Пятница , 11 июля 2025

Қысым көрген марапат немесе облыс әкімін алты ай «оқытқан» Фарида

Ала­көл­ге кел­ген күні:

– Мере­ке­міз­ге дей­ін қай­тар­сың. Көз­ден кет­се, көңіл­ден кете­ді. Бәрі­міз бас қосып, атап өтей­ік, естелік­тері­мізді айтып, сағы­на­ды екен­сің, – деген еңбек дема­лы­сын­дағы әріп­те­стер­дің шақы­руы жет­ті. – Кел­ме­сең, шашы­лып жатқан мара­пат­тан құр қала­сың, – деп­ті уатсапқа.

Бұрын­да­ры ауыл­да бір әпе­ке­міз қызыл топы­лай­ын киіп, көр­се­ту­ге кел­се, апам айта­ды екен: «Ойбу­уй, бұл біз­ден қалған, баяғы­да киіп тастаған­быз» деп.

Сол апам айтқан­дай, біз­ден қалған мара­пат десей­ші. Шашыл­са, жүй­е­леніп, бір рет­ке келер, – деп жаз­дым. Күл­кі бел­гісі келді.

Мара­пат демек­ші, ол кез­де­гі мара­пат­тың жайы күлетін­дей, қуа­на­тын­дай емес еді…

2008 жылы қыр­күй­ек айын­да Пав­ло­дар облы­сы­на Бақыт­жан Сағын­та­ев әкім болып кел­ді. Мен ол кез­де «Еге­мен­нің» облы­стағы мен­шік­ті тіл­шісі едім. Бір жақ­сысы – кел­ген күні ертесіне деу­ге болар, өңір­де­гі зия­лы қауым өкіл­дерін, ақын-жазу­шы­лар­ды, жур­на­ли­стер­ді қабыл­да­уы­на шақыр­ды. Бар­дық, ойла­ры­мы­зды айт­тық, қайттық.

Айтқан ойла­ры­мыз бен бір­бет­кей, тік мінезді түрі­міз де әкім­ге аса ұна­маға­нын білдік.

Содан облы­сты ара­лап, таны­суы бастал­ды. Бір күні, 2009 жылы жаз айы, облыс әкі­мі Жүсі­п­бек Аймауы­тов атын­дағы Музы­ка­лық дра­ма теат­ры­на келді.Театр алды­на ескерт­кі­шін орна­ту жай­лы да жазып жүр­ген едік. Алға­шқы кез­де­су­ден соң, көзіне түс­пей-ақ қояй­ын деп шет­кері тұрдым.

Театр­дағы күр­делі жөн­деу жұмысының бары­сын көріп болған соң, облыс әкі­мі Бақыт­жан Сағын­та­евқа бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры өкіл­дерінің бірі Аймауы­то­вқа ескерт­кіш орна­ту жай­лы сұрап қалып еді: «Біз­де бір қалып­тасқан әдет бар, театр­дың аты қалай атал­са, сол адам­ның ескерт­кі­шін қою керек деген. Ал ертең театр басқа адам­ның аты­мен атал­са, сон­да тағы да басқа ескерт­кіш орна­та­мыз ба?» деген мағы­на­да бір­түр­лі жау­ап естідік. Бұл сөзі дик­то­фон­дарға жазы­лып, теле­ди­дар жаз­ба­сы­на түсіп қал­ды.

Біздің «Еге­мен­де» сол кез­дері «Қай­най­ды қаның», «Бір ауыз сөз», «Дат», «Айтай­ын дегенім» сияқты әр салаға арналған 200-ге жуық айдар­лар бар еді.

Сөй­тіп, «Аймақ бас­шы­сы Аймауы­то­втың кім екенін біл­мей ме?» деген шағын ғана мақа­ла «Айтай­ын дегенім» айда­ры­мен «Еге­мен­нің» бірін­ші бетіне 17 шіл­де күні шықты да кетті.

Мақа­ла шыға салы­сы­мен-ақ, әкі­мінің сол кез­де­гі бас­пасөз хат­шы­сы Пери­зат Ерта­е­ва хабар­ла­сты, қат­ты рені­шті екен. Әкім Аста­на­да, сол жақтан естіп, көріп, біліпті.

Хабар­лас­паған адам жоқ шығар, әркім әртүр­лі оймен мазам­ды ала бер­ген соң, мүл­де теле­фон­ды алмай­тын бол­дым. «Еге­мен» де үнсіз. Әзір­ге ешкім ештеңе деген жоқ. Мақа­ла­ны мен жаз­дым, «Еге­мен» шығар­ды. Газет жур­на­ли­стеріне түсінік­ті жай.

Бір күні өңір­де­гі тіл­ші­міз, өзге ұлт өкілі хабар­ла­сты. Біз Аста­на­да жүр­міз, ара­мы­зда сен жоқ­сың, айтай­ын дегенім – ол «Еге­мен­ге» кетіп­ті, – деді. Уай­ым­да­ма, бәрі жақ­сы бол­сын деп, екіұ­дай бір­деңе айтты.

Әкім­нің «Еге­мен­ге» барған-бар­маға­нын нақты біл­мей­мін, бірақ бір бәленің келе жатқа­нын іштей сездім, тіп­ті түсім­де де көр­дім. Қыз­мет­тен кет, әкім тура­лы неге жаза­сың деп ашық түр­де ештеңе болған жоқ. Бірақ шағын мақа­ла­ның салқы­ны, суық ызға­ры сезі­ле баста­ды. Әкім жай­лы жазған соң, қыз­мет­тен қуып­ты деген сөз еш газет­ке де, бас­шы­ның өзіне де, әкім­ге де абы­рой бер­месі анық. Бұл – жур­на­лист­ке жасалған қысым. Күн­делік­ті газет жұмысы, біт­пей­тін бір тап­сыр­ма­лар, жос­пар­дағы мақа­ла­лар­ды жазып, аудан­дарға жол­са­пар­лар жалға­сып, уақыт та өтіп жатты.

2009 жылы жел­тоқ­сан айын­да «Еге­мен­нің» 90 жыл­дық мере­кесін атап өту­ге Аста­наға кел­дік. Мен­шік­ті тіл­шілер жан-жақтан кел­ген, бір-бірі­мізді көріп, мәз болып қал­дық. Ертесіне бәрі де мара­пат­тан-мара­пат алып жат­ты. Менің атым атал­ма­ды. Газеті­міздің Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы бой­ын­ша мен­шік­ті тіл­шісі Өмір Есқа­ли еке­уі­міздің мара­пат­тау залы­нан шыққан беті­міз сол еді, бір жігіт келіп, «Апай, сіз­дер Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гіне бару­ла­ры­ңыз керек, шұғыл!» – деді.

Ойым­да әлгі мақа­ла. «Бұлар маған не демек? Әкім тура­лы неге бұлай жаз­ды­ңыз десе ше?» Сан түр­лі ойлар­мен мини­стр­лік­ке жеттік-ау!

Кіре бері­стен бізді сол кез­де­гі коми­тет төраға­сы Бауы­р­жан Ома­ров қар­сы алды.

– Мұх­тар Абрарұ­лы жұмыс бары­сы­мен қазір ғана Алма­ты­ға ұшып кет­ті. Сіз­дер­ді өзі­міз құт­ты­қтай­тын бол­дық. Мара­пат­та­ры­ңыз құт­ты бол­сын! – дегені.

Гүл­дерін ұсы­нып, жан-жақтан құт­ты­қтап жатыр. Қолым­дағы құжатқа қара­сам № 1933 нөмері бар, «ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің мәде­ни­ет қай­рат­кері» бел­гісі­мен мара­пат­талған» деген жазу тұр. Ата­уы басқа болға­ны­мен, заты жақ­сы бел­гі екен. Жур­на­ли­стер­ге де берілетін болған ба деп таңғалдым.

Көз­ге жас келді.

– Неге жылай­сыз? Қай­та қуан­бай­сыз ба? «Қай­рат­кер» деген атаққа ие бол­ды­ңыз! – деп жатыр бәрі.

Ал 1933 жыл – әкем марқұм­ның туған жылы еді, көк­тен маған қорған, қол­дау болып жүр ме екен­сің деп, көз­ге жас алға­ным сол еді.

Өмір еке­уі­міз мере­келік шара өтіп жатқан жер­ге қай­тып кел­дік. Біз «қай­рат­кер атан­дық» деп ешкім­ге ештеңе дей алма­дық та. Бұл жай­ын­да тіп­ті «Еге­мен­ге» де жари­я­ланған жоқ. Не қуа­на­ры­ң­ды, не жыла­ры­ң­ды біл­мей­тін сәт.

Зай­сан­дағы ана­ма хабар­ла­сып үлгердім,

– Акам-ау, көк­тен түс­кен­дей мара­пат бол­ды ғой. Алла­ның қала­у­ы­мен, әр істің бір қай­ы­ры бар деген, қызым! – деді.

Содан әрқай­сы­мыз өз өңір­лері­міз­ге қай­тар уақыт­та бас­шы­лық мен­шік­ті тіл­шілер­ді жинап, әдет­те­гі­дей жина­лыс өткізді. Жиын соңы­на қарай вице-пре­зи­дент­тер­дің жыл­дам шығып кет­кені­нен бір­ден секем алдым. Сол-ақ екен, газет бас­шы­сы: «Бұл жолы біз Пав­ло­дар облы­сын­дағы мен­шік­ті тіл­ші Фари­да Бықай­мен қошта­са­мыз» деген­де, бар­лы­ғы да тастүй­ін бір­түр­лі болып қал­ды. Аң-таң. Мере­келік қуа­ны­шты көңіл­дері су сеп­кен­дей басыл­ды. Жал­тақтап бәрі маған қарай берді.

Мен кетіп қалған соң, бар­лық мен­шік­ті тіл­шілер жина­лып, маған қол­дау көр­сетіп, газет редак­то­ры Жан­бо­лат Ауп­ба­евқа барған екен. Мұны да кей­ін естідім.

Сен­дер бары­ң­дар, сөй­тің­дер, бүй­тің­дер дей­тін­дей адам емес­пін. Ал әкім­ге «тіл тигіз­ген­нің» соңы жақ­сы емес екенін онсыз да біліп, сезіп жүр­дім. Бірақ дәл осы­лай 90 жыл­дық мере­келік басқо­су­да «қошта­са­рын» білмедім.

Тегі, әкім­ге «Фари­да Бықай қыз­мет­тен кете­ді, 2010 жылы басқа тіл­ші­мен жұмыс жасай­сыз» деп уәде беріл­ді ме екен? Бұл жағы маған бел­гісіз. Газет аппа­ра­тын­да қан­дай әңгі­ме болға­ны да маған осы күн­ге дей­ін беймәлім.

Қазір ойла­сам – қызық, қолым­да «Қаза­қстан­ның мәде­ни­ет қай­рат­кері» деген құжат пен әде­мі төс­бел­гі бар, бірақ «қыз­мет­пен қош айты­сып», пой­ы­з­бен Пав­ло­дарға қайттым.

Қол сөм­ке­ме салған мара­пат та «Қолы­ңа алып, қарап, бір қуан­ба­дың ғой!» деп рен­жіп, «қысым көретін­дей не жазы­ғым бар?» дейтіндей.

Бұл мара­пат­тың да көр­ме­гені жоқ.

– Сіз қалай алды­ңыз бұл атақты? Дереу тап­сы­ры­ңыз! Облы­ста «мәде­ни­ет қай­рат­кері» болу үшін қан­ша адам кезек­те тұрға­нын білесіз бе өзі?! – деп басқар­ма айғай­ға басты.

Мара­пат алу үшін де кезек бола­ты­нын біл­меп­пін. Бірақ апа­рып тап­сыр­ма­дым. Әде­мі өрнек­ті бел­гіні қимадым.

Пав­ло­дарға жет­кенім сол еді:

– Ауыз­ша айтыл­ды ғой, жаз­ба­ша бұй­рық шыққан жоқ, уай­ым­да­ма! Мүм­кін, әкім­ге барып кешірім сұрар­сың, рай­ы­ң­нан қайт! –деп әріп­те­стер де жан-жақтан хабар­ла­са берді.

Негізі, мен бұн­дай «хабарға» ерте дай­ын­далған едім. Заң­гер, адво­кат­тар­мен сөй­лесіп, кеңес алдым. Қай жақтан қысым барын сезген­дей, олар да «жағ­дай түсінік­ті, артық сөз­ге бар­маңыз, соңын күтелік» десті. Құжат­тар­ды қарап шықты.

Өз еркім­мен қыз­мет­тен кете­мін деп арыз жаз­ба­дым. Ешкім маған оны жаз­ды­ра да алма­ды. Айна­лам­да сан сұрақтар. Мен­шік­ті тіл­ші қыз­меті­нен кететін­дей қан­дай себеп­тер бар? Не үшін кетуім керек? Жаза­тын қан­ша мәсе­ле қалып бара­ды деп уай­ым­да­у­мен бол­дым. Қыз­мет­сіз де қал­мас едім, өзім жұмыс жасаған «Новое вре­мя» газетіне қазір бар­сам да, есік ашық екенін біл­дім. Бірақ бәріне бөгет бола­тын адам­ның туа біт­кен қай­сар­лы­ғы мен күрес­кер­лік бол­мысы­нан екен ғой. Алды­ң­ды кес-кестеп, ағы­сқа қар­сы тұрғы­зып, шың­дай­ды. Бір жағы­нан ішкі дауы­сың да жаға­ла­сып, бой бер­мей­ді. Дауыл алдын­дағы тыны­штық дей ме?!

Қаңтар­дан басталған 6 ай ара­лы­ғын­да «Еге­мен» мен әкім­дік ара­сын­да қан­дай әңгі­ме, қан­дай мәмі­ле бол­ды – мүл­де біл­мей­мін. Ол ол ма, 2010 жылы 10 ақпан­да әкім­дер­дің кез­де­суі­нен мақа­ла жазып: «Оңтүстік­тен кел­ген әкім бая­на­да­ма­сын түгел­дей орыс тілін­де жаса­ды, тым бол­ма­са бір-екі ауыз қазақ тілін­де сөй­ле­у­ге бол­май­тын ба еді?» деп, тағы да бір «шағып» алып­пын. О, тоба, өзім орға құлай­ын деп тұр­сам да, ауыз жабар түрім жоқ.

Сөй­тіп, ара­дағы бей­мәлім тыны­шты­қты әкім­дік­тің өздері бұзды.

Бір күні Сағын­та­ев­тың бас­пасөз хат­шы­сы Пери­зат Ерта­е­ва хабарласып:

– «Еге­мен­ге» әкім­мен сұх­ба­ты­ңы­зды бер­гі­міз келеді. Тез ара­да сұрақта­ры­ңы­зды жібер­сеңіз, – деді.

Өңір­дің тыныс-тір­шілі­гі мен­шік­ті тіл­шінің көз алдын­да ғой. Алма­ты­дан оқу бітіріп, жол­да­ма­мен кел­гелі, Пав­ло­дар облы­сын­да 40 жыл газет­те қыз­мет етсем, оның 20 жылы «Еге­мен­де» өтті. Бәрі көз алды­мы­зда. Сұрақтар осы мақ­сатқа сай дай­ын­дал­ды, айтқан уақы­тын­да қол­да­ры­на тиді. Ол кез­де елі­міздің бір даму кезең­дері сияқты күн­де бір зауыт ашы­лып, телекө­пір­лер­дің жиі өтетін уақы­ты. Өндірісті өңір­дің аты– өндірісті өңір. Сағын­та­ев келіп, эко­но­ми­ка­лық аймақ та ашы­лай­ын деп жатқан сәт.

Бірер күн­нен соң, әкім­нің бас­пасөз хат­шы­сы қай­та хабарласты:

– Ертең сағат 11-де әкім сізді күте­ді, – деді.

Кел­сем, әкім­нің қабыл­дау бөл­месінің алдын­да фото­тіл­ші В. Буга­ев тұр екен, еке­уі­міз сәлем­десіп, ол «сәт­тілік» деп, қолым­ды қысты. Әкім еке­умізді сурет­ке түсіру­ге шақы­ры­лған екен.

Әкім­мен бет­пе-бет келу деген осы. Аман-сәлем­нен соң, бай­қа­сам, бәрібір де салқын­дау қар­сы алды. Рені­ші көңіл­де тұрға­нын бай­қа­дым. Содан әңгі­ме бары­сын­да ғана ақы­рын­дап-ақы­рын­дап ара­мы­зда жылы­лық орнай баста­ды. Еке­уа­ра сұх­ба­ты­мы­зда біраз мәсе­ле айтыл­ды, сұрақ-жау­ап арқы­лы ойла­ры­мыз да бір арнаға тоғысты.

Әбден сұх­бат біт­кен соң барып, Аймауы­тов жай­лы жазған мақа­лаға оралдық.

– Сіз жазған­дай, расын­да да, біл­ме­ген едім, – деді де, маған қар­сы сұрақ қойды:

– Ал сіз Бекет ата­ны білесіз бе? – деді. Бекет ата­ны біл­мей, не көрін­ді маған? Тіп­ті сту­дент кезім­де Маңғы­ста­уда газет­те прак­ти­ка­дан өткенім­ді айттым.

Бақыт­жан Әбдірұ­лы Бекет ата басы­на барған­да­рын, көзіне бүр­кіт көрін­генін – бәрін де айтып берді.

– Сіздің мақа­лаңы­здан соң, уақыт тауып, 4 ай бойы Бая­на­уыл­дан шыққан бүкіл ғұла­ма­лар тура­лы оқып шықтым, – деді.

«Ұлық бол­саң – кішік бол» деген. Бір­тін­деп ара­дағы өкпе-реніш бұл­ты сей­іл­ген­дей бол­ды. Қалай болған­да да, осы кез­де­су­ден көңілім­де жылы естелік қал­ды. Бір Каз­ГУ-дің түлек­тері екені­міз тағы бар. Зия­лы қауым өкіл­дері­мен болған келесі кез­де­суі­міз де сәт­ті, ашық-жарқын фор­мат­та өтті.

Сөй­тіп, сол күн­гі сұх­бат бір бет болып, суреті­міз­бен бір­ге 2010 жылы 17 шіл­де­де «Еге­мен­ге» жари­я­лан­ды. Сол күні «алаң­сыз жұмыс жасай беріңіз» деп, маған арнайы каби­нет бергізді.

Бұл күн­дері Аймауы­тов ескерт­кі­ші көңіл­ден шық­па­са да, театр алды­нан орын алды. Рухы­мен қорғап жүреді екен. Қиын сәт­те мүл­де күт­пе­ген, ойла­маған мәр­те­белі мара­пат алдым­нан шықты. Осы күні бұл мара­пат­тың бар-жоғын біл­мей­мін, есесіне «Құр­мет» орден­ді әріп­те­стері­міз көбей­ді. Кей­бір сәт­тер­де әде­мі өрнек­ті бел­гіні қолы­ма алып қарай­мын. Қиын күн­дер­ді бір­ге жең­ген «қай­рат­кер­лік» бел­гісі! Үне­мі жазу үстелім­нің үстін­де тұрады.

Фари­да БЫҚАЙ Мәде­ни­ет қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн