Понедельник , 7 июля 2025

САЙЛАУ мен ТАҢДАУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Пай­ым патшалығы

 

Міне­ки, қазақ елі үшін тағы бір сынақ басталға­лы тұрған сыңай­лы: ол – алдағы келе жатқан «кезек­тен тыс» пре­зи­дент­тік сай­лау болмақшы…

 

Ақы­н­жан­ды халықты

ерте­гі­мен билеу оңай

Жал­пы, өзінің тура мағы­на­сын­да «сай­лау» дегені­міз – халы­қтың ерік-жігерін, қала­у­ын, таң­да­уын біл­діретін қоғам­дық келісім көрінісі. Кант, Гегель, Сартр секіл­ді фило­соф­тар «адам таң­да­уы жақ­сы­лық пен зұлым­дық ара­сын­да өтсе де, адам­ның тек жақ­сы­лы­қты таң­да­уы ғана мораль­дық тұрғы­дан баға­ла­на ала­ды» деген. Өйт­кені жақ­сы­лы­ққа ұмты­лу адам­ның жау­ап­кер­шілік, ар, намыс және т.б. адам­гер­шілік қаси­ет­тері­мен сәй­кес келеді. Адам бала­сы сана­лы түр­де зұлым­ды­қты таң­да­уы мүм­кін емес, себебі зұлым­дық – адам табиға­ты­на жат, сырт­тан таңы­ла­тын құбылыс.

Бірақ адам қоғам­дық қаты­на­ста болған­ды­қтан, оның алдын­да өте күр­делі мәсе­ле­лер­ді таң­дау қажет­ті­гі пай­да бола­ды. Енде­ше сай­ла­уда ненің мораль­ді (жақ­сы­лық), ненің амо­раль­ді (зұлым­дық) екенін ажы­ра­ту оңай бол­май­ды. Адам сай­ла­уда (таң­дау арқы­лы) өз ұста­ны­мын біл­діретін­дік­тен, таң­дау – қоғам­дық мағы­наға ие. Сол себеп­ті әрбір таң­дау тек «жеке адам­ның қала­уы» болып қал­май­ды, оның қоғам­дағы игі әсері неме­се кері әсері қоғам­ның бар­лық мүше­леріне ортақ. Бұл қоғам­ның «иде­ал­ды» қалай түсі­нуіне, яғни қоғам­ның дүни­е­та­ным дең­гей­і­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты, кемеліне кел­ген қоғам жақ­сы­лы­қтан тек жақ­сы­лы­қты таң­дай­ды, ал «зұлым­ды­қты» таң­да­уға мәж­бүр бол­са, онда оның зардабы азын таңдайды…

Қазақ қоға­мы (қауы­мы) осы­ған қан­ша­лы­қты дай­ын? Ақы­н­жан­ды халы­қтың тағ­ды­ры нелік­тен тауқыметті?

Қазақ халқы­ның бар дана­лы­ғы біз­ге өлең­ме­нен өрнек­теліп, мақал-мәтел­дер түрін­де­гі афо­ризмдер арқы­лы жет­ті. Жал­пы, қазақ жанын ұғу үшін, «ақын дегені­міз кім?» деген сұраққа жау­ап іздеу керек.

Қазір­гі заман­дағы бар­лық халы­қтар өз тарихын­да поэ­ти­ка­лық дәуір­ді бастан кешір­ген, бұл − олар­дың бастан өткер­ген құбы­лы­сы. Ақын – зама­на еркесi, өзi өмiр сүрiп оты­рған дәуiр мен заман сезi­мiнiң квинт­эс­сен­ци­я­сы. Ақын­ды­қта кере­мет аура бар. Ол көз көр­ген құбы­лы­сты түсiн­дiрiп бер­ме­се де, сол құбы­лы­стың ең «әде­мi жерiн» ойып ала­ды да, адам жаны­ның жала­у­ы­на айнал­ды­ра қояды. Оны «неге осы­лай бол­ды екен?» деген сұрақ маза­ла­май­ды, себебiн іздеп бас қатыр­май­ды. Бұн­дай жай­ба­рақат­тық, яки, шек­тен шыққан жай­ма­шу­ақ мінез, көбіне-көп өмiр­де шын қуа­нып, шын күй­i­нетін ақы­н­жан­ды ада­мға неме­се «ақы­н­жан­ды» ұлт­тарға, халы­қтарға тән құбы­лыс − құлай сүю, аза­ла­на күю, тiрi­дей «тоза­ққа» түсу, жас бала­ша қуа­ну, бақыт­тан басы айна­лып, «жұмақтың» төрiн­де сай­ран­дап жүру – ақын­дық болмыс.

Бірақ «өмiр­ба­я­нын өлең­мен жазып кететiн» ақын­дар­дың неме­се «поэ­ти­ка­лық дәуір­де қалып қой­ған халы­қтар­дың» өмірі тауқы­мет­тi бола­ты­ны нелiк­тен? Мыса­лы, әр сөзіне астар­лы мағы­на беретін қазақ халқы да қазір­гі кез­де осын­дай тауқы­мет­ті жағ­дай­ды бастан кешіп жатқан кей­пі бар… Егер бұл мәсе­ле­ге дүни­е­та­ным­дық тұрғы­дан кел­сек, онда оның басты себебін қазақ халқы­ның табиға­ты­на тән неме­се жаны­на мей­лін­ше жақын болып келетін «дүниені поэ­ти­ка­лық жол­мен тану» үрдісін­де­гі кон­струк­ти­виз­мнің жоққа тән екен­ді­гі­мен түсін­діру­ге бола­ды. Өйт­кені поэ­зи­яда сезім баста­пқы болған­ды­қтан, өмір­де­гі болып жатқан оқиға­лар­ды тұтас баға­лау, яғни про­цес­стер­дің қозға­лы­стағы кел­бетін құра­с­ты­ру кемшін.

Ақын­дық дүни­е­та­ным тығы­ры­қтан шығар жол­ды көр­сет­пей­ді, тығы­ры­қтың өзін ғана бей­не­лей­ді. Сон­ды­қтан болар, қазір­гі қазақ қоға­мын­да кез­десіп оты­рған нара­зы­лы­қтар көбіне-көп жыр жол­да­ры­мен жазы­лу­да. Мұн­дай тәсіл сезім­ді тер­бей­ді, алай­да жігер­лі іс-әре­кет­ке баста­май­ды. Осы­дан келіп, қоғам­дық өмір­де халы­қтың сезім­дік көңіл-күй­ден аса алмай, сая­си про­цес­стер­дің толы­ққан­ды субъ­ек­тісіне айна­ла алмаған­ды­ғын бай­қай­мыз. Сөй­тіп, бұдан «ұлт­тың сана­сын­да «асанқай­ғы­лық» жол­дың үстем екен­ді­гі, ал нақты іс-әре­кет­те және өмір­лік мағы­на­сы бар жол­ды таң­да­уда бел­сен­ділік пен жау­ап­кер­шілік­тің төмен екен­ді­гі көрініс табады…

Бірақ адам­заттың алға басуы­мен, ғылым мен тех­но­ло­гия дамуы­мен қоғам сана­сын­да «праг­ма­ти­ка­лық дүни­е­та­ным» орны­ғуы тиіс. Ол орны­ққан жағ­дай­да «поэ­ти­ка­лық фор­ма­дағы» дүниені тану мен түсін­ді­ру тәсілінің рөлі екін­ші қатарға сырғып, ол кез­де «ақын­дық» қоғам­дық сана төрін­де­гі «тағы­нан» түсiп, оның орнын кон­струк­тив­ті ойлау тәсілі баса­ды. Қоғам­ның кемел­де­нуі мен «өмір­дің мағы­на­сын» ұғу жолын­да бұл бол­май қой­май­тын, мін­дет­ті түр­де болуы тиіс құбы­лыс. Ал қазір­гі біз бастан өткеріп жатқан ақын­дық дәуір­дің осын­дай «кемеліне кел­ген сан­амен» алма­суы − бола­шақ даму­дың алғы шарты.

Бір жағы­нан ол аса қиын емес те, себебі бұл екі дүни­е­та­ным да шығар­ма­шы­лық негіз­ден туын­дай­ды. Айыр­ма­шы­лы­ғы тек мына­да: «ақын­дық» құбы­лы­стың тұтас бей­несін емес, оның бел­гілі бір көрінісі − не көңіл-күй­ді, не адам­дар үшін эпи­зод­ты мәні бар жағ­дай­ды ғана бей­не­ле­се, «кемеліне кел­ген сана» (фило­со­фи­я­лық ой) − күн­гей мен көлең­кені ажы­ра­тып береді және одан шығар жол­ды ақы­лға сала ала­ды. Мыса­лы, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да табиғи қаз­ба бай­лы­ғы мол елдің бола­шағы да жарқын бола­ры­на билік те, халық та күмән­данған жоқ бола­тын. Міне, сол кез­ден бастап «ақы­н­жан­ды» халы­қтың сезі­міне сел­кеу түсір­мес үшін, алға­шқы «біз 30 жыл­дан кей­ін Кувейт­тен де жоға­ры дең­гей­де өмір сүретін бола­мыз» деген «ерте­гілер» де айты­ла баста­ды. Сен­бес­ке амал жоқ − Қаза­қстан­да мұнай бір төбе және одан өзге қан­ша­ма бай­лық бар! Сөй­тіп, қазақ халқы сол сенім­мен, ақы­н­жан­ды сезім­мен өмір сүруді бастап кет­ті…. Одан бір сәт ажы­рағы­сы да кел­меді, себебі ұлт­тық сана «қазақ ата­у­лы тек қана өз ұлты мен мем­ле­кеті үшін өмір сүреді, әділет­сіздік пен бай­лы­ққа құны­ғу деген қазақ табиға­ты­на жат» дей­тін өз түсіні­гі шең­берін­де қала берді…

Оның үстіне тәт­ті ерте­гі қашан да жанға рахат сый­лай­ды емес пе?!. Бірақ өмір басқа­ша жүріп бара жат­ты, тіп­тен дағ­да­рыс қинаған бір сәт­те Заман­бек Нұрқа­ді­лов аға­мыз бас болып: «Ел-жұрт емес­піз бе, қиын сәт­те мем­ле­кеті­міз­ге көмек бол­сын, білек­те­гі білезік пен құлақтағы сырға­ны шешіп берей­ік» деген ұран тастал­ды. Ал халық сол кез­де де еш ойла­нып жат­пас­тан-ақ, қол­дау көр­се­ту­ге дай­ын екен­дік­терін біл­дір­ді. Бұл қаза­қтың «ақы­н­жан­ды­лы­ғы» емей, немене?

 

Ерте­гі­шіл емес, шынайы

халы­қ­шыл билік керек

Бірақ ондай – «қиял­дағы өмір» тек қана жұмаққа ғана тән бол­са керек. Ал әдет­те шынайы өмір­де бәрі басқа­ша! Оны түсі­ну үшін, ақын­ды­қтың жүріп өткен жолы­на назар ауда­ру қажет: ол − «табиғат лири­ка­сы­нан» баста­лып, «адам жаны­ның лири­ка­сы­на», одан өте келе, «қоғам өмiрiнiң про­за­сы­на» және «мәң­гiлiк тура­лы толға­у­ларға» бет бұра­ды екен. Сөй­тіп, осы жол­дан өту бары­сын­да «поэ­ти­ка­лық сана» кемел­дене келе, үздіксіз фило­со­фи­я­лық толға­ны­сқа қарай ұмты­ла­ды. Бірақ біз­де олай бол­ма­ды. Халы­қты осын­дай – «ақы­н­жан­ды-аңғал» күй­де ұстап тұру үшін, оның құлағы­на небір тәт­ті ерте­гілер­ді үне­мі құй­ып оты­ру керекті­гін біздің билі­гі­міз тез ара­да мең­геріп алды да, «аз ғана шыда­сақ, 5–10 жыл­да бәрі кере­мет бола­ры­на» уәде ету­мен бол­ды. Сөй­тіп, содан бастап ондай «ерте­гілер­де» есеп бол­май кет­ті. Ал ақы­н­жан­ды сен­гіш халы­ққа басқа өмір­дің қажеті не – сон­ды­қтан сай­ла­у­лар­да «ерте­гі­шіл» билі­гіне 95 пай­ы­здан асы­ра дауыс беру­мен болды…

Міне, тағы бір сай­лау науқа­ны есік қағып тұр… Бірақ бұл жолы бұры­нғы «ерте­гілер­дің» бірі де айтыл­мауда. Керісін­ше, жағ­дай одан әрі қиын бола­ды дей­ді… Енде­ше билік­тің көз­де­ген басқа мақ­са­ты бар шығар?..

Қазір­гі заман­да қазақ жұр­ты­ның әлем­мен қарым-қаты­на­сы күрт арт­ты. Осы­дан туын­дай­тын қоғам­ның даму қарқы­ны­ның артуы мен өмір­дің күр­де­ле­нуі − қоғам­дық сана мен мем­ле­кет дамуын жаңа фак­тор­ларға бей­ім­де­уді талап ету­де. Бірақ біздің қоғам мен мем­ле­кет­тің күй­зелісті жағ­дай­лар­ды жиі бастан кешуі, ұлт­тық сана­ның ақын­дық фор­мат шең­бері­нен шиыр­лап шыға алмай жүр­генін, ал қоғам­дық сана­ның күр­делі фило­со­фи­я­лық кон­струк­ци­я­ларға бара алмай оты­рған­ды­ғын айқын көрсетті.

Енді­гі жер­де жаңа өмір­дің «жаңа­лы­ғы» мем­ле­кет пен қоғам, қоғам мен адам бол­мысы­ның үйлесім­ділі­гін зер­де­леу. Олай бол­са, біздің алды­мы­зда «қоғам­ның тұтас бей­несін кон­струк­ци­я­лау арқы­лы қоғам мен мем­ле­кет дамуы­ның тұрақты­лы­ғы­на жол сіл­тей­тін бір­ден-бір жол­ды табу» мін­деті тұр десе бола­ды. Ондай ілім­ді мең­ге­ру­ге «ақы­н­жан­ды» қазақ ұлты­ның мәде­ни-руха­ни бол­мысы даяр. Оны ширек ғасыр бойы өзін де, халқын да жұба­тып кел­ген билік біл­мей­ді емес – біледі.

Ал халық ше? Ол «ерте­гі­шіл» билі­гінің өзге­ретініне сене ме, әлде шынайы мем­ле­кет­шіл-халы­қ­шыл билік болуын талап ете ме? Оны уақыт көрсетеді.

(«Қаза­қия» газеті, №8, 25 ақпан, 2015 ж. Мақа­ла түп­нұсқа­дан өңделіп басылды)

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ

 

Айт­пақ­шы

Қоғам­да қалау

БАР МА?

«Қаза­қстан билі­гіне пре­зи­дент­тік сай­ла­уды кезек­ті рет неге кезек­тен тыс жари­я­лау қажет­ті­гі туды деп ойлай­сыз?» деген сау­ал туған­да, әуелі «Қаза­қстан билі­гі» деген­ді нақты­лап алай­ық. Біз­де­гі билік өрке­ни­ет­ті елдер­де­гі­дей үш тар­маққа бөлін­гені­мен, ол тек пре­зи­дент­тік билік­тің қолын­да. Біз­де­гі пре­зи­дент­тік билік­ті клас­си­ка­лық тұрғы­да түсі­ну­ге бол­май­ды, біз­де ол сол лау­а­зым иесінің жеке мен­ші­гін­де, яғни билік­тің бар­лық тар­мағы бір адам­ның қолын­да. Сон­ды­қтан пре­зи­дент­тік сай­лау тура­лы ұсы­ны­сты Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы жаса­ды деген­ді – оның төраға­сы, яғни пре­зи­дент жаса­ды деп түсін­гені­міз дұрыс. Өйт­кені мұн­дай өте жау­ап­ты сая­си мәсе­лені Кон­сти­ту­ци­яда бел­гі­лен­ген мерзі­мі­нен бұрын өткі­зу жай­лы ұсы­ны­сты Ассам­бле­я­ның орын­ба­са­ры төраға­ның келісі­мін­сіз аузын аша да алмас еді.

Сол сияқты Ассам­бле­я­ның ұсы­ны­сын пар­ла­мент мәжілісі мен сена­ты және басқа қоғам­дық ұйым­дар қол­да­ды деген­ді де оларға пре­зи­дент тара­пы­нан тиісті тап­сыр­ма беріл­ді деп қабыл­дау керек.

Ал кезек­тен тыс өзін сай­ла­тып алу ол кісі­ге неге керек болып отыр? Өйт­кені бұған дей­ін­гі сай­ла­у­лар­дағы алған адам таңға­лар­лық жетістік­терінің қол­дан жасалға­нын, халы­қтың шынайы сүй­іспен­шілі­гінің көр­сет­кі­ші емес екенін өзі біледі. Сон­ды­қтан жасы 75-ке аяқ басқан­да, өзі 27 жыл­дан бері «қары­шты қадам­мен» жет­кіз­гелі тұрған эко­но­ми­ка­лық дамуы­ның келесі жылы дағ­да­ры­сқа ұшы­рай­ты­нын сезген­дік­тен, 2016 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да өтетін сай­ла­уды, әрине, биыл өткі­зені ол үшін өте тиім­ді. Басқа­ру бағы­ты­на да, сай­лау көр­сет­кі­ш­теріне де сенім­ді бол­са, Кон­сти­ту­ци­я­ны қол­жа­улық қылып, сай­лау сай­ын өзгер­те берудің ол кісі­ге де кере­гі бол­мас еді.

Ал енді демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция мен тәу­ел­сіз аза­мат­тар тара­пы­нан пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсу қажет пе? Қажет бол­са, сіз кім­дер­дің үміт­кер болға­нын қалар едіңіз? Бұл да қоғам үшін ойла­на­тын сұрақтар.

Мәсе­лен, билік­тің жақ­сы екенін наси­хат­та­уға, айна­ла­сын­дағы аль­тер­на­ти­ва үшін түсіп жүр­ген­дер­ді бай­ы­туға бола жұрт­тың маза­сын алып, қар­жы­сын шашып, сай­лау жасап қажеті бар ма? Мүм­кін бол­са, сай­ла­уды қол­дап жатқан шуыл­дақтар­дың көкей­ін­де­гі кісінің өкілет­ті­гін созу үшін, рефе­рен­дум өткі­зе салған дұрыс бол­мас па еді? Мұн­дай жағ­дай­да ең бол­ма­са дағ­да­рыс кезін­де қар­жы­ны үнем­дер едік.

Ал егер ақыр аяғы сай­лау өтетін бол­са, онда мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өткен ресми пар­ти­я­лар­дың ішін­де ЖДСП-дан басқа сая­си ұйым тағы жоқ. Сон­ды­қтан қоғам осы пар­тия ұсы­нған үміт­кер­ді қол­даға­ны дұрыс шығар…

Сәду­ақас АҢСАТ,

қоғам қай­рат­кері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн