Четверг , 3 июля 2025

ИГІЛІК ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚӘЛЕМДІК АРПАЛЫС

Игілік пен зұлым­ды­қты ажы­ра­ту – үлкен дана­лық.   Сократ

Фило­со­фия ілі­мі ақиқат­тың есі­гін аша­ды, қоға­ми құбы­лы­стар­дың шынайы көрінісін көз алды­мы­зға әке­леді деген айқын қағи­датқа сүй­ене оты­рып, біздің аса күр­делі, тыным­сыз да маза­сыз дәуірі­міз­де әлем­де­гі әрбір адам үшін «игілік пен зұлым­дық» (қара­пай­ым түсінік­те – «жақ­сы­лық пен жаман­дық») ұғым­да­ры­ның шынайы мағы­на­сын түсініп, жадын­да сақтап, әрдай­ым оң шешім қабыл­дап, дұрыс іс-әре­кет жаса­уы өте маңы­зды. Өйт­кені қазір­гі дүр­бе­лең замат­та сана­лы пен­дені алаң­да­та­тын ең басты сұрақ: «Жер бетін­де­гі адам­зат із-түз­сіз жой­ы­лып кете ме?!». Иә, бұл жал­пы жаһан­дық аса өзек­ті мәсе­ле бүгін­гі әлем­дік қоғам­ның күн тәр­тібі­нен түс­пей келеді. Олар­дың ең қауіп­тісі – ядро­лық соғы­стың апат­ты оты­ның кенет­тен тұта­ну мүмкіндігі!

Бұл қауіп аме­ри­кан­дық бедел­ді басы­лым сарап­шы­ла­ры­ның (Bulletin of Atomic Scientists) болжа­мы бой­ын­ша соңғы уақыт­тағы ең жоға­ры көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі ретін­де баға­ла­на­ды. Укра­и­на­дағы, Таяу Шығы­стағы және оны­мен бір­ге жүретін халы­қа­ра­лық шие­леніс ядро­лық қару­ды қол­да­ну­дың мүм­кін­ді­гін бұрын-соң­ды бол­маған­дай жақын­да­та­ды («Әлдебір адам­дар зұлым­дық жасай­ды, бірақ кей­біре­улер оны көре тұра, қар­сы ештеңе жаса­уға тал­пын­бай­ды». Аль­берт Эйн­штейн). Өкініш­ке орай, бұл жап­пай қырып-жою қаруы жақ­сы­лық пен жаман­дық тура­лы әртүр­лі түсінік­тері бар жеке адам­дар­дың қолын­да. Сон­ды­қтан адам­заттың бола­шағы­на қазір­гі бар­лық төніп тұрған қауіп-қатер­лер­ден (жап­пай қырып-жою қару­ла­рын қол­да­ну, әске­ри қақты­ғы­стар­дың көбе­юі, халы­қа­ра­лық тер­ро­ризм, кли­мат­тың күрт өзге­руі және ғылы­ми про­гре­стің кері сал­дар­ла­ры) қорғап қалу мәсе­ле­лері сана­лы да бел­сен­ді пен­денің басты пары­зы екені анық. Әлем­де адам өмірі­нен артық асыл құн­ды­лық жоқ!

Соны­мен қатар Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның (БҰҰ) бас хат­шы­сы Анто­ниу Гутер­риштің пікірін­ше, адам­за­тқа төніп тұрған қауіп­тің тағы бірі – «қоғам негізін бүл­діретін теңсіздік­тің өсуі». Тиісін­ше, бұл тақы­рып­тың про­бле­ма­сы бұрын-соң­ды бол­маған­дай маңы­зды. Озық ақыл-ой өкіл­дерінің «игілік пен зұлым­дық» ұғы­мын түсі­ну­ге деген ұмты­лы­ста­ры фило­со­фи­я­ның мәң­гілік мәсе­ле­леріне айналған. «Игілік пен зұлым­дық» фило­со­фи­я­сы өте жау­ап­ты ғылы­ми көзқа­рас пен терең ойла­уды қажет ететін маңы­зды зерт­теу сала­сы болып қала бер­мек. Бұл мәсе­лені мұқи­ят түсі­ну әр ада­мға адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар­дың табиға­тын жақ­сы ұғы­нуға, сана­лы эти­ка­лық шешім­дер қабыл­да­уға, болып жатқан әле­умет­тік про­це­стер мен өткен­нің тари­хи оқиға­ла­рын дұрыс баға­ла­у­ға ұмты­луға көмек­те­седі. Ең басты­сы – әрбір пен­дені жақ­сы істер­ге ынта­лан­ды­ра­ды. Өйт­кені әділ ой-пай­ым­дар, ақы­лға қоным­ды шешім­дер мен игі істер шынайы оң тілек­ті, ақни­ет­ті адам­ның бол­мысын құрап, Ұлы Абай арман­даған «толық адам» кел­бетін қалып­та­сты­ра­ды. «Толық адам» ғана ізгілік­ті істер­дің баста­у­шы­сы болып, ел игілі­гіне бағыт­талған жасам­паз­дық шара­лар­ды жүзе­ге асы­ра ала­ды. Қазір­гі қаһар­ма­ны­мыз – әр сала­дағы ыры­зды­қты мате­ри­ал­ды және руха­ни дәу­леті­мізді есе­лен­діретін, Ота­ны­мы­здың мүд­десін қорғай­тын пат­ри­от, ұлт­жан­ды жасам­паз заман­да­сы­мыз болуы хақ.

Адам­заттың күр­делі қоға­ми, әле­умет­тік даму тарихын­да, қара­пай­ым күй­бең тір­лік­те бол­сын «игілік пен зұлым­дық» арақа­ты­на­сы үзіл­мес шытыр­ман, шие­леніс­кен құбы­лыс екені анық. «Игілік» (жақ­сы­лық) – фило­со­фи­я­лық ойдың негіз­гі ұғым­да­ры­ның бірі болып табы­ла­ды және адам­ның руха­ни иерар­хи­я­сын­дағы ең жоға­ры құн­ды­лы­қтар­дың бірі ретін­де таны­ла­ды. Тарихқа дей­ін­гі көз­ге шалын­бай­тын ықы­лым замат­тар­да адам­дар «жақ­сы­лық пен жаман­дық» түсіні­гін өздерін­ше пай­ым­даға­нын тек болжа­уға бола­ды. Бұл түсінік­тер ғасыр­лар бойы бір­те-бір­те жетіл­ме­се, олар­дың сана­сы­ның дамуы екіта­лай болар еді. Кей­інірек бір­ша­ма ойшыл­дар бұл түсінік­тер­ді сара­лау, тал­дау, сана­лы түр­де жетіл­діру­ге үлкен үлес қосқан. Бұлар ежел­гі грек фило­со­фы Сократ (б.з.д. 469–399), Ари­сто­тель (б.з.д. 384–322 жж.), Еуро­па­лық ағар­ту­шы­лық ойшыл­дар Томас Мор (1478–1535), Жан-Жак Рус­со (1712–1778); олар­дың кей­ін­гі буы­ны Томас Гоббс (1588–1679), Ник­ко­ло Макиа­вел­ли (1469–1527); неміс фило­со­фы Имма­ну­ил Кант (1724–1804), неміс клас­си­ка­лық фило­со­фи­я­сы­ның негізін қала­у­шы­лар­дың бірі Фри­дрих Гегель (1770–1831). Бұл тақы­рып­ты тал­да­уға марк­си­стер де өз үлесін қосқан. Осы­ған бай­ла­ны­сты жақ­сы­лық пен жаман­ды­қты түсі­ну­де шата­су­лар жиі кез­де­седі («Жақ­сы­лық пен жаман­дық тура­лы иде­я­лар халық ара­сын­да ғасыр­дан-ғасы­рға дей­ін өзгер­гені сон­ша, олар көбі­не­се бір-біріне тіке­лей қай­шы келеді». Ф. Энгельс).

Біздің әйгілі жер­лесі­міз, Шығы­стың ұлы ойшы­лы, энцик­ло­пе­ди­я­лық білім иесі, әлем­нің екін­ші ұста­зы сана­ла­тын жан-жақты білім­дар ғалым Әбу Насыр Әл-Фара­бидің (870–950) ең маңы­зды фило­со­фи­я­лық иде­я­сы – адам­дар өза­ра бей­біт­шілік­ті сақта­уы керекті­гі. Тек осы жағ­дай­да ғана олар шынайы бақы­тқа, жал­пы­ға бір­дей мей­ірім­ділік­ке, шынайы шын­ды­ққа қол жет­кі­зе ала­ды. Бұл рет­те Әл-Фара­би «ақиқатқа апа­рар жол – ақы­лға сүй­е­ну» екен­ді­гін көр­се­те оты­рып, адам­ның іс-әре­кетін­де­гі ақы­лға басым­дық береді. Дүни­е­ге кел­ген адам тек адам­гер­шілік бей­ім­ділік­ке ие бола­ды. Кей­ін­нен бұл бей­ім­ділік­ті адам­гер­шілік әре­кет­тер­ді жасау үшін дамы­ту керек. Ол: «Жаман мінез – бұл пси­хи­ка­лық ауру», – деді. Ғалым­ның мына ойла­ры­ның маңы­зды­лы­ғын ерекше атап өткен жөн: «Сая­си қай­рат­кер­лер қала тұрғын­да­рын жақ­сы­лық жаса­уға дағ­ды­лан­ды­ру арқы­лы жақ­сы ете­ді». Осы­лай­ша күш-жігер адам­дар­дың игі істер жасау әдетін қалып­та­сты­руға бағыт­та­луы керек. Әл-Фара­би адам­гер­шілік іс-әре­кет­ке дағ­ды­ла­ну­ды ұсы­на­ды. Ол өзінің көп­те­ген шығар­ма­ла­рын­да шығар­ма­шы­лы­қты адам­дар­дың бақы­ты үшін пай­да­лы игілік­тер жаса­у­мен бай­ла­ны­сты іс-әре­кет ретін­де түсі­ну­ге жақын­да­та­ды, оның негіз­гі мақ­са­ты – асыл адам­гер­шілік­ті қалып­та­сты­ру еді.

Қаза­қтың ұлы ақы­ны және ойшы­лы Абай (Ибра­гим) Құнан­ба­ев (1845–1904) адам­ның тағ­ды­рын түсі­ну мәсе­лесіне ерекше мән бер­ді. Абай халы­қты жал­пы­ға бір­дей ағар­туға, ғылым жетістік­терін қол­да­нуға және әлем­ді тануға шақыр­ды («Сен де бір кір­піш – дүни­е­ге, /Кетігің тап та, бар қалан!»). Абай әлем­ді тану адам­ның табиғи қажет­тілі­гі деп есеп­те­ді, сон­ды­қтан ол бүгін­ге, өткен­ге және бола­шаққа қызы­ғу­шы­лық таны­туы керек. Абай адам­дар­ды қор­ла­у­ға жол бер­мей­тін табиғи теңдік иде­я­сын біл­дір­ді, гума­низм иде­я­ла­рын, бар­лық игі істер жасау қажет­тілі­гін үне­мі наси­хат­та­ды. Абай «өзіңе шын жүрек­ті тәр­би­е­леу үшін мей­ірім­ді бол», – деп шақы­ра­ды. Абай «бар­лық жақ­сы­лық – мей­ірім­ділік, қара­пай­ым­ды­лық, әділ­дік, жау­ап­ты­лық» жүрек­тен шыға­ды деп есеп­те­ді. Егер жүрек таза бол­са, онда адам­дар ара­сын­да реніш бол­май­ды, адам­дар жылан сияқты зұлым­ды­қтан аулақ бола­ды. Абай­дың пікірін­ше, «толы­ққан­ды адам» («толық адам») болу – адам өмірінің мәні мен мақ­са­ты. Бұған «ақыл­дың, батыл­ды­қтың және жүрек­тің» өзгер­мей­тін бір­лі­гі арқы­лы қол жет­кізу­ге бола­ды. Бұл рет­те жүрек­ке жетек­ші рөл беріледі. Абай таным­дық үдерісте­гі ақыл-ойдың рөлін қарас­ты­ра оты­рып, ақыл біз­ге өмір­дің мәнін білу­ге мүм­кін­дік береді, ал ерік-жігер адам­дар­ды түр­лі іс-әре­кет­тер жаса­уға жете­лей­ді деп санай­ды. Абай ұрпақта­ры үшін мына мәні зор ой-пай­ым­ды қал­дыр­ды: «Тегін­де, адам бала­сы адам бала­сы­нан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәр­се­лер­мен озбақ. Онан басқа нәр­се­ме­нен оздым ғой демек­тің бәрі де – ақымақтық».

Қазір­гі дүр­бе­лең заман­да Қаза­қстан үшін көр­шілес екі алпа­уыт дер­жа­ва­лар – Ресей мен Қытай мем­ле­кет­тері­мен адал да тату көр­шілік қарым-қаты­на­сты сақта­удың маңы­зы зор екенін атап өтуі­міз үлкен парыз. Тари­хи тұрғы­дан алған­да, ғасыр­лар бойы Қаза­қстан мен қаза­қтар­ды Ресей мен Қытай қатыг­ез моңғол жау­лап алушы­ла­ры­мен сәй­кестен­ді­ру­лерінің сал­да­ры­нан қаза­қтар ғасыр­лар бойы орыс-қытай үшін жауыз жау­лар­дың «ұрпақта­ры» ретін­де олар­дың тарап­та­ры­нан қырғы­нға ұшы­рап, ғасыр­лар бойы зардап шек­кенін мой­ын­дау керек. Шын­ды­ққа жүгін­сек, Шыңғыс хан әскер­лерінің жой­қын шабуы­лы­нан қазір­гі Қаза­қстан аумағын мекен­де­ген түр­кі тай­па­ла­ры (қаза­қтар), оры­стар мен қытай­лар орас­ан зардап шек­ті (ака­де­ми­к­тер Ә.Марғұлан, М. Қозы­ба­ев және т.б. еңбек­терін қараңыз). Моңғол жау­лап алушы­ла­ры елі­міз­де­гі жүз­де­ген гүл­ден­ген қала­лар­ды қира­тып, өртеп жібер­ді, алды­мен тонау мен қор­ла­у­ға ұшы­раған мил­ли­он­даған бей­біт тұрғын­дар­ды жой­ды. Осы­лай­ша Қаза­қстан аумағы Шыңғыс хан­ның ұлда­ры – Жошы мен Өге­дей­дің ұлы­ста­ры­ның құра­мы­на енді. Кей­ін­гі бір­не­ше ғасыр­лар бойы Қаза­қстан­ды 85 хан басқар­ды, бірақ бар­лы­ғы Шыңғыс хан­ның ұрпақта­ры (чин­ги­зид, төре­лер) еді. Хандар­дың ешқай­сысы да бұл бай­тақ ұланғай­ыр жер «Қаза­қтар елі» деп жари­я­лаған жоқ. Шыңғыс хан мен оның ұрпақта­ры жеті ғасыр бойы қаза­қтар­дың тір­лі­гін жан-жақты даму­дан ада етіп, қара­пай­ым көшпен­ділер тығы­ры­ғы­на тіреді. Осы ғасыр­лар­да елі­міз ғалым­дар мен сая­хат­шы­лар тара­пы­нан тоқы­рау мен жабайы кезең­дер ретін­де сипаттал­ды: қала­лар салын­баған, ғылым дамы­м­аған, мәде­ни­ет өркен­де­ме­ген және т.б. Сон­ды­қтан да сол дәуір­де Қаза­қстан аумағы «Жабайы орда» деп аталды.

Ғалым Шоқан Уали­ха­нов өзі төре (чин­ги­зид) тұқы­мы­нан бол­са да, тари­хи шын­ды­ққа жүгін­ген. Шоқан жаз­ба­ла­ры бой­ын­ша, Абы­лай хан өз ұрпақта­ры­на «қазақ рула­ры­ның дүр­да­раз­ды­ғын қоз­ды­рып оты­ру» Шыңғыс хан­нан бастау алған хан билі­гінің тұрақты­лы­ғы мен берік­тілі­гіне тірек­ті желеу бола­тын­ды­ғын өси­ет еткен. Қан­дай залым сая­сат десеңіз­ші! Осы­ған орай біз кім­дер­ді ұлы­қтап жүр­гені­мізді біле­міз бе?! Ал Шоқан­ның баба­сы Шыңғыс хан көп­те­ген елдер­де мил­ли­он­даған жазы­қ­сыз адам­дар­дың қанын төгіп, мың­даған қала­лар мен ауыл­дар­ды қиратқан қатыг­ез жауыз ретін­де таны­ла­ды. Алай­да Қаза­қстан­да осы айқын шын­ды­ққа қара­ма­стан, зұлым Шыңғыс хан мен оның ұлда­ры­ның есі­мін иде­а­ли­за­ци­я­лау және ұлы­қтау про­цесі бұрын­нан жүріп келеді. Жеке­ле­ген пен­де­лер Шыңғыс хан­ның қазақ екенін аса бір құл­шы­ны­спен дәлел­де­у­ге тыры­са­ды. «Күлей­ік пе, жылай­ық па?!» деген осын­дай­да айты­лған болар. Ол қазақ емес, қазақ бол­май­ды да: бұл – бұл­жы­мас тари­хи ақиқат. Тіп­ті ол мың жер­ден қазақ бол­са да, жауы­зды қаһар­ман ету – күнәнің ең үлкені екені анық.

Қазір елі­міз­де оның ұлы Жошы қай­ы­рым­ды жан ретін­де құр­мет­те­леді: кей­бір пен­де­лер оның қабіріне табы­на­ды (ал ғалым­дар Жошы­ның аты­мен ата­ла­тын кесе­не­де оның сүй­е­гі жат­паған­ды­ғы тура­лы аны­қта­ма беру­де): оған үлкен ескерт­кі­ш­тер қой­ы­лып, оның есі­мі­мен көше­лер ата­лып, оған сал­та­нат­ты іс-шара­лар арна­лып жатқа­ны өкіні­шті де күл­кілі. Оны жұрт «Жошы хан» деп атай­ды, бірақ Шыңғыс хан­ның көзі тірі кезін­де одан басқа адам хан атал­май­тын­ды­ғы анық: бір мем­ле­кет­ті екі хан биле­уі мүм­кін емес, өйт­кені бұл – нон­сенс. Өздеріңіз білетін­дей, Жошы әкесі­нен бұрын қай­тыс болған.

Соны­мен, игілік қай­да, зұлым­дық қай­да? Ақыл-есі дұрыс адам жауыз Гит­лер мен оның жақ­та­ста­ры­на құр­мет көр­сетіп, ескерт­кі­ш­тер қоя ала ма? Жоқ, әрине. Гит­лер­ге арналған ескерт­кі­ш­тер тіп­ті Гер­ма­ни­яда да түп-тұяқа­ны қал­ды­рыл­май жой­ы­лған. Адам­зат жадын­да фашист және нацист Гит­лер ең қаны­пе­зер зұлым­дар­дың бірі болып қала береді. 1945 жылы мили­та­ри­стік фаши­стік Гер­ма­ния ақы­ры жеңіл­ді. Бас наци­стік қыл­мыс­кер­лер­ге үкім шыға­ры­лған­нан кей­ін, халы­қа­ра­лық әске­ри три­бу­нал (Нюрн­берг про­цесі) агрес­си­я­ны халы­қа­ра­лық сипаттағы ең ауыр қыл­мыс деп таны­ды. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 12-бабы­ның 5‑тармағында: «Адам­ның және аза­мат­тың өз құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын жүзе­ге асы­руы басқа адам­дар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын бұз­ба­уға, кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лыс пен қоғам­дық иман­ды­лы­ққа нұқ­сан кел­тір­ме­у­ге тиіс» деп жазы­лған. Тіп­ті ҚР Қыл­мыстық кодексінің 161-бабы­на сай: «1. Басқын­шы­лық соғы­сты тұтан­ды­руға наси­хат жүр­гi­зу неме­се жария түр­де шақы­ру – бес жылға дей­iн­гi мерзiм­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға жаза­ла­на­ды. 2. Масс-меди­а­ны, теле­ком­му­ни­ка­ция желілерін неме­се онлайн-плат­фор­ма­лар­ды пай­да­ла­на оты­рып жасалған, не жау­ап­ты мем­ле­кет­тік лау­а­зым­ды атқа­ра­тын лау­а­зым­ды адам жасаған дәл сол іс-әре­кет – бел­гiлi бiр лау­а­зым­дар­ды атқа­ру неме­се бел­гiлi бiр қыз­мет­пен айна­лы­су құқы­ғы­нан үш жылға дей­ін­гі мерзім­ге айы­ра оты­рып, үш жыл­дан жеті жылға дей­ін­гі мерзім­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға жазаланады».

Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошы­ның әсі­ре зұлым­дық жасаған­ды­қта­ры­на қара­ма­стан, олар­дың басқын­шы­лық «ерлік­терін» дәріп­теу, наси­хат­тау қол­да­ны­стағы заңға қай­шы, игілік­ке нұқ­сан кел­ті­ру және қоғам­дағы бей­біт­сүй­гі­штік­ке жат­пай­ды. Шыңғыс хан­ның билі­гі адам­зат тарихын­дағы ең қатыг­ез болға­ны бел­гілі: ол 40 мил­ли­он­нан астам адам­ды жой­ып, жау­ла­ры­ның көз­дері мен құлақта­ры­на балқы­ты­лған қорға­сын құй­ып, жеңістерін тірі қар­сы­ла­ста­ры­ның дене­лерін­де атап өткен. Сон­да қан­ды­қол жау­лап алушы Шыңғыс хан мен оның ұлда­ры­ның Гит­лер­ден айыр­ма­шы­лы­ғы неде? Көріп оты­рға­ны­ңы­здай, айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ! Бұл бұл­тарт­пас айғақ. Егер Қаза­қстан­дағы халы­қтар­дың бір бөлі­гі жауыз Шыңғыс ханды, Жошы мен ізба­сар­ла­ры­на табын­са, сон­дай-ақ олар­дың басқын­шы­лық қыл­мыстық әре­кет­терін дұрыс деп сана­са, онда кез кел­ген елдің кез кел­ген әділет­сіз басып алуын, әске­ри әре­кет­терін қол­дау деп түсі­ну емес пе?!

Негіз­гі заң­ның 20-бабы­ның 3‑тармағында: «Рес­пуб­ли­ка­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­сын күш­теп өзгер­туді, оның тұта­сты­ғын бұзу­ды, мем­ле­кет қауіп­сізді­гіне нұқ­сан кел­тіруді, соғы­сты, әле­умет­тік, нәсіл­дік, ұлт­тық, діни, тек­тік-топ­тық және рулық астам­шы­лы­қты, сон­дай-ақ қатыг­ездік пен зор­лық-зомбы­лы­ққа бас ұру­ды наси­хат­та­уға неме­се үгіт­те­у­ге жол беріл­мей­ді», – деп көр­сетіл­ген. Шыңғыс хан­мен оның ұрпақта­ры бұрын-соң­ды бол­маған қатыг­ездік пен басқа халы­қтарға шексіз зор­лық-зомбы­лық жасаған (Қані­шер қаһар­лы хан ашуы көп,/Атағынан қорқа­ды жұрт қай­ғы жеп./Сол күн­де қоше­мет­ші айта­ды екен,/Ханның ханы, пат­ша­ның пат­ша­сы деп». Абай. «Ескен­дір» поэ­ма­сы). Бұл зұлым­дық сипаттағы дерек сана­лы аза­мат­тар­дың бәріне түсінік­ті болуы керек («Зұлым­ды­қты жаза­ла­май­тын адам оның орын­да­луы­на ықпал ете­ді». Лео­нар­до да Вин­чи). Соны­мен қатар Қаза­қстан­да бұрын­нан келе жатқан моңғол және жоңғар басқын­шы­ла­ры­нан қалған «орда», «құры­л­тай», «хан» сөз­дері қол­да­ны­лып келеді. Бұл сөз­дер бел­гілі себеп­тер­мен қаза­қстан­дық оры­стар­дың да, Ресей оры­ста­ры­ның да, қытай­лы­қтар­дың да құлағы­на жағым­сыз, олар­ды әрдай­ым тітір­кен­діретіні анық. Бұл жағым­сыз кір­ме шетел­дік сөз­дер­ді қол­да­ну­дан бас тар­ту керек.

Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры Пет­ро­пав­ловск, Пав­ло­дар және басқа қала­лар­дың ата­у­ла­рын елі­міз­де бұры­нғы үстем құрған отар­шыл­дық қор­ла­у­шы­лар­дың «көзтүрт­кі» бел­гілері ретін­де өзгер­туді ұсы­на­ды. Бұл қала­лар орыс пат­ша­ла­ры­ның аты­мен аталға­ны бел­гілі. Ал «орыс поэ­зи­я­сы­ның күні», Ресей­дің ұлы ақы­ны А.С.Пушкин «Еркін­дік» ода­сын­да ыза­ға булы­ғып былай деп жаз­ды: «Өз билі­гіне масат­танған зұлым!/ Сені тағы­ң­мен қоса жек көремін,/ Өзің­мен бір­ге ұрпағы­ң­ның өлімін/ Қатуыл қуа­ны­шым­мен көре­мін» (Ескер­ту: аудар­ма нұсқа­сы автор­дікі). Өлеңнің мәні неде екені бәріне түсінік­ті: әділ және еркін сезім­ді ақын қатыг­ез пат­ша­ны, авто­кра­ти­я­лық билік­ті, даму­дың соңын­да қалған пат­ша­лық Ресей­ді жек көр­ді. Бұл тірі пат­шаға қар­сы батыл үнде­уі үшін А.Пушкин бір­ша­ма зардап та шек­ті. Кезін­де пат­ша билі­гіне «декаб­ри­стер» қар­сы бол­ды, оған қоса Пуга­чев, Разин, халық сар­ба­з­да­ры және басқа­лар бүлік шығар­ды. Халық сар­ба­з­да­ры пат­ша­ларға бір­не­ше рет қастан­дық жаса­ды. «Қызыл­дар» Ресей­дің соңғы пат­ша­сы Нико­лай екін­шіні отба­сы­мен бір­ге атып өлтір­ді. Осы­ларға қара­ма­стан, тек Қаза­қстан­да ғана Ресей пат­ша­ла­ры үлкен құр­мет­ке ие болған­ды­ғы – таңқа­лар­лық жайт. Әділ­дік қайда?

Осы себеп­ті біз әділ­дік­ті алды­мен өзі­міз­ден баста­уы­мыз керек. Мәсе­лен, Қаза­қстан­да 1925 жылы ескі Ақме­шіт қала­сы (Аста­на­да бұл ата­у­мен көше де бар) Қызы­лор­да деп өзгер­тіл­ді. Бұл ата­удың негізі екі сөз­ден құра­лып тұр: «қызыл» (қызыл – қатыг­ез қызыл-боль­ше­вик­тер­дің билік­ке келуі­мен бай­ла­ны­сты) және «орда» (моңғол тілін­де – став­ка, хан орны­ққан орын, мекен). Бұл ежел­ден келе жатқан келе­келі жағ­дай. Қала ата­уын­да, түп­кілік­ті мағы­на­сы­на қара­ма­стан, екі түр­лі қатыг­ез дәуір­лер­дің анта­го­низ­мі «үйлесім» тауып тұр. Бұл дұрыс емес. Бұры­нғы Ақме­шіт қала­сы­ның ата­уын қай­та­руға неме­се оның атын Қорқыт-Ата деп өзгер­ту­ге ешкім­нің дәті бар­май ма? Ұят екен! Ал Қаза­қстан­дағы қазір­гі кей­бір қала­лар ата­у­ла­рын өзгерт­се, қаси­ет­ті Ата­ме­кен (Отан) сөзі­мен тама­ша үйлесі­мін табар еді, мыса­лы: Ақмол-Ата (қазір­гі Аста­на), Әулие-Ата (қазір­гі Тараз), Алма-Ата (қазір­гі Алма­ты), Қорқыт-Ата (қазір­гі Қызы­лор­да). Бұл шара­лар­дың ең еле­улісі мен маңы­зы – елді мекен­дер­дің ұсы­ны­лы­нған­дай төл ата­у­ла­ры қаза­қтың ұшы-қиыр­сыз киелі Ұлы Дала­сы­ның мызғы­мас берік­ті­гі мен тари­хи тұрақты­лы­ғын жаһанға паш етіп тұрған­ды­ғы. Қаза­қи мәң­гілік бұзыл­мас, ешқа­шан бұр­ма­лан­бас ата­у­лар деп осы­лар­ды айтуға болады.

Соны­мен, қоры­тып айтар бол­сақ, қай­ыр­лы игілік пен айқын әділет­тілік үшін зұлым­дық-жаман­ды­қ­пен күн­делік­ті күре­су май­да­нын­да сана­лы аза­мат алды­ңғы сап­та болға­ны абзал.

Нақы­п­бек СӘДУАҚАСТЕГІ, заң­гер-құқы­қта­ну­шы, публицист

Республиканский еженедельник онлайн