Понедельник , 7 июля 2025

Бельгердің БАТАСЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

Соңғы кез­де­су

 

Өткен жыл­дың 8 жел­тоқ­са­ны күні Гер-аға­ны 80-жасқа толған күні­мен құт­ты­қтап шығу үшін, Алма­ты­ға жолым түсті. «ДАТ»-тың бас оқыр­ма­ны Ермұрат аға­дан теле­фон нөмірін алғам: екін­ші вок­зал­дан үйіне қоңы­рау шалдым.

– Асса­ла­у­маға­лай­кум, Гер-аға, туған күніңіз құт­ты болсын!

– Рах­мет! Бұл қай бала? – деді Гере­кем қар­лы­ғы­ңқы дауыспен.

– Мен ғой, аға… Аста­на­дан арнайы кел­ген Жұма­мұрат Шәм­ші деген бауы­ры­ңы­з­бын… Осы­дан төрт жыл бұрын сіз­ден сұх­бат алып едім, кеш­ке дей­ін уақы­ты­ңыз бол­са, тағы бір кіріп шық­сам бола ма? – дедім сөзім­нің соңын­да батылданып.

Аға­тай­ым ойланбастан:

– Е‑е, Аста­на­ның арнайы қонағы бол­саң, жарай­ды, келе қал! – деді қадай сөйлеп.

– Рах­мет, аға! Қазір жетем…

– Бауы­рым, кім едің… әлгі?

– Жұма­мұрат­пын, аға…

– Әй, Жұмаш, тура қазір кел­ме­сең, кей­ін уақы­тым бол­май­ды… Қазір келем деп, түн­нің бір уағын­да келетін қаза­қтар сияқты болма!

– Жоға, аға, қазір жетем, құстай ұшып… Міне, шықтым! – деп, тұтқа­ны тастай сала сыр­тқа атыл­дым. Алма­ты­ның көп так­сиінің бірін ұстап, 15 минут­та Герольд аға­ның үйіне кел­дім. Есік­ті өзі ашты. Үйде жалғыз екен. Каби­нетіне кіріп, жай­ға­сып оты­рған соң, блок­но­тын ашып:

– 140-шы-ы‑ы – Жұма­мұрат… – деп жаза бастады.

Мен тегім­ді ұмы­тып қалған шығар деп:

– Шәм­ші… Шәм­ші­мін, аға… – дедім асығыс-үсігіс.

– Пәлі, атақты Шәм­шіні кім ұмы­та­ды?! – деп, Гер-ағам маған күле қара­ды. Ондағы Шәм­шісі – мен емес, Қал­да­яқов екенін сезіп тұрмын.

– Аға, «140-шы» дегеніңіз не?

Гере­кем тағы да жымиып алды да:

– Сен мені құт­ты­қтаған 140-шы адам­сың… Сен де, мен де біле жүрей­ік дегенім ғой… – Гере­кем сөйт­ті де, блок­но­тын диван­ның жақта­уы­на сырып қой­ды. Мен бол­сам Гер-аға­ны құт­ты­қтаған халы­қтың алды­ңғы екі жүзді­гіне енгені­ме қуа­нып қал­дым. Мақтан бол­маған­да ше: 10 мил­ли­он­нан астам қаза­қтың ішін­де 140-шы болсам?!

Содан соң Гер-ағам ірге­лес сөренің жоға­ры жағын­да қаз-қатар тізіліп тұрған кітап­тың еке­уін алды. Соңғы шыққан кіта­бы екен. Гер-аға кітап­тың алға­шқы бетінің аста­ры­на «Жұма­мұратқа. Менің шығар­ма­шы­лық есебім – қабыл ал. 08.12.2014 жыл» деп жазып, қолы­ма бер­ді. Рах­метім­ді айттым.

– Рах­мет­ті қоя тұр! Осы сен Әбіш Кекіл­ба­ев деген ағаң­ды тани­сың ба? – деді беті­ме бар­лай қарап.

– Таны­ған­да қан­дай!.. – дедім мен жұлып алғандай.

– Енде­ше ол бала­ны таны­саң, сен арқы­лы бір кіта­бым­ды берей­ін, Аста­наға барған­да, қолы­на табыс ете ала­сың ба? – деді.

– Иә, әрине! – деп, басым­ды изедім.

Гер-аға тағы сол сөре­ден «Вбли­зи и рядом» деген кіта­бын алды да, оның астар бетіне: «Әбіш, сен де үнде­мей жүріп, мысы­қта­бан­дап, 75-ке келіп­сің, 80-ге кел­ген Бель­гер­ден жалын­ды сәлем!» деп жазып берді.

Содан соң Герольд-аға еке­уі­міздің ара­мы­здағы әңгі­ме бастал­ды. Қызы­ғы – мен жазу­шы аға­дан сұх­бат алам деп келіп едім, керісін­ше, ол кісі менен сұх­бат алған жур­на­лист сияқты болды.

– Ал, Жұма­мұрат, – деді Гер-ағам диванға жан­тая сөй­леп, – Сен өзің жоға­ры оқу орнын қай жер­де бітірдің?

– Таш­кент­те…

– О‑о, Таш­кент мен үшін бөтен қала емес, менің әке-шешем өмірінің 31 жылын сол қала­да өткізді. Әкем Карл Фри­дри­хо­вич Бель­гер 2002 жыл­дың 1 қара­ша­сын­да инсульт­тан 94 жасын­да дүние сал­ды. Дом­ра­бад деген жер­ге анам­ның қасы­на жер­ледік, әпкем Роза да сол жер­де жатыр… Ал Қаза­қстанға қашан көшіп келдің?

– Аста­наға 2005 жылы қоныс аудар­дым… – дедім, бір күр­сініп алып.

– Е, неге күр­сі­несің?! Өкініп отыр­сың ба? – деді Гер-аға менің күр­сінісім­нен астар іздеп.

– Жоқ, аға, кеші­гіп кел­гені­ме және соңғы келіп жатқан­дарға жаным ашы­ған­нан күр­сі­нем ғой… Орал­ман деген елге жағ­дай жасал­май кет­кені жанға батады…

– Е‑е, «көш жүре түзе­леді» деген қаза­қтың сөзіне дес беріп жүр­міз ғой, шыдай тұрай­ық, – деді Гер-аға маған басу айтқан­дай болып. Осы­дан кей­ін қай­ран ағам маған бірқы­ды­ру моно­лог-әңгі­ме айт­ты. Мен Гер-аға­ның сол айтқа­нын дик­то­фон­нан айна-қатесіз былай көшіріп алдым.

«Кеш бол­са да, кел­генің дұрыс болған екен, Жұма­мұрат. Қаза­қстанға тез ара­да шетел­де­гі қаза­қтар­ды жинау керек, ол кезек күт­тір­мей­тін мәсе­ле. Өйт­кені олар – қазақ ұлты­ның күш-қуа­ты. Олай етпе­ген жағ­дай­да ұлт­тық рух құл­ды­раған үстіне құл­ды­рап, рух құр­ды­мға кете­ді, жел­ге ұша­ды, шаң-тоза­ңға айна­ла­ды, қаза­қтар­дың бола­шағы тығы­ры­ққа тіре­леді. Уақыт озған сай­ын, көш кеші­гіп бара­ды. Қар­жы жағы біздің елде жет­кілік­ті. Сон­ды­қтан бұл мәсе­лені бірін­ші кезек­ке қою шарт. Әйт­пе­се осы біз­де соған жететін күш-жігер­ден гөрі, шынайы жана­шыр­лық, бола­шақты болжау, оң қабақ кем­шін бе деп қорқа­мын. Бұл нәр­се­ге рия­сыз ықы­ла­сты үкі­мет­тен де, қаза­қтар­дың өздері­нен де байқамаймын.

Осы­ған қат­ты таң қала­мын. Оның үстіне сана-сезі­мі әлі ауыл-аймақ шең­бері­нен шыға алмай жүр­ген қаза­қтар­дың шетел­дер­ден көшіп кел­ген өз қан­даста­рын «өзбек», «қытай», «моңғол», «қал­пақ», т. б. деп кем­сі­тетіні несі?! Егер алдағы таяу жыл­дар ішін­де әлем­нің түк­пір-түк­пірін­де­гі бүкіл қазақ тари­хи Ота­ны­на орал­ма­са, олар­дың орнын бір­те-бір­те өтірік жымиып, тым-тырыс қана бұқ­пан­тай­лап жүретін қытай­лар баса­ды. Баяғы таз кепе­шін қай­та киетін қаза­қтар қалай­ша шет­ке ығы­сқа­нын өздері де біл­мей қала­ды. Қор­лы­қтың үлкені сон­да бола­ды. Кезін­де Оспан батыр­дың: «Оры­сқа бодан болу – ағаш ноқта, сын­ды­рып өтсе бола­ды, қытай­ға бодан болу – темір ноқта: оны өмір­де үзіп өте алмай­сың», – дегені еске түседі. Ежел­ден іргелі, қабы­рға­лы қалың қазақ тарих тоза­ңы­на айна­лып, жоғал­мауы лазым! Билік басын­дағы­лар­дан бастап, әрбір пар­тия, көкіре­гін­де саңы­ла­уы бар әрбір сана­лы қазақ күні-түні соны ойлап, жат­са-тұр­са сол жай­ын­да толға­нуы тиіс. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің бола­шағын қам­та­ма­сыз ету үшін, даб­ыл қаққан үстіне қағып, жар салу­дан жалы­қ­пау қажет. Онсыз бары­ң­нан ажы­рап, шер­мен­де­ге айна­ла­сың. Мұн­дай жағ­дай­да жүр­дім-бар­дым­мен ештеңе біт­пе­сін түсі­не­мін. Ол үшін эко­но­ми­ка­лық есеп-қисап, сая­си ерік-жігер, дипло­ма­ти­я­лық теге­урін, стра­те­ги­я­лық ұмты­лыс, заң­дық негіз-тұтқа, тағы­сын тағы­лар­дың бәрі қажет. Сон­дай-ақ мен негіз­гі мәсе­лені көрер көз­ге сабақтап, жай­ба­рақат­тық жаса­удың қазақ ұлты үшін өзін-өзі өлім­ге қию­мен бір­дей екенін де қапы­сыз ұға­мын. Хош, мен сон­да неге шетел­дік қаза­қтар­ды тари­хи Ота­ны – Қаза­қстанға тезірек қай­та­ру керек деп есеп­тей­мін. Мені мұн­дай иде­яға жете­ле­ген өзге халы­қтар­дың тарихы екенін жасы­ра алмаймын.

Гит­лер­дің 12 жыл­дық сой­қа­ны­нан кей­ін, бұрын Гер­ма­ни­ядан қуы­лған немістер (әсіре­се шығар­ма­шы­лық және сая­си сала­дағы зия­лы­лар) Ота­ны­на оралған­да (біре­уі – батыс, біре­уі – шығыс бөлік­ке), олар­ды бөтен­си қабыл­даған жер­гілік­ті немістер салқын қабақ таныт­ты, қоқи­ла­нып тұл­дан­ды, мен­сін­бес­тік, сенім­сіздік біл­дір­ді. «Біз­дер қиналған кез­де бұлар дүниенің төрт бұры­шы­на шашы­лып кете бар­ды, бас сауға­лап, жан сақта­ды, енді түк бол­маған­дай, қай­та кел­ді және бет­тері бүлк етпей ақыл үйрет­кісі келеді» деп күста­на­ла­ды. Иә, мұн­дай да болған. Ол аз десеңіз, кәрістер­ді алсақ, қазір­гі Қаза­қстан мен орта­а­зи­я­лық кәрістер (дұры­сы – олар­дың ата-баба­ла­ры) Корей түбе­гі­нен Ресей­дің Қиыр Шығы­сы­на сонау XIX ғасыр­да қоныс аударған. Кей­ін Қаза­қстанға күш­теп әкелін­ді. Біздің кәрістер «көре сарам» деп ата­ла­ды. Оңтүстік­те­гі кәрістер – «хан­чук сарам», сол­түстік­те­гілері – «часон сарам» делі­неді. Яғни, «біздің» кәрістер­дің бір­не­ше ұрпағы мен негіз­гі кәрістер­дің ара­сын­да едәуір өзге­шелік пай­да болып, ара жік­тері ажы­ра­ды. Қазір «біздің» кәрістер­де бәрі басқа­ша. Ежел­гі қан­даста­ры­мен гене­ти­ка­лық, этно­мә­де­ни және тари­хи тұрғы­дан ғана жалға­стық бар. Оның өзін­де де болар-болмас.

«Біздің» кәрістер­ді қазір оңтүстік­тің де, сол­түстік­тің де кәрістері мой­ын­да­май­ды. Тіп­ті керек те қыл­май­ды. Өздеріне жат, қажет­сіз, ешқан­дай да бәсе­ке­ге жара­май­тын «біздің» кәрістер­дің де ол жаққа аңса­ры аумай­ды, ата­жұр­ты­на барғы­ла­ры келіп, құл­шын­бай­ды. Өйт­кені бұларға ол кәрістер зәру емес. Тоқ етерін айтқан­да, «біздің» кәрістер ол жақта бай­ы­рғы ата-баба­ла­ры секіл­ді өмір сүре алмай­ды. Өйт­кені бай­ы­рғы ата­ме­кені­нен барын­ша алы­стаған, ұрпақ алма­су кезін­де ұлт­тық бей­не­ден жұр­нақ та қал­маған. О бастағы ата қоны­сы­мыз деп, Ресей­ге көшіп жатқан «біздің» оры­стар да дәл сон­дай аху­алға ұшы­ра­уда. Онда олар мүл­де бөтен, құшақ жай­ып жақ­сы­лап қар­сы алып жатқан­дар жоққа тән, кей аймақтар­да тіп­ті «отыр­са опақ, тұр­са сопақ» етіп, «қазақ», «өзбек», «ази­ат», «кулак» деп кем­сі­те­ді. Аны­ғын­да «біздің» оры­стар­дың ұлт­тық сипа­ты ол жақтағы оры­стар­дың бол­мысы­нан едәуір өзге екені айдан анық. Ұрыс-керіс, кикіл­жіңнің көбі содан туындайды.

Хош, мен бұлар­ды неге айтып отыр­мын? Дәл сон­дай күй­ге қаза­қтар да ұшы­ра­уы ықти­мал неме­се ұшы­рап жатқан да болуы ғажап емес. Бүгін­гінің өзін­де там-тұм­дап бол­са да, Отан­да­ры­на оралған шетел­дік қаза­қтар­дың мұн­дағы туы­ста­ры­мен әмпей-жәм­пей боп жатқан­да­ры шама­лы. Қалай­да ара­ла­рын­да әлдебір айыр­ма­шы­лық бай­қал­май тұр­май­ды. Солай­ша, түп­тің-түбі ортақ аспан­ның астын­да бір­лесіп ғұмыр кешу қиы­нға соғып жүр­месіне ешкім кепіл­дік бере алмай­ды. Сон­ды­қтан бұл мәсе­лені енді ұзын­со­нарға сала бер­мей, осы бүгін, тап қазір шешу керек деген пікір­де­мін. «Темір­ді қызуын­да соқ» деген­дей, әзір­ге қазақ халқы қалай­да шетел­дік бауыр­ла­рын­сыз өмір сүре алмай­ды. Шет­те­гі қаза­қтар «біздің» кәрістер сияқты дүбәра­ла­нып, ешкім­ге керексіз бол­май тұрған­да, қимыл­дап қалу керек, әйт­пе­се күн өткен сай­ын кеші­гіп жатырмыз».

Гер-аға осы­ны айт­ты да, біраз ойла­нып қал­ды. Мен шашы­рап қалған арғы-бер­гі ұлт­тар тура­лы дәл осын­дай үрей­лі тұжы­рым­ды бұрын-соң­ды есті­ме­ген едім.

– Ой, аға, мынау ойы­ңыз жақ­сы бол­ды ғой, осы күй­ін­де газет­ке берей­ін бе? – дедім қуа­ны­шты жүзбен.

– Е, еркің – қалай бер­сең, өз хақың! Ал енді нан ауыз ти, – деп, дастар­хан­ның жабу­лы бетін ашты.

Мен бір үзім нан ауыз тидім де:

– Аға, өз үйіңіз бол­са да, бата – сіз­ден! – дедім сәл-пәл батыл­да­нып. Гер-ағам да тар­ты­нып жат­па­ды, «Жай қолы­ң­ды!» деп, бата­сын бастай жөнелді:

Өмір – дода, бәсе­ке – жолың жатыр,

Солқыл­да­саң, жасқан­саң,  сорың – батыр!..

Әлің кел­се, жеңіл­ме, үлесіңді ал,

Тағ­ды­ры­ң­ның тіз­гіні  қолы­ң­да тұр!

Бақыт – көк­пар, сен бол­саң – үміткерсің, 

Кім бақы­тын қолы­нан күліп берсін?!

Адал бол­са алға­ны, қызғанбаңдар, 

Жеңісінің қызы­ғын жігіт көрсін!

Ей, адам­дар! Бақыт­тың қыз-қылығы, 

Қызған­баң­дар, бұл өмір жүз бұрылым!

Мен секіл­ді сек­сен­ге келсең-дағы – 

Жүре­гің­де бар бол­сын ізгілігің!

Әумин! –

деді бетін қаза­қ­ша сипап.

Мен мың мәр­те рах­метім­ді айтып, аға­ма аман-саулық тілеп, шығып кеттім.

Енді, міне, Гер-ағам­ның дик­то­фонға түс­кен сол бата­сын қырық қай­ы­ра тың­дап, көзім­нің жасын сүр­тіп отырмын…

Жұма­мұрат ШӘМШІ,

Аста­на

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн