Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚТАР ҚҰЛДЫҚҚА САТЫЛҒАН тарихты білеміз бе?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Ақтаң­дақтар ақиқаты

 


Қазақ отар­шыл­дық қамы­тын арқа­лай оты­рып, талай нәу­бет, қырғын-сүр­гін­ді бастан кешір­ді. Бұл халы­қтық қасірет­тер төңіре­гін­де айты­лып та, жазы­лып та жүр. Бірақ кезін­де қаза­қтар­дың құл­ды­ққа саты­лға­ны тура­лы тари­хи деректер жоқтың қасы. Мәсе­лен, кезін­де афри­ка­лық негр­лер­ді база­рға апа­рып құл есебін­де сатқа­нын бәрі­міз біл­сек, қазақ та мұн­дай жағ­дай­ды бастан кешір­ген. Олай бол­са, қазақ халқы мұны неге ұмы­туы тиіс?

 

 

Біз совет зама­нын­да сау­ат ашып, оқып-жетіл­ген, сол уақыт­та елдің қоғам­дық-әкім­шілік сала­сын­да қыз­мет атқарған аза­мат­тар Ресей импе­ри­я­сы кезін­де қаза­қтар ресми түр­де құл есебін­де саудаға салы­нға­нын біл­мек түгілі, мүл­де есті­медік, бұдан ешқан­дай хаба­ры­мыз бол­ма­ды. Мұн­дай дерек еш жер­де айтыл­ма­ды, жазыл­ма­ды. Соңғы жыл­да­ры құпия болып есеп­тел­ген архив­те­гі кей­бір мате­ри­ал­дар­дың гри­фі жой­ы­ла бастаған соң ғана мұны бір­лі-жарым зерт­те­ушілер жаза бастады.

Әдет­те кеңес кезін­де­гі қуғын-сүр­гін тура­лы сөз үне­мі 37-жыл­мен бай­ла­ны­сты­ры­ла­ды. Тарихқа «қызыл қырғын» болып енген сол уақыт, шын мәнін­де, ел басы­на төн­ген ауыр нәу­бет болға­ны рас. Алай­да бұл қай­ғы-қасірет­тің басы да, аяғы да емес еді: «қызыл­дар» мен «ақтар­дың» текетіресі­нен туын­даған ойран, қол­дан жасалған екі дүр­кін аштық, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, ұжым­да­сты­ру сер­гел­деңі, репрес­сия, Жел­тоқ­сан көтерілісі… осы зоба­лаң тола­ста­ма­ды, үздік-создық жалға­са берді.

Ал қаза­қтар бастан кеш­кен «құл сауда­сы» зоба­лаңы тура­лы не білеміз?

Мәсе­лен, 2004 жылы Алма­ты­да шыққан «Севе­ро-Казах­стан­ская область» деген энцик­ло­пе­ди­яда В.Черниковтың «Құл сауда­сы» деген мақа­ла­сы бар. Сон­дағы мәтін­нің маз­мұ­ны мына­дай: Сібір аймағын­да (бұған қазір­гі елі­міздің сол­түстік өңірі де кіреді) құл сауда­сы­мен айна­лы­су 1737 жылы оры­стың қатын пат­ша­сы Анна Иоан­нов­на­ның жар­лы­ғы­мен заң­да­сты­ры­лған екен. Қазақ халқы­ның жоңғар­лар­мен үздіксіз қақты­ғы­сы, Хиуа ханды­ғы­ның орыс иелі­гін­де­гі жер­лер мен қазақ ауыл­да­ры­на дүр­кін-дүр­кін шабуыл жаса­уы – жау­ласқан екі жақтан тұтқы­нға түсіп, құлға айналған­дар­дың санын көбей­те түсуіне себеп болған. Жұт жыл­да­ры кедей­лен­ген қазақ отба­сы­ла­ры өлім­нен құты­лу мақ­са­ты­мен бала­ла­рын құл­ды­ққа сатуға мәж­бүр болған. Кей­ін пат­ша­ның қара­мағын­да басы­бай­лы кісілері бар адам­дарға құл­дар­ды сатып алу неме­се оны тау­арға айыр­ба­стап, соңы­нан шоқын­ды­руға құқық беріл­ген. Ал орыс село­сын толы­қты­ру үшін, қазақ қызда­рын сатуға XIX ғасы­рға дей­ін рұқ­сат етілген.

Жоңғар ханды­ғы­ның күй­ре­уіне бай­ла­ны­сты құл сауда­сы күшейе түс­кен. Ірбіт база­ры ең негіз­гі ішкі сауда орны болып есеп­теліп­ті. Баға қалып­тасқан жағ­дай­ға, сұра­ны­сқа орай өзгеріп оты­рған. Мәсе­лен, жан сақтау үшін 40 жастағы әйел 12 сомға, 30-дағы ер аза­мат әйелі­мен қоса 1 ат, 1 құлы­нға (16 сом) саты­лған көрінеді.

Қазақ халқы­ның сол кез­де­гі өте ауыр жағ­дай­ын отар­ла­у­шы билік те жақ­сы біл­ген. Айта­лық, сол кез­де­гі Ресей­дің І Алек­сандр пат­ша­сы Орын­бор губер­на­то­ры Вол­кон­ский­ге жазған хатын­да (25 мамыр 1808 ж.) «Орын­бор маңын­дағы көшіп-қонып жүр­ген қаза­қтар­дың жағ­дайы өте ауыр, сон­ды­қтан олар қарақ­шы­лы­қ­пен айна­лыс­са, екін­ші­ден күн көру үшін бала­ла­рын Хиуаға апа­рып сатуға мәж­бүр» деп жазылған.

Осы­ған бай­ла­ны­сты болар, сол жылы орыс өкі­меті Ресей құзы­рын­дағы басы бос аза­мат­тарға қазақ бала­ла­рын сатып алуға неме­се айыр­ба­ста­уға құқық бер­ген. Алай­да мұн­дай құл­дар жасы 15-ке жет­кен­де бостан­ды­ққа шыға­ры­ла­тын көрі­неді. Мұның өзі сон­ша бір қатал да заң емес сияқты. Өйт­кені осы өкім жарық көр­ме­стен бұрын каз­ак­тарға, әске­ри қыз­мет­шілер және басқа да үлкен­ді-кішілі шен­ді-шек­пен­ділер­ге қаза­қтың әйел­дерін, бала­ла­рын күш­теп тар­тып алуға жол берілген.

Тіп­ті әскер­де­гі кей­бір басты­қ­сы­мақты­лар әйел­дер­ден гарем ұйым­да­сты­рып, сосын оны өз пай­да­сы­на сату­мен айна­лы­сқан. 7 жасар қыз бала – 20 тиы­нға, ер бала – 25 тиы­нға, ал үлкен­дер­дің баға­сы 10–20 сом­ның ара­сын­да саты­лған. Түсінік­ті болу үшін, салы­стыр­ма­лы баға­мен қарай­тын бол­сақ, сол кез­де қара мал­дың екі пұт еті 80 тиын, бір аттың құны 5 кез (аршын) шұға (91,5 тиын) және 4,57 сом тұра­ды екен (Цар­ская коло­ни­за­ция в Казах­стане // Алма­ты, «Рау­ан», 1995 ж.).

1819 жылы І Алек­сандр пат­ша қазақ бала­ла­рын сатуға бола­тын­ды­ғы жөнін­де тағы да заң қабыл­дай­ды. 1832 жылы жарық көр­ген А.И. Лев­шин­нің «Қырғыз-қазақ неме­се қырғыз-қай­сақ дала­ла­ры­ның сипатта­ма­сы» деген кіта­бын­да «база­рда қазақ бала­сы­ның құны 4 неме­се 5 қап тары, қыз бала­ның құны 3–4 қап тары тұра­ды, сон­да бір айдың ішін­де жүз қазақ бала­сы сатыл­ды» деп атап көрсетеді.

«Кей­бір зерт­те­ушілер орыс отар­шы­ла­ры құл сауда­сы­мен айна­лы­спа­ды, жер­гілік­ті халы­қты қыр­ма­ды, тек қана шикі­за­тын пай­да­лан­ды, қазақ елі Ресей­дің ішкі рыно­гы­на айнал­ды деген пікір­ді көл­де­нең тар­та­ды. Иә, қазақ елі тек қана шикі­зат қоры болып қой­ма­ды, егер біз про­фес­сор Фур­со­втың «Сибир­ские чте­ния» деген еңбе­гін­де (1915 ж.) айтқа­ны­на сен­сек, қазақ елі небір жексұрын отар­шы­лы­қтың түрін көр­ген, – деп жаза­ды бел­гілі тарих­шы, ака­де­мик Манаш Қозы­ба­ев аға­мыз. – Қазақ қызда­рын, әйел­дерін күң емес, жезөк­ше үйлерін­де ұстау үшін арнайы қосын жіберіп, базар­лар­да жап-жас қыздар­ды бай­лап-матап сатқа­ны сияқты отар­шы­лы­қтың небір сорақы қыл­мыста­ры көр­сетіл­ген. Қазақ дала­сы­на үзбей жіберіліп оты­рған жаза­ла­у­шы әске­ри қосын­да­ры, казак жасақта­ры, қазақ саха­ра­сын өртеп, жүз­де­ген ауыл­дар­ды тып-типыл қылып құр­тып жібер­гені архив құжат­та­рын­да қат­талған. Енде­ше қазақ саха­ра­сы отқа шар­пы­лған Вьет­нам­ның кебін ерте киген» (М.Қозыбаев. Жауды шап­тым ту бай­лап. // Алма­ты, «Қаза­қстан», 1994, 18‑б.).

Қазақ ауы­лы­ның кедей­леніп, азып-тозуы­на пат­ша үкі­метінің өзі қызу қол­дау жасап, «әске­ри бар­лау» деген құра­ма­лар­ды пай­да­ланған. Әске­ри бар­ла­удың қару­лы жасақта­ры қазақ дала­сы­ның алыс түп­кіріне жетіп, қазақ ауыл­да­рын талан-тара­жға сал­ды, мал-мүл­кін тәр­кілеп, тіп­ті бала­ла­рын да қуып, алып кетіп оты­рған. Бұған оры­стың сауда керу­ен­деріне неме­се шека­ра заста­ва­ла­ры­на қаза­қтар шабуыл жаса­ды деген ойдан шыға­ры­лған өсек-аңы­зды сыл­тау еткен. Бұл істе бар­ла­у­шы­ларға орыс пат­ша­лы­ғы­ның кей­бір жер­гілік­ті жан­дай­шап­та­ры – сұл­тан-биле­ушілері көп қамқор­лық жасап, ауыл­ды қалай тона­удың жолын, әдіс-қимы­лын қарас­ты­рып, егжей-тег­жей­лі, жан-жақты жос­па­рын жаса­уға көмектескен.

Осын­дай әске­ри жасақтар 1830 жылы бір ғана Бай­бөрі болы­сы­нан 12 мың қой, 2000 жылқы, 1500 сиыр, 700 түй­ені айдап әкет­кен. Мұны­мен қой­май, олар бала­лар мен қыздарға қия­нат-қысым жасап, олар­ды тұтқын­дап, алып кетіп, ал ере­сек ер-аза­мат­тар­ды қырып-жой­ған. 1838 жылы сұл­тан Қоңыр Құл­жа мен екі орыс офи­цері Көшек Қасы­мов ауы­лы­ның тоз-тозын шыға­рып, 21 қыз бала мен 8 әйел­ді күш­теп әкет­кен, 25 ер аза­мат­ты өлтіріп, 80 адам­ды түр­ме­ге жапқан. Басы­бай­лы (кре­пост­ной­лық) еңбек­тер­ді қол­да­на­тын ірі тау-кен зауыт­та­ры­ның иелері мен орыс поме­щик­теріне І Алек­сан­др­дың арна­у­лы заңы бой­ын­ша қазақ бала­ла­рын құл­ды­ққа сатып алуға рұқ­сат етіл­ген. XIX ғасыр­дың басын­да, бір ғана айдың ішін­де 100 қазақ бала­сы – әрқай­сысы 4–5 қап қара бидай ұны­на, ал қыздар 3–4 қап қара бидай ұны­на саты­лып кет­кен (Исто­рия Казах­ста­на. //Алматы, фонд Болатха­на Тай­жан, 2011, с. 325–326).

Қоры­та айтқан­да, осы­дан 280 жыл бұрын Ресей пат­ша­сы Анна Иоан­нов­на қаза­қтар­ды құл есебін­де сатуға бола­тын­ды­ғы тура­лы жар­лық шығарған. Кей­ін І Алек­сандр бұл қасірет­ті құжат­ты қол­дап, оның кей­бір тұста­рын қай­та­дан жаңғыр­тқан. Оған да, бай­қап отыр­сақ, алдағы екі-үш жыл­да 200 жыл бола­ды екен. Құл сауда­сы жөнін­де­гі алға­шқы құжат 1822 жылға дей­ін күшін жой­маға­нын еске алсақ, оры­стар бұл кәсіп­пен 85 жыл (М.Сперанскийдің Сібір аймағын басқа­ру рефор­ма­сы­на дей­ін) айна­лы­сқан екен.

Олай бол­са, алдағы уақыт­та өсіп-өркен­дей­ік, елі­мізді көр­кей­тей­ік, халы­қтың сана­сын жаңғыр­тай­ық десек, біз қаза­қтар­дың бұл құл­дық қасірет­ті бастан кеш­кен тарихын зерт­теп, ол зұл­мат­тың жай-жап­са­рын ашық жазуы­мыз керек. Бұл тауқы­мет­ті тарих біздің халы­ққа құл­дық сана­дан ары­луға бастай­тын бір тағы­лым бола­ры анық.

 

Аман­тай КӘКЕН,

Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің запас­тағы полковнигі,

Аста­на қаласы

 

Дерек пен дәйек

 

Қазақ дала­сын зерт­те­уші ғалым Г.Н. Пота­нин өзінің бір жаз­ба­сын­да: «Сібір орыс-казак жасағы Ірбіт­ке құл сату үшін Қазақ дала­сы­на жиі-жиі жорық жасап тұрған. 1743 жылы қара­ша­да жүз­ба­сы Доро­хо­втың 280 адам­дық қару­лы отря­ды Қазақ дала­сы­на шабуыл жасап, 42 ер адам­ды құл­ды­ққа сату үшін тұтқы­нға алып, 812 бас мал айдап кет­ті», – дейді.

 

Қазақ қызда­рын сатып алып күң ретін­де ұстау ХІХ ғасыр­дың орта­сы­на дей­ін жалға­сып кел­ді. Саудаға түс­кен қаза­қтар­дың (1737 жылғы дерек) құны: 40 жастағы қазақ әйелі – 12 сомға; 30 жастағы жігіт (әйелі­мен бір­ге) – 1 ат, 1 құлын және 16 сомға; 16 жастағы бозба­ла – 12 сомға; 20 жасар жігіт – 15 сомға саты­лған. Сол заман­да құр аттың құны – 91,5 тиын болған.

 

1808 жылы 23 мау­сым­да шыққан пат­ша жарлығы:

«Бар­лық ерік­ті орыс аза­мат­та­ры қырғыз (қазақ) бала­ла­рын айыр­ба­ста­уға, сатуға мына­дай жағ­дай­да рұқ­сат беріледі: 1. Жасы 25-ке жет­се; 2. Айыр­бас­шы­лар мен сатып алушы­лар бұл жөнін­де (сату, айыр­ба­стау, сатып алу, алма­сты­ру жөнін­де) Орын­бор шека­ра­лық комис­си­я­сы­на мәлім­де­се; 3. Әрбір сатып алушы тұтқын­ды басқа біре­у­ге беру­ге ерік­ті делінген.

 

1819 жылғы 13 ақпан­дағы Ресей Сена­ты бекіт­кен жарлықта:

«Қырғы­здар және қырғыз әйел­дері 1808 жылғы жар­лы­ққа дей­ін сатып алы­нған­дар және жар­лы­қтан кей­ін сатып алы­нған­дар деп бөлін­ген­дік­тен, алға­шқы­ла­ры өмірінің ақы­ры­на дей­ін қожай­ы­ны­ның қолын­да қала­ды, ал соңғы­ла­ры 25-ке толған­нан кей­ін азат деп есеп­телін­сін» делінген.

Түп­нұсқа: e‑history.kz/kz/publications/view/2405

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн