Понедельник , 7 июля 2025

Ұлдай ИБАДУЛЛАЕВА: ҚЫТЫҒЫНА ТИСЕ, құмырсқа да шағады…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

ДАТ!

Ұлдай ИБАДУЛЛАЕВА:

ҚЫТЫҒЫНА ТИСЕ,

құмыр­сқа да шағады…

 

Әдет­те, Жел­тоқ­сан көтерілісі хақын­да жур­на­ли­стер қауы­мы көп жаза­ды. Ал олар­дың өз еңбек­тері мен ерлік­тері қал­та­ры­ста қала­ды. Біз бүгін сол қан­ды қырғын­ды көзі­мен көр­ген куә­гер жур­на­лист­пен сұх­бат­та­су­ды жөн сана­дық. Ол – теле­жур­на­лист Ұлдай Ибадуллаева.

 

–Ұлдай Ділім­бетқы­зы, сіз жур­на­лист ретін­де Жел­тоқ­сан көтерілісінің суық суретін кей­ін­гі жастарға сөз­бен бей­не­леп беріңізші?

– Ең бірін­ші айта­рым – Жел­тоқ­сан­да қазақ жаста­ры кеңе­стік өкі­мет­тің алып жаза­ла­у­шы маши­на­сы­на құр, жалаңаш қол­мен қасқая қар­сы шыққан көтеріліс бол­ды. Бүгін мен мақтан ете­мін: көтеріліс­шілер­дің қалың орта­сын­да менің құр­бы­ла­рым мен сіңлілерім – қазақ теле­ви­зи­я­сы­ның жур­на­лист қызда­ры жүр­ді. Олар­ды итке талат­ты, жаза­ла­у­шы жен­дет­тен қаша жүріп, басын тасқа соқты. Алаң­да ұсталған­да­ры тер­геу кезін­де қор­лық көр­ді. Әдет­те қазақ «шашы ұзын, ақы­лы қысқа» деп айта­тын қыздар алды­ңғы сап­та бол­ды. Ошағы­ның қамы үшін бір төсін кесіп, сол қолы­мен садақ тар­тқан тегі түрік ама­зон­ка­лар сияқты ерлік көрсетті.

Бәрін көз­бен көр­дік, өз құлағы­мы­з­бен естідік. Кеңе­стік наси­хат теріс үгіт, өтірік ақпар тарат­ты. Бар­ша қазақ ұлты­ның аты­на күйе жағыл­ды. Осы озбыр­лық пен кем­сіту­шілік кеуде­де намыс отын лау­лат­ты. Жел­тоқ­сан­да «Осы біз кім­біз?!» деген сұрақ сана­ны осқы­ла­ды. Бұл көтеріліс бұған дей­ін дүбә­ра болған талай жұрт­тың ұлт­тық бол­мысын есіне түсір­ді. «Қыты­ғы­на тисе, құмыр­сқа да шаға­ды» деген сөздің шын мәнін осы Жел­тоқ­сан көтерілісі көрсетті.

Жел­тоқ­сан­да қуда­лау көр­ген сол қыздар кеңе­стік импе­ри­я­ның қуат­ты идео­ло­ги­я­сы­ның күл-қоқы­сын ара­ша­лап, жас мем­ле­кет­тің айбат­ты наси­хат құра­лы – жаңа теле­ви­зия жаса­уда жігіт­тер­ден кем түс­пе­ді. Осы­лай­ша Жел­тоқ­сан­нан кей­ін менің заман­даста­рым теле­экран­дағы өз кел­бетін жаңа­ша айшы­қта­ды. Біз бостан­ды­қты аңсаған баба­лар­дың арман­да­рын бұха­раға жет­кізіп, сүй­ін­ші сұраған қар­лы­ға­штар болдық.

 

– Сол қар­лы­ғаш-хабар­дың соңын ала, көп ұза­май біздің ел тәу­ел­сіздік алды ғой…

– Жоқ, біз тәу­ел­сіздік­ті алған жоқ­пыз. Сол кез­дері «РСФСР» аталған ресей­лік ел біз­ге «енді өз күніңді өзің көр» деп, ол тәу­ел­сіздік­ті лақты­ра сал­ды. Біз тек оны аяғы­мы­здың асты­нан көтеріп қана алдық.

 

– Айт­пақ­шы, Ұлдай апай, «бәрін көз­бен көр­дік» дедіңіз – сіз іргесін­де­гі алаң­да Жел­тоқ­сан дүр­бе­леңі өткен сол Қазақ теле­ви­зи­я­сы­на қалай келіп едіңіз?

– Мен Қазақ теле­ди­да­ры­на жұмысқа 1986 жыл­дың жазын­да келдім.Үш мың адам жұмыс істей­тін елдің басты арна­сы – ол кез­де­гі Қазақ теле­ви­зи­я­сы мен Қазақ радио­сы – сол заманғы Мир, бүгін­гі Жел­тоқ­сан және Сәт­ба­ев көше­лерінің қиы­лы­сы­на орна­ласқан еді. Осы қиы­лы­стан сол кез­де­гі Бреж­нев атын­дағы – бүгін­гі Рес­пуб­ли­ка алаңы­ның бір пұшпағы баста­ла­ды. Жел­тоқ­сан оқиға­сы­ның нағыз куә­гер­лері – осы Қазақ радио­сы мен теле­ди­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері бол­ды. Жұмыс орны­мыз алаңға жақын жай­ғасқан­ды­қтан, қай­сы­мыз қан­дай пиғыл­да бол­сақ та, бұл оқиға­ны көру­ге мәж­бүр едік. Алға­шқы күні-ақ бас­шы­лар «алаңға жола­маң­дар» деп қатаң ескерт­ті. Каби­неті­міздің тере­зесі алаңға қарап тұра­тын. Редак­ци­яда бір­ге жүр­ген­дер ұлт­тық бет-бей­не­міз­ге қарап, сол күні үнсіз екі­ге жарыл­дық. «АСК‑2» (қазір­гі Тими­ря­зев көше­сінің бой­ын­дағы «Хабар» арна­сы­ның фили­а­лы оты­рған биік ғима­рат) кешенін­де біз­дер мұңай­ып, тере­зе­ге тел­міріп тұр­дық. Күн­де бір­ге жүр­ген қыз­мет­кер­лер ара­сын­да салқын­дық орнап, қай­нап жатқан «теленің» маза­сыз жұмысы тоқтап қалған­дай, мылқау тыны­штық орна­ды. Екі орыс әріп­тесі­міз жел­ке­міз­ден: «Если бы у меня было ружьё, то я бы неза­ду­мы­ва­ясь пере­стре­лял бы всех этих бара­нов!» – деп зіркілдеді.

Бас­шы­лар­дың «ол жаққа бар­маң­дар» деген күн­діз­гі ескер­туін тың­да­ма­стан, жұмыстан шыққан бой­да алаңға асы­қтық. Бұл кеш­кі сағат жетілер­дің шама­сы бола­тын. Ұжым үлкен болған­ды­қтан, бір-бірі­міздің жүзі­мізді біл­гені­міз­бен, жыға таны­май­тын­быз. Алаң­да «Ала­тау» арна­сы­ның бірі­нен- бірі өтетін, қара­саң көз той­май­тын сұлу­ла­ры түгел жүр екен. Есте қалға­ны – «топ-модель» дей­тін ұзын бой­лы Гүл­нәр, бұй­ра бас Боран, Уәли­хан, басқа да қыз-жігіт­тер бол­ды. Тағы бір қыз оры­стың шұрай­лы тілі­мен рух көте­рер сөз айтып, ара­сын­да біре­улер­ді жеті ата­сы­ның тарихын тізіп, әдеп­пен «сыбап» жат­ты. Елден ерекше басы­на тақия киіп жүретін жастар редак­ци­я­сы­ның жур­на­ли­стері Жан­бо­лат Серік­ті, Дүрия Дани­я­ро­ва­ны бел­сен­ді режис­сер Яхин Рубик­ті, тымақ киген Тұңғыш­бай аға­ны, басқа да өнер­дің хас жұл­ды­зда­рын «тірілей» алғаш осын­да көрдім.

Алаң­да редак­ци­я­ның қызда­ры – Шәри­па, Назгүл, Зух­ра, Роза бір­ге тұрған­быз. Шәри­па сту­дент­тер­ге «шыр­ша­ны жұл­маң­дар», «Менің елім­ді» айта берің­дер деп, өзінің үгітін жүр­гізіп жат­ты. Сағат ондар шама­сын­да бет­ке ұрған мұз­ды судың екпіні­нен біз бір-бірі­міз­ден ада­сып, бөлініп кет­тік. Бір­ша­ма уақыт­тан кей­ін алаңға қай­та ора­лып, мін­бер­ге қарай жақын­дай бер­ген­де, Роза­ны қуат­ты қол сүй­рей, қап­та­лы ашық жүк маши­на­сы­на лақты­рып жібер­ді. Біз алаң­нан төмен­гі, «сту­дия» дей­тін қазір­гі «Қаза­қстан» арна­сы­ның ғима­ра­ты­на қарай қаштық. Мен қазір­гі Жел­тоқ­сан құр­бан­да­ры­на қой­ы­лған ескерт­кіш алдын­да жаз­да су ағып жата­тын ары­ққа етпе­тім­мен құла­дым. Басым­ды көте­ре бер­ген­де, алдым­да қашып бара жатқан екі қызды әске­ри жен­дет иығы­на түс­кен шашы­нан тар­тып, еке­уінің басын бір-біріне соғы­сты­рып жатқа­ны, қыздар­дың шыңғы­рған жан дау­сы әлі көз алдым­да. Соны­мен, Роза жоқ болып кетті.

Көбі­міз бой­дақ­пыз, пәтер жал­дап тұра­мыз. Қала­да пәтері бар жалғыз әріп­тесі­міз – Назгүл, бәрі­міз сол үйге қонып жүр­дік. Үш күн­нен соң Назгүл мини­стр­лік­тен қай­ы­рым­ды біре­уді тауып, Роза­ны алып шықты. Тер­геу бары­сын­да Роза­ның қолын итке қап­ты­рған, бірақ ол ешқай­сы­мы­здың аты­мы­зды ата­маған. «Мен алаңға барған жоқ­пын, қасым­да ешкім болған жоқ, жұмыспен бет алды өтіп бара жат­тым», – деп міз бақ­пай оты­ра берген.

Араға апта салып, Роза еке­уміз Кең­сай зира­ты­ның ете­гін­де­гі тау­лы қырат­тағы пәтері­міз­ге орал­сақ, Маша әжей: «Көз­деріңді жоғал­ты­ң­дар, қан­шы­қтар!» – деп, киім-кешек оралған түй­ін­ше­гі­мізді беті­міз­ге лақтыр­ды. Содан жасы­ры­нып, редак­ци­я­ны пана­лап жүр­дік. Жаңа жыл­дан кей­ін басқа­ша дүр­бе­лең бастал­ды. Алаңға барған қыздар­дың суретін ұстаған қара киім­ді жігіт­тер қап­та­ды. Дирек­ци­я­ның кезек­ті оты­ры­сы­нан оралған редак­ция бас­шы­сы Бай­мұрат аға­мыз бой­шаң биші қыз Зух­ра­ның суретін көр­ген­де, зәрем қал­ма­ды дегені бар. Марқұм Зух­ра осы оқиға­дан кей­ін ұзақ уақыт бас киі­мін көзіне түсіріп киюді әдет­ке айнал­дыр­ды. Бұл – алып ұжым­ның бір редак­ци­я­сы­ның басы­нан өткен оқиға ғана.

 

– Сол кез­де­гі қуда­ла­удан қалай аман қалдыңыздар?

– Ком­со­мол ұйы­мы­ның хат­шы­сы болған Гүл­жан Хами­тқы­зы (бүгін­гі «Адам бол» жур­на­лы­ның редак­то­ры, бел­гілі тәу­ел­сіз жур­на­лист) суреті­нен таны­ған талай­ды «терісі­мен» ара­ша­лап қал­ды. Ауыл­дан шыққан бізді ол «мам­ба» дей­тін. Алма­ты­да туып өсіп, Мәс­кеу мен Санкт-Петер­бург­те білім алған, ана тілін біл­мей­тін құр­бы­ла­ры­мы­з­бен осы­лай­ша алаң­да тіл табыст­ық, Жел­тоқ­сан­ның нәти­же­сін­де доста­сып кет­тік. Әріп­тесі­міз, орыс тіл­ді жур­на­лист Ғалия Әже­но­ва алаңға барған­дар­ды қорғап, көп жапа шекті.

Есте қалған оқиға­ның бірі – сол күн­дері Теле­ра­дио коми­тет төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Кры­лов деген кісінің «алаңға барған­да­рың аны­қтал­са, жұмыспен қошта­са­сы­ң­дар» деп қадап айтқа­ны. Оқиға­дан кей­ін төраға­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Сағат Әшім­ба­ев ұжым­ның алдын­да біздің сөзі­мізді сөй­леді. Оның жалын­ды сөзі мен жабы­рқа­у­лы жүзі, мұң­ды жана­рын сөз­бен айтып жет­кі­зу мүм­кін емес еді. Содан кей­ін бас­шы­мыз ауру­ха­на­да ұзақ жатып­ты, жүрек­те­гі Жел­тоқ­сан жара­сы Сағат Әшім­бай­ұлын қайт­пас сапарға бір­жо­ла алып кет­ті. Қазақ теле­ди­да­ры­ның дирек­то­ры, ұлт­жан­ды асыл аға­мыз марқұм Рафа­эль Бәй­кенұ­лы Жұма­ба­ев әке­міз­дей қамқор­шы болды…

 

– Сол Жел­тоқ­сан­ның ызға­ры­нан кей­ін кел­ген Тәу­ел­сіздік­ке қыз­мет еткен еркін елдің теле­жур­на­ли­сти­ка­сы тура­лы не айтасыз?

– Расын­да, 1991 жылға дей­ін Жел­тоқ­сан көтерілісі тура­лы дауы­стап айта алма­дық. Ол тура­лы сыбыр­ла­сып сөй­ле­сетін­біз. «Не істей ала­мыз?» деп, аула­да, бұрыш-бұры­шта ғана күңкіл­деп жүретінбіз.

Теле­жур­на­ли­стер бұл қан­ды көтерілі­стен кей­ін 90-жыл­да­ры ғана Жел­тоқ­сан­да өз көзі­мен көр­ген­дерін сарап­тап жаза алды. Теле­ви­зи­я­ның жас жур­на­ли­стері Сәу­ле Жирен­ши­на, Ұлбо­сын Айтө­ле­но­ва, облы­стан Серік Абба­сов көре­рмен­ге айту­лы 86-ның шын­ды­ғын жет­кізу­ге тыры­сты. Өз басым Қаза­қстан мұнай­ы­ның мәсе­лесі мен бола­шағы жай­лы ана тіл­де тұңғыш хабар тара­тып, поли­гон­ның жабы­лға­ны тура­лы «Аждаһа­дан ары­лу» атты репор­таж­дар топ­та­ма­ла­рын жаз­дым. Қаза­қстан­ның баты­сын­дағы «Азғыр», «Тай­сой­ған», «Галит», «Ява» сияқты ажал апан­да­ры мен Семей­де­гі Деге­лең тауын­дағы атом шах­та­сы­на түсіп, көз­бен көр­дім. «Капу­стин Яр» поли­го­ны­ның астын­да қалған Дәу­лет­ке­рей баба­ның құл­пы­та­сын аршу рәсі­міне қаты­сып, Аягөз қала­сын­дағы жасы­рын поли­гон сынағын­да ұсталған, бұрын-соң­ды құлақ есті­ме­ген бала­лар үйі­нен хабар дайындадық.

Бала­сын боса­на сала, пер­зент­ха­на­дан тіке­лей хаба­рын жаса­уға кел­ген Қапы­шо­ва Ләз­за­тқа да таң қалған жоқ­пыз. Себебі біздің мой­ны­мы­зда жас мем­ле­кет­тің мақ­сат-мұра­тын наси­хат­тау сияқты зіл бат­пан жау­ап­кер­шілік тұрды.Тәуелсіздік таңы әріп­те­стері­ме де сәу­лесін шашты: 1994 жылы Мем­ле­кет­тік теле­ра­дио коми­тетінің тарихын­да бұрын-соң­ды бол­маған, «кісі есі­гін­де» үйсіз жүр­ген радио мен теле­ма­ман­дар, жүз­де­ген жастар жатақ­ха­на мен пәтер­ге қол жет­кізді. Бұл игі істің басын­да сол кез­де­гі қала мэрі марқұм Заман­бек Нұрқа­ді­лов пен Шер­хан Мұр­та­за аға­лар тұрды.

 

– Жел­тоқ­сан­ды бүгін­де біре­улер «оқиға» десе, енді біре­улер «көтеріліс» дей­ді. Оқиға­ның орта­сын­да болған сіз бұған қан­дай атау берер едіңіз?

– Жел­тоқ­сан – оқиға емес, ол – екі күн­дік ұлт-азаттық көтерілісі бол­ды. Құр­бы-қыздар­дың шашы­нан сүй­реп, «тумаң­дар» деп, бөк­се­ден теп­се де, бет­ке шашқан су киі­мі­міз­ге мұз болып қат­са да, алаң­нан кете алма­дық. Біз­ге жер жары­лып, асты­на түс­се де, бәрібір бола­тын. Кеңе­стік импе­ри­я­ның халы­қты көзіне ілмей, ел басқа­руға өгей­ді жібе­руі ұлт­тық намысты оят­ты. Бұл әре­кет көзі ашық Алма­ты қаза­қта­ры мен көңілі ояу сту­дент қауы­мын селк еткізді де, кеуде­де­гі намыс олар­ды алаңға сүй­ре­леді. Сол көп­тің ара­сын­да теле­ди­дар жаста­ры­ның 95 пай­ы­зы бол­ды. Әсіре­се қыздар көп қаты­сты. Солар­дың бірі қамауда оты­рып, итке таланған, басқа­лар­дың атын ата­май, құтқа­рып қалған Роза Қуан­ды­қо­ва бүгін­де ұлт­тық теле­ар­на­да, қуда­лау көр­ген Ғалия Әже­но­ва «Әділ сөз» қоғам­дық қорын­да еңбек ете­ді. Бірақ олар «мен алаң­да бол­дым, Жел­тоқ­санға қаты­стым» деп, өздерін жар­на­ма­ла­ма­ды, олар­ды ізде­ген­дер де бол­ма­ды. Ал жастар алаңға қар­ны аш неме­се оқуы­ның, пәтерінің ақша­сын төлей алмаған­ды­қта­ры­нан шыққан жоқ. Адам­за­тқа кере­гі – бостан­дық, өзінің ана тілің­де сөй­леу, ата­ме­кен­де еркін өмір сүру құқы­ғын қам­та­ма­сыз ету.

 

– Ұлдай Ділім­бетқы­зы, сіздің «Абай кз.» пор­та­лы­на жари­я­ланған «Қалам ұстаған қай­ыр сұра­май­ды» деген мақа­лаңы­зды оқы­ған едік. Онда сол өзіңіз қыз­мет қылған Қазақ теле­ви­зи­я­сы­нан кей­ін­гі жыл­да­ры қуы­лған жур­на­ли­стер жайы айты­лған екен…

– Теле­жур­на­ли­стер­дің есін­де болар, Шер-аға Мұр­та­за қыз­меті­нен кетіп, 1994 жылы «Қаза­қстан» Теле­ра­дио Кор­по­ра­ци­я­сы­на Ләй­ла Беке­то­ва-Хра­пу­но­ва төрай­ым болып кел­ген күн­нен бастап, дүр­бе­лең бастал­ды. Оның тек­пініне шыда­маған біраз тех­ник-инже­нер­лер­дің бір тобы «Хабар» агент­ті­гіне ауы­сып, жан сақта­ды. Ләй­ла Беке­то­ва­ның бас­шы­лы­ғы­на жур­на­ли­стер ашы­қтан-ашық қар­сы­лық акци­я­сы­на шықты. Жас мем­ле­кет­тің айбын­ды наси­хат құра­лы-алып ұжым­ның үздіксіз нара­зы­лы­ғы билік­тен қол­дау тауып, көп ұза­май Беке­то­ва-Хра­пу­но­ва ханым орнын боса­туға мәж­бүр болды.

1995–2000 жыл­да­ры «Қаза­қстан» арна­сы­ның аху­а­лы күн санап әлсірей бер­ді. Осы жыл­дар­да еңбе­кақы 10–15 мың тең­ге бола­тын. Тех­ни­ка тозды. Ісса­парға бару тоқта­тыл­ды. Әріп­те­стер еңсесі түсіп, тұр­мыс биледі. Сол тұста тіп­ті редак­ци­я­лар­да ком­пью­тер деген аты­мен бол­ма­ды. Қазақ теле­ди­да­ры тарихын­дағы айту­лы рефор­ма 2001 жылы арнаға төраға болып кел­ген Ғалым Дос­кен мыр­за­ның коман­да­лық әдісі кезін­де «шырқау шегіне» жет­ті. Арна қыз­мет­кер­лері «жарам­сыз» деп таны­лып, автор­лық бағ­дар­ла­ма­ла­ры жабы­лып, жұмыстан жап­пай шыға­рыл­ды. Сол тұста редак­ци­я­ла­ры­мы­зға ком­пью­тер­лерін көтер­ген, телекәсіп­тен хабар­сыз жас қыз-жігіт­тер қап­та­ды. Жай кел­ген жоқ, екпін­мен, «біз қазақ теле­ди­да­рын қай­та құра­мыз» деп келіп, араға 4–5 жыл салып, «біз жаса­дық» деп кет­ті. Жар­ты ғасыр­дан асқан тарихы бар Қазақ теле­ди­да­ры­ның өткенін аға буын жасап кет­кен еді. Олар­дың талай жылғы қабілеті мен еңбе­гі еш болды.

Теле­ди­дар­дың дамуын­да дәстүр жалға­сты­ғы айры­қ­ша рөл атқа­ра­ды. Осы­лай­ша отан­дық «теленің» шебер­ха­на­сын­да шың­далған, дәстүр­лі мек­теп­тің тәр­би­есін көр­ген­дер теле­ви­зи­ядан бір­жо­ла ала­ста­тыл­ды. Кей­бірі жұмыс­сызды­қтан тағ­дыр тәл­ке­гіне түсіп, айы­қ­пас дерт­ке шал­ды­қты, біре­улері қытай асып ала қап арқа­ла­ды. Талант­ты жур­на­ли­стер – Абдол­ла Сүлей­ме­нов пен Асы Бай­бат­ша осы әділет­сіздік­ті көте­ре алмай, теле­ди­дарға қай­тып бару­ды арман­да­у­мен өмір­ден ерте кет­ті. Сол уақыт­та қыз­мет істе­ген әріп­те­стер­дің аты­на күйе жағыл­ды. Біз өзі­міз­ден кей­ін­гі жастарға дәстүр сабақ­та­сты­ғын, ұрпақтар жалға­сты­ғын тап­сы­ра алма­дық. Осы сәт­тер­де «Үлкен дари­я­ны кесіп өту­ден, құдірет­ті адам­мен жау­ла­су­дан және көп­пен айт­су­дан қорық» дей­тін анам­ның сөзін еске алам. Бірақ,«қалам ұстаған қай­ыр сұра­май­ды» деп кете бер­дік. Бір­сы­пы­ра әріп­те­стер жаңа коман­да­ны үйрет­кен­ше, алты айдан бір жыл­дай «қол­ба­ла» қыз­метін атқарды.

Соны­мен, 2002 жыл­дың 14 қаңта­рын­да біз тобы­мы­з­бен ата-ана­мы­здың үйін­дей болған қара шаңы­раққа қарай­лай-қарай­лай кете бер­дік. Кетіп бара жатып, көз­де жас, кеуде­де өксік тұр­ды. Кеше жел­тоқ­сан­да жыла­ма­дық. Бүгін неге егіл­дім? Бұл туған үйдей болған Қазақ теле­ди­да­рын, қызда­ры­мыз бой­жетіп, жігіт­тері­міз аза­мат ата­нып, бізді экран арқы­лы мил­ли­он­дарға таны­тқан, қолы­мы­здан жетек­теп, телекәсіп­ті үйрет­кен аға-апа­лар, бір­ге жүр­ген әріп­те­стер­ді қимау шығар. Әлде, өз басы­мы­зды ата заң­да жазы­лған құқы­ғы­мы­зды қорғай алмаған санаға сің­ген құл­дық, күңдік пси­хо­ло­гия – бей­ша­ра түрі­міз­ге деген шара­сыздық ыза­сы ма?

Менің «Абай.кз» пор­та­лы­на жазған мақа­лам 13 жыл­дан бері жан­ды жеген осы сұрақтар төңіре­гін­де еді.

– Иә, өзіңіз суы­ғы­на тоңып, ысты­ғы­на күй­ген теле­ди­да­ры­ңыз Жел­тоқ­сан­нан қалған арда­гер­лер­ге осы­лай­ша «қамқор­лық» жасаған екен. Оқа­сы жоқ, апай, бұл әділет­сіздік­тің де бір баға­сы берілер кез туар. Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет! Аман болыңыз!

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

 

 

Республиканский еженедельник онлайн