөлек, зерт­ха­на­ла­ры­мы­зда, зерт­ха­на­лық банк­тер­де 200-ден артық сұрып түрі сақталған. Біз­де селек­ци­о­нер­лер жұмыс жасай­ды, өзі­міздің сұрып­та­ры­мы­зды шыға­ра­мыз, сырт­тан сұрып­тар алып келіп, интро­дук­ция жасай­мыз, яғни бұрын жоқ жеміс сұрып­та­рын оты­рғы­зып, жерсіндіреміз.

Қазір­гі таң­да Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­ның аясын­да Қаза­қстан­ның мақта­ны­шы, ұлт­тық брен­ді­міз болып кет­кен апорт алма­сын «мас­шта­б­тау», қара­пай­ым тіл­мен түсін­дір­сек – осы жеміс аға­шы оты­рғы­зы­ла­тын аумақты кеңей­ту жұмыста­ры­мен айна­лы­сып жатыр­мыз. Был­тыр қаңтар айын­да Пре­зи­дент­пен бір­ге Ита­ли­я­ның аста­на­сы Рим қала­сын­дағы БҰҰ-ға қарас­ты ФАО-ның (Азық-түлік және ауыл шару­а­шы­лық ұйы­мы) штаб-пәтерін­де бол­дық. Сол жер­де Қасым-Жомарт Кемелұ­лы апорт алма­сын тіке­лей өзі таны­стыр­ды. Сон­дай-ақ ФАО-ның бас дирек­то­ры Цюй Дунь­кюй мыр­за­ға қаза­қстан­дық жабайы алма әлем­де­гі бар­лық алма­лар­дың түп­кі ата­сы екен­ді­гі тура­лы тарих­ты айтып берді.

Оның үстіне 12 сәуір – Ғылым күні өткен үлкен жиын­да мем­ле­кет бас­шы­сы: «Қазір – ғылым мен білім­нің зама­ны. Ота­ны­мы­зды көр­кей­те­міз десек, ең алды­мен осы екі сала­ны дамы­туы­мыз керек. Бұдан басқа жол жоқ. Біз көш­ке іле­сетін емес, көшті бастай­тын елдер­дің қата­рын­да болуы­мыз керек. Бір сөз­бен, ғылы­ми әле­уеті­мізді арт­ты­ру қажет. Жал­пы осы бағыт­та біраз шаруа атқа­ры­лып жатыр. Мен Ғылым және тех­но­ло­ги­я­лар жөнін­де­гі ұлт­тық кеңе­стің оты­ры­сын­да бірқа­тар нақты тап­сыр­ма бер­дім. Бар­лық мәсе­ле менің тіке­лей бақы­ла­у­ым­да», – деп, отан­дық ғалым­дар­дың алды­на үлкен мін­дет жүк­те­ді. Осы­ған орай біз бар­лық жұмыстар­ды ғылы­ми негіз­де жүр­гізіп, ғылым мен өндірісті ұшта­сты­руға ұмты­лып жатырмыз.

Жал­пы, апорт алма­сын қай­та жаңғыр­ту бой­ын­ша жұмыстар­ды Пре­зи­дент әкім­шілі­гі және Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі жіті қадаға­лап отыр. Қазір­гі кез­де апорт­ты жаңғыр­ту бой­ын­ша Жол кар­та­сы жаса­лып жатыр.

Бұл – мем­ле­кет бас­шы­сы тара­пы­нан жаса­лып жатқан үлкен қол­дау мен қамқор­лық. Сон­да ол бұрын бол­ма­ды ма, неге апорт өсетін алма бақта­ры азай­ып, сапа­сы кеміп, даңқы төмен­деп кетті?

– Оның бір­не­ше себеп­тері бар. Бұры­нғы алма бақта­рын­да өскен апорт аға­шта­ры­ның көбі ауруға шал­ды­ққан, сон­ды­қтан жеміс бер­мей­ді. Қаза­қстан­дағы апорт бақта­ры­ның көле­мі 100 мың гек­тарға жет­кен еді, алай­да 1950 жыл­дар­дағы ерекше қат­ты қыс бар­лық алма бақта­ры­ның қысқа­руы­на әсер етті. Шама­мен 1970 жыл­дар­дан бастап Алма­ты апор­тын жаңғыр­ту жұмыста­ры бастал­ды. Соған қара­ма­стан, 1980 жыл­да­ры апорт бақта­ры­ның тек 20 пай­ы­зы ғана қал­ды, жеміс аға­шта­ры әбден тоза баста­ды. 1990 жыл­дар­дан бастап алма бақта­ры аяу­сыз ота­лып, қала­да қарқын­ды құры­лыс жұмыста­ры жүр­гізіл­ді. Кезін­де апорт бақта­ры орна­ласқан аумақтар­да зәулім ғима­рат­тар, жеке тұрғын үйлер бой көтер­ді. Айта­лық, Алма­ты қала­сын­дағы қазір­гі «Қаза­қ­фильм», «Алма­гүл», «Тау­лы қырат» ықша­маудан­да­ры­ның орнын­да бұрын алма бақта­ры жай­қа­лып тұра­тын еді. Мына тауды жаға­лай, тіп­ті Бір­лік, Белбұлақ ауыл­да­ры­ның тұсын­да Талғар-Алма­ты тас жолы­ның екі жағы да жай­қалған алма бағы бола­тын. Үлкен өкініш­ке қарай, солар­дың көбі жой­ыл­ды. Қазір бүкіл ел көле­мін­де бар-жоғы 2500 гек­тар­дай апорт алма­сы орна­ласқан бақ қал­ды. Деген­мен, апорт бақта­рын­да бұры­нғы­дай алма төгіліп тұр­ма­са да, бұл сұрып түбе­гей­лі жой­ы­лып кет­кен жоқ. Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры мем­ле­кет тара­пы­нан, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар тара­пы­нан да қол­дау шара­ла­ры, ғылы­ми жоба­лар болып жатты.

Біздің ойы­мыз­ша, апорт бақта­ры­ның осын­дай дең­гей­де азай­ып кетуінің негіз­гі төрт себебі бар. Бірін­ші себеп – апорт өз эко­ло­ги­я­лық аймағы­нан шығып кет­ті, екін­ші – осы сұрып­тың көшет­терін жос­пар­лы және сапа­лы түр­де өсіретін шару­а­шы­лы­қтар­дың жой­ы­луы. Үшін­шісі – зиян­кестер мен бак­те­ри­я­лық ауру­лар­дың дамуы және оларға қар­сы шара­лар­дың дер кезін­де әзір­лен­бе­уі, себебі апорт – төзім­сіз сорт­тар­дың қата­ры­нан. Төр­тін­шісі – көшет дай­ын­да­уда сорт­тың аға­шта­рын дұрыс таң­да­мау, яғни жеміс сапа­сы­на емес, бір­жыл­дық өскін­ге қарап бүр­шік жинаған. Сон­ды­қтан біздің Помо­ло­ги­я­лық бақта зерт­теу, тәжіри­белік жұмыстар жүр­гі­зетін ғалым­дар мен маман­дар­дың басты мін­деті – бағ­бан­дарға ғылы­ми негіз­дел­ген агро­тех­ни­ка­лық ұсы­ны­стар беру, олар­ды сапа­лы оты­рғы­зу мате­ри­ал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ету, өсім­дік­ті қорғау қағи­дат­та­рын ұсы­ну болып отыр.

– Алма жемісінің тарихы, оны күтіп-бап­та­удың, әсіре­се апорт алма­сы­ның ерекшелік­тері жай­ын­да не айтар едіңіз?

– Алды­мен неге апорт алма­сын жаңғыр­ту жұмыста­ры біздің фили­ал­да жүр­гізіліп жатқа­ны жай­ын­да бір-екі ауыз айта кетей­ін. Өйт­кені менің ғылы­ми жұмысым осы апорт алма­сы­мен тығыз бай­ла­ны­сты. Жоға­ры­да айтқа­ным­дай, 2011 жылы апор­тқа сиверс алма­сын зама­на­уи әдістер­мен телу жұмыста­рын ака­де­мик Исин баста­ды. Өйт­кені апор­тқа ең жақ­сы тамыр­са­бақ – сиверс алма­сы болып сана­ла­ды. Қаза­қстан­да 17 мың гек­тар жер­де сиверс алма­сы­ның орма­ны бар. Ондай ауқым­ды көлем әлем­нің ешбір жерін­де жоқ. Сиверс – табиғи жабайы алма. Бұл алма аға­шы­ның ғалым­дар үшін тари­хи маңы­зы ғана емес, ғылы­ми маңы­зы да бар. Бұл түр­де­гі ДНҚ құры­лы­мы ерекше күшті және бой­ын­да көп­те­ген ауру­ларға төзім­ділік ген­дері бар құн­ды донор болып сана­ла­ды. Сиверс алма аға­шы қат­ты аязға да, ұза­ққа созы­лған ысты­ққа да төтеп бере алады.

Ал Қаза­қстан – алма­ның ота­ны! 2002 жылы Окс­форд уни­вер­си­тетінің гене­тик-ғалы­мы про­фес­сор Бар­ри Джу­ни­пер мұны гене­ти­ка­лық тал­дау көме­гі­мен дәлел­деді. Оның тұжы­рым­да­ры Қаза­қстан­ның жабайы орман­да­рын­да жиналған алма фраг­мент­терін моле­ку­ляр­лық-гене­ти­ка­лық зерт­теу нәти­же­лері­мен рас­тал­ды. Фран­ци­ядан кел­ген зерт­те­уші Кэтрин Пэкс те алма­ның шығу тегі тура­лы дәл осын­дай қоры­тын­ды­ға кел­ді. Осы­ның өзі біздің елі­мізді әлем­ге таны­та­тын және бүкіл қаза­қстан­ды­қтар мақта­ныш тұта­тын үлкен тари­хи дерек.

Жаңағы 17 мың гек­тар жер­де өсіп тұрған сиверс алма­сы­ның 1 мың­нан аса фор­ма­сы бар. Оны түр­мен шата­стыр­мау керек, түр біреу-ақ, ол – сиверс алма­сы. Фор­ма дегені­міз – ол жемістің түсіне, дәміне, аға­штың қабы­ғы­на бай­ла­ны­сты берілетін сипатта­ма. Мыса­лы біре­уі – қызыл, біре­уі – сары, біре­уі – тәт­ті, енді біре­уі – қышқыл болып келеді. Сол 1 мың­нан аса сиверс алма­сы­ның бәрі апор­тқа тамыр­са­бақ болып кел­мей­ді. Не үшін апорт жоғал­ды? Оның басты себеп­терінің бірі, жоға­ры­да айтқа­ным­дай, бұл сұрып­тың көшет­терін бақы­лау­сыз, дұрыс көбейтпегендіктен.

Қазір біздің теңіз дең­гей­і­нен бел­гілі бір биік­тік­те орна­ласқан мони­тор­лық алаң­да­ры­мыз бар. Сол алаң­дар­да біз сиверс алма­сы­ның жеміс түсіне, дәміне, аға­штың қабы­ғы­на, гене­ти­ка­лық резер­ва­ты­на қарай 30 фор­ма­сын жина­дық. Сол 30 фор­ма­дан ДНҚ сарап­та­ма­сы бой­ын­ша тек 11‑і ғана апор­тқа жақын болып шықты. Сол 11 фор­ма­ны тамыр­са­бақ етіп, біз апорт алма­сын жаңғыр­тып жатырмыз.

– Тамыр­са­бақ дегені­міз не? Оны қара­пай­ым тіл­мен қалай түсін­дірер едіңіз?

– Тамыр­са­бақ дегені­міз – «под­вой» неме­се өсім­дік­ті көбей­ту үшін теліту­ші негіз­гі тамыр, ал «при­вой» дегені­міз – телі­нетін өсім­дік­тің түрі, сұры­бы. Алма­да тамыр бөлек, сұрып бөлек бола­ды. Мыса­лы, сіз алма­ның дәнін оты­рғы­зға­ны­ңы­з­бен, ол алма болып шық­пай­ды. Ол үшін оған сұрып түрін телу қажет. Тамыр­са­бақ дегені­міз – үйдің іргесі сияқты жеміс аға­шы­ның негізі. Соған апорт алма­сын про­бир­ка­да өсіріп, виру­стар­дан тазар­тып, сауы­қты­рып, қанқы­зыл түсті Алма­ты апор­тын «қай­та жаңар­тып», 2011 жылы тамыр­са­бақ жина­дық. 2012 жылы телу жұмыста­рын жасап, 2015 жылы көк­тем­де біз екі жыл­дық көшет алып, 5 гек­тар бақ оты­рғы­здық. Бұл біз­де осы Помо­ло­ги­я­лық бақтың аумағын­да ғылы­ми-экс­пе­ри­мен­таль­ды бақ бол­ды, сөй­тіп тамыр­са­бақтық-сұрып­тық ком­би­на­ци­яда ауқым­ды жұмыс жүр­гіздік. Сөй­тіп, 2022 жылы айты­лған бақтан алға­шқы өнім алдық.

– Нәти­же қалай бол­ды? Өздеріңіз күт­кен көр­сет­кі­ш­тер­ге қол жет­ті ме?

– Көр­сет­кі­ш­тер жай­ын­да айтар бол­сам, ең үлкен алма­ның сал­мағы 443 грамм бол­ды, дәмі, иісі де нағыз апор­тқа толы­қтай дер­лік сәй­кес келді.

Осы жер­де 11 тамыр­са­бақтық-сұрып­тық ком­би­на­ци­я­ның іші­нен біре­уін­де бак­те­ри­я­лық күй­ік және тазқо­тыр сияқты аса зиян­ды, бақтар­дың қас жауы сана­ла­тын өсім­дік ауру­ла­ры­на төзім­ділік ген­дері аны­қталға­нын бөліп айтқым келеді. Енді, бұй­ырт­са, біз осы жер­ден Қаза­қстан­да апорт алма­сын көбейтеміз.

Көп­шілік біледі, апорт алма­сы сегін­ші-тоғы­зын­шы жыл­да ғана өнім бере бастай­ды. Өйт­кені оның тамыр­са­бағы сиверс алма­сы болған­ды­қтан, тамы­рын тым терең­ге жібе­реді. Сон­ды­қтан да ұзақ жасай­ды, орта­ша 40–50 жыл жақ­сы өнім береді, осы мерзім­нен кей­ін ақы­рын­дап дегра­да­ция баста­ла­ды. Бірақ агро­тех­ни­ка­лық талап­тар сақта­лып, жақ­сы күтіп бап­тал­са – 70 жыл­дай өнім береді.

Айт­пақ­шы, дәл осы тұста апорт алма­сы елі­міздің бар­лық аймақта­рын­да өсе бер­мей­тінін де айта кет­кенім дұрыс болар. Ол тек үш өңір­де – Алма­ты қала­сы, Алма­ты және Жеті­су облы­ста­рын­да, теңіз дең­гей­і­нен 900 метр­ден 1200 метр­ге дей­ін­гі биік­тік­те ғана өседі. Одан төмен бол­са, ерте пісіп кете­ді, жоға­ры бол­са – қажет­ті күн кало­ри­я­сын ала алмай­тын­ды­қтан, жеміс сапа­сы төмен­дей бастай­ды. Сон­ды­қтан апорт аға­шта­ры қажет­ті тем­пе­ра­ту­ра, күн жылуы, ылғал жет­кілік­ті бола­тын­дай оңтай­лы биік­тік­те оты­рғы­зы­луы керек.

– Сон­да апорт алма­сы өскен аумақ 100 мың гек­тар­дан 2,5 мың гек­тарға дей­ін азай­са – бұры­нғы­дан 40 есе кеміп кет­кен екен ғой! Не деген сұм­дық! Өз несі­бе­мізді, Алма­ты­ның ғана емес, бүкіл елі­міздің мақта­ны­шы, ұлт­тық бренд­ке айналған бір­ден-бір құн­ды­лы­қты жоғал­тып ала жаз­даған екен­біз. Пре­зи­ден­ті­міздің ғылы­мға деген қамқор­лы­ғы­мен сіз­дер енді оны қай­та жаңғыр­ту бой­ын­ша аса жау­ап­ты, әрі күр­делі ғылы­ми жұмыс жүр­гізіп жатыр екен­сіз­дер. Енді бұған бүкіл бағ­бан­дар қауы­мын жұмыл­ды­рып, Алма­ты апор­ты­ның бұры­нғы даңқын қай­та орал­ту үшін, не істеу керек?

– Апорт­тың даңқын арт­ты­ру үшін, оның көле­мін ғылы­ми негіз­дел­ген нәти­же­лер­ді пай­да­ла­на оты­рып, тамыр­са­бақ сапа­сы­на мән беріп, көшет дай­ын­дау қажет. Халық ара­сын­да наси­хат­тау жұмыста­рын жүр­гізіп, оның ұлт­тық құн­ды­лық екенін дәріп­теу керек деп санай­мын. Біздің фили­ал тара­пы­нан был­ты­рғы жылы сиверс алма­сы­ның әбден тек­серіліп зерт­тел­ген сұрып­та­ры жина­лып, биыл көшет дай­ын­да­лып, 2026–2027 жыл­да­ры мем­ле­кет қол­да­уы­мен бақ оты­рғы­зу­ды жос­пар­лап отыр­мыз. Бұл жұмыстарға Алма­ты қала­сы­ның әкім­ді­гі, жеке қожа­лы­қтар, ЖОО және ҚР көшет өндіру­шілер қауым­да­сты­ғы­ның, Алма­ты бағ­бан­да­ры қауым­да­сты­ғы­ның мүше­лері қызы­ғу­шы­лық біл­діріп, қол­дау көр­сетіп отыр. Осы жер­де үлкен-кіші шару­а­лар­дың, бағ­бан­дар­дың және өндірістік бақ шару­а­шы­лы­қтар­дың отан­дық бренд­ті, ғылы­ми жоба­лар мен әзір­ле­ме­лер­ді қол­да­уы­ның маңы­зы зор.

– Агро­тех­ни­ка демек­ші, тек бағ­бан­дар ара­сын­да ғана емес, жал­пы елі­міздің ауыл шару­а­шы­лы­ғы, агроө­нер­кәсіп сала­сын­да бұл талап орын­да­ла бер­мей­тін сияқты. Оның апор­тқа қаты­сты тұста­ры жай­ын­да кеңірек түсін­ді­ре кетсеңіз.

– Мыса­лы, апорт аға­шта­рын бір жыл­да кем деген­де 7–8 рет суға­ру қажет. Содан кей­ін алға­шқы үш жыл­да апорт аға­шы­ның бұтақта­рын қалып­та­сты­ру­шы кесу жұмыста­ры, ал төр­тін­ші жыл­дан бастап сани­тар­лық кесу жұмыста­ры жүр­гізіледі. Апорт аға­шы бұтақта­рын көп кес­кен­ді жақтыр­май­ды. Өйт­кені ол өні­мін бұтақта­ры­ның ұшын­да береді, олар­ды кесіп тас­та­саң, өнім бер­мей­ді. Ал басқа сорт­тар өні­мін түп­терін­де, бұтақ, өркен бой­ын­да бере береді. Төр­тін­ші жылы апорт бақта­ры­на жоңы­шқа оты­рғы­зы­лып, ол шөп бір­ден орып алын­бай, төрт-бес рет шабы­лып, био­шы­рын­да­ры қалып­та­сып, ол топы­раққа сіңіп, құнар­лы­лы­ғын арт­ты­ру үшін, сол жер­де шіріп жатуы керек. Өйт­кені жоңы­шқа өзіне ауа­дан азот жинай­ды. Оны бірін­ші үш жыл­да оты­рғы­з­бай, қара жер күй­ін­де ұстау қажет. Себебі әртүр­лі зиян­кестер алма аға­шы­ның тамыр бөлі­гін жеп қоюы мүм­кін. Сон­ды­қтан апорт аға­шын күтіп-бап­та­удың осын­дай қиын­ды­қта­ры да бар, әрі агро­тех­ни­ка талап­та­ры қатаң сақта­луы тиіс.

Оның үстіне, маман­дар­дың айтуын­ша, қара­пай­ым алма аға­шы екі жыл­дан соң-ақ тон­наға тар­та жеміс бер­се, апорт 7–8 жыл­дан кей­ін ғана жеміс салуға жарам­ды бола­ды. Одан кей­ін, апорт аға­шы тұрақты түр­де жыл сай­ын өнім бере бер­мей­ді дей­ді. Алай­да біздің маман­дар бұл жағ­дай­ды да тыңай­ту жүй­есін оңтай­лан­ды­ру арқы­лы жыл сай­ын өнім­ге қол жет­кізу­ге бола­ды дейді.

– Қазір қан­ша адам жұмыс істейді?

– Біздің инсти­тут­та селек­ци­о­нер­лер, көшет шару­а­шы­лы­ғы, био­тех­но­ло­гия, агро­хи­мия, өсім­дік қорғау маман­да­ры қыз­мет атқа­ра­ды. Инсти­тут­тың оңтүстік­те және оңтүстік-шығы­ста орна­ласқан үш аймақтық фили­а­лы бар. Жал­пы алған­да, шама­мен 200 адам жұмыс істей­ді. Ал Помо­ло­ги­я­лық бақта, яғни фили­ал­да Жеміс-жидек дақыл­да­ры және жүзім­нің селек­ци­я­сы бөлі­мі, Бау-бақ­ша дақыл­да­ры­ның тек­тік қоры зерт­ха­на­сы шоғыр­ланған, мұн­да 30 адам жұмыс істей­ді. Жал­пы ғылы­ми қыз­мет­кер­лер мен қара­пай­ым жұмыс­шы­лар­дың тап­шы­лы­ғы сезіледі. Өйт­кені жалақы­сы төмен болған­ды­қтан, көп адам, әсіре­се жастар кел­мей­ді, сол жағы­нан қина­лып отырмыз.

– Қар­жы­лан­ды­ру жағы қалай болып жатыр? Өздеріңіз өнім өндіріп, нары­ққа шыға­ра ала­сыздар ма?

– Ғылы­ми меке­ме болған­ды­қтан, біз негізі­нен ғылы­ми жұмыстар жүр­гізіп, база­лық жалақы ала­мыз. Оған қосым­ша ғылы­ми жоба­лар жаса­лып, олар мақ­сат­ты қар­жы­лан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на сәй­кес Үкі­мет тара­пы­нан қар­жы­лан­ды­ры­ла­ды. Енді Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­на орай, апорт алма­сын жаңғыр­ту бой­ын­ша Жол кар­та­сы жаса­лып жатыр, оған да қар­жы бөлі­нуі тиіс.

Біз­де өндірістік бақтар жоқ, бәрі ғылы­ми тұрғы­дағы селек­ци­я­лық, кол­лек­ци­я­лық экс­пе­ри­мен­таль­ды бақтар. Бұл жер­де ғылы­ми жұмыстар жүр­гізіледі, олар биз­нес ретін­де қарал­май­ды. Мыса­лы, бәлен­бей гек­тар баққа ие кәсіп­кер­лер бар, олар бір сұрып­ты ғана өсіреді де, өні­мін жинап сата­ды, сөй­тіп табыс таба­ды. Ал біз­де зерт­теу, тәжіри­белік жұмыстар жүр­гізіледі. Әрине, біз де аз мөл­шер­де бол­са да өнім­дері­мізді сата­мыз, бірақ әртүр­лі сұрып болған­ды­қтан, арзан баға­да сата­мыз. Олар­ды негізі­нен өзі­міздің шару­а­шы­лық мұқтаж­ды­қта­ры­мы­зға пайдаланамыз.

Бір сөз­бен айт­сақ, біз апорт алма­сын өндірістік мақ­сат­та өсір­мей­міз, біз таза ғылым­мен айна­лы­са­мыз. Алдағы жоба­ла­ры­мы­здың аясын­да алға­шқы өндірістік апорт бағын оты­рғы­за­мыз деп жос­пар­лап отыр­мыз, сол кез­де халы­ққа өні­мі­мізді ұсы­нып, нары­ққа шыға­ра­мыз. Жал­пы, апорт бағын эко­но­ми­ка­лық тиім­сіз деп айтуға да кел­мес. Жақын­да бір эко­но­мист маман өз пікірін біл­дір­ді, оның есебі бой­ын­ша апорт бағы пай­да­ла­ну мерзі­мі тара­пы­нан қарқын­ды бақтарға қараған­да тиім­дірек екен. Әрине, табысқа 3–5 жыл­да кене­ле қал­ма­са да, тұрақты көп жыл­дық табысқа қол жет­кі­зу әбден мүм­кін. Осы орай­да, егер апорт алма­сын өсіріп, оны кәсіп­ке айнал­ды­рып, табыс тапқы­сы келетін, оның көле­мін уақыт өткен сай­ын есе­леп арт­ты­рғы­сы келетін бағ­бан­дар, жеке шару­а­шы­лы­қтар, кәсі­по­рын­дар – біздің ғылы­ми негіз­дел­ген ұсы­ны­ста­ры­мы­зды қатаң сақтап, күн­делік­ті бас­шы­лы­ққа ала­тын бол­са, жақын жыл­дар­да-ақ ұлт­тық мақта­ны­шы­мыз сана­ла­тын Алма­ты апор­ты­ның даңқы қай­та жаңғы­ра­ты­ны­на күмән жоқ!

– Сараб­дал сұх­ба­ты­ңыз үшін рах­мет. Елі­міздің даңқын асы­ра­тын апорт алма­сын қай­та жаңғыр­ту жолын­дағы ғылы­ми ізденістеріңіз­ге сәт­тілік тілеймін!

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ,«D»

Республиканский еженедельник онлайн