Понедельник , 16 июня 2025

БАУЫЗДАП КЕТЕМІЗ!

Иә, қате есті­ген жоқ­сыздар, ақпан­ның 19-нан 20-на қараған түн­гі сағат 01.05 минут­тың кезін­де Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы, Ақжар ауда­нын­дағы Бостан­дық ауы­лы­ның тұрғы­ны Қали­ев­тар­дың тере­зесін қағып, үй иесі Қай­рат­ты далаға шыға­рып алып, доңға­лақ жөн­дей­тін мон­ти­ров­ка­мен басын жарып, өне бой­ы­ның сау жерін қал­дыр­май теп­кілеп тастаған алпам­са­дай бес жігіт­тің біре­уі қошта­сар кезін­де: «Облыс әкі­мінің халық алдын­да есеп беретін жина­лы­сы­на бара­тын бол­саң, жанұяң­мен қоса бауы­здап кете­міз!» – деп кет­кен екен. 

Ақпан­ның 21‑і күні маған теле­фон соққан Қай­рат Қали­ев болған жағ­дай­ды айтып берді. 

Ақпан­ның бірі күні Қай­рат Аста­наға барып, жемқор­лы­қ­пен күре­су бөлі­мінің басты­ғы Сун­та­ев Қай­рат­тың қабыл­да­уын­да болып, Ақжар ауда­ны­ның әкі­мі Е.Мадияровтың бюд­жет­тің ақша­сын талан-тара­жға салып жатқа­нын тәп­ті­ш­теп айтып береді. «Ақжарқын ауы­лы мен Бостан­дық ауы­лы­ның ара­сы­на қыстың күні қар­дың үстіне тас, құм қиыр­шы­қта­рын төгіп, жол жөн­деу жұмыста­рын жүр­гі­зу – нағыз ақы­мақтар­дың ғана ісі емес пе?! Ал бұл ара­лы­қтың арақа­шы­қты­ғы – 57 шақы­рым. Есеп­теп көріңіз­ші, қан­ша қара­жат жұм­са­ла­ты­нын, бұл деген қып-қызыл ақша­ны далаға шашу ғой! Ленин­град ауы­лы мен Айса­ры ауыл­да­ры­ның ара­сы – 40 шақы­рым. Бұл екі ортаға да қан­ша­ма тас, құм қиыр­шы­ғы төгіл­ді, бір Құдай біледі…» – деп қын­жы­ла­ды Қайрат. 

– Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі Ақсақа­лов Құмар­дың халық алдын­да есеп беретін жина­лы­сы­на жазы­лып, хат­шы­сы­мен сөй­лес­кен­де, маған ақпан­ның 22‑і күні сағат 15.00-де Пет­ро­пав­ловск қала­сы­на облыс әкім­шілі­гіне келуім керек екенін айт­ты. Артын­ша 22 ақпан­да емес, есеп беру жина­лы­сы­ның күні 21-не ауы­сты­ры­ла­ты­нын хабарлады. 

Ақпан­ның 19-нан 20-на қараған түні тере­зем­ді қаққан біре­улер мені «Шұғыл шару­а­мыз бар еді» деп далаға шақыр­ды. Ойым­да ешқан­дай жаман­дық ой жоқ. Далаға шыққан бет­те менің атым­ды сұрап алды да, үш жігіт­тің біре­уі әй-шай­сыз жұмыр темір­мен мұр­ным­нан салып кеп жібер­ді. Екін­шісі қолын­дағы темір мон­ти­ров­ка­мен басым­нан ұрып, маң­дай­ым­ды жарып таста­ды. Құлап түс­кен бетім­де әлгілер бесеу болып мені теп­кінің асты­на алды. Әскер­де десант­та болға­ным оңды бол­ды, тұра сала мен де жаңағы маған жабы­лып жатқан­дарға қар­сы жұды­рық жұм­сап, еке­уін сұла­тып сал­дым. Бесе­удің аты бесеу ғой, олар маған тағы жабы­лып, тұн­шы­қты­рып жатқа­нын­да, ұлым айғай-ұйғай­дан шошып оянған екен, маған көмек­ке кел­ді. Әйелім поли­ци­яға теле­фон шалып, болып жатқан қырғын төбе­ле­сті айта баста­ды айғай­лап. Егер мен қар­сы­лық көр­сет­пе­сем, балам мен әйелім дер кезін­де далаға шық­паған­да, мені өлтіріп кететін еді. 

Кетер­лерін­де орыс­ша­лап: «Если поедешь в область на встре­чу к аки­му, при­е­дем, всю семью заре­жем и дом сож­гем! (Егер облыс әкі­мі­мен кез­де­сетін бол­саң, келіп, бүкіл жанұяң­мен бір­ге бауы­здап, үйіңді өртеп кете­міз!) – деп зіл тастап кет­ті. Қазір Ақжар ауда­ны­ның орта­лық ауру­ха­на­сын­да емделіп жатыр­мын. Орным­нан тұра алмай­мын, басым айна­ла береді. Кеудем көтерт­пей­ді. Қазір­гі жағ­дай­да өзім үшін емес, үйде қалған бала-шағам үшін қорқа­мын. Түн­де келіп, есі­гін сыр­ты­нан бекітіп, үйім­ді өртеп кет­се, не істей­мін? Поли­ци­яға арыз жаз­дық, бірақ маған шабуыл жасаған қас­көй­лер­ді іздеп табу­ла­ры тым күмән­ді болып тұр…

Естеріңіз­де бол­са, 2016 жылы пре­зи­дент­тің Жер кодексін­де­гі жер­ді сату, шетел­дік­тер­ге көп жылға жалға беру бабы­на мора­то­рий жари­я­лаға­ны­на қара­май, Бостан­дық ауы­лы­ның алты мың екі жүз гек­тар жері Ақжар ауда­ны­ның бұй­ры­ғы­мен сот арқы­лы Ибра­гим Сат­ты­ба­ев деген қал­та­лы аза­матқа саты­лып кет­кенін­де, соның ішін­де Қай­рат Қали­ев­тің 600 гек­тар егін­дік жері бір­ге саты­лып кет­кен еді. Жерін қорғай­мын деп ойға-қырға шапқы­лаған еңбе­гі зая кет­кен Қали­ев амал­сыз ақпа­рат құрал­да­ры­нан көмек сұра­уға мәж­бүр бол­ды. Соны­сы үшін оны бала­сы­мен бір­ге бол­маған қыл­мыспен айып­тап, түр­ме­ге жауып, сот екі жыл бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­рған еді. 

Облы­стық сот­та Қай­рат­тың апел­ля­ци­я­лық сотын­да Ақжар ауда­ны­ның поли­ци­я­сы­ның басты­ғы Ора­за­лин Алмас деген­нің «Қуа­ныш Мұқтай деген Қали­ев­тың туы­сқа­ны, сон­ды­қтан ол оны қорғап жүр» дегенін естіп, мен сот­та орным­нан атып тұрып, «Егер Ора­за­лин­ге туы­сқан керек бол­са, мен оның әкесі Төле­ген­мен ата­лас­пын және бір ауыл­дың тума­сы едік», – деп жау­ап қай­тарға­ным­ның әсері бол­ды ма біл­мей­мін, сот әкелі-бала­лы Қали­ев­тар­ды толық ақтап шыға­рып еді. 

Менің тағы бір түсін­бей оты­рға­ным, облыс пен аудан, ауыл әкім­дерінің сабы­лы­сып, «халық алдын­да есеп беріп жатыр­мыз» дегенінің артын­да қан­дай сұрқия қитұрқы жатыр, ол «есеп беру» кім­ге, неме­не­ге керек?! Мен әкім­дер­дің «халық алдын­да есеп беруін» түсі­нер едім, егер, мыса­лы, әлгі Швей­ца­рия сияқты елдер­дің банк­терін­де­гі АҚШ бұғат­таған 3 мил­ли­ард дол­лар, не бол­ма­са офф­шор­лар­дағы жүз­де­ген мил­ли­ард дол­лар қара­жат­тар­дың қаза­қстан­дық иелеріне қай ата­ла­ры­нан қалған мұра екенін, не бол­ма­са қан­дай еңбек­тері­мен тауып жатқан­да­рын сау­ат­сыз халы­ққа жік-жігін ашып, түсін­діріп бер­се. Әй, қайдам…

Қуа­ныш МҰҚТАЙ

«ДАТ»-тың қоғам­дық тілшісі

Республиканский еженедельник онлайн