Понедельник , 7 июля 2025

Судың сұрауын КІМ СҰРАЙДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

Жыл­дан­жы­лға созы­лған жоба

 

Ақор­да билі­гі дүр­кіретіп, қыру­ар қар­жы­ны судай шашып, Аста­на салып жатыр. ЭКСПО17 көр­месі де – қыру­ар қар­жы­ны қажет ететін ғалам­дық жоба. Ал дәл осы кез­де сол Аста­на­дан 15 шақы­рым жер­де­гі ауыл­да ішер­ге ауыз су жоқ. Мил­ли­он­даған тон­на мұнай өндіріп жатқан Аты­рау облы­сы­ның 40 пай­ы­зы Жай­ы­қтың ағын суын таза­ла­май ішу­ге мәж­бүр. Бұл екі ара­да біздің ел әлем­нің дамы­ған 30 елінің қата­ры­на кіру­ге кетіп бара жатыр…

 

Адам өмірін­де судың қан­ша­лы­қты маңы­зды екенін сөз етудің қажеті жоқ. Бірақ бүгін­гі­дей эко­ло­ги­я­лық апа­ты мен қау­пі мол заман­да су ата­улы­ның бәрі бір­дей пай­да­лы деу­ге тағы да бол­май­ды. Дүни­е­жүзілік Ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның аны­қта­уы бой­ын­ша, ауру ата­улы­ның 85 пай­ы­зы судан бола­ды екен. Сөй­тіп, сапа­сыз судың зардаб­ы­нан жер бетін­де әр 8 секунд сай­ын 1 адам қай­тыс бола­тын көрінеді…

Әдет­те суды қай­на­тып ішкен жөн дей­ді. Бірақ бүгін бел­гілі болған­дай, суды қай­натқан күн­нің өзін­де де, ол аса таза бол­май­ды екен. Айта­лық, 25 жыл ішін­де біз 109 келі хлор, 25 келі нит­рат, 500 грамм қалайы, 3 келі темір, 1 литр мұнай өнім­дерін сумен қоса ішетіні­міз анықталған.

Ал су көзі ластанған бол­са ше?

Онда судан келетін зиян­ның қан­ша­лы­қты екенін ойлап көріңіз?! Демек, судың таза болуы адам үшін бірін­ші кезезк­те аса маңы­зды және аса қажет. Ал біз күн­де қан­дай су ішіп жүрміз?

Қаза­қстан­да 7 мың­нан астам елді мекен бар деп есеп­те­леді. Мұның жар­ты­сы­нан аста­мы, нақты­рақ айтқан­да, 3 849ы ауыз су аза­бын тар­тып отыр. Олар кез кел­ген су көзін пай­да­ла­нуға мәж­бүр. Демек, олар адам ағза­сы­на пай­да­сы­нан  гөрі­зи­я­ны басым су ішіп отыр­маға­ны­на кепіл­дік жоқ! Сөздің реті кел­ген­де айта кету керек, біздің елде судың зиян­ды­лы­ғы­нан ден­са­улы­ғы­на  зақым кел­ген­дер­дің, не қай­тыс болған­дар­дың ста­ти­сти­ка­сы жүргізілмейді.

7 мың­нан астам елді мекен­нің 4 мыңға жуы­ғы ауыз сумен қам­тыл­маған бол­са, халы­қтың тең жары­мы ауыз суға жары­май отыр, тіп­ті, жарам­сыз су ішіп, өз ден­са­улы­қта­ры­на зиян кел­тіру­ге мәж­бүр деген сөз.

Ресми мәлі­мет бой­ын­ша да, сапа­лы сумен қам­ты­лған елді мекен­дер 41 пай­ы­зды ғана құрай­ды. Ал өзге 60%ға жуық көр­сет­кі­шті – күр­делі жөн­де­уді қажет ететін инфрақұры­лым­дар, оның ішін­де жөн­де­лу­ге тиіс 66% (!) су құбыр­ла­ры жүй­есі құрайды.

Бір ғана ауыз судың айна­ла­сын­да неге осын­ша­ма қиын­дық туын­даған? Ауыз су бағ­дар­ла­ма­сы алғаш жасалған сонау 2002 жыл­дан бері қан­ша пре­мьер­ми­нистр ауыс­са да, ауыз су про­бле­ма­сы неге сол күй­ін­де қалу­да? Алғаш 195 мил­ли­ард тең­ге жұм­салған «Ауыз су», одан кей­ін 2011–2016 жыл­дарға арна­лып, тағы да қыру­ар қар­жы бөлін­ген «Ақбұлақ» бағ­дар­ла­ма­ла­ры неге іске аспай қал­ды? Ал жаңа­дан – 2020 жылға дей­ін жасалған ауыз су бағ­дар­ла­ма­сы­ның тағ­ды­ры, яғни адам­дар­дың ден­са­улық қауіп­сізді­гі жақын бола­шақта қан­дай болмақ?

Үкі­мет бұл сұрақтар­ды біл­мей оты­рған жоқ. Бірақ ол өз кезе­гін­де бар кінәні жер­гілік­ті әкім­дік­тер­ге ауда­ра­ды! Үкі­мет­тің айтуы бой­ын­ша, су құбы­рын жүр­гі­зу үшін 8 мың­дай меке­ме жұмыс істе­уі қажет бол­са, жер­гілік­ті әкім­дік 12 мың меке­ме­ге лицен­зия бер­ген! Олар­дың ара­сын­да тіп­ті су құбы­рын бұрын­соң­ды жүр­гізіп көр­ме­ген­дері де бар! Бұл дегеніңіз – кәдім­гі сыбай­лас жемқор­лы­қтың үлгісі! Жемқор­лық қоғам­ның түбіне қалай жегі құрт­тай жет­се, сіз бен біздің ден­са­улы­ғы­мы­зға да, яғни қара­пай­ым халы­қтың өміріне осы­лай­ша қол салға­нын ойлаған кез­де шашы­ңы­здың тік тұра­ты­ны рас!

Бүгін бел­гілі болған­дай, Қаза­қстан бой­ын­ша су жүр­гі­зудің өзін­дік жүй­есі әлі күн­ге жасал­маған. Іске қосы­лған су құбыр­ла­ры­ның сапа­сызды­ғы неме­се құбыр­дан шыққан судың ішу­ге жарам­сыз болуы, қыру­ар қар­жы­ның құмға сің­ген судай жоға­луы жат­тан­ды жырға айналды.

Мұнан өзге, ауыз суға қаты­сты жемқор­лы­қтың түр­лі айлатәсіл­дері өз алды­на айты­ла­тын әңгі­ме бол­са керек, Мәсе­лен, бір аймақта «құры­лыс мате­ри­ал­да­ры қым­бат­тап кет­ті» деп, құбыр жүр­гі­зу ісіне тіп­ті қол тигіз­бе­ген. Сон­да рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бөлін­ген қар­жы­ны олар­дың қай­да жұм­саға­ны неге аны­қтал­маған? Ал ауыз су бағ­дар­ла­ма­сы­на енгізіліп, жос­па­ры жасал­са да, 2 мың­нан аса ауы­лға су құбы­ры тар­тыл­маған! «Тар­тыл­ды» деген жер­лер­де құбыр­лар іске уақты­лы қосыл­маған, қосы­лған күн­де сапа­сы сын көтер­ме­ген! Ең соңын­да су кер­мек татып, ішу­ге жарам­сыз болып, халық өз қар­жы­сы­на салы­нған құбыр­дан су іше алмай, сер­гел­дең­ге ұшыраған!

Мәсе­лен, ОҚО Сары­ағаш аудан­дық про­ку­ра­ту­ра­сы «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша атқа­ры­лған жұмыстар­дың тиім­ділі­гі мен заң­ды­лы­ғы­на және бюд­жет­тен бөлін­ген қар­жы­лар­дың мақ­сат­ты жұм­са­луы­на тек­се­ру жүр­гіз­ген. «Ауыз су» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да 2010 жылы аудан бой­ын­ша 8 елді мекен­де­гі – Жол­бас­шы, Ақжар, Бір­тілек, Көл­тоған, Тасқұ­дық, Шай­ха­на, Аман­кел­ді және 28 гвар­ди­я­шы­лар ауыл­да­рын­да салы­нған су құбыр­ла­ры­ның суы ішу­ге жарам­сыз екені аны­қталған. Жұм­салған қар­жы көле­мі – 586 мил­ли­он тең­ге, ал халық таза су тұты­на алмай отыр.

Тек, 2013 жылы ғана аудан әкім­ді­гі Жол­бас­шы, Ақжар, Шай­ха­на, Аман­кел­ді, Бір­тілек ауыл­да­рын таза сумен қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­ға қосым­ша, 40 мил­ли­он тең­ге көле­мін­де қара­жат бөл­ген. Бірақ соның өзін­де үш ауыл әлі де ауыз судан қағы­лып тұр.

Алға­шқы бағ­дар­ла­ма діт­те­ген жеріне жет­пей омақасқан соң, 2010–2016 жыл­дарға, мұнан соң 2020 жылға дей­ін жос­пар­ланған, «Ақбұлақ» атты жаңа бағ­дар­ла­ма­ның тұса­уы кесіл­ді. Бұл бағ­дар­ла­ма­ның да айта­ры сол баяғы көр­сет­кіш, тіп­ті одан да көтеріңкі: 2020 жылға дей­ін бұл бағ­дар­ла­маға бөлін­ген қар­жы ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кет­пе­се, қала халқы­ның 100%, ауыл халқы­ның 80%ын таза ауыз сумен қам­та­ма­сыз ететін бола­ды. Кезін­де 80 және 100 пай­ыз тура­лы сол тұста пре­мьер­ми­нистр болған Дани­ал Ахме­тов те айтқан болатын!

 

СУДЫН СУРАУЫН КИМ СУРАЙДЫ ВРЕЗКА

25 жыл ішін­де біз 109 келі хлор, 25 келі нит­рат, 500 грамм қалайы, 3 келі темір, 1 литр мұнай өнім­дерін сумен қоса ішетіні­міз анықталған.

 

 

 

Деген­мен, «үміт­сіз – шай­тан» деген­дей, бүгін қоғам 2016–2020 жыл­дарға арналған су бағ­дар­ла­ма­сы­на үміт­пен қарап отыр. Бірақ мұның да алаң­да­та­тын тұста­ры қазір­дің өзін­де аз емес.

Бүгін­гі қоғам өзінің ден­са­улы­ғы­на тіке­лей қаты­сы бар болған­ды­қтан, қол қусы­рып қарап отыр­мауға шешім қабыл­даған. Айта­лық «Ангел» қоғам­дық бір­ле­сті­гі «Ақбұлақ2020» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша, Алма­ты, Ақмо­ла, Ақтө­бе облы­ста­рын­да «СоросҚа­за­қстан» қоры­ның қол­да­уы­мен мони­то­ринг жүр­гізіп үлгерген.

Жоба­ның мақ­са­ты таза су үшін қоғам­ды, халы­қты бірік­ті­ру болған­ды­қтан, олар халы­қтың ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гізіп, анке­та таратқан. Мұнан өзге арнайы сенім теле­фо­нын жари­я­лап, адам­дар­дың арыз­шағым­да­рын тір­ке­ген. Бей­не­жа­з­ба­лар арқы­лы су құбы­ры құры­лы­ста­ры­ның қан­ша­лы­қты сапа­лы жүр­гізіліп жатқа­нын бақылаған.

«Жер­гілік­ті тұрғын­дар­дың бел­сен­ділі­гінің арқа­сын­да, бағ­дар­ла­ма­ның қалай орын­да­лып жатқа­ны­на қаты­сты жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар мен мер­ді­гер­лік меке­ме­лер ара­сын­да өза­ра келіс­сөз­дер жүр­гізіліп, бұл іс қоғам тара­пы­нан бақы­ла­у­ға алы­на баста­ды», – дей­ді «Ангел» жетек­шісі Люд­ми­ла Петрова.

Қоғам­дық ұйым аны­қтаған­дай, Алма­ты облы­сы­ның тұрғын­да­ры үшін су құбы­рын жүр­гі­зу баға­сы тым жоға­ры екені бел­гілі болған. Ал Ақмо­ла облы­сы­на қарас­ты Жақ­сы ауда­ны, Запо­ро­жье ауы­лы­ның тұрғын­да­ры су құбы­ры құры­лы­сы­ның 2012 жылы баста­лып, әлі аяқтал­май тұрға­нын хабар­лаған. Қазір бұл елді мекен­де қазы­лған ор ата­у­лы ашық қалып, бір көше­ден екін­ші көше­ге өту қыстың көзі қыра­уда тіп­ті қиын­дап кеткен.

Қоғам­ның қол­да­уы­на сүй­ен­ген мұн­дай мони­то­ринг 2012–13 жыл­да­ры Ақмо­ла және Шығыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да жүргізілген.

Халық тара­пы­нан мұн­дай бақы­лау мен бел­сен­ділік өте қажет. Себебі ауыз суға аз қар­жы бөлін­бей­тінін халық та біліп қалған. Мәсе­лен, тек 2014 жылы ауыз су жүй­есін жақ­сар­ту үшін Ақмо­ла облы­сы­на 3 мил­ли­он тең­ге­ге жуық қар­жы бөлін­се, Алма­ты облы­сы­на 3,5 мил­ли­он тең­ге қар­жы бөлін­ген. Ақтө­бе облы­сы бой­ын­ша 15 нысан­ды іске қосу үшін де 3 мил­ли­он тең­ге­ге жуық қар­жы жұм­сау белгіленіпті.

Мұнан өзге, Қар­жы мини­стрi Болат Жәмi­шев­тiң айтуын­ша, «Ақбұлақ» бағ­дар­ла­ма­сын даяр­лау кезiн­де оны толық жүзе­ге асы­ру үшін мем­ле­кет­тiк орган­дар арқы­лы жыл сай­ын 60 мил­ли­ард тең­ге­ден бөлу­ге шешім қабыл­данған. Ал мәжіліс депу­тат­та­ры бол­са, 2011 жыл­дан бастап мұны 70,5 мил­ли­ард тең­ге­ге ұлғай­ту тура­лы ұсы­ныс енгізіп­ті… Бірақ соңғы үш жыл­да елде­гі ауыз суға қаты­сты не өзгерді?!

«Аузы күй­ген үріп ішеді» деген­дей, депу­тат­тар тара­пы­нан жасалған ұсы­ны­стың шын мәнін­де «халы­қтық» екеніне халы­қтың сенім­дері аз. Себебі ауыз судың аза­бын жыл­дар бойы тар­тып оты­рған бүгін­гі халы­қты ауыз судың зәрулі­гі­нен гөрі: «Бөлін­ген қар­жы өз мақ­са­ты­на жұм­са­ла ма, жоқ па?» деген сұрақ бірін­ші кезек­те маза­лай­тын болған.

Ал енді, үкi­мет­тiң уәдесiне сен­сек, «Ақбұлақ» бағ­дар­ла­ма­сы – ауыл­дық жер­лер­де­гі су жүй­есін де орта­лы­қтан­ды­ра­тын бола­ды, яғни су әр отба­сы­на, әр үйге жет­кізіледі деген сөз! Су есеп­те­гiш құрал­да­ры ауы­лға да орна­тыл­мақ­шы! Бұры­нғы­дай емес, су құбы­рын жүр­гі­зу үшін, жера­с­ты сула­ры зерт­тел­мек­ші. Ауыз суға қаты­сты лау­а­зым­ды тұлға­лар аузы­нан айты­лған мұн­дай жос­пар кім­нің бол­са да құлағы­на май­дай жаға­ры анық. Сөйт­се де, қуа­на қоя­тын­дай сенім де, себеп те жоқ.

Егер бағ­дар­ла­ма­ның орын­да­луы екі кезең­ге бөлі­нетінін, оның бірін­ші кезеңі 2011–2015 жыл­дар­ды қам­ти­ты­нын ескер­сек, әзір­ге шалғай жатқан ауыл­дарға орта­лы­қтан­ды­ры­лған су жүй­есі орна­ты­лып­ты деген ақпа­рат­ты әлі есті­меп­піз. Сон­да алдағы 2016–2020 жыл­да­ры ауыл­дың 80, қала­ның 100 пай­ыз халқы таза суға қол жет­кі­зеді деген­ге сену – қиын­дау болып шыға­ды. Сонау 2002 жыл­дан бастап, бүгін­ге дей­ін алын­бай келе жатқан «су қама­лы» соңғы 4–5 жыл­да қалай­ша тез «құлай­ды», сөй­тіп ауыз су тура­лы арма­ны­мыз қалай орын­да­ла қала­ды екен десеңізші?!

Оның үстіне, «Ақбұлақ» бағ­дар­ла­ма­сын орын­дау бір­не­ше мини­стр­лік­ке жүк­тел­генін айтқан жөн. Олар – Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі мен Инду­стрия және жаңа тех­но­ло­ги­я­лар мини­стр­лі­гі, сонан кей­ін Қар­жы, Эко­но­ми­ка­лық даму және сауда мини­стр­лi­гі. Ал таза сумен қам­та­ма­сыз етілетін­дер­дің тізі­мін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ауыз сумен қам­ту жұмыста­рын үйле­стi­ру жөнiн­де­гi ведом­ство­ара­лық комис­си­я­сы бекі­те­ді. Осы рет­те алда­жал­да ауыз суға қаты­сты жемқор­лық тарихы қай­та­ла­нар бол­са, ол үшін кім нақты жау­ап­ты бола­ты­нын үкі­мет те түсін түстеп айта қой­ма­ды. Есесіне үкі­мет «Ауыз су» бағ­дар­ла­ма­сы мен «Ақбұлақ» бағ­дар­ла­ма­сы­ның ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық – мем­ле­кет­тiк орган­дар жұмысы­ның өза­ра осы­лай­ша үйле­стіріл­генін­де екенін атап көрсетті.

Яғни, бар өзгеріс әзір­ге осы ғана. Өзгер­ме­ген нәр­се – үкі­мет­тің кезек­ті рет үйіп­тө­гіп уәде бер­гені және халы­қтың таза ауыз суға деген қажет­тілі­гін таны­та­тын пай­ы­здық көр­сет­кі­ш­тер­дің жыл­дар бойы еш төмен­де­мей, өзгеріс­сіз тұрғаны…

Бүгін­де су – Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­тын­да басты мәсе­ленің бірі болып тұрған­да, ішкі су көз­дерін пай­да­ла­ну­дағы жау­ап­сыздық пен бұл сала­дағы жемқор­лық қары­мқа­ты­нас ұлт­тық қауіп­сіздік дең­гей­ін­де­гі мәсе­ле екені даусыз.

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

 

 

Врез­ка

 

 

 

 

Республиканский еженедельник онлайн