Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНІ мен Діни басқарма арасындағы ҚАЙШЫЛЫҚ ХАҚЫСЫНДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.)

Ислам және қазақ


(Соңы. Басы газет­тің өткен санында)

Қазір­гі күні қаза­қты сол киелі, қаси­ет­ті жол­дан бас тар­тқы­зып, орны­на араб дәстүр­шіл­ді­гін тық­па­лап оты­рған ҚМДБ-ның алға қой­ған мақ­са­ты не? Ертең оның нәти­же­сі қан­дай бол­мақ? ҚМДБ-ның бұл әре­кетінің нәти­же­сі – қазақ халқын дәстүр­лі діні мен діни таны­мы­нан, руха­ни, мәде­ни бол­мысы­нан ажы­ра­тып, дүм­білез халы­қты қалып­та­сты­ру болмақ.

Қаза­қтың дәстүр­лі діни таны­мын­дағы «бірін­ші дәп­тер» – шариғат. Шариғат тек адам­зат қоға­мы емес, бүкіл жара­ты­лы­стағы физи­ка­лық бол­мыстың қозға­лу тәр­тібін рет­тей­тін заң­ды­лы­қтар жүй­есі. Адам­зат қоға­мы түгілі, бүкіл жұл­ды­здар әле­мі Жара­ту­шы Тәңір Таға­ла­ның жасаған заң­ды­лы­қтар жүй­есі арқы­лы қозға­ла­ды. Сол себеп­ті шариғат алға­шқы дәп­тер деп аталған. Осы­ған бай­ла­ны­сты Қожа Ахмет баба­мыз өз «Хик­метін­де»:

«Шариғат­сыз тариқатқа кіргендердің

Шай­тан келіп, има­нын алар ерміш», –

дей­ді. Демек, шариғат «бірін­ші дәп­тер», тариқат – рух әле­мі­мен сабақ­та­стық – «екін­ші дәп­тер». Йаса­уи баба­мыз «екін­ші дәп­тер» сыр­ла­рын ашу арқы­лы түр­кі жұр­тын рух әле­мі­мен сабақ­та­стыр­ды. Ол өз шәкірт­терін рух әле­міне бай­ла­ны­сты­ра оты­рып, олар­ды «суф­ра тұту» үшін түр­кі әле­мінің төрт бұры­шы­на аттан­ды­ра­ды. Сөй­тіп, Йаса­уи жолы­ның түр­кі әле­міне тара­луы­мен бір­ге рух әле­мі­мен сабақ­та­стық та бір­ге тарал­ды. Бұл түр­кілер­дің руха­ни-мәде­ни бол­мысы­ның араб қоға­мы­нан мүл­де бөлек бағыт­та дамуы­на ықпа­лын тигізді.

Адам­ды мұсыл­ман деп, сыр­тқы ғиба­дат­та­ры­на қарап емес, ішкі руха­ни бол­мысы­на қарап баға­лай­тын бол­ды. Түр­кі бала­сы ар-има­нын бәрі­нен де жоға­ры қой­ды. «Малым – жаным­ның садаға­сы, жаным – арым­ның садаға­сы» деген ұста­ным түр­кі бала­сы­ның айны­мас қағи­да­сы­на айналды.

Қожа Ахмет Йаса­уи Абу Хани­фа­ның ұста­ным­да­рын негіз­ге ала оты­рып, түр­кінің көне­ден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қай­та­дан қал­пы­на кел­тір­ді. Ара­б­тың салт-дәстүріне негіз­дел­ген «Ахл ал-Хадис» өкіл­дері қалып­та­сты­рған шариғат­тан бас тарт­ты. Ислам дінінің негіз­гі бес ұсты­ны – бес парыз ғана қабыл етіл­ді. Сенім мәсе­лесін­де Имам Мату­ри­ди ақи­да­сы негіз­ге алын­ды. Бұл түр­кінің еркін ойлау жүй­есінің дамуы­на, ғылы­ми таным­ның кеңе­юіне жол ашты.

Ең басты­сы, Қожа Ахмет Йаса­у­и­ден кей­ін дін тілі де, ғылым мен білім тілі де, мем­ле­кет тілі де – түр­кі тілі бол­ды. Жошы ұлы­сын­да Йаса­уи жолы­ның мем­ле­кет­тік идео­ло­гия дең­гей­іне көтерілуі мем­ле­кет­ті озық ойлы, ұлы мем­ле­кет­тер дең­гей­іне көтер­ді, Алтын Орда атан­ды. Йаса­уи жолы өкіл­дерінің жанқи­яр­лық еңбе­гі арқа­сын­да мем­ле­кет­тің басқа­ру жүй­есі толы­ғы­мен өзгеріп, көне түр­кілік сипат алды. Рулық-тай­па­лық жүй­е­лер руха­ни бір­лік негізін­де қай­та қалып­та­сты­ры­лып, олар жүз­дер­ге топ­та­сты­рыл­ды. Мем­ле­кет­тің құқы­қтық жүй­есі толы­ғы­мен йаса­у­ийа тариқа­ты өкіл­дерінің қолы­на беріліп, билер инсти­ту­ты құрыл­ды. Мем­ле­кет­те абсо­лют­тік билік­ке хан да, би де, қара да ие болған жоқ. Абсо­лют­тік билік заңға, шариғатқа берілді.

Әділет сал­та­нат құрған заман орна­ды. Ғылым мен әде­би­ет, мәде­ни­ет дамы­ды. Қазір­гі күн­ге дей­ін келіп жет­кен Алтын Орда мем­ле­кетінің құра­мын­да болған түр­кі халы­қта­ры­на ортақ әде­би жәді­гер­лер­дің бар­лы­ғы дер­лік осы кезең­де пай­да болды.

Міне, сон­дай «қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лаған заман­ды» орнатқан Йаса­уи жолы өкіл­дері халық жады­нан шыққан жоқ. Қаза­қтың шежіресі­нен де, сана­сы­нан да мәң­гілік орын алды. Әули­е­лер­ге айнал­ды. Олар дүни­е­ден өткен соң да сан ғасыр­дан бері қазақ халқы­ның руха­ни тұта­сты­ғын ұстап тұра­тын руха­ни қазы­қтарға айнал­ды. Олар­ды халық әулие деп босқа басы­на көтер­ген жоқ. Олар шын мәнін­де Алла­ның кере­метіне ие бола біл­ді. Сон­ды­қтан олар қан­ша­ма жыр-дастан­дар­дың кей­іп­кер­леріне айнал­ды. Қашаған жыраудың:

Алла­лаған пір өткен,

Туы­на жұрт­ты түнеткен.

Тас­пиқ, зікір жария,

Мешіт­тің ішін гүл еткен, –

деп жыр­ла­у­ын­да үлкен мән бар еді.

Өкініш­ке орай, Өзбек хан­ның ұлы Жәні­бек­тің абсо­лют­тік билік­ке жете­мін деген мақ­сат­пен Йаса­уи жолы­нан бас тар­туы, Йаса­уи жолы өкіл­дерін араб дәстүр­шіл­ді­гі өкіл­дері, ғұла­ма­лар­мен алма­сты­руы – Алтын Орда мем­ле­кетінің күй­ре­уіне әкел­ді. Алтын Орда құра­мын­дағы түр­кі халы­қта­ры­ның алға­шқы этни­ка­лық жік­те­луі осы кез­де бастал­ды. Алтын Орда мем­ле­кетінің күй­ре­уі­нен кей­ін, Еура­зия кеңісті­гін­де пай­да болған кіші ханды­қтар­дың бар­лы­ғы Йаса­уи жолы­нан бас тар­тып, басқа діни идео­ло­ги­я­ны қабыл­да­уы олар­дың мем­ле­кет ретін­де тарих­тан кетуіне, түр­кілер­дің этни­ка­лық жік­те­луіне ықпал етті. Қазақ ханды­ғы да сол сая­сат­тың құр­ба­ны бол­ды. Йаса­уи жолы өкіл­дерін билік жүй­есі­нен шет­тетіп, орны­на басқа діни идео­ло­ги­я­ны қабыл еткен соң, мем­ле­кет­тің құры­лым­дық жүй­есі өзгер­ді. Рулық-тай­па­лық жүй­енің билі­гі әр ру, әр тай­па­ның өзі­нен шыққан билер­ге беріл­ді. Бұл мем­ле­кет­тің ішін­де­гі ала­у­ы­зды­қтың тууы­на, ру-тай­па­лар ара­сын­дағы теңдік прин­ци­пінің бұзы­луы­на, өз кезе­гін­де ру-тай­па­лар ара­сын­дағы араз­ды­қтың өршуіне әкел­ді. Мұның соңы мем­ле­кет­тің толы­ғы­мен күй­ре­уі­мен аяқталға­ны жал­пы­ға аян.

Қазақ ханды­ғы ыды­рап, сол­түсті­гі – Ресей пат­ша­лы­ғы­ның қол асты­на, оңтүсті­гі – Қоқан мен Бұхар, баты­сы – Хиуа ханды­қта­ры­ның қол асты­на өткен соң, Йаса­уи жолы өкіл­дерінің орнын қаза­қтың ақын-жыра­у­ла­ры басты. Олар қаза­қтың діни-руха­ни тұта­сты­ғын сақтап қалу жолын­да арпа­лы­сты. Ең кере­меті – олар­дағы діни, ғылы­ми таным­ның кеңді­гі адам­ды таңқал­дыр­май қой­май­ды. Мыса­лы, әлем­нің жара­ты­лы­сы­на бай­ла­ны­сты жыра­у­лар­дың айтқан­да­ры біздің зама­ны­мы­здың ғалым­да­ры тара­пы­нан енді ғана дәлел­деніп жатқан шын­дық десек, артық айтқан­дық емес. Мыса­лы, Нұрым жырау мен Қашаған жырау ара­сын­дағы айты­ста Нұрым­ның әлем­нің жара­ты­лы­сы­на қаты­сты қой­ған сұрағы­на Қашаған­ның бер­ген жау­а­бы­на зер салып қарай­тын бол­саңыз, онда қазақ қоға­мын­дағы ой-сана­ның қан­ша­лы­қты жоға­ры болға­нын көресіз. Қашаған жырау былай дейді:

Иман­нан жырақ болмайды,

Тас­пих айтып санаған.

Жұмаққа барад дей­ді тергеусіз,

Алла­сы анық қалаған.

Дүниенің басы әуелі,

Меру­ерт тастан жаралған.

Меру­ерт тас еріп, су болған,

Судан түтін – бу болған,

Аспан, жер содан жаралған.

Адам менен Лаухы,

Кәләм, Абзал баршасы,

Сол заттан дей­ді жаралған.

Он сегіз мың ғалам болғанда,

Үш бөлім болып тараған,

Алта­уы болар жәмәдәт,

Алта­уы болар нәбәдәт,

Алта­уы болар хайуанат.

Үш алты­ны қоса ғой,

Он сегіз мың жан болад.

Біл­ме­ген адам таң болад.1

Міне, біз мысалға кел­тіріп оты­рған Нұрым мен Қашаған­ның айты­сын­дағы жұм­бақ айтыс қазақ халқы­ның дәстүр­лі діни таны­мы­ның негізі қан­ша­лы­қты терең­де екен­ді­гін көр­сетіп отыр. Сұрақты қой­ып, жұм­бақты жасы­рып оты­рған Нұрым­ның да, оған жау­ап беріп оты­рған Қашаған да діни таны­мы өте терең­де екен­ді­гіне толық дәлел бола ала­ды. Қашаған­ның жау­а­бын­дағы «Меру­ерт тастан жаралған» деп айтуы­ның өзі қазір­гі күні физи­ка ғылы­мы «үлкен жары­лыс» деп атаған әлем­нің жара­луы тура­лы тұжы­рым­ның қазақ халқы­ның сана­сын­да көне­ден бері қалып­тасқан таным болған­ды­ғын дәлел­деп отыр.

Одан кей­ін­гі «он сегіз мың ғалам» тура­лы айтқан ойла­ры­ның өзі қазақ халқы­ның діни таны­мы­ның көк­жи­егін айқындайды.

Сон­дай-ақ адам­зат тарихы­нан да, пай­ғам­бар­лар тарихы­нан да қазақ халқы­ның тари­хи сана­сын­да терең білім болға­нын Шер­ни­яз Жары­лғасұ­лы мен Махам­бет ара­сын­дағы сөз қағы­су­дан байқаймыз.

«Жары­лғас бидің бала­сы Шер­ни­яз­дың «Сарай ақы­ны» ата­нып жүр­ген кезі. Сол уақыт­та Шер­ни­яз да әкесінің ауы­лын­да екен. Махам­бет­тің хаба­рын есті­ген Шер­ни­яз әкесіне Махам­бет­тің сыр­ты­нан өзін сынап-мінеп жүр­генін айтып, ауы­лы­на кел­гесін оны­мен сөз тала­стыр­мақ ойы барын біл­діреді. Махам­бет­тің мінезін, сөзінің уытын жақ­сы білетін, ақы­нға іштей тіле­улес Жары­лғас би: «Шырағым, Махам­бет­ке қар­сы сөз айт­па! Егер айтар бол­саң, әуелі қонақ етелік, содан кей­ін ауыл­дан атта­нар кез­де, аттан­ды­рып тұрып, онда да тек қана алты ауыз сөз айтар­сың. Одан көп айтуға ол мыл­жы­ң­ның кісісі емес», – деп ескертеді.

Шер­ни­яз әкесінің айтқа­нын істеп, Махам­бет ауы­лы­нан аттанға­лы жатқан­да былай дейді:

Көп үйрек көл­де жатқан көлгілікті,

Ғалым­дар шариғат­тан сөз біліпті.

Бала­сы Өте­містің ер Махамбет,

Біз­ге айтар не сөзің бар ізгілікті?..

Аты­на тақым салған Махам­бет шапа­ны­ның шалғай­ын жинақтап, тақы­мы­на басып, он алты өрім тобы­лғы сап­ты қам­шы­сын қолы­на сығым­дай ұстап тұрып:

Әліп, Ләм, Айн­мен тұрар «Әлхам» басы,

Мүй­ім­нің Бимен тұрар «Бісміл­ләсі».

Мүй­ім­нің құй­ры­ғы имек, орта­сы ақ,

Біл­сең айт, осы ненің ишарасы?

Он бүр­кіт, отыз аққу көл­де жатқан,

Лашын құс дамыл тап­пай қанат қаққан,

Теле­гей-теңіз тасып, шамданғанда,

Жем­сау құс тұғыр­дағы қай­да жатқан?

Көп қағып, дауыл­па­зы көл шайқалған,

Арғы­мақ бір шапқан­да дүние көшіп,

Айна­ла­сы алты айшы­лық жер жайқалған.

Күн бұлт, ай қараңғы, жор­тар құлжа,

Шер­ни­яз, шешен бол­саң жыл­дам болжа!

Түй­іліп, таң мез­гілі мұнар шалып,

Төрт лашын бір сұңқар­ды қылған олжа.

Хат жаз­дым қалам тар­тып, сөз әзірлеп,

Тар жер­де «сөй­ле» дедің, «бол әзір» деп.

Арқа­дан қай­та айна­лып келгенімше,

Шер­ни­яз, жау­а­бым­ды қой әзірлеп, –

дей­ді де, атын қам­шы­мен бір тар­тып, жүріп кете­ді. Өзін білік­ті санап, сол кез­де сарай еркесі ата­нып жүр­ген, әрі: «Тап осы жер­де не айта қояр дей­сің?» – деп, Махам­бет­ті сүрін­дір­мек болған Шер­ни­яз ескілік­ті сөзді сұра­уын сұра­са да, жұм­бақтың шешуін таба алмай, әлек бола­ды. Егер Махам­бет Арқа­дан қай­тып оралған­ша жұм­бақтың шешуін тап­па­са, өз басы­на қауіп екені анық. Әбден қаны қарай­ып жүр­ген кек­ті ақын басы жер­ге жет­кен­ше жат­тың жар­бақ­шы­ла­ры мен құй­ыр­шы­қта­ры­ның маза­ғы мен қор­лы­ғы­на көн­бек емес. Соны сезген Шер­ни­яз әр жер­ден ат ізін салып, жұм­бақты шеше ала­тын адам ізде­стір­гені­мен, ондай адам табы­ла қой­май­ды. Ақы­ры Маңғы­ста­удағы Абыл ақын­ның ауы­лы­на хат­пен адам жіберіп, жұм­бақтың шешуін сұрап, бұй­ым сала­ды. Сол кез­де Абыл­дың жасы алпы­стың үстіне шығып кет­кен шағы екен. Жасы кіші бол­са да, Махам­бет­тің құдай бер­ген ерекше қаси­етін айры­қ­ша баға­лай­тын Абыл оның шығар биі­гі мен алар асуы­ның жоға­ры болуын тілей­тін еді. Көтерілістің қай­ғы­лы жай­ла­ры­на, Иса­тай­дың өлі­міне, Махам­бет­тің қазір­гі тір­лі­гіне қат­ты қина­лып, жана­шыр­лық біл­дір­гені­мен, қолы­нан келер көме­гі азай­ған шақта Шер­ни­яз­дың сәле­мін алған Абыл: «Махам­бет оң көзім бол­са, Шер­ни­яз сол көзім еді. Екі көзді тала­стыр­мас үшін Жаратқан Ием орта­сы­на мұрын қой­ып­ты ғой. Өресі өсе қой­маған Шер­ни­яз­дың сұра­уы есіл Махам­бет­тің шамы­на қат­ты тиген екен, арты жаман­шы­лы­ққа ұла­сып кетер, еке­уін тату­ла­сты­ру үшін, жұм­бақты шешіп көрей­ін» деп, Махам­бет­тің жұм­бағын былай шешіпті:

Әліп, Ләм, Айн­мен тұрар – «Әлхам» басы,

«Алла­ның» бұл үш әріп ишарасы.

Мүй­ім­нің Бимен тұр­са «Бісміл­ләсі»:

Расул мен Пері­ш­тенің нышанасы.

«Мүй­ім­нің – деген сөзі, – орта­сы ақ»,

Жүре­гі ол – пай­ғам­бар­дың, шын асыл зат.

«Құй­ры­ғы имек» бол­са, қияметте,

Үмбетіне Мұхам­бет бола­ды жақ.

«Отыз аққу» – Дәуіт­тің отыз ұлы,

Сәж­де­ден бас көтер­мей шықты демі.

«Кеудеңді күпір­лік­тен таза сақта!» –

Он досы пай­ғам­бар­дың айт­ты мұны.

«Лашын» – Әзірей­іл болар мұның мәні,

Зама­на ер жігіт­тің зығырданы.

Лашын­ның жолы­на тұрған несі,

Жем­сау құс тыныш жат­пай тұғырдағы?!

«Төрт лашын бір сұңқар­ды олжа қылса»,

Шер­ни­яз – жөн бол­мап­ты ұрынғаны.

«Көп қағып, дауыл­па­зы көл шайқаған,

Арғы­мақ алты айшы­лық жер жайқаған.

Күн – бұлт, ай – қараңғы, жор­тар құлжа» –

Аста­рын бұл айтқан­ның кім байқаған?

Шер­ни­яз, алы­сқа сал екі көзді,

Әуелі болжап алмай айт­па сөзді.

Жауы­рып ел арқа­сы, ер жүрегі,

Күн – бұлт, ай – қараңғы, еңсені езді.

Ел көшіп, құла­зи­ды құла шағыл,

Тәңірім тілек­ті етсін десең қабыл, –

Мең­зе­уі Махам­бет­тің сол емес пе:

«Айдын­ды көл, айшы­қты бел­ден табыл!».

Шет бол­ма­саң пай­ғам­бар сүннетіне,

Шын сүй­ген айна­лар­сың үмбетіне.

Жара­саң ел-халы­қтың қызметіне,

Құдай­дың бөлен­генің – құрметіне!

Абыл жырау кел­ген кісі­ден: «Шер­ни­язға айта бар, жұм­бақ сөзінің мәнін ұғын­сын, әкім­дік­тің буы­на маста­нып, тоғы­шар тір­лі­гіне көңілі өсіп, астам­шы­лық сөз сөй­леп, іс істе­уден бой­ын аулақ сал­сын. Жара­ның аузын тыр­на­май, елдің маңы­нан, ердің жаны­нан табыл­сын!» – деп сәлем айтып жіберіп­ті»2.

Бұл мысал­да айты­лған жұм­бақ пен оның шешуін­де қазақ халқы­ның діни таны­мы­ның қан­ша­лы­қты терең екен­ді­гін көруі­міз­ге бола­ды. Осын­дай тереңдік­ті халық сана­сы­на құя біл­ген, сол арқы­лы діни дүни­е­та­ны­мын қалып­та­сты­рған – қаза­қтың ақын-жыра­у­ла­ры бола­тын. Солар­дың арқа­сын­да қазақ халқы «Сияр шәріп» даста­ны­мен сусын­дап, тек қазақ халқы тарихы­мен емес, бар адам­зат тарихы­нан хаба­ры бол­ды. Оларға бұл қаси­ет жай­дан-жай дары­ған жоқ. Рух әле­мі­мен сабақ­тас болған соң ғана терең мағы­на­лы ілім­ге ие бола алды.

Қожа Ахмет Йаса­уи баба­мы­здың «Сопы айн ал-йақин, илм ал-йақин дәре­же­сіне көтеріл­ген кез­де оған жеті қат көк­те­гі, жеті қат жер астын­ды­ғы құпия мәлім бола­ды», – деген сөзінің аста­рын­да үлкен мән бар екенін сезі­нуі­міз­ге бола­ды. Оған дәлел – Асан қай­ғы, Мөң­ке би, Тай­жан би, Мәшһүр Жүсіп­тің бола­шақты болжа­уы. Егер де олар рух әле­мі­мен сабақ­та­сты­қта бол­ма­са, «Лаух ал-Мах­фуз­дан-Тағ­дыр тақ­та­сы­нан» хаба­ры бол­ма­са, ондай болжам­да­рын жасай алмаған болар еді. Сон­дай терең руха­ни ілім­ге ие болған қазақ халқы өзінің бекзаттық сипа­ты­нан күні кеше­ге дей­ін ажы­ра­маған бола­тын. «Жесірін жылат­паған, жеті­мін қаңғыт­паған», түр­месі бол­маған, арам­ды­ққа жаны қас, «тоқ­сан ауыз сөздің тобы­қтай түй­інін біз ауыз сөз­бен шеш­кен» де қазақ бола­тын. Соның бар­лы­ғы­на қазақ дәстүр­лі діни таны­мы­ның кеңді­гінің арқа­сын­да жет­ті. Оның негізін­де Абу Хани­фа маз­ха­бы, Имам Мату­ри­дидің ақи­да­сы, Қожа Ахмет Йаса­у­идің рух әле­мі­мен сабақ­та­сты­ру­шы ілі­мі жатты.

Қазір­гі күні қаза­қты сол киелі, қаси­ет­ті жол­дан бас тар­тқы­зып, орны­на араб дәстүр­шіл­ді­гін тық­па­лап оты­рған ҚМДБ-ның алға қой­ған мақ­са­ты не? Ертең оның нәти­же­сі қан­дай бол­мақ? ҚМДБ-ның бұл әре­кетінің нәти­же­сі – қазақ халқын дәстүр­лі діні мен діни таны­мы­нан, руха­ни, мәде­ни бол­мысы­нан ажы­ра­тып, дүм­білез халы­қты қалып­та­сты­ру бол­мақ. Оның алға­шқы нәти­же­лері де жоқ емес. Елді дүр­лік­тіріп, тер­ак­тілер жасап, шетел­дер­ге «жиха­дқа» кетіп жатқан­дар – осы ҚМДБ мешіт­теріне барып, уланған­дар. Өйт­кені уах­ха­би­лік-сала­фи­лік идео­ло­гия өзінің баста­уын сол «араб дәстүр­шіл­ді­гі­нен», хан­ба­ли маз­ха­бы­нан ала­ты­нын дін­нен аз-кем хаба­ры бар кез кел­ген адам біледі. Мұны ҚМДБ-ның біл­ме­уі мүм­кін емес. Соны біле тұра, бұл бағыт­тан бас тарт­па­уы­на қараған­да, ҚМДБ қазақ халқын тарих­тан кетіру­ге бел шешіп кіріс­кен сияқты.

Зікірия ЖАНДАРБЕК,

тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты

1Нұрым мен Қашаған айты­сы // Адай­дың тіл таң­ба­лы ақындары.

2Тіл таң­ба­лы Адай­дың ақындары.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн