Четверг , 3 июля 2025

ҒАЛАМДЫҚ ҚАҚТЫҒЫС ҚАУПІ

неме­се ӘЛЕМ ЕЛДЕРІН СОҒЫСҚА ТАРТУДЫҢ ЫҚТИМАЛ ОШАҚТАРЫ

Ресей Орта­лық Азия елдерін­де­гі әске­ри ықпа­лы­нан айы­ры­лғы­сы жоқ. Бүгiн­гi таң­да ол бұл аймақтағы өзiн қорға­уға дәр­мен­сiз елдер­ді ақпа­рат­тық нөпiр­дiң күшi­мен өз дегеніне көн­діретін стра­те­ги­я­лық алаңға айнал­ды­ру iсiн қарқын­ды жүр­гізіп отыр. Қазір­гі күні Қаза­қстан­да Ресей­дің 7 поли­го­ны бар, ең ірісі – Сары-Шаған поли­гон кешені. Оның басқа­ру орта­лы­ғы При­озерск қала­сын­да орна­ласқан, аумағы Ақтө­бе, Қызы­лор­да, Жам­был және Қараған­ды облы­ста­рын алып жатыр. Батыс Қаза­қстан облы­сы, Аты­рау және Ақтө­бе облы­ста­рын­да «Азғыр», «929-шы ГЛИЦ», «Капу­стин Яр», «Ашу­лук», «Жем» поли­гон­да­ры, сон­дай-ақ «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы бар.

ОРТА АЗИЯ

Ашы­ғын айту керек, біз­де­гі орыс поли­гон­да­ры – қазiр­гi таң­да ұлт­тық қауiп­сiздiк­ке қатер төн­дiретiн, Қаза­қстан­ды, Орта Азия мем­ле­кет­терін бұғат­тап ұстап оты­ру­дың құра­лы. Бұл фак­тор­лар­дың өзi оры­стың гео­ст­ра­те­ги­я­лық мүд­десі­нен туын­дай­тын так­ти­ка­лық қадам­дар екенi айқын көрiнiп тұр. Қаза­қстан­дағы орыс поли­гон­да­ры шын мәнiн­де аймақтағы әске­ри күш-қуа­ты тым басым – асим­мет­ри­я­лық соғы­стың (әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық теңсіздік жағ­дай­ын­дағы) басты құра­лы­на айна­лып отыр.

Сон­дай-ақ Ресей поли­гон­да­ры Путин үшін боры­шқа бел­ше­ден батқан Қаза­қстан­ды ұлт­тық дер­бес­тiк­тен айы­ру­дың алғы шар­ты. Оры­сқа тәу­ел­ділік, бар­лық өндірісін оры­сқа өткі­зу қазір­дің өзін­де қарқын­ды жүріп жатыр. Поли­гон­дар – өздерiне қолай­лы жағ­дай­ды қалып­та­сты­ру үшiн іштен сан қилы «сая­си-эко­но­ми­ка­лық аху­ал­ды жаса­уға», «қысым көр­се­ту­ге», қажет бол­са аймақта «билік төң­керістерін» жаса­уға арналған қару­лы күш­тер болып сана­ла­ды. Осы күш­тер Ресей инве­стор­ла­ры­ның Орта Азия мем­ле­кет­терінің стра­те­ги­я­лық нысан­да­ры­на ие болуы­на да жағ­дай тудырады.

Ең қауіп­тісі – бұл поли­гон­дар Қаза­қстан­ды соғы­сқа тар­ту­дың бір­ден-бір ықти­мал ошақта­ры. Соңғы кез­де Ресей­дің біраз мұнай өңдеу зауыт­та­рын (НПЗ) Укра­ин дрон­да­ры жой­ып жібер­гені бел­гілі. Ресей оның орнын Қаза­қстан­ның мұнай өңдеу зауыт­та­рын өз мен­ші­гіне алу­мен алма­сты­ру­да. Егер Ресей­дің әске­ри тех­ни­ка­ла­рын қам­та­ма­сыз етіп оты­рған біз­де­гі мұнай өңдеу зауыт­та­ры Укра­и­на дрон­да­ры­ның шабуы­лы­на ұшы­рар бол­са (ондай жау­ап әре­кет әбден болуы мүм­кін), «қорға­ну мақ­са­тын­да» деген желе­умен Путин Қаза­қстан поли­гон­да­рын­дағы зымы­ран­дар­ды іске қоса­ры, сар­ба­з­да­рын сапқа тұрғы­за­ры анық. ОДКБ жарғы­сы­на сәй­кес, одаққа мүше елдер үшін бұл «сыр­тқы агрес­си­ядан қорға­ну» болып қабыл­да­на­ды. Путин­ге кере­гі де осы – жау­ап ретін­де қазақ жерін­де­гі бар­лық оқтұм­сы­қта­рын бір­ден соғы­сқа қоса­ды. Бұл өз кезе­гін­де ОДКБ-ға мүше Қаза­қстан, Қырғыз­стан, Тәжік­стан­ды, бүкіл Орта Азия елдерін соғы­сқа аран­да­та­ды. Бұған Еуро­па елдері мен АҚШ, біз­де­гі өз мен­ші­гін қорғау үшін Қытай да тар­ты­луы әбден мүмкін.

РФ мен АҚШ ара­сын­дағы келіс­сөз­дер ауыр жүріп жатыр. Трамп Зелен­ский­ден Путин сұраған шека­ра­лық облы­стар­ды Ресей­ге беру тала­бы­мен келі­суді сұрай­ды. Бұған Зелен­ский ешқа­шан бар­май­ты­нын біле тұра, Трамп оры­стың сөзін сөй­лей­ді. Трамп­тың мұны­сы бітім­ге кел­ті­ру емес, керісін­ше, жағ­дай­ды ушы­қты­ру. Reuters «Пере­го­во­ры РФ и США зашли в тупик: Рос­сия отка­за­лась при­нять пред­ло­же­ния США по пре­кра­ще­нию вой­ны в Укра­ине «в нынеш­нем виде», чего и сле­до­ва­ло ожи­дать. По дан­ным всех раз­ве­док Рос­сия не соби­ра­ет­ся оста­нав­ли­вать­ся!» – деген хабар тарат­ты. Путин­нің рай­ы­нан қай­тар түрі көрінбейді.

ТАЛИБАН ФАКТОРЫ

Осы орай­да Ауған­стан­дағы біз үшін лан­кест­ік ұйым сана­ла­тын Тали­бан фак­то­рын да наза­рдан тыс қал­дыр­маға­ны­мыз жөн. 2024 жылы жел­тоқ­сан­да Дума заң қабыл­дап, соның негізін­де бас про­ку­рор талап арыз түсіріп, РФ Жоғарғы соты Тали­бан қозға­лы­сын лан­кест­ік ұйым тізі­мі­нен шыға­рып тастаға­ны бел­гілі. Көп ұза­май заңға Путин қол қой­ып, Тали­бан үкі­меті­мен сая­си-эко­но­ми­ка­лық одақ құруға ниеті барын біл­дір­ді. Мұны­сын: «Біз үшін Ауған­стан­мен сауда-эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­сты дамы­ту маңы­зды және режим ұзақ мерзім­ді фак­тор», – деп түсін­дір­ді. Оған қоса Ауған тали­б­терінің құбыл­ма­лы, түсініп бол­май­тын өз сая­са­ты тағы бар. Бей­ре­сми деректер­ден бай­қаға­ны­мыз, Тали­бан қару­лы күш­тері Тәжік­стан тер­ри­то­ри­я­сы­нан әлі де бол­са үміт­ті. Тали­бан­ның Ама­нуд­дин Манс­ури есім­ді әскер бас­шы­сы­ның: «Бас­шы­мыз бұй­ыр­са, Тәжік­станға жоры­ққа атта­нуға біз дай­ын­быз», – деген бей­не­ро­ли­гі әлем­желі­де жүр.

ТАЯУ ШЫҒЫС ФАКТОРЫ

Әлем­ді шар­пуы мүм­кін тағы бір ықти­мал соғыс ошағын Гер­ма­ни­яда тұра­тын сарап­шы Алфред Кох көр­сет­ті. Ол укра­ин-орыс соғы­сы­ның аясын­да Изра­иль­дің «агрес­сор­ларға қар­сы» деген желе­умен ұлта­рақтай Газа сек­то­ры­ның бір бөлі­гін өздерінің әске­ри бақы­ла­у­ы­на алып, тер­ри­то­ри­я­сын кеңейт­кісі келетінін және бұл соғы­ста да Ресей мен Изра­иль­дің бірік­кен мүд­де­ле­сті­гі бұрын­нан барын, бәрінің баста­уын­да айтақтап тұрған үлкен күш – АҚШ деген болжам айта­ды. Қазақ сая­сат­кері Замир Кара­жа­нов: «У изра­иль­ско­го руко­вод­ства была идея, види­мо, создать какую-то авто­но­мию в сек­то­ре Газа, кото­рая будет, ска­жем, деми­ли­та­ри­зо­ва­на… Вполне воз­мож­но, что Изра­иль тоже был готов туда вкла­ды­вать день­ги… Что­бы вот такой сце­на­рий реа­ли­зо­вал­ся, но, насколь­ко видим, это­го достичь не уда­лось, ХАМАС до сих пор пока там оста­ет­ся. И вопрос этот решить очень слож­но», – деп, ол да Изра­иль укра­ин-орыс соғы­сын пай­да­ла­нып, АҚШ-тың қол­да­уы­на сүй­еніп, өз шека­ра­сын кеңейт­кісі келетінін мең­зей­ді (Tengrinews.kz 31.03.2025). Газа соғы­сын­да да Трамп Нета­нья­ху­ды үне­мі қол­дап, ХАМАС-қа қар­сы соғы­ста қосым­ша әске­ри көмек­ті тоқтатқан емес. Жуыр­да мәлім болған­дай, Изра­иль ұшақта­ры­нан қорға­на­тын, оларға қар­сы Сири­я­ның Хом­са елді мекеніне таяу әске­ри база­ға T‑4 Hisar зымы­ран­да­ры­мен қару­ланған түрік­тің әуе қорға­ны­сы күш­тері шоғыр­ла­нып жатыр (Yenisafak.com/ru, 03.02.2025). Бұл да аймақтағы аху­ал­дың қазір­гі кез­де ушы­ғып тұрға­нын көрсетеді.

МАСОНДАР

Сарап­шы Алфред Кох­тың бәрінің артын­да АҚШ тұр деген ойын өрбі­тер бол­сақ, масон­дық фило­со­фия бой­ын­ша әлем­ді бір орта­лы­қтың билі­гіне көшірер алдын­да жер бетін түр­лі жан­жал, жой­қын соғы­спен тазар­тып алу керек. Бұл үшін масон­дар қай елде бол­сын уақиға­лар­дың қай­наған қалың орта­сы­нан табы­лып, олар­ды масон­дық мақ­са­ты­на бағыт­тап, қалай­да елде тұрақ­сыздық аху­а­лын қалып­та­сты­рып оты­руы тиіс. Сон­да аздың көп­ті басқа­руы жеңіл­дей­ді. Трамп­тың өзі кеше­гі бір сөзін­де: «Таяу Шығыс деген алып құр­лы­қтағы қалам­ның (руч­ка­ның) сабын­дай ғана кіш­кен­тай Изра­иль­ге қысым­шы­лық жасай алмай­мын», – деді (Tengrinews.kz 31.03.2025). Азшы­лы­қты көп­ке қар­сы қою деген осы болар. Осы мін­дет­ке орай масон­дар үшін дүние жүзін­де­гі рефор­ма­лар мен рево­лю­ци­я­ларға, соғы­старға ара­ла­су, дем беріп оты­ру – мұрат. Бүгін­де масон­ды­қтың орда­сы – АҚШ, орын­да­у­шы­сы – Трамп десек бола­ды. Укра­ин-орыс соғы­сы­ның шие­лені­суі, ұза­ққа созы­луы да осы­ның салдары.

Бел­гілі қоғам қай­рат­кері, сая­сат­та­ну­шы А.Қадырбаева бүгін­гі ғалам­дық соғыс ошақта­ры­ның артын­да үлкен масон­дық жүйе тұрға­нын айта келіп: «Біз бір нәр­сені түсін­гені­міз жөн, Аме­ри­ка­ның қай заман­нан бер­мен қарай сыр­тқы сая­сат үшін бас­шы­лы­ққа алып оты­рға­ны – сио­нист «ғұла­ма­лар­дың» мәжіліс­на­ма­сы, яғни «Про­то­ко­лы сион­ских муд­ре­цов». Ал мем­ле­кет­тік Кон­сти­ту­ция – ішкі сая­сат үшін ғана. Сол үшін де, мей­лі, тұрақ­сыздық қай елде бол­ма­сын, оны өздері қоз­ды­рып, өздері бақы­ла­уда ұстап оты­ру­ла­ры керек. Бұл ашық мәсе­ле. Міне, масон­дық систе­ма», – дей­ді. Айсұлу­дың кел­тір­гені бұл­тарт­пас айғақ, қой­ға­ны нақты диа­гноз. Бұған ешкім дау айта алмас! Мой­ын­да­уы­мыз керек, масон­дар – қазір­гі кез­де әлем­дік даму бары­сы­на үлкен ықпал жасап оты­рған әле­умет­тік тап.

ТОҚСАН СӨЗДІҢ ТҮЙІНІ

Қысқа­сы, әлем­де қалып­тасқан қазір­гі гео­са­я­си қақты­ғы­стар­дың осы бір ықти­мал ошақта­ры­на ерекше мән бер­ген жөн. Олар – «Ресей-Укра­ин соғы­сы», «Қаза­қстан­дағы поли­гон­дар­дың соғы­сты өршіту ықти­мал­ды­ғы», «Ұста­ны­мы өзгер­мелі Тали­бан фак­то­ры», «Изра­иль-Пале­сти­на соғы­сы», екі ірі аль­янс – «АҚШ пен Еуро­па ара­сын­дағы өза­ра жан­жал­да­су», «Масон­дар». Олар­дың ара­сын­дағы кез кел­ген жан­жал ушы­ға келе, ғалам­дық қақты­ғы­сқа ұла­сып кете ме деген қауіп те жоқ емес.

Сон­ды­қтан біздің билік бұл мәсе­ле­лер­де мей­лін­ше бей­та­рап болып, «Құдай да сақтанған­ды сақтай­ды» деген­дей, елі­мізді соғыс өрті шар­пы­май­тын­дай өте сақ, әрі бай­ып­ты әре­кет еткені дұрыс!

Нұрлы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн